АЛҒАШҚЫ ПЬЕСАЛАРДАҒЫ ТАРТЫСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ


Кіріспе . . . 5
І. ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ
ПЬЕСАЛАРДЫҢ ЖАНРЛЫҚ- ТАҚЫРЫПТЫҚ,
ИДЕЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
- Драмалардың зерттелуі . . . 8
- Пьесалардың жанрлық-тақырыптық ерекшелігі . . . 16
ІІ. Алғашқы пьесалардағы
тартыстың ерекшелігі
2. 1. Драмадағы тартыс . . . 33
2. 2. Драмадағы мінез . . . 48
Қорытынды . . . 57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 61
Зерттеу тақырыбының өзектілігі .
ХХ ғасыр басындағы драматургия туралы С. Садуақасов [1], Ж. Аймауытов [2], М. Әуезов [3], С. Қожанов [4], Д. Әділов [5], М. Дулатов [6], Ш. Құсайынов [7], Ғ. Мүсірепов [8], Ә. Тәжібаев [9], С. Ордалиев [10] т. б. ғалымдардың ой-пікірлері бар.
Қазақ ұлттық драматургиясын арнайы нысанаға алып зерттеу үрдісі 1950 жылдардан бастап кеңінен қолға алынды. Зерттеушілер С. Ордалиев [11], А. Маловичко [12], Р. Рүстембекова [13], Н. Ғабдулин [14], Ә. Тәжібаев [15], Р. Нұрғали [16], Т. Есембеков [17], Ж. Әбілов [18], С. Дәуітова [19] С. Құлбарақов [20], Г. Орда [21], Ә. Шапауов [22], Л. Аупбаева [23], Б. Сұлтановалардың [24] монографиялық зерттеулері соның айғағы.
Драматургия өнері - мәдениет, әдеби байланыстарды қалыптастыратын, дамытатын сала. Ол елдер мен елдерді жақындастырып, бір күшке айналдырған тіл, мәдениетті жер бетіне таратуға орасан зор қызмет етуші.
Театр тарихы мен драматургия теориясындағы жылданжылға толығып отыратын жаңа көзқарастар зерттеудің тың жұмыс болуына негіз болды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Қазақ және шетел драматургиясы байланыстары жөнінде Ж. Абызов [25], Қ. Қуандықов [26], Б. Құндақбаев [27], Ә. Сығаев [28], К. Уәлиев [29], т. б. еңбектері бар. Олар батыс-шығыс әдеби байланыстарын, аудармалар және орыс драматургиясының қазақша аудармалары туралы құнды пікірлер айтқан. Жұмысымызда бұдан өзге де жекелеген теориялық мәселелерге қатысты басқа да ғалымдардың зерттеулері қарастырылды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазақ сахна өнері мен драматургиясының көркемдік даму барысы, батыс және шығыс, түркі халықтары драматургиясындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктерді айқындау.
Зерттеудің ғылыми жетістігі .
− ХХ ғасыр басындағы драматургия жанрының бастаулары, оның сахналану өнері;
−Алғашқы шағын пьесалардағы драмалық жағдай, тартыс пен мінез мәселелерінің кейінгі жылдармен салыстыру барысындағы көркемдік жетістігі;
Зерттеу нысаны . Негізгі нысанаға қазақ және алыс, жақын шетел ғалымдарының шығармаларының төл нұсқасы мен аудармалары алынды.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері. Еңбекте отандық және шетелдік ғалымдардың театр тарихы мен драматургия тарихы мен теориясына байланысты еңбектер, жанрлық ерекшеліктеріне арналған зерттеулер негіз болды. Атап айтқанда, С. Садуақасов [30], М. Әуезов [31], З. Қабдолов [32], С. Қирабаев [33], Р. Нұрғали [34], Т. Есембеков [35], Ж. Әбілов [36], С. Құлбарақов [37], С. Дәуітова [38], Ә. Шапауов [39], А. Ақтанова [40], Н. Насиева [41], Б. Сұлтанова [42], Л. Серғазы [43] және т. б. отандық көрнекті зерттеушілердің еңбектеріндегі ғылыми-теориялық қағидалар басшылыққа алынды.
Зерттеу әдістері. Жұмысты жазу барысында негізінен салыстырмалы, талдау, жүйелеу, жинақтау, тұжырым жасау әдістері және стилистикалық талдау қолданылды.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық құндылығы. Жұмыстың нәтижелері мен тұжырымдары қазақ, орыс халықтары әдебиеттерінің ортақ тарихын негізге ала жазылып жатқан зерттеулерге септігін тигізеді. Зерттеу жұмысының материалдары орта және орта арнаулы білім беретін мектептердегі, орта оқу орындарындағы әдебиеттану, өнертану бағдарындағы арнаулы пән үшін көмекші құрал бола алады.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі мен жариялануы. Жұмыс Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы кафедрасында талқыланып, қорғауға ұсынылды.
Жұмыстың құрылымы. Кіріспе мен қорытындыдан, екі тараудан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілген.
КІРІСПЕ
Қазақ халқының өзіне тән сан ғасырлық даму жолының көркем шежіресі жинақталды. Халықтың мұң-зары, арман үміті, алдағы жарқын өмірге деген сенімі жарық жұлдыздай алдан жарқырап көрініп тұрғандай еді.
XX ғасырдың басындағы әлеуметтік қозғалыстар, төңкерістер әдебиет беттерінде өзіне лайық таңба қалдырып отырды. Төңкерістер қолма-қол әдебиетке әсер етті.
Көптеген идеялық ағымдары бар, жанрлары жан-жақты тармақтала бастаған әдебиеттің өкілдері кешегі отар, қаналған елдің әр жастағы, әр деңгейдегі, әр түрлі саяси бағдардағы перзенттері ұлы өзгерісті әртүрлі қабылдады.
Төңкеріс кезіндегі аса күрделі, шиеленісті әлеуметтік жағдайлар жазушы қауымына да түрліше әсер етті. Тығырыққа тіреп, түрлі саяси қуғын-сүргінге түсті, түрлі жала жабылды, абақтыларға қамалды. Олар зорлық-зомбылықтың неше атасын көрді, отбасынан айырылды. Асыл азаматтар елінен қудаланды. Шығармалары електен өтті, құртылды. Қаншама еліміздің бетке ұстар, көзі ашық, кеудесі кең азаматтары, қаламымен жыр қозғап еліне күн болам деген ақындары мен жазушылары, оқыған қауым зиялы өкілдері құрбандыққа шалынды. Аяусыз опат болды.
Әдебиет - халық өмірінің айнасы, көркем бейнесі. Бұл заңдылықты қазақ әдебиетінің туу, өзіндік қалыптасу жолынан да көруге болады. Саяси толқындар легі, экономикалық дағдарыстар, қоғамдық ойдағы қым-қиғаш тартыстар тұтас үрдісті тоқтатып, әдебиетке тосқауыл бола алмады. Кең байтақ даланың дүбірлі өмірі бейнелі тіл өрнегімен қағаз бетіне өзіндік бедерін салып жатты.
Табиғатынан дарынды халқымыздың мұраларын игеруде Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Көлбай Төгісов, Қошке Кемеңгеров, Ғабит Мүсірепов, Асқар Тоқмағанбетов еңбектері елеулі.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақтың драмалық шығармалары негізі туралы айтар болсақ, бұл драма жанрының аяқ алып, өмірге нық еніп қанат жаяр кезеңінің нағыз бастауы, қайнар көзі екені мәлім. Қазан төңкерісінен кейінгі далаға еніп жатқан жаңалықтар, халық күресінің кей келелі тұстары драмалық шығармаларда өз арқауын тауып жатты.
Қазан төнкерісіне дейінгі әдебиет саласындағы негізгі байлығымыз халық ауыз әдебиеті, яғни фольклор болса, төңкерістен кейін әдебиетімізде жанрлық формалар өрістеді.
Қазақ әдебиеті мен өнері туралы тұтас ғылым салаларының туып, қалыптасып, дамуында А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, С. Сейфуллин, М. Әуезов, С. Мұқанов, Е. Исмаилов, Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев, М. Қаратаев көп еңбек сіңіріп, жаңа арналарға негіз бола білді.
Қазақ әдебиеттану ғылымында поэзия, эпикалық проза, әсіресе роман түбегейлі зерттеліп келе жатыр. Ал драматургия туралы арнайы еңбектерден Ә. Тәжібаевтың «Қазақ драматургиясының очеркі» (1964), Р. Рүстембекованың «Қазақ совет комедиясы» (1975), М. Дүйсеновтың «Қазақ драматургиясының жанр, стиль мәселесі» (1977), Е. Жақыповтың «Дастаннан драмаға» (1979), Н. Ғабдуллиннің «Ғ. Мүсірепов - драматург» (1982), Р. Нұрғалидің «Арқау», Ә. Шапауовтың “Драмадағы дәстүр” зерттеу еңбектерін бөліп атау қажет.
Егер әлем драматургиясы сан ғасырлық ұланғайыр жолдан өтсе, қазақ драматургиясының тарихы бір ғасырға жетті. Қазан төңкерісінен кейін өрлеп дамыды, халықтың мыңдаған жылдық дәстүрі бар фольклоры, кәделі өнері, бай әдебиеті озық дәстүрлерімен қауыша түсіп, қазақтың жаңа сапалы өнерін - драматургия мен театр өнерін дүниеге әкелді.
Тұтас жүйелі, жан-жақты әдеби-мәдени процесс пайда болды. Қазір қазақ драматругиясы жалпы драмаға тән түгел қасиеттерге ие. Уақытпен ілесіп даму үстінде. Әдебиеттің ерекше бір түрі - драматургия театрды нысана етеді, сахна төрінде қойылу үшін жазылады. Танымдық, тәрбиелік мәнді, идеялық-эстетикалық әсері орасан күшті-драматургия тағдырлар тоғысуы, мінездер қақтығысы, сезімдер шайқасын көрсетіп, аса қатал композиция талаптарын ескере отырып, ерекше көркемдік құрал- диалогтар мен монологтар арқылы өмірдің түрлі шындықтарын ашады. Құбылыстарға баға береді, билік айтады.
Жанр тудыратын элементтер деп - сюжет түзілісі, композиция, тақырып, поэтика, бір сөзбен шығарма идеясын және мазмұнын ашатын көркемдік құралдарды айтады. Бұған драмалық эмоциялық әсер беретін формаларды да қосқан дұрыс. Трагедия - қайғыртады, комедия - күлдіртеді, драма - толқытады. [44, 226] .
Даму үрдісінде бұл жанрлар өзара ықпалдасады, бірін-бірі толықтырып, байытады. Кей жанр құбылысы дегенде табиғи диалектикалық өзгерістерді айтамыз, әйтпесе, шекарасыз, жағасыз, арнасыз жанрлық форма жоқ. Бұл талаптар ескерілмеген жағдайда шығарма босаң, сюжеті болжыр тартады. Көркемдік қасиеттері жұтаң реңсіздікке ұрынып эстетикалық қасиеттерінен айрылады.
«Жанр, - деп жазды М. Бахтин, - әрқашан өзі, әрі өзі емес, әрқашан көне, әрі жаңа, жанр әдебиет дамуының әрбір жаңа кезеңінде, әрбір жаңа шығарма тұсында қайта туындап жасарады. Жанр бүгінгі күннің тынысымен өмір сүреді, бірақ әрқашан өз өткенін қасиет ретінде өз бойында сақтайды. Жанр - әдеби даму процесіндегі творчестволық тұжырым түрінде қалады» [45, 178] .
Кіріспе мен екі тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұратын бұл жұмысты драманы зерттеген ғалымдар еңбектеріне сүйене отыра жаздық.
І. АЛҒАШҚЫ ПЬЕСАЛАРДЫҢ ЖАНРЛЫҚ - ТАҚЫРЫПТЫҚ ИДЕЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
1. 1. Драмалардың зерттелуі
Драматургия жанрларының ішінде өмірге айрықша жақын түрі - трагедия, өйткені бұл формада тіршіліктің сан алуан қайшылықтары, ғаламат тартыстар, құштарлықтар мен сезімдер шайқасы, ойлар мен идеялар қақтығысы ерекше зор пафоспен, әрі реалистік тереңдікпен бейнеленеді. Классикалық әдебиетіміздегі трагедияда дара тұлғаның әлеуметтік қоғамдық қайшылықтармен кереғар қайшы келуі, бітіспес күреске түсуі көрсетілген. Трагедия қаһармандары сұм заманның қатыгез әдеттерімен шайқаста опат болады. Қаһарман алдында түрлі кедергілер, асу бермес тосқауылдар тұрады. Трагедиялық рухты қайсар жанның алапат күресін суреттейді. Кейіпкер теңізде сұрапыл тебіреніс құшағында: ол өз ішіне терең бойлайды. Ол қамығады, қайғылы азапты жол кешеді, кедергі, қарсылықтармен қаймықпай күреседі.
Трагедияның ең басты ерекшелігі трагедиялық тартыста көрінеді. Трагедиялық конфликт кейіпкердің тартқан азабы мен өліміне сабақтас. Бұл қосалқы, сырт сипаттардың бірі болып табылады. Ал трагедиялық тартыстың өзегі әлеуметтік-тарихи, қоғамдық-саяси қабырғалы оқиғалардың, күштердің шайқасында жатыр. Бұл қақтығыста кең құлаш, қоғамдық мағына, философиялық тереңдік бар.
Трагедияның тағы бір маңызды сипаты - басты кейіпкер түрлі оқиғалар әлегінен үлкен қателікке душар келеді, зор адасуға ұшырайды. Бұл әлеуметтік жағдайлар мен қоғамдық қарым - қатынастар тудыратын, кейіпкердің өз еркінен тыс, оның идеал-мұраттарын күйретіп, мақсатына жеткізбей мерт қылады. Тағдыр, жазмыш бұйрығы тақылеттес ерекше жағдаяттан шығады.
Сөз жоқ, трагедиялық қателікке ұрыну, үйірінен адасу қаһарманды әуре сарсанға салады. Ол өз басын тауға да, тасқа да соғуға мәжбүр болады. Сонда да алға қойған мақсатына жету жолдарын іздестіреді, бірақ өзінен әлдеқайда сұрапыл күштер соққысынан мерт болады.
Сөйтіп, трагедия драматургияның қаһарлы тартыстар мен адасулар шайқасы қат-қабат өмірдің объективті қайшылықтарын терең образдар арқылы ашып, зор айқастар, үлкен күрестерді бастан өткеріп, шындыққа жету жолында опат болатын күрделі тұлғаның қайғы-шері, мұң-ызасы эмоциялық-эстетикалық ғаламат әсермен оқырманға, көрерменге берілетін, болмыстың ауыр қиындықтарын айқара ашып, қопара бейнелейтін іргелі жанры.
Әрине, қалыпты өмірдің өзіндік тілек, талап, шарттары мен тарихи, трагедиялық тұлғалық мақсаты арасындағы күрес-конфликт, тартыс атаулының әр қоғамда, әр дәуірде, әр әлеуметтік ұлттық ортада сан алуан формаларда болуы - объективті заңдылық. Трагедиялық тартыстар мен адасулар табиғаттың, эстетикалық-эмоциялық әсер ерекшеліктерін, сюжеттік материалмен көркемдік- композициялық құралдар жүйесін, тақырыптық идеялық нысананы ескере отырып, қазақ трагедиясын мынадай салаларға бөлуге болады:
а. эпикалық трагедия
ә. тарихи трагедия
б. адамгершілік-тұрмыстық трагедия [46, 228] . Сөз жоқ, қазақ драмаларының барлық жанрларының негізгі қайнар көзі, алатын арқауы, күре тамыры-халық ауыз әдебиеті үлгілері, фольклордың сан алуан нұсқалары. Әлем драматургиясы мектебінен үлгі ала отыра қазақ қаламгерлері ұлттық топшылаудағы берекелі дәстүрлерді жаңашылдықпен дамыта білді.
Қай драмалық шығарманы қарастырсақ та, шығарма тілінің көркем, әдемі жеткізілгені нұр үстіне нұр болары хақ. Шығарма сахна төріне қойылуға лайықталып, тілі шұбалаңқы болмауы керек.
Кейіпкер тілі жатық, сөйлемдері мен айтатын репликалары нақты, шығарманың негізгі тақырыбын, мазмұнын ашуға жәрдемді болуы тиіс деп ойлаймын. Бірақ, бұл шығарманың тілі құр қатып қалған пікірлер легінен тұрады деп есептемеу керек. Сәтті қойылым көпшілік қауым көңілінен ұзақ уақытқа орын алары сөзсіз. Театр әртістерінің шебер ойыны мен бет пішінінің түрлі құбылуы, эмоциялық байытуы ерекше мағына береді. Пьесаны көруші көрермен көзбен көре отырып, көңіліне тоқиды. Ләззат ала отыра, бойына құяды. Сондықтан шығарма авторы көп тер төгеді. Драмалық шығармалар көлемі жағынан шағын, 50-70 беттен аспауы шарт.
Қазақ драматургиясының әлем халықтарының драматургиясымен салыстырғанда тууы, дамуы, зерттелуі жағынан кейінірек. Қазақ сөз өнерінде драматургия классикалық үлгіде неміс, ағылшын, грек, орыс драма жанрымен салыстырмалы түрде ХХ ғасырдың басында қалыптасты. Қазақ әдебиетінде драматургия басқа әдеби жанрларға қарағанда көп кейін туды. Қазақтың ауыз әдебиетінің халықтың тұрмыс-салтына, әдет-ғұрпына тән шығармаларында: жар-жар, беташар, бәдік жыры сияқты өлеңдерде, айтыстарда драмалық элементтердің барлығы аңғарылады.
Қазақ халқының ғұлама ғалымы Мұхтар Әуезов: «Анығында ақындар айтысының негізінде, өзгеше жанрлық бітім мазмұнында қолдану дәстүрінде қазақтың халықтық театрлық өнерінің мол белгілері бар. Халық театрының дән ұрығы бар деуге болады», -деп айтқан болатын.
Қазақ жастары ұйымдастырған әдеби ойын-сауық кештері ұлттық сахналық өнер мен драматургияның бастамасы болды. Бұлардың тәжірибелері отандық драматургияның пайда болуына, ұлттық драмалық шығармалардың жазылуына ықпал жасады. Қазақстанның әр түкпіріндегі алғашқы сахналық талпыныстар Қазан төңкерісімен ілесе, ұлттық драматургияның дүниеге келуіне негіз болды. Алғашқы қазақ драмалары 1910-1915 жылдары пайда болды. Алғашқы пьесалар авторлары К. Тоғысов «Надандық құрбаны», И. Мендіханов «Малдыбай», «Тамырлар», «Байғұстар», А. Лиханов «Манап», Б. Серкебаев «Бақсы», «Ғазиза», «Жер дауы». 1915 жылы К. Тоғысовтың «Надандық құрбаны» драмасы жеке кітап болып Уфада басылып шықты. Одан кейін Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин, М. Дулатов, Қошке Кемеңгеров, Бейімбет Майлин, Мұхтар Әуезов, Жұмат Шанин тағы басқалардың алғашқы драмалық шығармалары ұлттық драматургияның негізін қалады.
Еуропалық үлгіде драматургияның қыры мен сырын меңгеруге қазақ топырағында алғаш рет ден қойған Жүсіпбек Аймауытов. Оның тұңғыш үш пьесасы «Рабиға», «Мансапқорлар», «Қанапия-Шәрбану» 1916-1917 жылдары, ал «Ел қорғаны», «Шернияз», «Сылаң қыз» 1920-1925 жылдар ішінде жазылған.
XX ғасырдың 20-жылдарындағы Отандық драматургияда әйел бостандығы мен теңдігі басты тақырыпқа айналды. Ж. Аймауытов, К. Кемеңгеров, М. Дулатов, С. Сейфуллин, М. Әуезов, Ж. Шанин, Б. Майлин шығармаларында туған халқының тарихы мен тағдыры, еркіндігі мен теңдігі қос арнадай ағынды ағыс құрайды. Қандай да бір пьеса болса да ел өмірінің тұрмыс-тіршілігі сол кездегі басты тақырыптары - 1916 жыл оқиғасы, би-болыстар мен қалың көптің арасындағы тартыс, әйел теңдігі мәселесі, түрлі әлеуметтік қайшылықтар тағы басқа мәселелер көтеріліп, театр сахнасында қойылды. Мысалы, 1926 жылы К. Кемеңгеровтың «Алтын сақина», «Ескі оқу» пьесалары Қазақ драма театр сахнасында қойылған. Бұл пьесалардың негізгі тақырыбы - әйел теңсіздігі мен қазақ балаларының ауыл молдасынан ескіше сауат ашып, білім алуы суреттеледі.
Қазақ драматургиясының қалыптасып өрістеген дәуірі XX ғасырдың алғашқы ширегі болатын. Қазақ драматургиясының туу, қалыптасу және даму процесі сахналық драмалық өнері орыс, украин, армян және грузин халықтарын былай қойғанда, туысқан өзбек, татар халықтары драматургиясының даму процесінен өзгеше. Себебі, қазақ халқы бұрыннан өз өнерлерін тойларда көрсеткен болатын. Қазақ драматургиясының ұрығы ерте заманда елдің әдет-салтынан, ойын - сауығынан, ән - күйі мен өлең жырларынан басталған. Оған дәлел суырып салма ақындардың өнері, айтыс өлеңдер, ертегі, аңыздар бола алады. Қазақтың ұлттық театрын ұйымдастыру мәселесі ел ішінде «Дала театры» деп атауға әбден лайық халық өнерінің сан қилы түрлері дамып, жетілген тұста көтерілуі табиғи құбылыс. Солардағы драматургия мен театрға өзінің көркемдік табиғатымен етене жақын элементтер жаңа өнердің дүниеге келуінде ерекше орны бар. Қазақтың кең даласының әр түкпірінде тұңғыш әуесқойлық қойылымдар мен драматургия- лық шығармалардың тууы халық шығармашылығының көркемдік құдіреті. Дәлел ретінде Жүсіпбек Аймауытовты келтіруге болады. Жүсіпбек Аймауытов Семейде оқып жүрген жылдары жастардың ойын-сауық кештеріне қатысып, домбыра тартып, ән салып, спектакльдер қойған және өзі басты ролдерде ойнап, өз өнерін халыққа паш еткен. 1917 жылы 17 желтоқсанда Семейде оқитын жастардың әдеби кеші болып, онда Ж. Аймауытовтың «Ескі тәртіппен бала оқыту», «Рабиға» атты бір перделі пьесалары қойылған. Осы кезден бастап Ж. Аймауытов әрі жазушы, әрі драматург, әрі режиссер, әрі актер ретінде көзге түсе бастады.
Қазақ сахна өнерінің тууына тікелей себеп болған тағы бір жағдай - 1905 жылғы төңкерістен кейін Қазақстанға жер аударылып орыстың прогресшіл-демократ оқығандарының келуі. Және осы кезде татар труппаларының Қазақстанда гастрольдері басталған. Міне, осы театрдың ойындарын көрген қазақтың беделді жастары ұлттық сахна өнерін құруға талпынды. Сахнаға қоятын пьеса болмағандықтан, олар алғашқы қадамдарын қазақтың әдет-ғұрыптарын, ұлттық ойындарын сахналаудан бастайды. Осы кезде көркем үйірмелер ұйымдастырылады. Қазақ жастары үйірмелерге қатысып, азды-көпті тәжірибе жинайды. Көркем үйірмелер әдебиетіміздегі драматургия жанрының дамуына ұйытқы болады. Бұған кәсіби театрымыз құрылмай тұрғаны кездегі Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Жұмат Шанин және тағы басқалардың драмалық шығармалары толық дәлел бола алады. Олардың драматургиялық қадамына көркем үйірменің ықпалы зор болған. Осындай ірі жазушыларымыздың әдеби сапарларының бастауында драматургия жанрының батыл енуі кездейсоқ оқиға емес. С. Сейфуллиннің «Бақыт жолына» атты пьесасының негізгі тақырыбы - өмірі қорлық пен күндікте өткен бұрынғы қазақ әйелдерінің өмірі революция жеңісі нәтижесінде теңдікке, бостандыққа ие болуы, сүйгеніне қосылуға мүмкіндіктің тууы. Пьесадағы оқиға шағын да ықшамды, бірақ драмалық тартысқа толы. 1916 жылғы майданның қара жұмысына жігіт алу кезіндегі атақты дүрбелеңнің күндерінде Терлікбай деген шал өзінің кіші баласы Телжанды қалайда аман алып қалу мақсатымен жас қызы Мүслиманы елудегі Нөкербай деген болысқа бермек болады. Бірақ орысша оқыған үлкен баласы әке ниетіне қарсы шығып, қаладағы жолдастарының көмегімен қарындасына бостандық әпереді, оның сүйген жігіті Біржанға қосылуына мүмкіндік жасайды. Бұл пьеса Жүсіпбек Аймауытовтың «Қанапия мен Шәрбану», «Рабиға» пьесаларына ұқсас келеді. Яғни бұл екі жазушы сол кездегі таптық күресті, әйелдердің революция жеңісі нәтижесінде теңдік алып, өз сүйгендеріне қосылуы суреттеліп көрсетіледі. Мысалы, «Қанапия мен Шәрбану» пьесасындағы «Жасасын бостандық! Жасасын әйел теңдігі! Жасасын бұқара өкіметі!», - деп комиссардың сөзін барлығы шулап алып кетуі «Жасасын, жасасын!», «Рабиға» пьесасында да Рабиғаның әйелдерді теңдікке, бостандыққа шақыруы суреттеледі. Міне, пьесадағы суреттелінетін тақырыптың қысқаша баяндамасы осы. Бірақ бір адамның үй ішінде болған осы бір кішкентай оқиғаны автор драмалық тартыс дәрежесіне жеткізіп, мәселеге саяси мән беріп, суреттейді. Адамды әрекет үстінде көрсету - драманың негізгі талабы. Бұл талап драмалық шығарманың табиғи жаратылысының жанрлық ерекшелегінен туған заңды талап. Драманың спецификалық ерекшелігі болып табылатын «әрекет»те, драмалық мазмұнды ашу, бейнелеу тәсілі болып есептелінетін «мінез»де драма жазған жазушылардан адамның ой-арманы мен іс-әрекетін жай сырттай баяндамай, солардың тікелей әрекеті арқылы көрсетуді талап етеді. Сөйтіп, суреттелініп отырған оқиғаға жазушының көзқарасын кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінезі арқылы танытудың қажеттігінен туады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz