Қазақстан Республикасында екінші денгейлі банктердің табыстары мен шығыстарын талдау ( Цесна-Банк АҚ мысалында)


КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Банк жүйесі-нарықтық эканомика маңызды құрылымының бірі. Банктер нарық делдалдары ретінде шаруашылық қызметі барысында босатылатын шаруашылық органдарының капиталдарың халықтың жинағын және басқа да бос ақша қаражаттарын тартады және оларды қарызға алушыларға уақытша пайдалануға береді, ақша есебін жүргізеді және қоғамның өнімнің айналымы мен өндірістің тиімділігіне тікелей әсер ете отырып, экономика үшін басқа да көптеген қызметтерді көрсетеді.
Яғни банк өзінің ерекше құрылымы бар мемлекеттің өте маңызды секторы және ол кірістер мен шығыстар нәтижесінде қызмет атқаратын ұйым.
Елде жүргізілген экономикалық реформа банк қызметінің дамуына жаңа кезең ашты. Нарыққа өту жағдайының ерекше өзекті мәселесі еліміздегі банктермен басқа несие институттарының даму болашағы, оның тәжірибелік жүзеге асырылуы. Банк қызметінің кірісті болуы оның дұрыс жолға қойылғандығымен сипатталады.
Дипломдық жұмыстың тақырыптың зерттеу дәрежесі. Қазақстандық және де шетелдік банктердің қызмет өрісін кеңейтуді тәжірибе жүзінде негіздеп және тәжірибеге біршама прогрессивті, нақты нысандары мен жұмыс әдістемелері жаңалықтарын енгізу. Бұл зерттеу тақырыбының өзектілігін көрсетеді.
Соңғы жылдары қаржы нарықтарының - ақша нарығы және капитал нарығы қалыптасуының қарқынды процесі жүріп жатыр. Кірістердің негізгі көзі ақша нарығын дұрыс ұйымдастыра алу болып табылады.
Соңғы дамыған екі біртұтас, өзара байланысты жинақтарды мобилизациялау мен қаржы құралдарын инвестициялау процесін жүзеге асырмай болмайды. Жинақтау кіріс пен тұтыным арасындағы өз айырмашылығын ұсынады. Яғни шығыс операцияларын жүргізе отырып, алға прогноздарды дұрыс жасай отырып, табыстарға қол жеткізу мүмкіндігі банктік операциаларының маңыздысын және олардың жетілдіру жолдарын қарастыру каммерциалық банктер.
Кіріс саласында аса маңызға ие банк әрекеттерінің бірі инвестиция тарту болып табылады.
Инвестициялар - пайда алу мақсатында қаржы құралдарын алу. Жинақтарды инвестициялау нысаны әр түрлі болуы мүмкін: жинақ иесі мен олардың соңғы «тұтынылымына» сол немесе басқа да қаржы делдалдары арасында болған кезде өндіріске ақша қаржыларын тікелей және жанама салу.
Маңыздысы, салынған қаржы өндірістің дамуы мен экономиканың салығуына ықпал ететін фактор ретінде қатынасуы болып табылады.
Банк өз қызметі барысында әр түрлі типтегі аудиториялармен байланысқа түседі: бәсекелестермен, клиенттермен, мемлекетпен және т. б. банк табысты оптимизациялау мақсатына бұлармен бірлесіп қызмет жасайды.
Бірақ нарықта банктер, басқа қызметін кеңейтуді көздейтін бұл жалғыз ғана мақсат емес. Бұдан басқа банктер қаржы ресурстарының табыстылығы мен өтімділігін есепке алудың қолайлы банктерді репутацияларын құру мен қолдануды қамтамасыз етуге талпынады және болып табылады.
Өз кезегінде, банктің танымалдылығының жақсы репутациясы нақтылы осы банкке назар аударатын клиенттердің санына әсер етеді.
Банктің клиенттермен қатынасы банктік өнімдерді сатып-алу барысында туындайды.
Олар мыналардан тұрады: несиелер беру, депозиттік шот ашу, шығару жөніндегі операциялар, құнды қағаздар сатып алу мен сату, валюталық қатынастар, есеп айырысу операциялары және де трасталық қызметтер, бағалы заттарды сақтау және тағы да басқа.
Көлемді клиенттермен қазіргі банк қызметінің маңызды ерекшелігі дамыған несие жүйесі бар әлемнің барлық елдерінде банк операцияларын жүзеге асыру.
Қазақстандағы коммерциялық банктер өз табыс базасын кеңейтіп, рентабельділігі мен бәсеке қабілеттілігін жоғарлату, өз клиенттері үшін операциялар мен қызметтерді кең көлемде жүргізуге талпынатыны белгілі.
Бұл үшін дамыған банк қызметінде банктіқ қызмет көрсетуді ұсынуды клиенттер мен банктің өзі үшін шығындардың ең төменгі мөлшерінде клиенттерге қажетті қызмет көрсетудің тиімді бағасы болуының маңызы зор.
Көлемді клиенттермен тиімді икемді банк операцияларының жүйесі ішкі жинақтарды мобилизациялауға ықпал етуге тиіс.
Бұл байланыстың ерекше мәні икемді банк қызметін көрсету экономиканы өзгертетін тұтынымның қалыптасуына әсерін тигізеді.
Банктік қызмет нарығындағы бәсеке банктік қызмет көрсетудің сандық және сапалық сипатына әсер етеді.
Ғасыр бойы дамыған ақпараттық технологияларды пайдалану тұжырымдамаларын классикалық банктық қызметтерге ұсынуға талпыныс жасалды, жаңа технологияларға назар аудармау банкроттыққа әкелуі мүмкін. Сондықтан барлық банктер іс жүзіндегі жүзеге асушы және жаңа қызмет жаңалықтарына көп көңіл бөледі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты . Қазақстан Республикасында екінші денгейлі банктердің табыстары мен шығыстарын талдау («Цесна-Банк» АҚ мысалында) .
Дипломдық жұмыстың негізгі міндеттері:
- кірістер мен шығындарды коммерциялық банктер тұрғысында алып қарастыру;
- коммерциялық банктерде ұсынылатын қызметтердің теориялық
аспектілерімен танысу;
- коммерциялық банктерде ұсынылатын қызметтердің іс жүзіндегі талдануы мен бағалануын жүргізу;
- банктік қызмет нарығының негізгі даму бағытын анықтау;
- банктік қызмет нарығында туындайтын проблемаларды қарастыру мен оларды шешу жолдарын анықтау.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде Қазақстан Республикасының банктік жүйесінде қарыз алушы мен қарыз беруші арасындағы пайда болатын экономикалық қатынастар болып табылады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні ретінде екінше денгейлі банктердің табыстары мен шығындары болып табылады.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік және тәжірибелік негізі ретінде Қазақстан Республикасының Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің банктердің іс әрекетін анықтайтын заңдық және нормативтік актілері. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігінің статистикалық материалдары. Жұмыс барысында жалпы ғылыми, статистикалық және экономикалық-математикалық әдістер пайдаланылды.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Банк өтімділігін басқару
Банк өтімділігінің коэффициенті - бұл банк балансының мәліметі бойынша белгіленетін, несиелік және өтімді деп аталатын активтер жиынтығының активтердің жалпы сомасына немесе пассивтің бірқатар тиісті баптарына арақатынасын көрсететін көрсеткіші.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің екінші деңгейдегі банктердің өтімділігін реттеудегі рөлі мынада: ҚР Президентінің «Ұлттық банк туралы» жарлығына сәйкес екінші деңгейдегі банктердің қызметі Ұлттық банк белгілеген нормативтермен реттеледі.
Капитал жеткіліктілігі коэффициенті мен жарғылық қордың ең аз шамадағы мөлшерінен өзге онда аз немесе 0, 2-ге тең болатын өтімділік коэффициенті анықталған. Бұл өтімді активтердің барлық міндеттеме сомасына қатынасы.
Өтімділікті басқару әдістері. Дүниежүзілік банктерінің іс-тәжірибесінде өтімділік әдістер, оның ішінде, жалпы қор қаражатының әдісі және активтерді бөлу әдісі арқылы басқарылады [1] .
Жалпы қор қаражаты әдісінің мәні барлық ресурс түрінің активтерін басқару процесіне жатады, атап айтқанда, салым ақшалар мен талап етілмелі шотындағы қаражат қалдығы, мерзімді салым ақшалар мен депозиттер жарғылық қор мен резервтер коммерциялық банктердегі ресурстардың жиынтық қорында бірігеді.
Бұл жиынтық қордың қаражаты банк тұрғысынан алғанда пайда әкелуі мүмкін актив түрлеріне бөлінеді.
Бұл арада тиісті активке салынған қаражат өтімділігінің баламалы деңгейін сақтау - міндетті шарт. Осылайша, «пайдалылық-өтімділік» арасындағы байланыстың тепе-теңдігі ұдайы сақталуы керек.
Бұл әдісті пайдалану барысында алдымен бірінші кезектегі резерв, яғни, клиенттің несие алу, салым ақшаны өндіріп алу туралы алғашқы өтінішін қанағаттандыруда пайдаланылуы мүмкін қаражатты білдіретін, активтерге орналастырылуы ықтимал қаражат үлесі анықталады.
Бұл әдісті қолдануда ең алдымен бірінші кезектегі резерв болып саналатын, активтерге салынатын қаражаттық үлесі анықталады, яғни, ол қаражат клиенттердің салымын алу, несие алу сияқты талабы қанағаттандыру үшін пайдаланылады.
Елдің банк іс-тәжірибесінде резервтерге шамамен бірінші кезекте Ұлттық банктің корреспонденттік шотындағы қаражатты, коммерциялық корреспондент-банктердің корреспонденттік шотындағы қаражатты, кассадағы қаражатты, Ұлттық банктегі міндетті резервтерді жатқызуға болады. Содан кейін тиісті табысты әкелетін, өтімді активтерді қамтитын екінші кезектегі
резервтерге орналастырылуы мүмкін қаражаттың үлесі анықталады. Қажет болған жағдайда олар бірінші кезектегі резервтерді арттыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Екінші кезектегі резервтерге қысқа мерзімді мемлекеттік құнды қағаздарды, оның ішінде, облигацияларды, аз ғана мерзімге берілетін банкаралық несиені, өтеу мерзімі көпке созылмайтын өтімділігі жоғары ссудаларды жатқызуға болады. Екінші кезектегі резервтердің шамасы салым ақшалардың ауытқу диапазонына және несие сұранысына тәуелді болады. Егер несиеге сұраныс неғұрлым жоғары болса, онда резерв соғұрлым қажет болады.
Активтердің үшінші тобы. Бұл топ қаражаттың үлкен үлесін қамтиды. Активтердің үшінші тобына клиенттерге арналған ссуда жатады. Бұл активке салынған қаражат банкке азғантай табыс әкеледі, алайда, басқаларға қарағанда қатер деңгейі жоғары қаражат.
Экономиканың дамуын болжаудың негізінде үлесі мен құрамы анықталатын активтердің бұл тобына өтеу мерзімі салыстырмалы түрде ұзаққа созылатын бірінші класты құнды қағаздар кіреді. Бұл құнды қағаздардағы инвестиция банкке белгілі бір процентті табыс әкеледі және өтеудің мерзімі жақындаған сайын борыш міндеттемесі екінші кезектегі резервтерді толықтырушы ретінде алға шығады.
Активтерді бөлудің әдісін немесе қаражаттың конверсия әдісін пайдалану барысында банк тартқан қаражатқа өтімді қаражаттың қаншалықты тәуелді болатындығы анықталып, ескеріледі және активтер мен пассивтердің тиісті түрлері арасындағы арақатынас белгіленеді.
Бұл арада әрбір көзден алынатын қаражатты олардың айналасын қоса ескере отырып, әр түрлі жолмен қамтамасыз етуді және осыған орай міндетті резервтердің нормаларын қажет етеді.
Ішінара мерзімді салым ақшаға қарағанда талап етілмелі салым ақша бойынша міндетті резервтердің ең жоғары нормаларын белгілеу қажет. Осыған орай, талап етілмелі салым ақша түрінде тартылған қаражаттың қомақты үлесі бірінші және екінші кезектегі резервтерге орналасуы керек.
Осы әдіске сәйкес «банк ішіндегі банк» деп те өзгеше атаумен аталатын бірнеше өтімділік (пайдалылық) орталықтары анықталады.
Ішінара алғанда, мұндай орталықтарға мыналар жатады: талап етілмелі салым ақша, мерзімді салым ақша мен депозиттер, жарғылық капитал мен резервтер. Қаражат әрбір орталықтан оның тиісті өтімділігі мен пайдалылығын қамтамасыз ететіндей есеппен активтің белгілі бір түрлеріне орналастырылады. Мәселен, талап етілмелі салым ақша ең жоғары деңгейдегі қамтамасыз етуді қажет еткендіктен оның көп бөлігі бірінші кезектегі резервке бағытталады. Басқасы - салым ақшаның елеулі бөлігі - қысқа мерзімді мемлекеттік құнды қағаздарды сатып алу жолымен екінші кезектегі резервтерге бағытталады және талап етілмелі салым ақшаның салыстырмалы түрдегі аздаған үлесі қайтарылатын мерзімі азғантай уақытқа белгіленіп, банк ссудасына орналатырылуы керек.
Мерзімді салым ақша мен депозиттердің орталығына қатысты тартылған қаражаттың өтімділігіне қойылатын талап өткендегісімен салыстырғанда төмен болады, сондықтан да оның көп бөлігі банк ссудасына орналастырылады, ал, қалған бірінші және екінші деңгейдегі резервтерге, сондай-ақ аздаған шамада құнды қағаздарға орналастырылады [2] .
Жарғылық капитал мен резерв орталықтарына қатысты қаражат белгілі бір деңгейде үй-ғимаратқа, құрал-жабдыққа, техникаға жұмсалады, сондай-ақ ішінара - өтімділігі аз құнды қағаздарға, пайға кетеді.
Жалпы қор әдісімен салыстырып қарағанда активтерді бөлу өтімділігі жоғары активтердің үлесін нақты анықтауға және оларды кемітудің есебінен қосымша ресурстарды табыстылығы жоғары активтерге - кәсіпорындар мен ұйымдардың ссудаларына салуға мүмкіндік береді.
1. 2 Банктік ресурстарды құрау көздері және пассивтік операциялар
Банк ресурстарын банктердің өзіндік қаражаты, қарыз қаражаты және тартылған қаражат құрайды. Банк олардың жиынтығын активтік операцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланады, яғни табыс алу мақсатында жұмылдырылған ресурстарды орналастырады.
Пассивтік және активтік операциялар бір-бірімен тығыз байланысты. Мәселен, пассивтердің құрылым мен сипаты көр жағынан банктің активтік операцияларды жүргізудің мүмкіндігін анықтайды, ал неисе саласындағы банк саясатының өзгеруі ресустардың сипатына елеулі әсерін тигізеді.
Банк ресурстарын қалыптастырудың негізгі көздеріне банк клиенттерінің салым ақшалары жатады. Алайда, бөтен капиталды тарту үшін банктердің өзіндік капиталы болуы керек. Бұл қиын сәттерде несие берушінің сенімді болуы үшін қажет.
Банктің өзіндік қаражтына жарғылық және резервтік қорлары, сондай-ақ, банк пайдасы есебінен қалыптасқан өзге де қорлар, сақтандыру резевтері және бір жыл ішінде бөлінген пайда жатады.
Банктің жарғылық қоры (капитал) - банк ісін ұйымдастырудың бастапқы нүктесі. Оның формасына қарай жарғылық капиталдың қалыптасуы әр түрлі болады.
Банктің ұйымдық-құқықтық формасына қарамастан оның жарғылық қоры толықтай қатысушылардың - заңды және жеке тұлғалардың салым ақшаларының есебінен қалыптасады әрі олардың міндеттемесін қамтамасыз етеді. Ол банк несиесінің есебінен емес, тек ақшалай қаражатпен ғана, әрі-беріден соң банк қатысушыларының өзіндік қаражатымен құрылады. Тартылған ақшалай жарғылық қордың жарнасы үшін пайдаланылмайды.
Банктің жарғылық капиталына акционерлер (қатысушылар) салым ақшаны салумен қатар жыл сайын дивидендтер түрінде банк пайдасының бір бөлігін алып отырады. Аударылатын дивидендтердің мөлшері, аударылатын
кезегі мен тәртібі акциялардың түрлерімен және шығарылатын шарттарымен байланысты (пайданың мөлшеріне қарай табыстың деңгейін түзететін артықшылықты акция немесе жай акция) .
Банкке түскен пайда жеткіліксіз болған жағдайда артықшылықты акция бойынша дивидендтерді есептеу резервтік қордың есебінен жүргізіледі.
Коммерциялық банктің резервтік қоры активтік операциялардан болған заладың орнын толтыруға арналған, банк облигациясы бойынша төлем көзі ретінде әрі алынған пайда жеткіліксіз болған жағдайда артықшылықты акция бойынша дивидендтердің төлем көзі ретінде қызмет етеді. Резервтік қор түскен пайдадан жыл сайын аударылатын аударымдардың есебінен қалыптасады. Оның шекті мөлшері банктің жарғысында жарғылық қор шамасының 25-100% деңгейінде анықталған. Шекті мөлшерге жеткеннен кейін қалыптасқан резервтік қор жарғылық қорға аударылады (капиталдандырылады) және оны есептеу қайтадан басталады.
Коммерциялық банктерде резервтік қормен қатар пайдадан аударудың есебінен арнайы қорлар (банктің өндірістік және әлеуметтік дамуына арналған) құрылады. Олардың қалыптасуы мен жұмсалуы банктің коммерциялық есеп айырысу туралы ережесімен реттеледі [3] .
Банктегі өзіндік қаражаттың айрықша құрамдас бөлігіне банктің нақты операцияларды орындау арқылы қалыптастыратын сақтандыру резерві жатады. Ол (сақтандыру резерві) - банк сатып алған құнды қағаздардың нарықтық құнының нақты кемуіне және берілген ссуданың қайтарылмауына байланысты орын алатын жағымсыз салдарды жою үшін тағайындалады. Бұл резервті қалыптастырудың міндетті сипаты бар.
Банктегі өзіндік қаражаттың маңызды функциясы - банктің өз салымшылары алдындағы міндеттемесін қамтамасыз етеді. Ол шама ретінде қарастырылуы мүмкін, оның шегінде банк өз міндеттемесі бойынша жауапкершілігіне кепілдік береді. Банк іс-тәжірибесінде өзіндік қаражат ресурстардың ысырапқа ұшырауы салдарынан залалдың орын алатынына қарамастан банктің төлем қабілетін сақтауға мүмкіндік беретін резерв ретінде саналады, өйткені, өзіндік қаражат акционерлерге міндетті түрдегі қайтарымға жатпайды. Банктегі өзіндік қаражаттың мөлшері оның қызмет ауқымын анықтап береді. Әдетте, Ұлттық банк экономикалық нормативтерді банктердің материалдық базасын дамытудың көзі болып табылатын өзіндің қаражаттың мөлшеріне қарай белгілейді. Оның есебінен банк өзіне қажетті үй-ғимаратты, машинаны, құрал-жабдықты, есептеуші техниканы және т. б. керек-жарақтарды сатып алады. Аталмыш шығынды қаржыландырудың тікелей көзіне пайданың есебінен қалыптасатын, банкті өндірістік және әлеуметтік жағынан дамытатын қор жатады.
Өзіндік қаражаттың шамасын (мөлшерін) коммерциялық банктер көптеген факторларға қарай дербес анықтайды. Оның ішінде, ол:
1. банктегі активтік операциялардың шекті мөлшерін анықтайды;
2. өз клиенттерінің өзіндік ерекшеліктеріне тәуелді;
3. өзінің активтік операцияларының сипатына тәуелді;
4. Ұлттық банктің жүргізіп отырған несие саясатына және несиелікресурстар нарығының даму деңгейіне тәуелді. Дамыған нарық жағдайында несие саясатын ырықтандыратын болсақ, коммерциялық банктер несие ресурстарына оңай қол жеткізеді әрі банкке қажетті өзіндік қаражаттың деңгейін кемітеді. Қаржы нарығының жеткіліксіз дамуына қарай ұштастыра отырып несие саясатын күшейтетін болсақ, өзіндік қаражатты тұрақты түрде өсіріп отыруға тура келеді.
Бұл арада банктегі өзіндік қаражаттың мөлшерін жинақтау түрінде арттырудың екі әдісі пайдаланылуы мүмкін:
- банктегі өзіндік қаражаттың мөлшерін;
- пайданы немесе шығарылатын акциялардың санын (банк пайшыларының санын) арттыру. Пайданы жинақтау банктің резервтік және өзге де қорларын жылдам құру әрі оларды кейін капиталдандыру формасында жүзеге асырылады. Жылдың соңында пайданың бір бөлігін жарғылық қорға тікелей қосу арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл әдіс ең арзан әдіс болғандықтан акцияларды шығаруда (немесе жаңа пайшыларды тартуда) қосымша шығынды қажет етпейді. Алайда, пайданы жинақтау өз кезегінде банктің нарықтағы позициясын әлсіретуге әкеп соқтырып мынадай жағдайға жол беруі мүмкін: пайданы жинақтау ағымдағы жылдың ішінде акционерлерге төленетін дивидендтерді кемітеді.
Отандық коммерциялық банктер әбден қалыптасқан нарықта өз орнын (позициясын) тұрақты, сенімді, берік ету үшін әрекеттенетіні белгілі. Алайда, оларды көбінесе пайданы ұзақ мерзімді келешекте өсіруден гөрі ағымдағы дивидендтер проблемасы қинайды. Сол себепті де олар өзіндік қаражаттың мөлшерін жаңа акцияларды шығарудың есебінен немесе жаңа пайшыларды тартудың есебінен арттыруды жөн көреді.
Коммерциялық кәсіпорынның бір түрі ретінде банк мекемесінің өзіндік ерекшелігі мынада: оның көптеген ресурстары өзіндік қаражаттың есебінен емес, қарыз қаражатының есебінен қалыптасады. Банк қаражатының құрамы әр түрлі. Оның негізгі түріне банктің өз клиентурасымен жұмыс істеу процесінде тартқан (депозит деп аталатын) қаражат және өзге несие мекемелерінен қарызға (банкаралық несие арқылы) алған қаражат жатады.
Депозиттік операция (латынша depozitum - сақтауға берілген зат) - клиент қаражатының банкке - оның уақытша пайдалануына берілетінін білдіретін экономикалық қатынас.
Жоғарыда айтылғандардан мынадый тұжырым жасауға болады: депозит тек салымшыға ғана емес, сонымен бірге, банкке де пайдалы. Депозиттердің көбісі ссудалық капиталды құра алады, содан кейін, ол пайдалы жолмен кез келген шаруашылық саласына орналастырылады. Депозит бойынша проценттегі және қарыз алушыдан алынған капитал процентіндегі айырмашылық банктің еркін (бос) ақшалай қаражатты тарту бойынша және ссудалық капиталды орналастыру бойынша жүргізген жұмысының сыйақысы
болып табылады. Банктер бұл сыйақының мөлшерін арттыру үшін «жалған салым ақшаны» құру арқылы өзінің ресірстық базасын ұлғайтуға ұмтылады. Ал, бұл «жалған салым ақшаның» пайда болуына талап етілмелі шот өз септігін тигізеді.
Банктің «Алтын» ережесінде қаржылық банк талабының шамасы мен мерзімі оның міндеттемесінің мөлшері мен мерзіміне сәйкес келу керектігі айтылады. Осы ережеге сәйкес банктер ағымдағы шот бойынша қалдықтарды несие ресурсы ретінде пайдалана алмайды, өйткені олар кез келген сәтте талап етілуі мүмкін. Алайда, әдеттегіше, клиенттер өзінің барлық қаражатын бір мезгілде өндіріп ала алмайды, сондықтан да банктің қолма-қол резервтері салыстырмалы түрде көп болмайды. Оның үстіне, көптеген банк операциялары қолма-қол ақшасыз түрінде жүзеге асырылады. Қолма-қол ақша сомасы кассалық резерв ретінде әрекет етпейтіндіктен, бұл банктердің өтімділігін арттырады әрі басқа клиенттерге немесе басқа банктерге несие ретінде берілуі мүмкін. Коммерциялық банктердің депозиттерді несие ресурсы ретінде пайдалануына шек қоятын кассалық резервтерден басқа тағы бір шектеушіге орталық банк белгілейтін міндетті резерв жатады.
Депозит шоттары әр түрлі болуы мүмкін. Оларды жіктеудің негізінде салым ақшаның көздері, олардың мақсатты тағайындауы, табыстылық деңгейі және т. б. секілді өлшемдер болады, алайда, өлшем ретінде көбінесе салымшының категориясы мен салым ақшаны алудың формалары алға шығады.
Салымшылардың категорияларына қарай депозиттер былайша бөліп көрсетіледі:
-заңды тұлға (кәсіпорын, ұйым, өзге де банктер) ;
-жеке тұлға.
Қаражаттың алыну формасы бойынша депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:
-талап етілмелі (нақты мерзімі болмайтын міндеттеме) ;
-мерзімді (нақты мерзімі бар міндеттеме) ;
-шартты (бұрын айтылған шарт күшіне енгенде алынатын қаражат) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz