Цитология және гистология пәні бойынша құрылған электронды оқулық


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 121 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

  1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ. . . 5

1. 1 Оқыту процесінде ақпараттық технологияларды қолдану . . . 5

1. 2 Электрондық оқулық жайында жалпы түсінік . . . 7

1. 3 Ақпараттық технологиялардың маңызы . . . 8

1. 4 Оқытудың компьютерлік технологиясы . . . 9

2. ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ . . . 11

2. 1 Электронды оқулықты құру талаптары және оқулықты

құру бағдарламасы . . . 11

2. 2 Электрондық оқулыққа пайдаланылған материалдар . . . 13

3. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ТАЛҚЫЛАУ . . . 14

3. 1 Электронды оқулықтың тиімділігі . . . 14

3. 2 «Цитология және гистология» пәні бойынша құрылған электронды оқулықтың құрылымы . . . 16

3. 3 Жасуша мен ұлпаны зерттеу тарихы . . . 16

3. 4 Клетканың құрылымы мен функциясы . . . 21

3. 5 Жасушаның органоидтары . . . 26

3. 6 Клетканың бөлінуі . . . 37

3. 7 Ұлпаларға жалпы сипаттама . . . 44

3. 8 Ұлпалардың жіктелуі . . . 45

3. 9 Цитология және гистология пәні бойынша зертханалық жұмыстар . . . 47

3. 10 Цитология және гистология пәні бойынша тест тапсырмалары . . . 76

3. 11 Цитология және гистология пәні бойынша глосарий . . . 107

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 119

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 120

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: 2006 жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауында «Электрондық үкімет» жүйесін шұғыл енгізу қажеттілігін әдейі баса көрсеткім келеді деп нақты атап көрсетті. Біз электронды үкіметпен ел басқарамыз, мемлекеттік органдарды тиімді пайдаланамыз. [1]

Электронды оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту». Білім берудің кез келген саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану жас өспірімдердің танымдық белсенділігін артырып қана қоймай, ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Осы уақытқа дейін білім беру саласында тек ұстаздың айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.

Қазіргі уақытта электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз - құрамында оқу курсының немесе оның бөлімінің жүйелі мазмұны бар және берілген басылым түріне мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электронды оқу басылымы. Электронды оқулық студенттің уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және студенттің ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, студенттің өзіне көрнекілік қолдаған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады.

Заман талабына сай ой-өрісі дамыған, шетелдік білім беру жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды оқу процесінде пайдалану - оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады.

Ең алғаш рет қазақ тілінде «Цитология және гистология» пәні бойынша электронды оқу құралы жасалды.

Зерттеу жұмысының мақсаты:

Білім берудің жаңа технологияларын «Цитология және гистология» пәндерін оқыту процесінде қолданудың жолдарын анықтау.

Жұмыстың мақсатына жету үшін алға қойылған міндеттер:

. «Цитология және гистология» пәні бойынша мультемедиялық презентациялар құрастыру.

. «Цитология және гистология» пәні бойынша интерактивті тақтаны және Frond Fage бағдарламасын қамтамасыз етуді қолданудың жолдарын анықтау.

. «Цитология және гистология» пәні бойынша электрондық оқулықты құрастыру.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы:

Ең алғаш рет қазақ тілінде «Цитология және гистология» пәні бойынша электронды оқу құралы жасалды. Онда цитология және гистология пәндерін зерттеу әдістері, кклеткалардың құрлысы мен ұлпалардың түрлері толығымен сипатталған. Осының бәрі «Цитология және гистология» білім берудің жаңа технологияларын қолдануға мүмкіндік туғызады.

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы:

. Электрондық оқулықты жоғарғы оқу орындарында «Биология» мамандығы студенттері «Цитология жіне гистология» пәнінде пайдалана алады.

. Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері қосымша материал ретінде пайдалана алады. Электронды оқулықтан мұғалімдер өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан алады.

. Электронды оқулықты Интернет желісіне орналастыруға болады.

  1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУОқыту процесінде ақпараттық технологияларды қолдану

Білім беруді ақпараттандыру - оқыту процесіне жаңа ақпараттық технология құралдарының енуі - қазіргі қоғамды ақпараттандыру процесінің бағыттарының бірі болып табылады. Қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік коммуникацияларды белсенді қолдануда. Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы - білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз - берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа комплекстік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту, нақты жүзеге асыру шаралары.

Білім беру жүйесін ақпараттандыруды ұйымдастыру деп ғылыми- зерттеу, ғылыми- техникалық және материалды- техникалық жобалардан тұратын ғылыми- техникалық бағдарламалар жүйесін айтады.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру ісінің негіздерінің бірі болып білім алу саласына ақпараттық технологияларды енгізу жұмыстары саналады, бірақ бұл негіз ақпараттандыруды басқаша түсіну қаупін туғызып, оны көптеген жағдайларда тек техникалық құралдармен жабдықтауға ғана әкеліп соқтыратыны белгілі. Міне осы тұрғыдан білім беру мәселесін алға тарта отырып ақпараттандыру ісінің мақсатын информатика терминдері арқылы емес, білім саласының мақсаттары мен терминдері арқылы өрнектеуіміз қажет.
Ақпараттандыру ісінде білім жүйесінің адамзат тіршілігінің барлық әлеуметтік аймақтармен әрекеттесуі және олардың бір-біріне әсер етуі толық бейнеленеді. Білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі жаңа оқыту технологияларын дайындауды талап етеді. Білім беруді ақпараттандырудың теориясы мен әдістемесі мынадай зерттеу бағыттарынан тұрады:
- қазіргі ақпараттық қоғам мен ғаламдық коммуникация жағдайында оқушы тұлғасын дамыту міндеттеріне сәйкес оқытудың ұйымдық түрлері мен әдістерін, білім беру мазмұнын таңдаудың әдіснамасы мен стратегиясын жетілдіру;
- оқушының ақыл-ой әлеуетін дамытуды, оқу ақпаратын жинау, өндеу, сақтау, беру, өндіру ісіндегі әртүрлі дербес әрекет түрлерін жүзеге асыра білуді қалыптастыру бойынша оқу әрекетін қамтамасыз ететін педагогикалық технологияны, оқытудың әдістемелік жүйесін жасау;
- бірлескен ақпараттық желілер мен ғаламдық коммуникациялар базасында жұмыс істейтін «виртуалдық» білім беру мекемелерін дүниеге әкелу, коммуникацияға қол жететін ашық білім беру жүйелерінің таратылған ақпараттық ресурстарының әлеуетін пайдалану;
- оқу- тәрбие ісін ақпараттық - әдістемелік қамтамасыз ету үрдісін және оқу орнын (оқу орындары жүйесін) ұйымдық басқаруды автоматтандыру негізінде білім беру жүйесін басқару механизмдерін жетілдіру, ғылыми - педагогикалық ақпараттық мәліметтер базалары мен банктерін, ақпараттық- әдістемелік материалдарды, коммуникациялық желілерді пайдалану;
- есептеу техникасы, ақпараттандыру және коммуникация құралдарын білім беру саласында тиімді әрі қауіпсіз қолданудың педагогикалық- эргоноикалық шарттарын анықтау;
- оқушының ақыл-ой қуатының деңгейін белгілеудің, оның білімі мен жетістігін бақылау және бағалаудың компьютерлік тестілеуші, диагностикалаушы әдістемелерін жасап пайдалану.
Бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде оқыту мен педагогикалық ұйымдастыру қызметінде барлық республикалық жоғарғы оқу орындарында (ЖОО-да) қолданылады.
ЖОО-дағы ақпараттандырылған жоғарғы білімдер ақпараттық ресурстың қомақты саны жинақталуы тек қана қажетті жұмыс пен нақты оқу орындарына ғана емес, сонымен бірге барлық білім жүйесіне пайдалы. Электронды оқу құралдары, көмекші құралдар, компьютерлік тапсырмалар, лабораториялық жұмыстар, педагогикалық программалық шаралар бұларды оқытушылар өздері құрады және пайдаланады. Электрондық форма ғылыми практика мен әдістемелік жетілдіруде қолданылады [2] .

Көптеген ақпараттық ресурстар компьютерлік желі арқылы әдістемелік оқу білімімен ғана қамтамасыз етіп қоймай, білім саласының жеткілікті болып, оның жүйелі түрде жоғарылауын қамтыған болар еді.

Бірақ, іс жүзінде ойдан шыға бермейді. Атап өтуге тура келетін жағдай, кейбір жүйелердің болмауына байланысты практикада ақпараттық ресурстар қолданылмайды.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерде кейбір ЖОО-да принципті түрде әртүрлі әдістемелік және технологиялық салаларында білім мен талаптардың орындалуына күш салатын болса, оқу процессінің жоғарылығына керісінше әсер етеді. Сондықтан да ақпарат сапасы теория мен практикада тек қана ЖОО-да ғана емес, сол сияқты колледждер мен мектептерге де жетіспейді.

Көптеген зертеулерге қарағанда ақпараттық технология негізгі жоспарланған және модельденген жаңа дамушы орта болып есептелініп “Ақпараттық білім ортасы” - деген атаққа ие болып отыр.

Ақпараттық білім беру ортасы түсінігі бойынша оның аумағын көптеген ережелеріне қарамастан нақты белгілермен жазылады. Осыдан ақпараттық білім беру ортасына мынадай тұжырымға келуге болады: жоспарлы коммуникатциялық ортада компьютер техникасын қолдану білім алушылар, оқытушылар, ата - аналар және оқу орындарында ақпаратты алу үшін үлкен маңызын тигізеді. Сондықтанда оқуда және одан тыс шараларға пайдалану көлемін үлкейтуге бағыт алу керек.

Қазірде республика бойынша осы тәрізді ақпарат комплексі теқ қана жеке кафедра, факультет, ЖОО-да ғана пайдаланылады. Осы салдардан ақпараттық білімді ақпараттық білім беру ортасында жеке облыстар мен республика деңгейінде біріктіру өте маңызды болып табылады. Осыған байланысты ҚР басшылығының 2001 жылдың 6-шы тамызында № 1037 “2002 - 2004 жылдарды ҚР-да білім жүйесін ақпараттандыру консепциясы туралы” қаулысы қабылданды.
Адамдар барлық жинақтаған білімдерін қолданбай фундаментальды сапалы білім алуы мүмкін емес. Осыған байланысты кез келген оқу ғимараттары ақпараттық білім беру кеңістігінде кітапхана қарастыруы керек. Электронды кітапхана ортасы салыстырмалы түрде жанама ортаның барлық компоненттеріне білімді сақтаушы және келесі негізгі тапсырмаларды шешуші роль атқарады:
- білім жинақталуы (ақпаратты жинақтау және сақтау) ;

- білімді архивтеу (ақпарат көзін анықтау, тез қамту және қажетті көп аспектілі деректерді іздеу) [3] .

  1. Электрондық оқулық туралы түсінік

Ақпараттық технологиялардың дамуы сабақты өткізудің жаңа мүмкіндігін - қашықтан оқытудың енуін берді. Ол біріншіден, үйренушінің өзіне оқу уақыты мен орнын тандауына, екіншіден, қандай да бір себептермен дәстүрлі білім алудан шеттетілген адамдарға білім алуға, үшіншіден, оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдануға, төртіншіден, оқытуға кететін шығынды белгілі бір мөлшерде азайтуға мүмкіндік береді. Басқа жағынан қашықтан оқыту білім беруді жекешелендіру мүмкіндігін арттырады.

Қашықтан оқытуда электронды оқулықтар қолданылатыны белгілі. Электрондық оқулықтарды құру ақпараттық материалдардың әркез жаңарып отыруына байланысты мәселені шешуге мүмкіндік береді. Оларда, сонымен қатар, жаттығулар мен мысалдардың мол болуы және ақпараттың әр түрінің көрнекі түрде берілуі мүмкін. Сонымен бірге электрондық оқулықтар көмегімен білімді тексеру - компьютерлік тест орындалады.
Білім беру саласында "электрондық оқулықтарды" пайдалану білім алушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Электрондық оқулықтарды қолдану тәжірибесі студенттер мен оқушылардың берілген материалды сапалы түрде меңгеретінін көрсетті. Бұған тестілеу қорытындылары куә. Олай болса ақпараттық технологияның дамуы білім беруде жаңа әдістер мен әдістемелерді ойлап табуға және сол арқылы оның сапасын арттыруға толық мүмкіндік береді.
Электрондық оқулықтын тиімділігі олардың қашықтықтан оқытудағы өз мүмкіндіктерін жетілдіріп, казіргі жағдайда барлық білім алатын үйренушілерге ұсынылуында.

Электрондық оқулықты пайдалану оқытушының да ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы білім алушыларды жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді. Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін - өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Сондықтан, өзін - өзі тексеру жүйесі оқушы мен оларды ауылдық жерлерде, мұғалім жетіспейтін жерлерде көбіне қажет етеді.
Электрондық оқу құралын пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес [4] .
Электрондық оқулық мазмұны жағынан толық, жоғары деңгейде ақпараттанған және дарынды жазылуы қажет. Қашықтан білім алуда оқулықта барлық электрондық-методикалық құралдары кіруі керек.
Дәл осындай оқулықты кез-келген оқушыға ұсынуға болады және студенттердің өз бетінше дайындалуы кезінде жақсы көмекші құрал болып табылады. Сонымен қатар сынақтарға және әр пәннен өтетін емтихандарға дайындалуға да көмектеседі [3] .

  1. Ақпараттық технологиялардың маңызы

Информатиканың актуальді бағыттарының бірі - ақпараттық технологияларды интеллектуалдау болып табылады. Бұл қолданушы компьютерлік технологияларды қолдана отырып тек деректерді өңдеу кезіндегі мағлұматтарды алып қоймай, сонымен қатар сұрағын шешуде арнайы мамандардың жинаған тәжірибесін және білімін қолдана алады.
Интеллектуалды жүйелер және технологиялар арнайы мамандар тәжірибесін тарату үшін және күрделі ғылыми, өндірістік және экономикалық есептерді шешу үшін қолданылады. Білімді өңдеу және модельдеу үшін арнайы модельдер қолданылады және білім қоры құрылады.
Күрделі мәселелерді шешу және ойлау қабілетін модельдеу үшін адам санасының жасанды бейнесін салу идеясы бұрынғы заманнан бері айтылып келеді. Ең алғашқы болып оны тұжырымдаған Р. Лулий.
Жасанды интеллекттің ғылыми бағыт ретінде дамуы ЭЕМ жасалып шыққаннан кейін ғана мүмкін болды. Жасанды интеллект термині 1956 жылы Станфорд университетінде өткен семинарда ұсынылды. Семинар логикалық есептерді құруға арналды. Жасанды интеллект жүйелерін құру жөніндегі зерттеулер 60-жылдардан бастап жүргізілуде. Мұндағы негізгі мақсат - түрлі қолданбалы және теориялық мәселелерді шешу үшін адамның ойлау процессін математикалық және бағдарламалық модельдеу құралдарын құрастыру. 80-жылдарға қарай мұндай жүйелердің тиімділігі оларда бар білімге байланысты екендігі арқылы түсіндірілді. [5]

  1. Оқытудың компьютерлік технологиясы

Практикада оқытудың ақпараттық технологиясы деп арнайы техникалық- ақпараттық амалдарды қолданатын барлық технологияларды айтамыз. Мысалы, ЭЕМ, аудио, видео, кино.
Оқытуда компьютерлер көп қолданыла бастағанда «оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы» термині пайда болды. Жалпы айтқанда, кез келген педагогикалық технология - бұл ақпараттық технология, себебі технологиялық оқыту процесінің негізін ақпарат және оның өзгерісі құрайды. Компьютер қолданылатын оқыту технологиясына «компьютерлік технология» термині дәл келеді. Компьютерлік технологиялар программалап оқыту туралы идеяларды дамытады, қазіргі компьютерлер және телекоммуникацияның бірегей мүмкіндіктерімен байланысты жаңа, әлі зертелмеген технологиялық оқыту түрлерін ашады. Оқытудың компьютерлік технологиясы - бұл компьютер арқылы ақпаратты дайындау және беру процесі.
Компьютерлік технология төмендегі үш жағдайда орындалады:
І - «ойына жету» технологиясы ретінде (компьютерлік оқытуды жеке дидактикалық есептер үшін жеке тақырыптар, бөлімдер арқылы пайдалану) .
ІІ - қолданып отырған технологияның ішіндегі ең маңыздысын анықтайтын негізгісі ретінде.
ІІІ - монотехнология ретінде (бұл жағдайда барлық оқыту процесстері, барлық оқыту процесстерін басқару, диагностиканың барлық түрлері, мониторинг компьютерді қажет етеді) .
Технологияның классификациялық параметрлері:
1. Қолдану деңгейі бойынша: жалпыпедагогиклық.

2. Философиялық негізі бойынша: бейімделгіш + технократиялық.

3. Дамудың негізгі факторы бойынша: социогендік + психогендік.

4. Игеру тұжырымдамасы бойынша: ассоциативті - рефлекторлы.

5. Тұлға құрылысына бағдары бойынша: ақпараттық + операциялық.

6. Мазмұнының сипаты бойынша: ойға жету кез келген мазмұн үшін жарамды.
7. Танымдық қызметті меңгеру типі бойынша: компьютерлік.

8. Ұйымдық формалар бойынша: даралық + кішкене топтар жүйесі.

9. Оқушыға сәйкестігі бойынша: қызметтестік.

10. Басым әдіс бойынша: ақпараттық + операциялық, диалогтық + программалап оқыту.
11. Модернизация бағыты бойынша: ұйымдастыру мен басқарудың тиімділігі.

12. Оқушылардың дәрежесі бойынша: барлық категориялар.

Мақсаты:
• Ақпаратпен жұмыс жасай білуді қалыптастыру, коммуникативтік қаблетті дамыту.
• Ақпараттық қоғам мүшесін дайындау.

• Оқушыға мүмкіндігінше көп материалдар беру.

• Зерттей білушілік, тиімді шешім қабылдай алушылық қасиеттерін қалыптастыру.

Концептуалдық жағдайы:

• Оқыту - бұл оқушының компьютермен қарым-қатынасы.
• Бейімділік принципі: оқушының даралық ерекшелігіне компьютердің бейімделуі.
• Оқытудың диалогтық сипаты.

• Басқарылуы: кез келген уақытта оқыту процесінің оқытушысымен қатынасуы мүмкін.
• Оқушының компьютермен қарым-қатынасы барлық тип бойынша орындалады: субъект-объект, субъект-субъект, объект-субъект.

• Жеке және топтық жұмыстардың тиімді сәйкестігі.

• Оқушының компьтермен қарым-қатынасы кезіндегі психологиялық сая күйін қуаттау.
• Шектелмеген оқыту: мазмұны, оның интерпретациясы және қосымшалары өте кең.

Мазмұнының ерекшеліктері:

Компьютерлік технология педагогикалық программалық тәсілдерде көрсетілген және компьютер жадында сақталған мазмұнның кейбір формализациялық моделін қолдануға және телекоммуникациялық жүйе мүмкіндігіне негізделген.
Білім мазмұнының фактологиялық жағының негізгі ерекшелігі қат-қабат үлкейту, қазіргі деңгейде ақпараттық базасы бар компьютерлік ақпараттық орта, гипертекст және мультимедиа, микромирлер, имитациялық оқыту, электрондық коммуникациялар, эксперттік жүйелер болып табылады.

Әдістеменің ерекшеліктері:

Оқытудың компьютерлік әдістерін интерактивті деп атайды, себебі олардың мұғалім мен оқушының әрекетіне “дыбыс беру”, олармен диалог “жүргізу” қаблеті бар. Бұл компьютерлік оқыту әдістемесінің ең негізгі ерекшелігі болып табылады.
Компьютерлік технологияның І және ІІ варианттарында компьютер мен басқа технология элементтерінің арасындағы байланыс туралы сұрақ аса маңызды.
Компьютер оқыту процесінің барлық этаптарында қолданылады: жаңа материалдарды түсіндіргенде, бекіткенде, қайталағанда, білімін, іскерлігін және дағдыларын бақылағанда. Сонымен қатар оқушы үшін ол әр түрлі функцияларды атқарады: оқытушының, жұмыс құралдарының, оқыту объектісінің, ұжымның қызметін, ойын ортасын.

Оқытушы қызметінде компьютер:

- оқыту ақпаратының көзі (мұғалімді және кітапты жартылай немесе толық алмастыра алады) ;

- көрнекі құрал (мультимедиа және телекоммуникация мүмкіндіктерімен сапалы жаңа деңгейде) ;

- дербес ақпараттық кеңістік;

- тренажер;

- диагностика және бақылау құралдары.

Жұмыс құралдарының қызметінде компьютер:

- тексттерді дайындау және оларды сақтау құралы;

- тексттік редактор;

- графиктер тұрғызушы, графиктік редактор;

- үлкен мүмкіндіктері бар есептеуіш машина;

- модельдеу құралы.

Оқыту объектісі қызметінде компьютер:

-берілген процессте компьютерді программалауды оқытуда;

- программалық өнімдерді құруда;

- әр түрлі ақпараттық орталарды қолдануды жүзеге асырудағы құрал [6] .

2. ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ

2. 1 Электронды оқулықты құру талаптары және құру бағдарламасы

Электронды оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескерген жөн:

1. Белгілі бір пәнге байланысты дайындалған оқулықтың сол пәннің типтік бағдарлаиасына сәйкес болуы;

2. Электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дәріс конспектісін қамтитын негізгі сарамандық және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалдарға анықтама, библиографиялық көмекші, аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест материалдарды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуы;

3. Белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмау.

Түрлі сабақтарда электронды оқулықпен жұмыс нәтижелерін бағалау үшін түрлі диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар:

1. Білім мониторингісі;

2. Сауалнамалар;

3. Түрліше тестілік бақылаулар;

4. Жеке оқушылармен әңгіме, пікір алмасу т. б.

5. Оқушыларды сырттай бақылау

Электрондық оқулықтарды қолдану барысында білім алушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығын жоғарыда айттық. Сондай-ақ оқытушылар да өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан қолдана алады [7] .

Электронды оқулықтың негізгі қасиеттері:

l. Жинақтылық

2. Жүйелілік

3. Эстетикалық көркемділігі

4. Жылдамдылығы және т. б.

Электронды оқулықтың құрылымы:

1. Материалдың мәтін, сурет, график, кескін, кесте және т. б. түрде баяндалуы. Ол оның дәстүрлі оқулықтан ерекшелігін көрсетеді.

2. Материалддың кескін түрінде баяндалуы-оқулық мазмұнының графиктік-мәтіндік түрде бейнеленуі. Онда оқу материалының негізгі идеясын айқындайтын үзінділерін оқушының меңгеруіне ыңғайлы етіп, графиктік түрде бейнелеу.

3. Өзіндік тексерудің (өзіндік бақылаудың) тестілік жүйесі. Онда оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін айқындайтын сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.

Электронды оқулықтың құрылымдық элементтері:

1. Сыртқы беті;

2. Титулдық экран;

3. Мазмұны;

4. Аннотация;

5. Оқу материалының толық баяндалуы;

6. Оқу материалының қысқаша мазмұны;

7. Қосымша әдебиеттер;

8. Өзіндік білімді тексеру жүйесі;

9. Өзіндік бақылау жүйесі;

10. Мәтіндік үзінділерді іздеу функциясы;

11. Авторлар тізімі;

12. Терминдік сөздер;

13. Оқулықтың элементтерін басқару бойынша анықтамалық жүйе;

14. Оқулықпен жұмысты басқару жүйесі.

Электронды оқулыққа қойылатын талаптар:

1. Жан-жақтылығы

2. Ізгіліктілік

3. Бейімділігі

4. Модульдік

5. Экономикалық тиімділігі

6. Тұтынушыға бағдарлау

Электронды оқулықтың құрамы:

- аннотация;

- пән туралы қысқаша ақпарат;

- жұмыс бағдарламалары;

- электрондық оқулықпен және оның бөлiктерiмен жұмыс жасау туралы әдiстемелiк нұсқаулар;

- ұсынылатын бiлiм беру бағдарламалары;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Клетканың органикалық заттары
Жасушаның алуан түрлілігі
Цитоплазма - ядроны қоршап жатқан жасуша бөлігі
Гистология пәнінің даму тарихы
Гистологияның міндеттері
Биолог ғалымдар және олардың ғылыми еңбектерін оқу үрдісінде пайдалану жолдары
Цитология туралы түсінік
Цитология және гистология түсінігі
Гистологиялық әдістер
Цитология.Зиянды әрекетерге жасушаның реакциясы.Жасушаның қартаюы мен өлуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz