СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ
МАЗМҰНЫ
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕР МЕН СИМВОЛДАР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ 7
1 ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ
1. Әлеуметтік-экономикалық саясаттағы шағын кәсіпкерліктің
10
рөлі мен орны 14
2. Шағын бизнесті дамытудағы шетелдік тәжірибе
3. Қазақстандағы шағын және орта бизнестің даму ерекшеліктері
18
2 СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА
БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ
1. Ауыл шаруашылық салада
33
2. Сауда-саттық салада және өнеркәсіп саласында
41
3. Құрылыс саласында
49
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН БИЗНЕС ДАМУЫНЫҢ ҚАРАМА-ҚАЙШЫЛЫҚТАРЫ
1. Қазақстанда шағын және орта бизнестің даму проблемалары 53
2. Қазақстанда шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдауды
жетілдіру
61
3. Елдегі шағын кәсіпкерлікті тиімді дамыту жолдары мен
Бағдарламасы (Солтүстік Қазақстан облысы бойынша)
68
ҚОРЫТЫНДЫ
83
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ
86
ҚОСЫМШАЛАР
88
КІРІСПЕ
Қазақстан экономикасы әкімшілік-әміршілдіктен нарықтық экономикаға
өтудің қиын кезеңінде. Негізінен ТМД елдерінің үкіметтері нарықтық қайта
құруларды іске асыру үшін қажетті мынадай бағыттарды ұстануда-мемлекеттік
меншікті жекешелендіру, қаржылық, несиелік саясат, құнды қағаздар нарығын
құру, жалпы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру. Кезек күттірмейтін
шаралар қатарында кәсіпкерлік қызметті қолдау, шағын және орта бизнесті
дамыту мәселелері тұр.
Мемлекеттің Қазақстан-2030 ұзақ мерзімді стратегиясы және ел
басшылығы Қазақстанды ең жақсы дамыған әлемнің 50 елінің қатарына қосу
жөнінде аса ауқымды міндет белгілеп отыр. Осы міндетті жүзеге асыру үшін
отандық кәсіпкерлік қуатты экономикалық серпілістің локомотиві болуға тиіс.
Ал ол қазақстандық бизнестен алда тұрған міндетке сәйкес сапалық тұрғыда
түбегейлі өзгертуді талап етеді.
Бұл мақсатты іске асыру көбіне шағын кәсіпкерліктің даму деңгейіне
байланысты. Артықшылықтар кешені, актап айтқанда, нарық конъюктурасының
өзгеруін тез сезіну, айналым қаржыларының жоғары айналымдылығы, халықтың
қаржы ресурстарын шоғырландыру, мөлшері жағынан аз ғана алғашқы капиталды
пайдалану, бәсекелестік ортаны құру, тұтынушыларға жақын орналасу,
инновациялардың жартысынан көбін құру және т.б, шағын кәсіпкерлікке
көптеген өнеркәсібі дамыған елдерде жалпы ішкі өнімнің негізгі бөлігін
өндіруге, жұмыспен қамту проблемаларын шешуге, әлеуметтік шиеленісуді
жоюға, ғылыми техникалық прогрестің дамуына ықпал етуге, өнімді өндіруді
және бюджетке түсетін төлемдерді ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қоса,
шағын кәсіпкерлік-қазіргі қоғамның саяси тұрақтылығының негізі-орташа
топтың пайда болуына әлеуметтік-экономикалық алғышарттарды құрады.
Дегенмен, шағын кәсіпкерлік пен бизнестің қалыптасуы мен даму
деңгейінің мониторингі олардың қоғам өмірінде әлі де болса елеусіз орын
алып отырғандығын көрсетеді. Мұның бірнеше басты-басты себептер бар
секілді. Менің ойымша, шағын бизнес нысандарының өміршеңдік деңгейінің
қысқа болу себебін басқару мен қолдау қағидаларына талап қоюшылықтың
кемдігінен іздеу керек. Әңгіме жекеменшіктегі фирманың заңды тіркеуден
өтуінде емес, қызметін жүйелі түрде басқара алмауында және сол қызметтегі
менеджмент деңгейінің төмендігінде болып отыр. Бүгінгі таңда шағын
кәсіпкерлік пен бизнес нысандарының тіркелуінен гөрі жабылып қалуы басым.
Сондықтан, жеке кәсіпкерлік пен шағын кәсіпорынның өміршеңдігін ұзартудың
бірден-бір амалы басқарудың ғылыми-теориялық тұжырымдамасынан іздеп, оны
тәжірибеде тиімді қолдану болмақ.
Осы орайда, бүгінгі күнге дейін шағын кәсіпорынды басқару
мәселесінде кездесетін олқылықтардың болуы оны басқаруға орасан күш-
жігермен қатар, білім мен білік, өмірлік тәжірибе қажет екендігін
көрсетеді. Сонымен, шағын кәсіпкерлік пен бизнестің жеткілікті дәрежеде
дамымай жатқандығының басты себептерінің бірі ретінде жекелеген кәсіпкердің
өз кәсіпорнын басқарудағы ұйымдастыру тәжірибесінің тапшылығын атап өтуге
тура келеді. Сондықтан да басқару тұжырымдамасы ғылыми-әдістемелік тұрғыдан
терең зерттеуге тиіс.
Жоғарыда айтылған шағын кәсіпкерлік артықшылықтары және ең бастысы
Республикада оның дамуының қанағатсыз болуы алынған тақырыптың өзектілігі
деп білемін.
Алыс және жақын шетелдерде шағын кәсіпкерлік пен бизнес мәселесі
ғалымдардың назарынан тыс қалған емес. Кәсіпкерлік теориясының әліппесінен
бастап, оның қалыптасуының неғұрлым тереңірек әдістемелік мәселелеріне
дейін атақты экономист- ғалымдар қомақты еңбектер жазды. Олардың қатарында
Т.Конан, А.Морита, Я.Якокка, Л.Соэтен, Д.Сахал, А.Г.Гранберг,
Р.Г.Маниловский, В.М.Попова, А.Баранниковты және т.б атауға болады.
Қазақстандық экономист ғалымдар шағын кәсіпкерлік пен бизнесті
ұзақ жылдар бойы тәжірибелік тұрғыдан біржақты зерттеп келді. Шағын
кәсіпорын ірі өндірістің көлеңкесі іспетті, тек қосымша іс-әрекет
дәрежесінде қарастырылды. Сол себепті, А.Қошановтың, М.Кенжеғозин,
Н.Мамыров, Ж.Ихданов, Қ.Оқаев, А.Сейтқазиева, Ж.Күлекеев, К.Бердалиев,
О.Сәбденовтің және т.б ғалымдардың алғашқы тұжырымдары қайсыбір ғалымдар
тарапынан толықтай қолдауға ие болған жоқ.
Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты-Қазақстандағы шағын бизнестi зерттеу
және оның дамуына кедергi жасайтын мәселелердiң шешу жолдарын табу. Зерттеу
тақырыбының өзектiлiгi. Қазақстанда жүргiзiлiп жатқан экономикалық
реформаларды объективтi қажеттiлiк қана емес, дүниежүзiлiк экономикалық
өркениеттiң табиғи процесiне тезiрек iлесу ретiнде де қарастырған ләзiм.
Нарыққа өтудiң жолдары әрбiр елде әр кезеңде, әр түрлi тәсiлдермен жүзеге
асырылғаны белгiлi. Өйткенi, осы жолдар белгiлi мемлекеттiң геосаяси
жағдайына, табиғи ресурстарына, халқының менталитетiне және т.с.с көптеген
саналуан ерекшелiктерiне байланысты болады. Бүгiнгi күнi бiздiң елiмiздегi
экономикалық реформалардың басталғанына он шатқы жылдан аса уақыт өтсе де,
белгiлi бiр жүйелi жол табу оңайға соқпай, iздену процестерi әлi де
жалғасын табуда. Ендiгi басты мақсат-экономикалық қатынастар жүйесiн
жетiлдiре отырып, оларды кешендi түрде түбегейлi жаңғыртуды жалғастыру
болып табылады. Ал бұл мiндеттi жүзеге асыруда, ең алдымен, өндiрiс пен
инфрақұрылымдық салаларда жекеменшiкке негiзделген шаруашылық қатынастарды
дәрiптеу және мемлекет тарапынан қолдау керек болады.
Зерттеудiң ғылыми жаңалығы. Дипломдық жұмыстың негiзгi ғылыми жаңалығы
мынадай:
1. шағын кәсiпкерлiк пен бизнес нысандарының өмiршеңдiгiн ұзарту үшiн оны
қолдау мен басқарудың әдiстерi мен озық үлгiлерi ұсынылды;
2. елiмiздiң экономикасына тән өзiндiк ерекшелiктерiне сәйкес шағын
кәсiпкерлiк пен бизнестi қолдау мен дамытудың ғылыми- әдiстемелiк
жүйесiн қалыптастырудың тұжырымдамасы дайындалды;
3. зерттеу объектiсiн басқарудың қағидаларына сәйкес оны үдете дамытудың
экономикалық механизмдерiн (инвестиция тарту, салық салу, баға
деңгейiн реттеу, инновациялық белсендiлiктi арттыру және т.б)
жетiлдiру негiзделдi;
4. өндiрiстiң негiзгi салалары мен инфрақұрылым сферасында әрекет етушi
кәсiпкерлердiң шаруашылық байланыстарын нығайтудың бағыттары
айқындалды;
5. шағын кәсiпкерлiк пен бизнестi дамыту мен қолдаудың аймақтық астарлары
мен жолдары көрсетiлдi;
6. шағын кәсiпкерлiк пен бизнестi мемлекеттiк қолдаудың жүйесi және оның
құқықтық базасын одан әрi жетiлдiрудiң жолдары жөнiнде ұсыныстар
енгiзiлдi.
Зерттеудiң тәжiрибелiк маңызы. Бұл ғылыми еңбек республикамызда шағын
кәсiпкерлiк пен бизнестi қалыптастыру мен қолдау, басқару мен дамыту үшiн
ғылыми- әдiстемелiк негiздердiң бiрi бола алады және оның қорытындыларын
күнделiктi тәжiрибеде қолдануға болады. Қазақстан Үкiметiнiң тиiстi
құрылымдары, Қаржы министрлiгi, Кеден комитетi; Шағын кәсiпкерлiктi қолдау
жөнiндегi департаменттер және т.с.с билiк органдары аталған осы ғылыми
еңбектiң қажеттi нәтижелерiн өз қызметiнде тиiсiнше пайдалана алады деп
есептеймiн.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемi: кiрiспе, үш бөлiмнен, қорытынды, 2
сызба-нұсқадан, 2 кесте мен әдебиет тiзiмiнен тұрады және көлемi 80 беттi
құрайды.

1.1 Әлеуметтік-экономикалық саясаттағы шағын кәсіпкерліктің
рөлі мен орны
Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылғы
қаңтардың 31-iнде “Жеке кәсiпкерлiк туралы” Заңға қол қойды.
Бұған дейiнгi “Жеке кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау туралы” 1992
жылғы 4 шiлдеде, “Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы” 1997 жылғы
19 маусымда, “Жеке кәсiпкерлiк туралы” 1997 жылғы 19 маусымда қабылданған
заңдардың күшi жойылып, мүлдем жаңа тұрпатты заң өмiрге келдi.
“Жеке кәсiпкерлiк туралы” жаңа Заң не үшiн қажет? Әуелi осы туралы
ойлану керек. Осыған дейiн қабылданған заңдар Қазақстанда жеке
кәсiпкерлiктiң қанат жаюына жағдай жасады: нарық экономикасына өтудiң қиын
да күрделi соқпағында тыңнан табылған жол секiлдi түпкi мақсатқа
сүрiндiрмей алып жеттi; мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру кезiнде, орта
және шағын бизнестi өркен жайдыру тұсында бұл заңның қай-қайсысы да қолайлы
қызмет еттi, соның арқасында жеке меншiк сектор серпiндi дами түстi.[1]
“Жеке кәсiпкерлiк туралы”жаңа Заң не үшiн, қандай мақсатпен
қабылданып отыр? Қазақстан бәсекеге қабiлеттi әлемдегi елу елдiң қатарына
қосылу ниетiнде. Жақсы бастама. Жақсы бастаманы баянды ету оңай тiрлiк
емес. Бұл жолда не бел кетедi, не белбеу кетедi. Ұлттың ұйыса тiрлiк етiп,
жұмыла көтерiсетiн жүгi жеңiл болмағалы тұр. Осындай жағдайда мемлекет өз
азаматтарының iшкi қуатына сүйенетiнi айдай анық. “Жеке кәсiпкерлiк
туралы”Заң осы мақсатта өмiрге келiп отыр деуге де болады. Адамға тыныс алу
үшiн таза ауа қандай керек болса, өз тiрлiгiн тез дөңгелентiп жүргiзiп
әкету үшiн де сондай жағдай, қолайлы орта қажет. Мемлекет соны жасауға
мiндеттi. Тиiстi заң қабылдау арқылы iс-қимыл кеңiстiгi қамтамасыз етiлiп,
кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және қорғау тетiктерi iске қосылды.
Азаматтардың шаруашылық жүргiзу еркiндiгi толық қамтамасыз етiлген
жағдайда, оған салықтық жеңiлдiктер берiлiп, қолайлы ахуал орнағанда қанат
жайған шаруаның қайтарымы зор болады.
Ел экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне және шағын бизнестің
дами бастауына байланысты ғылыми әдебиетке “шағын бизенс”, “шағын
кәсіпорын”, “шағын бизнес кәсіпкерлері”, “шағын бизнес және кәсіпкерлік”
және т.б сияқты ұғымдар ене бастады.
“Бизнес” термині ағылшын тілінен шыққан, ол іс, қызмет деген мағынаны
білдіреді.
XXI ғасырдың қарсаңында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-
экономикалық саясатында шағын кәсіпкерліктің дамуына ерекше назар
аударылады. Оның рөлі әлеуметтік ахуалды жақсартуда жетекші орын алады.
Бірінші кезекте осы салада халықты жұмыспен қамтамасыз ету тезірек өседі
және қоғамның тұрақтылығы үшін жағдай жасалады. Осыдан аталған мәселеге
толық талдау қажет.
Батыс елдерінің экономикалық әдебиетінде шағын бизнесті “өсу
үстіндегі бала” деп қарау орын алған. Жеке жағдайда “шағын бизнес-бұл өсу
үстіндегі бала ретінде, сондықтан ол барлық уақытта сәби бесігінде қала
алмайды. Ол үлкен мекен-жайға мұқтаж, бұл үшін ол кәсіпкерлік қызметпен бел
шешіп айналысуы қажет”.
Шағын кәсіпкерлік халықаралық тәжірибе көрсеткендей ең алдымен
капитал тезірек айналатын салаларда, атап айтқанда саудада, қоғамдық
тамақтандыру және қызметтер салаларында туады. Бірақ нарықтық экономиканы
реформалау бойынша жүргізілген жеделдетілген экономикалық саясат бағаларды
ырқына жіберуден және осымен байланысты өскелең инфляциямен басталды, бұл
пайыз өсімінің күрт өсуіне және халықтың жинағының құнсыздануынан шағын
бизнестің қаржы базасының жойылуына әкелді, бұл өз кезегінде шағын
бизнестің қалыптасуының және оның инвестициялық қызметінің заңсыз қалуына
соқтырды. Шағын кәсіпкерлік көп қатарлы жинаулар мен үлкен салықтардың
астында қалды. [2]
Осы уақытта қалыптасқан экономикалық жағдай кәсіпкерлік қызметке
деген ынта үзілді, онсыз нарық экономикасының қалыптасуы мүмкін емес.
Қазіргі кездегі әлемдік экономиканың одан әрі дамуы жағдайын,да ірі
компаниялар айбынының ғылыми-техникалық революцияның болуының шағын және
орта фирмалардың сақталуымен және дамуымен қоса жүреді. Жаңа өнімдердің
көптеген түрлерінің өндірісі атап айтқанда, шағын және орта компаниялардың
кәсіпорындарында басталады, себебі олар “күн” астындағы орын үшін
тұтыныстың өзгеруіне икемді сезімтал болуға, өндіріспен әлі
қанағаттандырылмаған жаңа қажеттіліктерді іздеуге мәжбүр. Сондықтан шағын
фирмалардың бір жұмыс істеушіге есептегендегі ғылыми-зерттеу мен
конструкторлық жұмыстарға шығындар ірі компаниялардың осындай шығындарынан
жиі асып түсуі кездейсоқ емес.
Қазіргі уақытта шағын бизнестің рөлі нарыққа ендірілген жаңа
өнімдердің ортақ санында айтарлықтай мол.
АҚШ-тың сатып алу федералды басқармасының ақпараты бойынша, 50-ші
жылдардың ортасынан 70-ші жылдардың ортасына дейін шағын фирмалар
(жұмысшылар саны 1000 адамнан аз) әр түрлі жаңалық енгізулердің жартысынан
көбін енгізген. Жаңалық енгізулердің төрттен бірі жұмыс істеушілер саны 100
адамдық фирмаларға келеді. Атап айтқанда шағын компания “Apple” жеке
компьютерлік өндірісін алғашқылар қатарында енгізді, кейін оларды негізгі
өндірушілердің біріне айналды.
Шағын бизнес капиталистік елдерде халықты жұмыспен қамтуды кеңейтуде
айтарлықтай рөлі бар. АҚШ-та соңғы он жылда жаңа жұмыс орындарының 60% 20
адамнан аз жұмыскерлер бар компанияларға келеді. 80 жылдардың басында
жұмыссыздықтың зор өсуі жағдайында көптеген ғалымдар, экономистер мен
мемлекет қайраткерлері шағын бизнестен ірі компаниялардағы жұмыс орындары
қысқаруының орнын толтыруға қабілетті жаңа жұмыс орындарын құратын құрал
деп қарады. Сондықтан капиталистік елдердің үкіметтер тарапынан шағын
бизнеске әр түрлі көмек көрсетіледі.
Шағын және орта бизнестің болуы және де ірі компаниялардың
(монополияның) мүдделеріне сай келеді. Қазір дайын өнімді жасау үшін
мыңдаған әр түрлі деталдар қажет етіледі. Олардың өндірісіне концерндермен
келісім шарт жүйелерімен байланысқан көптеген шағын және орташа фирмалар
маманданады. Электротехника, автомобиль және басқа салалардың кейбір ірі
монополияларында 20-30 мыңға дейін шағын компаниялар жұмыс істейді. Атап
көрсету керек, шағын және орташа фирмалардың басым көпшілігі ірі
компаниялармен келісім қатынастары арқасында жұмыс істейді. Францияда,
мысалы, шағын және орташа кәсіпорындардың 40 %-і ірі монополиялармен
байланысты. АҚШ-та осындай келісім шарттар жүйесімен 400 мың шамасында
немесе 25% шағын кәсіпорындар қамтылған, оларда 4,5 млн. адам жұмыспен
қамтылған. Жапонияда да осындай жағдай.
Шағын бизнес кәсіпорнын ашу ісі аз мөлшерде капиталды қажет етеді.
өте жиі жағдайда өз ісін өндірістен шығып қалған немесе жұмыс таба
алмағандар ашады.
80 жылдардың басында шағын кәсіпорындар иелерінің тек өз
жанұяларындағы адамдарының еңбектерін қолдануы Жапониядағы барлық жұмыспен
қамтылғандардың 32 %, Италияда 29%, Францияда 21 % құрады.
Монополистік емес фирмалар жаңа салалар қатарында, әсіресе ақпарат
кешенінде өздерінің жағдайларын әжептәуір нығайтады. ҒТП негізінде іскер
қызметтер (электронды есептеу машинасы базасында ақпаратты өңдеу,
бағдарламаны қамтамасыз ету, инженеринг, кеңес беру бизнесі және осы
тәріздес) спектрі қалыптасқан. Осындай қызмет ресурстардың айтарлықтай
жинақталуын қажет етпейді және шағын компания шеңберінде де табысты жүзеге
асуы мүмкін. Жеке атағанда, Германияда бағдарламаны қамтамасыз ету
саласында 3700 фирмалар жұмыс істейді, олардың көпшілігі (70% шамасында)
жұмыскерлер саны 10 адамнан аз компаниялардан құралған.
Егер қорытындылауға келсек, шағын және орта бизнестің рөлі төменде
көрсетілген алты функциялардан көрінеді.[11]
Біріншіден, шағын өндіріс ірі кәсіпорын алыптарына қарағанда нарық
конъюктурасының өзгерісін икемді сезінеді.
Екіншіден, шағын бизнес әлі іске жаратылмаған әжептәуір қаржы
қаражаттарын тиімді жұмылдырады. Осындай бизнестің болмауынан осы ресурстар
пайдаланылмаған болар еді.
Үшіншіден, шағын бизнес бәсеке күресін қалыптастыруда айтарлықтай үлес
қосады, бұл кез келген мемлекеттің жоғары деңгейде монополия экономикасы
жағдайында бірінші кезекте маңызды.
Төртіншіден, шағын бизнес халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуде
үлкен рөл атқарады. Өнеркәсібі дамыған елдерде оның үлесіне барлық жұмыспен
қамтамасыз етілгендердің 50-60% және жаңа жұмыс орындарының 70-80% келеді.
Бесіншіден, атап көрсеткендей шағын өндірістің ғылыми-техникалық
жаңалықтардың 50% келеді (жеке компьютер, көбейткіш аппараттар, “Палороид”
типті фотоаппараттар).
Алтыншыдан, шағын бизнестің әлеуметтік қысымды жұмсартуда орнын
таптырмас рөлі бар. Ауыр дағдарыс кездері халық осыннан жұмыс тауып және
өздерінің қабілеттерін жүзеге асырады.
Кәсіпкерліктің халықаралық тәжірибесі көрсеткендей, өтпелі
экономикада мемлекет , ережеге сәйкес, тек жаңа басталған сауда
кәсіпкерлігін көтермеледі, бұл өндіріс сферасында қызметті тиімсіз қылды.
Өтпелі экономика үшін нарықтың инфрақұрылымының дамымағандығы тән,
бұл шағын кәсіпкерліктің дамуын тежейді және тежеуде.
Қазақстан Республикасындағы 1998 жылға дейін тоқтамаған өндірістің
құлдырауы, инфляциялық процестер кезіндегі бағалардың өсуі тұрғындардың
номиналды табыстарының өсуін анық басып озды, бұл өндіріс саласында оның
ішінде шағын бизнес негізінде кәсіпкерлік қызметтің дамуын айтарлықтай
тежеді.[12]
70-80 жылдардағы дамыған елдердегі болған кәсіпкерлік “бум” ғалымдар
мен тәжірибешілердің шағын бизнеске қатысты бұрынғы көзқарастарынан-шағын
кәсіпорындар өмір сүруге жарамсыз, сондықтан олар не жойылуы керек, не ең
ірі компанияларға қайта құрылуы керек, бас тартуына мәжбүр еткізді.
Нақты көрсеткіштер көрсеткендей соңғы он жылдықта (1980-2000 жылдар
бойынша) олардың саны екі есеге артты, олардың санының саудада, қызмет
көрсету саласында дамуымен қатар, шағын кәсіпорындардың экономикалық
мынадай прогресивті салаларында-электроника, биотехнология, ақпараттық
қызметтер-айтарлықтай рөлі бар.
Өтпелі экономикада жаңа өркен жайған шағын кәсіпкерлікті дамыту және
қолдау үшін қажетті жағдайлар:
▪ еркін бәсекені құру негізі ретінде шағын кәсіпкерлікті
дамытудың кешенді мемлекеттік ғылыми негізделген бағдарламаларын
жасау;
▪ оның дамуы мен қаржылық жеңілдіктер үшін қаржы базасын
қалыптастыру, яғни жеңілдетілген несиелер, жеңілдетілген
салықтар, ақысыз сипатты жәрдем ақшалар);
▪ бағдарламада ғылыми-техникалық прогрестің басымдық
бағыттарында шағын кәсіпкерліктің орны ерекше анықталуы керек;
▪ шағын бизнесті ұйымдастыруда елдің әр түрлі аймақтарында
(облыс орталықтарында) шағын кәсіпорындардың арнайы орталықтары
басты рөлде болуы керек;
▪ ірі және шағын бизнес ынтымақтастығының жүйесі негізінде,
әсірісі сауда мен қызметтер саласында шағын бизнесті дамыту
мақсатында ірі кәсіпорындардың ресурстарын тарту.
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытуда Қазақстан
Республикасы Президентінің “Шағын кәсіпкерліктің дамуын жандандыру мен
мемлекеттік қолдауды күшейту бойынша шаралар туралы” 1997 жылдың 6
наурызындағы қаулысының үлкен рөлі бар.
Құжат өзінің мазмұны бойынша өтпелі экономика жағдайында шағын
кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы болып табылады.
1.2. Дамыған елдердегі шағын және орта бизнестің дамуы.
Кейінгі онжылдықтарда экономикасы дамыған Батыс елдерінде бәсекенің
дамуы әсерінен шағын және орта бизнес рөлі арта түсті. Мұның басты себебі-
экономикалық сектордың кәсіпорындарына тән артықшылықтар.
Тұрақты экономикаылқ жүйеде шағын кәсіпкерлік: динамикалық түрде дамуы
мүмкін, тұтынушылардың сұранысының өзгеруіне тезө бейімделе алады,
бәсекелес нарықтық қатынастарға ықпал етеді, экономиканың құрылымдық қайта
құрылуына әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын ашады, жаңа кәсіпкерлік топ пен
меншік иелерінің құрылуына жағдай жасайды, елдің жалпы ұлттық өнімінде
үлкен үлеске ие бола алады, мемлекеттік бюджетке үлкен қаржы сомаларын
береді.
Дамыған елдерде шағын кәсіпорындар мынадай салаларда басым рөл
атқарады: сауда, автосервис, құрылыс, қызмет көрсету салалары. Қазір шағын
кәсіпорындар жоғары технологиялық сфераларға: машина құрылысы, энергетика,
электротехника, химиялық өнеркәсіп, транспорттық қызмет, информатика,
микроэлектроника, телекоммуникация салаларына әртараптандырылып жатыр. [13]
Шағын және орта кәсіпорындардың ірі кәсіпорындармен қатар қызмет етуі
дамыған елдер экономикасына тән белгі. АҚШ-та өз ісімен айналысушы
азаматтар, яғни кәсіпкерлер үлкен құрметке ие. Нарықтық экономикаға бет
бұрған елдер үшін АҚШ-тағы шағын бизнесті дамыту тәжірибесі үлкен маңызы
бар.
АҚШ шағын бизнес басқармасының классификациясы бойынша шағын бизнес
субъектілеріне: жұмыскерлер саны 500-ге дейін болатын өндірістік және сауда
кәсіпорындары, ал басқа салалар үшін-жылдық табысы 2 миллион долларға дейін
болатын кәсіпорындар жатады.
АҚШ-та тіркелген кәсіпорындардың 97%-ына жуығы шағын кәсіпорындар.
Бұл шағын кәсіпорындар жалпы ұлттыұ өнімнің 53%-ына, көтерме сауданың 64%-
ына, бөшек сауданың 72%-ына, қызмет саласының 57%-ына ие болып тұр.
Экономикалық өсу және құлдырау кезінде, жаңа жұмыс орындарын ашу мен
қысқарту кезінде шағын кәсіпкерлік жұмыссыздық проблемасын бәсеңдетеді. АҚШ-
тық шағын бизнестің дамуы мысал көрсеткендей, шағын бизенс сыртқы ортаның
өзгеруіне тез бейімделеді. АҚШ Сауда министрлігінің мәліметтері бойынша
шағын кәсіпкерліктің инновациялық сипаты елдің экономикалық өсуіне 20-25%-
ға дейін үлес қосады.
АҚШ-та шағын бизнес тұұрақты түрде мемлекеттік қолдауға ие. Әр түрлі
мемлекеттік реттеулер мен қолдау шаралары құқықтық базаға негізделеді.
Солардың бірі Шағын бизнес туралы заң. АҚШ конгрессінде шағын бизнес
проблемаларымен екі комитет айналысады. Федералдық деңгейде шағын бизнес
әкімшілігі қызмет атқарады. Әкімшіліктің басты функциясы-шағын бизнесті жан-
жақты қолдау. Әрбір штатта әкімшіліктің аймақтық бөлімдері жұмыс істейді.
Аймақтық бөлімшелер шағын бизнес субъектілеріне нарық туралы ақпарат
береді, оның мәселелерін шешуге көмектеседі.[14]
АҚШ-та шағын бизнес қоғамда кәсіпкерлік, бәсекелестік атмосферасын
дамытуға үлкен үлес қосады. Мемлекет тарапынан болатын шектеулер
кәсіпкерлікке кедергі келтіреді. Сондықтан да АҚШ конгресі шағын бизнеске
тікелей бақылау жасайды. Конгресс шағын бизнесті қолдау және дамыту
мақсатында бірнеше программа жасады.
АҚШ шағын бизнесті қолдаудың мемлекеттік жүйесі:
• бюджеттен тікелей дотациялау;
• мемлекеттік тапсырыстардың бір үлесін шағын кәсіпорындарда
орналастыру;
• шағын бизнеске несие беру кезінде мемлекеттік кепілді қолдану;
• шағын бизнеске салықтық жеңілдіктер беру.
Негізгі бағдарлама бұл инкубаторлық бағдарлама. Инкубаторлар-ол
университеттер, компаниялар, федералдық органдар, штаттық басқармалар
жанында құрылатын ұйымдар. Бұл ұйымдардың негізгі мақсаты-жаңа
кәсіпкерлерге жан-жақты көмек көрсету болып табылады. Себебі, көптеген
кәсіпкерлер өз ісін бастағысы келгенімен, мүмкіндігі жоқ, осындай
кәсіпкерлерге инкубаторлар көмекке келеді. Қойылған мақсатқа, қаржыландыру
көзіне байланысты инкубаторлар: фирмалық, университеттік, жекеше болуы
мүмкін. Инкубаторларды қаржыландырудағы мақсаттар:
• инкубатор клиенттерінің табысына ортақтасу;
• жеке тұлғалардан арендалық төлемдер алу;
• жаңа жұмыс орындарын ашу.
Сауда палаталары да инкубаторларды қаржыландыруға қатысады. АҚШ-та
шағын кәсіпорындар экономикада жетекші рөл атқарады. Сондықтан да
федералдық, штаттық басқару органдары шағын және орта бизнестің дамуына
үлкен мән беріп отыр, оның дамуына барлық жағдай жасап жатыр. Жапониялық
шағын және орта бизнес.
Шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде Жапония мемлекеті де үлкен
тәжірибеге ие болып отыр.
Жапонияда шағын бизнеске ерекше назар аударады. Себебі, шаығн
бизнесті дамыту арқылы Жапония соғыстан қираған елден жоғары технологиялық
дамыған елге айналды. Жапонияның халық шаруашылығында шағын және орта
бизнес субъектілерінің саны, жұмысшылар саны, тауар айналымы басқа
секторлармен салыстырғанда алдыңғы қатарда тұр. Дәстүр бойынша әрбір ірі
корпорация өз жанында бірнеше шағын кәсіпорын құрады. Бұл кәсіпорындар бас
кәсіпорынға тәуелсіз болады және өздерінің ұйымдық құрылымын жасайды, жаңа
өнімдерді шығара бастайды.[15]
Жапонияда шағын кәсіпорындар үлесіне: өндірістік өнімнің 55%-ы, көтерме
сауданың 60%-ы, бөлшек сауданың 80%-ы тиеді. Еркін нарықтық бәсеке шағын
кәсіпорындарға сыртқы ортаға бейімделуіне көмектеседі. Мұндай жағдайда
мемлекеттік органдар шағын кәсіпорындарға құрал-жабдықтарды жаңартуға,
технологияны жақсартуға, өнімге деген сұранысты ұлғайтуға көмек береді.
Жапонияның шағын бизнесті мемлекеттік қолдауының басты ерекшелігі-басымды
бағыттарды дамытудағы уақыт мерзімі. Басымдылық бағыттар бір немесе одан да
көп жылдарға бекітіліп, кейіннен өзгеріп тұруы мүмкін. Мемлекет шағын
кәсіпорындарға мемлекеттік тапсырыстарды алуда да көмектеседі. Жапонияда
шағын бизнесті мақсатты түрде бюджеттен қаржыландырады. Әрбір министрлік,
әр ведомство өз шығындар бюджетіне шағын бизнеске жұмсалатын қаржыны
кіргізеді. Шағын және орта кәсіпорындарға жеңілдетілген салық мөлшерлемесі
қолданылады. Жапонияда шағын және орта кәсіпорындар жалпы ұлттық өнімнің
73%-ына ие болып отыр.
Ресей Федерациясындағы шағын және орта бизнес.
Экономиканы құрылымдық қайта құру үшін шағын бизнесті дамыту маңызды
мәселе. Ресей Федерациясында экономиканың бұл секторын дамыту мақсатында
бірқатар экономикалық шаралар жасалынып, жұзеге асырылды.
1995 жылы Ресей Федерациясында Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау
туралы заң қабылданды. Бұл заң бойынша жаңадан құрылған кәсіпорындар 2
жылға дейін табыс салығын төлеуден босатылады. Шағын бизнесті қолдаудың
Федералдық Қоры арқылы әр түрлі жобалар қаржыландырады. Бұл қорға
федералдық меншіктегі кәсіпорындарды жекешелендіруден түсетін қаржының 5%-ы
келіп түседі. Федералдық Қор арқылы шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру жүйесі
екі қағидаға негізделген:
• Федералдық Қордан жұмсалатын әрбір рубльге аймақтардан да бір рубль
жұмсалуы керек;
• Қаржыландыру өкілетті банктер арқылы жүзеге асады. Қор банкке өз
резервтік қаржысын салады, ал банк өз қаржысынан аймақтарда
кәсіпкерлерді қаржыландырады.
1994-1995 жылдары Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың
мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылды. Бұл бағдарламаны іске асырғаннан
кейін Ресей Федерациясында шағын кәсіпкерлікті қолдаудың біркелкі жүйесі
жұмыс істей бастады. Бұл жүйеге: Ресей Федерациясының шағын кәсіпкерлікті
қолдау мен дамытудың мемлекеттік комитеті, аймақтық қорлар мен орталықтар
кіреді. [16]
Шағын бизнесті қолдаудың аймақтық қорлары мен орталықтары барлық
аймақтарда құрылған. Шағын кәсіпкерлік федералдық және жергілікті
бюджеттерден қаржылық көмек алады, жергілікті салықтар бойынша әр түрлі
жеңілдіктерге ие. Сонымен бірге жергілікті бюджеттерден шағын бизнестің
инфрақұрылымын құру жобалары да қаржыландырылады.
1999 жылдың басына есептегенде Ресей Федерациясында 900000-нан аса
шағын кәсіпорындар жұмыс істеп тұрды. Бұл кәсіпорындардың орташа жұмысшылар
саны-7 адамнан тұрды.
Ұлыбританияның шағын бизнестегі тәжірибесі.
Ұлыбританияда шағын бизнес субъектілеріне: жылдық тауар айналымы 2
миллион фунт стерлингтен аспайтын, активтер сомасы 1 миллион фунт
стерлингтен және жыл бойы 50 адамды жұмыспен қамтитын кәсіпорындар жатады.
Ұлыбритания мемлекеттік консультациялық қызметі бастаушы кәсіпкерлерге
қажетті кеңестер береді. Мысалы, коммерциялық мәселелерді қалай шешу керек
екенін, бухгалтерлік есепті қалай жүргізу керектігі туралы, нарықты қалай
зерттеу керек екендігі туралы кеңестер. Шағын бизнес жөніндегі Үкіметтік
қызмет кәсіпкерлер үшін әр түрлі семинарлар мен курстар ұйымдастырып
тұрады. Сонымен қатар Үкімет банктер алдында кәсіпкерлер үшін қарыздық
кепілдеме береді. Шағын кәсіпорындар салықты табысқа жеткеннен соң ғана
төлейді.
Қазақстанда шағын кәсіпорынды ашу үшін жұмсалатын күш-жігерді шет елде
шағын кәсіпорын ашуға жұмсалатын уақытпен салыстыру мақсатында Франция
Үкіметінің шағын кәсіпорындар үшін жасап жатқан шараларын атап өткен жөн.
Франциядағы тұрақты түрде дамып жатқан іскерлік қызметтің негізінде
мемлекеттің мақсатты түрде жүргізіп жатқан саясаты жатыр. Басты назарда
шағын және орта кәсіпорындар. Себебі, бұл кәсіпорындар нақты экономиканың
ең динамикалық агенті. Францияда шағын кәсіпорындарға-жұмысшылар саны 500-
ден аспайтын кәсіпорындар жатады. Ресми дерек бойынша Францияда шағын және
орта кәсіпорындарда-16 500 000 адам жұмыспен қамтылған. Орташа есеппен бір
кәсіпорында 7 адам жұмыс істеген.
Әдетте әкімшілік процедуралар шағын кәсіпорындарды құруға кедергі
келтіретіні мәлім. Сондықтан да Франция Үкіметі формальді мәселелерді
қысқартуға көшті. Францияда шағын және орта бизнесті экономика, қаржы,
индустрия министрлігінің бір департаменті бақылайды. Әкімшілік қысым
бірқатар әкімшілік, әлеуметтік процедураларды оңтайландыру арқасында
азайды.[17]
Францияда шағын бизнесті несиелеу кезінде пайыздық өсімді мемлекет
бонификациялайды. Бонификация-бұл жеңілдету. Қаржылық мехинизм арқылы
мемлекет шағын бизнеске несие ұсынысын арттырады.
Орталық бюджет арқылы шағын және орта бизнеске жұмыспен қамтуды да
қаржыландырады. Яғни еңбек және әлеуметтік шығындар бойынша жеңілдіктер
беріледі. Францияда жұмыссыздар өз кәсіпорнын ашу үшін мемлекет көмегіне
сүйене алады.
Азиялық қаржылық кризис көрсеткендей шағын және орта кәсіпорындар
сыртқы факторға аз тәуелді. Осыдан бұл кәсіпорындар үлкен кәсіпорындарға
қарағанда артықшылықтарға ие. Үкіметтің шағын және орта кәсіпорындарды
қолдауға бағытталған саясаты өте алуан түрлі болып келеді және бұл саясат
кәсіпорындардың әрі қарай дамуын қолдайды.
Шетелдік тәжірибеге қарап, Республикамызда атқарылатын іс-шараның әлі
көп екенін байқауға болады. Шағын кәсіпкерлікті қолдау туралы заң
атқарылатын іс-шаралардың бастамасы ғана, экономиканың бұл секторын көтеру
үшін жүйелі түрде жұмыс атқарылуы керек. Республикамызда шағын және орта
кәсіпкерлікке қағаз жүзінде емес, шет елдегі сияқты нақты көмек қажет.
1.3. Шағын бизнестiң даму ерекшеліктері.
“Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту туралы” Елбасының Жарлығы бүгiнгi
нарық кезеңiнде келешек көкжиегiне жетелер үмiт ұшқыны. Кәсiп тауып еңбек
еткендер ғана тығырықтан шығар соқпақты қай кезде де тапқан.
Кәсiпкерлiк саланы дамыту-экономиканы жандандырудың бiрден бiр жолы
екенiн бұл күнде көпшiлiк жақсы түсiнедi. Көптеген экономикалық, әлеуметтiк
және саяси мәселелердi шешуге қабiлеттi болғандықтан шағын кәсiпкерлiктiң
нарықтық эконмикада маңызы зор. Бұгiнгi таңда мемлекеттiк мекемелер мен iрi
фирмалар шағын кәсiпкерлiктiң дамуына жан-жақты араласады. Шағын экономика
аудан экономикасында құрылым ретiнде өз бейнесiн айқындай бастады.
Кәсiпкерлiк пен шағын бизнестiң негiзгi мақсатының өзi-жұмыс көздерiн
ұлғайту арқылы пайдаға қол жеткiзу. Жалры коммерциялық жұмыстың өзi
капиталды молайтумен түйiнделедi. Кәсiпкерлiктiң түр-түрiн дамытуға да
көңiл бөлетiн мерзiм туды. Қалай десек те кәсiпкерлiк, шағын бизнес
тұрмысымызға мықтап енуге тиiс. Жұмыстың осы көлемiнiң өзi ауданда шағын
және орта кәсiпкерлiктi дамыту керектiгiне айғақ болар едi. Ол үшiн
ұйымдастыру жұмыстарына жете мән берiп, құқықтық-экономикалық жағынан еңбек
адамдарының қорғалуын қамтамасыз ету керек.
Солай болғанда ғана тұрғындардың еңбекке тартылуы артып, олардың
көңiлдерiне сенiм мен жiгер ұялайды. Бүгiнгi таңдағы баршамыздың ортақ
iсiмiз осыған бағытталуы керек.
Қазiргi қоғам дамуындағы шешушi буын-шағын және орта кәсiпкерлiктi
дамыту арта түстi. Оның өндiрiстегi үлес салмағы 23 пайызға дейiн жеттi.
Жыл iшiнде өндiрiс көлемi кәсiпкерлiк құрылымдарда 2,7 есеге көбейдi.
Бiзде шағын бизнес назардан тыс қалды деуге болмас. Шағын бизнес
субъектiлерiнiң iс-әрекеттерiн реттейтiн бiрқатар нормативтiк құжаттарымыз
бар. Кең ауқымнан шалсақ, соңғы жылдарда өрiстеген реформалардың негiзгi
кемшiлiктерiнiң бiрi, ол-мемлекеттiң экономикалық саясаты шағын бизнестi
басты бағыттар шеңберiнде қарамауы екенiн көремiз.
Осы күнге дейiн шағын және орта бизнестi қолдау үдесiндегi бағдарламалар,
заңдар, жарлықтар мен ұйымдастыру iстерi әдетте жоғарғы жақтан жасалып
келдi де шағын бизнестiң шын мәнiндегi өркендеуiне олардың айтарлықтай
септiгi тиген емес.
Нарыққа негізінен миллиондаған айналымы бар корпорацияларға жол ашық,
ал шағын кәсіпкерлік құрылымдардың кіруіне мүмкіндік жоқ деген пікірлер
бар. Басты дәлел-шағын фирмалардың жақсы жетілген ірі компаниялармен
бәсекелесе алмауы. Шын мәнінде, шағын бизнес бірнеше себептерге байланысты
ірілермен сәтті бәсәкелесе алады. Мысалға ірі кәсіпорындар стратегиясын
өзгерту үшін 6 жылды қажет етеді, ал жаңа стратегия енгізу үшін 10 жыл және
одан да көп уақытты қажет етеді. Шағын фирмалар үшін бұл уақыт айтарлықтай
азырақ-жарты жылдан 1 жылға дейін. Одан әрі, технологиялық жаңалықтар-бұл
дәстүрлі түрде үлкен бизнес саласы деп саналатын, бірақ статистикаға
қарасақ, 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейін радикалды технологиялық
жаңартпашылықтардың 95% шағын бизнес саласынан келуде. Басқа қайнар
көздердегі мәліметтер бойынша ірі фирмаларға қарағанда, шағын фирмалар 24
есептелуінің көп жаңартпашылықтар мен ашылымдар жасауда.
Сондықтан Европа Достығында (ЕС) экономиканың жеке секторындағы 15,7
миллион кәсіпорындардың барлығы дерлік шағын және орта бизнес түрінде болуы
кездейсоқтық емес. Шағын бизнес кәсіпорындары 70% жұмыс орындарымен (62
млн) қамтамасыз ете отырып, қоғамдастықтың дамуына айтарлықтай үлес қосты,
статистикалық мәліметтер бойынша 16 млн. адам өздеріне және 46 млн. адам
жалдамалы жұмысшы ретінде жұмыс істей бастады.[18]
Көптеген жылдар бойы әр түрлі елдердің ғалымдары шағын бизнеске
анықтама беруге тырысып келеді. АҚШ Конгресс Комитетіне шағын бизнестің 700-
ге жуық анықтамасы ұсынылған. Шағын бизнесті сипаттаудың түрлі критерийлері
бар, мысалы, өндіріс көлемі, жұмыс істеушілердің саны, депозиттердің
көлемі, негізгі өндіріс қорларының актив бөлігінің өлшемі, басқару
аппаратының өлшемі, кіріс мөлшері. Ең кең тараған критерийлердің бірі жұмыс
істеушілердің саны. Кейбіреулер жұмысшылар саны 100-ге дейін, тағы біреулер
50-ден 1000-ға дейін, үшіншілері 100-ден 1500-ге дейін жететін
кәсіпорындарды шағын бизнес кәсіпорындары деп санауды ұсынуда.
Германияда ереже бойынша, жұмыспен қамтылған адамдар саны 1-ден 500-ге
жететін кәсіпорындарды шағын бизнеске жатқызады, сөйте тұра олар келесі
төрт категорияға бөлінеді: 20-49 дейін, 50-99 дейін, 100-199 дейін, 200-449
дейін. Германияда жылдық ақша айналымы 3,5-нан 11,5 млн неміс маркасын
құрайтын фирмалар, шағын фирма деп саналады. Германиядағы шағын
кәсіпорындардың тиімділігі АҚШ пен Жапонияға қарағанда жоғары. Мұнда 12,3%
ірі кәсіпорындардың және ол жерлерде жұмыспен қамтылған 34% жұмысшылардың
үлесіне ұлттық табыстың тек 52,6% ғана келеді. Жұмыс орындарының үштен
екісінен көбі шаығ кәсіпкерліктің арқасында ашылуда.
Жапонияда заңды түрде белгіленген кәсіпорындар критерийлері бар:
өнеркәсіп, көлік және құрылыста-300 адамнан көп емес, көтерме саудада-100,
бөлшек сауда және қызмет көрсету саласында-50, олар осы критерийлерге қарай
шағын және орта кәсіпорын статусын ала алады. Сондай-ақ жарғылық капитал
мөлшері де шектелген: өнеркәсіп, құрылыс және көлікте-770 мың доллардан
жоғары емес, көтерме саудада-230 мың доллар, қызмет көрсету саласында-77
мың доллар.
Ресей Федерациясының қазіргі қолданылып жүрген заңдарына сәйкес,
шағын кәсіпорындарға :
▪ өнеркәсіпте-200 адамға дейін;
▪ құрылыста- 100 адамға дейін;
▪ көтерме саудада-50 адамға дейін;
▪ ауыл шаруашылығында-50 адамға дейін;
▪ ғылымда және өндірістік емес салада-25 адамға дейін;
▪ бөлшек саудада-15 адамға дейін
жұмыс істейтін кәсіпорындар жатады.
Қазақстан адам саны айтарлықтай аз кәсіпорындар шағын болып саналады.
Қазақстан Республикасының 1997ж 8 сәуірдегі №499 қаулысына сәйкес шағын
кәсіпорныдарға:
▪ өндірісте, құрылыста және шаруашылықта-50 адамға дейін;
▪ саудада және тұрмыстық қызмет көрсетуде-30 адамға дейін;
▪ көлік және байланыста-25 адамға дейін;
▪ ғылымда және жаңартпашылық қызметте-20 адамға дейін
жұмыс істейтін кәсіпорындар жатады.
Жұмыс істеушілер саны 200 адамнан аспайтын кәсіпорындар орта
бизнеске жатады.[19]
Авторлардың шағын бизнесті жұмысшылардың саны, капитал айналымы,
өндіріс көлемі сияқты және т.б көрсеткіштер арқылы анықтау көзқарасынан бас
тартуды ұсынатын зерттеулер де бар. Оның орнына шағын бизнесті ірі
бизнестен принципті түрде ажырататын сипаттамаларға көңіл бөлуді ұсынуда,
атап айтқанда: нарық үлесі, негізін салушылардың кәсіпорынды басқарулары,
шешім қабылдау процесіне ірі кәсіпорын әсерлерінің жоқтығы. Мұндай
позицияны австралиялық ғалымдар да ұстануда, олар қаржы, бухгалтерлік есеп,
қызметкерлерді басқару, қамсыздандыру, маркетинг, өндіріс немесе қызмет
көрсету мен сатуды қамтамасыз ету саласында 1 немесе 2 адамның ғана
өздерінің жеке мамандарының көмегінсіз барлық стратегиялық шешімдерді
қабылдауға өкілеттігі бар бизнесті шағын деп есептеуді ұсынады.
Анағұрлым жаңашыл зерттеулерде шағын бизнестің мынадай сипаттамалары
ұсынылуда: кәсіпорын құнды қағаздарының ашық сатылмауы; кәсіпорындардың
құнды қағаздар шеңбері шектеулі; негізін қалаушылар-тәуекелге бейім алғашқы
ұрпақ кәсіпкерлері; менеджерлер командасы толығымен жинақталмаған; бизнем
жоғары маркетингтік шығындарға ұшырауда; акционерлермен өзара қатынас аз,
жалаң сипатқа ие; бизенс әр түрлі компитенция түрлерін таңдауда жоғарырақ
икемділік дәрежесіне ие болады.
Д. Лонгенеке (Longeneker Justin G.), У.Петтидің (J.William Petty),
К.Мурдың (Carlos W.More) зерттеулерінде жеке көрсеткіштер ұстанымындағы
тәсіл анағұрлым негізгі айырмашылықтарды іздестірумен ұштастырылып, шағын
бизнеске анықтама беру үшін келесі критерийлер ұсынулуда:
1. Бизнесті қаржыландыру бір инвестормен немесе инвесторлардың шағын
тобымен жүзеге асырылады. Тек айрықша жағдайларды ғана бизнестің 15-20-
дан көп инвесторлары болуы мүмкін;
2. фирма өзінің маркетингтік бағдарламасын іске асыруда географиялық
шектелген аймақтарда жұмыс істейді;
3. әдетте бизнестегі жұмысшылардың саны100 адамнан аспайды;
4. ірі фирмалармен салыстырғанда бизнес шағын болып есептелуі мүмкін.
Қазақстан жағдайында шағын бизнеске анықтама бере отырып, қолда бар
шетелдік тәжірибелерді ескере келе, шағын бизнеске келесідей сипаттама
беруге болады. Шағын бизнес кәсіпорындары деп, бір немесе бірнеше
инвесторлармен құрылған, географиялық шектелген аймақтарда жұмыс істейтін
және нарықтың шектелген үлесіне ие кәсіпорындарды айтамыз. Бұл
кәсіпорындарда басқаруды негізін салушылар жүзеге асырады, олар барлық
негізгі стратегиялық шешімдерді қабылдайды; басқару-нысаншылдықтың жоқтығы
мен ұтымды шешім қабылдау сипатымен ерекшеленеді; басқару саласында, сондай-
ақ өндіріс саласында жұмысшылардың жоғары өзара ауыспалылығы байқалады.[20]
Бізде шағын бизнес түсінігі дәстүрлі түрде бірінші кезекте шағын
кәсіпкерлікпен ұқсастырылады. әлі сонау 1990 жылдың тамызында КСРО
Министрлер Кеңесінің “Шағын кәсіпорындарды құру және дамыту шаралары
туралы! Қаулысы қабылданып, соның негізінде Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің
№ 432 қаулысына сәйкес қабылданды. Шағын кәсіпорынды жіктеу кезінде, онда
жұмыс істейтін адамдар саны факторы негізге алынды. Шағын кәсіпорындар
азаматтар, жанұя мүшелері және сауда шаруашылығын біріккен түрде жүргізетін
басқа тұлғалар мен мемлекеттік органдар тарапынан құрылуы мүмкін ед.
Шағын және орта бизнес, қазіргі кезеңде жұмыссыздықпен сипатталатын
Қазақстан экономикасын қажетті жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.
Американ экспресс міліметтері бойынша, барлық жаңа жұмыс орындары
тұрақтанған ірі компаниялардың есебінен емес, жаңа фирмалардың есебінен
ашылуда. Мысалы, 1987ж. АҚШ-тың 500 ірі компанияларындағы жұмыс орындарының
өсу қарқынына қарағанда, 7 миллион шағын фирмалардағы жұмыс орындарының өсу
қарқыны 3 есе көп болды.
Дәстүрлі түрде ірі кәсіпорындар мен фирмалардың жұмыс істеуі пайдасыз
болып табылатын салаларда шағын бизнес барлық мүмкін болатын қызметтер мен
қосалқы жұмыстарды атқаруда кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ете отырып, ірі
фирмалар мен компаниялардың тиімді жұмыс істеулер үшін қолайлы жағдайлар
жасап отыр. Бұл жерде 50 жылдардан бері, келісім шарттар негізінде ірі
компаниялардың шағын және орта маманданған фирмаларға тапсыратын жұмыс
көлемі күрт өсе бастаған Жапония тәжірибесі көңіл аударарлық. Мысалы, 1966
жылдан 1981 жылға дейін ірі фирмалармен контракт бойынша жұмыс істейтін
шағын және орта фирмалардың үлесі олардың жалпы санында 53,5-тен 65,5 %-ке
көбейді. Электроника өнеркәсібінде бұл үлес 1981ж. 85,7 %-ке жетті. Ал осы
өнеркәсіп саласындағы өндіріс көлеміндегі қосалқы жұмыстардың құндылық
көлемінің үлес салмағы 90-шы жылдардың басында 80 %-ке жетті.
Сондай-ақ құрылыста шағын және ірі фирмалардың әр түрлі қызмет
салалары бар. Ірілері үлкен объектілердің әсер ету жағдайында сәтті жұмыс
істейді және ірі тапсырыс берушілермен жұмыс істейді. Шағын құрылыс
фирмалары болса, құрылыстық-монтаждық жұмыстарға, бар объектілерді
модернизациялау мен қайта құруға, жөндеу жұмыстарын жүргізуге және жеке
тапсырыс берушілермен жұмыс істеуге бет алуда. Спецификалық функцияларды
атқара отырып, ірі және шағын құрылыс фирмалары бірін-бірі толықтыруда
деуге болады. Сондықтан, шағын және ірі құрылыстық кәсіпорындар арасында
тікелей бәсекелестік туралы айту заңсыз. Шағын бизнес ірі бизнеске
қарағанда анағұрлым тиімдірек жұмыс істейтін салаларда өзінің нарықтағы
тауашасын сәтті иеленеді. Мысалы, ірі комбинат әсері-бұл ірі бизнес саласы
екендігіне сөз жоқ, бірақ осы комбинаттағы электромонтаждық фирмалар
электромонтаж жұмыстарын әлдеқайд тиімдірек орындайды.
1.3.1-кесте.
Шағын және ірі бизнесті салыстыру анализі
№ Критерий Ірі бизнес Шағын бизнес
1 Қызмет көрсету өнеркәсіп, отын Қызмет көрсету саласы сауда
мен өндіріс энергетикалық кешен, және қамтамасыз етуші
салалары энергетика өндірістер
2 Шығарылатын өнім Массалық өндіріс Ұсақ сериялы немесе жеке
сипаты өндіріс
3 Жаңа енгізілімге Жаңа енгізілімге деген Ірілерге қарағанда, жаңа
деген қабілеті аз негізілімдер 24 есе көп
қабілеттілік
4 Стратегияның 6-10 жыл 0,5-1 жыл
өзгеруі
5 Қызмет саласы Ірі қалалар және өндіріс Үлкен және шағын қалаларда
кешені
6 Бәсекелік ортаны Нарықтың елеулі бөлігін Бәсекелестік ортаның күшеюі
құру жаулап алу есебінен
бәсекенің шектелуі
7 Кәсіпорынды құру Қаржылық шығындардың Бастапқы шығындардың және
және тіркеу едәуір болуы және тіркеу тіркеу талаптарының
процедурасының созылмалығытөмендігі
8 Жаңа жұмыс Жұмыс орындарын құру Жұмыс орындары өте жылдам
орындарын құру қарқыны анағұрлым төмен (3 есе) қарқынмен құрылуда
9 Жұмыс күшін Жұмысшылардың тар көлемді Жұмысшылардың жоғары
оңтайландыру маман болғандығынан мүмкіндәрежедегі ауыспалылығының
мүмкіндігі емес арқасында мүмкіндік мол
10 Басқару құрылымы Көлемі зор басқару Басқарудағы икемділік,
құрылымы басқару аппаратындағы
жұмыскерлер санының төмен
болуы
11 Басқару Құрылтайшылар мен Құрылтайшылар мен
жүйесіндегі менеджерлер мүдделерінде менеджерлердің міндеттерін
мүдделердің қарама-қайшылық бір адам
ұштастырылуы болғандықтан ұштаспайды үйлестіретіндіктен, басқару
жүйесінде мүдделер
қарама-қайшылығы болмайды.
Ескертпе: [34] Шағын кәсіпкерлік даму деңгейін рейтингтік бағалау
әдістемесі Журнал “Поиск”-2002ж, №2-0,5
Шағын бизнестің артықшылықтары айқын. Бұл-шағын бизнестің
динамикалылығы, икемділігі, өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызмет
түрлерін тез ауыстыру қабілеттілігі, технология саласында, сондай-ақ басқа
жұмыс істеу салаларында жаңалықтарды енгізу қабілеттілігі. Соңында, шағын
фирмалардағы еңбек ұжымында тұрақты емес қатынас орнатылады, үлкен
бюрократиялық құрылым жоқ, жұмысшыларды басқаруға, бабыстарды басқаруға
тіеклей қатыса алады. [34]
Шағын бизнестің басты ерекшелігі-кірістерге қатысумен және жұмыспен
қамтылғандықты сақтап қалуға ынталы болумен шартталған, жұмыстың ең жоғарғы
нәтижелілігіне деген жалпы біріккен құштарлық, ұжымдық түрде еңбек етуге
және бригада болып жұмыс істеуге деген ұмтылыс. Ірі фирмаларда құрушылар
(негізін қалаушылар) кәсіпорынды басқару үшін маман менеджерлерді тартуға
мәжбүр, бірақ бұл көбінесе 2 жақ мүдделерінің тоғыспауына әкеледі, ал ол өз
кезегінде жалпы басқару тиімділігіне әсер етеді. Шағын және орта
кәсіпорындарда мұндай қарсылықтардан құтылып кетуге болады, себебі негізін
қалаушы мен менджер-бұл ереже бойынша бір адам.
Қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдерінде шағын бизенс қайтадан өз
мәні мен маңыздылығына ие болды. Көптеген елдердің үкіметтері шағын
бизнесті жаңа ойлардың, жаңа жұмыс орындарының, табыстар мен
өркениеттіліктің көзі ретінді қарастырып, дамуына жағдай жасау шараларын
қабылдауда.
Шағын бизнес шағын және орташа қалалардың жұмыс істеу негізі болып, ол
жердің тұрғындарына тұратын жерлерінің қасынан жұмыс табуға жол ашады.
Мысалы, Көкшетау қаласының жағдайында, бұрынғы үлкен “Көкшетаустрой”,
“Көкшетаустрой-1”, “Көкшетаустрой-2” трестері сияқты құрылыс өндірістерінің
көлемі қысқартылып немесе жабылып жатқанда, шағын құрылыстық фирмаларды
құру жүздеген құрылыс мамандарына өз қаласынан тысқары шықпай-ақ жұмысқа
тұруға мүмкіндік береді.
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе келесідей шағын
және ірі бизнесті салыстыру анализінің кестесін құруға болады, оның мақсаты-
ірі бизнестен мүлдем бас тарту емес, ал Қазақстан экономикасы үшін шағын
бизнестің үлкен артықшылықтарын көрсету болып табылады. Оның үстіне, шағын
бизнес тек қана экономиканы жандандырушы фактор болып қана қоймай, сондай-
ақ оның экономикалық дағдарыстан шығуының алғашқы кезеңі ретінде де
қарастырылады. Шағын фирмаларды көбірек құру-жұмыссыздық проблемасын
жеңілдетуі, ірі бизнестің дамуына бастама беруі және бүгінгі барларының
ауқымын кеңейтуі мүмкін.[22]
Экономиканың бұл күшті қорегін жоғары дамыған елдерде елемей
кетпейді, олар шағын бизнесті, сайып келгенде кез келген ірі бизнестің
негізі деп, өздеріне есеп беруде, себебі кез келген ірі кәсіпорын екі
адамның бастапқы аздаған капиталмен өз ісін бастау идеясынан басталады.
Идея кәсіпорынның кіріс әкелу мүмкіншілігіне айналады. Кірістің өсуі
өндірістің дамуына жағдай жасайды, бұл кірістің одан әрі өсуіне әкеледі,
демек өндірістің әрі қарай даму мүмкіндігі пайда болады. Шет елдегі шағын
кәсіпорыннан миллион айналымы бар компанияларға айналатын ірі фирмалардың
бастапқы тарихы осындай.
Шағын кәсіпорынның негізін қалау бойынша бірнеше көзқарастар бар:
жаңа кәсіпорын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz