ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІ ТАЛДАУ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .8

1 ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА
БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ ... 6

1.1 Шағын және орта бизнестің экономикалық мазмұны мен даму
тенденциялары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнесті несиелендіру
түрлері және оның
келешекте дамуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
1.3 Шағын және орта бизнесті несиелендіру барысындағы шетелдік

тәжірибе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІ
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ..28

1. Халық банк АҚ жалпы экономикалық көрсеткіштерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
2.2Ауылшаруашылық саласы бойынша лизингтік несиелендіруді талдау ... 35
3. Шағын және орта бизнесті несиелендіру ... ... 46

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ
ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .51

3.1 Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын қажет ететін
проблемалар ... ... ..65
3.2 Қазақстанда шағын және орта бизнесті несиелендіруді жетілдіру және
оның келешекте
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .51
2. Қазақстанда шағын және орта бизнесті несиелендіруді мемлекеттік қолдауды
жетілдіру және көрсетілген бағдарламалары ... ... ... ... ... . ... ... .59

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..68

ҚОЛДАНҒАН
ӘДИБИЕТТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 72

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Мемлекеттің Қазақстан-2030 ұзақ мерзімді стратегиясы және ел
басшылығы Қазақстанды ең жақсы дамыған әлемнің 50 елінің қатарына қосу
жөнінде аса ауқымды міндет белгілеп отыр. Осы міндетті жүзеге асыру үшін
отандық кәсіпкерлік қуатты экономикалық серпілістің локомотиві болуға тиіс.
Ал ол Қазақстандық бизнестен алда тұрған міндетке сәйкес сапалық тұрғыда
түбегейлі өзгертуді талап етеді.
Бұл мақсатты іске асыру көбіне шағын және орта кәсіпкерлікті
несиелендіруді дамыту деңгейіне байланысты. Артықшылықтар кешені, атап
айтқанда, нарық конъюктурасының өзгеруін тез сезіну, айналым қаржыларының
жоғары айналымдылығы, халықтың қаржы ресурстарын шоғырландыру, мөлшері
жағынан аз ғана алғашқы капиталды пайдалану, бәсекелестік ортаны құру,
тұтынушыларға жақын орналасу, инновациялардың жартысынан көбін құру және
т.б. Шағын және орта бизнесті несиелендіру арқылы көптеген өнеркәсібі
дамыған елдер жалпы ішкі өнімнің негізгі бөлігін өндіруге, жұмыспен қамту
проблемаларын шешуге, әлеуметтік шиеленісуді жоюға, ғылыми техникалық
прогрестің дамуына ықпал етуге, өнімді өндіруді және бюджетке түсетін
төлемдерді ұлғайтуға мүмкіндік береді деп шешкен. Сонымен қоса, шағын және
орта бизнесті несиелендіру - қазіргі қоғамның саяси тұрақтылығының негізі-
орташа топтың пайда болуына әлеуметтік-экономикалық алғы шарттарды құрады.
Дегенмен, шағын және орта бизнесті дамытуды қалыптастыру деңгейі
олардың қоғам өмірінде әлі де болса елеусіз орын алып отырғандығын
көрсетеді. Мұның бірнеше басты-басты себептер бар секілді. Біздің ойымызша,
шағын және орта бизнесті несиелендіру тәуекелділігінің жоғары болуына және
қаржы жағдайының жоқтығынан, несиелік көмек алу қиыншылығынан, сол
қызметтегі менеджмент деңгейінің төмендігінде болып отыр. Бүгінгі таңда
шағын және орта бизнес нысандарының тіркелуінен гөрі жабылып қалуы басым.
Сондықтан, шағын және орта бизнесті несиелендіруді дамытудың бірден-бір
амалы мемлекет тарапынан төмен пайызбен несие беру және банктер тарапынан
несиенің және лизингтік несиенің бірнеше түрлерін тиімді қолдану болмақ.
Жоғарыда айтылған шағын және орта бизнесті несиелендіру және ең
бастысы Республикада кәсіпкерлікті несиелендіруді дамытудың қанағатсыз
болуы алынған тақырыптың өзектілігі деп білеміз.
Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты – Қазақстандағы шағын және орта
бизнесті несиелендіруді зерттеу және оның дамуына кедергi жасайтын
мәселелердің шешу жолдарын табу.
Дипломдық жұмыстың өзектiлiгi. Қазақстанда жүргiзiлiп жатқан шағын
және орта бизнесті несиелендіруді дамыту экономикалық реформалардың
басталғанына бірнеше жылдан аса уақыт өтсе де, белгiлi бiр жүйелi жол табу
оңайға соқпай, iздену процестерi әлi де жалғасын табуда. Ендiгi басты
мақсат - шағын және орта бизнесті несиелендіру жүйесiн жетiлдiре отырып,
оларды кешендi түрде түбегейлi жаңғыртуды жалғастыру болып табылады. Ал бұл
мiндеттi жүзеге асыруда, ең алдымен, шағын және орта бизнеске негізделген
шаруашылық қатынастарды дәрiптеу және мемлекет тарапынан қолдау керек
болады.
Дипломдық жұмыстың маңызы. Жұмыстың негізгі бағыты республикамызда,
региондарда шағын және орта бизнесті несиелендіруді дамыту мен мемлекеттік
қолдауды жүзеге асыру. Қазақстан Үкiметiнiң тиiстi құрылымдары, Қаржы
министрлiгi, Кеден комитетi; Шағын және орта бизнесті қолдау жөнiндегi
департаменттер және т.с.с билiк органдары аталған осы ғылыми еңбектiң
қажеттi нәтижелерiн өз қызметiнде тиiсiнше пайдалана алады деп есептеймiз.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі болып, Қазақстан Республикасының
заңдылық және нормативтік-құқықтық актілері, Қазақстан Республикасының
нұсқамалары отандық және шетелдік экономистердің еңбектері, АҚ “Халық Банк”
мағлұматтары баспасөз баптары, статистикалық берілгендер алынды. Сонымен
қатар, осы мәселеде істеліп жатқан зерттеулерді оқып, ғылыми еңбектерді
пайдаландық.

1 ТАРАУ ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ
МӘНІ МЕН

1.1 Шағын және орта бизнестің экономикалық мазмұны мен даму
тенденциялары.

Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы даму барысындағы өзекті
мәселелердің бірі болып тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму арқылы
халықтың тұрмыс деңгейінің сапасының артуын қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан – 2030 стратегиясы, 2015 жылға дейінгі индустриялдық-
инновациялық даму стратегиясы мен Елбасының Қазақстан халқына арналған
Жолдауында кәсіпкерлік ортаны одан әрі нығайту мәселесіне, оның ішінде
ұлттық экономиканы инновациялық технологиялар негізінде диверсификациялауды
жүзеге асыруда шағын және орта бизнеске жетекші орын беріліп отыр. Осыған
байланысты еліміздегі өзекті мәселелердің бірі – осы аталмыш саланы одан
әрі жетілдіріп, өркендету [3].
Шағын және орта бизнес – аздаған жұмыскерлер саны бар, кәсіпорынға
арналған кәсіптік іс әрекетімен мемлекет, аймақ бойынша аз ғана тиесі бар
кез-келген жеке меншік формасындағы фирма. Оның аумағы тиесі шығаратын
және жүзеге асырылатын өнімінің бағасымен анықталады. Ірі мемлекеттердегі
шағын және орта кәсіпорындар саны ондаған, жүздеген, мың боп келсе, бір
ғана осындай кәсіпорынға жалпы өндіріс көлемінің аз ғана бөлігі тиеді,
бірақ олар біріксе еліміздің барлық өнімінің жартысын шығаруға қабілетті
болар еді.
Көлеміне қарай фирмаларды жіктеуде жұмыскерлер саны, сонымен қатар
кәсіпорынның белгілі бір иесінің болуы есептеледі, бірақ басқа бір
кәсіпорынның бөлігі болмауға тиіс. Тағы бір қосымша талап – бұл оның
тәуелсіз кәсіпорын болуы. Капиталға келер болсақ, шағын кәсіпорындағы еңбек
пен капитал арасындағы қатынас өзгермелілігі өте жоғары. Капиталдары
қазіргі өндірісті жүзеге асыру өлшеміне жетпейтін болғандықтан капитализмді
дамытуда шағын және орта кәсіпорындар бірте-бірте жойылады деп есептеледі.
Шағын фирмалар мен кәсіпорындарды ірі компаниялар жұтып қояды деп саналады.
Дегенмен бүгінгі күнде шағын және орта бизнес сферасы әлемдік экономикада
кеңінен тараған.
Шағын және орта бизнесті жүргізу дарынды, адал, жоғары дәрежелі кәсіпкер
тұлғаларға қолайлы. Оның табиғаты белсенді адамдарға жеке пайдасын іс
жүзіне асыруына және тәуелсіз болуына мүмкіндік береді.
Кәсіпкерлер ондай бизнесті табысты жұмыс істете отырып, кез келген
экономикалық ыңғайлы жағдайда пайда түсіруге, инновациялар енгізуге
тырысады.
Көбінесе жоғарыда аталған кәсіпкерлер өздерінің мойнына шығындар мен
тәуекелді ала отырып жаңа технологиялар енгізе алады, жаңа өнім немесе
қызметтің жаңа түрін жасауға тырысады, ал ірі монополиялы өндірушілер
болса өз компаниясының нұсқауларымен және ережелерімен тығыз байланысты
болғандықтан аз еркіндікке ие болады.
Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамыту үшін аз жұмыс жасалған жоқ.
Дегенмен, олар туралы айтпас бұрын шағын және орта бизнес субъектілерінің
өлшемдерін анықтап алу қажет.
Бүгінгі күнде елімізде шағын және орта топтарға жататын кәсіпорындарға
қатысты 50-ден астам статистикалық өлшемдер бар. Жалпы түрде оларды
төмендегідей бөлуге болады :
а) Сапалық өлшемдер (басқару жүйесінің қарапайымдылығы, меншік иесі
мен менеджер қызметін бір адамның атқаруы, нарықтың аздаған бөлігіне ие
болу, және шағын кеңістіктегі қызмет сферасы, қызметтің қысқа да нұсқа
мақсаты және т.б.)
б) Сандық өлшемдер (кәсіпорындағы жұмыс істеушілер саны, негізгі
капиталдың құны, сатылған өнім көлемі және т.б.)
Қазіргі кезде шағын және орта бизнеске жатқызатын критерийлер бір
елден екінші елге ауысуда, сондай-ақ капиталдың бір сферадан басқа сфераға
ауысуына байланысты өзгеріп отырады.
Дегенмен де, көптеген елдердің тәжірибесінде көбінесе сандық өлшемдер
қолданылады .
Мысалы: Жапонияда ұсақ кәсіпорындардың басты өлшемдерін анықтау
капитал көлемі, жұмыскерлер саны болып табылады.
Германияда кәсіпорынды ұсақ кәсіпкерлік секторға жатқызуда төмендегі
өлшемдер қолданылады :
а) жеке меншік пен басқарудың бірлігі ;
б) қызмет етушілердің еңбектік мотивациясын жоғары дәрежеге жеткізуге
мүмкіндік беретініне кәсіпорынның көзі жетуі ;
в) кәсіпорын басшысының маңызды ролі(өндіріс үрдісіне тікелей
араласушы болып табылатын басшы);
г) істі біріктіріп сеніммен жүргізу;
д) қаржыландырудың өзгеше түрін кіргізу (банктік несие беру есебіне
тән).
Ұлыбританияда айналым көлемінің өлшемдері, активтер мен
жұмылдырылғандардың орташа саны пайдаланылады.
Сандық өлшемдер Ресейден де кәсіпорындарды жіктеу негізінде
қалыптасқан, Ресей Федерациясындағы шағын және орта кәсіпкерлікке
мемлекеттік қолдау көрсету туралы заңға сәйкес шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне Ресей Федерациясының субъектілерінде, қоғамдық және діни
ұйымдардағы, қайырымдылық және басқа да қорлардағы еншісі 2,5% -дан
аспайтын, бір немесе бірнеше шағын тұлғаларға қарайтын шағын және орта
кәсіпкерліктің субъектісі болып табылмайтын, шектеулі деңгейдегі кейбір
заңдардан 25 % -ы аспайтын кәсіпорындар жігінің негізінде болады. [4].
Қазақстан Республикасында кәсіпорындар сандық өлшемдер негізінде
жіктеледі, яғни, жұмыскерлердің саны, негізгі капиталдың құны, қызмет түрі,
салық төлеу негізі т.с.с.
Енді Қазақстан Республикасы жеке құрылғаннан бері шағын және орта
кәсіпкерлікті реттейтін заңдардың даму эволюциясына тоқталайық.
Қазақстандық кәсіпкерліктің алғашқы іргетасы 11.12.1990ж. ҚР-да
шаруашылық қызметінің еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы Заңмен
қаланды. Кейіннен, мемлекеттік егемендік жарияланғаннан кейін 1992 жылдың
шілдесінде Шағын кәсіпкерлікті қорғау туралы Заң қабылданды. Ол 1991 жылы
маусымда қабылданған Шаруашылық серіктестіктер туралы Заңмен қоса жеке
кәсіпкерлер қызметінің ұзақ мерзімді құқықтық негізіне айналды. [5]
Бұл заңда жеке кәсіпкерлік азаматтардың тауарға (жұмыстар мен
қызметтер) деген сұранысын қамтамасыз ету жолынан түскен пайда немесе жеке
түсімге бағытталған іс-әрекеті ретінде, азаматтың жеке меншігіне
негізделген және оның өз атынан жүзеге асырылған, өзінің мүліктік
жауапкершілігіне және тәуекеліне негізделген немесе ұжымдық меншікке
негізделген, заңды тұлғаның атынан жүзеге асырылатын, оның тәуекелі мен
мүліктік жауапкершілігіне негізделген қызмет ретінде анықталды.
Жоғарыда аталған Заңды қабылдағаннан бері экономикада да,
заңдылықтарға да көптеген өзгерістер енді. [6]
Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі күшіне енді. 1995 жылғы
30 тамызда қабылданған Республика Конституциясында 25 баптың 4 бөліміне аса
мән берілді, ол әрбір азаматтың кәсіпкерлік қызмет жасауына еркіндік берді.
ҚР Министрлер Кабинетінің 17.08.94ж. № 912 Қаулысымен Қазақстан
Республикасында 1994-1996 ж.ж. кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік
қолдауды жүзеге асыру жөніндегі тапсырмалар мен шаралар жоспары бекітілді.
1995 ж. аяғында Үкіметтің 1996-98ж.ж. экономикалық реформаны тереңдету
туралы жұмыс бағдарламасы қабылданды, онда жұмыс бағдарламасын тереңдету
туралы, кәсіпкерлікті мемлекеттік тарапынан қолдауды күшейту, ең алдымен
шағын және орта бизнесті күшейту басты мәселелердің бірі ретінде аталған.
Артынан ҚР Президентінің 14.06.1996ж. жарлығы : Кәсіпкерлік қызметтің
мемлекеттік кепілдігін іс жүзіне асыру жөніндегі қосымша шаралар туралы
және 06.03.1997ж. Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендендірудің және
мемлекеттік қолдауды күшейту шаралары туралы жарлығы қабылданды. Осы
тізімге тағы да Үкіметтің 14.03.1997ж. Шағын кәсіпкерліктің Республикалық
ақпараттық-көрмелік орталығын жасау туралы №325 Қаулысын және 08.04.1997ж.
Шағын кәсіпкерлер мәселелері деген № 499 Қаулысын қосуға болады.
1997 ж. жазында ҚР Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы
және Жеке кәсіпкерлік туралы заңдары шықты. Сол құжатта заңды тұлғалар өз
қызметтерін төмендегідей ұйымдық-құқықтық формаларда жүзеге асыра алады,
олар толық серіктестік, командиттік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі
серіктестік, өндірістік кооператив деп аталады.
Біздің Республикамыздың Президенті мен Үкімет шетелдік үлгіні бетке
ала отырып, шағын және орта бизнестің қажеттігі туралы үнемі айтып келеді.
Бірақ сөйте тұра олар біздің шағын және орта кәсіпкерлігімізге тән
маңызды деталды, атап айтқанда – кәсіпкерлік қызметті кәсіпорын
жұмыскерлерінің санына байланысты ұсақ, орташа және ірі бизнеске бөлуді
есепке алмай отыр.
Шағын бизнеспен айналысатын кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер санына
біздің елімізде жолданған адам саны 50-ге жетпейтін жеке кәсіпкерлер енеді.
Орташа кәсіпорындарға жұмыскер саны 50 ден асатын, бірақ 250 адамға
жетпейтін кәсіпорындар жатады, ал адам саны 250-ден асқан кәсіпорындар ірі
деп аталады. [7].
Қазіргі уақытта шетелдік кәсіпорындардың ұсақ, орташа және ірі боп
бөлінуі мынандай. Ұсақ кәсіпорынға 500 адамы бар кәсіпорын, орташаға 500-
ден 1000-ға дейін жұмыскері бар кәсіпорындар, ал жұмыскер саны 1000-нан
жоғары болса олар ірі кәсіпорындар болып есептелінеді.
Біздің ұсақ кәсіпорындарымыз батыс Европаға қарағанда өте аз. Онда
мұндай бөлініс неге байланысты? Мүмкін біздің мемлекет ұсақ кәсіпкерге өз
қызметін батыстық типтегі ұсақ кәсіпкерге сәйкес келетіндей дамытуға
мүмкіндік бермей отыр ма, әлде басқаша ма?
Бұл жерде әлемдік тәжірибеде шағын және орта кәсіпкерлікке деген
бірегей анықтама жоқ екендігін айтып кеткен жөн.
Мысалы, Англияда капитал нарығында қатыспайтын бағалы қағаздарды
эмиссиялауға және орналастыруға құқығы жоқ бір немесе бірнеше адам
басқаратын фирмалар жатады. Мұндай фирмалардағы адам саны 200-ден аспауы
тиіс.
Ал Жапонияда статистикасы шағын кәсіпорындар дәрежесіне құрамында 100
адамға дейін қамтылған фирмаларды жатқызады.
Францияда нақты дифференциясы жоқ : бір экономистер бұл 6-дан 50
адамға дейінгі кәсіпорындар десе, кейбірі 100-ге дейін, үшінші біреулері –
500 адамнан асуы тиіс дейді.
Жалпы Европада шағын және орта бизнес кәсіпорындарының өлшемдері
ретінде капиталдың жылдық айналымының жоғарғы көрсеткіштері қолданылады:
мысалы Бельгияда – 15 млн. Бельгия франкі ; Италияда – 3 млрд. лир ;
Голландияда – 7.5 млн. гульден; Францияда – 100 млн француз. [9].
Сонымен, әр елде шағын және орта кәсіпорындарға әр түрлі
кәсіпорындарды жатқызады: ұсақ қол өнерінен қазіргі, соңғы техникамен
жабдықталған кәсіпорындарға дейін.[10]
Шағын және орта кәсіпкерліктің ерекшелігі капитал салымының тез өзін-
өзі ақтауы, өндірушілердің аймақтық нарыққа бағытталуы, сұраныстың
өзгеруіне қолайлы бейімдеу және т.б.
Бүгінгі күнде шағын және орта бизнес секторы Қазақстан экономикасының
ажырамас бөлігі.
Шағын және орта бизнестің дамуы көптеген маңызды ерекшеліктер әкеледі:
а)жеке меншік иелерінің көбеюі;
б)азаматтардың кірістерін жоғарылататын және әр түрлі әлеуметтік
топтардың арасында диспропорцияны жоюға мүмкіндік беретін экономикалық
белсенді тұрғындардың санының өсуі;
в)аз капитал шығынымен жаңа жұмыс орындарын жасау, әсіресе қызмет
көрсету сферасында;
г)өндірушілер монополиясын жою, бәсекелестікті орта жасау;
д) көп еңбекті қажет ететін өнімді шығаруда аз капиталды пайдалану;
е)экономиканың әр түрлі секторының арасындағы өзара қарым қатынасты
жақсарту.
Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың құрылуы кезінде
мемлекеттік меншіктің көптеген бөлігі жеке меншікке акционерлік қоғам
түрінде, ұжымдық меншік түрінде, ұжымдық меншікке, серіктестіктер мен басқа
да шаруашылық формаларына айналды. Өндірілетін және жүзеге асырылатын
өнімдер түрі өте көп және тұтыну нарығының сұранысына сай.
Нарықтық экономика тауарлық және тұтыну нарығына кең жол ашты.
Кәсіпкерлік қызмет көптеген мекемелермен, ұйымдармен жүзеге асырылды.
Көрсетілетін қызмет түрлері халықтық тұтыну тауарларының тізімімен,
тамақ өнімдері мен өндірістік – техникалық өнімдерден кем болған жоқ.
2006 ж. Шағын және орта кәсіпорындар қызметінің көлемі едәуір артты.
Бұл жерде тенденция байқалады : 2006 ж. қарағандағы 2007ж.өнім көлемінің
өсуімен оның саудадағы үлестік салмағы төмендеп, өнеркәсіпте артты.
Жыл сайын шағын кәсіпорындар саны алдағы жылдарға қарағанда 40 % -ға
өсіп отыр, ал өндіріс көлемі бойынша екі есе өсті.
Бұл Қазақстанда шағын және орта бизнестің өнімдерінің дамығанын
көрсетеді.
Кәсіпорындар санына келетін болсақ, олардың кейбірі белгілі
себептермен жабылмаса, едәуір көп болды. Тәжірибе көрсеткендей, жаңадан
ашылған кәсіпорындардың шамамен 60 %-ы өз қызметін тоқтатады.
Тіркелген шағын және орта кәсіпорындардың барлығы бірдей іс әрекетте
болмайды, соған байланысты онда тіркелген адамдар да жұмыс істемейді.
Тіркелген шағын және орта бизнес кәсіпорындарының біразы кейбір себептермен
жұмыс істемейтін кәсіпорындар санына қосылады да, олардың жалпы табысына
келеңсіз әсер етеді.
Мұндай жағдайлардың мүлдем болмауы мүмкін емес, өйткені кейбір жаңа
істей бастаған кәсіпкерлер өз істерін бар мүмкіндікте жүргізе алмайды.
Сондықтан, шағын және орта бизнесті несиелендіруді дамыту
экономиканың аталған сферасының өсу жолы мен қызмет етудегі мәселесі
туралы төмендегідей материалда жарияланады.

1.2 Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнесті несиелендіру түрлері
және оның келешекте дамуы

“Шағын және орта кәсiпкерлiктi несиелендіру туралы” Елбасының Жарлығы
бүгiнгi нарық кезеңінде келешек көкжиегіне жетелер үміт ұшқыны.
Кәсiпкерлiк саланы несиелендіруді дамыту – экономиканы жандандырудың
бірден бір жолы екенін бұл күнде көпшiлiк жақсы түсiнедi. Көптеген
экономикалық, әлеуметтік және саяси мәселелерді шешуге қабiлеттi
болғандықтан шағын және орта кәсiпкерлiктiң нарықтық экономикада маңызы
зор. Бүгiнгi таңда мемлекеттік мекемелер мен екінші деңгейлі банктер шағын
және орта кәсiпкерлiктi несиелендірудің дамуына жан-жақты араласады. Шағын
экономика аудан экономикасында құрылым ретінде өз бейнесін айқындай
бастады. Шағын және орта бизнестің негiзгi мақсаты – жұмыс көздерін ұлғайту
арқылы пайдаға қол жеткізу. Жалпы коммерциялық жұмыстың өзі капиталды
молайтумен түйiнделедi. Кәсiпкерлiктiң түр-түрін дамытуға да көңіл бөлетін
мерзім туды. Қалай десек те кәсiпкерлiк, шағын және орта бизнес
тұрмысымызға тереңдеп енуге тиіс. Жұмыстың осы көлемiнiң өзі ауданда шағын
және орта кәсiпкерлiктi несиелендіруді дамыту керектiгiне айғақ болар еді.
Ол үшін ұйымдастыру жұмыстарына жете мән беріп, құқықтық - экономикалық
жағынан еңбек адамдарының қорғалуын қамтамасыз ету керек.
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті несиелендірудің
бірнеше түрлерін қарастыруға болады. Әсіресе, Қазақстандағы екінші деңгейлі
банктердің шағын және орта бизнеске беретін несиелерін айтуымызға болады.
Мысалға, Халық Банк АҚ шағын және орта бизнесті несиелендірудің
төмендегідей бағдарламаларын көрсетуімізге болады:
ЭКСПРЕСС несиелеу түрі
ЭКСПРЕСС несиелеу түрі банк филиалдары арқылы іске асырылып басты
банктің несиелеу комитетімен бекітіледі. Бұл жобаны іске асырушы филиалдар
жоғарғы банктің несиелеу комитетін шағын және орта бизнес субъектілерін
несиелендіру жайлы қанағаттандыруы керек. ЭКСПРЕСС несиелеу түрі несиені
әдейі дайындалған несиелендіру мамандары көмегімен іске асырады. ЭКСПРЕСС
несиесі өзінің қызметін сауда саттық аймағында, яғни өз бизнесімен
айналысатын адамдарды несиелендіреді.
1. ЭКСПРЕСС несие берудің шарты:[11]
← Қарыз алушының құқықтық статусы – заңды тұлға, жеке кәсіпкер, жеке
тұлға;
← Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге несие қарыздары коммерциялық
мақсатқа байланысты беріледі;
← ЭКСПРЕСС несиесінің шағын және орта бизнесті субьектісін
несиелендіруде жеке тұлғаларды несиелендіру барысында қаржы тек
тұтынушылық мақсатқа ғана беріледі;
← Қарыз алушының тұрақты бизнесі, яғни қарыз алуға арызды жазудан
бұрын 3 айдан жоғары мерзімде тоқтаусыз жұмыс істеп тұрған;
← Қарыз АҚШ доллары немесе теңгеде берілуі мүмкін;
← Қарыз мөлшері 500 АҚШ долларынан 5 000 АҚШ долларына дейін немесе
750 000 теңге немесе 4 200 евро;
← Несие мерзімі: 12 айға дейін;
← ЭКСПРЕСС несиесін төлеу ай сайын бірдей мөлшерде (аннуитеттік);
← Арызды жазғаннан кейін 2 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарыз
алушыға несие беріледі.
СПРИНТ несиелендіру түсінігі
СПРИНТ несиесі жеке кәсіпкерлерге (өз жұмысын патент немесе
жеңілдетілген декларация түрінде іске асыратын) беріледі және заңды
тұлғаларға өз кірістерін көрсетпеген жағдайда да беріледі.
СПРИНТ несиесін берудің шарты №2 кестеде несиенің мерзімдері мен
ставкалары көрсетілген:
← Қарыз алушының құқықтық статусы – заңды тұлға, жеке кәсіпкер, жеке
тұлға;
← Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге несие қарыздары коммерциялық
мақсатқа байланысты беріледі;
← СПРИНТ несиесінің шағын және орта бизнесті субьектісін
несиелендіруде жеке тұлғаларды несиелендіру барысында қаржы тек
тұтынушылық мақсатқа ғана беріледі;
← Қарыз алушының тұрақты бизнесі, яғни қарыз алуға арызды жазудан
бұрын 3 айдан жоғары мерзімде тоқтаусыз жұмыс істеп тұрған;
← Қарыз АҚШ доллары немесе теңгеде берілуі мүмкін;
← Қарыз мөлшері 30 000 АҚШ долларына дейін немесе 3 900 000 теңге
немесе 25 000 евро;
← Пайыз сомасы теңгеде – 20%, АҚШ доллары бойынша – 19%;
← Несие мерзімі: 36 айға дейін;
← Толық немесе жартылай қарызды уақытына дейін төлеу кезінде айып
төленбейді;
← СПРИНТ несиесін төлеу ай сайын бірдей мөлшерде (аннуитеттік);
← Арызды жазғаннан кейін 2 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарыз
алушыға несие беріледі. [12]

1 кесте - Спринт несиелендіру бағдарламасы бойынша несие беру шарты.

СПРИНТ Несие % ставкасыНесие Ай сайынғыҚайтарылатыАртық
несиесі сомасы мерзімі жарна н жалпы төленетін
сома сома
Қазақстан 3 900 000 20 3 жыл 144 938 5 217 767 1 317 767
теңгесі
АҚШ 30 000 19 3 жыл 1 100 39 589 9 589
доллары
Евро 25 000 19 3 жыл 916 32 990 7 990

Ақпарат көзі: Банки Казхстана, №3, 2007

АКЦЕНТ несиелеу түсінігі
АКЦЕНТ несиесі банктік қарыз немесе несие линиясы болып табылады. 2
кесте оның мөлшері 50 000 АҚШ долларына дейін немесе 6 500 000 теңгеде
немесе 42 000 евро бір қарыз алушыға беріледі.
АКЦЕНТ несиесін берудің шарты:
← Қарыз алушының құқықтық статусы – заңды тұлға, жеке кәсіпкер, жеке
тұлға;
← Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге несие қарыздары коммерциялық
мақсатқа байланысты беріледі;
← АКЦЕНТ несиесінің шағын және орта бизнесті субьектісін
несиелендіруде жеке тұлғаларды несиелендіру барысында қары тек
тұтынушылық мақсатқа ғана беріледі
← Қарыз алушының тұрақты бизнесі, яғни қарыз алуға арызды жазудан
бұрын 3 айдан жоғары мерзімде тоқтаусыз жұмыс істеп тұрған немесе 6
айдан шамасында өндіріс саласында тоқтаусыз жұмыс істеген;
← АКЦЕНТ несиесі АҚШ доллары немесе теңгеде берілуі мүмкін;
← Негізгі қорларды алуды қаржыландыру мерзімі – 60 айға дейін;
← Құрылысқа және коммерциялық мүлікті алу мерзімі – 84 айға дейін;
← Пайыз сомасы теңгеде – 18%, АҚШ доллары бойынша – 17%;
← АКЦЕНТ несиесін төлеу ай сайын бірдей мөлшерде (аннуитеттік);
← Арыз түскен уақыттан бастап қарыз алушыға 5 жұмыс күнінен аспайтын
уақытта несиелеу комиссиясы несиені беру жайлы шешім қабылдайды.
← АКЦЕНТ несиесі кезінде мынадай жағдайда қарыз алушының төлем
қаблеттілігі тексерілмейді: егер ЦеснабанкАҚ-ның депозитінде қарыз
алушының кепіл ретінде ақшалай қаражаты болса.Бұл жағдайда салынған
депозиттің мерзімі несие алу мерзімінен кем болмауы керек, яғни
екеуінің мерзімі бірдей мөлшерде не болмаса депозит мерзімі ұзақ болуы
қажет. АКЦЕНТ несиесі кезінде сыйақы мөлшері былайша есептелінеді
депозит бойынша пайыздық ставка сомасы 3-4 пайыз несие бойынша бір
реттік комиссия – ай сайынғы бірдей мөлшердегі төлем (аннуитет). Арыз
түскен уақыттан бастап АКЦЕНТ несиесін беру уақыты 8 жұмыс сағатынан
аспауы қажет.

2 кесте - Акцент бағдарламасы бойынша несие беру шарты.

АКЦЕНТ Несие % ставкасыНесие Ай сайынғыҚайтарылатыАртық
несиесі сомасы мерзімі жарна н жалпы төленетін
сома сома
Қазақстан 6 500 000 18 5 жыл 165 057 9 903 437 3 403 437
теңгесі
АҚШ 50 000 17 5 жыл 1 243 74 558 24 558
доллары
Евро 42 000 17 5 жыл 1 044 62 628 20 628

Ақпарат көзі: Банки Казхстана, №3, 2007

СТИМУЛ несиелендіру түсінігі
СТИМУЛ несиесі банктік қарыз немесе несие линиясы болып табылады. Оның
мөлшері 50 000 АҚШ долларынан 200 000 АҚШ долларына дейін немесе 6 500 000
теңгеден 26 000 000 қазақстандық теңгемен немесе 42 000 евродан 167 500
евроға дейін бір қарыз алушыға беріледі.
СТИМУЛ несиесін берудің шарты:
← Қарыз алушының құқықтық статусы – заңды тұлға, жеке кәсіпкер, жеке
тұлға;
← Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге несие қарыздары коммерциялық
мақсатқа байланысты беріледі;
← СТИМУЛ несиесінің шағын және орта бизнесті субьектісін
несиелендіруде жеке тұлғаларды несиелендіру барысында қары тек
тұтынушылық мақсатқа ғана беріледі;
← Қарыз алушының тұрақты бизнесі, яғни қарыз алуға арызды жазудан
бұрын 3 айдан жоғары мерзімде тоқтаусыз жұмыс істеп тұрған;
← Қарыз АҚШ доллары немесе теңгеде берілуі мүмкін;
← Пайыз сомасы теңгеде – 17%, АҚШ доллары бойынша – 16%;
← Негізгі қорларды алуды қаржыландыру мерзімі – 60 айға дейін;
← Құрылысқа және коммерциялық мүлікті алу мерзімі – 120 айға дейін;
← Толық немесе жартылай қарызды уақытына дейін төлеу кезінде айып
төленбейді;
← СТИМУЛ несиесін төлеу ай сайын бірдей мөлшерде (аннуитеттік);
← Арызды жазғаннан кейін 7 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарыз
алушыға несие беріледі.
← СТИМУЛ несиесі кезінде мынадай жағдайда қарыз алушының төлем
қаблеттілігі тексерілмейді: егер ЦеснабанкАҚ-ның депозитінде қарыз
алушының кепіл ретінде ақшалай қаражаты болса.Бұл жағдайда салынған
депозиттің мерзімі несие алу мерзімінен кем болмауы керек, яғни
екеуінің мерзімі бірдей мөлшерде не болмаса депозит мерзімі ұзақ болуы
қажет. СТИМУЛ несиесі кезінде сыйақы мөлшері былайша есептелінеді
депозит бойынша пайыздық ставка сомасы 3-4 пайыз несие бойынша бір
реттік комиссия – ай сайынғы бірдей мөлшердегі төлем (аннуитет). Арыз
түскен уақыттан бастап СТИМУЛ несиесін беру уақыты 8 жұмыс сағатынан
аспауы қажет. [13]

3. кесте - Стимул бағдарламасы бойынша несие беру шарты.

СТИМУЛ Несие % Несие Ай сайынғыҚайтарылатыАртық
несиесі сомасы ставкасы мерзімі жарна н жалпы төленетін
сома сома
Қазақстан 26 000 00017 7 жыл 531 331 44 631 798 18 631 798
теңгесі
АҚШ доллары200 000 16 7 жыл 3 972 333 683 133 683
Евро 167 500 16 7 жыл 3 327 279 459 111 959

ПРЕСТИЖ несиелендіру түсінігі
ПРЕСТИЖ несиесі банктік қарыз немесе несие линиясы болып табылады. Оның
мөлшері 200 000 АҚШ долларынан 400 000 АҚШ долларына дейін немесе
26 000 000 теңгеден 52 000 000 қазақстандық теңгемен немесе 167 500 евродан
335 000 евроға дейін бір қарыз алушыға беріледі.
ПРЕСТИЖ несиесін берудің шарты:
← Қарыз алушының құқықтық статусы – заңды тұлға, жеке кәсіпкер, жеке
тұлға;
← Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге несие қарыздары коммерциялық
мақсатқа байланысты беріледі;
← ПРЕСТИЖ несиесінің шағын және орта бизнесті субьектісін
несиелендіруде жеке тұлғаларды несиелендіру барысында қары тек
тұтынушылық мақсатқа ғана беріледі;
← Қарыз алушының тұрақты бизнесі, яғни қарыз алуға арызды жазудан
бұрын 3 айдан жоғары мерзімде тоқтаусыз жұмыс істеп тұрған;
← Қарыз АҚШ доллары немесе теңгеде берілуі мүмкін;
← Қарыз мөлшері 400 000 АҚШ долларына дейін немесе 52 000 000 теңге
немесе 335 000 евро;
← Пайыз сомасы теңгеде – 16%, АҚШ доллары бойынша – 15%;
← Айналым капиталын қаржыландыру мерзімі – 36 айға дейін;
← Негізгі қорларды алуды қаржыландыру мерзімі – 60 айға дейін;
← Құрылысқа және коммерциялық мүлікті алу мерзімі – 120 айға дейін;
← Толық немесе жартылай қарызды уақытына дейін төлеу кезінде айып
төленбейді;
← ПРЕСТИЖ несиесін төлеу ай сайын бірдей мөлшерде (аннуитеттік);
← Арызды жазғаннан кейін 7 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарыз
алушыға несие беріледі.
← ПРЕСТИЖ несиесі кезінде мынадай жағдайда қарыз алушының төлем
қаблеттілігі тексерілмейді: егер ЦеснабанкАҚ-ның депозитінде қарыз
алушының кепіл ретінде ақшалай қаражаты болса. Бұл жағдайда салынған
депозиттің мерзімі несие алу мерзімінен кем болмауы керек, яғни
екеуінің мерзімі бірдей мөлшерде не болмаса депозит мерзімі ұзақ болуы
қажет. ПРЕСТИЖ несиесі кезінде сыйақы мөлшері былайша есептелінеді
депозит бойынша пайыздық ставка сомасы 3-4 пайыз несие бойынша бір
реттік комиссия – ай сайынғы бірдей мөлшердегі төлем (аннуитет). Арыз
түскен уақыттан бастап ПРЕСТИЖ несиесін беру уақыты 8 жұмыс сағатынан
аспауы қажет. [15]

4 кесте Престиж бағдарламасы бойынша несие беру шарты.

ПРЕСТИЖ Несие % Несие Ай сайынғыҚайтарылатыАртық
несиесі сомасы ставкасы мерзімі жарна н жалпы төленетін
сома сома
Қазақстан 52 000 00016 10 жыл 871 068 104 528 18852 528 188
теңгесі
АҚШ доллары400 000 15 10 жыл 6 453 774 408 374 408
Евро 335 000 15 10 жыл 5 405 648 567 313 567

Сонымен қатар Халық БанкАҚ-да қаржылық лизинг бағдарламасы да шағын
және орта бизнесті несиелендіруге көп үлесін қосады. Төмендегі кесте
бойынша Халық БанкАҚ-ның алғашқы жарнаға байланысты лизингтің жылдық
пайыз ставкаларын № 5 кесте арқылы қарастырайық.

5 - кесте Алғашқы жарна сомасына байланысты лизингтің жылдық
ставкасы

Лизинг сомасы, Алғашқы жарна 20% Алғашқы жарна 35% Алғашқы жарна 51%
теңге - 35% - 50% жоғары
5 000 000 18% 17,5% 17%
13 000 000 17,5% 17% 16,5%
70 000 000 17% 16,5% 16%
130 000 000 16,5% 16% 15,5%
130 000 000 16% 15,5% 15%

Қосымша материалда кесте бойынша Халық БанкАҚ-ның шағын және орта
бизнес кәсіпкерлеріне коммерциялық мүлік пен автокөлікті лизинг
бағдарламасы арқылы алу жолдары көрсетілген.(А)
Қазақстан Халық Банкі АҚ Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-мен
бірлесіп Бизнес-SuperLights жаңа кредит беру бағдарламасын ұсынады.
Кредит алу үшін қарыз сомасының 20 %-ы мөлшерінде депозит немесе
жылжымайтын мүлік түріндегі өтімді қамтамасыз ету кепілдігі болса
жеткілікті.
Кредит қандай мақсатқа беріледі:
- Құрал-жабдық сатып алуға;
- Өндірісті жаңартуға ;
- Негізгі құралдарды кеңейтуге.
Бағдарламаның талаптары:
- Кредит 8 000 000 теңгеден 80 000 000 теңгеге дейін сомаға беріледі
- Кредит берілетін мерзім - 5 жылға дейін
- Кредит берілетін валюта - теңге
- Сыйақы ставкасы - теңгемен, жылына 14,5 %-дан бастап
- Сыйақы төлеудің жеңілдетілген кезеңі: - жұмыс істеп тұрған бизнес
үшін - 3айғадейін
- жаңа басталған бизнес үшін - 6 айға дейін
- Негізгі борыш төлемі бойынша жеңілдетілген кезең: - жұмыс істеп
тұрған бизнес үшін-6 айға дейін
- жаңа басталған бизнес үшін - 12 айға дейін
Қамтамасыз ету кепілдігі:
- депозит жәненемесе өтімді жылжымайтын мүлік - қарыз сомасының
20 %
- сатып алынатын негізгі құралдар - қарыз сомасының 80 %-на дейін.

Шағын бизнес шағын кредит беру бағдарламасы Бизнестің дамуы үшін
ыңғайлы бағдарлама
Кредит не үшін керек:
- тауар айналымды ұлғайту, өндірісті немес көрсетілетін қызмет көлемін
кеңейту;
- мүлікті сатып алу; коммерциялық мақсаттағы ғимараттар мен орындарды
жөндеу; жер телімдері мен жылжымайтын мүлікті сатып алу; коммерциялық
мақсаттағы құрылыс
Бағдарламаның шарттары
Несиенің сомасы 7 500 000 теңгеге дейін
- Несиенің ең ұзақ мерзімі – 7 жыл
- Кредиттің валютасы – теңге АҚШ доллары
- Кредитті өтеу бойынша жеңілдікті кезең – 12 айға дейін
- Бизнес-жоспар қажет емес
- Несие алу мерзімі – өтінімді сараптау 3 күнге дейін + кепілдікті тіркеу
- Айтылмыш бизнеспен айналысу мерзімі – 6 айдан кем емес
Кепілдікке алынатын мүлік:
Жылжымайтын дүниемүлік, автокөлік, жабдықтар (өндірістік, офистік, сауда),
жеке бас мүлкі, айналымдағы тауарлар.
1.3 Шағын және орта бизнесті несиелендіру барысындағы шетелдік тәжірибе
Кейінгі онжылдықтарда экономикасы дамыған Батыс елдерінде бәсекенің
дамуы әсерінен шағын және орта бизнесті несиелендірудің рөлі арта түсті.
Мұның басты себебі-экономикалық сектордың кәсіпорындарына тән
артықшылықтар.
Тұрақты экономикалық жүйеде шағын және орта бизнесті несиелендіру не
береді? Олар:
1. динамикалық түрде дамуы мүмкін;
2. кәсіпкерлердің сұранысының өзгеруіне төзе бейімделе алады;
3. бәсекелес нарықтық қатынастарға ықпал етеді;
4. экономиканың құрылымдық қайта құрылуына әсер етеді;
5. жаңа шағын және орта кәсіпорындар ашылып жұмыс орындарын ашады;
6. жаңа кәсіпкерлік топ пен меншік иелерінің құрылуына жағдай жасайды;
7. елдің жалпы ұлттық өнімінде үлкен үлеске ие бола алады;
8. мемлекеттік бюджетке үлкен қаржы сомаларын береді.
Дамыған елдерде шағын және орта бизнес кәсіпорындар мынадай салалар
бойынша несиелендіреді: сауда, автосервис, құрылыс, қызмет көрсету салалары
т.б. Қазір шағын және орта бизнес кәсіпорындары жоғары технологиялық
сфераларға: машина құрылысы, энергетика, электротехника, химиялық
өнеркәсіп, транспорттық қызмет, информатика, микроэлектроника,
телекоммуникация салаларына әртараптандырылып жатыр.
Шағын және орта кәсіпорындардың ірі кәсіпорындармен қатар қызмет етуі
дамыған елдер экономикасына тән белгі. АҚШ-та өз ісімен айналысушы
азаматтар, яғни кәсіпкерлер үлкен құрметке ие. Нарықтық экономикаға бет
бұрған елдер үшін АҚШ-тағы шағын бизнесті несиелендіруді дамыту тәжірибесі
үлкен маңызы бар.
Экономикалық өсу және құлдырау кезінде, жаңа жұмыс орындарын ашу мен
қысқарту кезінде шағын және орта бизнесті несиелендіру жұмыссыздық
проблемасын бәсеңдетеді.
АҚШ-та шағын және орта бизнесті несиелендіру тұрақты түрде
мемлекеттік қолдауға ие. Әр түрлі мемлекеттік реттеулер мен қолдау шаралары
құқықтық базаға негізделеді. Солардың бірі Шағын және орта бизнесті
несиелендіру туралы заң. АҚШ конгрессінде шағын және орта бизнесті
несиелендіру проблемаларымен екі комитет айналысады. Федералдық деңгейде
шағын және орта бизнесті несиелендіру әкімшілігі қызмет атқарады.
Әкімшіліктің басты функциясы-шағын бизнесті жан-жақты қолдау. Сондықтан да
АҚШ конгресі шағын және орта бизнеске тікелей бақылау жасайды. Конгресс
шағын бизнесті несиелендіруді қолдау және дамыту мақсатында бірнеше
программа жасады. [14]
АҚШ шағын және орта бизнесті несиелендіруді қолдаудың мемлекеттік
жүйесі мынадай:
← бюджеттен тікелей дотациялар беру;
← шағын және орта бизнеске несие беру кезінде мемлекеттік кепілді
қолдану;
← шағын және орта бизнесті екінші деңгейлі банктер арқылы төмен
пайдамен несиелендіру;
← мемлекет тарапынан және екінші денгейлі банктер тарапынан лизингтік
несиелендіру;
← шағын және орта бизнесті несиелендіруде салықтық жеңілдіктер беру.
Сондықтан да АҚШ шағын және орта бизнесті несиелендіруді дамытуға
үлкен мән беріп отыр, оның дамуына барлық жағдай жасалған деп
қорытындылауға болады.
Шағын және орта бизнесті несиелендіру жөнінде Жапония мемлекеті де
үлкен тәжірибеге ие болып отыр.
Жапонияда шағын және орта бизнесті несиелендіруде ерекше назар
аударады. Себебі, шағын және орта бизнесті несиелендіру арқылы Жапония
соғыстан қираған елден жоғары технологиялық дамыған елге айналды.
Жапонияның халық шаруашылығында шағын және орта бизнес субъектілерінің
саны, жұмысшылар саны, тауар айналымы басқа секторлармен салыстырғанда
алдыңғы қатарда тұр. Дәстүр бойынша әрбір ірі корпорация өз жанында бірнеше
шағын кәсіпорын құрады. Бұл кәсіпорындар бас кәсіпорынға тәуелсіз болады
және өздерінің ұйымдық құрылымын жасайды, жаңа өнімдерді шығара бастайды.
Жапонияда шағын кәсіпорындар үлесіне: өндірістік өнімнің 55%-ы,
көтерме сауданың 60%-ы, бөлшек сауданың 80%-ы тиеді. Еркін нарықтық бәсеке
шағын кәсіпорындарға сыртқы ортаға бейімделуіне көмектеседі. Мұндай
жағдайда мемлекеттік органдар шағын кәсіпорындарға құрал-жабдықтарды
жаңартуға, технологияны жақсартуға, өнімге деген сұранысты ұлғайтуға көмек
береді. Жапонияның шағын бизнесті мемлекеттік қолдауының басты ерекшелігі-
басымды бағыттарды дамытудағы уақыт мерзімі. Басымдылық бағыттар бір немесе
одан да көп жылдарға бекітіліп, кейіннен өзгеріп тұруы мүмкін. Мемлекет
шағын кәсіпорындарға мемлекеттік тапсырыстарды алуда да көмектеседі.
Жапонияда шағын бизнесті мақсатты түрде бюджеттен қаржыландырады. Әрбір
министрлік, әр ведомство өз шығындар бюджетіне шағын бизнеске жұмсалатын
қаржыны кіргізеді. Шағын және орта кәсіпорындарға жеңілдетілген салық
мөлшерлемесі қолданылады. Жапонияда шағын және орта кәсіпорындар жалпы
ұлттық өнімнің 73%-ына ие болып отыр.
Экономиканы құрылымдық қайта құру үшін шағын бизнесті несиелендіруді
дамыту маңызды мәселе. Ресей Федерациясында экономиканың бұл секторын
дамыту мақсатында бірқатар экономикалық шаралар жасалынып, жүзеге асырылды.

1995 жылы Ресей Федерациясында Шағын бизнесті мемлекеттік
несиелендіруді қолдау туралы заң қабылданды. Бұл заң бойынша жаңадан
құрылған кәсіпорындар 2 жылға дейін табыс салығын төлеуден босатылады.
Шағын және орта бизнесті несиелендіруді қолдаудың Федералдық Қоры арқылы әр
түрлі жобалар қаржыландырады. Бұл қорға федералдық меншіктегі
кәсіпорындарды жекешелендіруден түсетін қаржының 5%-ы келіп түседі.
Федералдық Қор арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыру жүйесі екі
қағидаға негізделген:
← Федералдық Қордан жұмсалатын әрбір рубльге аймақтардан да бір рубль
жұмсалуы керек;
← Қаржыландыру өкілетті банктер арқылы жүзеге асады. Қор банкке өз
резервтік қаржысын салады, ал банк өз қаржысынан аймақтарда
кәсіпкерлерді қаржыландырады.
Шағын және орта бизнесті несиелендіруді қолдаудың аймақтық қорлары мен
орталықтары барлық аймақтарда құрылған. Шағын кәсіпкерлік федералдық және
жергілікті бюджеттерден қаржылық көмек алады, жергілікті салықтар бойынша
әр түрлі жеңілдіктерге ие. Сонымен бірге жергілікті бюджеттерден шағын
бизнестің инфрақұрылымын құру жобалары да қаржыландырылады.
Біз Ұлыбританияны мысалға алып, ең кең таралған банкілік несие беру
түрін қарастырамыз.
Ағылшын бланкілері коммерциялық мекемелерге қысқа мерзім несие
беруде овердрафт түрін пайдаланады . Овердрафт күнделікті есеп шотпен
байланысты келісім бойынша банк есеп шоттың қожайынына сомаға чек жазып
беруге рұқсат береді, бұл сома лимит түрінде белгіленген несие қалдығынан
жоғары асуы мүмкін.
Ұлыбританиядағы овердрафт мерзімдері – бірнеше айдан бірнеше жылға
созылады, бірақ банк несиені жылына бір рет толық төлеуін талап етеді және
әр жыл сайын клиенттің жағдайын зерттейді. Егер қарыздардың өтеу қабілеті
күдікті болса, келісім шарты бұзылады. Овердрафт бойынша пайыздар күнде
қалдық бойынша өседі. Несиенің бұл түрі ең арзан, себебі клиент пайдаланған
қаражат үшін төлейді.
Екінші дәстүрлі несие берудің ағылшын банкілері қолданылатын түрі –
қарыз есебімен берілетін несие. Овердрайфтан айырмашылығын айтсақ, клиентке
арнайы есеп-шот ашылып, оның есебіне несие сомасы жазылады. Бір уақытта
клиенттің күнделікті есеп-шот несиелерін, клиент чек жазып алып не болмаса
ақша түрінде алуы мүмкін. Бұл есептеу арқылы берілген несие капиталдық
шығындар мен әр түрлі коммерциялық жобалар жасау үшін істелінеді.
Мұндай несиенің мерзімдері әр түрлі. Олар сатып алынған
жабдықтардың экономиялық өміріне байланысты. Бұл несиелер орта және ұзақ
мерзімді. Пайыздар үш айлықта бір жиналып, клиенттің күнделікті есеп -
шотынан алынып отырылады.
Пайыз ставкасының мөлшері банкінің негізгі ставкасына қосылма
қосылуымен анықталып, не болмаса нарық ставкасының өзгеруімен байланысты
болады.

Лизингтік операциялар Ұлыбританияда кең таралған. 70 жылдар басында
қымбат және ірі жабдықтарды жалға алуды қаржы үйлері қаржыландырған. Олар
тәжірибеде лизинг ретінде жалға алынған жабдықты толық төлеп, не болмаса
сатып, жалға беру шарттары қарастырылады. Бұл орайда компания өз жабдығын
қаржы компанияға сатып, соң жалға қайта алады.
Шетелдік тәжірибеге қарап, Республикамызда атқарылатын несиелендіру
іс-шараның әлі көп екенін байқауға болады. Шағын және орта бизнесті
несиелендіру туралы заң атқарылатын іс-шаралардың бастамасы ғана,
экономиканың бұл секторын көтеру үшін жүйелі түрде жұмыс атқарылуы керек.
Республикамызда шағын және орта бизнеске кәсіпкерлеріне қағаз жүзінде емес,
шет елдегі сияқты нақты көмек қажет, яғни қаржылай төмен пайызбен несие,
несие алу жолдарын жеңілдету, мемлекет бюджетінен тікелей қаржыландыру,
лизингтік несиелеу бойынша көмек жасау керек.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШЫҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ
НЕСИЕЛЕНДІРУДІ ТАЛДАУ

2.1 Халық Банк АҚ жалпы экономикалық көрсеткіштерін талдау

1992 жылы 17 қаңтарда Халық Банк коммерциялық банкі Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкінде тіркелді. Басты (головной) кеңсесі Астана
қаласында орналасқан. Банктік филиалдың желісі Қазақстанның барлық
облыс орталықтарымен тұрғындардың саны 100000 адамға жететін
қалаларда 50 – ден астам сату орталықтарын құрайды. Банктің тұрақты
көрсеткіші айтарлықтай орнықты, оның қабілеті жоғары пайдалы операцияларда
қатысу. 2006 жылдың 1 қаңтарындағы Банктің жеке капиталы 1,5 млрд. теңгені
құраса, оның ішінде Банктің несие қоржыны 21,6 млрд.теңгені құрады. Осы
жылғы Банктік активтердің сапасына да маңызды назар аударылды. Терең
экономикалық талдау және активтер икемділігіне қойылатын талаптар мен
пайдалылық дәрежесі негізінде несиелік шешім қабылдау және басқа да актив
операцияларын жүргізу саясаты іске асырылды. Қорыта келгенде Банк активтері
2006 жылдың 1 қаңтарына 33,7 млрд.теңгені құрады. Ал Халық Банк АҚ жалпы
активін талдайтын болсақ кестеден келесі қортынды шығаруға болады.

6. кесте - Халық Банк АҚ 2004- 2006 жылдарындағы бухгалтерлік балансы
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстана шағын және орта бизнесті несиелендіруді талдау
Шағын бизнес шағын кредит беру бағдарламасы
Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту бағыттары
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті несиелендіру
«Банк Центр Кредит» АҚ-ның мысалы негізінде Қазақстанда шағын және орта бизнесті несиелендіруді ұйымдастыруды жетілдіру
Шағын және орта бизнесті несиелеу
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
Қазақстандағы шағын және орта бизнесті несиелендіруді дамыту
Шағын және орта бизнесті дамытудың, несиелендірудің тиімділігі
Шағын және орта бизнес үшін қаржы ұйымдастыру ерекшеліктері
Пәндер