Шалқар курорттық зонасының экологиялық жағдайлары


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Жаратылыстану- педагогикалық факультеті
“География, экология және ПОӘ” кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: «Шалқар курорттық зонасының
экологиялық жағдайлары»
Диплом жұмысын орындаушы: сырттай
бөлім студенті Жұмабаева А. К.
Ғылыми жетекші: аға оқытушы
Шаймерденов М. К.
КӨКШЕТАУ-2009
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. СОЛТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚЫСҚАША ФИЗИКО-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ 5
1. 1. Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы республикалық сипаттағы табиғат ескерткiштерi мен табиғат кешендері 7
1. 2. Көкшетау МҰТС және онда жүргізілетін іс-шаралар 16
1. 3. Саябақ орналасқан ауданның қысқаша әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы 21
2. ШАЛҚАР РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ДЕМАЛЫС АУМАҒЫНЫҢ ФИЗИКО-
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ 23
2. 1. Шалқар курорттық зонасының жер бедері, топырағы 24
2. 2. Шалқар курорттық зонасының климаты 28
2. 3. Геологиясы 31
2. 4. . Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі 33
2. 5 Шалқар курорттық зонасының экологиялық бағыттары 36
2. 6. Шалқар көлі және оның экологиялық жағдайы 42
3. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМ - ТҰРАҚТЫ ДАМУ ФАКТОРЫ 44
3. 1. Туризм дамуының қазіргі жай-күйіне талдау 48
3. 2. Шалқар курорттық зонасына әсер ететін экологиялық факторлар__ 50
3. 3. Ормандардың рекреациялық қызметі 54
3. 4. Өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi бар түрлерiн қорғау 58
ҚОРЫТЫНДЫ 62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 65
ҚОСЫМШАЛАР 67
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев елімізді дамытудың маңызды бағыттары қатарында туризм индустриясын барынша өркендетуге басымдық сипат беруде. Әлемнің озық мемлекеттерінің қатарынан көрінуде саланың серпінді секірістер жасауы шешуші мәнге ие болмақ. Елбасы бұл орайда астаналық, Ақмола облысының мойнындағы жүктің салмақтылығын бірнеше қайтара атап көрсетті. Туризм мен еңбекшілер демалысын жаңа сатыға көтеру, туристік индустрияны заман талаптарына сәйкестендіру арқылы әлемдік кеңістіктегі абыройымыз асқақтайтыны мәлім. Елбасының туристік кластерді қалыптастыру жөніндегі тапсырмасы күн тәртібіндегі өзекті мәселе екендігі де сондықтан [1] .
Жұмыстың өзектілігі: Тарихи танымдық, табиғи тартымдылық, жағрафиялық орналасу тұрғысынан қарағанда, нарықтық қатынастардың белді буыны - туристік бизнес индустриясын дамытуда Ақмола облысының маңдайы жарқырап тұрғаны белгілі. Сарыарқаның сардаласы халық тағдырымен өзектес аңыз-әфсаналарға, сол әфсаналарды жасап жатқан кешегі толқын, бүгінгі ұрпақтың ерлік өнегесіне толы. Көркем де таза табиғат жан сұлулығын қалыптастырады. Міне, біздің алтын өлкеміз осындай қайталанбас ерекшеліктерге толы. Бөлектеп айтар артықшылық - әсем Астанамыздың қол созым жерде орналасқандығы. Қазақстанды жаһанға таныстыруда Бурабайдың аты алдымен ауызға ілінетіні анық. Мәселе оның, мәңгілік сұлулығында ғана емес, адам баласының сұлу болып тәрбиелене білуге талпынысында болса керек. Мұндай кәусарлардың қатарына Шалқар, Зеренді демалыс аймағын қосамыз.
Қадірін білсе, демалыс аумақтары адамдарға қызмет етуден танбайтындығымен тамсандырады. Оның өн-бойында туристік бизнесті, емдеу-сауықтыру кешендерін жаңа сапалық деңгейге көтерудің негіздері толығымен бар дей аламыз.
Бірақ бүгінгі күні адамдардың қоршаған ортаға бей-жай қарауының салдарынан, антропогендік әсерлердің күрт артуынан курорттық аудандардың экологиялық жағдайының нашарлауы белең алуда. Сондықтан табиғаты көркем, ерекше табиғат туындыларымен ерекшеленетін табиғи рекреациялық аумақтарды экологиялық тұрғыдан зерттеп, экологиялық қауіп-қатердің алдын-алу бүгінгі күннің өзекті мәселесі дейміз.
Зерттеу нысаны . Шалқар курорттық зонасы
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Шалқар курорттық зонасының экологиялық жағдайына талдау жасап, оның алдын-алу мәселелерін қарастыру.
Осы мақсаттарға жету үшін төмендегідей міндеттер алға қойылды:
- Шалқар курорттық зонасының физико-географиялық жағдайын сипаттау;
- Шалқар курорттық аумағының экологиялық ахуалы мен оның табиғатын қорғау мәселелеріне талдау жасау;
- Шалқар курорттық зонасының экологиялық бағыттарын айқындау;
- Курорттық аймақтың өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғау мәселесін қарастыру;
- Туризмді дамытуда қоршаған ортаның әсерін айқындау.
Зерттеу әдістері . Жұмысты жүргізу барысында зерттеудің кешенді әдістері: географиялық, экологиялық, биологиялық әдістері пайдаланылды.
Жұмыстың практикалық маңызы. Жұмыс барысында алынған мәліметтерді қоршаған ортаның экологиялық мәселелерін түсіндіру үшін және демалыс аймақтарының географиялық орналасуын айқындауда, туризмді дамытуда пайдалануға болады.
1. Солтүстiк Қазақстан облысының қысқаша физико-географиялық сипаттамасы
Солтүстiк Қазақстан облысы (СҚО) Қазақстанның ең солтүстiгiнде орналасқан, ал физико-географиялық қатынаста - Батыс-Сiбiрлiк жазықтың оңтүстiк және жарым-жартылай - Қазақ ұсақ шоқы аумағында (Сары-Арқа) . Облыстың ең солтүстiк нүктесiнiң координаты: 55026/ с. е. (бұл Мәскеудiң ендiгiне сәйкес келедi) және 68059/ ш. б., шеткi оңтүстiк нүктесінiкi - 52013/ с. е. және 67019/ ш. б., шеткi батыс нүктесінiкi - 54000/ с. е. және 65057/ ш. б., шығыстық - 52050/ с. е. және 74002/ ш. б. шеткi нүктелер арасында. Екi шеткi нүктенiң арақашықтығы бойлығы бойынша 8005/, ендiгi бойынша - 3013/ құрайды. Шеткi нүктелердiң тiкелей ұзындығы бойынша солтүстiк-оңтүстiк бағытында 375 км тең, батыстан шығысқа қарай - 602 км-ге тең [2] .
Облыс аумағы солтүстiкте Ресей Федерациясының Қорған, Түмен және Омбы облыстарымен, оңтүстiкте - Қазақстан Республикасының Ақмола облысымен, батыста - Қостанай және шығыста - Павлодар облыстарымен шектеседi.
Облыстың жалпы аумағы 9, 8 млн. га құрайды, халықтың саны 2008 жылдың басына - 652, 6 мың адам, соның iшiнде 230, 2 мың қалалық, 422, 4 ауылдықты құрайды.
Облыста 13 әкiмшiлiк аудан, 5 қала бар, олар - Петропавл, Булаев, Мамлют, Тайынша, Сергеевка, 4 қала типтi кенттер - Смирнов, Талшық, Новоишим, Кiшкенекөл.
Облыстың әкiмшiлiк орталығы - Петропавл қаласы.
Обылыстың жер бедері тарапында үшiн әлсіз бөлшектену, ойлы-қырлылық, бетiнiң солтүстiкке және солтүстiк-шығысқа бейiмделуi тән [2] .
Геоморфологиялық аудандастыру кезiнде облыстың жазықтық бөлiгi көне көлдiк неогендiк Батыс Сiбiр үстiртiне жатады, олар Тобол және Ертiс өзендерiнiң алқаптары арасындағы үлкен кеңiстiктердi қамтыған. Облыстың жазықтық бөлiгi деңгейi теңiз бетiнiң 125-200 метр биiктiгiнде жатыр. Кiшкентай белегірлермен қатар оңтүстiк-шығыс бөлiгiнде iрi тұзды көлдердiң шұңқырлары бар. Олар: Калибек, Үлкен-Қарой, Теке, Сілеті-Теңіз - теңiз деңгейінен 29 м биік жатыр. Ең биiк нүктесі - Жақсы Жаңғызтау шыңы - 730 м.
Облыстың оңтүстiк-батыс бөлiгi Сарыарқа және көнеден қалыптасқан таулы-шоқылы бедерi болып табылатын Көкшетау қыратының аумағында орналасқан, толқынды-бөктерлi iргелiк денудациялық жазықтарымен қосылады. Батыс Сiбiр жазығының оңтүстiк шекаралық шетi толқынды көне-абразиондық және абразионды-жинақтық жазықтарымен белгiленген, онда тау жыныстары терең кетпеген, топырақ қабатының астынан-ақ табылады. Үстiрттiң жазықтық бетiнде жалғыз тұрған төбелер немесе биiк емес шоқылар көтерiледi (20-30 м дейiн) . Одан жоғарырақ шоқылар сирек кездеседi, олардан - Сырымбет тауы, Бүркiт тауы (Жаман-Сопка) . Бүркiт тауының биiктiгi теңіз деңгейінен 371 м биіктікте [3] .
Көкшетау қыраты үшiн эрозионды-тектоникалық және эрозиондық алқап жүйелерi тән, кейде қайта тереңдетiлген, палеогеннiң аллювиальдi шөгiндiлермен толтырылған, көл, неогеннiң көлдi-аллювиальдi қалыңдықтармен, жарым-жартылай заманға сай гидрожүйемен игерiлген.
СҚО аумағы меридианальдi бағытта терең және жақсы жүйеленген Есiл өзенi алқабымен екіге бөлінген.
Есiлдің облыс шегiнде жаймаланған алқабы бар, оның енi оңтүстiкте бiрнеше километрден солтүстiк бөлiгiнде 20-22 км дейiн жетедi.
Облыстың сол жақтық бөлiгiнде өте қызықты рельеф кездеседі, ол жал атына ие болған. Ол морфологиясымен, яғни сыртқы көрiнiсiмен, геологиялық құрылысымен, пайда болу құпиялығымен ерекшеленедi.
Жал деп ұзын жайпақ қатарларды атайды, 1-2-ден 20-25 км дейiн созылады. СҚО шегiнде олардың ұзындығы 15 км құрайды. Жалдардың биiктiгi 3-4-тен 15-18 м дейiн созылады. Жалдарға тән ерекшелiктiң бiрi олардың бiрқалыпты бағдары: ұзын бiлiктерi батыс-оңтүстiк -батыстан шығыс-солтүстiк-шығысқа қарай созылған.
Облыс аумағында 3425 қолданыстағы көл сулары пен суалып бара жатқан көлдер бар. Олардан ең iрiсi (су айдынының алаңы бойынша) : Сілетітеңіз (777 км2), Теке (265 км2), Шағлытеңіз (240 км2), Кiшi-Қарой (102 км2) . Сиверга, Меңгесер, Становое, Үлкен Тараңғұл (Тереңкөл) және т. б. көлдердiң айдыны 30-50 км және одан астам алаңдары бар. Алайда саны бойынша көлдер мен көлдiк қазаншұңқырлар негізінен 1 шаршы шақырымға жуық болып келеді.
Көлдердiң тереңдiгi генезисі пен шұңқырларға байланысты. Ең тереңдiлiгiмен Көкшетау қыратының көлдерi ерекшеленедi: Шалқар - 15 м, Жақсы-Жаңғыстау - 14, 5 м, Имантау - 10 м. Бiрақ, 5-3 м кем емес тереңдiктегі көлдер басым [4] .
Құнарлы қара топырақтарымен облыстың жазықтық рельефi аумақтың жоғарғы жер жыртылу деңгейiне ықпал еттi.
1. 1. Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы республикалық сипаттағы табиғат ескерткiштерi мен табиғат кешендерi
Табиғатты қорғаудың бiрден-бiр маңызды мiндетi - табиғи экожүйенi адамзат шаруашылығы қызметi саласынан толық немесе бөлшектеп алып шығу. Осыған байланысты ерекше қорғалатын табиғи аймақтар (ЕҚТА) - заңмен бекiтiлген тәртiпте табиғи ландшафты пайдалану шаруашылығы толық немесе оның жеке бөлшектерi шығарылған немесе шектелген құрлық және су телiмдерi пайда болды. Бұл әрекеттер арнайы қорғау мезгiлiнiң енгiзiлуiмен қоса жүргiзiледi.
Солтүстiк Қазақстан облысындағы ерекше қорғалатын табиғи аймақтар 2008 жылдың басында 598, 5 мың га құрады [2] .
Табиғи ландшафтарды сақтап қалу мәселесi қазiргi кезде СҚО аумағында өте маңызды болып табылады. Аймақтың жазықтығы, жағымды агроклиматтық ресурстар Қазақстанның басқа облыстарымен салытырғанда шаруашылық қатынасында игерудiң барынша жоғары деңгейiне жетеді деп қарастыруға болады. Ауылшаруашылығына пайдаланатын жер-сулар аймағының 86 пайызын құрайды. Осылайша, жер пайдаланудың жалпы құрылымында экологиялық қор деп аталатын жер аз қалған, ол жерлер жалпы экологиялық жағдайды тұрақтандырады. Экологиялық қор жерлерi шамамен 11% құрайды (оның iшiнде ағаш-бұталы екпелер шамамен 7, 0% басып жатыр, көлдер жалпы аймақтың шамамен 3, 5 пайызын алып жатыр) . Бұл орналасу қазiргi ландшафтардың ендi табиғи еместiгiн байқатады, яғни өзiндiк реттеу табиғи механизмi бұзылған қатты өзгерген табиғи-антропогендi кешендер болып табылады. Табиғи ландшафтар барлығы дерлiк қолайсыз жерлерге ысырып тасталынған: өзен алқаптарының баурайлары, жыра, сайлар және тағы басқа жерлер. Егер де бұндай жағдайда орманды дала және дала табиғи зона ретiнде жойылып кету мүмкiндiгi туралы айтар болсақ, онда бұл ең алдымен СҚО-ға қатысты болар едi. Егер фауна және флора қорықтық аймақтармен қорғалатын болса, орман дала территориясында бұлай ерекше қорғалатын табиғи аймақтар (ЕҚТА) жоқ.
Әрекет етушi қорықтар (Мамлют, Согров, Смирнов, Орлиногорск), сипатына қарай нақты заңды тұрғыда қорғалатын территорияларға жатпайды - тiптi олардың аумақтары қазақстандық статистикаға қорғалатын аймақ ретiнде енгiзiлмеген (Қосымша 1) .
Әлемдiк қорықтық қорғау туралы жiктмеде мұндай қорғау формасы жоқ. Бұл дұрыс та - егер мекендеу ортасы қорғалмаса, онда органикалық әлемнiң қандай да бiр түрiнiң қорғалатынынан оң нәтиже күту қиын. Осы жағдайды қарастырар болсақ, СҚО территориясында әзiрше ЕҚТА жоқ («Көкшетау» ұлттық паркiнiң үш бөлiмшесiн есептемегенде) . Сондықтан, ендi қорықтарды толық ЕҚТА көшiру жөнiнде ойлануымыз керек. «Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды дамыту және орналастырудың 2030 жылдарға арналған концепциясына» сәйкес, ЕҚТА аумағын 17, 5 млн. гектарға дейiн кеңейту көзделген, олар республика территориясының 6, 4 пайызын алатын болады. Солтүстiк Қазақстан облысының тамаша табиғаты қорғалатын қорда болуға әбден лайық [5] .
Бұл қорықтар облыстағы барлық фауна мен флора өкiлдерiн сақтап қалу мақсатында құрылған, дегенмен әсiресе көктемгi және күзгi мерзiмде жаппай шоғырлану жерлерiне ұшып келетiн суды мекендейтiн жабайы құстарға, жабайы тұяқтылар: бұғы, қабан, елiктерге, сонымен қатар құр, ақ және сұр құрларға, жабайы құстарға және тағы басқаларға арналған.
Қазақстанның ең солтүстiгiнде орналасқан суырлар түрін сақтап қалу мақсатында 1998 жылы облыс әкiмiнiң шешiмiмен облыстық сипаттағы мынадай қорықтар құрылды: Тимирязев ауданы аймағындағы Ақсуат қорығы (аумағы 10, 5 мың га) және осы аудан аймағындағы Ақжан қорығы (аумағы 27 мың га) [6] .
Облыстың ерекше қорғалатын орман территорияларына «Көкшетау» Мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi (МҰТС), мемлекеттiк табиғи орман ескерткiштерi (МТОЕ), орман генетикалық резерваттары жатады. Бұлардың барлығы жыныс құрамы, екпелердiң құрылымы және басқа да табиғи ерекшелiктерi жөнiнен бiрегей, сонымен бiрге орманмен төселмеген жер-сулары бар, ерекше ғылыми және мәдени-эстетикалық құндылығы бар жер телiмдерi немесе алаптары болып табылады.
Бұлардан басқа, ҚР Үкiметiнiң 27. 06. 01 ж. № 887 қаулысымен облыс территориясынан республикалық сипаттағы табиғат ескерткiштерiне 181, 1 га жер бөлiндi (1-кесте ) [7] .
Облыстың мемлекеттiк мекемелерiнде 2043 га генетикалық резерватрат бөлiндi, ол жапырақты екпелер (7 га) және қайың түрiнде (2036 га) берiлген. Жапырақтылардың генетикалық резерваттары Аққайың мемлекеттiк мекемесiнде, қайыңдар Булаев (668 га), Соколов (788 га) және Есiл (580 га) мемлекеттiк мекемелерiнде орналасқан [8] .
Табиғат кешендерi.
Солтүстiк Қазақстан аумағында республикалық маңыздағы бiрегей табиғат кешендерiнiң қатары орналасқан. Бұл бiрегейлiгi «Қасiрет белдеуi» бекiнiсiнде қызмет атқарған 19-ғасырдың жергiлiктi әскери шенеунiктерiмен де бiрнеше рет аталып өткен.
1-кесте. СҚО аумағындағы республикалық сипаттағы табиғат ескерткiштерi
Мысалы, полковник Левинцовтың 1881 жылғы 18 шiлдемен көрсетiлген анықтамасында «местность эта одарена всеми благами природы: огромными, частично строевыми хвойными лесами, обилием речных и озёрных вод с рыбной ловлей, пространными лугами с бесконечными пастбищами для скота, представляет собой одно из самых крупных экономических богатств Петропавловского уезда» деп көрсетiлген.
Солтүстiк Қазақстан облысының Айыртау әкiмшiлiк ауданының аумағында «Көкшетау» мемлекеттiк ұлттық табиғат саябағының Шалқар және Имантау өңiрлiк бөлiмшелерi орналасқан. Бұл - Солтүстiк Қазақстанның бiрегей табиғат кешендерiн, тарихи және мәдении ескерткiштерiн, фауна мен флорасының сирек кездесетiн, құрып бара жатқан және өте құнды түрлерiн сақтауға арналған ерекше қорғалатын аумақтар. Бұл аумақ орманды-далалы және далалы климаттық аймақтарға жатады. Климат ыстық жазы және қатал, аз қарлы қысымен шұғыл континентальды. Әртүрлi экожүйенiң бар болуы жануарлардың алуан түрлiлiгiн анықтайды. Осында сүтқоректiлердiң 160 түрiне дейiн және 200-дей құс түрi саналады, бұл экологиялық туризмнiң дамуына себепшi болып отыр [6] .
Имантау табиғат аумағы
1. 1-сурет. Имантау көлі
Солтүстiктен оңтүстiкке 70 шақырымға, шығыстан батысқа 65 шақырымға созылған табиғи шұратты ұсынады. Оның негiзiн су қоймалары және Имантау көлiмен тау-орман массивi құрайды, ол шын мәнiнде өңiрде ең сұлу көлдердiң бiрi болып саналады (1. 1-сурет) . Көл суы тұщы. Көл ортасында жүрек түрiнде көркем, орманмен жабылған шағын арал. Көлдiң түбi тегiс. Оңтүстiк және солтүстiк жағынан жағалары құмды, оңтүстiк-батыс шығысынан - жартас.
Ормандар көлдермен бiрлесе ерекше микроклимат жасайды. Бұнда бұғылар, елiктер, борсықтар, түлкiлер, тиiндер, құрлар, кекiлiктер және жануарлардың басқа түрлерi мекен етедi. Котелок шоқысы, «Казачий» аралы, «Буян» шатқалы - табиғат ескерткiштерi өзiне жергiлiктi тұрғындар мен демалушыларды қайталанбас сұлулығымен тартады. Көлге қол жетiмдiлiк оңай, жолдардың көлiк торабы демалыс аумағын Чистополье селосымен, әрi қарай Есiл, Торғай, Володар селоларымен, Қостанай., Челябi, Көкшетау, Омбы, Түмен, Новосiбiр қалаларымен байланыстырады [2] .
Имантау демалыс аумағы «Көкшетау» мемлекеттiк ұлттық табиғи саябағының Арықбалық өңiрлiк бөлiмшесiне жатады, оның балансына 100 орындық екi ғимараты және 40 орындық асханасымен маусымдық типтегi «Имантау» демалыс базасы жатады.
Жазғы уақытта Имантау көлiнде «Қарлығаш» балалар сауықтыру лагерi жұмыс iстейдi. «Экос» қорының экотуризм жөнiндегi халықаралық бағдарламасы аясында Имантау селосында жергiлiктi тұрғындармен шетел туристерiн қабылдау үшiн 12-15 адамдық топқа 4 селолық қонақ үйi дайындалған, тарих және табиғат ескерткiштерiне туристiк бағыттар әзiрленген.
Шалқар табиғат аумағы
Шалқар рекреациялық табиғат аумағы орта таулық бедермен сипатталады. Су бетiнiң алаңы 3241 га құрайтын Шалқар көлi аралас және қарағай орманымен қоршалған, нысаны бойынша таға тәрiздi нысаны бар. Көлдiң оңтүстiк бөлiгiнде емдiк балшық бар. Суы тұзды, таза, 10 метрге дейiн терең, өз құрамы бойынша Қара теңiз суына сәйкес келедi, терi ауруларын емдеу үшiн емдiк қасиетi бар. Жағажай аумақтары құмды, кей жерде тасты. «Тiлек тауы» табиғаттың көркем ескерткiшi болып табылады. Шалқар көлi жанында көптеген аңыздармен байланысты Айыртаушық және Глухое - 2 шағын көл жайылған. Әуесқой балықшылардың жыл бойына алабұға, тұқы, табан, сазан аулауға мүмкiндiгi бар. Көлдер биiктiгi 500 метр Екі ағайынды тауымен бөлiнген. Шатқалдар қылқанды орманмен жабылған, шыңдарында жартас гранит тектерiнiң шығулары бар [9, 10] .
«Серебряный бор» қылқанды орманы
Солтүстiк Қазақстанда қылқанды ормандардың пайда болу мәселесiнде ғалымдардың көпшiлiгi осы ормандардың Орал және Алтай ормандарымен байланысты болған ертеде кең жайылған ормандардың қалдықтары болып табылатынына сәйкес көзқарасты қолдайды. Қызылжар әкiмшiлiк ауданындағы Большая Малышка селосынан қашық емес жерде орналасқан реликтiлiк «Серебряный бор» 243 га аумақты құрайды. Ағаштардың жартысынан көбiнiң жасы 100 жылға дейiн. Қарағай орманын ақ қайыңдар айнала қоршап тұр. Сондықтан «Серебряный бор» аталған. Көптеген жылдар қатарында шырша әртүрлi ғимараттар үшiн құрылыс материалы ретiнде қолданылды. Осы жерлерде алғашқылардың бiрi болып Долматов, Красноярка, Соколовка, Вагулин селолары пайда болды. Сол кездiң өзiнде жергiлiктi табиғат ландшафтарының бiрегейлiгiн түсiнген шенеунiктер болды және олар сондықтан қарағай орманын кесуге тыйым салды. Осы әрекеттердiң арқасында бүгiн бiрегей «Серебряный борды» тамашалауға болады. Қазiр бұл Есiл өзенi жайылмасының жоғары бөлiгiн толығымен алмаса да, басым бөлiгiне ие көне қылқанды орманның шағын ғана қалдығы. Қылқанды орманның табиғаты бiрегей. Осы жерде қызамық, құлпынай, қой бүлдiрген - жидектердiң солтүстiк және оңтүстiк түрлерi тоғысқан. Мүк пен қына шүйiншөп және өлеңшөппен қатар өседi [11] .
«Жаңажол» реликтiлiк қылқанды орманы
«Жаңажол» қылқанды орманы шағын аумақты - 16 га жайғасқан және Жамбыл әкiмшiлiк ауданындағы Жаңажол селосынан 3-4 шақырым жерде көне көлдiк террассада оқшауланған. Кей жерлерде орман ылдилап көлге таман түседi. Қарағайдың табиғи өсiмi назарыңды аударады, олардың кейбiр даналары 200-жылдық жас иелерi. Осында мүк пен қынаның бiрнеше түрлерiн, орляк қырыққұлағы мен дәрiлiк купенаны кездестiруге болады. Массив орман шаруашылығының қорғауында, бiрақ қорық болып табылмайды. Бiрегей орманның өзi зор ғылыми құндылықты бiлдiредi және тиiстi қорғауды талап етедi [11] .
Согров қорықшасы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz