Сатып алу-сату шартын



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

ҚЫСҚАРТУЛАР, СИМВОЛДАР ЖӘНЕ АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕР
ТІЗІМДЕМЕСІ

КІРІСПЕ
5

1 ШАРТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
7

1.1 Шарттың ұғымы мен оның маңызы
7
1.2 Шарттың мазмұны
9
1.3 Шартты жасау
10

2 САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
14

2.1 Сатып алу-сату шартының ұғымы және элементтері
14
2.2 Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері
20
2.3 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты
29
2.4 Тауар жеткізілімі шарты
35
2.5 Кәсіпорынды сатып алу-сату шарты
46

3 САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫН БҰЗҒАН ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК 53
СИПАТТАМАСЫ
3.1 Сатып алу-сату шарты бойынша тараптардың жауапкершілік
53
3.2 Сатып алу-сату шартына қатысушы тараптардың құқықтары мен 55
міндеттері

ҚОРЫТЫНДЫ
66

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
69

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі – сатып алу-сату шартымен мемлектіміздің
көптеген азаматтық іс-әректтерімен жасалуында. Яғни, сатып алу-сату шарты
бұл азматтық қарым-қатынастың үлкен бір түрі болып табылады.
Сатып алу-сату шарты бұл — мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін
шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше
түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелігі, олар қолданылатын
салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі қолданыс
табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік
кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен
мемлекеттің мұқтажылығын тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт
арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен
ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының өзге
де түрлерінде, егер біз оларды сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен
салыстыратын болсақ ерекшеліктер байқалады. Дегенмен ол өзінің алуан
түрлілігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерінің
бірі болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережелері ұзақ даму жолынан өткен
және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – сатып алу – сату шартын бұзған үшін
жауапкершілік.
Көзделген мақсатқа сәйкес келесі міндеттерді алға қоямыз:
- Шарт туралы жалпы ережелер
- Сатып алу – сату шартының түрлері
- Сатып алу – сату шартын бұзған үшін жауапкершілік сипаттамасы
Диплом жұмысының объектісі, яғни тақырыбы сатып алу-сату шарты.Атап
өтілгендей, сатып алу-сату шарты мүлікті беру бойынша барлық қатынастарды
қамтиды. Ертеректе бөлек болған тауар жеткізілімі, келісімшарт, энергиямен
жабдықтау шарттары қазір сатып алу-сату шартының түр түрлері болып
бағаланады. Бұдан басқа, бөлшектеп сатып алу-сату шарты, кәсіпорынды сату
шарты қарастырылған. Біздің заңнамада Ресей Федерациясының Азаматтық
кодексінің екінші бөлімінде бекітілген қозғал-майтын мүлікті сатып алу-сату
туралы жалпы нормалар жоқ. Біздің ойымызша, болашақта тауар айналымының
кеңеюіне байланысты біздің азаматтық заңнамада да айтылғандай нормалар
қажет болады. Ал, негізінен қаңдай да болсын сатып алу-сату шартына ерекше
бөлімде 25-тарауда мазмұндалған жалпы нормалар тарайды.
Зерттеу пәні Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіндегі сатып
алу-сату шарттары бойынша жауапкершілік ерекшеліктерін зерттеу осы жұмыстың
пәні болып табылады.
Зерттеу әдістері: Зерттеу барысында теориялық деректер мен
тәжірибелік актілерге жүйелі түрде талдау жасау, синтездеу және топтастыру
әдістері сонымен қатар, салыстырмалы құқықтану мен жүйелік және тарихи
талдаудың әдістері, құқықтық модельдеу әдістері қолданылады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздеріне зерттеу барысында
теориялық деректер мен тәжірибелік актілерге жүйелі түрде талдау жасау,
синтездеу және топтастыру әдістері сонымен қатар салыстырмалы құқықтану мен
жүйелік және тарихи талдаудың әдістері, құқықтық модельдеу әдістері
қолданылады.
Сатып алу-сату шартын меншікке жеке сипаттармен анықталатын заттарды
беретін шарт ретінде бағалау (себебі тек жеке сипаттарымен анықталатын
заттар ғана меншік құқығының немесе заттық құқықтық нысанасы бола алады)
мүлікті құқықтарды сату ерекшелігін ескеруді талап етеді.
Бағалы қағаздарды және валюталық құндылықтарды сатып алу-сатуда, егер
заңнама оларды сатып алу-сату үшін арнайы срежелер қарастырмаса, жалпы
ережелер қолданылады. Сонымен бірге бөлшектеп сатып алу-сатуға, тауар
жеткізіліміне, энергиямен жабдықтауға арнайы нормалар қолданылады. Дегенмен
біз жалпы ережелер мәнін төмендетпеуіміз керек, өйткені осылардың көмегімен
көптеген даулы жағдайлар шешіледі.
Кейде сатып алу-сату шарттарын жасағанда ақылылық ережесінен ауытқу да
болуы мүмкін (сондықтан тек жартылай ақылылық туралы айтуға болатын шығар).
Аталған мәмілелер өзінің заңдық табиғаты бойынша шартты мәмілелер бола
алады. Мысалы, егер сауда кәсіпорны мыңыншы сатып алушыға ірі жеңілдік
жасаймын деп жарияласа (мәміле осы жөніндегі шартпен жасалса).
Ғылыми жаңалығы:
-ҚР АК шарт ұғымына түсінік беру;
-сатып алу-сату шартына талдау жасау;
-сатып алу-сату шартын бұзғаны үшін жауапкершілікті талдау.
Бір-біріне қарсы бағытталған екі тараптың субъективтік құқықтары мен
міңдеттері сатып алу-сату шартын толық орындауға мүмкіңдік береді. Әңгіме
шарттың мәнін құрайтын құқықтары мен міндеттері туралы болады. Құқықтар мен
міндеттердің көмекші мөлшері екі жақтықтан ауытқу болуы да мүмкін.
Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспе, үш тарау, қорытынды, қолданылған
әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
Бірінші бөлімде шарттың ұғымы мен оның маңызы теориялық негіздері,
шарттың мазмұны және шартты жасау жөнінде айтылады.
Екінші бөлімде сатып алу-сату шартының ұғымы және элементтері,
сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері, бөлшектеп сатып алу-
сату шарты, тауар жеткізілімі шарты, кәсіпорынды сатып алу-сату шарты.
Үшінші бөлімде сатып алу – сату шарты бойынша тараптардың
жауапкершілігі, сатып алу шартына қатысушы тараптардың құқықтары мен
міндеттері.

1 ШАРТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Шарттың ұғымы мен оның маңызы
Шарт көне құқықтық құрылымның бірі. Шарттың ғасырлар бойы пайдаланылуы
құқықтың икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы әртүрлі қоғамдық
қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген. Шарттың негізгі міндеті заң
шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу. Ал оларды бұзу заң талаптарын
бұзушылықты білдіреді.
Шартты (соntrасіon) рим құқығы үш түрлі мағынада: құкық қатынастарының
туындауы ретінде; құқықтық қатынастың өзі ретіңде; ең соңыңда тиісті
құқықтық қатынастың нысаны ретінде қарастырады.[1]
Шарт туралы мұндай көзқарастар нақты іс жүзінде Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінде және басқа да елдердің азаматтық
кодекстерінде тәртіптелген.
Азаматтық кодекстің 378-бабына сәйкес, екі немесе одан көп адамның
азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы
келісімі шарт деп танылады. Мұндай айқындама шарт-мәмілені меңзейді.
Сондықтан да, осы баптың 2-тармағына мәміле нормаларына мынадай сілтеме
жасайды: “шартқа екі жақты және көп жақты мәмілелер туралы ережелер
қолданылады”. Сонымен бірге,“мәміле” ұғымы “шартқа” қарағанда кең, өйткені,
мәміле бір жақты болуы мүмкін.
Шарттан туындайтын міндеттемелерге, Азаматтық кодекстің тиісті
баптарында шарттардың кейбір түрлеріне арналған ережелерінде өзгеше
көзделмегендіктен, міндеттемелер жөніндегі жалпы ережелер қолданылады.
Мысалы, шарттан туындайтын заттық, авторлық немесе өзге құқықтық
қатынастарға, егер заңдардан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнінен
өзгеше туындамаса, жалпы шарттардың ережелері қолданылады.
Шарт еркіндігі. Азаматтық заңның негізгі бастауларының бірі кодекс
айқындаған шарт еркіндігі болып табылады (АК-тің 2-бабының 1- тармағы).
Азаматтық кодекстің 380-бабына сәйкес азаматтық құқықтың субьектісі
шарт жасауда еркін болады. Ол атап айтқанда: 1) шартты жасау не жасамау, 2)
шарт бойынша серікті жақты таңдау; 3) шарттың түрін таңдау; 4) шартқа
белгілі бір не басқа жағдайларды өзінің қалауынша енгізу;
Тараптар заңдарда көзделген шартты да, көзделмеген шарты да жасаса
алады. Ең бастысы, ол заңға қайшы келмесе болғаны (АК-тің 380-бабының 2-
тармағы).
Шарттың әрқилы болып кетуі азаматтық құқықта оларды топтастыруға жол
ашады. Шарттарды топтастыру олардың негізгі белгілеріне орай жүргізіледі.
Біржақты және екіжақты шарттар. Біржақты шарт деп бір жақта тек құқық,
ал екіншісінде тек міндет болатын шартты айтады. Оған өсиет қалдыру шарты
жатады, борышқор қарызын қайтаруға міндетті, ал несие беруші оны талап
етуге құқылы. Шарттың көбі екі жақты болып келеді. Мысалы, сатып алу-сату
шартында сатушы сатылған затты сатып алушыға тапсыруы керек, бірақ одан
ақша төлеуді талап етеді, ал, сатып алушы заттың құнын төлеуге міндетті,
және затты өзіне беруге талап ете алады.
Консенсуалды (келісім) және нақты шарт. Консенсуалды шарт дегеніміз
әржақтың келісімі бойынша жасалатын шарт. Бұл шарт олар келісімге келген
бойда күшіне енеді де әржақтың құқытары мен міндеттері туындайды. (мысалы,
сатып алу-сату,мүлікті жалдау, мердігерлік және т.б.)
Нақты шарт дегеніміз заттарды тапсыруы сәтінде ғана құқықтар мен
міндеттер туғызатын шарт болып табылады (мысалы, займ шарты, азаматтардың
қатысуымен сақтап шарты).
Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарт. әдетте міндеттемелер бойынша
құқытар мен міндеттерді алатындар- сол міндеттемеге қатысушылар. Алайда
азаматтық айналымға басқа да түрлі міндеттемелер кездеседі, кейбір
міндеттемелер мен талап құқығын міндеттемеге не тікелей өзі, не өзінің
уәкілі арқылы қатыспайтын үшінші жақ алады.[2]
Үшінші жақтың пайдасына жасалған шарт- бұл тараптар несие берушіге
емес, шартта және борышқордан міндеттемені өзінің пайдасына орындауды талап
етуге құқығы бар үшінші жақ үшін жасалған шарт(АК-тің 391-бабы). Үшінші
жақтың пайдасына жасалатын шартты үшінші жаққа орындау жөніндегі шарттан
бөлектеу қажет, өйткені, ол орындауды талап ету құқығын ешқашан
еншілемейді. Аталған тұлға тек орындауды ғана қабылдауға уәкілетті, несие
берушінің өзі де оны орындау ретінде қарайды. Үшінші тұлғаның айырмашылығы-
шартты орындауды талап ету дербес құқығы болмайды. Ондай құқық үшінші
жаққа шарт бойынша беріледі.
1994 жылы қабылданған Азаматтық кодексте шарттың мынадай жаңа түрлері
бар: жария шарт, қосылу шарты, алдын ала жасалған шарт, аралас шарт.
Коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметтінің сипатына қарай оған
өтінішпен келетін әркімге қатысты жүзеге асырылатын тауарларды сату,
жұмыстарды атқару немесе, қызмет көрсету жөніндегі оның міндеттемелерін
белгілейтін шарт –жария шарт деп танылады. (АК-тің 387-бабының 1- тармағы).
Одан ұйымдарға бөлшек сауда, көпшілік пайдаланатын көлікпен тасымалдау,
байланыс қызметін көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана,
банк қызметін көрсету және т.б. жатады. Аталған ұйымдардың тұтынушыларға
тауар беруде, қызмет көрсетуде, жұмысты орындауда бас тартуына жол
берілмейді. Шарт жасауға міндетті тарап оны жасасудан жалтарса, екінші
тарап шарт жасасуға мәжбүр ету туралы талап қойып сотқа жүгінуге құқылы(АК-
тің 399-бабының 4- тармағы).
Коммерциялық ұйым жария шартты жасауға қатысты бір тұлғаға басқа
тұлғалар алдында, егер заңда немесе нормативтік актілерде өзгеше
көзделмесе, ешқандай артықшылық беруге құқығы жоқ. Шартты көрсетілген
талаптар, мәселен, тауарлардың, қызмет көрсету мен жұмыстардың құны
тұтынушылардың бәріне бірдей болады. Тұтынушылардың кейбір категорияларына
жеңілдік беруге заңдармен жол беретін жағдайлар есептелінеді(АК-тің 387-
бабының 2- тармағы). Ондай тұтынушыларға, мысалы, мүгедектер, соғыс
ардагерлері және т.б. жатады.
Азаматтық кодекстің 387-бабының 5-тармағының күшіне орай жария шарттың
жоғарыда аталған талаптарына сәйкес келмейтін ережелері жарамсыз болып
табылады.
Қосылу шарты- ережелерін тараптардың біреуі формулярда немесе өзге
стандартты нысанда белгіленген және басқа тарап оны ұсынылған шартқа
тұтастай қосылу жолы деп қабылдайтын шарт (АК-тің 389-бабының 1- тармағы).
Бұл шарттың ерекшелігі сонда: мазмынын бір жақ жасап, қалыптастырады,
әдетте ондай жақ жұмыстарды орындайды, қызмет көрсетеді, аталған саланың
монополиялық және үстемдік ететін ережелері олардың стандартты нысандарында
жазылады. Екінші жақ- жұмысты, қызметті тұтынушы болашақ шартты жасауға
және де оны талқылауға, келісуге қатыспайды. Шарттың жағдайларымен олар
ғана тек оған ешқандай дау айтпастан қосылу жөніндегі қол қоюымен
білдіреді. Тұтынушы шарттың мазмұнымен келіспеген жағдайда оған қол
қоймайды. Оның ұсынылған шарт талаптарын талқылауға құқығы жоқ, шарттың
мазмұнына жаңадан немесе басқалай ұсыныс жасай алмайды.
Алдын ала жасалған шарт- әр жақтың алдын ала жасалатын шартта
көзделген жағдайларда мүлік беру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету
болашақта шарт жасауға міндеттенетін келісімі (АК-тің 390-бабының 1-
тармағы). Алдын ала жасалатын шарт негізгі шартүшін заңдарда белгіленген
нысанда, ал, егер негізгі шарт нысаны белгіленбесе, жазбаша түрде
жасалады, ал тиісті ережелердің сақталмауы оның жарамсыз шартта негізгі
шарттың мәнін, сондай-ақ, басқа да елеулі жағдайларын белгілеуге мүмкіндік
беретін ережелер болуға тиіс.
Азаматтық кодестің 390-бабының ережелеріне сәйкес, жасалған негізгі
шарт алдын ала шарт жасаған жақтар үшін міндетті болады. Алдын ала шарт
жасасқан тарап өзі көздеген шартты жасасудан жалтарған реттерді, егер
заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, осы арқылы келтірілген залады
екінші тарапқа өтеуге міндетті(АК-тің 390-бабының 5- тармағы). Егер ниеттер
туралы хаттамада тараптардың оған алдын ала жасалатын шарт күшін беру
ниеттері тікелей көзделмесе, ол азаматтық-құқықтық шарт болып табылмайды,
әрі оның орындалмауы заңдық зардаптарға әкеліп соқтырмайды(АК-тің 390-
бабының 7- тармағы).

1.2 Шарттың мазмұны

Шарттың мазмұны-жасалған шарт жағдайларының жиынтығы. Жалпы ереже
бойыншы, тиісті шарттың мазмұны, заңдармен жазылған жағдайлардың
басқасында, шарт ережелері тараптардың өз қалауы бойынша белгіленеді.[3]
Азаматтық коджекстің 393-бабының 1-тармағына сәйкес, тараптар арасында
шарттың барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін
нысанда келісімге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептеледі.
Елеулі шарттар болып табылатындар:
1) шарттың мәні туралы ережелер;
2) заң мен басқа нормативтік құжаттарда елеулі ретінде аталғандар;
3) осы шарттың түрі үшін қажетті ережелер;
4) бір тараптың мәлімдеуі бойынша келісімге қол жеткізуге тиісті барлық
ережелер;
Кәдімгі жағдайлар заңнын диспозитивтік нормаларында қарастырылған,
яғни шартқа енгізу міндетті болып саналмайтын шарттарды айтады, өйткені,
бұлардың шартқа енуі өз өзінен белгілі. Егер нақ сол шартқа дағдылы
жағдайлар жөнінде айрықша ескертіліп айтылмаса, онда жалпы белгіленген
тәртіп қолданылады. Мысалы, Азаматтық кодекстің 223-бабына сәйкес ерлі-
зайыптылардың некеге тұрған кезде жинаған мүлкі, егер бұл мүлік ерлі-
зайыптылардың арасындағы шартта басқаша көзделмесе, олардың ортақ меншігі
болып табылады.
Елеулі деп есептелмейтін нормативтік актілерде қаралмаған мәселелер
бойынша әр жақтың келісімі кездейсоқ жағдайлар делінеді және осы жағдайлар
диспозитивтік құқық нормаларымен реттеледі. Олар әржақтың өзімен
қалыптастырылады және өздері арқылы заңдағы ережеге қосымша немесе
өзгерістер арқылы енгізіледі. Мысалы, әр жақ өзара келісімдер арқылы
мүлікті иеленушінің құқықтарын шартқа енгізеді, бірақ мүлікті
тапсырмайды.[4]
Шарттың мазмұны шарттардың үлгі ережелерімен де айқындалуы мүмкін. АК-
тің 388-бабына сәйкес, шарттың мазмұнында үлгі ережелерге сілтеме болмаған
жағдайларда, осындай үлгі ережелер, егер шарттың ережесін тараптар немесе
диспозитивтік қалып белгілемеген болса, тараптардың қатынастарына іскерлік
қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтар ретінде қолданылады.
Үлгі ережелер үлгі шарт немесе мазмұнында осы ережелер бар өзге құжат
нысанында жазылуы мүмкін.

1.3 Шартты жасау

Шарт әр жақтың келісімі болып табылатындықтан, ол бір жақтың келісім
жасауға ұсынысы мен екінші жақтың оңдай ұсынысты қабылдау нәтижесінде
жасалады. Шартты жасау тәртібі Азаматтық кодекстің 395-400-баптарымен
реттеледі. Оларды шарт жасау кезіндегі екі кезең бекітілген.
Азаматтық кодекстің 395-бабының 1-тармағына сәйкес, бір жақтың шарт
жасауға ұсынысы- оферта арқылы шарт жасау және екінші жақтың ұсынысын
қабылдауы оның акцептісі болады.
Жолданған офертаны алған тұлға оны қабылдауға келісім бергенде, яғни,
акцепт болғанда шарт жасалды деп есептеледі. Заңға сәйкес шарт жасау үшін
әржақтың келісімінен басқа мүліктерді де тапсыруы керек, мүліктер
тапсырылған сәттен бастап шарт жасалды деп есептеледі, яғни, сатып алушыға
мүліктерді жеткізуге ұйымдастырылады. Егер шарт заңға сәйкес мемлекеттік
тіркеуден өтуге жатса, егер заңда басқаша көзделмесе, ол тіркеуден өткен
сәттен бастап жасалды деп саналады.[5]
Шарттың нысаны мәміленің нысаны туралы жалпы ережелерге бағынады.
Аталған шарттың түрі заңмен белгіленбеген болса, онда шарт келісім жасау
үшін қаралған кез келген нысанда жасала береді. Егер тараптар белгілі бір
нысанда шарт жасауға уағдаласса, заң бойынша шарттардың осы түрі үшін бұл
нысан талап етілмесе де, шарт уағдаласқан нысан берілген кезден бастап
жасалды деп есептеледі.
Әлгінде айтқанымыздай, шарт бір жақтың ұсынысымен, екінші жақтың оны
қабылдауына байланысты жасалады. Бірақ та, кез келген ұсыныс оферта ретінде
қаралы алмайды, тек заңда бекітілген талаптарға сай келетіні ғана мүмкін
болады.
Азаматтық кодекстің баптарына сәйкес, біріншіден шарт жасасу туралы
бір немесе бірнеше нақты жақтарға жасалған ұсыныс жеткілікті дәрежеде айқын
болып, ол қабылданған жағдайда осыны жасаған жақтың өзін сонымен байланыста
деп есептеу жөніндегі ниетін көрсетсе, оферта деп танылады.
Жаңа Азаматтық кодексте жария оферта ұғымы беріледі. Жария оферта-
ұсыныс жасаушы жақтың кез келген хабарлаушысымен ұсыныста көрсетілген
жағдайларда шарт жасасу еркі көрінетін, шарттың барлық елеулі ережелері бар
ұсыныс.
Шарт жасасудың екінші кезеңі –акцепт. Акцепт- оферта жолданған жақтың
оны қабылдағаны туралы жауабы акцепт толық әрі бұлтарыссыз болуға тиіс. Заң
құжаттарында, іскерлік өрісіндегі әдеттегі құқықтарда немесе бұрынғы
іскерлік қатынастарынан өзгеше туындамаса, жауап қайтармау акцепт болып
есептелмейді. Офертаны алған жақтың оның акцепті үшін белгіленген мерзімде
онда көрсетілген шарт ережелерін орындау жөніндегі жасаған әрекеттері, егер
заңдарда өзгеше көзделмесе немесе офертада, акцепт деп есептеледі. Акцепт
қайтарылып алынуы мүмкін. Егер акцепті қайтарып алу туралы хабар оферта
жіберген жаққа акцептің өзінен бұрын немесе онымен қатар келсе, акцепт
алынбаған болып есептеледі.
Шарттың жасасу сәті мынадай жағдайларға:
1) акцепт үшін мерзімі көрсетілген кезде не онсыз ұсыныс жасалды ма;
2) оферта ауызша немесе жазбаша нысанда ма, соған байланысты болады.
Офертада акцептіге арналған мерзім көрсетілген жағдайда, егер оферта
жіберген жақ акцепті онда көрсетілген мерзем ішінде алса, шарт жасалған
болып есептеледі.
Жазбаша офертада акцептіге арналған мерзім көрсетілмеген жағдайда,
оферта жіберген жақ акцепті заңдарда белгіленген мерзім біткенге дейін, ал
егер ондай мерзім белгіленбесе, оны жеткілікті дәрежеде қажетті уақыт
ішінде алса, шарт жасалған болып есептеледі. Оферта акцептіге арналған
мерзім көрсетілмей ауызша жасалған жағдайда, егер екінші тарап оның акцепті
туралы дереу мәлімдесе, шарт жасалған болып есептіледі. Егер оферта
жіберген тарап екінші тарапқа акцепті кеш алғаны жөнінде дереу хабарламаса,
акцепт туралы мерзімінде жіберілген хабар кеш алынған жағдайда, акцепт
кешіктірілген болып есептелмейді. Егер оферта жіберген тарап екінші тарапқа
оның кешіктіріліп алынған акцепті қабылдағаны туралы дереу хабарласа, шарт
жасалған болып есептеледі. Офертада ұсынылғаннан өзге жағдайларда шарт
жасасуға келіскендік туралы жауап акцепт болып табылмайды. Мұндай жауап
офертадан бас тарту және сонымен бірге жаңа оферта деп танылады.[6]
Шарттың еркіндігінен тыс заңда кейбір ерекшеліктерімен бөліктенетін
мінлетті түрдегі шарт жасасу жағдайы қарастырылуы мүмкін.
Шарт жасасу міндетті болған жағдайда, әр жаққа арналған заңдарға
сәйкес, бір жақ екіншісіне мына талаптарды орындайды:
1)акцепт туралы хабар, немесе;
2)акцептіден бас тарту, немесе;
3)офертаға өзгеше жағдайларға акцепт жасалатына туралы, егер заңдарда
басқа мерзім белгіленбесе, не тараптар келіспеген болса, офертаны алған
күннен бастап 30 күннің ішінде хабар жіберуі тиіс.
Офертаны жіберген және шартты жасасуға міндетті тараптан оған өзге
жағдайлармен акцепт жасау туралы хабар алған тарап шарт жасасу кезінде
пайда болған келіспеушілікті осындай хабар алған күннен бастап отыз күн
ішінде, не акцептіде арналған мерзім өткен соң, егер заңдарда шарттардың
жекелеген түрлері туралы өзге мерзім белгіленбесе, соттың қарауына беруге
құқылы.
Егер шарт жасасуға міндетті тарап жіберген шарт жобасына отыз күн
мерзімде шарт жобасына келіспеушілік хаттамасы алынса, бұл тарап екіншк
тарапқа шартты сол редакциясында қабылдайтыны туралы, не келіспеушілік
хаттамасын қабылдамайтыны туралы келіспеушілік хаттамасын алған күннен
бастап отыз күн ішінде хабарлауға міндетті.
Келіспеушілік хаттамасына қабылдамаған, не оны көрсетілген мерзімде
қарау нәтижелері туралы хабарды алмаған жағдайда келіспеушілік хаттамасын
алған тарап мұндай келіспеушілікті соттың қарауына беруге құқылы.
Шарт жасасуға міндетті тарап оны жасасудан жалтарса, екінші тарап шарт
жасауға мәжбүр ету туралы талап қойып сотқа жүгінуге құқылы. Шарт жасасудан
негізсіз жалтаратын тарап екінші тарапқа шарт жасасудан бас тарту арқылы
туғызған залалдың орнын толтыруға тиіс.[7]
Шарт жасасу кезінде туындаған келіспеушіліктер тараптардың келісуімен
соттың қарауына берілген болса, шарттың тараптар келіспеген ережелері сот
шешіміне сәйкес белгіленеді.
Шартты өзгерту бұзу заңда немесе шартта өзгеше көзделмесе, тараптардың
келісуімен жүзеге асуы мүмкін.
Тараптардың біреуінің талабы бойынша шарт:
1) екінші тарап шартты едәуір бұзған кезде;
2) заңда немесе шартта көзделген өзге реттерде тек сот шешімімен
өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін.
Тараптардың біреуі шартты бұзып, ал екінші тарап шарт жасасу кезінде
үміт артуға құқылы болғанымен едәуір дәрежеде шығынға әкеліп соқса, бұл
шарт едәуір дәрежеде бұзылды деп танылады.
Шартты толық немесе ішінара орындаудан біржақты бас тартқан ретте,
мұндай бас тартуға заң құжаттарында немсе тараптардың келісімінде жол
берілген кезге, шарт тиісінше бұзылған немесе өзгертілген болып есептеледі.
Шартты бұзу кезінде тараптар міндеттемелері тоқтатылады, ал
өзгертілген кезде өзгертілген түрінде қолданыла береді. Егер тараптардың
келісуімен немесе шарттың өзгеру сипатынан өзгеше туындамайтын болса,
міндеттемелер шартты өзгерту немесе бұзу туралы тараптар келісімге келген
кезден бастап, ал шарт сот тәртібімен бұзылған немесе өзгертілген жағдайда
шартты бұзу немесе өзгерту туралы сот шешімі заңды күшіне енген кезден
бастап тоқтатылған немесе өзгертілген болып табылады.
Егер заңда немесе тараптардың келісімінде өзгеше белгіленбесе,
тараптардың шүартты бұзған немесе өзгерген кезге дейін міндеттеме бойынша
өздері атқарған жұмысты қайтарып беруді талап етуге құқығы жоқ.
Егер шартты бұзуға немесе өзгертуге бір тараптың шартты едәуір бұзғаны
болса, екінші тарап шарттың бұзылуынан немесе өзгертілуінен келтірілген
залалдың орнын толтыруын талап етуге құқылы.[8]

2 САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫ

2.1 Сатып алу-сату шартының ұғымы және элементтері

Сатып алу-сату шартына сатып алушы жағына мүлікті меншікке беру шартқа
сияқты көзқарас дәстүрлі болып табылады. ҚР АК 270 бабының 3-ші тармағына
сәйкес зат үшінші тұлға меншігіне берілу мүмкіншілігі жоққа шығарылмайды.
Қазақстан Республикасының аумағындағы ҚСР Одағының және
республикалардың Азаматтық зандары негіздерінің 1991 жылы күшіне
енгізілуіне байланысты аталған шарт мүлікті сатып алушы тарабының
меншігіне, толық шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына беретін болып
қарастырылады.[9]
Мұндай шешімді екі тұрғыда қарастыруға болады.
Біріншіден, мемлекеттік кәсіпорын, мекеме қатысуымен сатып алу-сату
шартын онда мемлекет аталған субъектілердің мүлікті оның меншігіне алуға
келісімін берген шарт ретінде бағалауға болады, осымен бірге мемлекет
аталған субъектілерде тиісті заттық құқықтар пайда болуына қарсы емес деп
табу мүмкін.
Екіншіден, аталған заттық құқықтар мемлекеттік меншікке негізделетін
занды тұлғалар меншік иелері ретінде мүлікті сатып алуы үшін көлемі
бойынша жеткілікті екенін болжауға болады. Осы көзқарасты қолдасақ, онда
осындай мүмкіншіліктер меншік иесінен басқа өзге де заттық құқықтар
иелерінде, мысалы, мүлікті сенімгерлікпен басқарушылар да бола алатынын
айта аламыз.
Осы екі көзқарастар сырттай тек теориялық тұрғыда болып келгеніне
қарамастан оларды одан әрі негіздеу мемлекеттік және оның құрған заңды
тұлғаларының қарым-қатынастарымен тәжірибелік мәселелерін шешуге
мүмкіншілік бере алады.
Қазақстан Республикасының Азаматтык кодексінің 406-бабына сәйкес:
"Сатып алу шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші
тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел
баскаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды)
қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге
міндетті". Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік
береді. Оған азаматтар және заңды тұлғалардан басқа мемлекет және субъект
ретінде әкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады.[10]
Мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме сатып
алушы болған уақытта мүлік тиісінше олардың шаруашылық жүргізуіне, жедел
басқаруына өтеді. Сонымсн қатар, меншік құқығы сатып алушы республикалық
немесе коммуналдық кәсіпорын болып келгеніне байланысты мемлекетте немесе
әкімшілік аумақтық бірлестікте пайда болады. Бұл мемлекеттік меншік
нысанына негізделген заңды тұлғалар тек шартты бөлініп шығарылады деген
пікірге әкелуі мүмкін. Бірақ бұл (заңды тұлға құру) мүлікті бірнеше
мақсатта оқшаулау үшін маңызды. Кейде осы жеке меншікке негізделген заңды
тұлғаларға да қатысты. Мысалы, егер сатып алушы жеке мекеме болып табылса,
онда сатып алынған мүлікке жедел басқару құқығы пайда болатыны анық.
Сатып алу-сату мүлік иесінің (басқа құқық иеленушінің) өзгеруіне
(ауысуына) әкеледі. Көрсетілген белгілер, сонымен қатар бұл шарттың ерекше
мазмұны аталған шарттың мүлік жалдау (аренда), мердігерлік шарт-тардан
елеулі түрде ерекшелінетіні түріне қорытынды жасауға мүмкіншілік береді.
Дегенмен, сатып алу-сату шарты туралы нормалар жалпы мәнді де иемденеді.
Мысалы, олар мердігерлік қатынастарды реттеуде де есепке алынуы қажет. Өз
материалдарымен жұмысты орындайтын мердігер оны дайындау ролінде болады.
Басқа да азаматтық құқықтық қатынастар шеңберінде сатып алу-сату туралы
нормаларды есепке алу қажет жағдайлар болуы мүмкін.[11]
Басқа да құқықтық қатынастарда сияқты, сатып алу-сату шартының
элементтері болып біздің көзқарасымыз бойынша да субъект, объект және
мазмұн болып табылады. Шарттар элементінде "оның тараптары, нысанасы,
бағасы өтеулі шарттар да, мерзімі, нысаны мен мазмұны, яғни екі жақтың
құқықтары мен міндеттері жатады"[12] деген И.В. Елисеев және басқа да
авторлардың пікіріне өзіміздің келіспеушілігімізді білдіреміз. Мұндай
көзқарас азаматтық құқықтың неғүрлым тұрақты теориялық ережесіне теріс
ықпал етеді, түсініктің шынайы мәнін жоғалтуға әкеледі.
Сатып алу-сату қатынасын 3 мәнде белгілеуге болады.
Біріншіден, бұл - сатып алу-сатудың экономикалық қатынасы.
Екіншіден, бұл-адамдардың ой елегінен өткен және құқық нормаларымен
бекітілген субъективтік идеологиялық қатынас. Ең соңында, сатып алу-сату
шарты бұл - азаматтық құқықтық нормалардың жиынтығы. Құқықтық реттеуден
тәуелсіз тұрмыс етіп айырбастық материалдық қатынас ретінде аталған
құқықтық реттеудің арқасында (көмегімен) құқықтық нысанға ие болады. Ол
нысан - құқықтық қатынас нысаны[13].
Шарт жағдайы, нысаны тұлғалардың белгілі бір әрекетін азаматтық-
құқықтық шартқа айналдыруға, олардың құқықтары мен міндеттерін бекітуге
мүмкіндік беретін заң техникасының, тәсілдері болып келеді.
Сатып алу-сату шартының нысаны оның бағасына, субъектілеріне және
заңдық, шарттық талаптарға сәйкес анықталады. Оған Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінің 152-бабында бекітілген мәміле нысаны
туралы жалпы ережелер қолданымды болып келеді.
Жүз айлық есептік көрсеткіштен жоғары сомаға, сонымен бірге
кәсіпкерлік қызметті қалыптастыру барысында жасалатын мәмілелер, жасалған
кезде орындалатындарын қоспағанда жазбаша нысан да жасалуы қажет. Қазақстан
Республикасы Президентінің "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен
жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" заң күші бар Жарлығына
сәйкес, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шарттары мемлекеттік тіркеуге
жатады. Азаматтық кодекстің 494-бабының кәсіпорынның сатып алу-сату
шартының бір құжатты құру жолымен, екі жақтың қол қоюымен жазбаша түрде
жасалуын, оған: инвентаризация актісін, бухгалтерлік балансты, кәсіпорынның
құны мен құрамы туралы тәуелсіз аудитор қорытындысының міндетті тіркелуін
қарастырады. Олар басқа да қозғалмайтын мүлікті сату бойынша, шарттар
сияқты мемлекеттік тіркеуге жатады және мемлекеттік тіркеу кезеңінен
жасалған деп есептеледі.
Жеке тұлғалардың сатып алу-сату шарттарын жасасу мүмкіншілігіне
олардың құқық-әрекет қабілеттіктерінің көлемі әсер етеді. Мысалы, әрекет
қабілеттілігі шектелген тұлғалар тек ұсақ тұрмыстық мәмілелерді жасай
алады, ал басқа мәмілелерді жасауға олар өзінің қамқоршысының келісімі
болғанда ғана құқылы (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 27-бап, 1-
тармақ). Егер жүйелі түрде жүзегс асырылатын сауда-саттық қызметі туралы
айтатын болсақ, онда жеке тұлға тек жеке кәсіпкер мәртебесіне иемденген соң
ғана оны жүргізе алатынын ескерту керек немесе бұл қызмет коммерциялық
заңды тұлғамен жүргізілуі мүмкін. Негізінен: "Құқықтық қатынас субъектілері
болып, жеке басымен және мүлкімен оқшауланған, құқықтарға ие болатын және
міндеттерді көтеретін тұлғалар табылады" Қазақстан Республикасының
Азаматтық құқығы басқа мемлекеттердің азаматтық құқығы сияқты құқықтық
қатынастарда жеке тұлғалар қауымдастықтарының (жай серіктестіктердің)
қатысуын да қарастырады, дегенмен бұл келтірілген анықтаманың дұрыстығына
әсерін тигізбейді.[14]
Сатып алу-сату шартының нысанасы (объектісі).
Құқықтық қатынастың объектісін материалды (заттық), заңды,
идеологиялық қылып бөлу толық мөлшерде азаматтық-құқықтық шарттар үшін де
жарамды болып табылады.
Сатып алу-сату шарты өзінің ерекше нысанасына (затына), заңды және
идеологиялық объектілеріне иемденеді.
Қазіргі жағдайда олардың әрқайсысының мәні бірдей. Дегенмен, қазіргі
өндірістің өсуі, тауарлардың алуан түрлілігі және оларды пайдалану
мақсаттарының кеңеюі, сатып алынатын тауардың сатып алу-сату затына
талаптардың жоғарылауына әкеледі, әсіресе, егер тауар кейбір ерекше
мақсаттарға арналса. Келісімшарт нормаларында олардың барышна анық
бекітілмеуі жаңылысуға немесе сатып алу-сату затындағы қателікке әкелуі
мүмкін. Бөлшектеп сатып алу-сату шарттары жасалса, заң шығарушы сатылатын
өнімнің сапасы, қауіпсіздігі бойынша талаптарды бекіте отырып, тұтынушы
жағдайын барынша "күшейтуге" әрексг етеді.
Заттар сатып алу-сату шарты нысанасының барынша кең тараған түрі болып
табылады. Кез-келген зат тектік немесе жеке сипаттар арқылы анықталған,
жылжитын және жылжымайтын тауар болуы мүмкін.
Тектік заттарға келсек, олар қалған тауарлық массадан жекеленуі қажет
екенін айта аламыз, сөйтіп олар жеке сипаттар арқылы анықталатын заттарға
теңестіріледі және осындай түрінде сатып алу-сату шартының нысанасы бола
алады. Егер әңгіме жекеленбеген тектік тауарды сату жөнінде болса, онда
сатып алу-сату шартының нысанасы болып зат емес, мүліктік құқық келеді.
Осындай жағдай сатып алу-сату шартының нысанасы "болашақ заттар" болып
келгенде де орын алады.
Тауар әлі өндірілмеген немесе тауар табиғатта мүлдем жоқ. Батыс Еуропа
елдерінің сауда құқығы жүйесіндегі бұған қатысты үш түрлі көзқарас бар:
біріншіден, кез-келген жағдайда сатушы шартта көрсетілген нысананы табыс
етуді қамтамасыз етуге міндетті (ол табиғатта бар болғанмен теңестіріледі),
егер шарттың орындалмауы дүлей күштер салдарынан болғанын дәлелдей алмаса,
ол шартты бұзушы болып саналады; екінші көзқарас бойынша, егер тауар
сатушының әрекетіне байланыссыз себептер бойынша өз қалыптасуына
иемденбесе, шарт "нысананың болмауы" салдарынан тоқтатылады, ең соңында,
егер сатып алушы өзіне белгілі себептермен тауардың қалай болса да
жеткізілгеніне үміттенетін болса, онда шарт нысанасы тауар емес "сатып
алушының үміті" болып табылады[15]
Жоғарыдағы мысалдар нысана ерекшеленуінің негізгі мәнін қөрсету үшін
келтіріліп отыр: шарт нысанасының сипаттамалары ең алдымен, шарт
орындалмауының, сатып алу-сату шарттары тиісті орындалмауының тәуекелі
үлесуіне, екі жақтың құқықтары мен міндеттеріне әсер етеді. Нысана
ерекшелігі сонымен бірге сатып алу-сатуды жүзеге асыру тәртібіне де әсер
етеді, мысалы, шетелдік сатып алу-сату Қазақстан Республикасының "Валюталық
реттеу туралы" Заңына және оның орындалуы үшін қабылданған заңға тәуелді
нормативтік актілерге сәйкес жүргізілетін болады.
Бағалы қағаздар айналымы Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар
рыногы туралы"; "Қазакстан Республикасында бағалы қағаздар мен мәмілелерді
тіркеу туралы" Заңдармен, сонымен бірге, заңға тәуелді нормативтік
актілермен реттеледі. Азаматтық айналымда шектелген заттарды сатып алу-сату
жекелеген заң актілері бекіткен ережелерді сақтаумен жүргі-зіледі, мысалы,
Қазақстан Республикасының "Қарудың жекелеген түрлерінің айналымы үшін
мемлекеттік бақылау туралы" Заңымен ж.б.
Күшінде болып келетін ҚР Азаматтық кодексі 406 бабының 4-ші тармағында
мүліктік кұқықтар сатып алу-сату шартының нысанасы болып келуіне қатысты
жалпы мәндегі норма бекітілген. Мүліктік құқықтарды беруге қатысты
мәмілелер кең таралуды иемденеді, оларға тауар биржаларында жасалған,
жекелеп алғанда оларға биржалық тауарлар жеткізілімі шартына немесе
биржалық тауарлар қатынасындағы міндеттер мен құқықтарды болашақта өткізу,
құқықтарды сату шарттары жатады. (Қазақстан Республикасы Президентінің
"Тауар биржалары туралы" заң күші бар Жарлығының 5 бабының 1-ші тармағы.
Патенттік құқықтарды беруде нысанасы мүліктік құқық болып келетін сатып алу-
сату шарттары жасалуына әкеледі.
Шарт заты (нысанасы) туралы келісім сатып алу-сату шартының бір ғана
елеулі жағдайы болып табылады.
Егер шарт тауарлардың атауын және санын айқындауға мүмкіндік берсе,
нысанаға қатысты жағдай келісілген деп есептеледі. (407-бап 3-ші тармақ).
Сатып алу-сату шартының бағасы дегеніміз, оны алуға сатып алушының немесе
онымен көрсетілген үшінші тұлғаның құқығы бар, қарсылай ақша түріндегі
қанағаттандыру. Ол Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 383-
бабының 1-ші тармағында бекітілген шарт бойынша бағаны қалыптастыру
бостандығына негізделеді. Тарифтер, баға белгілеу, ставкалар және т.б.
зандық актілерде қарастырылған жағдайларда уәкілді мемлекеттік органдармен
орнатылады. Орталықтандырылған тәртіпте орнатылған баға белгілеу,
тарифтерден кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің өздері қойған бағаны,
тарифтерін ажырату қажет.
Монополистік қызмет субъектілерімен өткізілетін тауарларға баға
орталықтандырылған тәртіппен қойылады. Мысалы: Қазақстан Республикасының
аумағында табиғи монополияны реттеу бойынша Қазақстан Республикасы Агенттік
төрағасының 1999 жылдың 25 тамызында бекітілген "Мемлекеттік
кәсіпорындармен монопольді қалыптасатын қызметтерге бағаны реттеу Ережесі"
сонымен бірге, 1998 жылдың 14 тамызында қабылданған Қазақстан
Республикасының бәсекені қорғау және табиғи монополия субъектілерінің
қызметтері мен жұмыстарына баға (тарифтер) енгізу, бекіту, қарастыру, ұсыну
тәртібі туралы нұсқау қолданылады. Қазақстан Республикасы Президентінін
"Мемлекеттік кәсіпорындар туралы" заң күші бар Жарлығының 40-бабының 1-ші
тармағы қазыналық кәсіпорындар мен өткізілетін тауар бағалары өкілетті
органмен қойылатынын қарастырады.
Жарлықтың аталған бабының екінші бөлігі 1999 жылдың 4 қазанындағы
"Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік көсіпорын туралы" заң
күші бар Жарлығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы
заңының редакциясында қазыналық кәсіпорындар мен монополиялық өндірілетін
тауарларға бағаны мемлекеттік реттеуді қарастырады.
1999 жылдың 23 қазанындағы "Алкогольді өнімдерге минимальды бағаны
қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен
алкогольді өнімге ең төменгі шектегі баға қойылған.
Басым көпшілік жағдайларда баға шартпен қарастырылады. Егер шарттың
бағасы өзінде нақты келісілмесе және оның жағдайларымен анықталмаса, онда
бұл шарттың жарамдылығына әсер етпейді. Мұндай жағдайда тауар бағасы
бойынша әдетте қолданылатын талаптар есепке алынады, басқаша айтқанда,
негіз ретінде тауардың нарықтық құны алынады. Баға тауар салмағына
байланысты қойылса, егер шартта басқаша қарастырылса, ол таза салмақ
бойынша анықталады.[16]
Бұл сатып алушы үшін қолайлы ереже, әсіресе ыдыстың салмағы үлкен
немесе тауар қымбат болса және салмақтың кішігірім өзгеруі (көбеюі)
тауардың елеулі қымбаттауына әкелсе.
Егер шарт тауар бағасы оны негіздейтін көрсеткішке байланысты
өзгертілуге жататынын қарастырса, бірақ бағаны қайта қарау тәсілі
анықталмаса, баға шартты жасасу кезеңіндегі және тауарды беру бойынша
міндетті орындау уақытындағы көрсеткіштердің өзара қатысуымен анықталады.
Яғни тауарды оны өткізу кезеңінде өз құны көтерілуі немесе төмендеуіне
қарай шарт бойынша оның бағасы тиісті дәрежеде көтерілуі немесе төмендеуі
қажет. Біздің көзқарасымыз бойынша, осы, Азаматтық кодекетің 438-бабының 3-
тармағында бекітілген ережелерде анықсыздық бар. Тауар бағасы шартты
жасасқан кездегі көрсеткіштердің және шарт бойынша ұсынылатын тауарларды
сақтандыру, тиеу, буып-түю, сатып алу, өндіру ксзінде қалыптасатын олардың
өзіндік құны (шығындар) қатысуының негізінде анықталуы керек. Осымен бірге
Азаматтық кодексте сатушының мерзімді өткізіп алуынан сатып алушының
мүдделерін қорғауға арналған норма да жетік емес деп табуға болады. Ол тек
тауар құнын (бағасын) төмендетуді қарастыруы қажет, бірақ 438-баптың 3-ші
тармағымен мәселе былайша шешілмеген. Сатып алу бағасын төлеудің мерзімін
сатып алушы өткізіп алса, онда ол үшін баға тек көтерілу бағытында өзгеруі
қажет. Өкінішке орай бұл да Азаматтық кодексте көрініс таппаған. Құқықтық
қаты-настар (шарттар) мазмұнын қарайық. Ол екі мәнде түсіндірілетінін
айтқан жөн. Біріншіден, құқықтық қатынастар мазмұны бұл — құқықтық
реттелетін қоғамдық қатынас. Сонымен бірге мазмұн деп екі жақтың құқықтары
мен міндеттерін (занды мазмұнды) қарастырады.
В. А. Тархов мынадай мысал келтіреді: бір субъект екіншісіне қандай да
бір затты сатады және олардың арасында материалды экономикалық қатынас
қалыптасады, сатып алушы ақша төлеп қажетті затты алады, баламалы айырбас
жүреді. Айырбасқа қатысушылар шарттан қандай құқықтар мен міндеттер
шығатынын ойламауына болады. Біз осымен келісе алмаймыз. Ақырында зандық
мазмұн меншік құқығына иемденудің жалпы зандық мақсатымен анықталады.
Шартқа қатысушылардың түсінігі меншікті иемденудің экономикалық мақсатымен
ғана шектеледі деп болжау артық болар еді, мұндайға қазіргі өмірдің өзі де
мүмкіндік бермейді. Теориялық тұрғыда болса, онда сатып алу-сату шартының
экономикалық және заңдық мазмұңдарын ажыратуға талпыну мүмкін. Біріншісі-
заңдық мазмұн, ол құқықтар мен міндеттердің жеткілікті үлкен жиынтық
элементтерінен құралады. Кейбір құқықтар шарт негізін қалайды, ал өзгелері
қосымша (көмектесу) мәнге ие бола алады. Құқықтық қатынастар мазмұнын оның
қатысушыларының жүріс-тұрысы құрайды дегенді толығымен дұрыс деп тануға
болмайды. Аталған жағдайда құқықтық қатынас пен оның мазмұнын құрайтын
қоғамдық қатынастар түсінігін араластырып алу орын алады. "Нысан (құқықтық
қатынас) өзінің мазмұнына тараптардың құқықтары мен міндеттерінен, ал
мазмұн (реттелетін қатынас) өз қатысушыларының әрекеттерінен, олардың
қызметтерінен қалыптасатын-өз мазмұнын иемденеді".[17]
Дегенмен, сатып алу-сату шарттарында экономикалық мазмұнмен жанама
байланысты иемденетін қатысушылардың айырықша занды жүріс-тұрысы
(әрекеттері) барлығын мойындамасқа болмайды. Бұлардың қатарына оферта мен
акцепті, келіспеушілікті реттеуді, жедел шараларды қолдануды және басқа да
әрекеттерді жатқызуға болады.
Шарт мазмұнына қатысты жалпы көзқарастар осындай.
Осыдан әрі, біз оны сатып алушы мен сатушының құқықтары мен міндеттері
күйінде жекелеп талдауға көшеміз.
2.2 Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері

Сатушының міндеттері. Сатушы сатып алушыға шартпен белгіленген тауарды
беруге міндетті. Мұнда негізгі талаптар болып мыналар саналады: тауардың
атауы, сапасы, саны (көлемі). Сапаға қатысты талаптар сатып алу-сату туралы
нормалармен шарттың елеулі жағдайларына жатқызылмағанына қарамастан осы үш
таланты да сатып алу-сату шарттары бойынша міндетті деп тануға болады.
Әрбір жекелеген жағдайда тауар атауына, сапасына, санына (көлеміне) қатысты
талаптар өзгеріп тұрады. Сапа бойынша талаптар шарттардың өздерімен емес,
тікелей заңнама нормаларымен анықталуы мүмкін.
Тауардың саны. Сатып алушыға берілуге тиіс тауар саны шартта тиісті
өлшем бірліктеріне сәйкес немесе ақшалай түрде анықталады, яғни, шартта
санды анықтау үшін қажет алғашқы өлшемнің бағасы бекітілуге тиіс.
Тауарлардың саны туралы талап оны айқындау тәртібін шартта белгілеу жолымен
келісілуі мүмкін. Мысалы, тауардың (сұйық заттар) саны шартты орындау
кезінде сатып алушы ыдысының (қоймасының) шекті сиым-дылығымен
бекітілсе.[18]
Тауардың сапасы. Сатушы сатып алушыға сапасы шартқа сәйксс келетін
тауар беруге міндетті. Егер кәсіпкерлік сатып алу-сату шарттарын
қарастырсақ, сатылатын заттардың сапасына қойылатын талаптар шартта тікелей
сирек белгіленеді. Осыған байланысты, сапа туралы талап бірнеше жағдайларда
шартты талқылау (оның мәнісін ашу) негізінде анықталады. Тауардың сапасын
анықтаудың үшінші амалы — сапаға қатысты құқықтық болжам (презумпцияны)
қолдану. Шартта сатып алушыға, әдетте осы сияқты тауар пайдаланылатын
мақсаттарға жарамды тауар беруге міндетті.
Келтірілген таланты тауарлардың сапасына азаматтық заңнама
нормаларының тікелей әсер етуі ретінде бағалауга болады. Сонымен қатар,
осыған ұқсас жағдайларда объективтік құқық нормалары субъективтік шарттық
қатынастардың ерекшелігіне бейімделіп субъективтік жағдай сипатына ие
болады. Егер тараптардың арасында тауардың сапасы келісілмесе де, бірақ
сатып алушы сатып алудың нақты мақсаттарын көрсетсе, сатушының тиісті
сапалы затты беру міндеті өзгеше болып келеді. Осындай жағдайда сатушы
сатып алушыға белгілі болып келетін мақсатта пайдалануға жарамды тауарды
беруге міндетті.
Тұрақты нарықты экономикасы бар елдер соттарының тәжірибесі осындай
жағдайларда сатушының жеке басына және сатып алушының жеке басына назар
аударады. Егер сатушы болып кәсіпкерлік қызметпен айналысатын (белгілі бір
саладағы маман) субъект болса, тауар сапасының талап етілетін мақсатқа
сәйкес болуын қамтамасыз етуге міндетті, Егер де сатып алушының
біліктілігінің дәрежесі әлдеқайда жоғары болса, онда осы мәселе басқаша
шешіледі. Мысалы: өндірістік кәсіпорын (қазіргі заманның ұйымдастыру-
құқықтық нысанында мұрагер өндірістік тағайындалуы бар мұрагерден сатып
алғалы тұр. Мұрагер болса оның техникалық қасиеттерін мүлдем білмейді.
Осындай жағдайда сатып алушы тауарды сатып алам деп шешім қабылдайтын
болса, онда тауардың тиісті сапасы бар деп есептелуі керек, бірақ тауарды
мақсатына сәйкес пайдалануға мүмкіншілік бермейтін жасырын кемістіктерге
қатысты наразылық ұсыну құқығы сақталуы керек.[19]
Тауарды үлгісі бойынша және (немесе) сипаттамасы бойынша сатқан
жағдайда, сатушы сатып алушыға үлгі немесе сипаттамасына сәйкес келетін
тауарды беруге міндетті. Тауардың кейбір қасиеттері (көрсеткіштері)
бейнелеумен қамтылмаса, онда сатушының міндеті жоғары көрсетілген
тәртіптерге сәйкес анықталуы қажет. Біздің көзқарасымыз бойынша,
бейнелеудің өзі белгілі бір талаптарға сәйкес болуы керек. Тым жалпы
бейнелеуді қарастырып, сатушы іс жүзінде өзін тиісті сапалы тауар беру
бойынша міндетінен босата алады.
Егер сатылатын тауардың сапасына заң актілерінде белгіленген тәртіпке
сәйкес, міндетті талаптар көзделсе, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын
сатушы сатып алушыға осы міндетті талаптарға сәйкес келетін тауар беруге
міндетті. (Олар стандартпен, техникалық жағдайлармен қарастырылған).
Тауардың сапасына қойылатын міндетті талаптар Қазақстан Республикасының
"Сертификациялау туралы" Заңымен және Қазақстан Республикасы "Стандарттау
туралы" Заңымен және заңға тәуелді нормативтік актілермен анықталады.
Егер шарт пен тауардың сапасына көтеріңкі талаптар қойылса, сатушы
сатып алушыға соларға сәйкес тауарды беруге міндетті. Алдын-ала соларды
айтып, сатушы тауарды кемшіліктерімен бере алады. Сатушы сатып алушыға
беруге міндетті тауарлар берген кезде айтылып кеткен талаптардың біріне
сәйкес болуы керек.
Ақылға сиымды мерзім шеңберінде ол, әдетте пайдаланылатын мақсаттарда
пайдалануға жарамды болуы керек.
Сатушы тауарды жарамдылық мерзімдері шегінде пайдалануға мүмкін
болатындай қылып беруі керек. Жарамдылық мерзімдері заңдармен, мемлекеттік
стандарттардың міндетті талаптарымен немесе өзге міндетті тәртіптермен,
өндірушінің өзімен орнатылады. Жарамдылық мерзімдері өтіп кеткен соң тауар
мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз деп саналады. Осымен бірге қызмет ету
мерзімі деген түсінік қолданылады, оның тұтынылмайтын тауарларды мақсаты
бойынша пайдалану шектеріне қатысы бар, ал жарамдылық мерзімі деген үғым
тағамдарға, дәрілік заттарға және с.с. қолданылады.
Шартпен гарантиялық мерзімдер орындалуы мүмкін. Бұл мерзімдер тауарды
әдеттегі немесе өзге мақсаты бойынша қолданымды мүмкін уақыт кезендерін
белгілейді. Өзінің табиғаты бойынша олардың жоғарыда көрсетілген
мерзімдермен ортақтығы бар, бірақ гарантиялық мерзімдер оларға толығынан
тепе-тең болып келмейді.
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында гарантатия
мерзімдерге бұрынғы заңдардағы сияқты мән берілмейді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаға келтірілген зиянның орнын толтырудың құқықтық аспектілері: түсінігі, жалпы сипаттамасы, мәселелері мен оны шешу жолдары (Маңғыстау облысының мысалында)
АЙЫРБАС ШАРТЫНЫҢ ТАРАПТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Сатып алу-сату шарттарының жекелеген түрлері
Сатып алу - сату шартының елеулі және қосымша талаптары
Сатып алу шарты
Бөлшектеп сатып алу - сату шартының нысаны
Лизинг институның жалпы сипаттамасы
Келісім шарт жасау шарты
Айырбас шарты туралы
Азаматтық құқықтық шарт жасасу сатылары
Пәндер