ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ


МАЗМҰНЫ
ҚЫСҚАРТУЛАР, СИМВОЛДАР МЕН АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕРДІҢ
ТІЗІМІ 4
КІРІСПЕ 5
1 ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ПАЙДА БОЛУ
ТАРИХЫ 11
1. 1 Шаруашылық серіктестіктің пайда болу тарихы 11
1. 2 Серіктестікті құру, оның қатысушылары және қатысушылардың
серіктестіктегі үлестері 12
2 ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ 21
2. 1 Шаруашылық серіктестік жағдайы туралы мәселелер 21
2. 2 Шаруашылық серіктестікті құқықтық реттеудің кейбір
мәселелері, шаруашылық серіктестікке қатысу және оны басқару 25
2. 3 Серіктестік қызметінің тоқтатылуы 27
3 ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТЕРДІҢ БАСҚА ДА ТҮРЛЕРІ 35
3. 1 Толық серіктестік 35
3. 2 Коммандиттік серіктестік және кооперативтер 38
3. 3 Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік 41
3. 4 Жауапкершілігі шектеулі серіктестік түсінігі және оны құру тәртібі 42
ҚОРЫТЫНДЫ 50
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 55
ҚОСЫМША 58
КІРІСПЕ
Бұл тақырыптың өзектітілігі: Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында «Жаңа әлемдегі - жаңа қазақстан» атты ұранмен ел басының қолдауы арқылы елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға зор назар аударылып жатыр. Осы мәселе төңірегінде бірден ауызға келетіні осы шағын және орта бизнесті құрайтын не? - деген сұраққа ол «шаруашылық серіктестіктер» деп бір ауызбен айтуға болады. Шағын және орта кәсіпкерлік әрбір жеке адамның, қоғамның және тұтас мемлекеттің тұрақты тіршілік етуіне орасан зор үлес қосады. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы ол мемлекеттің ішкі экономикалық қауіпсіздік пен сытқы экспорттан тәуелсіздіктің кепілі. Неғұрлым мемлекеттің ішкі экономикалық жүйесі мықты болатын болса, соғұрлым мемлекет берік болатыны баршаға мәлім, ал ол мықты мемлекеттегі мемлекеттің ішкі экономикасын құрайтын жүйенің басты бір тетігі шағын және орта кәсіпкерлік яғни түрлі нысандағы шарушылық серіктестіктер (коммерциялық ұйымдар) болып табылады.
Қазақстан жер және оның қойнауы, су көздерi, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстарға бай, ал оларды игеру мен тиімді пайдалану және тұрғындардың мүдделері мен мақсаттарын қанағаттандыру қоғам мен мемлекеттің басты міндеті болып табылады. Осы тұрғыда ішкі тауар-ақша айналымы мен халықтың әл ауқатын көтеруді мақсат ететін механизімнің кілті ретінде шаруашылық серіктестіктерді тануға болады. Сондықтан шаруашылық серіктестіктің дамуы мемлекеттің, қоғамның және әрбір азаматтың басты міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының конституциясында әр азамат мемлекет алдында ал мемлекет өз азаматтарының алдында жауапты делінген. [1] Еліміздің басты заңнамасының өзінде ақ іштей шаруашылық серіктестіктердің дамуы мемлекетті байытады ал мемлекет өз тарапынан оларға қолдау көрсету керек дегенге сай келеді.
Елбасының Қазақстан халқына жолдауында күйзелістен, жаңару мен өркендеуге деп үран салуда.
Қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалта бастағанын бәріңіз көріп, біліп отырсыздар. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ.
Оқтын-оқтын айналып соғатын әр деңгейдегі дағдарыстарға біз бұған дейін де төтеп беріп келгенбіз. Тәуелсіздік шежіресін парақтасақ, күйреген Кеңестер империясының орнына жаңа мемлекет құру бізге оңайға түскен жоқ. Тұралап қалған экономиканы қайта қалпына келтіру, оны жаңаша даму жолына түсіру - тақыр жерден тау тұрғызғанмен бірдей.
Ел болып ол қиындықтарды да еңсеріп өттік.
Өткен ғасырдың соңында Шығыс Азияда басталған кезекті дағдарыс тұсында тәуелсіздігіміз тағы да бір сынаққа түскен болатын. Дер кезінде қабылданған дұрыс шешім, ұтымды іс-қимылдың арқасында біз одан да аман-есен өте шықтық. Осылайша сындарлы жылдар мен күрделі кезеңдерде лайықты тәжірибе жинақтап, ысылып, шыңдала түстік.
Ел дамуының жаңа бағыттарын айқындап, қарыштап алға басумен болдық. Сол сияқты қазіргі әлемдік дағдарыс та өткінші құбылыс.
Мемлекет дағдарыстың алдын алудың барлық шараларын жасауда. Ұлттық қордан бөлінген ауқымды қаражат қазір отандық экономиканың кідіріссіз жұмыс істеуіне қызмет ете бастады. Әлеуметтік кепілдіктер толығымен сақталып отыр. Олай болса, бұл дағдарыстан да біздің аман-есен өтетініміз айдан анық.
Дағдарыстар өтеді, кетеді. Ал, мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады. Алдымызда бізді үлкен белес күтіп тұр. Ол - Қазақстан тәуелсіздігінің жиырма жылдығы. Дүние дамуымен есептегенде жиырма жыл деген көп те емес шығар. Бірақ, біз үшін үлкен кезең тұтас бір дәуірмен барабар. Олай болатыны, тәуелсіздік - ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты. Сол себепті тәуелсіздіктің әрбір жылының біз үшін мәні бөлек, маңызы айрықша. Халқымыздың басына түскен қандай да бір сынаққа қарамастан біз тәуелсіздігімізді нығайту жолындағы жасампаз істерімізді жалғастыра бермекпіз. Барша қазақстандықтардың жұмған жұдырықтай бірлігінің арқасында біз алмайтын асу, біз жеңбейтін кедергі болмайды [2] деп Елбасы жолдауында айтылғандай, болашаққа нық сеніммен қарай отырып, меншіктің қорғалуы қай кезең болсада жүзеге асуына кәміл сенуге болады деп ойлаймыз.
Бүгінгі күні елдегі экономика аяғына тұрып, мемлекетіміз даму үстінде. Жаңа дамып келе жатқан ел экономикасы аяқ тұрар шағында көптеген қиыншылықтар мен өзгерістерді басынан кешірді. Мемлекет, заңды және жеке тұлғалар бірлесіп құрған көптеген заңды тұлғалар бүгінгі күні біршама дамып, нарықтық заман баспалдақтарымен батыл жоғары дамып келеді. Курстық жұмысыма заңды және жеке тұлғалар тақырыбын алу себебімнің бірі осы жоғарыда айтылған жағдайлардың көрінісі. Ел экономикасында жеке меншік секторы көбейіп келеді. Соған сәйкес заңды тұлғалар саны да күн санап көбеюде. Бұл жерде тек қана мемлекеттік емес, сонымен қатар жеке меншік заңды тұлғалардың саны көбейіп келе жатқанын айтқан жөн деп ойлаймын. Осыған байланысты жаңа нысандағы заңды тұлғалардың ерекшелігін зерттеу аса өзекті мәселе деп ойлаймын. Сонымен қатар жеке тұлғалардың да құқықтық мәртебесі жоғары деңгейде заңмен қорғалуда.
Қазір осы заңды тұлғалар түсе алатын азаматтық-құқықтық қатынастардың да шеңбері кеңеюде. Егер бұрынғы Азаматтық кодекс бойынша заңды тұлғалар «заңдармен рұқсат берілген ғана қатынастарды жасай алса», ал бүгінгі әрекет етуші кодекс бұл қатынастар шеңберін мейлінше ұлғайтты. Яғни, олар заңмен “тиым салынбаған қатынастардың бәрін жасай алу” принципіне негізделеді.
Кез келген білімді адамның, әсіресе ана тілінде өзінің азаматтық құқығының оқып, зерттеп жүрген заңгерлік құқық қағидалары хақында орныққан өзінің көзқарасы, өз елінің көп қырлы азаматтық құқығы туралы жақсы бағыт - бағдары болуы тиіс. Осыған орай, тек позитивтік құқықты ғана емес, сондай - ақ азаматтық құқықтың даму тенденцияларын тек Қазақстан Республикасында ғана емес, Еуропа мен бүкіл дүние жүзі көлемінде меңгерген маңызы.
Ұлттық азаматтық құқықтың дамуы мен оның барлық заң және басқа да жоғары оқу орындарында қазақ тілінде маңызды пән ретінде оқытыла бастауы - жаңа сапалы жоғары білім беру жүйесіндегі мәселенің құрамдас бір бөлігі. Азаматтық құқық саласында ана тіліндегі мамандарды дайындау деңгейіне назар аудару аса қажет.
Соңғы кездері жоғары заң оқу орындарында оқитын студенттер қауымының Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы бойынша жүйелі жазылған оқулыққа деген сұранысы артты.
Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтын дербес субъектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән. Азаматтық кодекстін 33- бабында оған мынадай тұжырым берілген: Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады.
Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаның мынадай белгілер бойынша айқындайды: 1) ұйымдасқандық бірлігі; 2) мүліктік оқшаулығы; 3) дербес мүліктік жауапкершілігі; 4) азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.
Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы не құрылтай шарты арқылы, не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады.
Сонымен қатар, заңды тұлғалар заң құжаттарына, сондай - ақ құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады. Заңды тұлға органдарының түрлері, тағайындалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттілігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді.
Мүліктік оқшаулық - заңды тұлғаның экономикалық - құқықтық белгісі болып табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді. Бұл арада әңгіме оның меншік құқығы, шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқығы туралы болып отыр. Коммерциялық ұйымдағы дербес балансының мөлшері мен мекемедегі смета заңды тұлғаның оқшаулық мүлкін айқындайтын құжаттар.
Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз - ол заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі. Бұл жалпы ереже. Ал, меншік иесі қаржыландыратын мекеме мен қазыналық кәсіпорындар Азаматтық кодекстін 44- бабының 1- тармағы 2- бөлігіне сәйкес өз міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді. Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда мекеме мен қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша оның құрылтайшысы жауапты болады. [3]
Заңды тұлғалардың дербес мүліктік жауапкершілігі заң актілерімен тағайындалуы мүмкін.
Бұл азаматтық кодексте былайша қаралған: 1) толық және сенім серіктестеріне қатысушылардың тиісті серіктестіктердің міндеттемелері бойынша жауапкершілігі (АК - тің 63 бабының 1- тармағы, 72- бабының 1- тармағы) ; 2) кооператив міндеттемелері бойынша өндірістік кооператив мүшелерінің жауапкершілігі (АК-тің 96-бабының 3-тармағы) ; 3) егер заңды
тұлғаның бонкрот болуын құрылтайшының әрекеті туғызған болса, заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құрылтайшының жауапкершілігі (АК - тің 44- бабының 3-тармағы) ; 4) еншілес шаруашылық мәмілесі бойынша негізгі ұйымның (АК - тің 94- бабының 2- бөлігі), сондай - ақ негізгі шаруашылық серіктестігінің кінәсінен еншілес шаруашылық серіктестігі банкротқа ұшырыған кезіндегі жауапкершілігі (АК - тің 94- бабының 2- бөлігінің 3- тармағы) ; 5) серіктестік міндеттемелері бойынша толықтай салым төлемеген жауапкершілігі (АК- тің 77- бабының 1- тармағының 2- бөлігі) және тағы басқа жағдайлардағы жауапкершілік.
Шаруашылық серіктестіктің азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы процессуалдық - құқықтық белгісі. Ол оның сотта талапкер және жауапкер болуына, өз атынан шарт жасасуға, бір жақты мәміле жасауына мүмкіндік береді.
Ал, ғалым Д. М. Генкин «әлеуметтік ақиқат» теориясын ұсынады, яғни онда ол қоғамдағы тауар айналымы қатынастарының тарихи - экономикалық заңдылығын басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде қажеттілікке орай реттелетінін айтады. Профессор Ю. К. Толстой «директор ілімін» алға тартты, оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін білдіруші - директоры болып табылады.
Азаматтық құқықтануда О. А. Красавчиковтың «әлеуметтік байланыстар ілімі», А. А. Пушкиннің «ұйымдастыру ілімі», Е. А. Сухановтың «мақсатты мүлкі» тәрізді ғылыми тұжырымдары да айтарлықтай кең тараған. Сөйтіп, заңды тұлғаға «адамдардың қатысы» жөнінде әртүрлі пікірлер айтылған және де бұл орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді. Оның бірінде бұл адамдар заңды тұлға мүддесі үшін әрекет етеді, екіншісінде адамдардың әрекеті осы институтпен реттеледі.
Зерттеудің мақсаты мен мәселелері: Қазақстан Республикасындағы шаруашылық серіктестіктің құқықтық мәртебесін төңірегінде өрбіп отырған өзекті мәселелер. Яғни, Осы жұмыстың зерттеу мақсаты - шаруашылық серіктестік мәнін ашу және сол саладағы қызметті жүргізу барысындағы кездесетін мәселелер мен оларды шешу жолдарын талдау болып табылады.
Мақсатына байланысты төмендегідей міндеттер анықталып, шешілді:
1) шаруашылық серіктестік ұғымы және пайда болу тарихы
2) шаруашылық серіктестіктің құқықтық жағдайы
3) шаруашылық серіктестіктің басқа да түрлері
Зерттеу әдістері; ең алдымен шаруашылық серіктестік ұғымы және пайда болу тарихы, шаруашылық серіктестіктің пайда болу тарихы, серіктестікті құру, оның қатысушылардың серіктестіктегі үлестері, сондай-ақ келесі шаруашылық серіктестіктердің құқықтық жағдайы; шаруашылық серіктестік жағдайы туралы мәселелер, шаруашылық серіктестікті құқықтық реттеудің кейбір мәселелері, шаруашылық серіктестікке қатысу және оны басқару, серіктестік қызметінің тоқтатылуы. Сондай-ақ шаруашылық серіктестіктердің басқа да түрлері; толық серіктестік, коммандиттік серіктестік және кооперативтер, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік түсінігі және оны құру тәртібіне теориялық тұрғыдан қарастырылған.
Зерттеу объектісі: Қазақстан Републикасындағы шаруашылық серіктестіктің құқықтық мәртебесі және шаруашылық серіктестік қызметін жүзеге асыру барысында кездесетін қоғамдық қатынастар.
Зерттеу пәні: Шаруашылық серіктестікттің құқықтық мәтебесі болып табылады.
Зерттеудің теориялық және практикалық негіздерін Осы зерттеу жұмысын дайындауда көптеген нормативтік құқықтық актілер зерттелінді атап айтар болсақ: Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР «Жауапкершілігі шектеулі және толық серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (Жалпы бөлім), Елбасының Қазақстан халқына жолдауы және тағы басқалар құрайды. Сонымен қатар, өзге де Қазақстан республикасының заңдары, нормативтік мен ережелік құқықтық актілері, қарастырып отырған мәселе бойынша жетекші отандық және шет ел ғалымдарының ғылыми еңбектері толықтырады. Жұмысының ғылыми жаңалығы: шаруашылық серіктестік қыметінің түрлі нысандарындағы формаларын құру және оларды жүргізудің ерекешеліктері мен олардың құқықтық мәртебесінің осал тұстарын көрсететін мәліметтер мен түйіндемелер және оларды жою жолдары бойынша жекелеген ұсыныстар көрсетіледі. Тақырыптың зерттеу деңгейі: Бұл зерттеу жұмысы Төлеуғалиев Ғ., Басинн Ю. Г., Суханов Е. А. және Сулемейнов М. К. сияқты алпауыт ғалымдардың азаматтық құқық саласындағы ғылыми еңбекетері қолданылады.
Зерттеу жұмысының құрылысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде-тақырыптың өзектілігі, маңыздылығы, мақсаты, міндеті, зерттеу әдісі, обьектісі, пәні практикалық негіздері және жұмыстық құрылысы қарастырылған.
Бірінші болімде шаруашылық серіктестік ұғымы және пайда болу тарихы, шаруашылық серіктестіктің пайда болу тарихы, серіктестікті құру қарастырылған.
Екінші бөлімде шаруашылық серіктестіктің құқықтық жағдайы, серіктестік шаруашылық серіктестік жағдайы туралы мәселелер, шаруашылық серіктестікті құқықтық реттеудің кейбір мәселелері, шаруашылық серіктестікке қатысу және оны басқару, серіктестік қызметінің тоқтатылуы қарастырылған.
Үшінші бөлімде шаруашылық серіктестіктердің басқа да түрлері, толық серіктестік, коммандиттік серіктестік және кооперативтер, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік түсінігі және оны құру тәртібі қарастырылған. Зерттеу нәтижелері мен ұсыныстар қорытындыда қарастырылады.
1 ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ
1. 1 Шаруашылық серіктестіктің пайда болу тарихы
Қзақстан Республикасында жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің кәсіпкерліктің кең тараған ұйымдастырушылық-құқықтық формасы екендігі баршаға белгілі факті. Статистика көрсеткендей, комерциялық заңды тұлғаның бір де біреуі жауапкершілігі шектеулі серіктестікке бәсеке бола алмайтындығын көрсетеді.
Бұған біріншіден, жауапкершілігі шектеулі серіктестік Қазақстаның бизнес - алаңында заңды тұлғаның бір формасы ретінде КССР-ның «Акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы» Ережені егізгеннен бері 20 жыл өмір сүріп келеді [4] . Яғни, ол уақыт сынынан өткен және ол тек Қазақстанда ғана емес. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік - «бұл 19 ғасырдағы герман заңгерлерінің ойлап тапқаны және ол акционерлік қоғамның жекткіліксіз икемділігімен тәжірибиешілердің нақты талаптарынан шыққан, бірінші жағынан толық серіктестіктердің одан ары қарай дамуының шектеулігінен - екіншіден 1892 жылы Рейхстаг «Жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы заң қабылдады» [5] .
Сонымен қатар, салыстыру факторы сияқты ерекшелікті ескерген жөн. Түрлі жылдарда (соңғы 18 жылда) жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін жағдай оңтайлы қалыпта қойылып кледі. Осылай ша, 90 жылдардың басында жауапкершілігі шектеулі серіктестік өндіріс коперативтерімен жарыста тамаша жеңіп шыққан. Осында айта кететін осы кезден бастап біздің елімізде сонымен қатар, бұрынғы КССР-ның құрамындағы ТМД барлығында кәсіпкерлердің арасында коператив құру мәселесі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің пайдасына шешілген болатын.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің келесі жеңісі 1997 жылы шаруашылық серіктестіктердің түрлі нысандарының төменгі жарғылық қорының мөлшеріне қойылатын талаптар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің пайдасына шешілген кезде [6] .
Қазақстан Республикасмындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің түрлі жылдардағы даму кезеңдерін қарастырайық.
Еліміздегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтық жағдайын реттейтін нормативтік акт 1990жылы 19-шы шілдеде КССР-дің Министрлер кеңесінің №590 қаулысымен қабылданған «Акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы» Ереже болып табылады. Көрсетілге актіге сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестік - деп, үлестерге бөлінеген млшері құрылтайшылардың құжаттарымен анықталатын жарғылық қоры бар, және тек өздерінің мүліктері шеңберінде жауапкершілік көтеретін қоғам танылады [7] .
Келесі нормативтік акт ретінде 1991 жыл 21-ші маусымдағы «шаруашылық серіктестіктер және акционерлік қоғамдар туралы» Қазақ КСР-нің заңы танылады. Оғн сәйкес, жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде келісім негізі мен бірлестіктердің, мекемелердің, ұйымдардың және азаматтардың мүшелігінің негізінде құрастырылған, өзінің қоғамдық сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында түрлі шаруашылық қызметті жүзеге асыратын, қатысушылары оның міндеттемелері бойынша тек өзлдерінің шаруашылық серіктестіктегі үлестері бойынша жауап беретн ұйым ретінде танылады.
Осыдан кейін 1994 жылы 27-ші желтоқсанда Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім) қабылданған болатын, ал 1995 жылы ҚР Президентінің «Шаруашылық серіктестіктер туралы» заңдық күші бар Нұсқауы қабылданған болатын.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік - деп, қатысушылары оның міндеттері бойынша жауап бермейтін және өздерінің салған үлестерінің құны шегінде серіктестіктің қызметімен байланысты шығындарға тәуекел ететін шаруашылық серіктестікті айтамыз. Жауапкершілігі шектеулі серіптетіктің қатысушыларының саны отыз бен шектеледі. Соданй ақ ол бір ғана қатысушымен құрылуы мүмкін [8] .
Соңғы шаруашылық серіктестікке қатысты заң 1998 жылы 22 сәуірде қабылданған ҚР «Жауапкершілігі шектеулі және толық серіктестіктер туралы» Заң қабылданған болатын. Оны қабылдау қажеттігі осы қатынасты реттейтін бұған дейінгі қабылданға заң ескіріп және көптеген күрделі шиеленісті жағдайларда серіктестіктің қатысушыларының және кридиторлардың мүдделерін тиімді қорғай алмады [9] .
1. 2 Серіктестікті құру, оның қатысушылары және қатысушылардың
серіктестіктегі үлестері
Серіктестік өзінің табиғаты бойынша заңды тұлғңа болып есептелетіндіктен оған заңды тұлға қатысты заң нормаларының талаптары қолоданылады. Осылай ша азаматтық кодексте заңды тұлғаларды құру жөнінде жалпы ережелер енгізілген, сол арқылы оның түрлерінің жекелеген нормалары нақтыланады. Кодексте заңды тұлғаның құрылтайшысы хақында арнайы бап енгізілген. Азаматтық кодекстің 40-бабына сәйкес заңды тұлғаны бір немесе бірнеше құрылтайшы құруы мүмкін. Мүлікті шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқаруқұқығымен иеленетін заңды тұлғалар меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның келісімімен басқа заңды тұлғалардың құрылтайшысы бола алады.
Азаматтық кодекс құрылтай құжаттарының түрін және міндетті реквизиттері мен басқа да оған қойылатын талаптарды айқындайды.
Азаматтық кодекстің 41-бабына сәйкес заңды тұлға өз қызметін жарғысы не құрылтай шарты депе аталатыне құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырады. Заң құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның басқа құрылтай құжаттары болуы мүмкін. Сонымен қатар, коммерциялық емес ұйымның құжаттары: 1) мекеме үшін - меншік иесі (меншік иелері) бекіткен ереже (жарғы) және меншік иесінің (меншік иелерінің) заңды тұлға құру туралы шешімі; 2) қор, тұтыну кооперативі, коммерциялық емес акционерлік қоғам қауімдастық (одақ) нысанындағы, өзге де ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі үшін - құрылтайшылар бекіткен жарғы және құрылтай шарты; 3) қоғамдық бірлестік, діни бірлестік үшін - жарғы болып табылады («Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңның 21-бабы) .
Бір адаммен құрылған коммерциялық және коммерциялық емес ұйым тек жарғы негізінде ғана жұмыс істей алады. Азаматтық кодекстің 41-бабының 3-тармағына сәйкес шаруашылық серіктестік пен өндірістік кооперативті құрылтай құжаттарында олардың қызметінің мәні мен мақсаттары белгіленуге тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz