Шетел тілін оқытуда қолданылатын инновациялық технологиялар. Инновациялық технологиялардың қолданылумен жасалған сабақтардың сараптамалары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе 3
I
Шетел тілін оқытуда қолданылатын инновациялық технологиялар 3
I.1. Дамыта оқыту технологиялары
6
I.2. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту педагогикалық
технологиясы 9
I.3. Модульдік оқыту технологиясы 15
II
Инновациялық технологиялардың қолданылумен жасалған сабақтардың
сараптамалары 17
II.1. Дамыта оқыту технологиясы қолданылған сабақтың үлгісі
17
II.2. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту педагогикалық
технологиясы қолданылған сабақтың сараптамасы

20
II.3. Модульдік оқыту технологиясы бойынша сабақ жоспары

23
Қорытынды 32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 34
Қосымша 35

Кіріспе
Ел болам десең, бесігіңді түзе. Біздің бүгінгі тербеткен бесігіміз –
мектеп. Әр ұстаз жаңалыққа жаны құмар болуы керек. Қазіргі заманда ол құрал
– жаңа технология болғандықтан, біздің дипломдық жұмысымыз Шетел тілі
сабағында қолданылатын жаңа инновациялық технологиялар тақырыбына
арналады.
Қазақстан – бүгінгі таңда өз алдына дербес мемлекет. Егемен ел ретінде
шет елдермен қарым-қатынасы нығайып, беделі артып келеді. Мемлекеттік
тапсырыстардың өндіріс өнімдерінің сапасына жоғары талап қоюдың салдарынан
ең үздік шетел фирмаларымен бәсекелесуіне әкеліп отыр. Осыған орай қазіргі
уақыт Республикамыздағы азаматтардан ана тілі, орыс тілімен қатар, шет
тілін игеру мақсатын алға қойып, соған барынша ұмтылуды талап етеді. Осыған
орай жалпы білім беретін мектептердің алдында тұрған бір үлкен міндет –
мемлекетімізге шет тілін жақсы білетін, болашақта жоғары деңгейдегі маман
бола алатын оқушылар шығару. Шетел тілі, оның ішінде әсіресе ағылшын тілі
қазіргі қоғам дамуында үлкен рөл атқарып отыр. Бұл жағдай, сөз жоқ, ағылшын
тілін оқытуды жақсартуға ерекше көңіл бөлуді қажет етеді.
Пәнді оқытуды, әсіресе шетел тілін оқытуды жақсарту ең алдымен пәнге,
тілге деген қызығушылықты арттырудан басталады. Ал оқушылардың ынтасы мен
қызығушылығын арттыру мұғалімнен мақсатты түрдегі көп еңбекті талап етеді.
Оқытылатын материалдың тек мазмұны ғана емес, сонымен қатар оның берілу
түрі де, оқытылу әдісі де өте қызықты, тартымды, баршаға түсінікті болуы
керек. Тағы бір көңіл бөлетін жағдай, білім бере отырып, біз оқушы тұлғасын
сабақта алынған біліммен шектеліп қалмай, өздігінен де оқып, біліп, дами
алатындай етіп қалыптастыруымыз қажет. Өйткені қазіргі кезде өздігінен
білімін дамытуға, әсіресе шетел тілдерін өздігінен де үйренуге мүмкіндіктер
мол. Сол мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға үйрету – мұғалімнің міндеті.
Ағылшын тілі сабақтарында осы аталған жағдайлардың барлығын ескере
отырып білім беру белгілі бір жүйесіз, технологиясыз іске асуы мүмкін емес.
Қоғамымызда болып жатқан өзгерістер білім берудің де бір орында тұрып
қалмай, өзгеріп, түрленіп, жаңарып отыруын талап етеді. Осыған орай соңғы
жылдары оқыту әдістемесінде білім берудің әдіс-тәсілдеріне, түрлеріне көп
көңіл бөлінуде. Соның жемісі ретінде қазіргі кезде оқытудың жаңа
инновациялық технологиялары енгізіліп, кеңінен қолданылып, білім сапасын
арттыруға игі ықпал етуде.
Республикамызда оқыту мазмұны жаңартылып, жаңа буын оқулықтары
енгізілді. Жаңа мазмұнға жаңа әдістер жүйесі қажет. Бүгінгі күні білім беру
мекемелерінде оқыту үрдісін технологияландыру өзекті мәселелердің бірі
болып отыр. Технология мен әдіс-тәсілдің ара-жігін ажырату
• Жаңа технологияларды қолдана отырып, балаларға сапалы да кейде қиын болып
жатады.
Мақсаты: Жаңа технологияларды қолдана отырып, балаларға сапалы да
терең білім беру, олардың ойлау дағдылары мен есте сақтау қабілеттерін
жетілдіре отырып, еркін сөйлеу дәрежесіне жеткізу.
Міндеттер:
1. Оқытудың жаңа әдістерінің психологиялық-педагогикалық негіздерін
зерттеу;
2. Инновациялық технологиялардың тиімділігін айқындау;
3. Шетел тілі сабақтарында әр технологияны орынды қолдана білу;
4. Сабақтарда қолданылатын инновациялық технологиялардың
түрлері мен әдістерін көрсету;
5. Біліктілік жолменен тәжірибеде инновациялық технологиялардың
мақсаттылығын айқындау.
Зерттеу объектісі: инновациялық технологиялар: дамыта оқыту
технологиялары , Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
педагогикалық технологиясы, модульдік оқыту технологиясы.
Зерттеу пәні: шетел тілін оқыту барысында жаңа технологияларды
қолдану әдістері.
Гипотеза: шетел тілін оқыту барысында әр инновациялық технологиялар
жас шамаларына қарап қолданылуы тиісті.
Зерттеу әдістері:
• Зерттеу мәселесі барысындағы ғылыми-әдістемелік әдебиетке сараптама
• Жаңашыл педагогтар және әдіскерлер тәжірибелерін жинақтап қорыту
• Бақылау
• Сынамалық оқыту
Зерттеу жұмысының құрылымы.
Зерттеу екі тараудан, кіріспе және қорытындыдан, қосымшалардан
тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудегі түиінді мәселелер, мақсаттар мен
міндеттер, ғылыми болжам, объекті, пән және пәнді зерттеу әдістері
пайымдалған.
Бірінші тарауда шетел тілін оқытуда қолданылатын инновациялық
технологиялар ұғымы берілген. Соның ішінде Дамыта оқыту технологиясы,
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы,
Модульдік оқыту технологиясы ұғымдары келтірілген. Осы бөлімде аталған
инновациялық технологиялардың мақсаттары, маңыздылығы берілген. Бұл бөлімде
жаңашыл ұстаздар мен әдіскердердің өзара тәжірибе алмасуы көрсетілген.
Екінші тарауда шетел тілі сабақтарында инновациялық технологияларды
орынды қолдана білу көрсетілген. Инновациялық технологиялардың түрлері
шетел тілін оқытуда, оқушылардың ойлау дағдыларын қалыптастыруға, өз
ойларын сеніммен айтуларына, жеке оқушының танымдық қызметін ұйымдастыруға,
топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырулары үшін тиімді.
Қорытынды бөлімде зерттеу жұмысынан алынған нәтижелердің қорытындысы
берілген.
І
Шетел тілін оқытуда қолданылатын инновациялық технологиялар
Бүгінгі күні дидактиканың нені оқытамыз?, не үшін оқытамыз?,
қалай оқытамыз? деген дәстүрлі сұрақтарымен бірге қалай тиімді оқытуға
болады? деген мәселе ғалым-әдіскерлер мен мектеп мұғалімдерін
толғандыруда. Педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді сараптау барысында
осы сұрақтың айналасында бірқатар ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде
екенін байқауға болады. Зерттеулердің нәтижесін талдау барысы педагогика
ғылымында жаңа педагогикалық технология бағытының пайда болып, қалыптасып
келе жатқанын көрсетеді.
Түсіндірме сөздікте технология – техника туралы ғылым. Техника
дегеніміз шығармашылық, білім, білік, машық және оларды іс-тәжірибеде
пайдалану деген анықтама берілген. Ал педагогикалық көзқарас бойынша
технология ұғымы – дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа, ерекше үлгіде
ұйымдастырылған педагогикалық өндіріс деген пікір өз уақытында педагог-
ғалымдар тарапынан сынға алынғаны белгілі. Осы сыннан соң бірте-бірте
педагогикалық технологияны оқыту үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде
сипаттап, оны дидактикалық үрдістер мен оқыту түрлерін ұйымдастыруда, оқыту
құралдарымен жабдықтауда жаңа ақпараттық технологияларға негіздеу туралы
мәселе қозғала бастады.
Педагогикалық технология ұғымының қолданысқа енуіне байланысты
педагогикада екі бағыт пайда болды. Оның біріншісі, оқу үрдісінің барлық
саласына техникалық құралдарды пайдалануға бағытталған. Бұл бағытты кейде
білім саласындағы технология немесе оқыту технологиясы деп атайды.
ЮНЕСКО құжаттарында оқыту технологиясы жалпы оқыту және білім қабылдау
үрдісін жасаудың жүйелік әдісі ретінде қарастырылады. Ол техникалық
қорларды, адам қорларын және олардың өзара әрекеттесуін ескеріп, білім беру
түрлерінің тиімділігін арттыруды көздейді.
Екіншісі, оқу үрдісінің өзін технологияландыру, оны оқытуды
технологияландыру немесе педагогикалық технология деп атайды. Осы екінші
мәселе оқыту үрдісінің жалпы заңдылықтарына сүйеніп, оның бірыңғай тиімді
жүйесін құру, оқу және оқыту қызметтерін толық қамтамасыз ету жағдайларына
байланысты педагогикалық зерттеу нысанына айналып отыр. Бұл мәселе бойынша
оқытудың мазмұнына, мұғалімнің іс-әрекетіне, оқушының даму деңгейіне,
оқушының оқу әрекетіне, т.б. ерекше назар аударылған. Нәтижесінде мұндай
оқыту әдістерінің елуге жуық үлгілері ұсынылып, мектеп тәжірибесіне
енгізіле бастады. Олардың ішінде кең қолданысқа ие болған оқыту әдістеріне
мыналар жатады:
1) дамыта оқыту;
2) мәселемен (проблемалық) оқыту;
3) бағдарламалап оқыту;
4) ойлау әрекетін кезеңдеп қалыптастыру;
5) танымдық қызығуды дамыту теориясы;
6) дидактикалық бірліктерді ірілендіру;
7) қарқынды оқыту әдістемелік жүйесі;
8) адамгершілік педагогикасы;
9) білімді толық игеру технологиясы;
10) оқу үрдісіне компьютерді қолдану;
11) мазмұнды жалпылау теориясы;
12) оқытуды оңтайландыру;
13) оқу әрекетін белсенділендіру теориясы;
14) бейімдеп оқыту;
15) саралап оқыту және т.б.
Білім беруді технологияландыру үлгісін жасауда мынадай шарттар ескерілуі
тиіс:
1. Тұжырымы, яғни қандай да бір ғылыми тұжырымға сүйенетіндігі немесе
негізделгені;
2. Жүйелілігі, яғни оқу үрдісінің барлық бөліктерінің өзара
байланыстылығы.
3. Басқарылуы, яғни мақсат болжау, оқыту барысын жобалау және т.б.
4. Тиімділігі, яғни соңғы нәтиженің білім стандартына сәйкес
кепілділігі немесе жемісті болуы;
5. Қабылдануы, яғни оқушының қабылдау мүмкіндігін ескеруі.
Оқытудың жаңа технологияларының барлығы дерлік оқушының өз бетінше білім
алуын ұйымдастыруға бағытталған. Қазіргі кезде жалпы дидактикалық
технологиялардың бір-бірінен айырмашылығы оқу және оқыту үрдісін
ұйымдастырудың әдістері мен құралдарына байланысты оқыту жүйесінің
әдістемелік кешенін анықтауда көрінеді.
Жоғары айтылғандардан шығатын қорытынды: оқыту технологиясы дегеніміз –
педагогикалық әрекеттерді ғылыми-әдістемелік, іс-тәжірибелік негізде,
нәтижелі болатындай етіп, жоспарлы түрде ұйымдастыру.

І. 1. Дамыта оқыту технологиялары
Соңғы кездерде технология ұғымымен тіркесте қолданылып жүрген
инновациялық деген ұғымның мәніне тоқтала кеткен жөн деп ойлаймын.
Инноватика ұғымының мәні латынның in-novus деген сөзінен шыққан,
жаңарту, өзгерту мағынасын береді. Педагогикада жаңа әдістер, тәсілдер,
құралдар, оқулықтар, бағдарламаларды пайдалануды білдіреді. Яғни оқыту мен
тәрбиелеуге өзгерістер енгізу, олардың сапасын арттыру болып табылады.
Педагогикалық технология, инновациялық технология дегенде қазіргі
педагогикадан, әдістемеден түсінігі бар адамның ойына ең алдымен дамыта
оқыту технологиясы ұғымы келеді. Педагогикалық әдебиеттерді қараған кезде
дамыта оқытудың педагогикалық жұртшылық санасына сіңген және бүкіл білім
беру жүйесіне әсерін тигізіп жатқанын байқау қиын емес. Барлық істерді
Л.С.Выготскийдің, Л.В.Занковтың, В.В.Давыдовтың, Д.Б.Элькониннің ойларына
негіздеу, осы ғалымдардан сілтемелер жасау жиі кездеседі.
Жаңа буын оқулықтарының негізгі ерекшеліктерінің бірі – олардың дамыта
оқыту жүйесі қағидаларына сәйкестендірілгендігі. Демек оқулық құрылымы
өзгеше, философиясы жаңа. Ал осы ерекшелікті мұғалім тек дамыта оқыту
жайлы теориялық түсінігі, хабары болғанда ғана жүзеге асыра алады.
Сондықтан да қазіргі педагогикалық әдебиеттерде дамыта оқыту жайындағы көп
жылғы ізденістер, жарық көрген мақалалар мен жұмыстар қайта өңделіп,
толықтырулар енгізілуде.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай
жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен
оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді
түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті
ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың
интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру
басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін
амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін
сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-
ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда
төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады:
1. Оқу мақсаттарының қойылуы;
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру;
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин – В.В.Давыдов жасаған жүйесінің
негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын
үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге
асады. Мұғалім сабақ процессін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде.
Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге
үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар
тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр
бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды,
жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.
Дамыта оқыту жүйесінің маңызды тағы бір ерекшелігі сынып оқушыларын
жақсы, жаман оқушылар деп бөлмей, барлық баланың дамуы үшін қолайлы
жағдай туғызуды мақсат тұтуы. Нашар оқушының да өз шамасы келгенінше,
қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған. Сол арқылы ол да өзін
мүмкін дәрежеге дейін дамыта алады. Бұл жолда оның қателесуі, жаңылуы әбден
мүмкін. Тек мұғалім тарапынан көрсетілген сабырлылық, байсалдылық оның өз
күшіне деген сенімін арттырып, алға жетектейді деп есептелінеді.
Дамыта оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жаңа
қағидаларға негізделеді. Олар ынтымақтастық, өзара сыйластық, түсіністік
сияқты қасиеттер. Бала өз ойын қорықпай, сеніммен айта алатындай
ахуал болуы басты назарда ұсталынады. Ол үшін оның әрбір жауабы мұқият
тыңдалып, дұрысы мақталып, қатесі еппен түзеліп отырылады. Оқушыны
кішкентай бала деп қарамай, оның да пікірімен санасу, көзқарасын құрметтеу
оның дамуына орасан зор әсер ететіндігі дәлелденген.
Дамыта оқыту технологиясы – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық
жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне
көтерілуі көзделіп, оқыту барысында оған лайық жағдай жасалады. Дамыта
оқытудың дәстүрлі оқутыдан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде,
мазмұнында дамытушылардың негізгі факторында. Мұғалімнің рөлі мен атқаратын
қызметінде, әдіс-тәсілінде, т.б.
Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдау табуда.
Педагогика ғылымының зерттеущілері тәлім-тәрбие беру үрдісінің негізгі
мақсаты оқушы тұлғасын дамыту деп таниды.
Бірақ, тұлға дамуы туралы ізденушілігі психологияның айтуы бойынша,
әр адамның өз қолында, оны сырттан әсер ететін күшпен дамытуға болмайды,
тек оңтайлы ықпал жасауға болады. Осы пікірден туған білім беру мақсатының
басқа да тұжырымы бар. Оқушы тұлғасын дамыту, ло оның толық өзіндік
жетілуінің амалы ретінде қарастырылады.
Сондықтан мектеп мақсаты баланың табиғи күштері мен
мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол
үшін тұлғаның дамуын көздейтін білім беру үрдісін, ұйымдастырудың түрлі
әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.
Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (экстенсивтік,
сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде
диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға
болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана
бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал
дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруді
мақсат тұтатын принциптерге негізделеді. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте
сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана
білуге үйретеді. Айтылғандарды кесте түрінде төмендегідей бейнелеуге
болады.

Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі
белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы
Педагогикалық Мазмұнындағы басымдылық
процесінің
компоненттері
Дәстүрлі Дамыта оқыту
иллюстрациялық
түсіндірме әдісі
Мақсат Оқушыларда білім, Байқампаздығын,
білік, дағды ойлауын, практикалық
қалыптастыру әрекетін дамыту
Бастапқы Факторлар, мысалдар, Заңдылықтарды,
мазмұн тақырыптар, дәлеледер теорияларды, ұғымдарды,
ережелерді қорыту
Оқытудың Жеке, топтық, Бірлескен ұжымдық
формалары фронтальды іс-әрекет
Оқыту Ауызша түсіндіру, Проблемалық баяндау,
әдістері көрнекілік, практикалықізденушілік,
зерттеушілік
Бақылау, Оқытудың нәтижесін ¤зін-өзі бақылау,
бағалау мұғалімнің бақылауы, өзін-өзі бағалау,
бағалауы рефлексия

І.2. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту педагогикалық
технологиясы
Дамыта оқыту арнайы педагогикалық технологияларды қажет етеді. Ол
технологияларда баланың қоршаған ортамен еркін қарым-қатынасқа түсу
мүмкіндігі беріледі. Қарым-қатынастар: жоспарлау, ұйымдастыру, мақсаттарды
жүзеге асыру, іс-әрекетті талдау кезеңдерінен тұрады. Әр кезең бала
тұлғасының дамуына өз үлесін қосады.
Сондай инновациялық технологиялардың ішіндегі тіл сабақтарында
қолдануға өте тиімділерінің бірі – Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан
ойлауды дамыту педагогикалық технологиясы.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен
жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген
Джинни Л. Ситл, Куртис С.Мердит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже,
Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту – бұл RWCT жобасының жалпыға
белгілі орыс варианты. Ағылшын тілінен сөзбе сөз аударғанда Reading and
Writing for Crifical Thinking сыни ойлауды дамытуға бағытталған Оқу мен
Жазу Сыни ойлау үшін дегенді білдіреді. Басқа сөзбен айтқанда бар орыс
тіліндегі аудармада акценттер қозғалысы байқалады, егер сөзді актуальды
жіктеу көзқарасында алсақ, Тема – белгілі бөлік, ал Рема жаңа, ақпараттық
мазмұнды білдіреді (В.Г.Гак, 1986). Ағылшындық анықтамасында тақырып – Оқу
мен Жазу барлық уақыттағыдай сол күйінде қалады, ал бүгінгі күні көкейкесті
мәселе, яғни Рема – білім берудегі бұл әрекет түрлерін сыни тұрғыдан ойлау
позициясының қай бұрышынан алып қараған жөн – деген болып отыр. Жоғарыда
айтылған ой сондай-ақ Оқу мен Жазу оқу орынындағы оқытылатын кез келген
ғылымның бөлігі болып табылатын әрекет түрі ретінде көз қырында екендігін
білдіреді.
Бұл технологияның мақсаты - барлық жастағы оқушыларға кез келген
мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға
саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.
Сын тұрғысынан ойлау ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып,
оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя
білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап
зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.
Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі
ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса
дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған
жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге
жетері сөзсіз.
Сыни ойлау анықтамасына еш келмейтін ойлаудың үшінші түрі – ол
шығармашылық немесе көкейтесті ойлау. Сонымен сыни тұрғыдан ойлау төрт
бөліктен тұрады.
Біріншіден, сыни тұрғыдан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып
табылады. Ал сабақ сыни тұрғыдан ойлау принциптеріне негізделетін болса,
әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын басқалардан тәуелсіз
құратын болады. Біз үшін басқа біреу сыни ойлай алмайды, біз барлығын
өзіміз үшін жасаймыз. Сонымен қатар ойлау өзіндік сипатқа ие болғанда ғана
сыни тұрғыдан ойлағандық болып есептеледі. Өз жастарымен жұмыс істеп, ең
қиын деген мәселені өзі шеше алулары үшін оқушыларға жеткілікті түрде
бостандық берілуі керек. Мысалы оқушылар мұғалімнің айтқанын жаттанды түрде
қайтып айтып беруі мүмкін.
Сыни тұрғыдан ойлау идеяның ерекше болуы міндет емес: біздің басқа
біреудің идеясы мен нанымын өзіміздікі етіп қабылдауға толық құқымыз бар.
Біз тіптен, басқаның пікірімен келісуіміз керек болады да, бұл біздің
құқымызды дәлелдейді. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам басқаның көзқарасымен жиі
келісе бермейді.
Екіншіден, ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы емес, бастапқы пункті
болып табылады. Білім адамның сыни ойлауы онсыз мүмкін болмайтын
дәлелдемелерді тудырады. Кейде басында түк жоқ болса ойлау қиын болады
деп айтып жатады ғой. Терең ойлау үшін фактілер мен идеялар, мәтіндер мен
теориялар, мәліметтер секілді көптеген шикізаттарды өңдеу керек болады.
Кейбір оқушылар өздерінің үйренгендерін көп есіне сақтай алмайды. Сондықтан
оларға ескіден жаңаға жол салу керек. Дегенмен де мұғалімнің жұмысы тек
сыни тұрғыдан ойлауға шектеліп қалмайды: оқушылар ең қиын деген түсінікті
қабылдап, әр түрлі мәліметті естерінде сақтауға дағдыланады. Сыни тұрғыдан
ойлауға үйрету – мұғалімнің көп жақты жұмысының бір бөлігі ғана. Кез келген
жаста сыни тұрғыдан ойлауға болады: бұл үшін тек студенттердің ғана емес,
бірінші сынып оқушыларының да тәжірибелері мен білімдері жеткілікті.
Үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет
ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге
құмар болып келеді. Егер біз жаңа бір нәрсені байқай қалсақ, оның оның не
екенін білуге құмартамыз. Дегенмен нағыз таным үрдісі өзінің жеке
қызығушылығы мен қажеттіліктеріне пайда болатын сұрақтарға жауап беруге
деген талпыныспен сипатталады.
Төртіншіден, сыни тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады.
Сыни тұрғыдан ойлайтын адам мәселені шешудің жолын өзі өздеп табады да, сол
шешімдерді негізі бар, саналы дәлелдермен нақтылай түседі.
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3
деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға
асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай
отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану,
ой толғаныс кезеңдерінен тұрады.
Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқтала кетейін.
Қызығушылықты ояту.
үйрену процесі – бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады.
үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа
ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондақтан да сабақ қарастырғалы
тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан
басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы
әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін Топтау, Түртіп алу,
Ойлану, Жұпта талқылау, Болжау, Әлемді шарлау т.б. деген аттары бар
әдістер жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты –
үйренушінің белсенділігін арттыру. ¤йткені үйрену – енжарлықтан гөрі
белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске
түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни
айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы аршылады, тазарады. Осылайша
шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа
білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы білімімен ұштастырады.
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі
мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады,
тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс
жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша
жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол
бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында
V - білемін,
- - білмеймін,
+ - мен үшін жаңа ақпарат,
? - мені таңқалдырады белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.
INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге
үйрететін ұтымды құрал. Бұл мәтінмен жұмыс істегенде өті тиімді әдіс болып
табылады. Оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне
алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді
жоғарыдағыдай ұйымдастыру аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір
кепілі.
Үйренушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға
әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында
көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құрауға дағдыландырады. Бұл
айтылғанды сурет арқылы былай бейнелеуге болады:

Тақырып туралы ой толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті
оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен
қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Одан гөрі үйге тапсырма беру,
оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға уақыт жіберіледі. Сын тұрғысынан
ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды
әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап,
салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен
өткізеді. Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер
енгізеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзгеше сенім,
тәрбиелік, даналыққа бастау алады. Толғануды тиімді етуге лайықталған Бес
жолды өлең, Венн диаграммасы, Еркін жазу, Семантикалық карта, Т
кестесі сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне
қарай лайықтала қолданылады. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын,
ой түйістіруін қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасындағы мұғалімнің рөлі қандай дейтін
болсақ, ол үйрену процесінде оқушыларға серік болып бірге жұмыс жасап,
оларға сеніммен қарап өз ойын, ақылын көрсете сөйлеуге қолдау көрсетіп
отырады. Бүкіл қайнаған істің ортасында білім алу ісін ұйымдастырушы деуге
болады.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы
шарт:
1. Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек.
2. Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
3. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
4. үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау.
5. Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау.
6. Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті
болуын талап ету.
7. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Ал оқушылардан осыған байланысты:
- сенімділікпен жұмыс жасау;
- бар ынтасымен оқуға берілу;
- пікірлерді тыңдау, құрметтеу;
- өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.
Тек сонда ғана олар:
- мен осы мәселе туралы не ойлаймын?
- осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме
сәйкес пе?
- осы ақпаратты үйрене отырып мен бірдеңе жасай аламын ба?
- маған бұл жаңа ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті? деген сауалдар
төңірегінде ойлауға үйретеді.
Бұл жоба сексенге жуық стратегиялардан тұрады. Ағылшын тілі сабақтарында
қолдануға тиімді кейбіреулеріне тоқтала кетейін.
ДЖИК СО - ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты жалпы мәселені алдымен жұпта,
сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім
ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады.
Бұл әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан
тұратын топтарға бөлінеді. Бұл жанұя топтар деп аталады. Содан кейін 1,
2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 –тер өз алдына жұмыс тобын
құрайды.
Оқуға ұсынылатын материал талқыланған соң, осы мәтінді түсіну қажет
екендігі ескеріледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1 бөлігін 1-лер,
2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4-нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады.
Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға жұмыс тобында мәтіннің тиісті бөлігін
жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті жанұя топ оқушыларына
түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының тиянақтылығына
байланысты екенін түсіндіру қажет.
Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің
үйреніп келген бөліктеріндегі маұмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым
мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді.
ДЖИК СО стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте
сақтау үшін өте тиімді. Бұл әдісті ағылшын тілі сабақтарында жаңа мәтінмен
танысу, аудару жұмысында да, теориялық материалды, яғни грамматиканы
өткенде де бейімдеп қолдануға болады деп ойлаймын. Тағы бір айта кететін
жай, бұл - ұжымдық жұмыс түрі. Ал тіл үйрену сабақтарында ұжымдық оқытуды
пайдалану өте тиімді болып табылады.
Еркін жазу. Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші
ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған
жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу
керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға
уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін
таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымға оқуға болады. Оқушыларды
алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін
бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.
Венн диаграммасы. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына
салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан
жерге екеуіне ортақ сипаттар жазылады. Салыстыруға арналған тапсырмаларды
осы диаграммаға салып оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты
күрделі ойлау операциясын меңгереді.
Педагогикалық әдебиеттерде мектеп өмірінде мұғалімдердің аталмыш жобамен
жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-
ықыласының артқандығын, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын,
мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен
қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен
сипатталатыны айтылады.
Бүгінгі қоғамға, мектепке керегі де осылар.

І. 3. Модульдік оқыту технологиясы
Соңғы жылдар ішінде кеңінен тарап, жиі сөз етіліп жүрген, мұғалімдер
арасында қолдау тауып, көп қолданылып жүрген педагогикалық технологиялардың
бірі - М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы. Бұл технологияда
оқушыларды оқыту емес жеке оқушының танымдық қызметін ұйымдастыру
көзделеді. Яғни оқытуды диалогтық қатынасқа құру. Әр модуль әр түрлі сағат
санын қамтитын тараулардан тұрады. Тиімдісі - 7-12 сағаттан тұратын
тараулар. Кіріспе бөлімге 1 не 2 сағат, қорытынды бөлімге 2 немесе 3 сағат
жіберіп, қалған сағаттарды диалогтық бөлімге жоспарлаған жөн. Мұғалімнің
алдын-ала ойластыруы мынадай қадамдардан тұрады.
1. Міндетті білім бағдарламасы бойынша сол тарауда оқушы нені білу
керектігін анықтау.
2. Модуль бойынша оқу материалының мазмұнын білдіру.
3. Негізгі ұғымдарды анықтау.
4. Бүкіл тарауды қамтитын тест, деңгейлік тапсырмалар дайындау.
5. Диалогтық бөлімді құру.
8 сағаттан тұратын модульді мысалға алып көрсетейік.

1- сабақ кіріспе бөлімді қамтиды. Алғашқы 10 минутта оқушылар неге,
не үшін берілген тарауды оқиды, нені білу керек? деген сауалдарға көңіл
бөлінеді. Оқушылар мақсат пен міндетті түсініп қабылдауы керек. Осы бөлімде
тақырыпты түсіну және модульдегі басты мәселені ажырату оқушылардың
өздеріне жүктеледі. Қалған 35 минутында лекция оқылады. Алдын-ала
дайындалған тірек-схема болуы шарт.
Сабақ соңында үйге тапсырма беріледі. Келесі сабаққа тақырыптарды жай ғана
қарап келу тапсырылады.
2-3- сабақтарда оқушыларға оқуға, тыңдауға, сөйлеуге қойылатын
стратегияларға сүйеніп мәтіндермен жұмыс жасайды. Бірақ тапсырмаларды
барлық оқушы бірдей орындай алады деуден аулақпыз, сондықтан деңгейлік
тапсырмалардың орны ерекше.
III деңгейге мәтін не туралы, басты кейіпкерлер, сұрақтарға жауап беру
сияқты жеңілдетілген тапсырмалар берсек, II деңгейге қиын сөздердің
мағынасымен таныстыру жүктеледі, ал I деңгейдің оқушыларына проблемалық
сұрақтар қою арқылы олардың ой-пікірлерімен есептесіп ынталандыру
көзделеді.
Модульдік оқытудың сөйлесу бөлімінде мұғалім ойын элементтерін де
ұмытпауы керек, себебі ойын оқушыны жандандырады, ұялшақтық сезімнен
арылтып, өзіне сенімін арттырады және материалды жеңіл меңгеріп, ұзақ есте
сақтауға баулиды. Бұл сабақтардың тағы бір ерекшелігі оқушылар тапсырманы
өздерінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдай алады. Көмекшілер де өз
рөлдеріне енеді, бағалау журналына қандай оқушы, қай деңгейді қанша рет,
қалай орындағанын көрсетіп, жеңімпаздарды белгілеу арқылы әділ сарапшы
болуға, білімін көтеруге талаптанады. Бұрыннан білетін грамматикалық
ережелерді тереңдете оқыту арқылы оқушылардың қабілеттерін, жадын, ынтасын,
ойлауын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға жағдай жасалады. Қарлы кесек
ойыны жүргізіледі. Мұғалім ойынның мақсатын, міндетін, шартын айтқаннан
кейін оқушылар ойын үстеліне жайғасады. Әр оқушыға жетондар мен маршрут
қағаздары таратылып беріледі. Әр топ тапсырма алады. 7-15 минут
дайындалады. Қатысушылар ойын үстеліндегі орны мен ретін қолдарындағы
маршрут қағаздары бойынша анықтайды.
Әр оқушының айтқанын тыңдай отырып, өздерінің маршрут қағаздарының
лидер деген жеріне ең үздік орындаушының номерін белгілеп қояды. Осылайша
айналымнан айналымға өткен сайын қосымша мәлімет алады. 3 рет тыңдайды, 3
рет мәлімет алады. Ойын біткеннен кейін маршрут қағаздарын жинап, балдарын
есептейді.
4- сабақ жеке, жұптық, топтық ойындарға арналады. Басқа сабақтардан
айырмашылығы бұл сабақта оқушылар өздерінің дайындығына байланысты
деңгейлік тапсырмаларды өздері таңдау құқығына ие. Әрбір оқушының
үстелінде 3 деңгейдегі тапсырма жазылған парақ жатады. 1-деңгей –
шығармашылық, 2–деңгей – алгоритмдік, 3–деңгей – оқушылық. 1–деңгейдегі
тапсырманы таңдап алған оқушыларды жеке үстелге отырғызып, көбірек уақыт
беріледі.
5-6- сабақтарда Брейн-ринг ойынын жоспарлауға болады. Бұл сабақтарда әр
оқушы 3 деңгейлі сұраққа жауап береді. Бұл үшін әрбір ойын үстелінде 3
секторы бар барабан қойылады. Өткен сабақта 1- деңгейдегі тапсырмаларды
орындаған оқушылар әрбір үстелдегі ойынды жүргізеді. Олар жауап беретін
оқушының номерін анықтайды, жауабын тыңдайды, жетондар арқылы бағалайды.
Көк жетон – 5, жасыл – 4, сары – 3.

7-8- сабақтарда тест және сынақ өткізіледі. Модульдің қорытынды бөлімі
болып табылады. Тестке 20 минут кетеді. Оқушыларды 2 жаққа бөліп 2
вариантты тест алынады. Бірінші деңгейдегі тапсырмаларды өте жақсы
орындаған және тестен 5 алған оқушылар сынақтан босатылады. Тестен 4,
3, 2 алған оқушылар сынақ тапсырады. Сынаққа 1 сағат 10 минут кетеді.
Емтихандағыдай билет алып, 7-10 минут дайындалып жауап береді. Үздік
оқушылар екпінділерді бағаласа, мұғалім әлсіз оқушылармен жұмыс істейді.
Осылайша барлық балаларды бағалау аяқталады. Мұғалім оқушыларға атқарған
істері үшін алғыс білдіреді. Келесі оқу модульдерінде жаңа табыстарға
жетулерін тілейді.
Технологияның диалогтық бөліміндегі ойындар дамытушылық мақсатты
көздейді. Әрбір оқушыны жауапкершілікке, белсенділікке үйретеді. Өзінің
ғана еңбегі емес, өзгенің де еңбегі жауапкершілікпен қаралады. Әр оқушы
түсінгенін басқаға меңгергенінше түсіндіреді. Өзі оқи отырып, өзгені
оқытады. Өзін-өзі басқару жүзеге асады.
Әр модульдің түйіні – оқушылардың шығармашылық жұмысында, өйткені олар
өздерінің ізденіп тапқан 8-10 беттен тұратын жаңалықтарының ең дәмдісін, ең
бастысын ғана 4-5 минөтке сыйғызып айта білудің үлкен өнер екенін сезінеді.
Әсіресе, топпен жұмыс істеген кезде оқушылар бір-біріне көмектесіп,
шыңға жетуге тырысып бар ынта, зейін, жігерлерін жұмсайды. Оқушылардың
барлық мүмкіншіліктерін жұмсайтын сабақтарының бірі – бейдәстүр сабақ. Егер
оқушылар жағымды эмоциялармен жұмыс істей алса, бұндай сабақтар мақсатына
жетеді. Ол үшін мұғалім оқушыға психологиялық жағдай туғызуы керек.

II
Шетел тілін оқытудағы тәжірибелер
Тіл сабағында ойын элементтерін қолданудың тиімділігі

Шетел тілін оқытуда пән мұғалімінің алдында тұрған басты мақсаттардың
бірі – оқушыны пәнге қызықтыру, ынталандыру. Бұл мақсатқа жету үшін
сабақтың дәстүрлі емес түрін жиі қолдану қажет деп ойлаймын. Әсіресе сабақ
барысында ойын элементтерін қолданған немесе жалпы сабақты ойын түрінде
ұйымдастырған өте қолайлы.
Жалпы ағылшын тілі сабақтарында ойынды тиімді қолдану оқушының сол
тілде сөйлеуге жаттығуына мол мүмкіндік береді. Мұғалім қарапайым
тілдік құрылымның жаңа түрлерін күнделікті сабақта ойын жаттығулары түрінде
біртіндеп қолдана отырып, оқушылардың сөйлеу дағдыларын толықтырып отырады.
Сабақтың үстінде ойынды қолдану мынадай негізгі шарттарға жүгінеді:
- ойын оқушылардың алдына тапсырма ретінде қойылады;
-оқушылардың оқу әрекеті ойын ережесіне бағынады;
- оқу әрекетіне ойын жұмыс ретінде кіреді;
- ойын нәтижесі бірден шығарылып отырылады.
Осындай дайындық кезінде мұғалім сабақтағы ойын элементін
қолдану үшін мына мәселелерді ескеруі тиіс:
1. Ойын мақсаты: оқушының
іскерлік дағдыны игеруі.
2. Тәрбиелік мақсаты.
3. Қатысушылар саны.
4. Қолданылатын көрнекіліктер, әдебиеттер.
5. Уақытты үнемдеу.
6. Ойын қызықты бола ма?
7. Оқушылардың белсенділігін бақылау.
8. Бұрын-соңды қолданылған ба?
9. Ойын қорытындысы.
Сабақта орынды қолданылатын ойын элементтері оқушының ынтасын
арттырып, білім дағдысын игертеді. Оқу мақсатына қарай тілдік ойындар
лексика-фонетикалық, грамматикалық болып бөлінеді.
Лексика-фонетикалық жаттығулардың негізгі мақсаты-оқушының сөзді
дұрыс айтуын, дұрыс сөйлеуін қадағалау.
Сабақтың кейінгі сатысында лексикалық материалды практикалық тұрғыда
қолдану, сөздерді бір-бірімен байланыстырып сөйлем құрау, ойды жүйелі түрде
жеткізуге грамматикалық ойындар қолданылады.
Ағылшын тілін оқытуда, сол тілге тән дыбыстарды үйретуде, оларды анық
айту, сөздерді түсінікті етіп жеткізуге көмектеседі.
Ойын баланың көңілін өсіріп, ойын сергітіп қана қоймай, оның таным
түсінігін де арттырады.
Әр сабақта ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету
оқушылардың білімге деген ынта-ықыласын арттырады.
Ойын арқылы оқушы өз бетімен жұмыс істеуге, өздігінен қорытынды
жасауға үйренеді. Тілдік қарым-қатынаста рөлдік ойындардың қосар үлесі зор.
Рөлдік ойындар оқушылардың сөздік қорын молайта түсіп, өз бетінше үйренуге
септігін тигізеді.
Кейде ойын барысында мұғалім жаңа сөз тіркестерін, оның айтылуын
үйрете отырып, аудармасына да тоқтала кетеді.
Мысалы, 7-сыныпта апта күндерін, айлар, жыл мезгілдерін оқыту кезінде
Calendar ойынын қолдануға болады. Сыныпта 1-ден 7-ге дейінгі сандар ілулі
тұрады. Апта күндері жазылған карточкаларды жеті оқушы алады. Оқушыға қай
апта күні сәйкес келсе, сол санның алдына тұру қажет. Осыдан кейін
оқушыларға өзіне түскен апта күнінің атауымен сөз тіркестерін немесе сөйлем
құратуға болады. Мысалы: Monday is the second day of the week.
Оқушылардың жаңа сөздерді меңгеруін тексеруде Сиқырлы қоржын сияқты
ойынды қолдануға болады. Мысалы, Сиқырлы қоржынға жемістердің суреттері
салынады. Сынып екі топқа бөлінеді. Екі топтан оқушылар кезекпен шығып,
қоржыннан жеміс суретін алып, оның ағылшынша атауын айтады. Дұрыс айтса,
жемістің суретін өзіне қалдырады. Ойынның қорытындысы қай
топтың көп жеміс жинағанына қарай жасалады.
Оқушылардың тілін дамытуда қолдануға болатын қызықты ойындардың бірі –
Ойлан, тап ойыны. Бір оқушы шығып, тақтаның алдына сыныпқа қарап отырады.
Екінші оқушы тақтаға бір сөз жазады. Сыныптағы қалған оқушылар сөздің өзін
атамай, тақтаның алдындағы оқушыға оның қандай сөз екенін ағылшынша
түсіндіруі керек. Олардың берген түсініктемелері бойынша тақта алдындағы
оқушы тақтада жазылған сөзді табуға тиіс.
Сонымен қатар шетел тілі сабақтарында түрлі диалогтар ұйымдастыру,
этюдтер мен сахналық маңызы бар ойындарды ойнау қызықты. Рөлдік ойындар мен
пікірталас ойындарының да берері мол.
Рөлдік ойындар – ағылшынша сөйлеуге үйретудің қолайлы жолы. Рөлдік
ойындар балалардың жас ерекшеліктерін, олардың мүдделерін есепке алады,
сөйлеу дағдысын қалыптастырады, басқа тілде сөйлеу есебін құрудың әсерлі
құралы болып келеді.
Рөлдік ойынның құрылымы төмендегідей беріледі:
1) Сабақта оқушылар атқаратын рөлдер әлеуметтік және тұлға аралық болуы
мүмкін;
2) ¦йымдастыру тәсілі, өзара қарым-қатынас;
3) Рөлдік қимылдар – оқушылардың белгілі бір рөлді ойнау кезеңі.
Мысалы: 1.What do you prefer?
T: What do you prefer, poems or short stories?
P: I am fond of poems.
2. A good piece of Advice.
P 1: What would you advice me to read?
P 2: What do you prefer, poems or short stories?
P 1: I am fond of poems.
P 2: Then I advice you to read poems written bu A.Kunanbayev.

Рөлдік ойынның оқушы үшін мынадай пайдасы болды:
1. Іс-әрекетке үйретеді, оқу сапасын жақсартады;
2. Оқушылардан сөйлеу жылдамдығын толық қайтарымын талап етеді;
3. Оқушылардың білімі мен біліктілігін, сыныптан тыс уақытта да сөздік
қорын молайтады.
4. Ойынның күтпеген шешімдері кездесуі мүмкін.
5. Осы сөйлеген сөздер нақты өмірде кездесетініне көздері жетеді.
6. Рөлдік ойындар пікірталаста түйінді мәселелердің нұсқасы бола алады.
Оқыту технологияларын практикада қолдану тәжірибемнен
Педагогикалық технологиялар оқушының дамуына, жеке тұлға ретінде
қалыптасуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды. Қазіргі кезде қолданылып
жүрген жаңа технологиялардың басты ерекшелігінің өзі – жеке тұлғаға баса
назар аудару болса, бұл дегеніміз оқытудың ең тиімді әдіс-тәсілдерін ұтымды
пайдалана отырып, оқыту мазмұнын оқушының жеке басының ерекшелігіне, даму
дәрежесіне, қабілет мүмкіндігіне бейімдей жүргізу деген сөз.
Педагогикалық практикадан өту барысында ағылшын тілі сабақтарында біз
негізінен оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу қабілеттерін дамытуға көбірек
көңіл бөлдік. Сонымен қатар өз сабақтарымызда қазіргі кезде айтылып жүрген
жаңа оқыту технологияларының элементтерін қолданып көруге тырыстық. Әрине,
педагогикалық технологияны тәжірибеде қолдану үшін оны толық жан-жақты
зерттеп, өзің үшін ой қорытып, біртіндеп қолданып көріп, оның өзі толық
емес, элементтерін қолданып көріп, нәтижесін байқап, сосын бірақ толық
қолдану мүмкін деп ойлаймыз. Сондықтан мен практика кезінде оқыту
технологияларының кейбір элементтерін қолдануға тырыстық.
Сабақты жоспарлау барысында оқушылардың сабақтың әр кезеңінде де
сөйлеу қызметіне көңіл бөлу үлкен рөл атқарады. Мысалы, сабақтың
ұйымдастыру кезеңінде Ой қозғау әдісін қолданып, олардың ойлау
қабілеттерін сөйлеу қабілеттеріне қарай алмастыру қажет.
Тілдік жаттығуларды тақпақ оқу, өздері туралы, ауа райы жайлы
айтқызсам, сонымен қатар диалогтар немесе әңгіме ретінде сөйлестіріп,
сұрақтар қоюға дағдыландырдым. Адамдардың өзара қарым-қатынасын бір-біріне
сұрақ қоймай сөйлесуін көзге елестету мүмкін емес. Ал сұрақ-жауаптар шет
тілдер сабақтарында елеулі орын және уақыт алатыны белгілі. Оқушылардың ой-
өрісін қалыптастыратын Сен қалай ойлайсың?, Сен олай неге ойлайсың?,
Сен келісесің бе?, Ең маңыздысы не деп ойлайсың? және т.б. сұрақтар жиі
қолдандым.
Оқушылардың сөздік қорын молайту, тілдерін дамыту, ойлау қабілеттерін
арттыруда оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының
элементтерін, стратегияларын қолданған тиімді деп ойлаймын.
Мысалы, белгілі бір тақырыпты өту барысында сол сөзді тақтаға
жазамын, сосын оқушылар оған қатысты сөздер тауып, сөз тіркестерін
құрастырады, сұрақтар қойып, ол сұрақтарға берілген сөз тіркестерін
қатыстырып жауап береді, сонан соң өздері шағын мәтін құрастырып көруге
тырысады.
Ағылшын тілі сабақтарында кластер құру жұмысын, Венн диграммасы
стратегиясын, Білемін, білгім келеді, үйрендім стратегиясын, Негізгі
идеяны суреттеу стратегиясын және т.б. қолдануға болады.
Мысалы:
1) mountain
forest water

animals birds
plants
2)

Сабақ соңында модульдік оқыту технологиясында қолданылатын Қарлы
кесек оқыта үйрету ойынын қолдануға болады. Бұл ойынды негізінен мәтінмен
жұмыс барысында қолданған тиімді деп ойлаймыз.
Сынып 4 адамнан тұратын бірнеше топтарға бөлінеді. Топтағы әрбір
оқушыға 1, 2, 3, 4 деген номерлер беріледі. Осыдан кейін әр топтағы 1-лер
бір топқа, 2-лер екінші топқа, 3-тер үшінші топқа, 4-тер төртінші топқа
бірігеді. Мәтін төрт бөлікке бөлініп, 1-лерге бір бөлігі, 2-лерге екінші
бөлігі, 3-терге үшінші бөлігі, 4-терге төртінші бөлігі беріледі. Берілген
уақыт ішінде әр топтағы оқушылар біріге отырып өз бөліктерін оқиды,
аударады, талдайды, яғни толық дайындайды. Уақыт аяқталғаннан кейін
оқушылар өздерінің алғашқы топтарына қайта оралады. Әр оқушы тобында өз
бөлігін айтып, өзінің алған білімімен бөліседі. Сонда әр топ мәтінді толық
қамтыған болып шығады. Сонымен қатар балалар бірлесе отырып топпен жұмыс
істеуге үйренеді. Бір-бірімен қарым-қатынас барысында тілдері де дамиды деп
ойлаймын.
Әрине, кез келген технологияны болсын, оның элементін болсын, бірден
толық және жүз пайыз тиімді етіп қолдану мүмкін емес. Ол үшін уақыт та, іс-
тәжірибе де, көп іздену жұмысы да қажет екені сөзсіз. Бәрі дайын қалпында
бірден бола қоймайтыны да белгілі. Сондықтан біздің міндетіміз – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инновациялық технологиялардың қолданылумен жасалған сабақтардың сараптамалары
ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Ағылшын тілін инновациялық технологиялар жүйесімен оқыту әдістемесі
Оқытудың белсенді әдістерін жіктеу
Шет тілін оқытуда жаңа технологияларды пайдаланудың тиімділігін теориялық тұрғыдан негіздеу және оны тәжірибеде тексеру
Жаңартылған білім жүйесінде ағылшын тілін оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды пайдалану
Ағылшын тілі сабағында қазіргі заманғы оқыту технологиясын қолданудың әдістері
Оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру
Оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру теориясы
Ағылшын тілін инновациялық технологиялар жүйесімен оқыту әдісте - месі
Пәндер