Шешендік сөздердің жанрлық ерекшелігі. Шешендік сөздердің көркемдік сипаты


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Көкше» академиясы

Тажина Н.

Шешендік сөздердің көркемдік сипаты

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

050117- мамандығы - «Қазақ тілі мен әдебиеті»

Көкшетау, 2011

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Көкше» академиясы

«Қорғауға жіберілді»

кафедра

меңгерушісі А. Е. Абдрахманова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы : «Шешендік сөздердің көркемдік сипаты»

050117- мамандығы бойынша - «Қазақ тілі мен әдебиеті»

Орындаған Н. Тажина

Ғылыми жетекшісі

филол. ғ. к. А. Т. Қажыбай

Көкшетау, 2011

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 6

І ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРДІҢ ЖАНРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ . . . 9

  1. Шешендік өнер және шешендік сөз . . . 9
  2. Шешендік сөздің түрлері . . . 16

ІІ ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРДІҢ КӨРКЕМДІК СИПАТЫ . . . 28

2. 1 Шешендік сөздердің бейнелілік сипаты . . . 30

2. 2 Шешен сөздердегі тапқырлық пен ұтқырлық . . . 34

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 61

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі.

Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы болып асаналатын шешендік өнердің қамтитын саласы сан алуан. Шешендік өнердің туып-қалыптасуы, дамуы жайындағы пікірлер де сан алуан. Осы тұрғыдан алғанда аталған тақырыпқа диплом жұмысын жазудың маңызы мен өзектілігі даусыз. Қазіргі кезде тіл байлығы жұтаңданып, шығарма жазу, өз ойын еркін айтып жеткізу мүмкіндігі азайып, тестілеу жүйесіне, виртуалды қатынастарға көшкен заманда шешендік өнерін жас ұрпаққа игерту - аса маңызды болып отыр.

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері.

Қазақ әдебиетіндегі, жалпы шешендік өнердің шығу тегі мен даму жай-күйін зерттеу, шолу жасау, олардың түрлік ерекшеліктерін танытуға талаптану жұмыста ұстанған басты мақсат болып саналады.

Зерттеу жұмысын жазуда алға қойған мақсатты іске асыру үшін мынадай міндеттерді шешу қажет деп білеміз:

- шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктеріне шолу жасау;

  • шешендік сөздердің көркемдік сипатын айқындау;
  • шешендік сөздердегі бейнелілік пен тапқырлықты танытатын мысалдарды табу, осы арқылы шешендік сөздердің құнды қазына екендігін таныту.

Зерттеудің нысаны:

Жалпы шешендік өнері диплом жұмысының зерттеу нысаны ретінде алынды.

Зерттеудің пәні

Шешендік өнері, оның ішінде қазақ шешендік өнері диплом жұмысының зертеу пәні ретінде алынып отыр.

Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы

Шешендік өнердің жанрлық ерекшеліктерін айқындау, ол жайында пікір айтқан белгілі әдебиеттанушылар ойларын топатстыру, шешендік сөздердің көркемдік сппаттарын ашуға талаптану, осы тұрғыда теориялық ізденістер жасау - жұмыстың ғылыми жаңалығы болып табылады.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері:

Зерттеу барысында материалды көптеген әдістер мен тәсілдер қолданылды: анализ-синтез, индукция-дедукция, жинақтау, даралау және т. б. қолданылды.

Зерттеудің құрылымы:

Дипломдық жұмыс 61 беттен тұрады. Жұмыс кіріспеден басталып, екі тараудан және қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРДІҢ ЖАНРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ

Шешендік сөздер әлем халықтары әдебиетіне тән жанр болып табылады және біз ежелгі мәдениеттердің бастауында тұрған шешендік өнері жайлы тоқталатын боламыз.

Қазақ шешендік өнері өзінің теориялық, методологиялық үрдісінде жалпы әлемдік шешендік өнері аясында қарастырылады.

  1. Шешендік өнер және шешендік сөз

Адамзат тарихының рухани заңында шешендік өнердің алатын орны зор. Шешендік өнер кез-келген халықтың ұлттық сөз өнерімен тамырлас дамитын құбылыс. Шешендік өнер көне замандарда кез-келген халықтың ұлттық сөз өнерімен тамырлас дамитын құбылыс. Шешендік өнер көне замандарда Египет, Ассирия, Грек, Қытай, Үнді елдерінде ерекше дамыған. Б. з. д. Ү ғасырдың екініш жартысында Афина қаласында шешендік өнердің шарықтап дамуы, шешендік өнердің теориялық мәселелерімен айналысатын (ритор), оратор (orare) - латын тілінен аудағанда - сөйлеу, ғайыпты болжау мамандығы дүниеге келді.

Көне римдіктер шешендік өнерді меңгерген адамдарды - шешендер, философтар, ақындар, тарихшылар деп топқа жүйелеген. Кейін келе шешендік өнер саяси тақырыпты сөйлеу, салтанатты насихатта сөйлеу, сотта сөйлеу т. б. түрлерге жіктелген.

Шешендік өнер ұлтымыздың өмірінде де ерекше қоғамдық, әлеуметтік мәнге ие болған. Дегенмен, шешендік тек қазақ ұлтына ғана тән деген пікірден аулақпыз. Әлемді мекендеген халықтар, ұлыс-тайпалардың қай-қайсысының да сан ғасырлық сұрыпталған, іріктелген інжу-маржандай ұлағатты, өнегелі шешендік сөздері бар. Алайда, кез-келген сөздің, ұлыстың шешендік сөздерінде ешкімге ұқсай бермейтін өзіндік ерекшелік, ұлттық калорит бар.

Осынау шешендік өнер әр халықтың басынан кешірген өмір шындығын, халықтың тұрмыс-салтын, мінез-құлқын, қоғамдық дамуын, рухани және материалдық дамуын тайға таңба басқандай дәл, шебер, әрі мәнді де құнды бейнелеуімен ерекшеленеді.

«Әдебиеттану терминдерінің сөздігінде»:

«Шешендік сөз - қазақ ауыз әдебиетінің жанры, ғибраттылық мәні, өнегелі ой-тұжырымы бар, айрықша тапқырлық танытатын нақыл сөз. Нақышты нақыл сөздің басқа түрлерінен айырмасы - көбіне дауласу үстінде, билік шешім айтылған кезде, немесе екі кісі тілдесіп, сөз қағысқан өткір жауап, қағытпа сөз (реплика) » - деген анықтама берілген [1, 225] .

Шешендік сөздер - атадан балаға мирас болып, ұрпақтан ұрпаққа екшеліп, іріктеліп, сұрыпталып жетіп отырған асыл қазына. Олар қысқа да нұсқа, бейнелі, мағынасы терең шымыр логикаға, жедел қайырымға, дәлелді, дәйекті дерекке құрылады. Сол себепті шешендік сөз тыңдаушының көкейіне қонып, баурап алады. Қазақ халқы мұндайда әспеттеп, әәсірелеген «Сөз құдіреті» деп атаған.

Кезінде, қазақтың ұлттық шешендік өнерін жан-жақты зерттеген ғалым Б. Адамбаев шешендік сөздер жөнінде мынадай құнды пікір айтқан екен:

«Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы - шешендік сөздер. Шешендік сөздер, ақындық айтыс секілді, қазақ ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерін көрсететін негізгі жанрларының бірі.

. . . Қазақ шешендігінің жалпы шешендік өнерден өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен қазақ шешендерінің сөздері ауызекі айтылып, қағазда емес, ауызда - халық жадында сақталған. Сондықтан олар сол - бастапқы қалпында емес, бізге ұзын-ырғасы, үзік-жұрнағы ғана жеткен, олардың өзі де ауыздан-ауызға көшіп, ауыса жүріп, өңдеу-жөндеулерге көп ұшыраған; сан ұрпақтың, талай таптың санасынан, екшеп-елеуінен өткен; сөйтіп, қысқарған, ұстарған, жалпы халық шығармасына айналған» [2, 82] .

Алайда, халық ауыз әдебиетін зерттеушілерарасында шешендік сөздердің ауқымына мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылпаштарды да жатқызу үрдісі ертеден қалыптасқан. Әрине, Б. Адамбаев мақал-мәтелдерді тікелей шешендік сөздердің құрамында қарастырмаса да, шешендік, тапқырлық арқылы айтылатын сөздер қатарына жатқызады. Ал, бұл жөнінде ғалым Ә. Қоңыратбаевтың пікірі төмендегідей болып келеді:

«Қазақ фольклорында жасалып, сөйлеу тілінде көбірек қолданылатын мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылпаш түінде айтылатын ғибратқа толы нақыл үлгілерін шешендік сөздер деп атаймыз. Мұндай сөздер образдап ойлау мен логикалық ойға бірдей ортақ тілдің күрделенген фразалық материалы болып саналады. Оған, «аузымен орақ орып, айдарынан жел есіп» деген идиомалық фразаларды, қанатты сөздерді қосар болсақ, Бұл үлгілердің тіл мен ойдың аса биік дамығандығын көрсететін өзінше бір сала екендігін байқаймыз.

Ал афоризмдер сөйлеу тілі мен жазу тілінде қатар кездеседі.

Шешендік сөздер заңдылық, нақылдық философиялық, сатиралық болып жіктеледі» [3, 60-63] . Мұнда шешендік сөздер қатарына жұмбақтар мен жаңылпаштар да жатқызылып, шешендік сөздерге жалпылама анықтама берілген. Жанрлық түрлергежіктеуде де жоғарыдағы ғалымдар пікірімен сәйкес келмейтін тұстары бар. Әрине, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылпаштарды тұтастай алып шешендік сөздердің құрамына енгізу қате көзқарас болса керек. Өйткені, ауыз әдебиетінің аталған жанрлары ежелден жеке-дара жанр ретінде айқындалып, тұрақталған.

Міне, осы айтылғандарды тұжырымдай келгенде, шешендік сөздер дегеніміз - қазақ ауыз әдебиетінің дербес жанры, қысқа, нұсқа, бейнелі, әрі дерекке негізделген дәл де түйінді, ұтымды, ұтқыр сөздер жиынтығы.

Шешендік сөздер ауыз әдебиетінің барлық жанрында, сонымен қатар қазіргі жазба әдебиетіміздің жанрларының құрамында да түйдек ой, түйінді тұжырым түрінде қолданыла береді. Алайда, мұндай қолданылу ерекшелігіне қарап, шешендік сөздер қолданылған жанрды тұтастай шешендік сөздер тобына жатқызуға болмайды.

Қазақ халқы ежелден сөзді қадірлеген, аталы сөзге тоқтаған. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» айтуға талап қойған. Небір әйгілі шешендер, дуалы ауыз билер шаршы топта сыбанып шығып жүйелі сөз бастаудың қиын екендігін ескертіп отырған.

Қол бастау қиын емес,

Көк найзалы ерің болса.

Жол бастау қиын емес,

Соңыңа ерген елің болса.

Тауып айтсаң береке қылады,

Таптай айтсаң келеке қылады [4, 87] .

Демек, қазақ қоғамында сөзге талап бәрінен де қатал. Оған «сөз шынына тоқтайды пышақ қынына тоқтайды» - дейтін мақал да дәлел бола алады. Ел арасында шешендікке қатысты Құланаян Құлмамбеттің айтатын «сөзімнің қыл өтпейді арасынан» дейтін сөзі де кең тараған. Сөз жоқ, сөзге талап қою, шешендіктің сапасын арттырып, қадірін күшейткен. Өз тұсында халық әдебиетін зерттеген Х. Досмұхамедұлы да «Шешен қандай болу керек?» деген сауал тастап, оған халық әдебиетінен мынадай мысал келтірген болатын:

Алқада жауап сөйлесе,

Түюлі сөзден аспаса,

Десте-десте сөз жөнін,

Іретімен сәндесе.

Кемелдігін парықтаса,

Билігін алаш мақтаса,

Төмен жауап айтпаса,

Уәдесін сатпаса.

Қалдырып әділ сөздерін,

Көңілінде шанбаса,

Сабырсыз сөзден қатпаса,

Орнына қойып баршасын,

Бір-біріне шатпаса.

Пікірге кәміл жұрт озған -

Бұ шешеннің іреті . . . [5, 23] .

Қазақ - сөз қадірін, өз қадірім деп білген халық. Кеңдігін де, кемелділігін де, елдігін де, ерлігін де, тағдыры да, тәлімі мен тәрбиесі де, аналығы мен балалығы да өзіндей қадірлеген сөзінде жатыр. Қазақ қоғамында бітіспес жаулық пен бітпес дау, берекесіз шудың кесімі сөзбен шешіліп, тиянақ тауып отырған. Ендеше, шешендік - қазақ қоғамының бейбіт тынысының тамыршысы іспетті десек қателеспейміз. Ол жөнінде ұлы ғалым А. Байтұрсынов:

«Әділ билердің қолында билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді» [6, 315] - деп баға берген болатын. Сөзді қадірлеген халық - қазақтай-ақ болсын. Келесі бір тоқталатын мәселе - шешендік сөз және шешендік өнер ұғымдарының аражігі мәселесі. Жоғарыда шешендік сөздерге кеңінен тоқталдық. Ал, шешендік өнер ұғымы толыққанды ашылған жоқ. Олай болса, осы мәселеге назар аударып көрейік.

Қазақ ұғымында өнердің түрі көп. Жігіттің өнерлісін «Сегіз қырлы, бір сырлы» деп мақтайтын, тіптен, «жігітке жетпіс өнер де аз» деп есептейтін халық үшін - өнер ауқымы оның мәні мен мағынасы кең. Ақындық, жыршылық, жыраулық, айтскерлік т. б. Сол сияқты шешендік сөздерді терең меңгерген, сөзімен көпті тоқтататын адамды «шешендік өнер» иесі деп атайды. Сөз жоқ, осыдан келіп, шешендік өнер үш жақты байланыста қалыптасатындығын пайымдаймыз. Олар - шешен сөйлеуші, шешендік сөз, және тыңдаушы . Осы үш жақты бірлік тұтастық тапқанда ғана өз мәніндегі шешендік өнер қалыптасады.

Қазақ ауыз әдебиетіндегі аса бай мұралардың бірі - шешендік сөздер. Сөз жоқ, шешендік сөздер - халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан, рухани ойлау сүзгісінен өткен, тұшымды әрі ұтқыр сөз өнерінің жауынгер саласы. Бір қызығы - қазақ қоғамында шешендік өнер немесе шешендік сөздердің араласпайтын мәселесі кемде-кем болған. Күнделікті өмірдегі «от басы, ошақ қасындағы» даулы мәселелерден бастап, іргелі, мемлекетаралық деңгейдегі іс-шараларға дейін шешендікпен көмкеріліп, әділ шешімін тауып отырған.

Бүгінгі таңда шешендік өнер, шешендік мектеп, шешендік дәстүр т. б. терминдер қалыптасып, шешендік өнердің кең қанат жаюына жол ашылды. Шешендік өнер академиялық шешендік, тұрмыстық-әлеуметтік шешендік, әлеументтік-саяси шешендік, соттағы шешендік, діни-уағыз шешендік сияқты жанрларға жіктеліп, жанрлар іштей түрлерге саралануда.

Аталған шешендіктің қай жанрын алсақ та, шешен сөйлеу үшін, ең алдымен, тіл өнерін, ана тіліміздің байлығын меңгеру басты шарт болып табылады. Қазақ шешендігінің қайнар көзі де халықпен бірге қалыптасқан, белгісіз дәуірлерден жалғасып келе жатқан - сөз өнері.

Қазақ шешендігі, шешендік сөздері жөніндегі пікірлер алғаш рет Ш. Уәлиханов, В. Радлов еңбектерінде шет жағалап айтылып, Х. Досмұхамедұлы, А. Байтұрсынұлы, М. Әуезов зерттеулерінде ғылыми тұрғыдан жүйеленіп, іргелі ізденістерге жол ашты. Кейін бұл игі ізденіс С. Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» оқулығында жалғасын тауып, «Билердің сөздері» деген тарау енгізіліп, шешендік сөздер дербес жанр ретінде қарастырыла бастады. Дегенмен мұның барлығы шешендік сөздерді кешенді түрде түбегейлі зерттеуге әкеле қойған жоқ. Тек, 1945 жылы ғана бұл салада біртұтас, жүйелі зерттеу жүргізу жүзеге асты. Осы жылы Әмина Мәметова «Қазақ билерінің шешендік сөздері және оның әдебиеттегі тарихи орны» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Диссертациялық жұмыстың маңыздылығы сол - алғаш рет шешендік сөздердің ауыз әдебиетінде алатын орнын анықтауы, жеке жанр ретінде қалыптасуында би-шешендерінің ықпалы зор болғандығын дәлелдеп беруі. Өз кезінде еңбектің құндылығы, маңыздылығы мойындалғанымен, партияның «әпербақан» қаулыларына сүйенген солақай сыншылардың назарына ілігіп, жазықсыз қиянат шекті. Сөз жоқ, алғашқы ізденістің өзі қоғамдық ортада осыншама дау туғызып, таласты-тартысты мәселелерге арқау болуы, шешендік сөздерді арнайы зерттеушілерді уақытша дағдарысқа түсірді.

Бұдан кейінгі шешендік сөздердің жан-жақты қамтылып, жүйелі зерттелуі Б. Адамбаев есімімен тығыз байланысты. Ол алдымен «Шешендік сөздер» жинағын (1967) құрастырып шығарды. Іле-шала 1969 жылы «Шешендік өнер» атты монографиялық зерттеуін, 1976 жылы «Халық даналығы» зерттеу еңбегін көпшілік қауымға ұсынды. Осы тұрғыдан келгенде, шешендік сөздердің, ұлттық шешендік өнердің жеке-дара сала ретінде қалыптасуына аса мол еңбек сіңірген көрнекті ғалым - Б. Адамбаев деп толық негізді айта аламыз.

Соңғы жылдары қазақтың би-шешендерінің өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеу ісімен Н. Төреқұлұлы, Н. Қазыбеков, Ж. Дәдебаев, С. Негимов, А. Бұлдыбай т. б. сияқы ғалымдар үздіксіз айналысып келе жатқандығын ерекше атап айтқан жөн. Соған қарамастан ұлттық шешендік өнердің қалыптасу тарихы, өзіндік ерекшелігі түбегейлі зерттеліп бітті деп айта алмаймыз. Біз де осы жағдайды ескере келіп, «Шешендік сөздердің көркемдік сипаты» деген тақырыпты дипломдық жұмысымызға арқау етіп алып отырмыз. Әрине, шешендік сөздерді былай қойғанда ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі толыққанды тексеріліп бітті деп айта алмаймыз. Сол себепті де біздің алып отырған тақырыбымыздың өзектілік сипаты бар.

Түйіндей айтқанда, шешендік сөздер өзінің сан ғасырлық әшекейі - бейнелілік, образдылық қуатын ешқашанда жоймайды. Шешендік - бейнелі сөзбен ғана өз мәнінде, адам баласының рухани сұранысын, эстетикалық талғамын қанағаттандыра алады.

Ұлттық ұғымымыздағы шешендік өнердің қалыптасуы, би-шешен атанудың басты шарттары жөнінде, сонау, ХІХ ғасыдың өзінде-ақ ұлы ғалым Ш. Уәлиханов былайша толғанған болатын:

«Би атағын беру қазақта халық тарапынан бір сайлау арқылы немесе халықты билеп отырған үкімет тарапынан бекіту арқылы болған емес; тек салт-ғұрыптарына әбден жетік, сонымен қатар тілге шешен қазақтар ғана бұл құрметті атаққа өз бетімен ие болып отырған. Мұндай би атағын алу үшін би болам деген қазақ өзінің заң ісіне жетіктігі және шешендік қабілеті бар екендігін халық алдында сан рет көрсетуге тиіс болған. Ондай адамдардың атағы бүкіл қазақ даласына тез жайылып, олардың аты жұрттың бәріне тәлім болып отырған. Сонымен, бұл би деген атақ келіп билік айтуға және төрелік сөз сөйлеуге патент сияқты нәрсеге айналған» [7, 56] .

Осындай ауыр сыннан сүрінбей өткен адам ғана кәсіби шешендік өнерді меңгерген өнер иесіне айналған. Қазақ шешендік сөздері құрылымына қарай қара сөз және өлең түрінде айтылуына байланысты, пернелі және термелі болып келеді. Шешендік сөздің ел жадында ұзақ уақыт сақталып, өзгермей айтылып келетіні де - өлең түріндегі термелі шешендік сөздер болып табылады. Шешендік сөздердің өнер дәрежесінде танылуының да өзіндік заңдылықтары бар. Жүйесіз айтылған, бәтуасыз толғамдар ел есінде ұзақ сақталмайды. Есте қалар елеулі оқиғалар ғана шешендік сөздердің айшықты нысанына айналып отырған.

Шешендік сөздер бастауы халықтың тілі шыққан күннен басталады, демек ол өз басынан талай-талай тарихтың дауылды сәттерін кешірген. Оған дәлел ретінде көне жазба ескерткіштеріміздегі шешендік сөздеріміз бен тарихтан белгілі ақын, жырау, шешен-билердің қуатты сөздеріне ден қойсақ, шешендік сөздердің халқымыздың баға жетпес рухани байлығы екендігіне көз жеткіземіз. Дүниеде өзгермейтін бір орнында тұратын, мәңгілік ешнәрсе жоқ. Олай болса, қазақ шешендік сөздері де сан ғасырлық дамуында өзіндік мазмұны мен пішінін тауып, үнемі жетіліп, сұрыпталып отырды. Көнеден жалғасқан шешендіктің дәстүрлі мектебін қалыптастыруы дәстүрлі шешендік сөздерді өмірге әкелді.

Дәстүрлі шешендік сөздер дегеніміз - белгілі бір мәселеге байланысты тапқыр ой, көркем тілмен айтылған және халық жиі қолданып, сөйлемдік құрамы қалыптасқан жүйелі, үлгілі сөздер. Онда да халықтың басынан кешірген уақиғалары, ақыл-ойы, арман-тілегі бейнеленеді, өмірлік дүниетанымы, көзқарасы таңбаланады. Осы тұста шешендік сөздердің жанрлық шығу тегі жөніндеде бір-екі ауыз сөз айтқан дұрыс. Ғалым Б. Адамбаев:

«Шешендік сөздер ақындық сөздер (өлең-жырлар) мен көркем қара сөздердің (ертегі, әңгімелер) алғашқы бөліне бастауын көрсететін аралық жанр сияқты. Өйткені, шешендік сөзде әңгіменің де белгілері бар. Қара сөз бен өлең сөздің бөлінуімен шешендік сөз өнері өткінші жанр ретінде жойылып кетпеген, қайта өз алдына дамып, дербес жанр болып қалыптасқан» [2, 92] - деген тұжырым жасайды.

Бұл далалық шешендік мектептің Ежелгі Грек, Рим шешендік мектептерімен салыстырғанда жер мен көктей айырмашылығ бар екендігін аңғарамыз. Ең алдымен - шешендік өнерге талаптанған әрбір жас өзі көріп өскен ортасындағы жасы үлкен ақындардың немесе белгілі тұлғалардың әңгімелерін тыңдап, шығармашылық мұраларын жаттап өседі. Өзі үлгі тұтқан адамға үнемі келіп, сәлем беріп, ақыл-кеңес сұрап отыруды да игі дәстүрге айналдырады.

Қазақ қоғамынан шыққан кез-келген би-шешеннің өмір жолына тереңірек зер салып қарар болсақ, олардың ешқайсысының классикалық мектептен білім алмағандығына, керісінше, жоғарыда аталған «халықтық мектеп» арқылы өздіктерімен оқып, өмірлік тәжірибеден жинақтап, жетілгендеріне көз жеткіземіз. Сонымен қатар, ұлттық шешендік мектептің қалыптасуына қоғамдағы сөз бостандығының да ролі аз болмаған.

«Шешендік өнер қай жерде сөзге бостандық, еркіндік болса, жүйелі сөзге жұртшылық, қоғам құлақ асса, сол жерде, сол елде ғана дамиды. Керісінше, ақыл-ойға, сөзге, тілге қысым жасалып шек қойылған жерде ақыл-ойдың адамдары, ең алдымен ақындар мен шешендер қорғалап сөйлей алмайды, сөз өнері тоқырайды. Бір тәуір жері, қазақ елінде ақындық пен шешендік өнер (өнер алды - қызыл тіл) саналған да оған тиым салынбаған, шек қойылмаған» /2, 152/.

Ендеше мұндай қоғамда шешендік өнердің қанатын кеңге жайып, тамырын тереңге жіберуі заңдылық. Бүгінгі таңда ұлттық шешендік сөздердің ел арасында айтылып жүрген барлық үлгілері ыждаћаттылықпен жинақталып, жүйелену үстінде. Күн өткен сайын толығып, молая түсері аян. Олай болса, қолда бар құндылықтарымызды өз деңгейінде зерттеп, шешендік сөз, шешендік өнер шешендік дәстүр, шешендік мектеп ұғымдарын өзара тұтастықта, жүйелі талдаудың маңызы зор болмақ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шешендік сөздердің жанрлық ерекшелігі
Шешендік өнердің пайда болу тарихы
Халық ауыз әдебиетінің бала дамуына тигізер әсірі
Шешендік сөздер
Шешендік сөздерді жанрлық тұрғыдан бөлу
Публицистикалық стиль
Шешендік сөздердің мазмұны мен құрылысы
Академиялық сөйлеу кезіндегі шешендік өнер. Көркем шығарма стилі. Оның түрлері, эстетикалық қызметі
Шешендік арнау сөздер
Ауыз әдебиетінің түсінігі мен түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz