Шоқан Уәлихановтың тұлғасын жан- жақты ашу және осының нәтижесінде оның әдебиеттегі көркем шығармаларда сомдалған бейнесін ашу


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны.

Кіріспе. . 3 - 6

Негізгі бөлім. «Шоқан Уәлихановтың әдебиеттегі көркем бейнесі» ( С. Мұқанов «Аққан жұлдыз», С. Бақбергенов «Ақ боз атты ару», С. Бегалин «Шоқан асулары» шығармалары бойынша) . . 7 - 65

I Тарау. Асқан ұлы қазақ елінің7 - 16

II Тарау. Шоқан Уәлиханов - көркем шығарма кейіпкері. . 17 - 69

2. 1 «Аққан жұлдыз» романындағы Шоқан Уәлихановтың бейнесі. 17 - 25

2. 2 «Шоқан асулары» повесіндегі Шоқанның сомдалған тұлғасы…25 - 29

2. 3 «Ақ боз атты ару» романындағы Шоқан Уәлихановтың бейнесі. 29 - 33

2. 4 Шоқанның даралық қасиеттерінің көркем шығармаларда берілу ерекшеліктері. . 33 - 65

Қорытынды. . 65 - 69

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 70 - 72

Кіріспе.

Жарқырап жұлдыз болып ағып кетті,

Артына өшпес жолын салып кетті.

Заманы тар өлшемде тұрса - дағы,

Елінің болашағын айтып кетті.

Қалды ізі Оқжетпестің шыңдарында

Мәңгілік Шоқан жанған шырақ болып,

Сөнбейтін қазағымның даласында…

Нұралыұлы Жамаш Жамали.

Өз заманының білгір ғалымы, этнограф, саяхатшы, зерттеуші ғалым, небәрі отыз-ақ жасында әдебиет, тарих, этнография, жағрафия, философия, экономика, бейнелеу өнері, археология, фольклор салаларында сындарлы еңбектер қалдырған еліміздің атақты ұлы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов - ерекше мақтан тұтар, ерекше құрмет тұтар ардақты да биік тұлға. Еуропаның прогрессивтік мәдениетіне қолын жеткізген Шоқан Уәлиханов жайында оның орыс достары көп мәнді пікірлер айтқан. Соның ішіндегі Шоқанның досы К. Губарев: «…Шоқан Уәлихановтай ерекше қабілетті адам бұратана деп аталатын басқа халықтардың ешқайсысынан бұрын-соңды шыққан емес…» - деп жазған екен. Орыстың белгілі ғалымы, Шоқанның замандасы В. И. Веселовский Шоқан жайында: «Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов Шығысты зерттеу ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де, жоқ болды. Орыс ориенталистері оны ілімде бір кездесетін ғажайып дарын иесі деп таныды және одан түрік халықтарының тағдыры жөнінде аса маңызды жаңалықтар ашады деп күткен еді. . » - деген сөздермен еске алған еді [1. 94] . Шынымен де, Шоқан Уәлихановтай ерекше қабілетті, халқымыздың мақтан тұтар ардақты азаматты тек түркі текті халықтар ғана емес, сонымен қатар Еуропа халықтары да ерекше құрмет тұтқаны шындық деп біз айта аламыз.

Шоқан Уәлихановтың есімі Қазақстанның мәдениеті мен қоғамдық-ғылыми ойының тарихында заңды түрде құрметті орын алады. Осынау бір аса көрнекті ғалым әрі ағартушы Шығыс халықтары туралы толымды да жемісті ғылыми зерттеулер жүргізді және сол бір кезде сыры-қыры ашылмаған беймәлім елдерге асқан қауіп-қатерге қарамай белді буып, батылдықпен саяхат жасаған. Шоқан Уәлиханов - қысқа ғана өмірінде мол жасаған асқан дарын иесі.

Осыншама көп еңбек еткен ғалым Шоқан Уәлихановтың есімін біз халқымыздың өткен тарихында кездестіреміз, есімін міндетті түрде тарихпен байланыстырамыз. Себебі, Шоқан - қазақтың көп жылдық тарихының төрінен орын алатын ерекше тұлға. Тарихта ғалымның жазған еңбектері, зерттеулері сақтаулы. Бір сөзбен айтқанда, тарихта Шоқан Уәлиханов - зерттеулер жүргізген саяхатшы, кітап жазған ғалым, этнограф, зертеуші ретіндегі тұлға. Тарихта Шоқанның адам ретіндегі тұлғасы, оның өмір сүрген ортасы, мінезі мен тұрпат-кейіпі, тәрбие алған жанұясы, басқа адамдармен қарым-қатынасы, психологиялық дамуы, жалпы адам ретінде дамып-жетілу жолы сурттелмейді. Ондай жайттарды біз қайдан білеміз? Әрине, әдебиеттен, дәлірек айтсақ, авторы бар әдеби шығармадан. Себебі, әдебиеттің тарихтан гөрі міндеті бөлек, ол тарихтағы тұлғаны әдеби кейіпкер етіп суреттейді. Шоқан Уәлихановты әдебиеттегі әдеби кейіпкер ретінде бізге танытқан шығармалар баршылық.

Біздің ғылыми жұмысымыздың тақырыбы: «Көркем әдебиеттегі Шоқан Уәлихановтың бейнесі» деп аталады. Біздің пікірімізше атақты ғалым, ағартушы-демократ, этнограф, фольклорист, Шығыс Түркістан, Қазақстан және Орта Азия халықтарының мәдениеті мен тарихын зерттеуші Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың өмірі мен шығармашылық жолы әр заманда ерекше актуальды. Шоқан Уәлиханов сынды азаматтарымыздың есімдерін жаңғырту өзіміздің парызымыз деп санаймыз.

Диплом жұмысының мақсаты: Шоқан Уәлихановтың тұлғасын жан-жақты ашу және осының нәтижесінде оның әдебиеттегі көркем шығармаларда сомдалған бейнесін ашу.

Диплом жұмысының міндетері:

  1. Шоқан Уәлихановтың әдебиеттегі образын ашу;
  2. Шоқан Уәлихановтың тарихи тұлғасын, әдеби, тарихи индивидуалдығын дәлеледеу;
  3. Шоқанның жан-жақтылығын таныту (оның адами болмысын, өзі өмір сүрген қоғамдағы жолдастарымен, туыстарымен қарым-қатынасын, жеке басындағы өнерін, жалпы ғұлама ретіндегі орасан зор қызметін айту, т. т. ) .

Диплом жұмысының құрылысы:

Диплом жұмысы: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Негізгі бөлім. «Шоқан Уәлихановтың әдебиеттегі көркем бейнесі» (С. Мұқанов «Аққан жұлдыз», С. Бақбергенов «Ақ боз атты ару», С. Бегалин «Шоқан асулары» шығармалары бойынша) .

I Тарау. Асқан ұлы қазақ елінің.

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 жылы Сырымбет даласында дүниеге келген. Оның шын аты Мұхаммед-Қанафия. Ел аузында қалған сөздерде оның азан шақырып қойған әуелгі атының Шоқан болып өзгергені де осы тұрғыдан байыпталады. Үлкендердің қасында тапжылмастан шоқиып отырып әңгіме тыңдайтын баланы ата-анасы: «Шоқиғаным, Шоқаным», - деп еркелетеді екен. Ақырында оны кейіннен бүкіл ағайын-туған, ел-жұрты да осылайша атап кетті [16. 4-5] .

Енді бір деректерде Шоқанды осылай атауға байланысты мынадай бір дерек келтіріледі: Шыңғыстан туған тұңғыш немересін - Мұхаммед-Қанафияны жақсы көрген Айғаным әжесі оны кішкентай жасында еркелетіп, оған бата-тілек ретінде «Құлыным, Шоқыдай биік, таудай асқақ болшы» дейді екен.

Шоқанның шыққан ортасы - қазақтың хан-сұлтан төре тобы. Әкесі - Шыңғыс - Омбы әскери училищесін бітірген, орысша сауатты, офицерлік чині бар (полковник болған ) адам. Ал Шыңғыстың әкесі Уәли мен шешесі Айғаным да хандық құрған адамдар. Арғы аталары тарихқа белгілі - Абылай хан.

Шоқанның әкесі Шыңғыс Уәлиханов (1811-1895ж. ж. ) орта жүздің ханы Уәлихан семьясында Қызылағаш жерінде (басқа мәліметтер бойынша Сырымбетте) дүниеге келген. Шыңғыс әкесінен 10 жасында жетім қалған. Жас кезінен Шыңғыс өте зерек болған, орыстармен араласқан, анасы Айғанымның қалауымен Омбы әскери училищесін бітірген. Омбы әскери училищесінде жеті жыл оқығаннан кейін ол бұдан ой-өрісі кеңейіп, ғылым мен әдебиеттен, көркем өнерден, сондай-ақ тарих пен географиядан, өз елінің статистикасынан терең мағлұмат алып шығады. Шыңғыс орыс тілін жете меңгерген тұңғыш қазақтардың бірі еді және соның арқасында ол орыс мәдениетінің бай қазынасымен терең танысады [1. 9] .

Шыңғыстың анасы Айғаным (1783-1853ж. ж. ) өте ақылды, байсалды, мәдениетті адам болған. Айғаным орысша оқып, білім алудың маңызын терең түсінген. 1827жылы ол өзінің баласы Шыңғысты, Шоқанның әкесін, Сібірдің линиялық қазақтарының әскери училищесіне (Омбы әскери училищесі) оқуға түсіруі - сол кездегі көзі ашық, болашаққа сеніммен қарайтын адамдардың ғана ісі болғаны сөзсіз. Себебі сол кездің әрбір сұлтаны, әрбір төресі орыс оқуының қажеттілігі мен құрметін Айғанымдай түсінген емес. Осындай ақылды Айғаным өзі бірнеше шығыс тілдерін білген, Петербургтағы Сібір комитеті мен Сыртқы істер Министірлігінің Азиялық департаментімен хат ауысқан, қазақтар мен орыстар арасындағы достық қарым-қатынасын нығайтуға барынша әрекет жасаған адам. Архив мәліметтері Айғанымның қоғамдық-саяси мүдделерінің өте ауқымды болғанын көрсетеді. «Сібір қырғыздары жөніндегі Устав» қабылданғаннан кейін Солтүстік Қазақстандағы маңызды оқиғалардың бірде-бірі Айғанымсыз өтпейді екен [1. 9] .

Шоқанның анасы Зейнеп байсалды, ақылды жан болатын. Әнге құмар Зейнеп Шоқан бойына жастайынан халық әндерінің, халық даналықтарының асыл тәрбиесін сіңірген.

Міне, Шоқанның ұшқан ұясы осындай болған. Осындай белді отбасы Шоқанның рухани жетілуіне игі әсерін тигізгенін біз сезіп отырмыз.

Шоқан титтейінен алғыр, зейінді болып өсті. Тілі де ерте шығып, зеректігімен көзге түсті. Әсіресе ол сәби шағынан үлкендердің әңгімесіне ерекше қызығушылық танытар еді. Әдетте аға-сұлтан ордасына ат басын бұрар қонақ көп. Олардың арасында әкімшілік жайымен жүрген ел билеушілерімен қатар, ескі әңгімелерді мол білетін құйма құлақ қариялар, кезінде талай жорықтарды бастан өткерген кеуделі батырлар, сөзден өрнек өретін билер мен шешендер, жыраулар мен өнерпаздар да баршылық. Сондайда Шыңғыс шаңырағында нешеме қилы әңгімелер арнасының ағыл-тегіл ақтарылып жататын дағдысы бар. Ал оларды есі кете қызығып тыңдаушылардың бірі - сол үйдің кішкентайы Мұхаммед-Қанафия.

Екі жасқа келгенде бала Шоқанның сана-сезімі ерте оянып, рухани өсіп жетіле беруіне әсіресе әжесі Айғаным үлкен әсер еткен. Тумысынан сезімтал, дарынды балаға әжесі халық даналығының сарқылмас бұлағы болған. Ол Шоқанға қазақтың ескі аңыздары мен хикаяларын қызықты етіп әңгімелеп, күні кеше өзі басы-қасында болған оқиғаларды еске алып отырған. Халықтың озық дәстүрлері мен салтын бойына сіңірген әжесінің жарқын бейнесін Шоқан өмірінің аяғына дейін ұмытпай есінде сақтайды [1. 19] . Айғаным әжесі Шоқанға 5-6 жасынан елінің қисса-дастандарын оқытып, батырлық жырларын жатқа айтуға баулыған. Сырымбетте жүрген кезінде-ақ ол ел аузындағы «Ер Қосай», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Ер Көкше» сияқты дастандардың бірнеше нұсқасын жазып алған [6. 50] .

Шоқанның рухани, мәдени өсіп жетілуіне, оның ғылымға ден қоюына әжесімен қатар әкесінің алдыңғы қатарлы орыс интеллигенциясының өкілдерімен тығыз байланысты болуы үлкен әсер етеді. Академик А. И. Шренк, Сібір қазақтарынаң облыстық басқармасында қызмет істеген декабристер С. М. Семенов, В. И. Штейнгель, Н. В. Басаргин және Қазан университетінің студенттері С. Сотников, Н. Ф. Костылецкий, Т. Сейфуллин сияқты көптеген жоғары білімді адамдар Шыңғыстың ауылында талай рет болған [1. 22] . Сонымен қатар Шоқанның көңілдес достары, замандастары П. П. Семенов-Тяньшаньский, Ф. М. Достоевский, Н. Веселовский, Г. Потанин, Н. М. Ядринцев, Н. Ф. Анненский тағы басқаларының Шоқанға деген ықылас-ниеттері ашық, жақсы ықпалдары мол болатын.

Шыңғыс үстем тап өкілі ретінде ел билеушілік қызметін атқара жүріп, өз ауылында қазақ мектебін ашады. Шыңғыстың өзі араласа жүріп ашқан ол мектеп Шоқан алғаш алған тәуір білім алған құтты отауға айналып еді. Онда шәкірттер қазақша таза оқып, жаза білуді, көне шағатай тілдеріндегі дүниелерді тануды, араб пен парсыша сөйлеу дағдыларын үйренді, шығыс ақындарының өлеңдерін жаттады, қазақтың халық эпостарымен танысты, тарих пен есеп пәндерін өтті. Осыған қарағанда байырғы дәстүр бойынша сұлтан балалары «жеті жұрттың тілін білу керек» деген талап Шоқанды оқыту барысында кәдімгідей жүзеге асқан сияқты [16. 46] .

1847жылдың күзінде әкесі Шыңғыс өзі алған әскери орысша білімді баласы Шоқан да алсын деген ниетпен оны Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны болып саналатын Омбының кадет корпусына орналастырады. Осы кадет корпусы жайында А. Завалишин: «Омбы әскери Кадет корпусы ағартушылық пен патриотизмнің өркен жайған жері болатын», - деп айтып кеткен. Кадет корпусында жүрген пәндердің салалары мен сапасы жөнінде академик Ә. Х. Марғұлан: «Омбы кадет корпусында оқылған курстардан көрінгендей, ол әдеттегі үлгі орта оқу орындарынан көш жоғары тұрды. Ол шын мәніндегі білім ордасы болды. Оның оқу программасына тек арнаулы жоғары оқу орнындарында ғана оқытылатын пәндер (Архитектура, Сызба геометрия, Топографиялық сызу және басқалар) енгізілген. Корпус Россияның шет аймақтары мұқтаж болған аса білікті және жан-жақты білімді адамдар даярлауды жүзеге асырды» - деп, мейлінше орынды әрі дәл баға берген [23. 48] .

Мұнда Шоқан шығыстың ақын, ғұламаларын Науаи, Фердауси, Әл-Фарабиді оқыған, орыс, шетел әдебиетінен Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Шекспир, Теккерейдің шығармаларымен танысты, В. Г. Белинскийдің, А. И. Герценнің, Ж. Ж. Руссоның, Т. Карлейльдің философиялық трактаттарын, әлеуметтік романдары мен сын мақалаларын оқыды [6. 51] .

Шоқанды өзінің орыс достары арқылы оқуға түсірем деп Шыңғыс Омбыға келгенде, корпус директоры генерал Шрамға өз ұлын Ресей армиясының офицерлігіне дайындайтын осы оқу орнына беруге өзінің ықыласты екенін айтып, арнайы жолыққан еді. Сонда генерал қарсы болған жоқ. Бірақ Шыңғысқа мынадай бір ескерту жасаған: «Бізге түскен нұсқау бойынша, кадет корпусына қазақтардың өзіңіз сияқты қадірлі адамдардың балаларын алуға да рұқсат берілген. Сіздің балаңызды алайық, бірақ үлгеріп кете алмаса, ренжімейсіз, шығарып жібереміз», - деді [16. 55] . Әрине, ауыл мектебінде қазақша сауаттанып келгені болмаса, орысша білмейтін қазақ баласы Ресей армиясының болашақ офицерлерін дайындайтын, программасы біршама күрделі оқу орнына басқалармен қатар үлгеріп кете алар ма екен деген күдік әуелгі кезде көп мұғалімдер тарапынан туындаған да шығар. Алайда Шоқан олардың бәрін де таңдандырып, алғашқы жылдың өзінде-ақ орыс тілін бір кісідей үйреніп қана қоймай, сабағы жөнінен де алдыңғы қатардан көрінді [16. 59] . Құдайға шүкір, Шрамның Шыңғысқа жасаған ескертуі жүзеге аспады: Шоқан корпустың алдыңғы қатарлы озық оқушыларының бірі болды. Шоқанмен бірге оқыған оның досы Григорий Потанин корпуста оқып жүрген шағынан өз естеліктерінде былай деп жазады: «Шоқанның санасы тез өсіп, өз қатарластарынан өте озық болған еді. Табиғи қабілеті және басқа да ерекшеліктері мол адам болатын…». Шоқанның зеректігін ол Кадет корпусында оқып жүрген кезінде-ақ жолдастары мен оқытушылары байқады. Осы орайда Г. Потанин: «Шоқан тез дамыды, өзінің орыс жолдастарынан басып озды. Оған көп адам ден қойып, зер салды, оның қабілеттілігі сондай, - оқу орнына түсуден бұрын да сурет салған еді» - деп Шоқанды еске алып жазады [1. 26] .

Жоғарыда айтылып кеткендей, дәстүр бойынша сұлтанның балаларына бірнеше шығыс тілдерін үйрену, яғни «жеті жұрттың тілін білу» парыз болған [1. 19] . Шоқан шығыстың араб, ұйғыр, түрік, монғол, парсы тілдерін меңгерумен қатар Еуропаның орыс, француз, неміс, ағылшын тілдерін білген. Қашқарияда Шоқан ұйғыр тілін тәп-тәуір үйреніп алады. Ғалымның архивінде оның Қашқарияда ұйғыр тілінде жазғандары сақталған [21. 5] .

Корпустың оқу программасында әскери пәндермен бірге жалпы география, Россия географиясы, жалпы тарих пен Россия тарихы, орыс және Батыс Еуропа әдебиеттері, философия негіздері, физика, химия, арифметика, алгебра, геометрия, тригонометрия пәндері де қамтылған және сонымен қатар сызу мен сурет салу сабақтары жүргізіліп, орыс, француз тілдері де оқытылған. Оның үстіне корпуста шығыс тілдерінің класы да бар еді. Бұл класта француз тілінің орнына түрік, монғол, араб, парсы тілдерін оқытқан [1. 24] . Ал жоғары класс оқушыларына фехтование мен би сабақтары да арнайы өткізілді. Кадеттердің би кластарына Омбының ең тәуір деген бикештерінің келуіне рұқсат берілгендігінен-ақ аңғарылып жататын [16. 61] .

Осылардың бәрі: мәнді оқу программасы, мұғалімдердің білім сапасы, сол шақта революциялық-демократиялық идеялар рухында тыныстаған бір шоғыр ұстаздардың сергек тәлімі тумысынан зерек Шоқанға ерекше әсер еткендігіне дау жоқ. Ол екі-үш жыл ішінде-ақ алғырлығымен, жүйрік ойымен көзге түсіп, өзіне ерекше назар аудартты.

Кадет корпусында Шоқан 6 жыл оқыды. Корпусты 1953жылы жақсы бітіріп шығысымен, Сібірдегі V әскери полкына алынған. Жыл өткен соң Батыс-Сібір генерал-губернаторының адъютанты қызметіне жоғарылайды.

Шоқан 1856 жылдан бастап ұлы саяхат сапарына шығады. Жас ғалымның ұлы сапарлары Орта Азиядан бастау алған. 1856, 1857 жылдары әскери экспедициямен қырғыз жерін аралап, әдет-ғұрпын, әдебиетін, өсімдіктер және хайуанаттар әлемін зерттей бастайды. Шоқан - қырғыз жерін, олардың «Манас» жырын ең алғаш зерттеп, Еуропаға әйгілеген ғалым. Сонымен қоса, өзбек, ұйғырлардың ғасырлар бойғы тарихын сан қырынан қажымай зерттеп, әлемге танытқан зерделі шығыстанушы. Шығыстың көптеген елдерінің тілін жақсы меңгергендіктен, парасатты ғалымға жергілікті халықпен араласу қиынға соқпаған. Осы жылы Құлжа қаласында үш ай жүріп, Ресей мен Қытай арасындағы сауда, достық қатынастарының жақсаруына зор ықпалын тигізеді. Әр сапарындағы құнды еңбектері әлемдік ғылым қазынасын толықтыра түсті.

1855-1856, 1862-1863 жылдары Қазақстанның түкпір-түкпірін аралайды. Туған халқының мәдениетін, өмір салтын, фольклорын, ескі сәулет ескерткіштерін, тасқа түскен көне жазбаларын асқан іждағаттылықпен зерттейді. Батырлар жырларын, ертегі-аңыздарды, өлең-жырларды, қазақтардың заң билігі жөніндегі мағлұматтарды жинады. Тынымсыз тірнектенгенінің нәтижесінде «XVIII ғасырдағы батырлар жайындағы тарихи аңыздар», «Қазақ шежіресі», «Абылай», «Қазақтың ата-тегі» сияқты көптеген бағалы еңбектер жазған. Орасан істері лайықты бағаланып, 1857 жылы Петербордағы жағрафиялық қоғамның құрметті мүшесі болып сайланды.

1858 жылдың 1-қазанында Қашқарияға аттанған ол еліне алты айдан соң оралады. Бұл өте қауіпті сапар еді. Өйткені, содан бір жыл бұрын қашқар жеріне жасырын кірген неміс ғалымының басы шабылған болатын. Еуропа үшін беймәлім, жұмбақ елге Ресей үкіметінің арнайы тапсырмасымен саяси астыртын барлауға аттанған. Ол - қазақтан шыққан тұңғыш әскери барлаушы. Сезік тудырмау үшін бөтен елде жүріп, ештеңені де қағазға түртіп алуға болмайтын. Шоқан көрген-білгенін жадында сақтап алып, қауіпті жағдайда күнделік жүргізіп отырды. Қашқар халқының өнеркәсібі мен саудасы, үкіметі, саяси жағдайы, жер жайы туралы жинап қайтқан бай мағлұматтарын Ресей әскери мақсатта пайдаланды. Қарындашпен салған суреттері де Қашқарияның тұрмыс-салтынан көп хабар берді. Зерделі ғалым бұл сапарға бел буғандағы өз мақсатын ұмыт қалдырмады. Қашқарияның салт-дәстүрін, тарихын, мәдениетін зерттеп, сирек қолжазбаларды, тау жыныстарын, біршама деректік заттарды алып қайтқан. Бұл 1859 жылдың жаз, күз айлары болатын. Шоқан сол әкелген материалдарын сұрыптап, ретке келтірді де 1860 жылдың басында Петербургқа аттанады [2. 817] . Осы жылдары Шоқан көп ізденеді, қоғамдық өмірге молынан аралысады, көптеген шығармаларды оқып, газет-журнал материалдарын үзбей оқып жүреді. Ол жайында Шоқанның досы Н. М. Ядринцев былай дейді: «1860-шы жылдарда Уәлиханов орыс өмірінің беталысын, оның жаңаруын бақылап отырды. Ол таңдаулы журналдарды үзбей оқыды». Петербургта 1861-1862 жылдары болып, ғылыми комитеттің тапсырмасымен Орта Азия мен Шығыс Түркістанның карталарын құрастырады. Бірақ Петербургтың ылғалды ауасы жақпай, кадеттің тас қабырғалы үйлерінің сызынан пайда болған көкірек ауруы асқынып, Сырымбетке оралады. Ғұмырының қысқалығын сезгендей, емделумен бірге ғылыми зерттеулерін үзбей жалғастырумен болды.

Шоқан Уәлиханов 1864 жылы Черняев басқарған экспедицияға қатысады. «Әуелден экспедиция алдына қойылған басты мақсаттардың бірі - мүмкіндігі келгенше жергілікті халықты бейбіт жолмен қосып алуға саятын. Черняев Омбыға келгесін Дюгамельге осы жайды да жеткізіп, бұл мәселеде өзіне көмекші табылса дұрыс болар еді дегенді білдірген. Генерал-губернатордың есіне Уәлиханов түсе кетті…» [16. 267] . Бірақ «осы экспедиция атымды шығаратын, генералдық атаққа тез жеткізетін жорық болса екен» деген ниетке бой алдырған даңққұмар, мансапқұмар, қанішер полковниктің халыққа жасаған озбырлығына наразы болып, Шоқан Тезек төренің ауылына кетіп қалады. Онда өмірінің соңын өткізген ғасырлық тұлға өмірден өтеді. Бұл 1865 жылдың 10 сәуірі (жаңа есептеу бойынша 22 сәуірі) болатын.

II Тарау. Шоқан Уәлиханов - көркем шығарма кейіпкері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шоқан Уәлихановтың әдебиеттегі көркем бейнесі
Қ. Жұмаділовтың Дарабоз роман-дилогиясындағы тарихи тұлғалардың көрінуі
Қазақ прозасындағы кейіпкер болмысы және авторлық ұстаным. Суреткерлік шеберлік және көркемдік әдіс-тәсілдер
Батыр Баян поэмасы
Көркем әдебиеттің тілі
Мұхтар Әуезовтің шығармашылық ғұмырнамасы
60 -90 жылдардағы қазақ әдебиетінің жандануына үлес қосқан ақындарымыздың хронологиялық мәліметі
Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы тарихи шындық және көркемдік шешім
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасының көркемдік қабаты
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz