Жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту жолдары


Кіріспе.
Зерттеудің қажеттілігі. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстандықтарға Жолдауында "Ғасырдағы экономикалық, және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш - адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі" делінген. Олай болса, алға қойылған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі оқушы жастарымыздың шығармашылық әлеуетін жан-жақты өсіруге ден қою қажеттілігі туындайды.
Балалардың шығармашылық дарындылығын, шығармашылық бағытта дамыту және оны тәрбиелеу бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселе. Қоғамдағы, айналамыздағы ортада болып жатқан қарқынды өзгерістер шығармашылық қабілеті бар, қажетті жағдайда соны әрі айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаның алдында үлкен талаптар қойылады. Балалар дарындылығына табиғаты, шығармашылық мүмкіншілктерінің психологиялық құрылымы. Мұның барлығы арнайы ізденісті қажет ететін Мәселелер қазіргі психология ғылымында осы мәселеге қатысты біраз деректер жинақталып, зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Брушлинский А. В, Матюшкин А. М, Нурахунова А. А, Кравцова Е. Е. Бүгінгі Қазақстан жаңа принциптерге негізделген егемен мемлекет құруда. Үкіметіміз білім беру мекемелерінен тәуелсіз мемлекетіміз өркениетке жету жолындағы әр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Бүгінгі күрделі әлеуметтік - экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен проблема саналып, ойландыруы тиіс деп ойлаймыз. Бүгінгі заманымызда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту олардың бойындағы дарын таланттарын ұштау мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Әрбір халыктың елдігі мен егемендігі, сол халықтың зиялы қауымына негізделеді және кез келген мемлекеттің күш-қуаты ең алдымен өз ісіне шығармашылық пен ғылымның, техниканың, өнердің, өндірістің ойдағыдай дамуының өзінің тікелей еңбегімен ыкпал етуге қабілетті мамандар санымен анықталады. Сондықтан да инновациялық ғылыми- техникалық даму дәуірі маманның тұлғасына, заман мен қоғам қойып отырған талаптарға сәйкес алдына жан-жақты жетілген үйлесімді шығармашыл адамын тәрбиелеу еліміздің басты міндеті. Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдар қолынан ғана келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндігі береді. Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатыларының бірі болып саналатын бастауыш мектептің алар орны ерекше. Бүгінгі бастауыш мектепте, өкінішке орай, баланың оқу әрекеті басым. Сабақтарда оқушылар үнемі бір типтес жаттығулар орындау, есептер шығарумен айналысады. Мұндай жаттығулар, бір ғана шешім іздеу баланы өз күшін байқау мүмкіндігінен айырады. Тек ол жұмысқа ұйымдастырушылық қажет. Қазіргі заман талабына сай білім беруді ізгілендіруге үлкен мән берілуде. Бұрын орта білім беретін мектептің негізгі міндеті білім беру мен дағды біліктерін қалыптастыру болып келсе, қазіргі міндеті бір шама күрделі; ой ұшқыр шығармашылық қабілеті жоғары, өмірге икемді жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу. Баланың әлеуеттік және шығармашылық қабілеттерін ашу мектептің маңызды жүмыстарының біріне айналуда. Бүгінгі таңда болашақ жастарға, жеткіншектерге әлемдік ғылым мен прогерсс деңгейі сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру. Сонымен іскерлігін зерттеу, арттыру әділетті коғамның міндеті болып табылады. Міне осы тұрғыдан қоғамға жан-жақты білімді жоғары мәдениетті, жұмысты шығармашылықпен істей білетін жеке адам қажет. Ондай адамды балбақша, мектеп, орта және жоғары оку орындары дайындайды. Жаңалыққа жаны құмар жан тәрбиелеу мектептен басталады. Сондықтан оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесі соңғы кезде қолға алынды деуге болады. Жаңа пәндердің пайда болуы, оқу мазмұнына шығармашылық тапсырмалардың енуі, арнайы педагогикалық әдістемелер, технологиялардың қолданыла бастауы ғылыми - зерттеу жұмыстарының жүргізілуі - үлкен жетістік. Дегенмен біздің өмірімізде шығармашылықтың алар орны әлі төмен «Неге?» деген заңды сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін шығармашылыққа кері әсер ететін факторлар анықталады. Олар :
- біздің шығармашылыққа үрке қарайтын әкімшілік-әміршілдік жүйеден шыққандығымыз:
- екінші бір себебі бала кезден бастап біз «сен мынаны дұрыс жасамадың», «олай емес», «бұлай болмайды» деген ескертулерді естіп өскендігіміз:
- қызмет жасайтын мекемеде шығармашылық ахуалдың болмауы: көп уақытқа дейін шығармашылық әр адам шыға алар биіктік деп есептелінбеуі:
Біздің қарастырып отырғанымыз жалпы білім беретін мектептерде қабілеттерді дамыту, оны шығармашылық деңгейге көтеру мәселесі болғандықтан, жұмысымызда осы күрделі процесте көздеген мақсатқа жетудің жолдарын, құралдарын, педагогикалық шарттарын қарастыратын боламыз.
- шығармашылықтағы қарама-кайшылықтардың болуы; - әлеуметтік немесе жеке адамға деген мәнінің болуы;
- шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың болуы;
- шығармашыл тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы;
- нәтиженің жаңалығы, сонылығы.
Шығармашылық процестің ар кезеңінде бала бойында әртүрлі сапалық қасиеттер қалыптасып жатады. Мысалы: алғашқы кезеңдерде жаңалықты сезіну, қайшылықтарға деген күдік, шығармашылық елес орын алады. Белгісіздік кезеңіндегі "бас қатырулар" табандылық, танымдық белсенділік. Біздің ойымызша бастауыш сыныпта маңызды рөл атқарады. Бүгінгі жоғары сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешеді. Тек ол жүмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет. Әрине, шығармашылық жұмыстың түріне, мақсатына қарай бұл кезеңдер бір-бірімен астасып, қабысып жатуы әбден мүмкін. Оларда қалыптасьш, әрі қарай дамып отыратын сапалар да бірі анық көрініп, бірі, керісінше, уақытша көмескіленіп жатуы ықтимал. Дей тұрғанмен, тұтас алғанда, әр баланың бойындағы табиғи, қайталанбас ерекшеліктермен біріккен кезде аталған сапалар көп жағдайда шығармашыл тұлғаның таңғажайып үлгісін құрайды.
Әдеби шолу. Көтеріліп отырған мәселе туралы жазылган ойлар, тұжырымдамалар, көзкарастар, еңбектер баршылық. Бұл ежелден-ақ ұлы ойшылдарымыз Жүсіп Баласағұн, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырған, сондықтан еңбектерінде - адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған. Көрнекті педагогтар К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, А. С. Макаренконың шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары қарастырылса, оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М. Жұмабаев болатын (1923 ж. ) .
Оқыта отырып баланың қабілеттерін дамыту мәселесі көрнекті педагогтар Ш. А. Амонашвили, И. П. Волков, О. С. Газман еңбектерінде қарастырылады.
Өз республикамызда бұл мәселеге назар аударған ғалымдар Ә. Қоңыратбаев, С. Тілешева жоғарғы сыныптарда шығарма жазғызу, В. Д. Чернов факультативтер мен үйірмелер жұмыстары арқылы қабілеттерді шығармашылық деңгейге көтеру жолдарын қарастырса, Қ. Ә. Жаманбаеваның зерттеу жұмысының негізгі идеясы оқушыларды сөз өнеріне баулу, көркем-шығармашылық қабілеттерін дамыту, М. Мұхамедин ойын әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттерді дамыту жолдарын айқындайды.
Қабілеттер жайлы жазылған ойларды, тұжырымдамаларды, еңбектерді талдай келе, адам бойында табиғи мүмкіндіктер болады, олар тек белгілі бір әлеуметтік жағдайларда байқалып, әрі қарай дамиды, әр адам басқа адамнан өзінің табиғи психологиялық өзгешеліктерімен ерекшеленеді деген қорытындыға келеміз.
Оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, шығармашылық әрекеті нақты жағдай шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерді дамытады. Ол үшін мына төмендегі шарттарды орындауы тиіс:
Біріншіден - баланың шығармашылық қабілеттерін дамытуды ерте бастан қолға алу.
Екіншіден - баланың жүйелі тұрақты ұйымдастырылған шығармашылық әрекеттер, жағдайында болуы. Ерекше ойды талап ететін әлеуметтік қарым - қатынастар шығармашылық қабілеттер дамытуға тиімді әсер етеді. Үшіншіде - шығармашылық жұмыстар баланың ойлау мүмкіндігінің ең жоғары деңгейіне жетуі керек. Күн асқан сайын ол деңгейі биіктей беретіндей болуы кажет. Осындай тынышсыз ой қызметі ғана бала дамуына үлкен нәтиже береді.
Төртіншіден - және ең негізгі шарт бала әрекеттің әр түрлерімен айналысуға, тыңдауына деген еркіндігінің болуы. Баланың жұмыспен айналысуға деген қызығушылығы, қанша уақыт айналысамын деседе өз еркі болуы керек. Мұндай қызығушылық, кажеттілік, табысқа жетудің бірден - бір кепілі болып табылады.
Бесінші - еркіндік ойға не келсе, соны істеуге айналмау керек. Балаға елеусіз болса да өз күшімен, өз ойымен, қиындықты жеңе отырып «жаңалық» ашуға жағдай жасайық. Шығармашылық сөзі- бұл шығару, ойлап табу деген сөз. Ал шығармашылық қабілетін дамыту деген сөз- бұл баланың бойындағы қабілетін ізденістер арқылы дамыту, яғни сабақ үстінде, сабақтан тыс түрлі жұмыстар жүргізу арқылы балаларды ойландыру, тапсырма беру арқылы іздендіру жұмыстарын жүргізу.
Дегенмен де әр баланың бір нәрсеге бейімі болады. Бейімділік - оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді колдануға болады.
Баланың қабілеті мен талантын дамытуды неғұрлым ертерек бастасақ, соғұрлым оның қабілеті толық ашылуы мүмкін.
Тәуелсіз Қазақстанның XXI ғасырға ену стратегигясының негізгі бөлігі - білім жүйесін жақсарту. Елбасымыз Ә. Н. Назарбаев Үкіметке берген 8 міндетінің екеуі осы ағарту жүйесіне байланысты болғаны баршаға аян. Ұстаз беделін мемлекеттік деңгейде көтеру қажет. Оқыту жүйесінде мұғалім - ең басты тұлға. ¥стаз - білген адамға ата-анадан кейінгі дүниеге көзін ашушы, білім, тәрбие беруші.
Қай елде, қай заманда болсын бала тәрбиесіне ерекше мән берілген. Өйткені, бала жеке адамның емес, ұлыс пен ұлттың ертеңі, келер үрпаққа аманат. Ұрпақ- саналы өмірдің ең басты кепілі. Егемен еліміздің тірегі -білімді ұрпақ. Баланың эстетикалық -көркемдік талғамын ұялатып, ұлттық тәрбие беруіміз қажет.
Баламен тіл тауып оның бойына білім ұрығын себетін басты тұлға-ұстаз. Ұстазы білімді болса ғана, осы ұлы мақсатқа - егеменді, тәрбиесі тең елге айналуға мойын бұрамыз. Абай айткандай «білімімен теңессе ғана ұлттар теңесе алады» Білім калай теңеседі? Бүған бірден-бір жауап: әрине оқу-тоқу арқылы теңеседі.
Білім берудің қазіргі жаңа құрылымы және оқу әдістемелік мазмұнының өзгеруі мұғалімдердің кәсіби шеберліктерінжаңарту, шығармашылық ізденістерін шыңдауын қажет етеді. Қазіргі уақытта барлық салада даму үздіксіз болуы қажет. Ұстаз беделі, ең алдымен, өзінің жеке басының қасиеттеріне, ұстаздық қабілетіне байланысты.
Ғылыми аппарат
Тақырыбы: Жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту жолдары.
Зерттеудің мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту қажеттілігін анықтау, олардың бойындағы шығармашылық жұмыстарын тереңдету.
Зерттеудің міндеті: 1. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту туралы әдебиеттерді талдау, саралау.
2. Шығармашылық іс әрекет кезеңінде жеке тұлға қабілетін диагностикалау арқылы психикалық ерекшеліктерін анықтау.
3. Шығармашыл қабілетті балалардың психикалық ерекшеліктеріндегі ескерту арқылы олардың қабілеттерін дамыту жолдарын көрсету.
Зерттеу объектісі: Жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту түрлері.
Зерттеу пәні: Шығармашыл қабілетті балалардың психикалық ерекшеліктерін ескере отырып олармен жұмыс ұйымдастыру жолдарын анықтап, белгілеу.
Зерттеу әдісі: Ғылыми әдебиеттерді саралау. Сауалнама, тест, тренинг, дебат.
Ғылыми болжам: 1. Егер, бала өз мүмкіндіктерін бағалап, олардың дамыту жолдарын мүмкіндігінше білсе, онда оқу және тәрбие процесіндегі мәселелерді тиімді шешуге болады.
2. Егер ұстаз бала ресурстарын анықтай білсе, онда оқу процесіндегі дифференциалдық деңгейі артады.
- Шығармашылық жұмыстарға кең өріс.
Адамның жеке дара қасиеттерінің бірі қабілет. Бұл іс әрекеттің жекелеген түрін ойдағыдай, әрі нәтижелі етіп орындаудан көрінетін ерекшелік. Қабілет басқа да жан қуаттары мен қасиеттері сияқты өмірмен іс-әрекет үстінде дамып, қалыптасып отырады. Қабілет дамуының табиғи негізін құрайтын жүйке санасының туа біткен белгілі нышандар жиынтығын - дарындылық деп атайды.
Кісінің қандай да болмасын бір істі жемісті орындауы тек қабілетке ғана байланысты емес, ол сондай-ақ адамда тиісті білім жүйесінің икемділік пен дағды және. тәжірибенің болуын қажет етеді. Баланың пәрменді түрде қызыққан іс-әрекеттерінен тыс қабілеттің қалыптасуы мүмкін емес. Қабілеттері жалпы (жалпы адам атаулыға ортақ), арнайы (іс-әрекеттің белгілі бір саласы бойынша) және практикалық деп үш түрге бөлінеді.
Қабілеттілік табиғи нышанмен байланысты болғанымен негізінде еңбектің, қажырлы іс-әрекеттің нәтижесінде қапыптасады. Осыдан 200 жылдай бүрын Алманияда (Германияда) Ұстазы Кристиян Фон Шенах жазып алған любектік төрт жасар бала (дарынды бала) "Кристиян Генрих Хейнекеннің өмірі, іс-әрекеті саясаты мен өлімі" деген кітап жарық көрді. Дарынды балалар жөнінде жазылған алғашқы кітап осы болатын. Туғанына он ай толмай жатып Генрих суреттегі заттарды айырып атай білген.
Үш жасқа келгенде ертегілерді өзі оқып, арифметиканың төрт амалымен есеп шығаруды, көп ұзамай француз тілін меңгеріп, географиядан жақсы мәлімет алады, мыңнан астам латын мақалын біледі: Генрихтің даңқы әлемге жайылып, оны Дания королі қонаққа шақырады, бірақ сәби көп ұзамай төрт жастан төрт ай асқанда қайтыс болады.
Дарынды бала мәселесі жөнінде әлемдік психологияда жазылған еңбектерде жинақталған нақты деректер аз емес. Өкінішке орай оларды іздестіріп, тауып алу, сондай-ақ оқытып тәрбиелеу жағы қазақ жұртында бүгінге дейін жөнді көңіл бөлінбей келе жатқан мәселе. Қазақ мектептерінің жағдайында осы жайттың ойдағыдай жүзеге асуына оралғы болатын факторлары да жеткілікті. Ерекше қабілетті балаларға қамқорлык, жасалып жатқан қазіргі кезеңде республикадағы көптеген колледждер мен лицейлер негізінен дарынды балалар үшін ашылған оқу орны.
Әрине мұндай оқушылар ел болашағы, оның интеллектуалдық (ақыл-ой) қуатының баға жетпес резерві, сондықтан да жер-жерден бұларды іздеп табу аса мәнді де адамгершілікті іс.
Дарындылық - адамның ой-өрісінің деңгейі мен өзіндік іс-әрекетінің ерекше өрістеуіне себепкер болатын, адамның жан-жақты дамуының қайнар көзі, арнаулы қабілеттердің ойдағыдай дамуының нәтижесі. Ерекше зейінділік, жинақылық, күрделі ақыл-ой жұмысына әрқашан да әзір тұру, еңбекке ұмтылудың табандылыққа ұласуы, демалыспен есептеспей, қажымай талмай еңбектену - да-рынды балалардың басты ерекшеліктері.
Бойкүйездік пен жалқаулыққа бой алдырмай қолайсыз жағдайда да жұмыс істей алу, әр істің соңына жеткізбей тынбайтын табандылық, ауыр еңбектен ләззат алу, әр нәрсені талдау мен жинақтай алуға ерекше икемділік, таным аясының кеңдігі, ойлау белсенділігінің аса түрақтылығы - ерекше балалардың өзін-өзі басқара алу қабілетінің басты көрсеткіші болып табылады. Әр жерден оқта-текте кездесіп қалатын дарынды балаларды ұстаздық қырағылықпен көре біліп, оны арнаулы оқу орындарында оқытып тәрбиелеу үлкен жауапкершілікті қажет ететін іс.
Осындай басқыштан өткен оқушы міндетті түрде жоғарғы көрсеткішке жетеді.
Үйде де, түзде де дарынды баламен жұмыс жүргізетін тәлімгерлердің жан-жақты білімді, әсіресе бала жанын жазбай танитын сезімтал психолог болуы керек. Менің ғылыми жұмыс жүргізу барысындағы дарынды баламен жұмыс жүргізудегі міндетім:
- Мектеп бағдарламасын жанжақты меңгерту.
- Алған білімін ғылыми негіздеу.
- Ғылым негізі бойынша зерттеулер жүргізіп, шығармашылық жұмысын дамыту.
Дарындылықты ұйымдастырудың бағдарламасын жасап, мынандай басқыштар арқылы іске асырылады:
- Оқушының шығармашылық дарындылығын өмірмен байланыстыра отырып, халықтык. педагогика элементтерін биология сабағында қолдану арқылы дамыту (5-7 сынып) .
- Затты немесе схеманы пайдалану арқылы баланың шығармашылық дарындылығын дамыту (8-сынып) .
- Оқушының танымдық қабілетін арттыру арқылы шығармашылық дарындылығын дамыту (9-сынып) .
- Оқушының шығармашылық дарындылығын ғылыми зерттеу жүмысымен ұштастыру.
Психологтер Д. Д. Эльконин мен В. В. Давыдовтың зерттеулерінде оқу іс-әрекетінің негізгі құрылымы оқу мақсаты және оқу әрекетінен тұрады. Олардың пікірінше, оқу үрдісін басқарушы бөліктер оқу пәндерін оқыту (мұғалімнің әрекеті) және оқу (оқушының әрекеті) өзара бірлесіп әрекеттескенде және терең ойланып өзара тәуелділікте болғанда ғана оқу сапасы артады, балалардың психикалық дамуы тиімді қамтамасыз етіледі.
Оқыту арқылы баланың танымын дамытудағы көзделетін басты мақсат - оларды тиісті білім қоры мен ғылыми мағлұматтарды саналы түрде меңгеруге баулу. Ал мұндай мақсатты білім беру үрдісімен шебер ұштастыра отырып жүзеге асыру үшін әдістемелік шеберлік қажет.
Біздің мектептегі шығармашылық-әдістемелік жұмыстың басты мақсаты - оқыту мен тәрбиелеу арқылы ұлттық және әлемдік тәлім нәрімен сусындаған, болашақ халық игілігін жасайтын білімді де білікті маман тәрбиелейтіндей бағыт-бағдар беру. Ал міндеттеріне оқушылардың танымдық деңгейін кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту, рухани байлықты дамытуға жағдай жасау, салауатты өмір салтын насихаттау, т. б. кіреді.
Оқытудың жетілдірілген тиімді моделі мен инновациялық әдістер әдістемелік жұмыстардың мазмұнына айналған. Ол жұмыс түрлері мыналар:
- педагогикалык. оқулар;
- ғылыми-әдістемелік семинарлар;
- кәсіби байқаулар;
- шығармашылық есеп;
- авторлык. кеңестер;
- конференциялар;
- олимпиадалар;
- көрме;
- іскерлік ойындар, т. т.
Соның негізінде ұшқыр ойлы, жаны сұлу, тәні сау, шығармашылықпен ойлай білетін дара тұлғаны тәрбиелеуге ұмтылып келеміз.
Басқару ісінде - оқушылардың білімдерін нәтижеге бағдарлап ұштауға, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін шындап, әртүрлі жағдайлар мен жағдаяттарға ыңғайлануына, бейімделуіне бағыттайтын тәжірибелік әдістемелік семинарлар ұйымдастырылды және оқыту технологияларының бірнеше түрлерін (модульдік оқыту, дамыта оқыту, деңгейлік оқыту, сын тұрғысынан ойлау, т. б. ) таныстыра отырып, оны оқу үрдісіне енгізуге шешім қабылданды. Таңдаулы, белгілі авторлардың жасаған дидактикалық моделдерін басшылыққа алып, өз тандауы бойынша тәжірибелі оқытушыларға бөлініп берілді. Бірінші сатыда тех-нологиялармен жан-жақты танысса, екінші сатыда әр топта әдістемелік жұмыс жабдықтарының барлық құрамдас бөліктері мен бағдарламаларын сараптап, олар-дың іс-тәжірибелері мен кәсіби шеберлігіне қарай қолданбалы бағдары жасалды. Ал үшінші сатыда оқытудың жоспарланған қорытындыларының барлық әдістемелік шарттарын меңгергенінен кейін, алдын-ала белгіленген топ мүшелерін қатыстыра отырып, тәжірибелік семинарлар өткізілді.
Оқытудың тиімді тәсілдерін тандап, осылай өмірге енгізу арқылы соңғы үш жылда төмендегідей жетістіктерге қол жеткізуге болады.
Жыл сайын «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығында «Қазақстан 2030» стратегиясы аясында республикамыздың экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуы» тақырыбында оқушылардың республикалық ғылыми жарыстары ұйымдастырылады.
Бірінші (мектептік) кезеңде ғылыми қоғамның ұсынуы бойынша 8-11 сынып оқушылары қатысады. Бүгінгі таңда республикамызда 690 оқушылардың ғылыми қоғамы құрылған, онда 3757 жас зерттеушілер ғылыми жобалар бойынша жұмыс істеуде.
Оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін және қабілетін дамытуға, зерттеу білігі мен дағдыларын қалыптастыруға, дербестігін және әлеуметтік белсенділігін тәрбиелеуге бағытталған қазіргі инновациялы-педагогикалық технологиялардың бірі болып табылады. Ең бастысы оқушылар ғылыми жобамен жұмыс істеу барысында, мектепте алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйренеді.
Халықаралық деңгейдегі республикалық ғылыми жарыстар жеңімпаздарының таңдаулы жұмыстары, осы оқушылардың болашақта еліміздің ғылыми элитасы болатындығына және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететіндігіне куә бола алады.
Соңғы жеті жылда жүлдегерлер саны 600-ден асты.
Дарынды балаларды айқындау мен оларға қолдау көрсету, оқушылардың оқу-танымдық қызметін ынталандыру мақсатында, олимпиадаларды кеңінен тарату, жетістіктерге жетуге ұмтылдыру үшін «Дарын» РҒПО-ы жыл сайын 3-10 сынып аралығындағы оқушылар арасында интеллектуалдық ойындар, конкурстар, жарыстар өткізеді.
• «Ақ бота» интеллектуалдық марафоны жоғары сыныптарға орыс тілі, қазақ тілі, математика, биология, химия және бастауыш топтарға орыс тілі, қазақ тілі, математика, жаратылыстану пәндері бойынша өтеді.
Республикада дарынды балаларды анықтау, іріктеу және ғылыми білімге қызығушылығын арттыру мақсатында жыл сайын жалпы білім беретін 15 пән бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасы өткізіледі. Соңғы жылдары олимпиадаға 1. -нан астам оқушы қатысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz