Қабілет – адамға тән даралық психологиялық ерекшеліктің бірі. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

«Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы мұғалімнің ролі »

Диплом жұмысы

Мазмұны

Кіріспе. . . 3 - 6: Кіріспе . . . 3 - 6
Кіріспе. . . 3 - 6: І. Қабілет - адамға тән даралық психологиялық ерекшеліктің бірі.
Кіріспе. . . 3 - 6:

1. 1 Әдеби шолу . . . 7 - 16

1. 2 . Қабілеттің жалпы сипаттамасы . . . 16- 23

1. 3. Қабілет саласындағы дара айырмашылықтар және оларды қалыптастыру . . . 24 - 26

Кіріспе. . . 3 - 6:
1. 4. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы педагогикалық технологиялардың түрлері . . . 26 - 44
Кіріспе. . . 3 - 6: ІІ . Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары
Кіріспе. . . 3 - 6:

2. 1. Жетістікке жетудің негізі - шығармашылық қасиет . . . 45 - 50

2. 2 Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда мұғалімнің рөлі . . . 50- 56

Кіріспе. . . 3 - 6:
Кіріспе. . . 3 - 6:

2. 3 Баланың шығармашылық қабілетін деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыту. ……… . . . 56 - 59

Тәжірибе . . . . 60 - 69

Кіріспе. . . 3 - 6: Қорытынды …… . . . 70- 72
Кіріспе. . . 3 - 6: Қолданған әдебиетгер . . . 73 - 74
Кіріспе. . . 3 - 6: Қосымша

Кіріспе

Адамның бойында жақсы адамгершілік қасиеттердің болуы, өнер -білімді игруі, үлгі-өнеге берер ұстазға байланысты. Халқымыз «Ұстазы жақсы-ұстамы жақсы», «Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын тапса тәрбиеге байланысты қасиеттерi үздiксiз және бiртұтас бiрлiкте жүзеге асырылады, іске қосылады дамып, жетiлiп отырады.

Әрбір күн өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ - жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілік жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені еліміздің ертеңгі-бүгіні жас ұрпақтың қолында. Ал ұрпақтың білмді, саналы болуы ұстаздарға байланысты екені даусыз. Мұндай өзгерістердің болуына себеп болған білім берудегі «ғаламдық дағдарыс». Бұл дағдарыстың мәні қоғамдық өмірдің қарқынды дамуы мен қоғамның өмір сүру жағдайларымен жедел бейімделе алмаған білім саласы арасындағы қарым-қайшылықтың туындауында жатыр. Бұл терминді ЮНЕСКО 1991 жылы әлемдік білім бер саласы бойынша Париждегі отырысында қабылданды. Бұл дағадарыстың пайда болуында бірнеше себептер бар.

- халықтың білім алуға деген құштарлығын, сол кездегі қызмет көрсетіп жатқан мектептер қанағаттандыра алмады;

- қаражатттың жетіспеуінен білім беру жаңа талаптарға сай келе алмады;

- жаңа талаптарға білім беру жүйесі іштей өте баяу түрде бейімделді;

- білім беру мен мәдениет арасындағы алшақтық;

- білім беру сапасының төмендеуі;

- жастардың арасында теріс қылықтардың пайда болуы;

Бұл дағадарыстан шығу үшін мектеп пен қоғамның өзара бір-біріне икемделу жолдарын іздестіру қажеттілігі туып отыр. Оның түпкілікті шешімі білімнің дәстүрлі түрін.

Қазақстанда бұл дағдарыс білім беру жүйесінде де көрініс алды. Бұдан шығу үшін еліміз білім берудің құқықтық негізін құрудан бастады. Ең алдымен ел басымыз Н. Ә. Назарбаев халыққа жолдауында (2030) білім беруге мынадай мақсат қойған:

Білім берудің жаңа ұлттық модулін әзірлеу және оны жүзеге асыру. Сондықтан білім беру жүйесі жаңа бетбұрыс алуда. Білім беруді ізгілендіру мақсатында 1994 жылы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы қабылданды. Бұл тұжырымдаманың басты міндеті бүкіл тәрбие, білім беру, оқу-ағарту міндеті және мәдени кешенін гуманистік бағдардағы адам тәрбиелеуге жұмылдыру.

Шығармашылық - бұл адам өмір шыңдығында өзін-өзі танудағы ұтымды, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет.

Адам бойында қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да. Ол өзін-өзі жетілдіруге де, сонымен қатар өзін-өзі жоюға да қабілетті.

Адамның өз болмысын тануға ұмтылысына көмектесіп, тереңде жатқан талап-тірегін қабілеттерін дамыту сол арқылы оған толқынды өмір сүру үшін рухани күш беру білімнің басты мақсаты. Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін қабілеттерін дамыта шығармашылығын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүре алатын азаматтарды тәрбиелеп шығарамыз.

Балалардың шығармашылық дарындылығын, шығармашылық бағытта дамыту және оны тәрбиелеу бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселе. Қоғамдағы, айналамыздағы ортада болып жатқан қарқынды өзгерістер шығармашылық қабілеті бар, қажетті жағдайда соны әрі айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаның алдында үлкен талаптар қойылады. Балалар дарындылығына табиғаты, шығармашылық мүмкіншіліктерінің психологиялық құрылымға. Мұның барлығы арнайы ізденісті қажет ететін мәселелер қазіргі психология, педагогика ғылымында осы мәселеге қатысты біраз деректер жинақталып, зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Брушлинский А. В, Матюшкин А. М, Нурахунова А. А, Кравцова Е. Е. Бүгінгі Қазақстан жаңа принциптерге негізделген егемен мемлекет құруда. Үкіметіміз білім беру мекемелерінен тәуелсіз мемлекетіміз өркениетке жету жолындағы әр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Бүгінгі заманымызда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту олардың бойындағы дарын-таланттарын ұштау мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндігі береді. Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатыларының бірі болып саналатын бастауыш мектептің алар орны ерекше. Бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа ұйымдастырушылық қажет. Қазіргі заман талабына сай білім беруді ізгілендіруге үлкен мән берілуде. Бұрын орта білім беретін мектептің негізгі міндеті білім беру мен дағды біліктерін қалыптастыру болып келсе, қазіргі міндеті бір шама күрделі; ой ұшқыр шығармашылық қабілеті жоғары, өмірге икемді жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу. Баланың әлеуметтік және шығармашылық қабілеттерін ашу мектептің маңызды жұмыстарының біріне айналуда. Бүгінгі таңца болашақ жастарға, жеткіншектерге әлемдік ғылым мен прогерсс деңгейі сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру. Сонымен іскерлігін зерттеу, арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады. Міне осы тұрғыдан қоғамға жан-жақты білімді жоғары мәдениетті, жұмысты шығармашылықпен істей білетін жеке адам қажет. Ондай адамды балбақша, мектеп, орта және жоғары оқу орындары дайындайды. Жаңалыққа жаны құмар жан тәрбиелеу мектептен басталады. Сондықтан оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесі соңғы кезде қолға алынды деуге болады

Біздің қарастырып отырғанымыз жалпы білім беретін мектептерде қабілеттерді дамыту, оны шығармашылық деңгейге көтеру мәселесі болғандықтан, жұмысымызда осы күрделі процесте көздеген мақсатқа жетудің жолдарын, құралдарын, педагогикалық шарттарын қарастыратын боламыз.

- шығармашылықтағы қарама-қайшылықтардың болуы;

- әлеуметтік немесе жеке адамға деген мәнінің болуы;

- шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың болуы;

- шығармашыл тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы;

- нәтиженің жаңалығы, сонылығы.

Шығармашылық процестің әр кезеңінде бала бойында әртүрлі сапалы қасиеттер қалыптасып жатады. Оларда қалыптасып, әрі қарай дамып отыратын сапалар да бірі анық көрініп, бірі, керісінше, уақытша көмескіленіп жатуы ықтимал. Дей тұрғанмен, тұтас алғанда, әр баланың бойындағы табиғи, қайталанбас ерекшеліктермен біріккен кезде аталған сапалар көп жағдайда шығармашыл тұлғаның таңғажайып үлгісін құрайды. Шығармашылық педагогикасының басты мақсаттарының бірі де осы.

Мақсаты: Оқу-тәрбие үрдісінде оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда мұғалімнің ролін анықтау, тиімді жолдарын көрсету.

Объектісі: Оқу-тәрбие үрдісінде оқушы мен мұғалімнің әрекеті

Пәні: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда қолданылатын

әдіс-тәсілдер және мұғалімнің рөлі.

Ғылыми болжамы: Егер тәрбие үрдісінде мұғалімнің кәсіби сапасы, кәсіби жарамдығы кәсіби дайындық ролдері дұрыс бағытта анықталса, онда оқушылардың бойында шығармашылық қабілеттерін дамыту, қарқынды байыту.

Міндеттері: 1. Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің рөлін айқындау.

2. Мұғалімге қойылатын талаптар мен мұғалімнің кәсіби келбетін белгілеу.

І. Қабілет - адамға тән даралық психологиялық ерекшеліктің бірі.

1. 1. Әдеби шолу. Көтеріліп отырған мәселе туралы жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық. Бұл ежелден-ақ ұлы ойшылдарымыз Жүсіп Баласағүн, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырған, сондықтан еңбектерінде-адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған.

Көрнекті педагогтар К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, А. С. Макаренконың шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары қарастырылса, оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М. Жұмабаев болатын. (1923 ж. ) .

Оқыта отырып баланың қабілеттерін дамыту мәселесі көрнекті педагогтар Ш. А. Амонашвили, И. П. Волков, О. С. Газман еңбектерінде қарастырылады.

Өз республикамызда бұл мәселеге назар аударған ғалымдар Ә. Қоңыратбаев, С. Тілешева жоғарғы сыныптарда шығарма жазғызу, В. Д. Чернов факультативтер мен үйірмелер жұмыстары арқылы қабілеттерді шығармашылық деңгейге көтеру жолдарын қарастырса, Қ. Ә. Жаманбаеваның зерттеу жұмысының негізгі идеясы - оқушыларды сөз өнеріне баулу, көркем-шығармашылық қабілеттерін дамыту, М. Мүхамедин ойын әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттерді дамыту жолдарын айқындайды.

Қабілеттер жайлы жазылған ойларды, тұжырымдамаларды, еңбектерді талдай келе, адам бойында табиғи мүмкіндіктер болады, олар тек белгілі бір әлеуметтік жағдайларда байқалып, әрі қарай дамиды, әр адам басқа адамнан өзінің табиғи психологиялық өзгешеліктерімен ерекшеленеді деген қорытындыға келеміз.

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен "қабілет" ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Философияда "қабілеттерді" тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық-тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын көрсеткен.

"Қабілет" ұғымына берілген психологиялық анықтамалар саны баршылық. "Қабілеттер" деп әрекеттің талаптарын қанағаттандыратын және үлкен жегістіктерге жеггкізетін адамның қасиеттерінің синтезін атайды.

Ең алғаш қабілеттер мәселесін көтерген С. Л. Рубинштейн іс-әрекеттің қабілет дамытудағы рөлін нақтылады. Осыдан бастап қабілеттердің әрекетте дамитындығы жалпы теория қалыптасып, бұл екі теория біртұтастықта қарастырылатын болды.

Қабілеттер жайлы ой-пікірлерді әрі қарай өрбіте отырып, Б. Г. Ананьев қабілеттер тек білім, білік жиынтығы ғана емес, оларды қолдана білудегі дербестік, саналылық, шығармашылық деген пікір айтады. Қабілеттердің дамуын тұлғаның дамуымен байланыстырады. Сондай-ақ, таланттылық жайлы мәселе көтеріп, таланттылық деп қабілеттердің көпқырлылығын айтады. Б. Г. Ананьевтің пікірі бойынша, нышан қабілеттердің алғы-шарты және олар тек іс-әрекетте ғана қабілетке айналады.

Бала бойындағы дарындылық сияқты ерекше; қасиетті зерттеген Н. С. Лейтес қабілетке "іс-әрекеттің белгілі бір түрінде жетістіктерге жеткізетін психологиялық қасиет", (2, -) деген анықтама береді. Ақыл-ой қабілетінің алғы шарты белсенділік және өзін-өзі реттеу (саморегуляция) деген қорытынды жасайды.

К. К. Платонов қабілеттер жайлы түсініктерді тұлғаның ерекшеліктерімен байланыста қарастырады. Ақыл-ой қабілетінің кейбір компоненттерін анықтайды.

Жоғарыда аталып еткен нақты қабілеттер жайлы зерттеулер туралы сөз еткенде, В. А. Крутецкийдің математикалық қабілеттерге байланысты жасаған іргелі еңбегіне тоқталған жөн. Көрнекті ғалым қабілеттерді әрекетке жарамдылық деп тануды ұсынады. Және басқа да зерттеушілер сияқты қабілеттер әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай орындауда көрінетін қасиет деген пікірді қуаттайды.

Бейнелеу өнеріне деген қабілеттер жайлы зерттеу жүргізген В. И. Киреенко да басқа авторлар сияқты, қабілеттер адамдардың жекелік айырмашылықтары деген қорытындыға қосылады және бейнелеу өнеріне деген қабілеттер тек сурет салуда ғана емес, ойын, еңбек сияқты басқа да әрекетте дамитындығын дәлелдейді.

Қабілет әрекеттің белгілі бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. "Бейімділік - адамның әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңілінің аууы, оянып келе жатқан қабілеттердің алғашқы белгісі", - деп жазады академик Т. Тәжібаев. Бала кезде ерекше көзге түсетін бейімділік оның келешек қабілетінің көрсеткіші екендігін айтады. "Бейімділік пен қабілеттің соншалықты тығыз байланыстылығы кейде тіпті бірінен-бірін ажырату қиындығын туғызады. Дегенмен бейімділік ұмтылу, ал қабілет -мүмкіндіктер", - дейді көрнекті психолог Н. С. Лейтес .

Қабілеттер мәселесін қарастыруда "талант", "дарын" терминдерін айналып өтуге болмайды.

Көптеген зертгеушілер мен психологтар "таланттылық" деп белгілі бір салада (өнер, музыка т. б) жоғары жетістікке жеткізетін қабілетті атайды. Олар таланттылықтың тұқым қуалау арқылы берілуі өмірде көп кездесетін жағдай болғанымен, ол бірден-бір фактор бола алмайтындығын дәлелдейді (З. Гильбух, В. С. Юркевич) .

Францияның ағарту ісінің өкілі К. А. Гельвеций адамдардың барлығының бірдей, тең дәрежеде болатындығын, сол себепті кез келген баланы талант дәрежесіне көтеруге болады дегенді уағыздап кеткен. Мысалы, жаңашыл педагог И. П. Волков " . . . егер баланың жеке қасиеттерін өте жас кезінен анықтап, дамытуға жағдай жасаса, талант қалыптастыру кез келген мамандық дайындау сияқты қатардағы шара", - дейді.

"Дарындылық" ұғымына берілген анықтамалар оған өз қатарындағы адамдардан (балалардан) жоғары ақыл-ой қызметімен ерекшеленетін адам қасиетін жатқызады. Дарындылық пен таланттылықты синоним ретінде қолданып жүрген авторлар да кездесіп қалады. Біздің ойымызша, таланттылық арнайы іс-әрекетте жоғары нәтижеге жеткізсе, дарындылық ақыл-ой қызметінің ең жоғарғы дәрежесімен сипатталады. Әрбір талантты балада дарындылық бар да, ал дарынды баланың бәрі бірдей талантты болмауы мүмкін. Талантты, дарынды балаларды арнайы оқу орындарында оқытқанда ғана олар қоғамға пайдасын тигізе алады.

"Тұлға" немесе "жеке бас" ұғымының мәнін түсініп алу қажеттігі туады. "Тұлта" (латынша - регзопа) ертеден келе жатқан ұғым. Бұл сөзбен алғаш актерлер сахнада беттеріне киіп жүрегін масканы атаған. Бүгінгі күні ол әлеуметтік мәні, қасиеттері бар нақты адамды білдіреді.

"Тұлға" - қоғамдағы адамның даму дәрежесіне байланысты оның психикасында болатын жаңа сапа", - деп жазады А. Н. Леонтьев. Ал Э. В. Ильенковтың айтуынша, "тұлғалар қоршаған ортада да, өздеріне де өзгеріс енгізе алатын адамдар.

"Жеке адам - әлеуметтік қатынастарымен саналы іс-әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін, есі кірген ересек кісі", - деген анықтама береді академик Т. Тәжібаев.

Барлық ғалымдар дерлік адамның мұндай күйге бірден келмейтінін, тұлғалыққа біртіндеп жететінін жазады. "Тұлға болып қалыптасу - баланың жаратылысынан бастап, қоршаған орта, басқа да әр түрлі әлеуметтік факторларға байланысты дамитын күрделі процесс. Сондықтан өмірге келетін әрбір адамның тұлғалық деңгейге көтерілмеуі мүмкін", - деп жазады психология ғылымының докторы В. Э. Чудновский.

Демек, бастауыш сынып оқушыларының тұлғалылығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор. Психологтар қабілеттердің екі, түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді.

1) Репродуктивті - іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі.

2) Шығармашылық, жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.

Енді жұмысымыздағы екінші негізгі категория -"Шығармашылық" ұғымының мәнін анықтауға келеміз.

"Шығармашылық" сөзінің төркіні, этимологиясы "шығару", "ойлап табу" дегенге келіп саяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте: " . . . шығармашылық - қайталанбайтын, тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет", - деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л. С. Выготский "шығармашылық" деп жаңалық ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я. А. Пономарев оны "даму" ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыда болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді. Бүл пікір бүгінгі күні педагогиканың талаптарына сәйкес келумен көңілге қонымды.

Зерттеле келе шығармашылыққа берілген анықтамалар да өзгере бастады. Соңғы жылдары "шығармашылық" сөзімен, "жаңалықпен" қатар "бастамалылык, белсенділік" ұғымдары астарласа қолданылып жүр.

Шығармашылық жөнінде жазылған еңбектерді талдай келе, төмендегідей қорытындыға келдік:

Шығармашылық - өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән.

Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда, кез келген баланы көтеруге болатындығы жайлы көп айтуда. Сондай зерттеулердің бізді қызықтырған кейбіреулеріне тоқтала кетейік.

Осы саланы тереңірек зерттеген дәрігер әрі психолог А. Н. Лук әрекет нәтижесінің шығармашылық деңгейге көтерілуі ең алдымен шығармашылық ойлауға байланысты деген пікір айтады. Шығармашылық қабілеттердің белгілері ретінде:

  • мәселені қарастырудағы қырағылық, көрегендікті;
  • ақпаратты нерв жүйесіне код арқылы хабарлауды;
  • тасымалдай білуді;
  • ақылдың икемділігі, ойдың оралымдылығын;
  • әрекетті бағалай білуді қарастырады.

Әрекеттің шығармашылық қабілеттерді дамытуы үшін қажетті ахуалдың болуы керектігін және қорқыныш, жалқаулық, өзін-өзі шамадан тыс сынау сияқты психологиялық кедергілермен күресу қажеттігіне тоқталады.

В. И. Андреевтің зерттеу жұмысы мектепте, орта және жоғары оқу орнында шығармашыл тұлға тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің диалектикасына арналады. Бұл проблеманың зерттелуінің методологиялық ауқымын, диалектикалық кедергілерді айқындайды. Шығармашылық педагогикасының заңдылықтары мен принциптеріне тоқталады.

Оқушылардың көркем-шығармашылық кабілеттерінің ерекшеліктері, оларды дамытудың жолдары мен әдістері А. А. Мелик-Пашаевтың, В. С. Шубинскийдің, Қ. Ә. Жаманбаеваның зерттеулерінде қарастырылады.

Шығармашылық қабілеттердің жоғары деңгейі дарындылық, таланттылық мәселесінің теориясына терең бойлаған В. Э. Чудновский, В. С. Юркевич, И. П. Волков осы феноменнің ерекшеліктері, олармен жұмыс түрлері, дарынды, таланты балалар экологиясы жайлы ой қозғап, оқу-тәрбие процесін жетілдіруте байланысты тәжірибелерімен бөлісіп, ұсыныстар береді.

Педагогикалық еңбекті шығармашылық процесс ретінде қарастырған В. А. Кан-Калик, Н. Д. Никандровтың зерттеулерінде ұстаз шығармашылығының психологиялық негіздері, мұғалімнің жеке шығармашылығын қалыптастыру жолдарына талдау жасалады. Көрнекті француз математигі Адамар шығармашылық процесті 4 кезеңге бөледі:

1. Дайындық кезеңі.

2. Инкубация, жасырын идеялар, тұйыққа тірелу кезеңі.

3. Интуицияның жарқ етуі. Эврика.

4. Тексеру кезеңі.

А. Н. Лук шығармашылық процесті 5 кезеңге бөледі:

1. Айқын және дұрыс қойылған мақсат.

2. Күшті жұмылдыру, қосымша мәліметтер іздеу.

3. Проблемадан уақытша кету.

4. Интуицияның оянуы, Инсайт.

5. Нәтиженің дұрыстығын тексеру.

Жоғарыда келтірілген және басқа да шығармашылық педагогикасына арналған зерттеулер мен еңбектерді талдай отырып, бастауыш сынып оқушыларына тән шығармашылық процестің кезеңдерін шартты түрде төмендегіше топтастырдық:

1. Жаңалықпен бетпе-бет келу.

2. Шығармашылық белгісіздік, екі ұштылық.

3. Шешімнің жарық көруі.

4. Шығармашылық акт.

5. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Зерттеушілер шығармашылық әрекеттерге әртүрлі анықтамалар береді. Мысалы: И. Я. Лернер шығармашылық әрекет деп білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуді, объектінің жаңа қызметін көре білуді, жаңа шешім табуды белгілейді.

А. Н. Лук шығармашылық әрекетті мәселені шешудегі көрегендікке, қырағылыққа балайды, идеяларды іске асыру (генерация жасай білу), болжай білу қабілеттерін атайды.

"Даму" ұғымы философиялық сөздікте " . . . мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы", - деп түсіндіріледі. Диалектика заңы бойынша кез келген құбылыс өзінің жеткен дәрежесіне қанағаттанып тұрып қалмай, оларды жоққа шығару арқылы жаңа сапаға көшеді. Терістеу - дамудың қозғаушы күші. Терістеу - белгілі бір зат пен құбылыстың қайшылықтарын ашу, олардың шешу жолдарын анықтау, жаңа сапаның болуына мүмкіндік туғызу.

Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың ролін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л. С. Выготский.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі мұғалімнің рөлі
Дарынды балалар қабілетінің дамыуын психолог қызметі арқылы анықтау
ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР, ОЛАРМЕН НЕГІЗГІ ЖАСАЛЫНАТЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҮРІ
Дарынды оқушылардың креативті қабілетін қалыптастыру туралы ақпарат
Қабілет мәселесінің психологиялық – педагогикалық мазмұны
Оқушылардың дарындылық мәселесінің теориялық негіздері
Бейнелеу өнері арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту
Оқушылардың оқуға қабілеттілігі мен есте сақтау процесінің психологиялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
Оқу процесінде мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz