ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОЙЛАУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
Қорғауға жіберуге
рұқсат беремін:
каф. меңгерушісі
(Т. А. Ә. )
«»200ж.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
ТАҚЫРЫБЫ: ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОЙЛАУЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
ДИПЛОМ ҚОРҒАУШЫ: Молдабаева С. С.
(қолы)
ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІ: Бекетаева Г. Е.
(қолы)
КӨКШЕТАУ, 2009
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ-ӨМІР ТАЛАБЫ 6
1. 1 Оқушылардың өзіндік шығармашылық ойлау қасиеттерін 6 қалыптастыруда педагог-психологтардың көзқарастары
1. 2 Ойлау. Ойлау процесінің психологиялық және логикалық астарлары 11
2 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ЖӘНЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫ 16
2. 1 Ойлаудың түрлері мен даралық ерекшеліктері 16
2. 2 Бастауыш сынып оқушыларының математика, қазақ тілі сабағында шығармашылығын дамыту 28
3 ДАМЫТА ОҚЫТУ-ОҚУШЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫ 42
3. 1 Оқушының өзіндік шығармашылық ойлау қасиетін қалыптастыруда оқушының мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау 42
3. 2 Оқу үрдісінде оқушылардың өзіндік шығармашылығын дамытуды қалыптастыру жолдары 52
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ 55
ҚОРЫТЫНДЫ 63
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 71
ҚОСЫМШАЛАР 74
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесін дамытудағы мемлекеттік тұжырымдамасында жеке адамның жалпы мәдениетінің қалыптасуы, жан-жақты дамуы үшін жағдай жасалуы мен оның әлеуметтік өз орнын анықтауды жайында сөз етіледі. Білім берудің алдына қойған мақсаты мен міндеттеріне жету оқушылардың өздерінің қызығуы мен қасиеттерін ескере отырып, оларға бастапқы арнайы білімді қамтамасыз ету ұсынылған. Білім оқушылар мен тәрбиеленушілердің жеке және шығармашылық қабілеттерін ашып, оны дамытуға жәрдемдесуге міндетті екені айтылған. (41-бап) .
Бүгінгі заманғы Қазақстан мектебінің алдына қойып отырған мақсаты - оқу- тәрбие жұмысын жақсарту. Әсіресе, еліміздің әлеуметтік-экономикалаық жағдайын жақсарту барысында оқушыларға жүйелі де нақты білім беру, белгілі бір мамандыққа баулу маңызды мәселенің бірі болып отыр. Ол үшін мұғалім сабақ беру арасында оқушылардың шығармашылық біліктілігін дамытуға жағдай жасай білуі қажет. Оқыту әдісін шебер меңгергенде ғана оның нәтижелі болатыны сөзсіз. Оқыту әдісі-грек тілінен аударғанда «metodos» яғни «бір нәрсеге барар жол» деген мағынаны білдіреді. Әдіс оқушылардың білімді, іскерлікті және машықтықты меңгеруге, оқушының дамуына, шығармашылығына бағыттылған мұғалім мен оқушы арасындағы бірлескен қызмет тәсілі ретінде анықталады.
Мектептегі білім беру мазмұнын жаңарту кезеңіндегі өзекті мәселе- оқушылардың оқу-тәрбие үрдісінде компьтерлік технологияны кеңінен пайдалана отырып, оқушылардың ақыл-ойы мен оқу зерттеушілік және шығармашылық ойлау қабілеттерін қалыптастыруды дамыту. Әрбір сыныптарда компьтерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың ақыл-ойы мен оқу- зерттеушілік және өзіндік ойлау шығармашылық қабілетін қалыптастырып дамыту. Әрбір сыныптарда компьтерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың ақыл-ойы мен оқу-зерттеушілік және өзіндік ойлау щығармашылық қабілеттерін дамытудың қолайлылығын ең алдымен компьтердің орасан зор мүмкіндіктерімен және оқушылардың бастауыш мектеп кезеңіне тән физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерімен түсіндіруге болады.
Зерттеудің мақсаты. Оқушылардың ойлау шығармашылығын дамытуда оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырып, ізденімпаздылыққа баулу.
Зерттеу міндеттері:
1. Оқушылардың өзіндік ойлау қабілеті мен әрекетін дамыту;
2. Оларды шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету;
3. Өзіндік ойлау шығармашылығын дамытудың деңгейлерін,
көрсеткіштерін айқындау.
Зерттеудің объектісі. оқушының шығармашылық қабілетін тану.
Зерттеудің пәні. оқушылардың өзіндік ойлау шығармашылығын қалыптастыру.
Зерттеудің әдістері.
- Ғылыми әдебиеттерді зерттеп, саралау.
- Эксперименттік зерттеу.
- Тестер.
Ғылыми жаңалығы. Қазіргі уақытта білім берудің негізгі талаптардың бірі - оқушыны әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасайтын жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру. Соңғы жылғы іс - тәжірибеде байқалған негізгі үрдіс - оқушының ойлау шығармашылығын дамыту - тек тұлғаның өзін - өзі дамыту қажеттілігіне негізделген. Ендеше осы қажеттілікті оқушы санасына жеткізу - бүгінгі тақырып.
Зерттеу құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан, эксперименттік әдістен, қосымшалардан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
- ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ӨМІР ТАЛАБЫОқушылардың өзіндік шығармашылық ойлау қасиеттерін қалыптастыруда педагог-психологтардың көзқарастары
Оқушылардың өз бетінше ойлау шығармашылық қабілеттілігін іс-әрекет үрдісінде ғана қалыптастыруға болады. Мұнда оқушылар танымдық қызметінің негізгі тәсілдерін игерумен қатар өз бетінше ғылыми танымдық кейбір кезеңдерінен өтуге де үйренеді. Ол кезеңдер мәселелік жағдайды жеке түсіну, эксперимент және бақылау, болжам жасау, болжамды тексеру, және дәлелдеуі, теориялық тұжырымдарды тәжірибеде қолдану, мүмкінше талдау жасау және қолдана білу [6, 61 б. ] .
Оқу танымдық қызмет - сонымен қатар бар нәрсені игеруге бағытталған оқу қызметі. Ол оқушылардың дүниені тану арқылы адамның рухани баю мүмкіншіліктерін ашуға бағытталған. Бұл мағынада танымдық қызмет оқушылардың өз бетінше жұмысынсыз, белсенділігінсіз өтуі мүмкін емес.
Шығармашылық таным мен белсенділіктің маңызды көрсеткіші: оқушының өз бетінше ізденіп, сұрақ қоя біліуінде. Сабақта меңгерілген заңдылықтарды өмірде пайдалана білу- жаңаша танымның көрсеткіші. Шығармашылық та таным қабілетін арттыру үшін мұғалім мен оқушының шығармашылық ізденулері өзара ұштасуы тиіс.
Шығармашылық - дәл сипатталатын, қатаң реттеуге келмейтін инттелектуалдық, іс-әрекеттер мен операциялар арқылы адамның обьективті немесе субьективті жаңа нәрсе үрдісі. Мұның атқаратын міндеті- жинақталған тәжірибені қайта жаңғырту ғана емес, жаңа элементтер жай отырып оқушы мен ебдейліктерін дамыту [2, 13 б. ] .
Шығармашылық жайлы әңгіме қозғалғанда біздің санамызға Евклид, Гомер, Леонардо да Винчи, Моцарт, Бетховен, Ньютон, Лобачевский, Гете, Пушкин, Пуанкаре сияқты және т. б. өткен уақыттың ойшыл-даналары еске түседі [1, 8-9 б. ] . Бұлар өз ойларымен мәселелерге жаңаша көзқараспен келу арқылы қоршаған ортаға, оның заңдылықтарын ашуға деген адамзаттың мүмкіншіліктерін көрсете білді. Бірақ, мұның бәрі шығармашылықтың бір ғана қыры.
Шығармашылық тек қана ғылымда, әдебиет және бейнелеу өнеріне ғана емес, бүкіл адамзат қызмет аймағына қажет. Қазіргі мектепте оқитын балалар бірнеше жылдан соң өз бетінше өмір сүруге көшіп экономика мәдениеттің дамуына өз үлестерін қоса бастады. Әрине ол үшін еңбек етіп, өз жұмысын ұнатудан басқа шығармашылық қабілет те керек. Ал оны іске асыру үшін оқушыларды тапсырмаларды орындау барысында жаңа жолдарды, тәсілдерді іздеп таба білуге, яғни мектеп курсының материалдарын шығармашылықпен игеруге жүйелі түрде тәрбиелеу қажет.
Қоғамның дамуының өркениеттi сатысында мектептен математикалық бiлiм берудi қайта құрудың негiзгi мiндетi оқытудың әдiстемелiк жүйесiнде даму және ақпараттық мiндеттi атқару функиясының басым болуына, осы ақпаратты қолдану бiлiктiлiгiн қалыптастыруға баса назар аудару болып табылады.
Қазіргі ғаламдану заманында еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуы, индустрияның қарыштап өсуі, әлемдік деңгейге көтерілуге бет бұруы кезеңіндегі ұлттық мәдени - тарихи, рухани құндылықтарымызды бойына сіңірген азаматтарға қоғамың сұранысының өсуі білім жетістіктерін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру қажеттігін алға тартады. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында (Астана, 1 наурыз, 2006 жыл. ) «Біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз» - деп атап көрсеткен [12, 38 б. ] . Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз ететін - білім саласы [4, 112 б. ] .
Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес шығармашылық бағытта жұмыс істейтін тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл, әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуда маңызды мәселе екендігін дәлелдейді. Жалпы оқушылардың шығармашылық әрекеті ғылыми - педагогикалық проблема ретінде едәуір зерттелген. Оқушылар бойында «шығармашылық әрекет тәжірибелерін» қалыптастыру қажеттілігі туралы 80 жылдары - ақ И. Я. Лернер жазған болатын [22, 17 б. ] . Қазақстанда шығармашылықтың дамуы жөнінде арнайы зерттеу жұмысын жүргізген психолог - ғалымдар Т. Тәжібаев, Ж. Аймауытов, В. К. Шабельников, Н. Палагина, Қ. Р. Рахымбаев, М. О. Резванцева, С. Қ. Бердібаева, Б. Тұрғынбаева еңбектерін атап өтуге болады. «Бала мейлі жақсы, мейлі жаман іс болсын, әйтеуір бірдеме істеуі керек. Ештеңемен айналыспаған адамның жан дүниесі жөнді жетілмейді. » Ж. Аймауытовтың бұл пікірі белгілі психолог А. Н. Леонтьевтің адам психологиясы тек іс-әрекет үстінде дамып отырады дейтін қағидасына жақын тұжырым деп есептейміз. Ғылыми зерттеулерге сүйенетін болсақ, оқушы шығармашылығын дамытуда «шығармашылық тапсырмалар» үлкен рөл атқарады [27, 24 б. ] . «Шығармашылық тапсырмалар» атауы педагогикада белгілі, екі құрамдас бөліктен тұрады.
Шығармашылықты:
- біріншіден, оқушылар дербес, өз бетімен ойдан жаңаны құрастырады
- екіншіден, жағдай тудырушы материалдар даярлап, шығармашылыққа икемдейтін ересек адамның қатысуы қарастырылады.
Педагогке жауапкершілік жүктеледі, жұмыс нәтижесі оның іскерлігіне байланысты. Шығармашылықты қалыптастыру жолдарын зерттеу тапсырмаларды күрделендірудің үш кезеңін анықтауға мүмкіндік туғызады. Шығармашылық қабілет әр оқушының табиғатында болуы мүмкін. Менің міндетім - оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Міне, осы міндетті жан - жақты ашып көрсету үшін «Оқушылардың ойлау шығармашылығының қабілетін дамыту» атты тақырыпты таңдап алдым [3, 24 б. ] . Оқушы шығармашылығы туралы айтқанда В. П. Беспальконың IV деңгейіне тоқталғым келеді. Бұл - шығармашылық деңгей. Мұнда әр оқушы өзіндік шығармашылық жұмыспен айналысады. Қазақ тілі сабағында тіл дамыту жұмыстары - шығарма, әңгіме, ертегі құрастырып жазу, белгілі бір тілдік ұғымға байланысты реферат жазу. Мұндай шығармашылық жұмыстар өз тәжірибемде үлкен жетістіктерге жетемін деп ойлаймын. Оқушы шығармашылығын дамыту бір күннің, бір айдың емес, бірнеше жылдың үздіксіз жемісі, еңбегі. Қазір алдымда бастауыш сынып оқушылары отыр [15, 202 б. ] .
Олардың өзіндік ойлау шығармашылық қабілеті мен әрекетін дамыту үшін қандай жұмыстар жүргізіп жатқаныма тоқталайын. Олардың шығармашылықтарын дамытуды алдымен зерттеу жұмысын жүргізуден бастаған едім. Оқушыларының пәнге қызығушылықтарын анықтау үшін сауалнама жүргізген болатынмын., бұл сынып оқушыларының белсенділіктері, ынталары айрықша, олай болса бұл оқушыларды шығармашылыққа баулуға болатынына айқын көзім жетті. Оқушы шығармашылығы практикалық әрекеттер, ізденімпаздылық арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар - жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қатынас сақталады. Мұғалім бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс - әрекетін ұйымдастыратын шығармашылық істердің ұйытқысы.
Тек осындай оқыту ғана оқушы интелектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Оқушы шығармашылығын дамыту үшін шығармашылық пен шығармашылық
қабілет әрекетті дамытуымыз керек.
- қызығушылығы - мәтінмен жұмыс істеулері
- танымдылығы - тіл дамыту жұмыстары
- ойлауы - өзіндік жұмыстары
- есте сақтауы жатса, - ізденімпаздық жұмыстары жатады.
Оқушы шығармашылығын дамыту - білімдік үрдіс субъектілерінің және білім мазмұны мен жүйелердің өзара әрекеттесу аймағы. Сөзім дәйекті болу үшін жоғарыда көрсетілген критерилерді өз іс - тәжірибемде қалай, қандай жолдармен іске асыратыныма тоқталайын.
Оқушылардың шығармашылық әректі мен танымдық қабілеттерін арттыруда мәтіннің алатын орны ерекше. Мәтіндерді оқу, талдау барысында оқушылардың оқиғаға қатысты өз ойларын жеткізулеріне, әңгіме кейіпкерінің қылықтарын бағалай білуіне, автордың оқиғаға қатысы, көзқарасы қандай екендігін анықтай алуына назар аударылуы тиіс [27, 18 б. ] . Бұл жерде жеке сөздерді жаттап қою не мәтінді аудару емес, өз бетімен, дербес жұмыс жасай, ойлай білу, білімін толықтыру, белсенді болу, деңгейлік тапсырмалар орындау.
Өз тәжірибемде оқушының шығармашылық әрекетін дамыту мақсатында қазақ тілі сабағында әртүрлі тапсырмалар беремін:
- әңгімені, ойды жалғастыру
- мәтін бойынша жаднама құру
- ертегі ойлау
- өз көңіл күй әсерлері нәтижесінде әңгіме жазу
- өз пікірін білдіру, оны дәлелдеу [18, 37 б. ] .
Мұндай тапсырмалар оқушылардан қиялдау, талдау, салыстыру, себеп салдарлық байланысты айқындай білу, тұжырым жасай білу секілді ой операцияларын орындауды талап етеді.
Әр сабақта өтіліп тұрған осындай жүйелі жұмыстар төмендегідей нәтиже беруде. (ІІ сызбаны көрсету)
Оқушылардың шығармашылық әрекеті мен ойлау қабілеттерін дамытуда өзіндік жұмыстар арқылы берілетін тапсырмалар пәндік білім, білік, дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Мұндай тапсырмалар негізінен сөйлеу мен тыңдап түсінуге бағытталған
- репродуктивті жаттығулар:
- сөздікпен жұмыс
- сөздерге, сөз тіркестеріне байланысты жаттығулар
Репродуктивті жаттығулар күрделі тапсырмаларды орындау білігін қалыптастыру жолындағы қажетті кезең болып табылса, сөздікпен жұмыс жеке сөзбен тыңғылықты жұмыс жүргізу оқушыға сөздің мағынасын жан жақты түсінуге, сөздік қорын молайтуға мүмкіндік береді. Сөз тіркестерімен жүйелі жұмыс жүргізіп отыру оқушының сөз байлығын молайта түседі. Сөз тіркесін ойлап табу; олардың мағынасын түсініп, сөйлем құрау; сөз тіркестерін орысшадан қазақшаға не қазақшадан орысшаға аудару; сөйлем ішінен сөз тіркесін айыра білу; жиі кездесетін грамматикалық формалар арқылы сөз тіркестерін құрау жаттығулары орындалады [26, 28 б. ] .
Оқушылар бұл жерде жаңа ұғымдармен танысып қана қоймайды, өзіндік жұмыстар арқылы жаңалыққа деген қызығушылықтары артады. Жаңалыққа деген қызығушылық - басты ішкі талпыныс болып табылады. Оқушыларда жаңа, өзі білмейтін іске деген қызығушылық басым болады. Ондай істер оқушының бар ақыл - ойын, ішкі күштерін жұмылдырады және ерекше қуат береді. Осы негізде жеке тапсырмалар орындау, сөзжұмбақ, бейнесөз құрастырту қызығушылықтарымен қоса, шығармашылықтарын дамытады. (оқушылардың шығармашылықтарын көрсету)
Оқушылармен күнделікті ұйымдастырып отырған қызықты өзіндік жұмыс түрлері төмендегідей көрсеткіш беруде. Мұның өзі үлкен жетістік (ІІІ сызбаны көрсету) [29, 62 б. ] .
Қорыта келгенде, шығармашылық тұлға басқалардан өз ісіне деген сенімділігімен, қиял ұшқырлығымен, әдемілікті сезіне білуімен, өзгеше шабытымен ерекшеленеді. «Өз ойын жаза білу зиялылықтың бірінші белгісі. Шығармашылық адамның бақылағыштық қабілетін, қиялын, фантазиясын дамытады» - деген А. Рыбаковтың пікірі осыған дәлел.
Ендігі мәселе: Шәкірт бойындағы шығармашылық қиял, дарын, қабілет бастауын одан әрі дамытудың жолдары қандай және ол үшін мен болашағыма қандай жоспар алдым.
Жауап біреу - ақ. Болашақта өз оқушыларымның шығармашылығын дамытуда ізденімпаздылық жұмыстарға, соның ішінде жобалау технологиясына байланысты зерттеу жұмыстарына қатысу. Яғни, оқушыларымды мектепішілік, қалалық ғылыми - практикалық конференцияға қатыстыру. Мұның өзі шығармашылық жұмыстың шарықтау шегі.
Өзіндік шығармашылық ойлау қабілетті дамыту жаттығуды қажет етеді. Әрбір өз бетінше шешілген қиыншылықтар шығармашылық қызметті ұштай түседі. Мәселеге шынайы ден қоймай, іштен түрткі болмай, бір мәселе бойынша ұзақ ойланып, толғанбай шығармашылық нәтижеге жету мүмкін емес. Шығармашылық жұмыстар мен тасырмалар оқушылардың танымдық және эстетикалық қажеттіліктерін бір мезгілде қанағаттандыруға септігін тигізеді. Шығармашылық қабілеттің бірдей қалыптаспайтындығы белгілі. Оқытудың алғашқы күнінен-ақ бұл мәселе әрбір оқушының шығармашылық дағдыларын қалыптастыруға үлес қоса алады. Шығармашылық қызмет формаларының біріне жаңа білімді алуға бағытталған және анықталмағандығымен сипатталатын оқу-зерттеушілік қызмет жатады. Ғылымдағы барлық нәтижелер оқу-зерттеушілік қызмет жатады. Ғылымдағы барлық нәтижелер оқу-зерттеушілік қызмет үрдісінде жарық көреді. Онсыз ешқандай да ғылыми жетістіктер : эмприкалық немесе теориялық ашулар, заңдылықтарды оқып білу және қалыптастыру, теория мен болжамды құру [25, 159 б. ] .
Оқу-зерттеушілік қызмет шығармашылықтың бір формасы болғандықтан, оқушылардың өзіндік шығармашылық ойлау қабілеттерінің дамуы туралы мәселе олардың шығармашылық қабілеттерінің дамуы жайлы келелі мәселенің құрамды бөлігі болып табылады. Ой . . . Сынды ой жүгірту дұрыс ойлауды құрайды, ал жасмпаздықтан ой жүгірту жаңалықты қаттайды. Оқу процесін тиімді пайдалану - зор өнер. Білім беруді оқушыларды қызықтыратындай ұтымды жағынан бастап, ең басты өзекті мәселені түйіндеуге үйретеді.
Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесін дамытудағы мемлекеттік тұжырымдамасында жеке адамның жалпы мәдениетінің қалыптасуы, жан-жақты дамуы үшін жағдай жасалуы мен оның әлеуметтік өз орнын анықтауы жайында сөз етіледі. Білім берудің алдына қойған мақсаты мен міндеттеріне жету үшін оқушылардың өздерінің қызығуы мен қасиеттерін ескере отырып, оларға бастапқы арнайы білімді қамтамасыз етуді ұсынған. Білім оқушылар мен тәрбиеленушілердің жеке және шығармашыдлық қабілеттерін ашып, оны дамытуға жәрдемдесуге міндетті екені айтылған. (41-бап) . Білім беру жүйесіндегі психодиагностиканың өзіндік ерекшеліктері бар.
Психодиагносткалау- дегеніміз-оқушылардың ойлау шығармашылық қабілеттерін, таным үрдістерін дамыту, жеке бас ерекшеліктерін зерттеу мен мұғалімдердің шығармашылық мүмкіндігін айқындау [62, 38 б. ] . Психодиагностикалық зерттеуді өзіндік шығармашылық ойлау қабілетін дамыта оқыту барысында ұйымдастырып, оған мектептегі барлық оқушыларды қамти отырып, зерттеу керек.
- Оқушылардың интеллектілігі мен ерекшеліктерін зерттеу.
Оқушылардың өзіндік шығармашылық ойлау, есте сақтау қабілеті жақсы, даму деңгейі анықталады. «Оқушының қызығушылығын анықтау » сауалнамасы арқылы оқушының ортаға, әдебиетке, техникаға, адамға, табиғатқа, қызығу деңгейі ойдағыдай болып шықты.
- Оқушылардың эмоционалдық жағдайларын зерттеу. Эмоционалдық жағдайды бағалау әдістемесі әр түрлі психологиялық тестер арқылы жүргізіледі. «Көңіл-күй әліппесі» тесті бойынша әрбір баланың ширығуының деңгейі және белсенділік коэфиценті мен жеке есептелінді. Жалпы алғанда зерттелген сыныптардың барлық оқушылары психикалық ширығудың төменгі деңгейімен және белсенділіктің жоғары деңгейімен бағаланды.
- Оқушылардың мотивтік саласын зерттеу.
Оқушының қоршаған ортамен өз орны анықталды. Балаларға мектеп пен отбасының тәрбиедегі үлесі көп екендігі анықталды.
- Мектеп педагогикалық ұжымдарын зерттеу. Зерттеу мәліметі бойынша оқу ортасының психологиялық параметрін толық бағалап, ондағы шығармашылық ойлау нәтижесін сипаттауға мүмкіндік аламыз [59, 45-56 б. ] . Ойлау. Ойлау процесінің психологиялық және логикалық астарлары
Сонымен қатар өзіндік ойлау шығармашылығын қалыптастыру мен қатар техникалық ойлау қабілетін де қалыптастыруға болады. Оқушылардың техникалық ойлау қабілетін дамытуда мақсатты түрде жұмыстар жүргізбейінше олардың өзіндік танымдық іс-әрекеттерін белсендіру мүмкін емес. Теориялық оқу үрдісінде оқытушы оқушылардан олардың әрбір кәсіпте қолдануға қажетті білім, білік және дағдыны меңгеруін талап етеді. Теориялық білім алу нәтижелі болу үшін есте сақтау, еске түсірумен бірге оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыруға үлкен мән беріледі.
Ойлау қабілеті талдау, жүйелеу, жалпылау және тағы басқа тәсілдерді игеру барысында қалыптасады. Сондықтан оқытушы оқу үрдісі кезінде оқу материалының мазмұнына ғана емес, сонымен бірге оны меңгеруге әдістеріне де көңіл бөлгені дұрыс. Басқаша айтқанда өз жұмысында оқу материалының құрылымы мен көлемін ғана жоспарламай, жаңа білімді қабылдаудың тиімді әдіс - тәсілдерін де үйретуі керек.
Техникалық ойлау қабілеті, ең алдымен, өндірістерге нысандарға бағытталған нақты тәжірибелік іс-әрекеттерді басқару болып саналады. Оқушы дәлелдеу, қорытындылау және қисынды сөйлеу әдіс-тәсілдерін меңгергенде ғана білімнің жоғары сатысына жете алады. Оқушы ойды дәлелдеу, қорытындылау және қисынды сөйлеу әдіс-тәсілдерін меңгергенде ғана білімнің жоғары сатысына жете алады. Оқушы жаңадан алған білімін ауызша түсіндіре алса және алған білімін есептер шығаруда қолдана білген жағдайда оқытушы тақырып толығымен меңгеоілмеді деп есептейді. Оқу үрдісінде техникалық ойлау қабілетін қалыптастыру кезеңдерін бөліп көрсетсек, мына төмендегідей болады.
Бірінші кезеңде техникалық түсініктер жүйесі қалыптастырылады, машина және механизмдерді қасиеттер қасиеттері, олардың құрылымы мен құрылысы жайлы жинақталады. Бұл кезеңде жаңа материалды түсіндірумен бірге репродуктивті түрдегі түрдегі өндірістік оқыту есептерін шешкен жөн.
Екінші кезеңде мазмұнды әрі мәселелік есептерге басты назар аударылады.
Үшінші кезеңде техникалық ойлау қабілетін дамытудағы негізгі фактор конструктивті есептерді шешу болып табылады. Оқу үрдісіне бұл кезеңдер оқушылар техникалық ойлау қабілетін қалыптастыруға көмектеседі [20, 48 б. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz