ЩУЧЬЕ – БУРАБАЙ КУРОРТТЫҚ БЕЛДЕМІНІҢ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДАНДАСТЫРЫЛУЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Жаратылыстану - педагогикалық факультеті

География және экология кафедрасы

«Қорғауға өткізуге рұқсат етіледі»

География және экология

кафедрасының меңгерушісі

C. О. Жетпісов

«» 2009ж.

Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С

Тақырыбы: “ЩУЧЬЕ - БУРАБАЙ КУРОРТТЫҚ БЕЛДЕМІНІҢ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДАНДАСТЫРЫЛУЫ„

Мамандығы 050116 - География

Оқу формасы: күндізгі

Орындаған: ГрК - 42 тобының студенті Жанабергенов А. О.

Ғылыми жетекші: г. ғ. к., доцент Жетпісов С. О.

Көкшетау 2009ж.

ТҮЙІН

Щучье - Бурабай курортты аймағының экологиялық жағдайын жақсартуға байланысты Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының әкімдері мен мәслихаттары соңғы бес жылда бірқатар іс - шаралар белгіледі. Ал Қоршаған ортаны қорғау Министірлігі осынау курортты аймақтағы канализациялық қондырғының құрылысын қаржыландыруға № 57 бағдарлама бойынша 662 миллион теңге бөлініп, оның игерілуін қамтамассыз етті. Алайда курортты аймақтың канализациялық ағынды суларын тазартып қайта пайдалану үшін биологиялық толықтай тазарту станциясының құрылысын салу керек. Өйткені тазартылмаған ағынды су көлемі тәулігіне 7 мың текше метірді құрайды.

Министірліктін қатысуымен бұған дейін жұмысы тоқтап қалған Көкшетау өнеркәсіптік су құбырының құрылысы да аяқталды. Бұл су жүйесінің құрылыс құны 420 миллион теңге болатың. Соның 270 миллион теңгелік құрылыс монтаж жұмыстары тек 2002 жылы орындалды.

Қазақстан үкіметі 2004 - 2006 жылдарға арналған Бағдарламасында Бурабай көлдері мен Қопа көлдерін тазартуға көзделген. Осы мақсаттар үшін облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы жобалау іздестіру жұмыстарын жүргізуге көлемі 81 миллион теңге қаржыға бюджеттік заявка берді. Сондай - ақ Бурабай кентіндегі суды биологиялық толықтай тазарту станциясы қондырғысының құрылыстарын жобалау жұмыстарына 8 миллион теңге сұралып отыр. Қазір көл табандарын тазарту жобаларына 18 миллион теңгедей қаржы бөлінбек деген болжам бар. Алайда бұл қаржы көлемі Бурабай көлдерінің экологиялық жағдайын ойдағыдай жақсарта алмайды[11] .

Бурабай табиғатың қалыпты ұстауға арналған шаралар белгілеп жүзеге асыру ісі сонау 1984 жылдан, яғни үкіметтік арнаулы қаулы қабылданудан бастау алады. Онда курортты аймақтың дамытудың бас жоспарының схемасы айқындалып еді. Бірақ іс - шаралар толықтай жүзеге асқан жоқ[27] .

Щучье - Бурабай курорттық белдем аймағының өткір проблемасы - орталықтарылған каналаизацияның жоқтығы. Осынау кемшіліктін салдарынан жеке - жеке шағын су жинағыштардың ағынды суға толып, лас, лай су өзге де арналармен көлдерге толасыз құйылып жатады.

Сонымен курортты аймақ пен Бурабай кентінің манында құрылыс жүргізудің бас жоспары болмағандықтан жер бөлінуде де жоспар жоба жоқ. Қазір осы аймақта және Бурабай кентінде толып кеткен жазғы - қысқы дәмханалардан, қызмет көрсету орындары мен түрлі нысандардан аяқ алып жүре алмайсын. Бұлар санитарлы - экологиялық нормаларды сақтай бермейді. Сөйтіп онсыз күрделі экологиялық жағдайды олар қиындата түсуде.

2008 жылы біздің мемлекеттік инспекторларымыз осы аймақтағы табиғатты қорғау заңдылықтарының 44 тексеріс жасап, 44 заң бұзу фактісн анықтаған. Жалпы 305072 теңгенің 13 әкімшілік айыпұлы салынды. Бір материал сотқа берілді. Шортанды көлін шамадан ластаған «Балдәурен» республикалық балалар сауықтыру лагеріне тиісті талап жазылды[44] .

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 4

1 ӘДЕБИЕТТЕРДІ ТАЛДАУ (Щучье - Бурабай курорттық

белдемнің(ЩБКБ) қазіргі экологиялық жағдайы) 7

1. 1 Щучье - Бурабай курортық белдемінің жалпы сипаттамасы 7

1. 1. 1 Географиялық орны 7

1. 1. 2 Геологиялық құрылысы, жер бедері 7

1. 1. 3 Климаттық жағдайы 13

1. 1. 4 Щучье - Бурабай курорттық белдемінің атмосфералық ауаның

жағдайы 14

1. 1. 5 Гидрографиясы 15

1. 1. 6 Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі 25

2 ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ОБЬЕКТІЛЕРІ 32

3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ 33

3. 1 Щучье - Бурабай курорттық белдемінін қазіргі дамуындағы

анализ 33

3. 2 Щучье - Бурабай курорттық белдемінің экологиялық

проблемаларының анализі 37

3. 3 Табиғи емдік ресурстарды және гидроминеральдық

базаны талдау 39

3. 4 Көлдердін экологиялық жағдайын талдау 41

3. 5 ЩБКБ - нің аумағындағы атмосфералық ауаның

экологиялық жағдайы 49

3. 6 Топырақтың экологиялық жағдайы 54

3. 7 Орманның экологиялық жағдайы 56

ҚОРЫТЫНДЫ 60

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 62

ҚОСЫМШАЛАР 64

Кіріспе

Проблеманың өзектілігі халықты сауықтыруда, туризм және демалыс индустриясын дамытуда зор маңызға ие Щучье-Бурабай курорттық белдемі Қазақстан Респбуликасының ұлттық байлығы болып саналады.

Ел Президентінің «Қазақстан Республикасы территориясындағы сирек кездесетін ерекше ландшафтарды сақтау іс-шаралары туралы» 2006 жылы 11 маусымда № 474 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Щучье-Бурабай курортты белдемін дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасы әзірленген болатын.

Бағдарлама қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру мәселесі бойынша Ведомствоаралық комиссияның 2004 жылғы 2 маусымында N17-63/И-467 өткен отырысындағы хаттаманың 3. 2 пунктімен сәйкестендіріліп жасалған.

Аталған Бағдарлама Қазақстан Республикасының туристтік беделін кластелік туризмді дамытуға, көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға әлеуметтік-экономикалық жағдай жасау арқылы қалыптастыруға бағытталған.

Қазіргі уақытта экотуризм әлемдік тәжірибеде жоғары кіріс беретін салалардың бірі болып саналады. Дүниежүзі бойынша зор беделге ие әлемдік экотуристік орталықтар дамудың ең биік сатысына көтерілсе, Қазақстан Республикасының экотуристік әлеуеті туризмді дамытуда үлкен мүмкіндіктерге ие болып отыр. Мемлекетімізде туризмнің кластерлік дамуы бойынша Ақмола облысын ерекше атауға болады.

Еліміздің басты мақсаттарының бірі болып қалыптасып отырған шикізаттық экономикадан бірте - бірте шығу. Осыған байланысты туризімді дамыту үлкен мәнге ие болып отыр. Ал Щучье - Бурабай курорттық белдемі Қазақстан Республикасының туризім дамыған аудандарының бірі және қазіргі кезде ауданның экологиялық жағдайының күрт нашарлауы аймақтық туризімге үлкен қауіп төндіріп отыр[15] .

Аталған жұмыстың мақсаты . Қазақстан Республикасының географиялық білім алудың концепциясы, ол жергілікті мекендейтін жерлерді жалпы дүниежүзілік географияның бөлігі ретінде зерттеу. ХVІІ ғасырдағы педагог ғалым Ян Амос Каменскийдің «Ұлы Дидактика» еңбегінде географиялық білім берудің бастысы ол жергілікті жерлерді зерттеуден басталады деген идеяны құрастырған. Аталған жұмыс көмегімен қазіргі кездегі болып жатқан Щучье - Бурабай курорттық белдемінін экологиялық жағдайын талдау, басты проблемаларын көрсету және олардың шешу жолдарын қарастыру. Егерде Щучье - Бурабай курорттық белдеміндегі экологиялық туындап отырған проблемалар шешілмесе, болашақта табиғат берген ерекше ланшафтардан айырылуымыз мүмкін. Аталған обьектін басты проблемаларына:

• Көлдердегі су деңгейінің төмендеуі, орташа есеппен алғанда жылына 0. 48 - 0. 62 м құрайды.

• Курорттық белдемінін жергілікті халықты сумен қамтамасыз ету. Щучье қаласының шаруашылығына және ішуге арналған су Щучье көлінен алынады, ол ішуге жарамсыз болып келеді. Жалпы аудан бойынша халықтың 28 пайызы ғана таза сумен қамтамасыз етілген.

• Щучье қаласында, Бурабай және Қотыркөл ауылдарында тұрмыстық қалдықтарды утилизациялауға арналған полигондардың болмауы.

• Атмосфералық ауанын ластануы. Атмосфералық ауаның басты ластану көздері котельнылар болып келеді олар Щучье қаласында, Бурабай және Қотыркөл ауылдарында және сауықтыру мекемелерінде орналасқан. Жалпы жылына орташа ауаның ластану мөлшері 8 мың тонна болып келеді.

• Орманның дигредацияға ұшырауы. Оған себеп парктағы орманға зиянды әсерін тигізетін көлік және өнеркәсіп мекемелерінін газдары мен түтіндері және рекреациялық жүктеменін артуы.

Табиғи ортаны тұрақты дамыту принциптеріне негізделген Щучье-Бурабай курортты белдемі кешенді талдауды қажет етеді.

Міндеті:

1. Щучье-Бурабай курортты белдемінің экологиялық-географиялық аудандарындағы қоршаған ортаның жағдайына баға беру;

2. Аудандарды экологиялық жағдайына байланысты топтастыру;

3. Щучье-Бурабай курортты белдемінің қоршаған ортасының факториалды құрамының ақпарат базасын қалыптастыру;

ЩУЧЬЕ-БУРАБАЙ КУРОРТЫҚ ЗОНА

Сурет 1

1 ӘДЕБИЕТТЕРДІ ТАЛДАУ (Щучье - Бурабай курорттық белдемнің (ЩБКБ) қазіргі экологиялық жағдайы) .

1. 1 Щучье - Бурабай курортық белдемінің жалпы сипаттамасы.

1. 1. 1 Географиялық орны

Щучье - Бурабай курорттық белдемі - Сарыарқаның Көкшетау қыратында орналасқан. Ол Ақмола облысының солтүстігінде. Белдем солтүстігінен - Солтүстік Қазақстан облысымен, шығыстан - Еңбекшілдер ауданымен, оңтүстіктен - Бұланды ауданымен және батыстан - Зеренді ауданымен шектеседі. Аудан 1929 жылы пайда болған. Ауданы - 5. 9 мың м. Халық саны - 78. 1 (2006) мың адам. 62 елді мекен бар олардың ішінде 1 қала және 1 кент. Ауданның орталығынан солтүстікке қарай Көкшетау тауы жатыр. Ең биік нүктесі Көкше шоқысы (947) . Ақылбай кезені Көкшетауды екіге бөледі: солтүстікте - Көкше, Бура, Жеке - Батыр оңтүстігінде - Айыртөбе, Шортан шоқылары бар. Қалған аудан территориясы тегіс.

1. 1. 2 Геологиялық құрылымы, жер бедері

Бурабай геологиясы оның рельефін зерттеуімен тығыз байланыста болды. Бурабай қонысының геологиялық құрылысын зерттеген А. Краснопольский, Н. К. Высотский, Е. Д. Шлыгин, В. Л. Драверт және тағы басқа ғалымдар. Бурабайдың көптеген щоқылары, қия жартастары және жартастары дөнгеленген үлкен тақталардың бір - біріне қойылғандай болып көрінеді және ол үлкен әсер береді. Осындай құрылымы бар тақталарды геологияда граниттік масивтер деп атайды. Граниттік мору нәтижесінде тәуліктік және жылдық температураның тербелістер әрекеті бұзылады, жартастарда химиялық және техникалық әрекеттер нәтижесінде көптеген ойпаттар, тереңдітілген жерлер, саңылаулар қалыптасады. Геологиялық және тектоникалық құрылымының ерекшіліктері оның қазіргі рельефінде жақсы байқалады. Ауданда үш бір - біріне ұқсас рельефт типтері кездеседі: аласа таулы, ұсақшоқылы қырқалар және жазықтар. Көкшетау таулары батысқа созылып жатқан ұсақ таулы қырқаларды қалыптастырады, олардың ұзындығы 35 км. Оңтүстік жағынан тау Щучье қаласынан бастау алса, солтүстігінде ол Айнакөл (Ұ. Шабақты) көліне дейін созылады және Бөлектау тауында аяқталады. Қырқалар оңтүстік және солтүстік жоталардан құрылады, олардың орталықтарына қарай биіктік төмендейдейді және рельефт асуы байқалады оның аты Ақылбайасуы (Ақылбай асуы) [19] .

Барлық қырқалардың ең биік нүктесі - Көкше болып келеді, ол солтүстік жотада орналасқан. Теңіз денгейінен абсолютті биіктігі - 947 метр.

Көкше биіктігінен Бурабай қонысының тамаша жергілікті жер көрінісін көруге болады. Оңтүстік жотаның ең биік нүктесі - Бурабай тауы - ол таудың орталығында орналасқан. Оның солтүстігіне қарай Жеке батыр таулы массиві орналасқан. Тау беткейлері 45 - 60°, көптеген жағдайларда тіктеуіш қабырғаларды кездестіруге болады. Көкшенің оңтүстік беткейінен ұсақ жылға ағып түседі, ол Аулиекөл (Бурабай) көліне ағады - Иманайдың таулы щоқыларының көптеген жерлерің ормандар басып жатыр, ол ауданың қолайлы микроклиматтың қалыптастырады, жазда ауа температурасын төмендетеді, атмосфералық жауын - шашынды жағарлатады және құрғақ желдерден қорғайды.

Санырауқұлақты - ұсақшоқылы рельефт, Щучье көлімен Аулиекөл (Бурабай) көлінің арасында орналасқан және оның солтүстік батыс бөлігін алып жатыр. Осы рельефт Көкшетау тауларың солтүстік батыс жағынан қоршап жатады. Берілген рельефтте шоқылар, төбелер, созылмалы жалдар таралуы көп кездеседі. Олардың биіктігі 5 - 20 м. Шоқылар мен төбелер - тегістетілген, куполтәріздес, ұсақ жалдары бар әртүрлі жыныстардан құрылған болып келеді.

Кокшетау таулары

Сурет 2

Жазықтар өте тегіс рельефтті болып келеді және көне магмалық түрлер бүкіл жерлерде байқалады. Арнайы әдебиетерде осы рельефт пенеплена деп аталады, оның аудармасы жазықа жақын деген мағынаны береді. Ол ерте кездегі биік таулардың бұзылуынан пайда болды. Осындай рельефт солтүстікте таралмаған болып келеді, ол територияның батысында және оңтүстік - шығысында орналасқан. Жазықтарда терең емес аңғарлар кездеседі оның ішінде Сарыбұлақ, Қарабұлақ өзендері ағып өтеді осымен қатар сайлар және көлдер қазанщұнқырлары кездеседі. Осы жерлерде ұсақ бедер пішіні кездеседі - тұрнағы, төбешіктері мору, қолат, шойылу, жарысай [16 - 20] .

Осының нәтижесінде таулар мен жартастар қалыптасып отырған қиял ғажайып формаларды алды, қазіргі көзтартатың Бурабайдың әсемділік формаларын қалыптастырды. Бурабайдың граниттерінде минералдар кездеседі оның құрамына алюминий, темір, магний, хром, марганец, никель, ванадий, медь, вольфрам және радиоктивті элементтер кездеседі.

Келесі топқа жататың қазбалар территорияның үлкен бөлігін алып жатыр олар Полеозой эрасына жатады орташа есеппен алғанда 1350 млн. жыл бұрын. Осы топқа кременистік кешен тақталары, құмтастар, порфоритар, және әктастар жатады олар ауданың солтүстік - батыс бөлігінде орналасқан.

Ең жас кайназойлық эрада бүкіл жерлерінде төрттік жауын - шашын таралған: жартас жыныстарының бөліктерінде, тасшақпа, құм, көлдер мен өзендер түзілімдері, саздар, саздақтарда. Щоқылар арасындағы төмендеулер ылғалды болып келеді және қазанщұнқырлар қуаттылығы жоғары олардың жас ылғалды түзілімдері - 20 - 30 м терендікте орналасқан. Көлдер мен өзендер жағалауында түзілімдер құм мен құмдықтар түрінде кездеседі.

Топырақ жамылғысы екі топырақ типтеріне бөлінген - олар оңтүстіктік қарашірік және кәдімгі топырақ. Осы топырақ түрлерінің масивтері бөлек немесе комплекс түрінде бірге кездеседі. Топырақ түрлері аралас болып жыртылған жерлерде кездеседі. Қарашірік шалғындары Барлық жерлерде таралған, бөлек массив түрінде немесе басқа топырақ түрлерімен комплексте. Олар төменгіліке арналған[7] .

Сорлы топырақтар тегіс масивті немесе ұсақ дақтармен қосылып комплекстік массивті құрайды. Олардың басым бөлігі жайылмалы жерлерде кездеседі. Қалған топырақ топтары шағын аумақты алып жатыр.

Щучье - Бурабай курорттық белдемінің топырағы солтүстіктен оңтүстікке қарай қара қоңыр, қоңыр, ашық қоңыр топырақ белдемдері бірін-бірі алмастырады. Аудан территориясының топырақ жамылғысы 2 түрден құралған қара топырақ және қоңыр белдеулерге байланысты.

Аумақтың солтүстік бөлігін өлі - қуан дала ағып жатқандықтан жер бедері ірісі - ұсақты таулы және төбелікті кедір-бұдыр болғанымен топырағы қара топырақ. Оның ауданы 487, 6 мың га. Олардың арасындағы ең кең таралғаны қара топырақ. Құрамындағы қара шіріктің көлемі 50-70см-дей 6-8% құрайды. Топырақ құрамы химиялық элементтергеде бай, кальцийдің 70-85% сонымен қатар фосфор, кальций және т. б.

Оңтүстік белдемдегі қара топырақтың ауданы 2556, 6 мың гектар. Ерекшеліктері карбонатты қара топырақ, қарашіріктің құрамы 45-60см - де, 4-5% құрайды. Карбонатты болғаны мен магний, иод, натрий және т. б. элементтеріне бай. Сондықтан топырақ эрозиясына ұшырамайды. 51º с. е. оңтүстікке қарай қара топырақты белдем, ауысады. Ауданы 7340, 3 мың га, 70% өңделген . Белдемдердің арасындағы топырақтық ең жақсы болып табылады. Қара шіріктің көлемі 35-40см-де, 3-4% құрайды.

Шығысында ұсақ шоқылы жазықтың болғандықтан топырақ жамылғысы құнарлығы біршама аз кейбір бөліктердегі азот, фосфор т. б. құнарлы элементтер жетпей жатады, сондықтан көктемде арнайы дәрілеу жүргізіледі. Ауданның қалған оңтүстік бөлігінің жер бедері қуаң далалы бөлікке кіретіндіктен, топырақ жамылғысы болып келеді, ауданы 2508, 9мың га. Қара шіріктің көлемі:30 - 40см-де, 2, 5 - 3, 5% құрайды. Белдемнің ең оңтүстігінің топырағы ауданы 472, 2 мың га. Топырақ жамылғысына климаттың әсері мол. Сондықтан, топырақ құрамы табиғи минералдарға қанықпаған, өнімдердегі нашар болғандықтан, зерттей келе академик А. И. Баева, осы салада көптеген еңбек сіңірген. Облыста солтүстіктен оңтүстікке қарай қара қоңыр, қоңыр, ашық қоңыр белдемелері бірін - бірі алмастырады. Олардың көпшілігі жыртылған[13] .

Өсімдіктер жамылғысы бойынша територия құрғақшылдық әртүрлі шөптік немесе орманды дала зонасында ақ қайын мен қарағай ормандары және көптеген шөптер түрлері кездеседі. Таулы аймақтарда қиын орманды массивтері орналасқан осында көбінесе ақ қайын, шырша немесе терек кездеседі.

Дәнді дақылдар, жылымдар және көптеген шөптер бүкіл територия бойынша таралған олар жазықты жерлерде, толқынды жерлерде немесе биік емес шоқыларда кең түрде. Шоқылар арасындағы төмендеулерде қарашірік шалғындар таралған оларда көбінесе жылымдар асоциациялары кездеседі. Сапасы жоғары шөптер біркелкі таралған мал азығына өте қолайлы. Тегістелген төменгі жазықтарда батпақты жерлерде жылымды - кермектік асациациялар таралған. Шөптердін дамуы әлсіз, өмірлік жағдайы нашар, мал шаруашылығына қолайсыз жерлер.

Щучье - Бурабай курортық белдемінің териториясының басым бөлігі Көкшетау қыратына кіреді. Ол Қазақстаның ұсақшоқыларының солтүстік бөлігі. Абсолютік биіктіктері 210 - 948 метрге дейін өлшелінеді. Ол Шучье манындағы Гривисто рельефт төбесінен басталып Бурабай ауылына дейін созылады. Шашыранқы төбелер мен жондар арасында аңғарлар өте дамыған болып келеді - рельефтері тура, жазық, сәл толқынды, толқынды көбінесе шоқылы болып келеді.

Негізгі таулы жота Көкшетау ол солтүстіктен оңтүстікке қарай 30 км созылып жатыр. Көкшенің абсолютік биіктігі теңіз денгейінен 947 м биіктікте жатыр. Гранитті таулар қатты жел әсерінен қазіргі өзгеше формаларын алды, ол ауданың табиғатына ерекше әсемдік береді. Аса үлкен әсемдікті көлдер береді. Щучье өзенінің батысынан бастап және солтүстікке қарай Үлкен Чебачье көліне дейін 2. 5 - 20 км қашықтықта аласа таулы төбелі рельефтер байқалады. Абсалюттік биіктіктер Көкшетау тауы - 947 м және Седловатка - 836 м. Щучье жотасының құрылысы асеметриялық, тау беткейлерінін құрылымы батысқа қарай құрылды, шығыста ішкі бөлігіне таралған жарлы болып келеді олардың бұрыштары 45 - 60 градусқа дейін жетеді[28] .

Солтүстік - шығысқа және шығысқа қарай рельефт ұсақшоқылы болып келеді олардың орташа абсолюттік биіктіктері 350 - 550 метр. Осы зона бұзылған құрылымымен ерекшеленеді.

Оңтүстіке және батысқа қарай толқынды жазық кейде қырқалы ұсақшоқылар таралған олардың биіктігі 450 метрден аспайды.

Ауданның геологиялық және тектоникалық құрылысы қазіргі

рельефімен айқын көрінеді. Ауданда рельефтің 3 типі айқындалған. Олар: аласа таулы, ұсақ шоқылы тізбекті және жазықты. Көкшетау тауы батысқа қарай созылған кішкене тау тізбегі түзілген, ұзындығы 35км. Оңтүстік қанатты Щучинск қаласына жақын, ал солтүстігі Айнакөл көліне (Үлкен Шабақты) тіреледі де, Бөлектау тауымен аяқталады. Тізбек оңтүстік және солтүстік жоталардан тұрады. Ортанғы бөлігінің рельефінің төмендеуімен Ақылбай суы асуы арқылы біріктіріледі (Ақылбай асуы) [41] .

Көкше шыңынан әдемі Бурабай мекенінің көрінісі ашылады. Оңтүстік жотаның ең биік нүктесі - Бурабай тауының орталық бөлігінде орналасқан. Оның солтүстігіне қарай Жекебатыр тауы массиві орналасқан. Тау беткейі құламалы 45-60 0 . Көкше шынының беткейінен ұсақ бұлақ Әулиекөліне (Бурабай) құятын Иманаев бұлағы ағады. Орманмен жабылған таулар ауданға жағымды микроклимат тудырады да, жазда қоңыржай ауа температурасы мен атмосфералық жауын жоғарылап, жазықтық желдерден қорғайды.

Ұсақ шоқылы рельефі Щучье мен Әулиекөл (Бурабай) көлдерінің арасындағы кеңістігі, солтүстік - батыс бөлігі мен Көкшетау тауының солтүстік - батысын қамтиды. Бұл рельеф шыңдар, төбелер мен созылыңқы жалдармен ерекшеленген. Биіктігі 5-20м жететін шыңдар мен төбелер -бірыңғай тік, күмбез тәрізді, кішкене жалды болып келеді.

Жазықтық рельеф көбінесе тегіс келеді. Мұнда ежелгі магмалық жыныстардан құралған. Арнайы әдебиеттерде бұндай рельеф пенеплен деп қолданылады. «Пенеплен » сөзін аударғанда «жазық» деген мағынаны білдіреді.

Ол бұрынғы биік таудың толығымен үгілу нәтижесінде түзілген. Бұндай рельеф солтүстікте, территорияның батыс және оңтүстік - шығыс шетінде таралған. Жазықта Сарыбұлақ, Қарабұлақ өзендерінің аңғарларымен, жыралармен, көлдердің шұңқырларымен тілімденген. Мұнда ұсақ рельефт формалары - төбелі жел қақтыру, жыра, судың шайылған жерлері кездеседі.

Пайдалы қазбалары: Бурабайдың негізгі байлығы қазу арқылы пайда болған жыныс - гранит болып табылады. Минералдар құрамында, гранитті түзушілерге кремний қышқылының қоспасындағы алюминий, темір, магний, кальций, натрий, калий жатады. Гранитте бұл металдардан басқа әртүрлі минералдар- лития, бор, фосфор, титан, марганец және сирек кездесетін элементтердің кейбіреулері кездеседі[9] .

Америка авторларының айтуы бойынша 100т гранитте 8 тонна алюминий, 5т темір, 2т магний, 180фунт марганец, 70фунт хром, 40фунт никель, 30фунт ванадий, 20фунт мыс, 10фунт вольфрам бар екен. Ең негізгісі граниттің құрамында жоғары радиоактивті элементтерінің болуы. 100т граниттің тасты массасында шамамен екі фунт торий мен 14унций уранды құрайды[20] .

ХХІ ғасыр бұл элементтер техниканың дамуына байланысты, барлық металдарды граниттен өндіруі мүмкін. Ал қазір гранитті құрылыс материал ретінде пайдаланылады.

Қызғылт гранит - түйір дән пішінді, толық кристаллды. Қызғылт гранит құрамында жалған тастар бар. Дала шпатының түсіне байланысты оның бояуы сондай болады. Оны құрылыста қаптайтын тас ретінде кең қолданылады.

Эпидотты гранит. Бұның құрамында натрий тотығы кездеседі. Оның бояуы дала шпатының түсіне байлынысты. Оны құрылыста қаптауыш тас ретінде кең қолданылыды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақмола болысының іргетасы
Туристік ресурстар тізімін дайындау
Туристік - рекреациялық ресурстар классификациясы
Ақмола облысының туристік мүмкіндіктері
Қазақстан Республикасының емдік-сауықтыру орындарына баға беру
Солтүстік Қызылқұм шөлі аумағының геоэкологиялық жағдайы
Ақмола облысының экологиялық жағдайы
Сандықтау туристік аймағы
ТАБИҒИ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАР
Туризм индустриясына басқа экономика салаларының экономикалық бағыныштығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz