Экологиялық қылмыстар және жауапкершілік негіздемелері


МАЗМҰНЫ
Қысқартылған, символдар мен арнайы терминдердің тізімдемесі.
КІРІСПЕ 3
1 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАР ЖӘНЕ ОЛАР ҮШІН
ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ТҮСІНІГІ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ 7
1. 1 Экологиялық қылмыстар үшін жауапкершіліктің негізгі түсінігі 7
1. 2 Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың жалпы мінездемесі 9
1. 3 Экологиялық қылмыстар үшін жауапкершілік 13
1. 4 Қазақстан Республикасының Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы 15
- ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАР ЖӨНІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ БҮГІНГІ ЗАМАНДАҒЫ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ АХУАЛЫ 26
2. 1 Экологиялық қылмыстар аясындағы халықаралық ынтымақтастық 26
2. 2 Ақмола облысының бүгінгі таңдағы экологиялық ахуалы 43
2. 3 Қазақстан Республикасының Экология аясындағы заңнамасы мен
халықаралық ынтымақтастығы 46
3 СОТТАРМЕН ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ
ЗАҢНАМАНЫ ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІ 51
3. 1 Қазақстан республикасымен қоршаған ортаны қорғау заңнамасы 51
3. 2 Соттармен қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды қолдану
тәжірибесі 54
ҚОРЫТЫНДЫ 61
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 64
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда қоршаған экология мәселесі дүниежүзілік проблемалардың қатарына еніп отырғаны мәлім. Көптеген мемлекеттер экология қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік ортасына әсер ететін стратегиялық сала екендігін түсініп отыр. Солардың бірі Қазақстан Республикасы.
«1997 жылдың маусым айында коршаған ортаны қорғауға арналған БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының XIX арнайы сессиясында Елбасы Н. Ә. Назарбаев «XXI ғасыр күн тәртібі Қазакстанның түрақты дамуы» тақырыбына баяндама жасаған болатын. Осы сәттен бастап қауіпсіз және түрақты экологиялық дамуға көшу еліміздің дамуындағы басымдық бағытқа айналды. Бұл, әрине, Қазақстан Республнкасыпың 2030 жылдарға дсйінгі дамуының ұзақ мерзімді Стратегиясында, Қазақстанның бәсекеге кабілетті 50 елдің қатарына кіру Стратегиясында, ҚР-ның тұрақты дамуға көшу Тұжырымдамасында өз көрінісін тапқан болатын» [1] .
«Қазақстан республикасы Конституциясының 31-ші бабында Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға мiндеттi және 38-бабында мемлекет адамның өмiр сүруi мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етiп қояды, және адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершiлiкке әкеп соғады делінген» [2] . Яғни бұл мемлекеттің және кез келген азаматтың міндеті қоршаған ортаны (экологияны) қорғау қасиетті борышы екенін және экология аясындағы мәселелер адам әрекеттері (әрекетсіздігі) нәтижесінде туындайтындығын көрсетеді. Оларды оларды жою мен алдын алу жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің қолында.
Тақырыптың өзектілігі: Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы Экологиялық қылмыстар және олар үшін жауапкершілік» бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады, өйткені елдің экологиясы, барлық экологиялық талаптарды сақтау адамдармен, сондай-ақ заңды тұлғалармен, кәсіпорындармен еліміздің басты мақсаты болып табылады.
Тақырыптың мақсаты. Экологиялық қылмыстар және олар үшін қылмыстық жауапкершіліктің мәнін ашу, экологиялық қылмыстардың мысалдарын келтіру, экологиялық (табиғатты қорғау) заңнаманы қолдану жүйесі мен механизімін көрсету, өзекті экологиялық мәселелерді алға қойю болып табылады.
Көздеген мақсаттарға жету үшін біз келесі міндеттерді алға қойып отырмыз:
- Қазақстан Республикасындағы жаңа экологиялық заңнаманың даму үрдісін зерттеу;
- Қазақстан Республикасындағы экологиялық заңнаманың өзекті мәселелерін анықтау;
- Экологиялық қылмыстардың құрамын ашу;
- Экологиялық қылмыстарға анализ жасау;
Зерттеу пәні. Экологиялық қылмыстардың өзі болып табылады. Экологиялық қылмыстардың Қазақстан Республикасындағы экология аясындағы заңдарды қарастырудың теориялық және тәжірибелік жақтарына мінездеме беріледі.
Зерттеу жүмысында Қазақстан Республикасын және Ақмола облыстарындағы статистикалық мағлұматтар мен фактілік деректер кеңінен қолданылады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Бұл дипломдық жұмыста алғаш жалпы экологиялық қылмыстарға олардың пайда болу көздерімен өзекті мәселелерінен бастап олардың жекелеген түрлеріне анық түсінік беріліп, олар үшін жауапкершілік түрлері мен негіздері көрсетілген. Сондай-ақ Қазақстан Республикасында соттармен қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды қолдану тәжірибесі толық көрсетілген.
Дипломдық жұмыстың құрлысы. Осы дипломдық жұмыс кіріспе, үш тараудан, қортынды, қолданылған әдебиеттертізімі
Қорытынды
Бірінші тарауда сұрақтар қарастырылған
- Экологиялық қылмыстар үшін жауапкершіліктің негізгі түсінігі
- Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың жалпы мінездемесі
- Экологиялық қылмыстар үшін жауапкершілік
- Қазақстан Республикасының Экологиялық қауіпсіздіқ тұжырымдамасы
Екінші тарауына мыналар кіреді:
- Экологиялық қылмыстар аясындағы халықаралық ынтымастық
- Ақмола облысының бүгінгі тандағы экологиялық ахуалы
- Қазақстан Республикасының Экология аясындағы заңнамасы мен халықаралық ынтымақтастығы
Үшінші тарау мына бөлімдерден тұрады:
- Қазақстан Республикасымен қоршаған ортаны қорғау заңдамасы
- Соттармен қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды қолдану тәжірибесі.
«Зертеу нәтижесінде бүгінгі таңдағы Қазақстан экономикасының, әсіресе өнеркәсіптік дамуының экологияға кері әсері бары белгілі болып отыр. Соған орай, 2006 ж. өнеркәсіп орындарының табиғатқа зиянды заттар шығаруы 1, 7% есіп, 132, 3 мың тонна құраса, сарқынды су - 10. 7% есіп, 41, 5 млн текше метрге жетті. Қатты қалдықтардың көлеміне жасалған сараптама, тау-кен кәсіпорындары қалдықтары өткен жылмен салыстырғанда 64, 6% яғни 1, 6 есе кебейгенін көрсетті. Есесіне, күл-шлактар 28%, тұрмыс қалдықтары 21% азайған»[3] .
Облыс көлеміндегі ең ірі ауа ластаушы нысындар қатарында, бұрынғы жылдардағыдай, жылуэнергетика және автокөлік кәсіпсрындары тұр. (Джет-7» ЖЭО, №2 аудандық қазандық) .
Автокөліктердің ауа ластау «үлесі» 42% құрайды. Бұл жыл сайын олардың сан жағынан тұрақты өсуіне байланысты. Мысалы, 2006ж. Аяғында 108968 машина тіркеуде болса, 2007 жылдың 2, 5 айы ішінде 6982 данаға кебейіп, 115968 - болды. Автокөлік түтінінен ауаны қорғаудың алдын алу шараларын жүзеге асыру үшін ҚОҚБ-ның, жол полициясының және жергілікті; атқару органдарының жұмыстарын жүйелеу қажет. Осы мақсатпен 2006 ж. қозғалмалы зертхана пайдаланып, «Таза ауа» -атты бірлескен операция өткізілді. Мөлшерден артық газ шығарудың 22 дерегі хатталып, 90, 6 мың теңгеге айыппұл салынды.
Атмосфераны қазандықтардың ластауын төмендетуге бағытталған жұмыстар да жүргізіліп жатыр. Мысалы, Шортанды ауданынының 8 мектебіне 3. 5 млн. Тенгепік шаң-газ ұстағыш жабдықтар орнатылды. Ауаға зиянды заттар шығару жылына 70 тоннаға кеміді. Көкшетауда 8 кәсіпорындар мен мекемелерді РК-2ға қосқызғанымыз қаланың экологиялық жағдайының бірсыпыра түзелуіне септігін тигізді.
Облыс аумағындағы жер беті суларының ластану деңгейін «казгидрометтің» тексеру деректері бойынша, Астана су қоймасы, Бурабай, Шабақты және Щучье келдері суының сапасы «таза» - 2-ші санатқа жатады. Есіл өзенінің суы да 2-ші санатқа, ал Нұраның суы-3 санатқа жатқызылады (орташа ластанған) .
Тазартылғанан кейін су кездеріне қайта құйылатын сарқындыларды еткен жылғы бақылау, ластану мәлшерінен жоғарылық көрсетпеді. Мысалы, Степногорск өнеркәсіп орындарының Ақсу өзеніне тазарту кешендерінен өтіп құйылатын суы өзеннің табиғи суынан таза болып шықты.
Көкшетау қаласы үшін жаңбыр сулары ағысын торабының жоқтығы үлкен проблема болып келді. Біз қалада лас су тұндырмасын салу жайлы мәселе көтеріп жатырмыз. Қазіргі кезде осындай 6 қуатты тұндырма салу мүмкіндігін қала коммунальдық шаруашылығы анықтауда. Қопа көлін айналып ететін жолдардың жоба-құжаттары дайындалуда. Бұған қосымша, Қылшақты өзенін тазартуға табиғат қорғау қаржысынан 65 млн теңге ақша беліну қарастырылды, бұл Қопа келін айнала қорғаныс аймағын жасауға мүмкіндік бермек.
«Облыстың басты экологиялық проблемаларының бірі қатты тұрмыс қалдықтарын (ҚТҚ) қайта өңдеу. 2006 ж. ҚОҚОБ-ның ұсынысы бойынша, «Республикалық ғылыми - зерттеу институты» ғылыми негізделген аймақтық ҚТҚ-ны меңгеру бағдарламасын жасап, ол «2005-2007 ж. ж. Ақмола облысы ҚОҚ аймақтық бағдарламасына» кіргізілді» [4] .
«Мемлекетік инспекторлардың жүргізген алдын алу шараларына карамай, облыстың «Қазақалтын», «Васильковский ГОК», «Байтерек», сияқты ірі кәсіп орындары заң бұзғандары үшін жауапқа тартылып, 758 мың, 660 мың, 180 мың теңгеден айыппул төлеп құтылды. «Джет-7» ЖШС-сы да айып төле-уге бой үйретіп алғанға ұқсайды. Айтсақ та, соңғы жылдары табиғат пайдаланушылардың заң бұзбаудың тиімділігін түсінушілігі артып келе жатқанға ұқсайды. Оған дәлел - 2006 ж. экологиялық сараптамаға түскен құжаттардың саны 2005 ж. салыстырғанда 1, 3 есе өскендігі және табиғат пайда-лануға рұқсат алуға сұраныстың қарқынды дамуын көрсетеді. Мәселен, 2004 ж. 1519 рұқсат берілсе, 2005 ж. -1994, 2006. ж. - 2688 болды. Ал биылғы жылдың 2 айы ішінде ғана - 2860 рұқсат берілді» [5]
1 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАР ЖӘНЕ ОЛАР ҮШІН
ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ТҮСІНІГІ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ
1. 1 Экологиялық қылмыстар үшін жауапкершіліктің негізгі түсінігі
«Заңдық жауапкершілік - қоғамда қалыптасқан құқықтық тәртіпті қорғауды және ќоѓамдыќ қатынастарды реттеу механизмінің міндетті элементі болып табылады. Ол мемлекет пен қоғам мүдделерін қорғай отырып мемлекет тарпынан мәжбірлеу тыйым салу арқылы және қоғамдық мүдделерге қылмыстық қол сұғушыға жазалау шараларын қолдану қатерін көздейді» [6] .
Заңдық жауапкершілік эколгиялық бақылау мен өзге де құралдар арқылы қоршаған орта аясындағы құқық бұзушыларға қатысты заңдық ықпал ету экологиялық қауіпсіздікті және жалпы қоршаған ортаны қорғауды алғандағы мемлекеттің және азаматтардың заңды мүдделерін жүзеге асырудың құралы болып табылады. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану аясындағы заңдық жауапкершіліктің мәнін түсіну үшін, экологиялық құқық бұзушылық түсінігін ашып алуымыз қажет, ашып айтар болсақ оған қоршаған ортаны қорғау туралы заңдылықты бұзатын және қоршаған табиғй ортаға, эколгиялық қауіпсіздікке және адам денсаулығына залал келтілетін әрекеті жатқызамыз.
«Экологиялық құқық бұзушылық кінәліге заңдық жауапкершілік жүктеуге негіз болып табылады. Сондай-ақ бұл заңдық жауапкершілікті экологиялық құқық бұзушылықты жасағаны үшін заңмен қарастырылған кінәліге жағымсыз салдардың туындауымен сипатталады. Алайда бұл анықтама экологиялық құқықтағы жалғыз анықтама болып табылмайды. Мысалға айтар болсақ М. М. Бринчук экологиялық қылмыстар үшін жауапкершілікті - құқық бұзушылық мемлекетпен қоршаған ортаны қорғау аясындағы арнайы өкілетті органдар, құқық қорғау органдары, өзге де өкілетті субъектілер келбетіндегі және экологиялық құқық бұзушылық жасаған тұлғаға (жеке тұлға, лауазымды және заңды тұлға) арасындағы сәикесінше залалдарды өндіріп алуды қолдануды көздейтін қатынас деп пайымдайды» [7] .
Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік үш өзара байланысты аспектілер бойынша қарастырылады. Олар:
-Заңмен көзделген талаптарды орындаудағы мемлекеттік мәжбірлеу шарасы тұрғысында;
-Құқық бұзушылық тұрғысында;
-Құқықтық институт, яғни заңдық нормалардың жиынтығы тұрғысында.
Заңдық жауапкершілік мемлекеттік мәжбірлеу түрі секілді әдіс тәсілдермен жүзеге асырылады. Олардың негізгісі көндіру және мәжбірлеу болып табылады. Құқықтық қатынастағы экологиялық қылмыстар үшін заңды жауапкершілік құрамына мемлекетпен оның органдары атынан және құқықбұзушы арасындағы қатынас негізі көзделеді.
Экологиялық жауапкершілік құқықтық институт ретінде құқық бұзушыға мәжбірлеушілік шараларды қолдану және қолдану тәртібін қамтамасыз ететін заң нормаларының жүйесін құрайды. Бұл құқықтық институтың негізгі ерекшелігі оның комплекстілігі болып табылады. Яғни экологиялық құқық бұзушылықтар үшін заңды жауапкершілік нормалары жүйесіне түрлі құқық салалары кіреді, атап айтқанда: жер, орман, тау, табиғатты қорғау, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық және тағы басқалар.
Экологиялық қылмыстар үшін жауапкершілік келесі негізгі функцияларды жүзеге асырады:
-Қоршаған орта нормаларын сақтауға ынталандырушы;
-Өтемдік, қоршаған орта және адам денсаулығына келтірілген залалдың орнын толтырушы;
-Алдын алушы, жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алушы;
-Жазалаушы, экологиялық құқық бұзушылық жасаған кінәлі тұлғаларды жазалау көздейтін;
«Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін заңды жауапкершілік комплекстік экологиялық институттан құралатын екі бөлімнен тұрады: біріншісі экологиялық құқықтық нормалардың бұзылу фактісінен туындайтын қатынастарды біріктіреді
( жер, су, орман, атмосфералық ауаны қорғауға байланысты) ; екінші осы құқық бұзушылықтар үшін санкция қолдануы бойынша қатынастар (қылмыстық, әкімшілік, азаматтық-құқықтық, тәртіптік және тағы басқа) »[8] .
Екі бөлімде өзара тығыз байланысты өйткені біріншісінің жоқтығы (құқық бұзушылық), екіншісін (санкция) қолданудың артықшылығын көрсетеді. Алайда санкцияның болмауы экологиялық құқық жауапкершілік институтын жәй декларацияға айналдырады.
Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін заңды жауапкершіліктің үш классификациясы кең тараған: табиғи обьектілердің түрлеріне байланысты, қоршаған ортаға залал келтіру әдістеріне байланысты, санкция қолдану әдістеріне байланысты және тағы басқа.
Негізгі классификация ретінде заңмен қорғалатын табиғи обьектілердің түрлеріне байланысты оған сәикес әкімшілік, тәртіптік, материялдық, азаматтық-құқықтық және қылмыстық жауапкершілікті бөліп қарастыруға болады.
«Қылмыстық жауапкершілік - ҚР қылмыстық Кодексінде қарастырылған қылмыс жасаған кінәлі тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге байланысты заңды жауапкершіліктің бір түрі. Сондай-ақ қылмыстық жауапкершілікке тек қоғамға қауіпті әрекет (әрекетсіздік) және орын алған қоғамға қауіпті іс-әрекеттің салдарына (залалдарына) қатысты кінәсі анықталған жағдайда ғана жауапкершілікке тартылу көзделеді» [9] . Қылмыстық жауапкершілік айыптау үкімінің заңды күшіне енгн сәтінен бастап басталады, ал толығымен сотпен тағайындалған жазасын өтегеде ғана жүзеге асады. Экологиялық қылмыстыр жасаған үшін қылмыстық жауапкершілік - жоғары қоғамға қауіптілік төндіретін және қылмыстық заңнамамен қарастырылған жағдайда орын алады. Сондай-ақ қылмыстық жауапкершілік экологиялық қылмыстар үшін қылмыс құрамының барлық элементтерінің толық болғаны жағдайында тек аяқталған қылмыстар үшін ғана емес, қылмыс жасауға дайындық және оқталу үшін де туындауы мүмкін.
«Экологиялық қылмыстар үшін жауапкершіліктің түсінігін Қоршаған ортаны қорғау туралы заңның 85-бабында көрсентілген. Онда: «Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуына кiнәлi жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады» [10] .
«Алайда бұнда айта кететін мәселе экологиялық заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілікті қолдану аясы өзге қылмыстардың топтарымен және түрлерімен салыстырғанда өте шамалы. Тәжірибиеде қылмыстық жауапкершілік табиғатты қорғау заңдарының талаптарын орындауды қамтамасыз етуде ешқашанда маңызды роль ойнамаған, ал соңғы жылдары экологиялық қылмыстар үшін, әсіресе қоршаған ортаны ластау үшін жауапкершілікті көздейтін баптар бойынша сотталғандардың санының төмендеуі айқын көрініс тауып отыр. Жаппай және қауіпті құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істер - су және ауа бассейндерін алстау бойынша экологиялық қылмыстардың тек 0, 96%, жерді ластау - 0, 75% құрап лтыр. Жалпы псындай істердің саны соңғы жылдарда сәикесінше 22 және 32, 8% төмендеп отыр» [11] .
1. 2 Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың жалпы мінездемесі
«Экологиялық қылмыстардың құрамы қылмыстық заңнамада қарастырылған өзге қылмыс құрамдарынан екі негізгі белгілері бойынша - объектісі және қоршаған ортаға келтірілген залал бар болуы бойынша біршама ерекшеленеді. Экологиялық қылмыстың тікелей объектісі - қоршаған табиғи әлеммен органикалық байланысты табиғи ортаның компоненттері болып табылады. Экологиялық қылмыстардаға табиғи объектілер мәніне маңызды үш ерекшелікті жатқызуға болады олар - табиғи обиектілері, меншік объектілер және шаруашылық объектілері. Экологиялық қылмыстардың өзге де ерекшеліктеріне қоршаған ортаға залал келтіру болып табылады. Сондықтан қылмыс деп сараланған, алайда - тікелей табиғатқа залал келтірмейтін әрекет, экологиялық қылмыс деп қаралуға жатпайды» [12] . Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде экологиялық қылмыстардың 18 түрі қарастырылған.
Нақты қолданыстағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіндегі барлық қылмыс құрамдарын табиғатты қолдану және қоршаған ортаға қатыстылығына байланысты олардың орындау функцияларын үш катигорияға бөліп қарастыруға болады, олар: арнайы экологиялық құрам, жанама және қосымша құрам.
Арнайы экологиялық құрам Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің ерекше бөлімінде «Экологиялық қылмыстар» жайлы келтірілегн.
Заңнамада эклолгиялық мақсаттары шамалы болғаны мен ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің мақсаттарында қарастырылған. Айтар болсақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің мақсаттары: адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын (оның ішінде экологиялық) қорғау, меншікті (оның ішінде табиғи ресурстарды), қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауірсіздікті (оның ішінде экологиялық құқықтық тәртіпті), қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрлысын қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау, адамдардың бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету (мысалы, экоцид үшін қылмыстық жауапкершілікті анықтау арқылы), сондай-ақ қылмыстың алдын алу (оның ішінде экологиялық) .
«Экологиялық қылмыстарды ескерту және бұлтартпау шараларын қамтамасыз ету үшін, жауапкершілікке тартудың әділеттілігі және жазаны қолдану қағидасының маңызы өте зор, ол кінәлі тұлғаның қоғамға қауіпті әрекеті (әрекетсіздігі) нәтижесіндегі қоғамға қауіпті залалдардың орын алуды қамтамасыз етуді білдіреді. Объективтік айыптау, яғни кінәсіз залал келтіруге жол берілмейді. Қылмыстың мінезімен қоғамға қауіптілік дәрежесіне сәйкес, оны жасау мән-айларына және жеке тұлғаға байланысты жаза әділ болу керек» [13] .
Ешкімде бір істеген қылмысы үшін екірет жауапкершілікке тартылмауы тиіс. Қылмыстық жауапкершілікке тартудың негіздері Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексімен қарастырылған қылмыс құрамының барлық белгілері бар кінәлі әрекет болып табылады. [9, 33-бет] .
Қылмыстық заңнама адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Мысалға, су заңнамасының бұзылу анализін яғни 2005 жылғы ҚР - ның су қорын пайдалану және қорғауды алып қарастыратын болсақ.
Қазақстан Республикасының су қорының құрамына: өзендер, көлдер, балшықтықтар, су қоймалары, өзге де беткі су ресурстары, сондай-ақ, каналдар сулары және магистральдық су өткізгіштері; жер асты сулары, мұздықтар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекара шңберіндегі Каспи және Арал теңіздерінің сулары.
Тұшшы су қорлары (көлдер, өзендер, мұздықтар, су қоймалары, жер асты сулары) 524 км 3 , сондай-ақ, 80 км 3 ғасырлық қорларға келеді, мұздықтардың қорлары, и 190 км 3 , жер асты сулары мен өзен су қорлары сәикесінше 58 3 км құрайды.
«Су қорлары территория бойына бірқалыпты бөлінбейді. Шығыс ауданға -34, 5%, солтүстік ауданға - 4, 2%, орталық ауданға - 2, 6%, оңтүстік шығыс ауданға - 24, 1 %, оңтүстік ауданға - 21, 2%, батыс ауданға -13, 4%» [14] .
Елімізде су беттерінің ластануы көп кездеседі олар көбінесе, мұнай өнімдері, нитраттармен және ауыр металлдармен, сынапптармен ластануы оларды тиісінше су тазалау шараларын өткізусыз тұтынуға мүмкіндік бермейді.
Су ластану көздеріне негізінен кәсіпорындық, кен өндірушілік және өңдеушілік кәсіпорындардан басқа, қалалық құрылыстар, мал шаруашылық фермалар, түрлі жер өңдеу шаралары, түрлі түрақтар, мұнай өнімдерінің қатқақ және сұйық қалдықтарын сатау орындары құрайды. Ластану көзеріндегі қорғасын, цинк, кадмия, темір, селена, марганц көлемі тйісті қалыпты көрсеткіштерден 10 нан 100 есеге дейін асып отыр.
Жергілікті су қлдану орындарындағы тұтыну су қорларының ластану негіздеріне: су қорғау зоналарының мөлшерлерін сақтамау, тұлмыстық және стихиялық қоқыс татайтын жерлердің жиналуы, санитарлық эпидемиялогиялық мекемелердің рұқсатынсыз су жағалауларына өндіріс қалдықтарының тастауы, канализация байланыстарындағы авариялар, тазалау құрылғыларының тиімсіз жұмыс істеуі және тағы басқалары.
Қазақстан бойынша жер асты суларын ластаушы заттар 127 участікте қауіпті, 63 - участікте орташа қауіпті, 48 - участікте аса қауіпті, және 3 - участікте төтенше қауіпті заттар анықталған.
«2005 жыл ішінде еліміздің территориалдық органадармен (бассейіндік сушаруашылық басқармасы) су қорларын пайдалану және қорғау бойынша өкілетті органдармен (Қазақстан Республикасының су қорлары бойынша Комитеті), арнайы органдармен бірге табиғатты қорғау заңдарын және суды қолдану талаптарын сақтау бойынша 1864 тексерулер жүргізілген. Оның нәтижесінде 1417 бұзушылықтар тіркелген. Жалпы 3253, 658 мың теңгеге, 421 әкімшілік айыппұл салынган. Ол 2004 жылға қарағанда 27 % асып отыр» [15] .
«Тіркелген құқық бұзушылықтардың жүйесі көрсеткендей, негізгі суды қорғау заңнамасының түрлеріне: Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіндегі суға мемлекеттік меншік құқығын бұзу 124 - бап, су ресурстарын ққорғау ережелерін бұзу 276 - бап, су көздерін ластау және аздыру дан қорғауды қамтамасыз ету шараларын жүргізбеу 276 - бап, су ресурстарынын есепке алу мен есеп-қисап деректерін бұрмалау 280 - бап, су шаруашылық құрылыстарын, құрылғыларын және сумен жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерін зақымдау, оларды пайдалану ережелерін бұзу 277 - бап және т. б» [16] .
Сонымен қоса соңғы кезде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қарастырылған экологиялық қылмыстардың өсу деңгейі байқалып отыр. Бұл - өсімдіктер әлеміне (флора) қарсы қылмыстар, нақтырақ айтқанда, ағаштар мен жынғылдарды кесу, өсімдік ауырулары мен зиянкестеріне қарсы күрес тәртіптерін бұзу(ҚР ҚК - нің 280, 287, 291, 292 баптар) . Атмосфералық ауа және жануарлар әлеміне қарсы қылмыстарға - заңсыз су жануарларын аулау, жанаурлар әлемін қорғау ережелерін бұзу, ветеринарлық ережелерді бұзу, жануарлардың сирек жоғалу қауіпі бар түрлеріне қарсы қылмыстар (ҚР ҚК - нің 282, 287-290 - баптар) .
Арнайы экологиялық құрамға жататындар Қазақстан Республикасының ҚылмыстықКодексінің өзге бөлімдерінің баптарында кездесетін нрмалар жатады.
-Атом энергиясы объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу (ҚР ҚК-244-бап) ;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz