Ұлттық экологиялық проблемалар


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І ӘДЕБИ ШОЛУ . . . 6
1. 1. Экономикалық даму және оның экологияға әсері . . . 6
1. 2. Экономикалық және экологиялық дамудың қайшылықтары . . . 12
ІІ ЗЕРТТЕУДІҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ . . . 14
2. 1. Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері . . . 14
2. 2. Ұлттық экологиялық проблемалар . . . 15
2. 3. Жергілікті экологиялық проблемалар . . . 21
2. 4. Ақмола облысы және Көкшетау қаласының экологиялық жағдайына экономикалық баға беру . . . 22
ІІІ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ . . . 37
3. 1. Экологиялық мәселелерді экономика тарапынан шешу . . . 37
3. 2. Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану . . . 37
3. 3. Экономиканы экологияға бейімдеу . . . 39
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 45
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 48
КІРІСПЕ
Кез-келген мемлекет алдында көптеген проблемалар болады. Мәселен: кедейшілік, коррупция, лаңкестік әрекеттер, көші-қон проблемалары т. с. с. Солардың ішіндегі ең бастыларының бірі - қоршаған ортаны таза ұстау арқылы халықтың денсаулығын сақтау, ертеңгі ұрпаққа табиғатты таза күйінде жеткізу, жер асты байлығы мен мөлдір су молшылығы.
Қазіргі кездегі адамдар мен табиғат, глобальды масштабта экономика мен экология арасындағы арақатынас жылдан-жылға шиеленісіп барады. Осылайша XXI ғасырда адамзаттың алдында түрған ғаламдық проблемалардың бірі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемасы екені әр-түрлі деңгейдегі мінбелерден жиі мойындала бастады. Адамзат өзі мекен етіп отырған ортаны бүлдіруге немесе оны өмір сүруге жарамсыз етуге бейім күшке айналған жағдай қалыптасты.
Экология мәселесі ең өзекті тақырыптардың біріне айналды. Әсіресе Қазақстан үшін бұл өте маңызды проблема. Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде еліміздегі нарықтық реформалар мен экономикалық тоқыраулардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару және бақылау жүйесіндегі үйлесімсіздікке әкеліп соқканының экономикалық мудде мен экологиялық мүдденің бір-біріне қарсы қойылуының куәсі болдық. Қаржы тапшылығының әсерінен мұндай жағдайдағы шаруашылық мәселесін шешкен кезде экологиялық және қорғау проблемаларынан гөрі экономикалық мүдде басым болып келеді.
Қазақстан мемлекеті әлемінің дамыған елдеріндегідей өзінің экономика салаларын нарықтық қатынастың сұранысы мен талабына сай күрделі қиын өзгерістерге бағыттай отырып дамытып жатыр. Қазіргі кезде барлық аймақтарда жаппай табиғи ресурстарды игеру көрініс табуда. Бұған Ресей, Америка, Англия, Жапония, Корея тағы басқа мемлекеттер инвесторлары қатысуда. Осыған байланысты аймақтарда табиғи ресурстарды ұтымды
пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жүйесін кұру қажеттілігі туындап отыр. Бұл проблеманың маңыздылығы уақыт өткен сайын арта түспек, өйткені шешімін кейінге қалдырған сайын қоршаған ортамызға әкелетін экологиялық-экономикалық зияны ұлғая түспек.
Дипломдық жұмыстың тақырып өзектілігін ескере отырып, қазіргі кезде Қазақстан республикасы бойынша экологиялық қауіп деңгейі мен бұл мәселелерді шешу барысында экономиканың рөлін анықтау диплом жобасының негізгі мақсаты болып табылады.
Зерттеудің қойылған мақсатымен қатар дипломдық жұмыстың міндеттері:
Нарықтық қатынас жағдайындағы ел экологиясының сапалы дамуын бағалайтын теориялық сұрақтарды зерттеу;
Қазақстан Республикасындағы өзекті экологиялық проблемаларды қарастыру;
Осы экологиялық проблемаларды шешу барысындағы экономиканың қаншалықты әсер ететінін анықтау. Экология үшін экономика не істей алады және оған қалай қол жеткізуғе болады? - бұл берілген жұмыстың негізгі проблематикасы болып табылады.
Дипломдық жұмыстың құрылымына тоқталатын болсақ, диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Әр бөлім өз ішінде бөлімшелерге бөлінген. Кіріспеде зерттейтін тақырыптың маңыздылығы, өзектілігі анықталады, жұмыстың обьектісі, мөселелері қарастырылған. Бірінші бөлімде экономиканың дамуы және оның экологияға әсері қарастырылып, жалпы әлемдік деңгейде экологиялық мәселелер мен оның пайда болу себебі көрсетілген. Екінші бөлімде Қазақстан Республикасы бойынша қазіргі кездегі өзекті экологиялық мәселелер сөз болып, олар ұлттық, жаһандық, жергілікті деп бөлінеді. Сонымен қатар Ақмола облысы бойынша экологиялық проблемаларға жалпы сипаттама беріліп, қаржыландыру көлемі көрсетілген. Үшінші бөлімде аталған мәселелерді зерттеп оларды экономика тарапынан шешу жолдары қарастырылған. Қорытындыда дәлелді ұсыныстар және негізгі қорытындылар жасалған.
ӘДЕБИ ШОЛУ
1. 1. Экономикалық даму және оның экологияға әсері.
XXI ғасырда бүкіл адамзат өмірінде әлемдік мәселелердің маңызы ерекше өсіп отыр. Әлемнің едәуір бөлігінің жанталаса қарулануы мен даму деңгейінің төмендеуі жағдайына азық-түліктің, шикізаттың тапшылығы, энергетикалық, демографиялық дағдарыстар қосылды. Әлемдік мәселелер бүкіләлемдік және ұлттық ұдайы өндіріске, экономикалық процестердің динамикасына, қоғамдық өндірістің өнімділігін, қоғамдық құрылыстың тиімділігі мен сапалық сипаттарына елеулі әсер етуде.
Әлемдік проблемалар адамның, жалпы адамзаттың сан қырлы мәселелерін қамтиды, атап айтқанда, әлемдік саясат пен экономика, мемлекетаралық және ұлтаралық қатынастар, адамдардың тыныс-тіршілігінің шарттары т. б.
Адамзат алдында тұрған әлемдік проблемаларды мынадай үш топқа бөлуге болар еді.
Бірінші топқа интерәлеуметтік проблемалар жатады. Өйткені адамзат әлеуметтік тұрғыдан бірыңғай емес, дүние жүзі халықтары өз мүдделерін қауіп-қатерге тікпей-ақ қарама-қарсы қайшылықтарды шешудің жаңа жолдарын таңдап отыр. Бұл топтағы өз шешуін күтіп отырған мәселелер: соғыс және бейбітшілік мәселелері, қарулануды біртіндеп шектеу, экономикалық және ғылыми-техникалық артта қалушылықты жою. Шын мәнінде жасампаздық бағыттағы игі шаралар әлемдік шиеліністі бәсеңдетіп, халықаралық экономикалық байланыстарды өзара сенімділік, сыйластық принциптері негізінде ғана шешуді қолдайды. Сенімділікті нығайту, екі жақты және көп жақгы қатынсатарды дамыту әлемдік шеңбердегі интрәлеуметтік проблемаларды шешудің бірден-бір жолы. /1/
Екінші топқа жеке адамның өзі мен оның ішкі дүниесі, мәдени-этникалық жүйе мен дүниетаным проблемалары жатады. Бұлар жеке адам және қоғамның өзара қатынасы саласында, калыптасатын проблемалар. Әлемдік әлеуметтік мәселелер халықаралық қатынастар жүйесіне, экономикалық, экологиялық, энергетикалық, дүние жүзіндегі азық түлік проблемаларына едәуір тәуелді. Бұл топқа демографиялық мәселелер, ашарашылық, ауру-індетпен күресу, артта қалушылықты жою, ұлттық мәдениет пен өнерді сақтау және байыту т. б. проблемалар жатады.
Әлемдік мәселелердің үшінші тобына, қоғам мен табиғаттың өзара әрекетінен туындайтын проблемалар жатады, олар шын мәнінде қоғам тарихының негізі, өндіргіш күштер дамуының бастапқы пункті. Бұл топтың мәселелері өзінің техникалық күш-қуатын ұлғайтқан өскелең, қоғам мен табиғат арасындағы сәйкестіктерді қалыптастыру, ал мұның өзі болса, материалдық өндірістік ұлғаймалы ұдайы дамуының бірден-бір көзі. Адам мен табиғат арасындағы кайшылыктың шиеленісуі, табиғи рессурстарға деген өскелең қажеттіліктердің өсуімен анықталады. Бұл топқа минералды шикізат қорларының шектеулігі, энергетикалық проблемалар, қоршаған ортаны қорғау, әсіресе ядролық сынақтардан зардап шеккен аймақтарды сауықтыру, дүниежүзілік мұхиттың ресурстарын игеру, космос кеңістігін зерттеу мен пайдалану және азық-түлік проблемалары жатады. Қорыта айтқанда әлемдік проблемалар жеке бір мемлекет мүдделерімен шектелмейді, олар кең ауқымды, көп қырлы мәселелерді анықтап зерттеуді, оны бірлесіп шешуді қамтитын проблемалар.
Адамзаттың әлемдік проблемаларын шешу үшін дүниежүзілік деңгейдегі бар күш-жігерді біріктіру қажет. Оның аса ірі материалдық-каржылық, ғылыми-техникалық күш-қуаты бар. Қолда бар мүмкіндіктерді білімділікпен, парасаттылықпен, іскерлікпен адам игілігіне пайдалану қазіргі уақыттың кезек күттірмейтін проблемасы. Жоғарыда аталған келелі мәселелердің ішінен дипломдық жұмыстық негізі - экологиялық мәселелерге тоқталатын болсақ, адамзатқа төнген жойылып кету қауіп-қатері тек жаппай қарулануда ғана емес, сонымен қатар өзінің масштабы мен сипаты бойынша экологиялық қауіпсіздік қаупі бүгінгі күннің келелі мәселесі болуда. Экологиялық дағдарысты қоректендіргіш негіз - табиғатты бағындыру идеологиясы, ал жүзеге асыру негізі - мекемелердің, ұжымдардың, жеке адамдардын пайдақорлығы болып табылады. Сонымен қазір жер шарының барлық жерінде дерлік адам газданған ауамен дем алады, сапасы жағынан күдікті су ішеді, зиянды заттарға толы тағамдар жейді.
Әзірше өндіріске тартылатын заттардың жалпы көлемінен түпкі өнім формасын тек 1-1, 5 пайызы ғана қабылдайды. Қалғаны жүз миллиондаған тонна қалдықтар, улы газдар, қышқылдар, бүлінген заттар. Олар қоршаған ортаны, атмосфераны, су және жер ресуртарын ластайды, флора мен фаунаға зиян келтіреді, ядролылық эффектісімен адамзатқа қауіп төндіреді, адам денсаулығына зиянын тигізеді.
Кейбір американдық ғалымдардың пікірінше, АҚШ жеткен өмір сүрудің жоғары деңгейіне басқа елдер де жететін болса, ол әлемдік экологиялық дағдарыстың трагедиялық шиеленісуіне әкеп соқтырады. /2/
Осылайша қазіргі кезеңде адам мен қоршаған ортаның қарым-қатынасы күрделене түсті. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен өндіргіш күштердің күрт дамуы адамның табиғатқа ыкпалын күшейтті. Әсіресе XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, адам мен табиғат арасында жаңа жағдай қалыптасты. Адамзат қажетіне керек шикізатқа сүраныс материалдық өндірістің келемін арттырды, жер қойнауы мен мүхит байлығы жедел игеріле басталды. «Табиғатқа бағынбаймыз, оны өз игілігімізге айналдырьш, бермесін тартып, аламыз» деген көзқарас қалыптасты. Мұның барлығының жер бетіндегі тіршілікке тигізген әсері табиғаттың өзіне тән құбылыстардан - табиғи өзгеріс пен жел, су тасқыны, жер сілкінісі әсерінен әлдеқайда асып түсті.
Жер бетіндегі экологиялық жағдайдың өзгеруі, әсіресе, ғылыми-техникалық өрлеумен тікелей байланысты.
Біріншіден екінші дүниежүзілік соғыетан кейін әлем елдерінің көбі-ақ өнеркәсібін дамыту жолына түсті. Егер соғысқа дейін дамыған елдер қатары оннан аспайтын болса, соғыс аяқталысымен индустрияландыру науқаны жаппай етек алды. Өнеркәсіптің дамуы жер қойнауындағы қазбаларды игеруді үлғайтты. Өз кезегінде бұл ауаның ластануын күшейтті.
Екіншіден, бүл жылдарда дүние жүзіндегі демографиялық жағдай да үлкен өзгеріске үшырады. Жер шары бойынша халық саны тез өсіп кетті. Халықтардың өсуі туралы әлемдік демографиялық сараптаманы қарап отырсаңыз, бұған көзіңіз анық жетеді. 1700 жылы әлемде 620 миллион халық болса, 1850 жылы ол екі есе өсіпті. (1, 200 млн), яғни халықтың екі есе кебеюіне бұл тұста 150 жыл керек болған екен. Ал бұл сан содан кйінгі 100 жылдықта-ақ екі есеге көбейген (2, 500млн) . Ендігі кезекте екі есе өсу үшін не бәрі 40 жыл керек болды. Халықтың жылдам өсуі табиғатқа деген «тұтыну қысымын» өсірді. Табиғат өзінен шыққан шығынды қайта қалпына келтіріп отыратын уақытының мерзімінен жаңылды.
Үшіншіден қалалар көбейіп, оларда түратын халық саны артты. XX ғасырдың басында жалпы халықтың 10 пайызы ғана қалада тұрса, ғасыр аяғында бүл 50 пайызға жуықтады, 2001 жылы бүл көрсеткіш 54 пайызға жетті. Осынша көп адамның шағын территорияға жиналуы жерге түсетін салмақты күшейтті, қала мен қала маңының ластануы ұлғайды.
Бүгінгі күні материалдық өндіріске баға берудің екі өлшемі (әлеуметтік, экономикалық) қалыптасқан. Ал қазіргі өмір осы өлшемге экологияны да қосуды қажет етіп отыр. Әрбір салынатын ендіріс орнын әлеуметтік, экономикалық жағьнан дәлелдеумен қатар, оның экологиялық жағдайларын (келетін зардаптары мен оны болдырмау мүмкіндігін) қоса ескеріп негіздесе, бүл салада қазір орын алып отырған қателікке жол берілмес еді. Осылардың салдарынан Қазақстан қазір экологиялық жағдайы ауыр өлкенің біріне айналып отыр. /3/
Ежелден мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабаларымыз жайылымдарды маусымның өзгеруіне қарай сауатты пайдаланған. Өмірлік тәжірибе оларды табиғатты садтауға үйреткен. Жайлауды ақырла кешкен ауыл келесі жазда жер қалпына келіп, шөп жетілгенде ғана қайтып келген. Сондықтан да үзақ ғасырлар бойы топырақ, өсімдік жамылғыларының қалыптасуында үлкен өзгерістер болмаған. Қазіргі жағдай тіптен басқаша. Оның пайдаланылған, тапталған, өсімдіктері жаншылған табиғаттың қайта жаңаруына уақыт берілмейді. Шөп жетілмей қылтанақтап шығып келе жатқанда-ақ оны қайта таптау етек алған. Бір кездері игерілместей болған Қазақстанның кең байтақ жері бүл күнде экономикалық қуатымызды арггырып отырған ендіргіш күштердің өсуінің арқасында қоршаған орта жағдайлары ескерілмей, аз уақыттың ішінде экологиялық дағдарыстар аймағына айналды. Бүрынғы Кеңестер одағы жүргізген солақай саясат та бұған көп ықпал етіп, Қазақстандағы экологиялық проблемаларды көбейтіп жіберді. Табиғат байлығы ысырап болды. Табиғатқа деген тұтынушылық көзқарас қалыптасты. Қоғамдық қажеттілікті жалғыз ғана фактор санап, техникалық-экономикалық есепті соған негіздеп құру орын алды.
Қазіргі кезде экологиялық дағдарыстың пайда болуына әсер еткен факторлар қатарына ғылыми-техникалық прогресс жайлы екі жақты пікір қалыптасқан.
Бізде бүгінгі экологиялық дағдарысқа ғылым-техникалык өрлеу кінәлі, қазіргі даму жағдайларында ол болмай тұрмайды деғен пікірлер айтылады. Кейбір экономикалық әдебиеттерде, мысалы Никитинның «Научно-технический прогресс» деген еңбегінде және т. б. Ғылыми-техниканың қарыштап дамуы табиғатты тиімді пайдалану ісін үйымдастыруда адамзаттьтң алдына бірқатар жаңа міндеттер қойып, табиғатты қорғаудың көптеген мәселелерін шиеленістіріп жіберді.
Ғылыми-техникалық прогресс өндіргіш күшін дамытады, адамдардың түрмыс жағдайын жақсартады, оның әл-ауқатын арттырады. Сонымен бірге адамдардың қызметінің артуы, табиғатқа араласуы, кей уақытта қоршаған ортаға экологиялық және биологиялық мағына жағынан ешуақытта айтып қалпына келтіре алмайтындай өзгеріс кіргізеді. Қоршаған ортаның ластануы, бүлінуі, ресурстардың сарқылуы адамдардың тікелей әсерінің нәтйжесі. /4/
Ғылым мен техниканың карыштап дамуы, табиғат ресурстарын пайдаланудың артуы және жер шарында адамдардың тез өсуі адам мен табиғат арасындағы қатынасты шеленістіріп, ерекше мәселе етіп көтеріп отыр.
Ғылыми-техникалық революция дәуірінде табиғатқа адам қызметінің әсер ететін күші кең жайылып отыр. Су мен ауаньщ ластануы, топырақ эрозиясы, жерді, мүнай, газ және көмірдің қорларын ретсіз пайдалану, есімдік пен жануарлар дүниесіне жасалынған шығындар - мұның бәрі ақиқатқа айналып отыр.
Ал кейбір мамандардың ойлары бойынша ғылым жетістіктері табиғатқа зиян келтіруге арналмаған деп есептейді. Сонымен бірге ол қоршаған ортаны қорғаудың да, қалпына келтірудің де тәсілдерін ашты. Табиғи ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік беретін немесе қалдықсыз технологяны өндіріске енгізу, өндірісті сумен қамтамасыз етудің қайтымды және түйық айналымдарын қолдану (бұл су шығынын қысқартады), жылу мен энергияның дәстүрлі көздерін табиғи тыңайуы мен ондағы ылғалдың жиналуын, атмосферадағы газдың тепе-теңдігін сақтауды қамтамасыз ететін орман алқаптарын сақтау және қалпына келтіру - міне, экологиялық дағдарыстың бетін қайтаруға ғылымның берер ақыл-кеңесі освшар. Ғылыми-техникалық өрлеудің қазіргі деңгейі, қуатты компьютерлердегі талдаудьщ жүйелілік әдістері үлкен жобалардың шағын кейпін алдын ала түсінуге мүмкіндік береді. Оларды іс жүзіне асырмас бүрын табиғатқа тигізетін залалды есептеп, оны болдырмаудың жолдарын іздестіру қажет» деп көрсетеді. Ғылым, практика дәлелдегендей интенсивтендіру қоршаған ортаны, табиғатгы әлсіретпейді, қайта оның сол қалпында сақталып, жетіліп отыруына, табиғи қалпында қоры таусылмай үдайы өндіріліп отыруына әсер етеді. Адамдардың табиғатқа ықпалы қай коғамда да қандай шаралар қабылдап, оны ақылмен үйымдастырып, ойластырып іске асыратындығына байланысты. Біздің еліміз жағдайында табиғатқа көқарас, оны аялау, қорғау, сақтау мәселесіне жете көңіл бөлінбей келгені өкінерлік жағдай. Қандай мөлшерде, қаншаға түссе де ең алдымен өндірістік жоспарды орындау керек деген принцип табиғатқа, адам баласына орны толмас зиян келтіріп келгенін айтпасқа болмайды. Арал көлі, Семей, Капустин Яр полигондарына байланысты жәйлар, аймақтық мәселе емес, ғаламдық дәрежедегі маңызды мәселе болып отыр. Өйткені республика халқына, табиғатына, оның болашағына тигізген қайғы-қасіретін бір мемлекет күшімен жою қиын, оған әлемдік деңгейде бірлескен шаралар жүйесі керек.
1. 2. Экономикалық және экологиялық дамудың қайшылықтары.
Адамзаттың барлық даму кезеңінде болған адам мен табиғат арасындағы шиеленіс қазіргі кезде әмбебап тұрде болып, экономико-экологиялық проблеманың сипатын анықтап отыр: яғни экологиялық регресс арқылы экономикалык прогреске жету.
Неге экономикалық даму осындай нәтижелерге әкелді деген сүрақ туындайды. Жауабы оның қағидаларында жатыр.
Әрқашанда экономика қоғамның материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Эволюңия процесінде қоғамдық қажеттіліктер өсіп, технологияны одан әрі дамытуды қажет етті. Нәтижесіңде 20-шы ғасырдағы экономикалық даму ғыльми-технологиялық прогрессіз, өндіріс өсімінің тұрақты сақтауынсыз және қамтамасыз етуінсіз мүмкін емес еді. Ал бұл дегеніміз табиғат ресурстарына тәуелділіктің артуы деген сөз.
Табиғат және адам ресурстары, технологиялық білімнің деңгейі, институтгар жүйесі экономика қызметінің жағдайын анықтайды. Қоғам әрқашан да табиғат ресурстарына тәуелді болды, бірақ бұл тәуелділік экономикада есепке алынбайды. Адам тұтып, табиғат ресурстарын сақтауға көңіл бөлмейді.
Осылайша, экологиялық және экономикалық дамудың негізгі қайшылықтары келесідей шиеліністерден көрінеді. Біріншіден экономика әрқашан даму үстінде болу керек, ал екіншіден осы даму қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді.
Экономиканың қарышты дамуы мен адамзаттың әрекеті қандай нәтижелерге әкелді деген сұрақ туындайды. Барлық жер кеңістігінің, яғни теңіз, ауа, судың ластануы, «парниктік эффект», ормандарды жою, шөлейттену, көптеген өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жоғалып кетуі - қоршаған ортаға антропогендік ықпалдың негізгі формаларының кейбір көріністері ғана. Нақты фактілерге келетін болсақ, екінші дүние жүзілік соғыстан кейін зор көлемде минералды шикізат қолданылып, бұл табиғи ресурстардың азаю проблемасына әкелді. Б¥¥-ның қоршаған орта және даму бойынша әлемдік комиссияларының берілгендері бойынша қазіргі кезде жыл сайын 6 млн. га жер шөлге айналуда, ал 20 млрд. өзінің өнімділігін жоюда. /5/
Орман кеңістігі 1950-ші жылы құрлықтың 15 пайызын құрса, қазіргі кезде ол 7 пайызын ғана құрайды. Жыл сайын 11 млн гектар орманы жойылады. Осылайша адам баласы алдымыздағы онжылдықтың ішінде өзінің негізгі оттегі көзінен айырылуы мүмкін. Әртүрлі жанармайдың қолданылуынан жыл сайын атмосфераға 20 млрд тонна көмірқышқыл газы шығарылып, 100 жыл ішінде 10 пайызға өскен. Әлемдік теңізге әр жылы 30 млрд. тонна мұнайөнімі, 5 пестицид құйылады.
2. ЗЕРТТЕУДІҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ.
2. 1. Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері.
Қазақстандағы тәуелсіздік жылдары экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өте жаңа мемлекеттік жүйесінің құрылуының және қалыптасуының, Қазақстан республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдардың жақсы ұйымдастырылған және аумақтық бөлшектенген жүйесін-қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдаланудың жылдары болады. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және дәйекті іске асыруды камтамасыз етті.
Алайда, Қазақстанда көптеген он жылдықтар бойы қоршаған ортаға экстремальды жоғары техногендік жүктемелермен негізінен, табиғат пайдаланудың шикізат жүйесі қалыптасты. Сондықтан, экологиялық жағдайдың түбегейлі жақсаруы болған жоқ және ол бұрығысьнша, биосфераның тұрақсыздауына, қоғамның тіршілік әрекетіне қажетті қоршаған ортаның сапасын, оның қолдану қабілетін жоғалтуға алып келетін табиғи жүйелердің тозуымен сипатталады. /6/
Қазақстан Республикасы халқыньң тұрмыс деңгейі жақсарғанымен, денсаулығы зардап шегуде. Біздің Республикамыздың көпгеген аймақтарында жағдай тек қана қолайлы емес, апатты жағдайда болып отыр. Қоршаған ортаны ластайтын және табиғат жүйелерінің деградациясын тудыратын негізгі көздер өндіріс, ауыл шаруашылық, көлік және т. б. антропогендік фактор болып табылады. Айналаны ең көп ластайтын мұнай-газ саласы жылу энергетикалық кешендердің кәсіпорындары болып табылады. Қоршаған ортаны барған сайын радияциялық, химиялық және т. б. да қауіпті ықпалға ұшырап отыр. Осылайша қазіргі заман экологиялық тауқыметтері адам қолымен жасалып, бүкіл тіршілікке қауіп төндіріп келеді.
2. 2. Ұлттық экологиялық проблемалар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz