Қаржы және экономика саласы терминдерін қазақ тіліне аудару ерекшеліктері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
I. Экономика және қаржы саласының терминологиясы тілдің ерекше саласы ретінде қолданылуы, аудару тәсілдері мен мәселелері . . . 5
1. 1 Термин туралы жалпы түсінік пен оның негізгі нышандары . . . 5
1. 2 Экономика және қаржы саласы терминдерінің құрылымы мен оның тіл жүйесінде алатын орны . . . 10
1. 3 Терминология және терминологиялық жүйе . . . 13
1. 4 Аударма туралы жалпы түсінік пен оның анықтамасы . . . 15
1. 5 Аударма тәсілдері мен сараптамасы . . . 18
1. 6 Терминдерді біріздендіру және аудару мәселелері . . . 20
1. 7 Аударма барысында БТ мен АТ терминдерінің құрамдық және құрылымдық жағынан өзгешеленуі . . . 24
1. 7. 1 Аудармадағы сәйкестіктердің көпмағыналылығы мен түрлілігі . . . 30
1. 7. 2 Аудармадағы баламасы жоқ терминдер және оларды аудару тәсілдері . . . 34
II. Экономика және қаржы саласының терминдерін қазақ тіліне аударудың тәсілдері мен ерекшеліктерінің сараптамасы . . . 40
2. 1 Экономика және қаржы саласының терминдерін ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару тәсілдерін анықтау сараптамасы . . . 40
2. 2 БТ және АТ терминдерінің лексикалық құрам мен морфологиялық -синтаксистік құрылымы жағынан өзгешеленуі . . . 42
2. 3 Салыстырмалы БТ және АТ терминдерінің лексикалық -грамматикалық айырмашылықтары . . . 43
2. 4 Ағылшын және қазақ тілінің терминдерін семассиологиялық деңгейде салыстыру . . . 46
2. 5 Экономика және қаржы саласындағы терминдерді аударудағы көпмағыналылық . . . 47
2. 6 Баламасы жоқ терминдерді аудару . . . 51
Қорытынды . . . 55
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 58
Қосымша
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың тақырыбы - қаржы және экономика саласы терминдерін қазақ тіліне аудару ерекшеліктері.
Жұмыстың өзектілігі - ұлт тілінде қаржы және экономика терминологиялық жүйесінің қалыптасуы мен дамуына ерекше көңіл бөлінуі.
Қазақстан Республикасы дамыған елу мемлекеттердің қатарына қосылуы үшін шет елдерімен қаржы, экономика саласындағы қарым-қатынасын қарқынды дамытуда. Соған байланысты шет елдік банкілер мен мемлекетіміздің ішіндегі ақша айналымымен, яғни, банкілерімен жұмыс істей келе, олардың тек банкілік жүйесін ғана емес, сонымен қатар қаржы мен экономика терминологиясын да түсініп, одан дұрыс аудару қажеттілігі туындайды.
Бүгінгі күн - ескі экономикалық ұстанымдардың ысырылып, жаңа экономиканың қалыптасу заманы. ″Нарық″ деген кең ұғымды сөз - осы экономикалық серпілісі толығымен сипаттай алады. Осы өзгерістердің салдарынан ″экономикалық және қаржылық″ сөздердің жаңа ағымы туындады. Экономика және қаржы саласының терминдері ауыз екі тілде кең қолданысқа түсіп, радио мен теледидарда жан - жақты қарастырылды. Сонымен, экономика және қаржы саласының терминдері, ″нарықпен″ жұмыс істейтін адамдардың құлақ құрышына айналды. Осындай жағдайлардан кейін экономика және қаржы саласы термиологиялық жүйесінің қарқынды түрде қалыптаспауы мұмкін емес еді.
Тіл мамандары мен аудармашылардың қызығушылығын тек қаржы, экономика және банк терминологиясы ғана тудырмайды, сонымен қатар сол саладағы терминдерді аудару мәселелері де олардың назарынан тыс қалмаған.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты -мемлекеттердің жаңа экономикалық, қаржы саласындағы тығыз қарым-қатынастары нәтижесінде пайда болған терминдер аударудың ерекшеліктерін қарастырып, экономикалық лексиканы бір жүйеге келтіру болмақ.
Бұл жұмыстың міндеттері :
- Терминдердің ерекшеліктері жайында жалпы сипаттама алу және тілдік жүйедегі орнын айқындау;
- Экономика және қаржы саласының терминдеріне сай сипаттамалардың ерекшеліктерін көрсету;
- Терминдерді аудару барысында кездесетін мәселелерді айқындау;
- Қаржы және экономика терминдерін аудару тәсілдерінің негізгі түрлерін сараптау;
- Сарапталған терминдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару барысындағы лексикалық -грамматикалық ерекшеліктерін анықтау;
- Берілген терминологиялық жүйеге құрылымдық-семассиеологиялық сипаттама беру.
Бұл жұмыстың нысаны - берілген терминологиялық лексика жүйесіне күрделі сараптама жасап, оның ерекшеліктерін көрсетуде.
Жұмыстың теориялық маңызы - бұл жұмыс шет тілдері факультетінде оқитын студенттерді дұрыс аударма жасау тәсілдерімен, аударманың түрлерімен, қаржы және экономика саласындағы терминологияның ерекшеліктерімен таныстырады.
Жұмыстың практикалық маңызы - бұл жұмыс қазақ тіліне басқа тілден енген қаржы терминологиясын аудару барысында көлемді тәсілдері қолданылып, дұрыс, мамандырылған аударма жасауға өз көмегін тигізбек.
Зерттеу барысында қолданылған әдістер ретінде құрылымды-семантикалық, контекстуалдық, сөз жасамдық сараптама әдістері қолданылды. Жұмыстың жаңашылдығы - 2і тарауда сарапталған шағын сөздік ағылшын тілді шет елдік компанияларда қаржы және экономика саласының мәтіндерімен жұмыс істейтін аудармашылармен және әр түрлі мамандармен қолданыла алатындығы. Бұл жұмыстың нәтижесі қаржы саласын сараптау барысында қарастырылуы мүмкін.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, теориялық және практикалық бөлімдерден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады
I. Экономика және қаржы саласының терминологиясы тілдің ерекше саласы ретінде қолданылуы
1. 1Термин туралы жалпы түсінік пен оның негізгі нышандары
Термин (лат. terminus - шек, шеті, шекарасы деген мағынада) -ғылыми ұғымға айқын анықтама беретін, оның мағыналық шегін дәл көрсететін сөздер. Әдетте тілдегі қандай сөз болсын көп мағыналы болып келеді де, оның мағыналық шегі айқын болмай, жылжымалы 6олады. Ал ғылыми ой -пікірді дәл білдіру үшін сөздің мағынасы тұрақты, айқын болу қажет. Сондықтан сөздің мағыналық шегін дәл белгілеп, сөзді сол нақтылы бір мағынада ғана алып қолдану арқылы термин жасалады.
Күрделі ішкі сематикалық құрылымға ие болғандықтан термин тәуелсіз тілдік бірлік болып табылады. Яғни, термин дегеніміз белгілі бір сала тілінің ауызша немесе жазбаша түрде жеткізіле алатын арнайы терминологиялық мағынасы бар, білім, ғылым және технологияның дамуын анық етіп жеткізе алатын тілдік бірлік. Мазмұнына қатысты айтатын болсақ, термин логикалы-ұғымды жүйеге тура қатынасы бар сөздік бірлік.
А. А. Реформатский терминдерді экспрессивті мағынасынан айырылған бір мағыналы сөздер деп сипаттайды. Ал М. М. Глушко, терминді ұғымды жеткізу үшін қолданылатын сөз немесе сөз тіркесі немесе нақты және тұрақты дефиницияға, нақты семантикалық шектеулерге ие болғандықтан, және соның нәтижесінде классификациялық жүйеге сәйкес бір ұғымды ғана білдіретін бір мағыналы сөз деп тұжырымдайды.
Сонымен, терминнің лингвистикалық болмысы қандай? Біріншіден, термин -әдеби тілдің лексикалық жүйесінің бөлінбейтін бір бөлігі. Екіншіден, терминдер басқа сөздік разрядтардан өзінің айтқысыз үлкен ақпаратқа иелігімен ерекшеленеді. Ғылыми және техникалық терминдерде ғылым мен техника ұғымдарының анықтамасы нақтыландырылып, шоғырландырылып келеді.
Терминнен талап етілетін негізгі сұраныс-оның бірмағыналылығы. Жалпы терминологилық жоспарда бұл талап екі жолмен іске асырылады, яғни, терминнің екі категориясы бар:
- Жалпы ғылыми және жалпы техникалық терминдер;
- Арнайы терминдер.
Жалпы ғылыми және жалпы техникалық терминдер ғылым мен техника жайында жалпы ұғымды білдіреді. Терминдер тек тілде ғана емес, сонымен қатар белгілі бір терминология құрамында да болуы заңдылық. Ғылыми терминдердің жүйесі ретінде терминология тілдің жалпы лексикологиялық жүйесінің бір бөлігі ретінде қарастырылады. А. А. Реформатскийге сәйкес, терминология дегеніміз келісті сөздік мәнерде бекітілген белгілі бір сала жүйесінің ұғымы. Егер жалпы тілде сөз көпмағыналылыққа ие болса, белгілі бір терминологияда қолданысқа түскенде ол бірмағыналылыққа ие болады.
Терминдердің сөздердің ерекше лексикалық дәрежесі ретінде қабылдануы олардың өндірістік және ғылыми қызмет барысында пайда болып, тек сол салаға сәйкес реалиялармен таныс адамдар арасында қолданылуы. Сондықтан, күнделікті қолданымдағы сөздердің сөйлеу коммуникациясындағы бірмағыналылығы жағдайға немесе лингвистикалық құрылымға байланысты болса, терминдердің бірмағыналылығы экстралингвистикалық макроконтекст пен лингвистикалық микроконтекстке байланысты.
Термин кәдімгі сөз сияқты өз қолданысында мәтінді қажет етпейді, себебі, біріншіден ол мәтіннің орнына қолданылатын белгілі бір сала терминологиясының мүшесі, екіншіден, ол оқшауланып қолданыла алады, үшіншіден, ол жалпы тілде емес, белгілі бір сала аясы терминологиясында ғана бірмағыналы болып қолданылады.
Тілдің лексикалық жүйесі төңірегінде алатын болсақ, термин кәдімгі сөздердің қасиеттерін көрсетеді, яғни, олар антонимдік қасиетпен де, идиоматикамен де сипатталады. Бір термин тілдің әр түрлі термиологиясына ене алады, дәлірек айтқанда, ғылым аралық терминологиялық омонимдік қасиетті көрсетеді, мысалы:
Reduction 1. экономикада, 2. заңда, 3. фонетикада ;
Бірте - бірте ғылыми білім біздің таңдаған тілдің тілдік белгілеріне еніп, оны байыта және әсерлендіре түседі. Тілде сөз бен сөз тіркесі олардың мағынасының біртұтас бөлігі болып, ғылым тілінің элементі ретінде қарастырылады. Сөзде, терминде өз мағынасын тапқан ғылыми білім белгілі бір тілдің семантикалық жүйесі мен құрылымына еніп, сол тілдің жүйесінің лексико-семантикалық компоненті бола отырып, жаңа дәрежеге көтеріледі.
Соңғы он жылдықтарда терминологиялық жұмыстардың кең қанат жайғанымен осы уақытқа дейін негізге алынатын терминдер мен ғылыми пәндер арасындағы жалпы терминология теориясының орнын бірдей түсінушілігі жоқ. Осының барлығы бұл білім саласының өсуі мен дамуын, метатілінің қалыптасуының аяқталмағанын көрсетеді.
Терминдерге өскелең қызығушылық ең алдымен лингвистика мен аударматану саласында байқалады Лингвистерді терминнің тілдік табиғаты, әлдебір табиғи ұғымды жеткізу қабілеті, дара мәнді болуы, дефинитивтік функция атқаруы қызықтырады. Термин, бәрінен бұрын, тілдік бірлік деп қайталай кеткен жөн болар. Және аударматануда терминдерге қызығушылық, біріншіден, аударма қызметінің мамандырылған бірліктері ретінде байқалады, себебі, осы ғылым шеңберінде аудару үдерісінің мәнін сипаттайтын және осы пәннің негізгі ұғымдары туралы түсінік беретін арнайы терминдер пайдаланылады. Екіншіден, аудармашылар тарапынан терминология мәселесіне қызығушылық терминнің табиғаты, қасиеттері, функциялары туралы білім деңгейін көтеру қажеттілігімен байланысты. Сондықтан да аударма туралы ғылымның терминтанумен конструкциялық әрекеттестігі қажет болып көрінеді, себебі, терминдердің барабар аудармасына қол жеткізу үшін, аудармашылардың терминологиялық білімдері, мәтіндердің терминологиялық құрылысының ерекшеліктері, терминдердің нышандары туралы түсінігі болуға тиіс. Аударматану мен терминтанудың әрекеттестігі ғылыми-техникалық аударма(іскерлік қатынас саласында немесе ауызша сөз аудару) саласында байқалады. Сондықтан терминнің негізгі қасиеттерін сипаттап, оған анықтама беру қажет.
Термин -арнайы ұғымдарды дәл айту және арнайы заттарды дәл білдіру үшін жасалған немесе басқа тілден ауысқан арнайы тілдің сөзі немесе сөз тіркесі[7; 14] .
Терминнің сөзден айырықша басты ерекшелігі -олар белгілі бір терминологиялық жүйенің мүшелері болып табылады. Терминнің мәні жүйеде тіркеліп, сонда пайдаланылатын параметрлермен ұсталынады. Белгілі бір терминологияның, терминдер жиынтығының шегінде терминологиялық жүйенің әр мүшесінің өз мәнділігін алуы, терминдердің жүйелілігін танытады, мысалы, синонимдер, антонимдер, паронимдер, полисемия, денотат, коннотация-бір терминологиялық өріске жататын сөздер. Олардың денотаттарының жақындығы оларды жасанды түрде бір номенклатураға жинақтайды, соның шегінде олар өзінің терминологиялық мәнділігіне ие болады. Терминнің мәні ұғымдардың бүкіл жүйесімен анықталып, дефиницияның көмегімен іріктелінеді. Термин үшін жүйе бірінші кезекте терминологиялық өріске қызмет ететін арнайы сөздердің лингвистикалық реттілігі. Соның салдарынан жекелеген терминологиялар ұлттық тілдің лексикалық шағын жүйесінің ішінен лексикалық шағын жүйе құрайды.
Дара мәнділік-терминнің анықтаушы қыры. Термин жалғыз ғана ғылыми немесе техникалық ұғымды білдіруге тиіс, ал соңғысы тек бір терминге сәйкес келуге тиіс. Бұл принцип «өріс» ұғымын тартудың көмегімен жүзеге асырылады. Бұл өрісте термин жалғыз мәнді. Бұд сөздің түрлі білім салаларының термині бола алады, алайда бұл полисемия емес, омония. Білімнің әр саласының шегінде, белгілі бір терминологиялық өрісте әр термин сол ғылым саласында жүйеде анықталған ұғымға жалғыз ғана мәнге ие.
Терминнің дәлдігі, терминнің ұғымдылығы әр ұғымды білдіруге және оны аралас немесе сондай терминдер қатарынан бөлуге жеткілікті болуға тиіс дегенді білдіреді. Терминнің дәл мәні сол терминологиялық өріс терминдерінің жүйесінде ғана қабылданады. Дефиниция терминді қысқа, алайда дәл етіп сөзбен ұғындыруға қызмет етеді.
Терминдерде синонимдер, омонимдер болмайды. Терминологиязациялау нәтижесінде сөз синонимдері мен антонимдерін жоғалтады. Жалпы қолданыста сөздерге тән синонимдермен ара жігін ажырата отырып, терминдердің өзінің терминологиялық синонимдерін табу керек.
Терминнің келесі қасиеті-когнитивтік толықтығы. Бұл қасиет терминнің дефиницияның дәлдік дәрежесі, оның толықтық дәрежесі, терминнің мәні енетін білім жүйесінің болуы, яғни теорияның болуы, ғаламдық немесе арнайылық дәрежесі бойынша білім деңгейі, сол бірліктің танымның тарихи даму тізбегіндегі орны сияқты қырларын біріктіреді. Терминнің когнитивтік табиғаты терминнің кәсіби ғылыми білімдерді концептуализациялау мен вербализациялауын тұжырымдайтын когнитивтік қызметінің нәтижесі ретінде көрінуінен байқалады. Белгілі бір салада білімнің құрылымы белгілі бір иерархиямен біріккен және терминде концепттің аты ретінде вербализацияланған концепттердің жиынтығын көрсетеді. Терминнің анықтама беретін қасиеті мен жүйелілігі арнайы ұғымның белгісі ретінде термин жүйелерінің фреймдік ұйымдастырылуын болжайды. Терминді ғылыми концепттерге жатқызуға болады, себебі, біріншіден, термин ұғымдық құрамы сияқты барлық концепттерге тән құрылым компонентіне ие. Термин концепт сияқты ғылыми ұғымға анықтама береді. Екіншіден, термин концепт сияқты белгілі бір салада білімнің қажетті деңгейін ұстайды. Классикалық когнитивтік лингвистикада, концепттерде білім құрылымы көрініс тапқан деген пікір мақұлданады. Е. С. Кубрякованың ойынша, әр сөзді барлы сипаттау, жан -жақты түсіндіру үшін оны когниция мен коммуникация тоғысу жерінде қарастыру қажет[39; 16] .
Білімнің басқа типтерінен (халықтық, тілдік, праматикалық, когнитивтік-ментальдық, экстралингвистикалық, аксиологиялық білімдерден) терминнің айырмашылығы келесіде: термин-концепте адам қызметінің әр саласына тән ғылыми білімдерде анықталады.
Ғылыми білімдерді біріктірумен қоса термин ақпарат пен танымды жеткізудің құралы болып табылады. Тілдің бөлігі болып табылатын терминдер әлемді тану жүйесіне қосылған. И. П. Сусов атап көрсеткендей: термин тілдің бірлігі ретінде адамның танымдық іс-әрекетінде қолданылады. И. П. Сусов жалпы тілді сипаттағанда, оның танымды іс-әрекеттегі маңызды рөлін қарастырады: «Тіл әлемді танудың күрделі ақпаратты-когнитивтік жүйесіне кірістірілген. Осы жүйенің шеңберінде ой, сана, жады, тіл бір-бірімен әрекеттеседі. Осы жүйе сырттан ақпаратты қабылдау, өңдеу, сақтау, басқа жеке тұлғаларға жеткізу үдерісті жүзеге асыру үшін тағайындалған»[64; 22] .
Терминдер адамдардың когнитивтік тезаурусына қосылған. Терминдер семантикасы оларды таңдағанда когнитивтік тезаурусты жолды қолдануға мүмкіндік береді. Когнитивтік тезаурустық жол үдерісінде терминология жүйесіндегі білімді тезаурусты ұйымдастырудың қалай өтетіні анықталады.
Терминлогиялық тезаурустар (терминологиялық жүйелер) когнитивтік және семантикалық нышандардың негізінде жасақталады. Когитивтік нышан индивид объективті әлемді сипаттай отырып, бір затты басқа заттармен салыстырғанда, олардың елеулі нышандарына бөліп, сол зат туралы ұғым қалыптастырғанда байқалады. Сол заттарды салыстырғанда ғана заттың елеулі нышандары анықталады. Осы жағдайда елеулі нышандардың негізінде зат туралы ұғым қалыптастыру мәні болып табылатын концептуализация туралы айтуға болады. Одан соң индивидтердің қоғамдық тәжірибесі мен танымдық қызметінің нәтижесін көрсететін әр ұғым тілдің өзінде категориялау үдерістері мен оны тілде семантикалық құрылымдау нәтижесінде объективті ақиқаттың әрбір үзіндісіне белгілі атау берілгенге түрлі номинацияларда бекиді.
Қатынастардың бірінші және екінші түрінің үдерісінде ментальді операциялар мен когнитивтік әрекеттер (қабылдау, категориялау, салыстыру, концептуализация) орын алады. Қатынастың екінші түрін актуальдендіргенде коммуникацияда тілдің таңбаларды заттандыру мен қайта заттандыруды білдіретін индивидтердің сөйлеу, ойлау қызметі мен ой затына қатынасты субъективті көзқарас пен мағынаның айтылымы жүзеге асырылады. Тілдік қатар мен объективті әлем арасындағы қатынастардың бірінші және екінші түрінің нәтижесінде ғылыми білім саласында когнитивтік (концептуализация) және семантикалық (тақырыптың қатарларды құрастыруы) нышандардың негізінде терминологиялық тезаурус қалыптастырылады. Бұл жағдайда тезаурустың лингвокогнитивтік нышандары туралы айтуға болады, себебі тезаурус тілдің шоғырландырушы және көрсетуші функцияларын өткере отырып, әлем тіралы білімді жүйелі, адамның қоршаған ақиқатпен өзара қатынасын танытатын әлем суреті түрінде береді. Қоршаған әлем туралы білім жады мен санада өңделген, ауызша қолдануға дайын мәтін ретінде сақталмай, тек қана реттеулі түрде қалыптасқан тақырыптық топтар түрінде қалыптасады.
Тезаурустың когнитивтік нышаны сөздердің тақырыптық шендесуінен байқалады, онда ұғым категориялау мен концептуализациялау нәтижесінде тәжірибеге жинақталады, яғни танылған, таныс ұғым тақырыптық қатарлар мен топтарға жинақталады. С. Г. Шафиковтың сөзімен айтқанда, «категоризациялау -әлемнің құрамдық компоненттерін топшылау, бір тәжірибенің рубрикасына кіргізу. Типизациялау, яғни белгілі типпен шендестіру үнемі, тоқтамсыз адамның санасынан тыс өткеріледі. Адамның барлық сезімдік іс -әрекеттерімен: көру, есту, іс -қимылдармен, ойлану үдерістерімен, өзінің призмасы арқылы бағалайтын әрекеттің нәтижелері -бәріде топшылау үдерісіне ұшырайды». Терминдердің тақырыптық қатарында басты сөз -номинативтік -тақырыптық бірлік «негізгі ұғым -ұғымның реңктері, әрбір жеке номинацияға жақын ұғымдарға» қатысты қарсы қойылады, мысалы, терминология жүйесінде фундаменталды терминдер согипонимдер ретінде әлдебір ғылыми ұғымды ашатын базалық, тірек және басқа жеке терминдерге қарсы қойылады. Басшы термин -мәтіндік ұғымды атайтын гипоним, тақырыптық қатардағы жеке терминдер -гиперонимдер.
Д. М. Фрумкина, А. К. Звонкин, О. Н. Ларичев, В. Б. Касевич жаңа білімнің миымыздың қызметінің нәтижесі екенін анықтап көрсетеді. Сөздік құрастырушы енгізгенді ғана сақтайды.
Сөздіктің өзін деректердің базасы ретінде қарастыруға келмейді, себебі ол жаңа білім тудырмайды. «Жаңа білім сөздерді басқа сөздермен ассоцияциялау үдерісінде, олардың ассоциатвтік байланыстарын түсінгенде ғана пайда болады ».
Осылайша, терминнің дәлдік, дара мәнділік, синонимдердің, омонимдердің болмауы, жүйелік сияқты негізгі қасиеттерін талдау оны ғылыми ұғымын анықтап, когнитивтік функцияны атқаруға қабілетті бірлік ретінде сипаттауға мүмкіндік береді. Когнитивтік толықтық, тезауруста ғылыми білімді көрсетудің когнитивті -семантикалық тәсілі - терминнің бұл қасиеттерін аударма тілінде де сақтағанның жөн екенін көрсетеді [8; 179-182] .
1. 2 Экономика және қаржы саласы терминдерінің құрылымы мен оның тіл жүйесінде алатын орны
Жалғыз тұрақты мағынаны білдіретін термин-сөз тіркестер әр түрлі мағыналық дәрежеге ие, жалпы алғанда, әдеби тілдің еркін сөз тіркестерімен салыстырғанда олардың лексикалық -семантикалық құрылымы тұрақты болып келеді. Оларды лексикалық сөз тіркестер санына жатқызса да болады, яғни, бір компоненттің орнын ұқсас дәреженің қандай да болмасын сөзімен алмастырмай, тек нақты семантикалық топты құрайтын бірлікпен ауыстыру.
Тұрақты терминологиялық сөз тіркестер күрделі терминдерге қарағанда оңай аударылады, себебі олардың барлық компоненттері грамматикалық тәсілмен орналастырылғандықтан, олардың арасындағы мағыналық байланыстың ашылуы оңайырақ.
Термин сөз тіркестерде грамматикалық үйлесім әр түрде жеткізіле алады. Мысалы, жұрнақтармен ( selective communication ) ; шылаулармен ( system of taxes ) ; жалғаулармен ( controlled system ) . Сондықтан, әдетте, терминологиялық сөз тіркестерінің мағыналық мазмұны терминдерге түсініктеме бергенде қандай да болмасын ағаттардың жіберілмеуі қадағаланады.
Сонымен қатар қайта құрылатын терминдердің жүйелілігіне де үлкен назар аударылады. Көптеген салаларда белгілі бір класстың ұғымдарының немесе нысандарының терминдерін құрудың арнайы ережелері қалыптастырылған.
Термин сөз тіркестер терминдерге нақтыландыратын рең беру мақсатымен жасалады, алайда, бастапқы мағынасымен айырғысыз байланыста болады. Мұндай терминдер, іс жүзінде берілген мағынаны жалпы сонымен қатар оның арнайы сынына меңзейтін қысыңқы анықтаманы білдіреді. Сондықтан, анықталатын құбылыстың әр түрлерін қамтитын өзіндік бір терминологиялық орта қалыптасады.
Мысалы, ағылшын термині tax , аударма тілінде айтқанда « салық, баж салығы, алым, мүшелік салымдар », салық жинаудың әр түрін анықтайтын терминдер қатарын құрайтын негіз ретінде қолданады:
-income tax - кіріс салығы;
-expenditure tax -шығын салығы;
-land -tax -жер салығы
-value -added tax -көтерілген құн салығы .
Күрделі терминдер көбіне, сөздікте келтірілетін мағынасымен сәйкес келетін екі немесе одан да көп зат есімдердің бірігуінен тұрады: distributable items (бөлінетін кіріс), book value(бірлікті баға) және т. б. Тұрақты терминологиялық сөз тіркестер шылаумен байланысқан сын есім мен зат есімнің, есімше мен зат есімнің немесе бірнеше зат есімдердің үйлесімінен жасалынады: accounting convention (бухгалтерлік есеп жүргізу әдісі), building of competencies (мамандандыруды жоғарылату), utilization of looses (шығындарды жабу) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz