Қазақстандағы АҚШ елдерінің экономикалық қарым – қатынастары
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І тарау Халықлралық экономикалық қатынастар теориясының пәні
1.1. Халықаралық экономикал қатынастардың негізі және құрылымы...6
1.2 Сыртқы экономикалык қызметтің Қазақстан экономикасын дамытудағы
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..8
2 тарау ТМД елдерімен Қазақстанның саяси ынтымақтастығы және экономикалық
проблемасы
1. ТМД жүйесіндегі Қазақстан Респуликасының рөлі және
орны ... ... ...13
3. тарау. ҚР ішкі экомикалық саясаттың батыс елдерінің даму рөлі
3.1 Қазақстандық ішкі саясаттын Америкалық
векторы ... ... ... ... ... ... ..22
3.2 Қазақстандық сыртқы саясаттың американдық
бағыты ... ... ... ... ... 26
3.3 Европалық одақпен ҚР
қызметтесуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59
4 тарау. Азия елдері мен экономикалық байланыс
4.1 Қазақстан Қытайлық қызметтестің дамуы және
жағдайы ... ... ... ... 72
4.2 Жақын және шығыс елдері мен қарым –
қатынас ... ... ... ... ... ... ... ..76
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 82
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .84
Жоспар
Кіріспе

1.1. Халықаралық экономикалық қатынастардың негізі және құрылымы

ролі

2. ТМД жүйесіндегі Қазақстан Респуликасының рөлі және орны

3.1 Қазақстандық ішкі саясаттын Америкалық векторы
3.2 Қазақстандық сыртқы саясаттың американдық бағыты
3.3 Европалық одақпен ҚР қызметтесуі

4.1 Қазақстан Қытайлық қызметтестің дамуы және жағдайы
4.2 Жақын және шығыс елдері мен қарым – қатынас
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының аяғында СССР-дің құлау тенденциясы
байқалды. Ел бибітшілік уақытта ауыр экономикалық тауқыметті тартты. Елді
сақтап қалу немесе құлауы сұрақтары ең маңызды мәселенің бірі болды. Тарихи
жағдайдың күшіне екінші сценарийдің жағдайы ықтимал болды.
СССР-дің құлауы, бұрынғы совет республикасының өздігінен толқуына түсті.
Совет Одағының құлауы тек қана саяси сараптаманы ғана емес сонымен
қатар қиын – қыстау сараптамасы да күтіп тұрды.[1]
Қазақстандағы өткен ішкі саясатқы әр – түрлі қарауға болады. 1996 жылғы
қыркүйек айында өткен ШІМ-де өтке коллегияда Н.Ә.Назарбаев “ішкі саясат –
бұл Президенттің саясаты” деп атап кетекн. Әр бір өзін өзі сыйлайтын
мемлекетте саясат көп болмайды, сонымен қатар әртүрлі ведомстваларда өз
еркімен әр қыилы ішкі саясат болмайды. Бұл Ішкі істер Министрлігіне де
қатысы бар. Ол – орындаушы орган, бұл орган Президенттің ішкі саясатын
жүзеге асыруға жауапты.1
Қазақстан Республикасының ішкі саясатының қыйын – қыстау жағдайы,
тарихи жағдайда құрылмайды. Жас республикада ішкі саясатта, дәстүрлер,
дипломатиялық жағдайларда, мамандардың біліктілігін көтеруде болған жоқ.
“Бұл кезеңде тек қана басшылармен жеке қарым – қатынас, экономиканың
ішкі шататы, халықаралық ұйымдар ғана бұл жағдайды жеңе алды”[2] .
Білімді – саясаткерлержің ортасында Ынтымақтастықтың әрі қарай дамуының
түрлі ойлары бар. Бүгінгі күннің игеруінен алып қарағанда, экономикалық
жағдайы, құқықтық айналымы, халықтық ауыр жағдайы этникалық конфликтің
тоқтамауы алдын ала одақ мемлекеті кезіндегі интеграцияны болжайды. Бұрынғы
Совет Одағына интеграция жолынан басқа ешқандай жағдайлар жоқ деп санағна.
Сұрақтар, былай қорытылған:
1. Интеграцияның сатысы қандай болу керек.
2. “Ресей – Беларусь” сияқты, Совет Одағын құруда және саяси
интеграциялау жобаланғанба
3. Интеграция тек экономикалық аспектілермен шектелуі керек.
ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевпен алғаш рет 1996 жылы Евра ЗЭС құру
айтылған.
СНГ шеңберіндегі интеграция Қазақстан Республикасындағы ішкі саясатқа ауыр
саланың бірі болды. Экономикалық сапектінің Қазақстан Республикасында ішкі
саясатқағы ең бір маңызды сұрақтың бірі, яғни мемлекет ішкі саясаттың жаңа
феноменін табады.
Осы жаңа тенденция экономикалық проблеманы шешуге ықпал етті. ШІМ – де
1998 жылы өткен коллегия отырысында Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаев ішкі саясат ведомствалары геоэконмикалық айналымға орташа
жақын болуы керек.
Қазақстанныі ішкі саясатына “экономика” өте маңызды.
Қазақстан бүгін әлемнің ең серпінді дамып келе жатқан елдерінің бірінен
саналады, бұл да барша жұр таныған ақиқат.
Ендігі бір жәйт. Қазақстан қазір Еуропа мен Азия арасындағы
коммуникациялар легінің түйіскен тұсында тұр. Біздің міндетіміз – осынау
бірегей геосаяси жағдайымызды өз еліміз бен халықаралық қоғамдастықтың
мүдесі үшін пайдалану.
Біз экономиканы диверсификациялауға бағытталған иднустриялық –
инновациялық стратегияны іске асыра бастадық. Бұл біздің болашағымыздың
бағдарламасы.

I Әлемдік шаруашылықтың XX ғасырдың екінші жартысындағы
ерекшеліктерінің бірі халықаралық экономикалық қатынастардың қарқынды дамуы
болып табылады. Әр түрлі елдер, елдер тобы, экономикалық топтар, жеке
фирмалар мен ұйым-дар арасындағы экономикалық қатынастар кеңіп, тереңдей
түседі. Бұл үдерістер халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуінен,
шаруашылыңтық өмірдің интернационалдануынан, ұлттық экономикалардың
ашықтығының артуынан, бір-бірін толықтыруынан, бір-бірімен біте қайнасып
жақындасуынан, аймақтық халықаралық құрылымдардың дамуы мен нығаюынан
көрінгді.
Бұл өзара әрекет ету, жақындасу, ынтымақтасу қарама-қарсы
диалектикалык сипатқа ие. Халықаралық экономикалық қатынастардың
диалектикасы мынада, жеке елдердің ұлттық экономикалық тәелсіздікке, ұлттык
шаруашылықты нығайтуға ұмтылуы, нәтижесінде әлемдік шаруашылықтың
интернационалднуына, ұлттық экономикалардың ашықтығына, халықаралық еңбек
бөлінісінің терендете алып келеді.
Халықаралык экономикалық қатынастар - жалпы экономикалық жүййіін басты
компоненті. Халықаралык экономикалық
қатынастардың пәніне, біріншіден, халыкаралық экономикалык
қатынастардың өзі, яғни әр түрлі елдердің шаруашылық жүргі-зуші
субъектілері арасындағы экономикалық байланыстар, екіншіден, бұл
байланыстарды іске асыратын тетіктер жатады [7,6.19].
Халықаралық экономикалық қатынастар жүйсіне жеке елдер, интеграциялық
бірлестіктер, сонымен қатар жеке кәсіпорындар арасындағы материалдық
игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбас жасау және тұтыну бойынша
өтелетін қатынастар тетігі кіреді.
Халықаралық экономикалык қатынастардың дамуының алғы шарты - әлемдегі
жұмыс күшінің, табиғи ресурстардың, техникалық құралдардың, негізгі және
айналым капиталыңың, ғылыми техникалык әлуеттің орналасуындағы географиялық
жәже тарихи калыптасқан теңсіздік болып саналады.
Негізінде халықаралық экономикалық қатынастар олардың субъектілерінің
халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу жолымен іске асырылады. Халықаралық
экономикалық қатынастарды іске асыруға сонымен бірге саяси, әлеуметгік-
экономикалық, құкықтық және басқа да факторлар әсер етеді.
Халықаралық экономикалық қатынастардың макродеңгейіндегі тетігіне
оларды іске асыруға байланысты ұйымдық, қүқықтық нормалар мен құралдар
(халықаралық экономикалық келісім шарттар мен келісімдер және т.б.),
халықаралық экономикалық үйымдардың халықаралық экономикалық қатынастарды
мақсаттарына жеткізу үшін үйлестіре дамытуға бағытталған қызметі кіреді.
Осы заманғы халықаралық экономикалық қатынастар елеулі, тұрақты,
мемлекет аралық реттеуді талап етеді.
Халықаралық экономикалық қатынастарды іске асырудың микродеңгейіне
халықаралық маркетинг жүйесі және сыртқы экономикалық қызметті үйымдастыру
мен оның техникасы кіреді. Халықаралық маркетинг, жалпы (ішкі) маркетингпен
еырттай ұқсастығы болғанымеқ кәсіпкерлікті халықаралық деңгейде басқарудың
айрықша құралы ретінде көрінеді. Оның айрықша
сипаты ұлттық нарықтардың ерекшеліктерін, сонымен бірге тауарлар мен
қызметтердің әлемдік нарығын зерттеу әдістерінен білінеді.
Халықаралық экономикалық қатынастардың құрылымына мыналар кіреді:
Халықаралық еңбек бөлінісі.
Тауарлар және қызметтермен халықаралық сауда.
Капиталдар мен шетел инвестицияларының халықаралық қоз-ғалысы.
Халықаралық жұмыс күшінің миграциясы.
Халықаралық валюталык-қаржылық және несиелік қатынастар.
Халықаралық экономикалық интеграция.
Халықаралық экономикалық қатынастардың теориясы мен практикасын оқып
үйренгенде біз әлемдік шаруашылық деген ұғымға қарсы келеміз. Әлемдік
шаруашылық халықаралық экономикалық қатынастардың объективті негізі бола
тұра, оның теориясы мен практикасын зерттеудің арнайы объектісі болып
табылмайды. Бірақ ол халықаралық экономикалық қатынастар мәселелерін
зерттеуде басты компонент болып саналады.
Халықаралық экономикалық қатынастар (негізінен, саудалық қатынастар)
әлемдік шаруашылық пайда болғанға дейін де болған. Мысалы, жеке елдер
арасында, аймақтар шеңберінде халықаралык экономикалық қатынастар дамыған.
Бұл қатынастар еларалык, тар аймақтық сипатта болды. Әлемдік шаруашылық
пайда болып, дамуына байланысты халықаралық экономикалық қатынастар өзінің
әрекет ету шеңберін кеңейтіп және тереңдетіп, ғалами сипатқа ие болады.
Халықаралық экономикалық қатынастар жеке елдер немесе әлемдік экономикаға
негізделе отырып көп жағдайда олардың дамуына байланысты болады. Бірақ,
халықаралық экономикалық қатынастар дами келе, өз заңдарына бағынатын
дербес құбылысқа, әлемдік шаруашылықтың әрекет ету және даму түріне, оның
ішкі тетігіне айналады.

Сыртқы экономикалық байланыстар іс жүзінде әлемнің барлық елдерінің
әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге әсер етеді. Олар мемлекет, аймақ
және кәсіпорын көлемінде іске асырылады. Сыртқы экономикалық байланыстар -
халықаралық экономикалық саудалық байланыстар. Олар елдер арасындағы сыртқы
саудалық, ғылыми-техникалық, өндірістік, валюталық-қаржылық және несиелік
байланыстардың әр алуан түрлері, құралдары мен әдістерінің жиынтығынан
түрады.
Сыртқы экономикалық қызмет деп сыртқы экономикалық байланыстың белгілі
бір аспектісі, кәсіпорындар мен үйымдардың дербес өндірістік-коммерциялық
қызметінің саласы түсініледі. Дербестік шетелдік әріптесті, экспорттық-
импорттық мәміле үшін тауар номенклатурасын таңдаудан, баға белгілеуден,
сыртқы экономикалык қызметтің түрлерін анықтаудан көрінеді. Сыртқы
экономикалық катынастардың түрлеріне сыртқы сауда, халықаралық
инвестициялық ынтымақтастық, халықаралық өндірістік кооперация,
халықаралык, ғылыми-техникалық ынтымақтастық, валюталық-қаржылық және
несиелік операциялар жатады.
Сыртқы экономикалық қызметтің әрбірі белгілі бір түрде іске асырылады.
Сыртқы сауданыңтүрлері: экспорт, импорт, тауарлар мен қызметтің кері
экспорт және кері импорты.
Халықаралық инвестициялық ынтымақтастық несиелік келісім, халықаралық
каржылық лизинг, шетел инвестициясымее кәсіпорындар түрінде іске асырылады.
Өндірістік кооперацияның түрлері болып лицензиялык келісіммен өнім
өндіру; мамандану негізінде бірлескен өндіріс; мердігерлік кооперация және
бірлескен кәсіпорын; зауытгар мен өндірістік тізбелерді жеткізу жатады.
Ғылыми-техникалык ынтымақтастық технологиялық айырбас түрінде
көрінеді.
Сыртқы экономикалық қызмет барлық елдерде бірнеше функциялар атқарады:
үлттық және әлемдік экономикалық дамудың деңгейін теңестіруге әсер етеді;
ұлттық және әлемдік өндіріс шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді;
халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын іске асырады, және соның
негізінде, ұлттық экономиканың тиімділігінің артуына әсер етеді.
Бұл функциялар Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметіне де
тән. Сонымен бірге олардың Қазақстанда өзіндік ерекшеліктері бар. Олар, бір
жағынан, ұлттық экономиканың осы заманғы даму кезеңімен, оның
реформалануымен, нарықтық қатынастардың дамуымен, екінші жағынан -
Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциялану үдерісінің тереңдеуімен
анықталады. Оған тек қана шикізаттарды экспорттау және дайын өндірістік
тауарларды импорттау негізінде сыртқы сауда айналымын кеңейту ғана емес,
сонымен қатар халықаралық өндірістік, ғылыми-техникалық, инвестициялық
ынтымақтастыққа кіруі, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындардың сыртқы
экономикалық қызметке кед түрде қатысуы тән.
Сыртқы экономикалық қызмет елдің экономикасының дамуына, біріншіден,
экспорттан валюталық түсім алу жолымен әсер етеді. Қазіргі кезеңде экспорт
Қазақстан экономикасының өте ірі саласына айналды. 1998 жылы жалпы ішкі
өнімнің 26,6 пайызы экспортқа шығарылды. 1999 жылы экспорт көлемі 5592,3
млн доллар болды, ол 1998 жылмен салыстырғанда 2,8 пайызға артық. Экспорт
көлемі 1999 жылы импорттан 1909,5 млн долларға артық, ал сыртқа сауда
айналымы сальдосының өсімі 1998 жылға қарағанда 75,5 пайыз болды. Валюталық
түсім импортты өтте мүмкіндік береді. [80, б.10]
Екіншіден, сыртқы экономикалық қызмет ел экономикасына инвестициялық
ынтымақтастықты дамыту жолымен шетел инвестициясын тартуға жағдай жасайды.
Қазақстанда шетел капиталын белсенді түрде тарту 1992 жылы басталды.
Алғашқы кезде ол қарапайым түрде екі тарапты несие беру арқылы іске
асырылды. Бүкіл несие алу мемлекет тарапынан, немесе оның кепілдік беруімен
жүзеге асырылды. 1993 жылы республика аумағында бірінші рет, тікелей
шетелдік инвестициялар тіркеле басталды. Әдепкі кезде тікелей шетелдік
инвестицияның келу көлемі аз болды. Мысалы, 1995 жылы олар елдегі жалпы
күрделі қаржы жұмсалымы көлемінің 1,5 пайызын ғана құрады. Бірақ бұл
бағыттың басымдылығына, инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында заңдық
негізді жетілдіруге байланысты тікелей шетелдік инвестицияның үлесі тұрақты
түрде өсті. 1999 жылы ол республикадағы бүкіл инвестицияның 42 пайызын
құрады. Экономикалық ақпараттық орталықтың мәліметтері бойынша Қазақстанға
1993-1999 жылдары тартылған жалпы инвестицияның көлемі 8,8 млрд. доллар
болды. [80, б. 11 ]. Көп жағдайда осындай қомақты инвестициялар негізінде
өндірістің базалық салаларында мұнай және газ өндіруде, қара және түсті
металлургияда, электроэнергетикада дағдарыстан шығуға мүмкіндік туды.
Үшіншіден сыртқы экономикалық қызмет осы заманғы техника мен
технологияны импорттау жолымен өндірістің техникалық базасын жақсартуға
жағдай жасайды. Ғылыми-техникалық үдеріс әсерімен техника мен технологияның
моральдік ескіру қарқыны жылдамдады, ғылыми зерттеу және тәжірибелік-
конструкторлық жұмыстар шығыны артты. Сонымен қатар осы заманғы техника мен
технологияны алу жолында, өнеркәсібі дамыған елдердегі өндірушілердің,
ерекше трансүлттық корпорациялардың дербес техникалық саясат жүргізуіне
байланысты кедергілер туындайды.
Бүндай қайшылыкты шешуге Біріккен ¥лттар ¥йымының сауда және даму
конференциясының басшылығымем әзірленген халықаралык нормативтік құжат
Технология беру саласындағы мінез-кұлық кодексі жағдай жасайды.
Төртіншіден, сыртқы экономикалық қызмет ұзақ мерзімді өндірістік
ынтымақтастық және шетелдік әріптестермен бәсекеге қабілетті өнім өндіру
мен сол өніммен әлемдік нарыққа шығу үшін тұрақты бірлескен қызмет жасау
жолымен экономиканын дамуына әсер етеді. Бұндай бірлескен қызмет бірнеше
бағытта іске асырылады: комплектілік технологиялық құрал-жабдықтарды сатып
алу, оның жұмысын жолға қою, қызметкерлерді оқыту үшін кеңестік қызмет
көрсету; жаңа технологияға патенттер мен лицензияларды сатып алу және т.б.
Бұндай импортты мемлекет тарапынан қолдау күшейіп келеді. Қазақстан
Республикасының Шетелдік инвестициялар туралы 27.12.94ж. №226 заңы
өзгертулерімен және толықтыруларымен, Тікелей инвестицияларды мемлекеттік
қолдау туралы 28.02.97ж. № 75-1 өзгертулерімен және толықтыруларымен
02.08.99ж. №466-1 және Қазақстан Республикасының жарлығымен 06.03.2000ж.
№349 инвесторларды құрал-жабдықтарды импорттағанда толық және ішінара
кедендік баждан босату қарастырылған.
Сыртқы экономикалық қызмет елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуына
әсер етеді және маңызды құрылымды қалыптастырушы, халықтың өмір сүру
деңгейі мен сапасын жақсартуға әсер етуші фактор ролін атқарады.
2 тарау. ТМД елдерімен Қазақстанның саяси ынтымақтастығы және экономикалық
проблемасы
2.1 ТМД жүйесіндегі Қазақстан Респуликасының рөлі және орны
Ашхабатта 1991 жылы желтоқсан айында Президенттердің қатысуымен кездесу
болды: Қазақстан, Қарғазстан, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан.Олардың
қабылдаған өтінішітерінде былай делінген, Тәуелсіз мемлекеттің
Ынтымақтастығын құру саласы қажет:
- Тәуелсіз мемлекеттер Ынтымақтастығы туралы құжаттар және шешімдерді
өңдеу саласында бұрынғы Совет Одағының қатысу субъектілері тең
құқықты, құрылған Ынтымақтастық, құрушының құндылығын және Келісім
мәтінінде көрсетілгендер қабылдануы керек – Жоғары Келісім шарт
жақтары;
- Тәуелсіз Ынтымақтастық құрушыларымен теңқұқықты болуға дайындығы
туралы өтінші, оның субъектілерінің қызығушылығын ескеру.
Ашхабадтқа қатысты өтініштің тиімді жағын ескеріп тек қана Союзда емес,
сонымен қатар барлық әлемде осы тапсырмаларды қарастыруды Қазақстан
Президенті Алматы қаласын ұсынды.
Жаңа кездесуде бұрынғы Совет Одағының 11 мемлекет лидерлері қатысты. 199
жылы 21 желтоқсанда қатысушылар Алматылық дикларацияға қол қойды.
Орта Азия лиделері экономикалық кеңістігін сақтап қалуға тырысты.
Сонымен қатар интеграциялық саланың объективтік факторлар қатарын
қыйындыққа әкеліп соғады:
- СНГ шеңберінде интеграцияға экономикалық жағдайы бір – бірінен
айырмашылығы бар елдер қатысады. Ресейге 80 пайыздан, ал бөлек салмақ
Украинаға – 8 пайыздан, Қазақстанаға – 3,7 пайыздан, Беларусияға – 2,3
пайыздан, Өзбекстанға – 2,6 пайыздан, ал басқа республикаларға –
пайыздың оннан бір бөлігі кекледі.
- Ынтымақтастықта интеграция экономикалық жағдайдың ауыр кезеңінен,
материалды және қаржы ресурстарының тапшылығы кезінде басталды;
- СНГ елдерінде рыноктық жағдай жаңғырмаған. Жүзеге асыру кезінде
бірталай келіспеушіліктер кездеседі. Бұл әртүрлі ұлттық экономикалық
моделге әкелді.
Ал 1992 жылдың ортасында экономикалық байланыстың реанимациясы ең басты
сұрақ болды. СНГ елдері ауыр қыйыншылықты төзді, 60 пайызға төмендеген
өндірістің құлауы экономикалық қатынастың үзілуіне әкеліп соқты.
1993 жылдан бастап шаруашылықтар көтеріле бастады.
Экономикалық интеграция келісіміне келіскен жатқтардың бірі Қазақстан.
1992 жылы қазан айындағы Бишкек қаласындағы СНГ мемлекетінің басына
кездесуде, Қазақстанның ұсынғандары:
1. СНГ – де Консультативті – координациалдық экономикалық кеңесті құру
туралы Келісімге қол қою, барлық қатысушыладың міндерірі көрсетіліп;
2. СНГ Союзында Банкті құру, кімдер руль зонасында қалса, және рубльды
ұлттық валюта қылу;
3. Экономикалық содты араластыру;
4. Парламентаралық ассамблеианың жұмысын ұйымдастыру.
Бұл кездесуде Қазақстан делегациясы “Біркелкі ақша жүйесіні және ақшалай –
несиемен келісілген және мемлекеттіге валюта саясаты, рульдың заңды төлем
ақы құнын сақтап қалу туралы келісімді” енгізді. Келісілген және
талқыланғаннан кейін ешқандай өзгерсіз қабылданды.
1993 жылы Москвада экономикалық союз туралы Келісім шарт бекітілді.
Келісі шарттың негізгі Заңды негізі болып СНГ Жарғысы болды және бұрын
соңды қабылданған нормативті құжаттар болып келді.
Келісім шартта Экономикалық союз мақсаты айтылған:
- Келісім шартқа отырған Жақтадың біркелкі экономикалық дамуы талаптарын
ұйымдастыру;
- Рыноктық қатынастағы экономикалық кеңістіктің жалпы құру сатысы;
- Барлық шаруашылық субъектілерге кепілдемелер және біркелкі
мүмкүндіктерді құру;
- Экономикалық жобаны бірге жүзіге асыру;
- Кеден союзы
- Валюта одағы (ақшалай)
- Мемлекетаралық ассоциациялардың бос сауда жүргізуі
СНГ өзінің пайда болған кезінен бастап мемлекеттермен – қатысушылардың
арасында қарым – қатынастың дамуында бірнеше сатылардан өтуге үлгерді.
1 саты: бұрынғы одақ республикалары саяси тәуелсіздікті, мемлекеттікті
құрды, халықаралық сенімдікті алды. Өз беттерімен қаржы – экономикалық,
бюджетті – салықтық, кенден салаларын құра бастады.
ІІ саты: жаңа тәуелсіз мемлекеттер өздерінің саяси тәуелсіздігін бекітті
(нығайтты), әлемдік қоғамдастықтың бөлінбес бөлігі болды, халықаралық
ұйымдардың мүшелері ННГ көршілес елдерімен экономикалық қарым – қатынасты
құрды.
Бірінші сатыды қабылданған құру бойынша шешімдер және Төлемақы Одағының
және басқада қарарлар, орындалмаған күйінде қалды.
ІІІ саты – 1997 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін СНГ мемлекеті қыйын –
қыстау жағдайды жеңуімен айналысуда.
Қазақстанның ұсынысы бойынша СНГ мемлекеті интеграция органдарының
қызметін жүзеге асыру бойынша жұмыс істей бастады. Н.Ә.Назарбаевтың
концепциясы соңғы шешімін алды, ол жан жақты білім аумағының үлгісі болды.
Сонымен қатар ішні өнім көлемін көрсетуге болады (пайыз қатынасында)
1995ж, 1991 ж – 100 пайыз
РсМемлекеттер Жылдар
1992 1993 1994 1995 1996 1997 1998 1999 1 Әзербайжан 77,4
59,5 47,8 42,2 45,2 49,7 49,7 59,4 2 Әрмения 58,2 53,1 55,9
59,8 63,3 65,3 70,0 72,3 3 Беларусь 90,4 83,5 73,0 65,4 67,2
74,2 80,2 83,6 4 Грузия 55,1 39,0 34,9 35,8 39,8 44,2 45,5
46,8 5 Қазақстан 94,7 75,2 86,0 75,2 69,0 69,3 69,0 70,4 6
Қырғызстан 86,1 72,8 58,1 55,0 58,9 64,7 65,9 68,5 7 Молдова -
100 69,1 67,8 62,5 63,3 57,9 56,6 8 Ресей 85,5 78,1 68,1
65,4 63,1 63,6 60,6 62,5
Тек қана СНГ елдерінің бірнеше елдері ғана динамикалық өсуін көрсетті
1) халықаралық конъюнктер экономикасының қолайлы жағдайына байланысты;
2) Шет ел инвестицияларының СНГ елдеріне бөлек экономикны қызықтыру;
3) Бөлек экономиканың технологиялық өсуі.
Қазақстан қызметі СНГ шеңберінде бірнеше бағыттаға – барлық СНГ
масшабатрында дами бастады.
Н.Ә.Назарбаевтың ойлауынша: “Ынтымақтастық әлі одақтық елдердің біріктіру
қызметі бола алған жоқ.
Жақын уақытта СНГ мемлекетінің жағдайы өзгермесе онда ол тек тарихта
Совет Одағының құлаған органы ретінде ғана қалады.[3]
Сонымен қатар СНГ басшылары барлық елдің экономикасынан тығыз байланыс
кезінде ғана жеңе алатынын атап кетті.
Экономиканы терең интеграциялауға келесі аяқ басыс ол Қазақстан, Ресей
және Беларусия үкіметінің Басшыларымыен 1995 жылы 20 қаңтар айында Кедендік
Одақ туралы Келісімі, 1996 ж наурыз айында Қырғызстан Республикасы,
Тәджікстан Республикасы қосылды 1999 жылы 26 ақпанда оның толық мүшесі
болды.[4]
Президент Н.Ә.Назарбаев, Мемлекетаралық Одақ Кеден Одағының Төрағасы
ретінде, 1998 жылы мынандай бастамамен сөйледі жәнеде мынандай атау берілді
Жай адамдарға қарсы жай он қадам. Бұл бағдарламалы құжатта халық
Ынтымақтастығының өмірін жеңілдету айтылған.
СНГ елдерінің интеграциялық салаға қатысты ұстанымы көбіне ішкі саясат
және экономикалық жағдайы қатысты елдерге байланысты, олардың геосаясаттық
бағалауы, сонымен қатар ұлттық экономика моделін жобалау.
Қазақстан Республикасының ішкі саясатын жол жөнекей құруда
Қазақстанның ішкі саясат талаптары және негізгі мақсатының кілті:
- мемлекет қызығушылығын қорғау;ъ
- елде экономикалық реформаны жалғастыруда ішкі талаптарды орташа
қолайлылықпен қамтамасыз ету;
- барлық әлем мемлекеттерімен әріптес қарымқатынас және тең құқықты
дамуы;
- халықаралық ұйымдармен қызметті тереңдету
“Қазақстан күшінің және геосаясат жағдайы және экономикалық потенциалын,
Н,Ә,Назарбаев, бірінші рет қысқа аумақтық проблемаға түсүп тұрған жоқ деп
көрсетеді. Бұл тек біздің мемлекетте емес, барлық елдерде де түсүніксіз
болар еді.
Қазақстанның болашағы Азияда да , және де Европада, және де Батыста, және
де Шығыста. Шығыс пен Батыстың бір – бірін түсүнушілігі бір – бірінің
білімінде және өзінде үлкен мүмкүндігі барлар, ол біздің халқымыздың және
мемлекетіміздің жағдайына көңіл аударуда”[5] .
Тәуелсіз Мемлекеттердің Ынтымақтастығы оны құрушылардың сенімін толығымен
ақтамады. Негізі мәселе саясатта және экономикада.
а) экономикалық реформаның дамуының әртүрлі салалары;
б) Бекітілген келісім шарттарды орындаау;
с) СНГ мүшелерінің бір – біріне сенбеушілігі.
Д) Кейбір СНГ мүшелерінің түсүнүсуі, ары қарай бір – бірінен алшақ болуы.
1994 жылы “СНГ елдерімен Қоғамдық Орталық ойлары” Қазақстанда СНГ – ң даму
сұрақтары бойынша социологиялық зерттеулер жүргізілген. Тәуелсіз
Мемлекеттер Одақтастығы, респонденттер ойы бойынша, мемлекетаралық
қатынастар ұйымы орташа тиімді болды, бұл осындай ұйымның керекжоқтығынан
емес немесе қызығушылығынан емес. Себебі басқада.
Біріншіден, СНГ шеңберінде механизмдер қарым – қатынасы және қарым –
қатынасты игеру сенімділігі толық игерлмеген.
Екіншіден, мұндай ұйымдардың түрлері жан – жақты талаптарға жауап
бермейді. Мысалы, 1994 жылдың басында 411 құжатқа қол қойылған, оның он
пайызы ғана орындалған.
Н.Ә.Назарбаев 1994 жылы 22 наурызда сөйлеген сөзінде “Чатем хаус”
(Лондон), бірінші рет СНГ реформалау ойын айтқан, “біздің көз қарасымыс
бойынша “ядра” негізінде жұмыс істейтін мемлекет одағын құру, оны былай
атауға болады “Евро – Азиялық Одақ”.
Н.Назарбаев өзінің Евро – Азиялық Одағы ойына 1994 жылы 29 наурызда ХМУ
студенттері және профессорлы – мұғалімдер құрамы алдындағы сөйлген сөзінде
де айтыа кетті. Қазақстан Президенті өзінің сөйлген сөзінде “Біз Одақтың
бұрынғы республикасымыз, тарихына және өміріне бірге дайындалғанбыз. Бізге
бірдей механизм байланысы және басқармалар, жалпы минталитет, және тағыда
басқалары бірі – бірінен алшақтап кеткен және бір – біріне керектігі қатты
сезілген.
Ары қарай Н.Ә.Назарбаев Евразиялық Одаққа жаңа қосылуды ұсынды.
1994 жылғы маусымның 3-нде “Евразиялық Одақ мемлекетін құру туралы”
құжаттың Жобасы ақпаратт беттерінде басылымға шығады.[6] Онда СНГ және ЕАО
бірі – біріне қайшылығы жоқтығы көрсетіледі.
ЕАО – бұл жаңа интеграцияға ауысуы, мұнда бірігіп қабылданған талаптар
толығымен орындалады, негізгі мақсат – экономикалық саясатты және
мемлекеттік – қатысушылармен бірігіп жасаған бағдарламаны экономикалық
реформа өткізуді орындауға міндеттерін қабылдау келісімі.
Құжат жобасында “Экономикалық тәуелсіз мемлекеттерді жақындастыру
негізінің қызығушылығын анықтау. ЕАО саясат институты экономикалық
интеграция меншігін және қызығушылығын көрсетуі керек”.
ЕАО – на СНГ – дан әлде қайда айырмашылығы болуы керектігі ұсынылды.
Біріншіден - бұл Евразиялық Одақта парламенттің болуы, оны ұйымдастырудың
екі себебі құрылады: бірінші – бұл депутаттарды ұлттық парламентке бөлу
және екінші – тікелей сайлауды өткізу. Заңды органдар бірнеше тапсырмаларды
орындайды, оның ішінде заңнамалы саясат бірлігін құру – бірінші кезекте
экономикалық реформа аймағын. СНГ елдерінің заңнамалы ұлттық экономикасының
типтер арасында келіспеуі. Ол 1994 жылы байқала бастады. Сондықтан СНГ
аумақтарында валюта одағы немесе біркелкі ақша бірлігі құрылмы қаралмаған,
заңдылықтың бір – бірімен келіспеуінен.
Екінші айырмашылығы болып ЕАО кіргені, одаққа қатысушылар мемлекеттері
арасында әскери қозғалысты тоқтату қарастырылған.
Үшіншіден – Евразиялық Одақтастықа мүшелерді ассоциярлау қарастырылмаған.
Сонымен қатар ЕАО шешімдері мамандандырылған талаптармен қабылдануы керек.
Қазақстан Президентінің Жобасында бірнеше ұлттық координациялау
салаларын құру ұсынылған: ЕАО мемлекеті кеңесінің басында экономика бойынша
коммисия, ЕАО экспорттар - елдің шикізіп тесурстары бойынша комиссияч,
мемлекетаралық қаржы - өндіріс тобының және біріккен кәсіпорындар бойынша
коммисиялар. Жаңа салалар қатарында мемлекетаралық инвестициялық банк ашу
ұсынылды.
Жобаны игеру сұрағы тұрды.
Мүмкін екі варианты бар:
- бірінші – ЕАО СНГ елінің ішінде ұйымдастырылады, егерде СНГ қатты
тығыз байланыс режимі керек деп есептесе. Осындай жолмен ЕАО СНГ
құрылымдық жүйелерін жүзеге асыра алады.
- Екінші вариант - СНГ – ЕАО жайлап трансформайиясы.
Қазақстан Президентінің Жобасы СНГ мемлекет басы жағынан бірнегізді
қатынасты шақырды, Өзбекстан және Түркменстан лидерлері өте ыңғайсыз
қарады. ЕАО өзін уақытынан алға шығып кетті сондықтан көбі шынайы емес.
Сонымен қатар ресейдің арнайы шеңберлерінің ойларыда бөлісті. Басшыларды
жартысы, былай деп санайды егерде ЕАО Ресейге салынса онда ресейге қосымена
уақыт болады, жеңіп шыққаннан кейін СНГ басқа мемлекет болып қалады, ал
басқа топтар Н.Назарбаевтың ұсынысын қолдады.
Ресейде, “Независимой газетінде” 8 маусым 1994 жылы толығымен ЕАО –
жобасы толғымен басылымға шықты.
20 қыркүйек 1994 жылы Алматы қаласында өткен өзінің ғылыми – тәжірбиелік
конференциясының “Евразийское пространсто баяндамасында: интеграциялық
потенциал”, Н.Назарбаев: “Сенімді: варианттар бар – тек қана басты
интеграция жүзеге асады, бірінші кезекте евразиялық кеңстікте. Бұл біздің
барлық еліміздің, мемлекетіміздің қызығушылығына жауап бере алады.
Бұл соңғы шашылудан қорғап қалудың жалғыз жолы және геосаясаттық апаттың
және социалды – саяси катаклизмалардың мүмкүндігіне кепілдеме[7]
ЕАО жобасының тәжібиелік сатысын қарастыруға болады және Орталық –
азиалық одақты құжаттау.
Евразиялық одақ – бұл қосудың формасы, Батыспен Шығыстың кеңістігін
геосаясат шеңберінде жақындату.
Кеибір ғалымдар, саясаткерлер, ЕАО батысевропалық интеграциядан көшіріп
алған деп санайды. Әрине барлық салыстырмалар уақытша, және ЕАО
шеңберіндегі интеграцияғ ЕС айырмашылығы болады.
ҚР Президенті Н.назабаевтың айтуына қарағанда, бүгінгі күні ЕураАзЭҚ ТМД
аумағындағы ең жақсы дамып келе жатқан өңірлік бірлестік болып табылдаы. Ол
БҰҰ Бас Ассамблеясының байқаушысы ресми мәртебесіне де ие. Сонымен бірге
бірлестік шеңберіндегі елдер арасында көптеген тауарлар бойынша бірыңғай
импорттық тариф қолданылады. Бүгінде олар барлық тауар тізілімінің 62
пайызын қамтиды. Ал Кедендік одаққа жалғастаын, қазірдің өзінде басталып
кеткен бірыңғай кедендік аймақ құру жұмысы барысында ол тауарлар үшін
бірлестік шеңберінде олардың олардың кеңесі құрылған.
Өткен жылдың 6 қазанында осы Санкт – Петербургте болған кезекті саммитте
Орталық Азия ынтымақтастық ұйымы мен ЕурАзЭҚ-ты біріктіру туралы шешім
қабылданған болатын.
ЕураАзЭҚ елдері осы күнге дейін 84 келісімге қол қойған және соның 60
–тан астамы іс жүзінде қолданысқа түскен. Жаңа мүшені осының бәріне
келісіп, өзінің парламентінде ратификациялау сияқты айтарлықтай ауқымды
жұмыстар күтіп тұр.
3. ҚР ішкі экомикалық саясаттың батыс елдерінің даму рөлі

Қазіргі заман дипломатиялық қызметін дамыту тенденциялары ішкі
экономика ведомстваларымен экономикалық проблеманы шешуге кіріседі. Бүгүнгі
күні Қазақстан үшін мемлекетаралық қатынасты бекітуегі ең маңызды мәселенің
бірі экономика мәселесі. Аса маңызды белгілер США қатынасымен, жүргізуші
мемлекеттің әскери әлемі және экономикалық облысы.
Біздің еліміздің қарым – қатынас спецификасы мынамен қорытылады:
1. саясат облысында осы қарым – қатынастардың басы;
2. СССР-дің құлауымен, Қазақстан ядролы мемлекет болады;
3. Қазақстандағы бекітілген исламдарды США енгізбеу күшімен тырысу.
1990 жылдары Қазақстан аумағында ең маңызды проблеманың бірі ядролық қару
болды. СССР құлар алдында Қазақстанда 104 ракета “РС-20” 1040 соғыс
оқтарымен. Әлемдегі ең ауыры МБР Державенка және Жаңғызтөбе базаларында
өндірілді. Семейдің түбіндегі аэродромда 40 стратегиялық бомбылаушылар ТУ-
95 МС 240 қанатты ракеталар орналастырылған.
Президент Н.Назарбаев 1992 жылы сәуір айында бұрынғы 40 –шы Совет
Одағының армиясын өзінің бақылауына алатынын хабарлады.
2. ақпан 1992 жылғы ашық США посольствасы Алматыда жаңа қазақстан –
америкалық қарым – қатынас сатысы басталды.
1993 жылы қазақстан – америкалық қатынасы алдындағыға қарағанда жақсы
дами түсті. США өзінің қатынасын қазақстандықтармен сауда арқылы күшейткісі
келді (мамыр 1992 жыл)ғ әлем корпусының қызметі (желтоқсан 1992 жыл), ғылым
және техника облысында қызмет бойынша келісімді дайындау.
1993 жылдың бірінші жартысында ең маңызды істердің бірі ол Қазақстанға
С.Т.Тэлботтаның келуі. Сонымен қатар Қазақста басшыларының “ ... халықаралық
аренаға США әскери күшін және экономикалық, саясатын тартуын” атап өту
керек.[8]
Американдық инвестициялар Қазақстанда бірінші орнда басқа Батыс елдерінің
экономикасымен салыстырғада. Қазақстан экономикасына өзінің қаражаттарын
мынан үлкен гиганттар салған “Шеврон”, “Мобил”, “Тексако”, “Амоко”,
“Экссон” және т.б.
“Мировой рынок (және оның ішінде США) Қазақстан қатынасында өзінің
таңдауын алған: нефть және түсті металдар.
1994 жылдағы ең басты жаңалық Н.Нзарабаевтың ақпанның 13-нен – 19-на
дейінгі Вашингтонға келуі (бірінші кездесу 1992 жылдың мамыр айында
болған). Бұл келудің шешімі болып базалы құжат – Хартии демократиялық
қызметтеске ҚР және США арасында (14 ақпан 1994 ж)
Парламент палаталарының бірлескен отырыстарында Елбасы Н.Назарбаев
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасының
қағидаттарына негізделіп, таяудағы он жылға арналған “Лемдегі бәскеге
барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын ұсынды. Осынау тарихи
мерзімге арналған еліміздің аса маңызды құжатының талаптарын орындау жаңа
Үкіметтің міндеті, ал атсалысу барша қазақстандықтардың парызы. Өйткені,
экономикасы бәскееге қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына жету – барлық
әлеуметтік топтарға өзіндік міндет жүктейді. Біздің алдымызда тұрған елдер
де осы уақыт аралығында дамып, алға басатыны белгілі, ал олардың алдына
шығу үшін қазақстандықтарға өмірдің барлық саласында ширақ қимыл, серпінді
іс керек.
Қазақстан Президенті Н.назарбаев тұжырымдап, 2006 жылғы 18 қаңтарда
Паламент палаталарының бірлескен отырысында ұсынған “Қазақсттанның әлемдегі
бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” таяудағы он
жылға арнаалған алты басымдық пен тиісті міндеттер атап көрсетілген.
Аталған басымдықтардың іске асыру Қазақстанның экономикасы дамып, өркениет
көшіндегі орнын ілгерлете түсті. Қазірдің өзінде Дүниежүзілік экономикалық
форумның деректері бойынша, бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік рейтингінде
Қазақстан ТМД елдерінің барлығының алдына шығып, 61-ші орында тұр.
Сонымен бірге экономика мен әлеуметтік салада кешенді түрде шешілуге тиіс
проблемалар баршылық. Бұл саладағы негізгі мақсат экономиканы
әртараптандыру және индустриялық – иновациялық даму есебінен экономикалық
өсу, өнімділікпен еңбек ету үшін жағдайлар жасау, еңбек рыногыныдағы
белсенді саясат және халық кірісін ұлғайту, инфляцияны саналы түрде ірку.
Одан әрі даму үшін біз жоғары технологиялар мен білімге, сондай – ақ жеке
сектордың жаңашыл бастамаларына негізделетін инновациялық жолды таңдады.
Негіз ретінде кластерлік әдіс алынды.
Мемлекеттік экономикадағы сұранысты ынталандыратын жағдайлар жасай алады
және жасауға міндетті, бірақ та өндірісті өзі ұйымдастыруға немесе
бақылауға тиіс емес.
Мұны рынок істейді.
Экономиканың салауатты жеке ссұраныс бар салаларында мемлекет бәсекелес
ортасын дамыту және рынокты монополияландыруға жол бермеу үшін қажетті
реттеуші рөліг ғана атқаруға, ал ондай сұраныс жоқ жердерде оны жасауға
жәрдемдесуі тиіс.
Қоғада келісім шарттық қатынастарды дамытудың және жеке меншік институтын
нығайтудың маңыздылығы даусыз. Бірақ та олардың кері кетпеушілігі үшін
қосымена заңнамалық әкіменілік шаралар және даулар мен арбитраждық
ресімдерді тәуіелсіз қарау жүйесінің дамығаны керек.
Экономикаға мемлекеттің қатысу тиімділігін біз мемлекеттік басқарудың
түрлі деңгейлерінің өкілеттіктерінің шектеуді және оңтайландыруды,
мемлекеттің экономиканы бақылауын төмендетуді көздейтін әкіменілік
реформалар есебінен арттыруға тиіспіз.
Біз экономикалық және әлеуметтік жаңарудың “локомотивтері” болуға қабілетті
дамыған өңірлік орталықтарда экономикалық қызметті шоғырландыруға,
заңнамалық, экономикалық және әкіменілік шаралар жүйесін қарастыруға
тиіспіз.
Дамыған өңірлік орталықтардың әлеуетін ортақ теңдестірілген өңірлік даму
мен тоқыраған өңірлердің дәуірленуіне пайдалану үшін бізге жаңа көші – қон
саясаты керек.
Қазақстан экономикасының одан әрі өсуі, ең алдымен, сыртқы сауда және
коньюнктура факторларымен айқындалатын болады. Елдің жедел экономикалық
дамуының бірқатар “сыртқы локомотивтері” анық.
1992 жылы қарашада С.Нанна және И.Р.Лугара сенаторлары келді, оларды
президент Н.Назарбаев қабылдады.
Қазақстан экономикасының конверсиясына аза маңызды көңіл аудару қажет.
США қару – жарақ Министрлігі бағдарлама бойыныша 14,7 млн. Доллар салды;
төрт америкалық фирмалар, осы жобалар қызықтырылған, 21,2 млн. Доллар
салынған.[9]
3,9 млн.доллар ядролы полигонды конверенсия бойынша бірлескен кәсіпорындар
құруға салынған.
- 3,0 млн.доллар BueIocorp Scientific фирмасына бірлескен кәсіпорын
құруға, өндіріс бойынша және клапандарды тарату бойынша және ұшақ
жүйелеріне берілген.
- 2,7 млн. Доллар FIIen Associates фирмасын бағдарлау жобасына
жіберілген
Бұдан басқа Курчатов қаласындағы атомды энергетика Институтында қазақстанды
– американдық біріккен кәсіп орын ашылды “Сентэк”
21 сәуір 1995 жылы Қазақстаннан барлық ядролық сынақтар шығарылған
Сарапшылардың бағалауы бойынша ІЖӨ-дегі көлеңкелі экономиканың үлесі
шамамен 25 – 30 пайызды құрайды. Бұл орайда заңға бағынатын кәсіпкер ҚҚС
түрінде 15 пайыз, заңды тұлғалардын табыс салығы және басқалар түрінде 30
пайыз төлесе, онда “көлеңкелік бизнес” өкілдері заңсыз табыстардың
айтарлықтай сомаларын алатыны белгілі болады.
Орталық Азияның геосаяси және экономикалық жағдайы, оның әлемдік
қауымдастықтағы алатын орны, Қытай, Ресей мен АҚШ-тың мүдделері, осы
елдердің ұстанып отырған саясатының астары, Орталық Азия аумағындағы
қауіпсіздік мәселелері – бұлардың бәрі форумның күн тәртібінде қаралатын
тақырыптар. Аталған проблемаллар төңірегінде Жаңа саясат халықаралық
институтының өкілдері, НАТО басшылары қатысты.

Қазіргі әлемнің аса ірі державасы Америка Құрама Штаттарымен жан-жақты
қатынастарды дамыту сыртқы саясатта басым орын алады. Біздің мемлекетіміз
үшін Америкамен ынтымақтастық әлемдік қоғамдастықта халықаралық орынды
нығайту және ұлттық мүдделерді ілгерілетумен тікелей байланысты.
АҚШ-тыңжалпы әлемдік процестерге ықпалы сөзсіз. Бұл орасан зор әскери-
саяси ресурстарға және экономикалық қуатқа иелік ететін көбінесе ғаламдық
процестердің дамуына шешуші ықпал ететін, әлемде стратегиялық тұрақтылықтың
жай-күйін көбінесе анықтап беретін мемлекет. АҚШ дербес күш ретінде, сондай-
ақ халықаралық ұйымдар туы астында әрекет ете отырып, іс жүзінде планетаның
көптеген аймақта-рында жанжалдарды реттеуге белсене қатысады. Американың
осы заманғы әлемдік экономикаға ықпалы оның ұлтттық экономикасының мөлшері
және күш-қуатымен ғана емес, Халықаралық Валюта Қоры, Халықаралық қайта
құру және даму банкі сияқты халықаралық институттар, басқа да ұжымдық қаржы
және сауда-экономикалықұйымдар американ қағидат-тары мен құндылықтарына
сәйкес жұмыс істеуімен де айқындалады. Американың ішкі рыногы осы заманғы
елдердің көпшілігінің экспорты бағдарланған экономикалық дамуының маңызды
шарты болып табылады. Аса ірі трансұлттық корпо-рациялардың 40 пайызының
АҚШ-та штаб-пәтері бар.
Сондықтан, Қазақстанның АҚШ-пен өзара іс-қимылы тек екі жақты сипатпен
шектеле алмайды. Вашингтонмен тұрақты байланыс халықаралық қауіпсіздікті
қамтамасыз етуді (қарусыздану және қару таратпау), сыртқы экономикалық
қызметті және энергия көздерінің экспортын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар
шеңберіндегі қызметті қоса алғанда, Қазақстан дип-ломатиясының барлық
бағыты бойынша қажетті элемент болып табылады.
Қазақстан өзінің геосаяси факторларына және экономикалық әлеуетіне
орай американ дипломатиясының назарынан тыс қала алмайды. АҚШ-тың
Қазақстанға мүдделілігінің бірнеше деңгейі бар. Бұл бірінші кезекте,
халықаралық аренада Америка Құрама Штаттарымен бәсекеге түсетін бірнеше
мемлекеттің мүдделері тоғысқан аймақта АҚШ-тың стратегиялық қатысуын
қамтамасыз етумен байланысты геосаяси фактор. Бұдан әрі, гуманитарлық
құндылықтарды (демократия, адам құқығы мен бостандығы, нарықтық экономика)
ілгерілетуді көздейтін мәдени-идеологиялық фактор келеді. Тағы бір "деңгей"
АҚШ-қа және оның одақтастарына Орталық Азия аймағынан төнетін қатердің
алдын алуды қамтиды. Олардың қатарына қару-жарақты, ядролық материалдарды
тарату, есірткі саудасы, терроршылдык,, діни экстремизм проблемалары
жатады. Белгілі бір дәрежеде экономикалық және гуманитарлық көмекті осы
"деңгейге" жатқызуға болады, өйткені, олар ұлттық шеңберден шығып кетуі
мүмкін, сыртқы ортаға тұрақсыздық ықпал ететін дағдарыстардың алдын алу.
Бұл деңгейде АҚШ-пен бүкіл әлемдегі оның одақтастарына мұнайды
үздіксіз және саралап жеткізу арқылы АҚШ-тың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
жатады. Біздің рыногымызда Американың жеке компанияларынын, сауда-
экономикалык, мүдделерін ілгерілету бойынша ресми Вашингтонның көтеріңкі
белсенділігін осымен түсіндіруге болады.
Өткен жылдар ішінде түрлі факторлар әрекетіне, мысалы, ішкі саяси
өзгерістерге немесе Америка дипломатиясы басым-дықтарының ауысуына
байланысты АҚШ-тың Қазақстанға қатысты саясаты жаңа астарларға ие болды.
Алайда Қазақстанның энергоресурстары рыногына АҚШ-тың тұрақты қатысуын
қамтамасыз ету міндеті өзгеріссіз қалды.
Екі жақты к,атынастардың бастапқы кезеңінде Американ тарапынан әскери
стратегиялық қауіпсіздік басым түсіп жатты. Вашингтонның ұстанымы КСРО
тарағаннан кейін Қазақстан аумағында қалған ядролық қаруды таратудың
ықтимал қатерін оқшаулауға және толық жоюға ұмтылысынан туындады.
Демократияның және еркін кәсіпкерліктін, дамуына ықпал ету, сондай-ақ
экономиканың өндіруші секторына инвестициялар салу өткен ғасырдың
тоқсаныншы жылдарының басында АҚШ-тың Орталық Азия аймағында Ресейдің
ықпалын кеміту жөніндегі күш-жігері арқылы қарастырылды.
Сол кезеңде Президент Дж.Буштың кеңесшісі болып жұмыс істеген белгілі
американдық саясаттанушы М.Олкотт былай деп атап көрсетті: "Құрама Штаттар
Орта Азиялық қоғамның білімді топтарымен бұл ортада Америкаға қарсы көңіл
күй пайда болуына жол бермеу үшін осы республикалардың жастарын, ғалымдары
мен мәдениет қайраткерлерін американ құндылықтары деп аталатындықтарға
жасалған жоспарға сәйкес тарту жөнінде көп жұмыс істеуі тиіс". Одан әрі
былай деп жазады:"АҚШ оларды тәуелсіз мемлекеттер болуға, ең алдымен
Ресейден тәуелсіз болуға үйретуі тиіс, тек сонда ғана Орталық Азия заң
жүзіндегі тәуелсіздіктен іс жүзіндегі тәуелсіздікке көшеді; аймақта
американ мүдделеріне жәрдемдесетін нәрсе осы болады".
Өзара қатынастардың бастапқы кезеңінде Вашингтон ай-мақта бірнеше
стратегиялық міндетті шешуге ұмтылды. Біріншіден, Орталық Азияда
тұрақтылықты сақтау, өйткені керісінше жағдайда бұл жерде Американ геосаяси
ықпалын орнату көзқарасы тұрғысынан аймақ уыстан шығып кетер еді. Екіншіден
ядролық қаруды, оны жеткізу құралдарын және яд-ролық материалдарды жоюды
қамтамасыз ету. Үшіншіден Ресейдің елеулі геосаяси күш ретінде қалпына келу
нақты мүмкіндігін кеміту үшін жағдай жасау. Төртіншіден, көптеген
талдаушылар XXI ғасырда әлемдік көшбасшылар қатарында болады деп болжап
отырған Қытайды тежеу үшін шаралар қабылдау және ең соңында АҚШ-тың Орталық
Азияда экономикалық және саяси қатысу күш-жігерін қамтамасыз етуші тиісті
жағдайлар жасау міндеті түрды.
АҚШ әлемде Қазақстанды алғашқылардың бірі болып таныды және онымен
бірінші болып дипломатиялық қатынастар орнатты, сөйтіп, Американ сыртқы
саяси стратегиясының арқасында да қалыптасқан геосаяси ақиқаттың өзгерісіне
тиісінше көзқарас білдірді.
Қазақстан - Американ қатынастарының басы 1991 жылғы 25 желтоқсанда
басталды. Нақ сол кезде АҚШ Қазақстан Республикасын егеменді мемлекет
ретінде ресми таныды. Келесі күні-ақ екі ел арасында елшілер деңгейінде
толық ауқымды дипломатиялық қатынастар орнатылды. Қазақстан-дағы алғашқы
шетелдік елшілік Американікі болды.
АҚШ-тың Қазақстанға көтеріңкі көңіл бөлуі оның аумағын-да ен, осы
заманғы және тиімді жерге орнатылған СС-18 континентаралық баллистикалық
зымырандардың және оларда ядролық ақтұмсықтардың болуымен айқындалды.
Мүндай қатерлі әлеуеттің болуы өз қауіпсіздігіне қауіпті әлсіретуге және
жаңа ядролық мемлекеттің пайда болуына жол бермеуге деген Вашингтонның
ұмтылысын табиғи етті.
Жаппай қырып-жоятын қаруды Кеңестен кейінгі кеңістікте таратпау
проблемасы өткен онжылдықтың бас кезінде Вашингтон сыртқы саясатының "күн
тәртібіндегі" ең өзекті мәселёлердің бірі болды. Сол кезеңдегі американ
диплома-тиясының басым міндеті Қазақстанның ядролық қарусыз мемлекеттер
ретінде Беларусь және Украинамен қатар Ядролық қаруды таратпау туралы
шартқа (ЯҚТШ) қосылуын, бұл елдердің ядролық қарудан бас тартып, оны
кейіннен жоюын қамтамасыз ету болды.
Қазіргі кезде, он жыл өткеннен кейін, біздің Америка Құрама
Штаттарымен қатынастарымыз үшін ынтымақтастықтын, барлық бағыты бойынша
серпінді жоғары деңгей тән болып, мұнай факторының рөлі күшейген, саяси
сұхбатты стратегиялық серіктестік деңгейіне көшірген кезде ядролық қаруды
таратпау проблемасы екі жақты ынтымақтастық практикасында әлі де өте
маңызды орын алады.
АҚШ-тың Қазақстанмен қатынастарды дамытуға мүдделілігі Орталық Азияның
"көтеріңкі тәуекел аймағы" ретінде стратегиялық маңыздылығына және АҚШ-тың
үш тұрақты бәсекелесі Ресейдің, Қытайдың, Иранның ықпалы үшін мүдделері
тоғысқан жер болуымен де байланысты. Американың мүддесі энергетика
факторымен күшейтіліп отыр: Құрама Штаттарда Қазақстан әлемдік энергетика
рыногында елеулі рөл атқаратын келешегі зор әлемдік экспортер ретінде
қарастырылады. Геостратегиялық және энергетикалық факторлар Вашингтонның
сыртқы саясатының бағытын-да Қазақстанның маңызды орнын белгілеп берді және
АҚШ Президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бүрынғы көмекшісі
З.Бжезинскийдің қуаттауынша "аймақтық қауіпсіздікті қамта-масыз етуде
салмақты рөл атқара алады"1.
Қазақстан жаппай ядролық қарусыздану идеясын сындарлы жақтаушы ретінде
1992 жылғы 22 мамырда Стартегиялық шабуыл қарулары туралы шарттың (СШҚ-1)
тең құқылы тараптарының бірі ретінде Лиссабон Хаттамасына қол қойды және
өзіне ядролық емес мемлекет болу міңцеттемесін алды.
Қазақстан басшылығы бұл ретте ядролық қаруды бұзу және кәдегежарату
процесінде АҚШ-пен ынтымақтастықтың маңызын түсіне отырып, "ядролық
мәселенің" екі жақты қатынастарда өтпелі екендігін бағалай келе ұзақ
мерзімді ынтымақтастықтың мазмұнды бастауларын күшейтуге бағытталған
дәйекті іс-қимылдар жасауда. Егер өзара қарым-қатынастарының бастапқы
кезеңінде Вашингтон өзара қарым-қатынастардың ядролық астарларына зор көңіл
белсе, Қазақстан[10] басымдық ретінде сауда-экономикалық және инвестициялық
ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қойды, онытәуелсіздік пен қауіпсіздікті
нығайтудың кепілі ретінде қарады.
Қазақстан - Американ ынтымақтастығының негізі Президент Н.Назарбаевтың
1992 жылғы мамырда АҚШ-қа бірінші ресми сапары барысында қаланды. Екі
мемлекеттің басшылары Құрама Штаттар мен Қазақстан арасында жаңа
қатынастардың орнатылатыны туралы мәлімдеді. Кейінгі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz