Информатика пәні бойынша 7 сыныпқа арналған теориялық материал


Мазмұны
Дипломдық жоба бойынша тапсырма . . ……… . . . . . . … . . . …3
Күнтізбелік жоспар…. . . . . …… . . . 5
Кіріспе . . . 6
I. Компьютерлік оқу құралын жасау әдістемесі . . . 8
1. 1 Электронды оқулықтарды пайдалану . . . . . 13
1. 2 Электронды оқулықтарды информатика сабағында пайдаланудың тиімділігі . . . 15
II. Информатика пәнінің оқу-әдістемелік кешендеріне сипаттама . . . 17
2. 1 Информатика оқулығына қойылатын талаптар . . . 19
2. 2 Информатиканы оқыту әдістемесіне қойылатын талаптар . . . 20
2. 3 Информатикадан дидактикалық материалдарға қойылатын
талаптар. . 21
2. 4 Информатика хрестоматиясына қойылатын талаптар . . . 22
2. 5 Мультимедиа технологиялар . . . 23
2. 6 «ДК программалық қамтамасыздандыруы» оқытушы электрондық оқулықтың құрлымы . . . 25
2. 7 Оқытушы электрондық баспалар бойынша беттерін және интерфейс элементтерін құру . . . 26
III. Информатика пәні бойынша 7 сыныпқа арналған теориялық материал. . 28
3. 1 Есептеуіш техникасының даму тарихы . . . 28
3. 2 Компьютер құрылғылары . . . 35
3. 3 Ақпарат. Адам. Компьютер . . . 38
3. 4 Информацияның түрлерi . . . 39
3. 5 Информациялық мәдениет . . . 45
3. 6 Аппаратық, программалық қамсыздандыру . . . 45
3. 7 Компьютердің ішкі құрылғылары . . . 47
3. 8 Windows операциялық жүйесi . . . 53
Қорытынды . . . 62
Қолданған әдебиеттер . . . 63
Кіріспе
ХХІ ғасырдың басы адамзаттың индустриялық эрадан информациялық эраға өтуімен ерекшеленеді. Осыған байланысты информацияны ала білу, оны өңдеу және күнделікті істе пайдалану өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.
Бұдан 16 жылдай бұрын орта мектептерге «Информатика және есептеу техникасының негіздері» пәні енгізілген болатын. Аталған пән оқушыларды информациялық қоғамдағы өмір талаптарына сай дайындауда үлкен роль атқарып келді және атқара берді. Алайда, жаңа информациялық технологиялардың өте шапшаң даму қарқыны біздің бұл пәнге деген қөзқарасымызды түбегейлі өзгертті.
Соңғы бір екі жыл ішінде пайда болған жаңа программалық өнімдер жалпы көпшілікке кәсіби информациялық технологияларды пайдалана білудің аса қажеттілігін көрсетті. Біздің қоғамымызда болып жатқан өзгерістер орта білім беру саласының дамуына да өзгерістер енгізуге себепші болды. Президентіміздің білім саласын ақпараттандыруға байланысты Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республиксының үкіметі мектептерді техникамен қайта жабдықтауға, жаңа информациялық технологияларды енгізуге көп көңіл бөлуде.
Біздің еліміздегі жалпы білім беретін мектептерге программалау элементтерінің енгізілгендігіне отыз жылдай уақыт болды. Мектеп информатикасы информатика ғылымның бір саласы ретінде, атап айтқанда мектептегі оқу процесінде пайдаланылатын ЭЕМ-ді программалық, техникалық, оқу-методикалық және ұйымдастыру жақтарынан қамтамасыз етуді зерттейтін саласы ретінде анықталады.
Қазіргі заман талабы бойынша білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі - оқу үрдісіне электрондық оқулықтарды енгізу. Өйткені, бүгін таңдағы білім беру саласыңда тек мұғалімнің айтқандарын орындау немесе оқулықты пайдалану заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Электрондық оқулықтар - ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Электрондық оқулық дайындаудың тұжырымдық негізі модулдік оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Сонымен қатар электрондық оқулық дайындаудың педагогикалық ұстанымдар жүйесі оқытудың дидактикалық жүйесіне сәйкес келеді. Электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуге жол ашады.
Электрондық оқулық - оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, моделдеу, тестілеу, т. б. бағдарламалардың жиынтығы. Электрондық оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіңдіктер береді. Атап айтқаңда:
- кері байланысты іс жүзінде тез арада қамтамасыз етеді; жай оқулықтагы ақпаратты іздеу мумкіндіктері біраз уақыт алатын болса, электрондық окулық қажетті оқулықты табуга тез мүмкіндік береді;
-гипермәтінді түсіндірулерге өту барысында уақытты үнемдеуге
көмектеседі.
Білім беру саласында электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай туғызады.
Дипломдық жұмыстың актуалдығы: қазақ тілінде әдебиеттер өте аз. Сондықтан менің ойымша бұл электрондық оқулық актуалды деп ойлаймын.
Дипломдық жұмыстың мақсаты “информатика 7-сынып” тақырыптары бойынша орта мектептерге арналған электронды әдістемелік құрал. Бұл дипломдық жұмыс Microsoft FrontPage программасы көмегімен құрылған. Дипломдық жұмыс жобасы формасы жағынан әр түрлі: теория, жаттығулар, тестерр. Бұл сабақты компьютерлік сыныпта өткізуге, уақытты мүмкіндігінше үнемдеуге көмектеседі.
I.
Компьютерлік оқу құралын жасау әдістемесі
Компьютерлік оқу құралы деп білім берудің компьютерлік технологиясын кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып - үйрену құралдарын айтады. Өз функционалдық мүмкіндіктеріне қарай компьютер қазіргі кезде оқытудың ең керекті жабдығына айналды, бірақ оны тиімді түрде пайдалну жолдарының әлі ашылмаған тәсілдері, күнделікті сабақтарға қолдану үшін әлі де айқындалатын жақтары көп екенін ғалымдар да, мұғалімдер де жиі айтып келеді. Еліміздің ұлттық ғылым академиясы да компьютер арқылы үздіксіз білім беру ісіне көңіл бөліп, көптеген педагогикалық тақырыптарда ғылыми жұмыс жүргізу ісін қаржыландарып келеді. Осы бағыттағы мәселелермен білім саласының мамандары алғашқы дербес пайдаланылатын компьютер шыққан кездерден бастап айналысып келеді, соңғы кездегі компьютерлердің көптеп қолданысқа енуі бұл проблеманың өте өзекті мәселеге айналғанын тағы да дәлелдеп отыр.
Оқу жүйесінде информациялық технологияны жалпы қолданудың маңызынан гөрі оны пайдалану ісі білім беру жүйесіндегі қойылған талаптарға қаншалықты жауап бере алатыны маңыздырақ болып табылады.
Компьютермен оқыту әдісін жүзеге асыру жалпы білім беру ісін жетілдіру тәсілдерімен бірге сонымен тығыз байланысты белгілі бір пәннің өз ерекшеліктерін де есепке алуды талап етеді. Мұнда бірнеше мәселені қатар шешуге тура келеді, олар:
- Компьютерді оқыту ісінің қай жақтарын жетілдіру үшін баса пайдалануға болатынын анықтау;
- Оқу процесін компьютерлендірудің қажетті деңгейін анықтау;
- Компьютерге жүктелетін функциялар (іс-әрекеттер) тізбегін анықтау;
- Әр пән мұғалімдері мен әдіскерлерінің талап-тілектеріне сәйкес келетін компьютерлік оқу құралын жасау.
Компьютерлік технологияны қолдану кезінде оқу материалының негізгі көлемі мұғалім емес, компьютер арқылы беріледі. Оқыту процесін жүргізіп отырған мұғалім көбінесе компьютерлік оқу құралын жасауға қатыспайды. Сондықтан мұндай компьютер арқылы оқытуға арналған ақпараттық-оқу материалдарын жасауда оның авторы мен оқыту процесінің «алшақтығы» білім берудің негізгі принципі деп айтуға болады. Бұл принциптің негізінде берілген материалдарды оқып-үйрену процесі оның авторының кеңесі қажет етілмейтіндей болып ұйымдастырылуы жатады, яғни оқу құралы жаңа материал беріп қана қоймай, оны толық түсіндіре алатындай дәрежеде жасалуы тиіс. Оқу құралын жасауға берілген техникалық тапсырмада осындай әдістемелік жағына баса көңіл аудару ісі алдын-ала анықтылады.
Сонымен компьютер арқылы беруге арналған ақпараттық-оқыту және әдістемелік құралдар құрамына төмендегідей материалдар кіруі тиіс:
- Таратылып берілетін оқу материалдары;
- Бақылау және тестен өткізу материалдары;
- Жаттығулар;
- Сыныппен (топпен) немесе жекелеп оқытуға және өздігінен оқып-үйренуге арналған әдістемелер;
- Әрбір материалды немесе олардың бірнешеуін қатарластыра пайдалану тәсілі, яғни оның стратегиясы мен тактикасы және оларды бір-бірімен алмастыру жолдары;
- Экраннан берілетін барлық ақпараттық-оқу материалдарын компьютердің мультимедиалық мүмкіндігіне және сабақтарды сол арқылы беру тәсілдеріне қарай бейімдеу.
Компьютерлік оқу құралы жалпы оқу жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес жасалады, ал оның ақпараттық-әдістемелік негізін жоғарыда айтылған материалдар құрайды. Ол алдын ала жоба бойынша анықталған компьютерлік технология негізінде жасалған білім беру мәселелерін шешіп, оқыту-үйрету функциялары мен оқу процесін басқару істерін жүзеге асыруы тиіс.
Оқыту жүйесінде арналған программалық жабдықтама ретінде жасалатын компьютерлік оқу құралын даярлау көпжақты мәселе болып саналады, оны жүзеге асыру үшін әр түрлі салаларда істейтін мамандарды пайдалана білу қажет. Төменде осындай шығармашылық топтың мүмкін деп саналатын бір нұсқасының функционалдық құрамы көрсетілген, онда пән мұғалімнен бөлек компьютерлік оқыту әдіскері, білім сапасын тексеру жағының мамандары, суретшілер (дизайнерлер), программалаушылар болуы тиіс.
Мұнда мынадай негізгі талаптардың орындалуын атап өткен дұрыс:
- Компьютерде қолданылатын ақпараттық-оқу материалдарды мен тексеру, бақылау сұрақтары айқын, әрі түсінікті болуы шарт;
- Берілген оқыту әдістемесін толықтыру немесе жаңа оқу әдістемесін жасау, яғни оқу процесіне сай компьютердің функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, бұрыңғы дидактикалық тәсілдерді жетілдіретіндей мүмкіндіктер болуы тиіс;
- Оқу құралының жалпы сценарийін және пәннің әрбір тақырыбының, сабақтың және сабақ ішіндегі белгілі бір кезеңдердің жеке «сценарийін» жасайтындай мүмкіндіктер болуы қажет;
- Даярланған программаның «ашықтық» деңгейін анықтау, яғни оны пайдаланушылар (оқыту ісін нақты түрде жүргізіп отырған мұғалімдер) оқу құралының белгілі бір функциональдық блогын оқу жүйесінің соңғы талаптарына сәйкес өзгерте алатындай мүмкіндігі болуы керек. Мысалы, оқу құралының тексеру блогына жаңа есептер қосу немесе оқу процесін басқару бөлігін жетілдіру, т. с. с. .
Компьютерлік оқу құралын жасаудың ақырғы кезеңі оны программаға айналдыру, яғни машина тілінде кодтау ісі болып табылады. Осындай қолданбалы программалық жабдықтамалар жасау көптеген жүйелік программалар арқылы жүргізіледі, олар: Visual Basic, Delphi, Power Builder, Power Point, т. б. Бұларды пайдаланудың артықшылықтары:
- Программа жасау мерзімін қысқарту;
- Программа жасау мен оны пайдалану кезеңдерінің барлығында да оны сүйемелдеу ісінің жеңілдігін қамтамасыз ету;
- Оқу құралының мазмұны мен құрылымына сәйкес оны пайдаланушы мұғалімге материалдарды аздап түзету-толықтыру мүмкіндіктерін беру;
- Оқу құралының кейбір бөліктерін өзгерткенде (толықтырғанда) тұтынушы интерфейсінің өзгеріссіз күйде сақталуы.
Қашықтан оқыту мақсатына арналған программалар жасауда HTML және “Java” тілдерін немесе бұл жұмысты жеңілдететін FrontPage, Dreamviewer программаларын пайдалану қажет.
Біздегі алғашқы электрондық оқулықтарға шет тілін, Қазақстан тарихын, волеология, қоғамтану, информатика пәндерін оқып үйренуге арналған CD-дискілерге жазылып, даярланған оқу құралдарын айтуға болады. Олар модульдік принципке сәйкес тақырыптарға бөлініп, гиперсілтемелік мәтін құрастыру тәсілмен жасалып, мектеп бағдарламалары мен жоғары оқу орындарының көптеген тақырыптарын қамтиді.
Бұдан былай қазақ-орыс тіліндегі электрондық оқу құралдары да тегін таратылатын күйге жетіп, Интернет жүйесіндегі АҚШ, Ресей білім порталдарындағы тәрізді оқу орындарының web-сайттарында орналастырады деген ойдамыз. Қазақ-Британ техникалық университеті мұнай-газ және информатика саласындағы мамандар даярлауда студенттер күшімен жасалған электрондық оқу құралдарын алдағы оқу жолында үздіксіз білім беру бағдарламасында сәйкес www. kbtu. edu. kz адресі бойынша орналастырмақшы болып отыр.
Ал, Ресейде кең тараған алғашқы компьютерлік оқулықтарға «Информатика мамандықтарға арналған кәсіби сөздік» курсын жатқызуға болады, онда бірнеше жоғары оқу орындары дайындаған 17 түрлі программа дестесі (пакеті) келтірілген. Бұл оқулықтың ерекшелігіне бір программалық кешен аймағында бірнеше жеке оқу программаларын біріктіріп, информатика пәнін оқытудың біртұтас компьютерлің курсын жасау ісі жатады. Оған кез келген маман қосымша тақырыптар қосып толықтыруына болады. Оның үстіне бұл программаға арнайы информатикалық есептеу программаларын да қосып пайдалану мүмкіндігі қарастылырған.
Сонымен компьютерді қосымша оқыту жабдығы ретінде пайдалану білім беру саласында жаңа бір әдістемелік жүйе қалыптастырып келеді. Қазіргі кезде электрондық оқулықтар жасау ісі өндірістік индустрияның жаңа арнасын қалыптастыруда. Ол білім жүйесіндегі информатиканың бір саласы ретінде жыл сайын белгілі бір қаржы бөледі. Бұдан былай оқу орындары мұғалімдерге жалақы төлеу, оқулықтар, әдістемелік құралдар сатып алумен қатар электрондық оқу құралдарын сатып алуға тұрақты қаржы көзін бөліп отырулары керек. Бұл бағыттағы алғашқы қадам Президентіміздің орта білім бері жүйесін ақпараттандыру бағдарламасын жүзеге асырап, барлық мектептерді кем дегенде бір компьютерлік сыныппен қамтамасыз етуімен 2002 жылы іске асырылған болатын. Кейіннен қабылданған «Қазақстан Республикасы ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту» мемлекеттік бағдарламасы да компьютерлік технологияларды білім саласында кең қолдану ісін дамытуға көп көңіл бөліп отыр. Ендігі бағыт - сол компьютерлік техниканы тұрақты жұмыс істейтін күйде ұстап, білім саласындағы жаңа технологияларды пайдаланып, кез келген пән мұғалімдерін электрондық оқу құралдарын даярлау, қолдану ісіне жұмылдыру ісімен жалғасуы тиіс. Президентіміз бастаған Білім жүйесін ақпараттандыру ісін әрі қарай дамыту барлық пәндер бойынша компьютерлік оқулықтарды кеңінен оқу процесіне енгізу арқылы оқу жүйесін жаңа сатыға көтеру болып табылады. Сонда ғана білімді ақпараттандыру ісінің нақты экономикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік беретіні талас тудырмаса керек.
1. 1 Электронды оқулықтарды пайдалану.
2006 жылдың 1 наурызындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтің халыққа жолдауында «Электрондық үкімет» жүйесін шұғыл енгізу қажеттілігін әдейі баса көрсеткім келеді деп нақты атап көрсетті. Біз электрондық үкіметпен ел басқарамыз, мемлекеттік органдарды тиімді пайдаланымыз.
Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту». Білім берудің кез келген саласында «Электрондық оқу құралдарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай оңдау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Қазіргі уақытта электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз - мультимедиалық оқулық, сондықтан электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үенмдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады.
Білім берудің кез келген саласында «Электронды оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай туғызады.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласындағы оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Осы ұстанымды басшылыққа алған біз бастауыш мектепте «Кирилл және Мифодий» бағдарламасын сабақта пайдаланып келеміз және оқу бағдарламамыз да сол оқулық негізінде құрылған. Әр сабаққа арналған бейне көрініс сол электрондық оқулықта бар. Бұл электрондық оқулық бастауыш сыныпқа сабақ бергенде өте тиімді, мұғалім көп ізденбей дайын сабақтарды өз жұмысында пайдалануға толық мүмкігншілігі бар. Әсіресе, алгоритм, логика, интернетке шығу, WEB сайт құру.
Оқулық материалының мазмұнынан үйренуші дәрістің кез келген үзіндісін қайталауға мүмкіншілігі бар. Сонымен қатар электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады.
Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез немесе жәй түрде көрсетуге пайдалы.
Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік береді. Оқулық көлемінен шығармай керекті материалды жинақтауға болады.
Жас ұрпаққа шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін бір-бірімізден тәжірбие алмасып, кемшілік-жетістіктерді айтып отырсақ, жұмысымыз өнімді бола түседі деп есептеймін. Электронды оқулықтың маңызы өте зор. Электронды оқулықтың мазмұны оқушыны зерделі қабілетін дамытуға бағытталуы және оның мына қасиеттерді қанағаттандыруы өте қажет: қисынды ойлау жүйесінің қалыптасуы, жинақтылығы, жүйелілігі, эстетикалық көркемдігі, жылдамдылығы, т. б.
1. 2 Электронды оқулықтарды информатика
сабағында пайдаланудың тиімділігі.
Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемнің әртүрлі тегімен анықталады. Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етуде. Оқу процесінде компьютерді тиімді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ мектеп оқушыларының өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр [5, 257 бет] .
Сонымен қатар электрндық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар орындап, тесітлер шешіп, қарталар және схемелер мен жұмыс жасауға дағдыланады.
Электрондық оқулық арқылы түрлі түстер суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тындатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын.
II. Информатика пәннің оқу-әдістемелік кешендеріне сипаттама.
Ы. Алтинсарин атындағы Қазақ білім академиясы «Мектеп және мектепке дейінгі» білім институты базасында авторлар ұжымы дайындаған информатика оқу пәні стандарты ғылими-әдістемелік жағынан қамтамасыз етудің негізгі бастапқы қадамы болып табылады. Бұл стандарт информатика пәні бойынша білім мазмұнының мемлекеттік міндетте минимумы мен оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар тағайындайды.
Стандарт ержелеріне сәйкес оқушыларды информатика пәнін оқыту Қазақстан Республикасының орта жалпы білім беретін мектептерінде, оларды қай мекемеге тәуелді болғанына, ұйымдастыру - құқықтық нысанына және оқыту түріне тәуелсіз жүзеге асырылады.
Информатика пәнін ғылыми әдістемелік жағынан қамтамасыз ету бағытына сәйкес Информатика пәнінің оқу-әдістемелік құралдарына (ОӘК -не) қойылатын талаптарды анықтауда жалпы оқулықтарға қойылатын дидактикалық талаптар басшылыққа алынды [16, 65 бет] .
Информатика пәнінің ОӘК-нің өзіндік ерекшеліктері оларға қойылатын дидактикалық талаптарды іріктеп жүйелеуде ескерілді.
Зерттеулерге сүйене отырып дайындалған материалдар жалпы білім беретін мектептерде сынақтан өтіп, сынақ нәтижесіндегі ескертулер мен ұсыныстар негізінде түзетіліп өнделді. Информатика ОӘК-нің құрамы мен құрылымына, мазмұнына қойылатын жалпы талаптарды пәннің өзіне тән ерекшелігін ескере отырып анықтау - осы пәнді оқытуды жетілдірудің негізгі бағыттарынынң бірі деуге болады. Бұл бағыттағы мәселелерді зерттеуде жалпы мектеп оқулықтарына қойылатын талаптарға сүйене отырып, зерттеудің мақсат, міндеттерді белгіленеді.
Зерттеу міндеттеріне сәйкес оқулық пен оқу-әдістемелік құралдарға қойылатын жалпы дидактикалық талаптар жөнінде материалдар жинақталып жүйеленеді.
Информатикадан ОӘК- дің әрқайсысының құрылымының компонентіне қойлатын талаптар іріктеліп, төмендегіше жүйеленеді:
- Жалпы материалдардың ұсынылу реті оқу бағдарламалары мен оқулыққа сәйкестігі қатаң сақтлуы тиі; .
- Кез-келген ықшамдау мен бейімдеулер қазіргі ғылыми білімге толық сәйкестендіріліп берілуі керек;
- Дидактикалық материалдар, есептер мен жаттығулар жинағы оқушылардың шығармашылық белсенділігіне сәйкестендіріліп, деңгейлік саралауды іске асыруға бағытталуы қажет;
- Пәнаралық және пәнішілік байланыстың сақталуы қажет;
- Ұсынылатын материалдар мектептердің қазіргі компьютерлік технологиямен жабдықталуы жағдайына сәйкес келуі керек;
- Оқушылардың жеке қызығушыылығын және түрлі қабілетін дамытуға бағытталуы тиіс;
- Программа құруға, программаны пайдаланып белгілі бір мәселені шешуге арнап ұсынылатын материалдар программалау тілдерінің тез өзгеруін ескеріп, бір тілден екінші тілге оңай көше алатындай ыңғайланған болуы тиіс;
- ОӘК-де ұсынылатын материалдар толығымен оқушылардың болашақ өмірінде пайдалана алатындай етіп, практикалық жағынан тиімді етіп ұсынылуы қажет.
- Әр сыныптарға ұсынылатын материалдар сол сынып оқушыларының психолгиылық және физиологиялық ерешеліктеріне толығымен сәйкес келуі керек;
- Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын, өзіңдңк тану белсенділігін арттыруға бағытталған болуы тиіс;
- ОӘК-дің ішкі мазмұнындағы материалдардың, сыртқы мұқабасының безендірілуі де оқушылардың пәнге еген қызығушылығын арттыратындай болуы қажет.
Осы талаптарға сай дайындалатын Информатика пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен төмендегі құрамда ұсынылды.
1. Оқулық
- Әдістемелік құрал
- Дидактикалық материалдар (пысықтау сұрақтары, тест тапсырмалары, есептер мен жаттығулар)
- Хрестоматиялар
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz