Лизингтің отандық нарықтағы даму жолдары
Кіріспе
І.бөлім Лизингтің негізгі теоретикалық аспектілері
1.1 Лизинг ұғымының пайда болуы мен экономикалық мәні
1.2 Лизингтің нысандары, типтері мен түрлері
1.3 Лизингтік қатынастардың субъектілері мен объектілері.
ІІ.бөлім. Отандық нарықтағы лизингтің даму жолдары және оны пайдалану
2.1 Қазақстанда лизингтің даму жағдайын талдау
2.2 «ҚАЗАГРОҚАРЖЫ» АҚ лизингтік операциялары
2.3 Кәсіпорында лизингті пайдалану тиімділігін талдау
III.бөлім Қазақстандағы лизингтік қатынастарды дамыту бағытында жүргізілетін негізгі іс.шаралар
3.1 Лизингті мемлекеттік реттеу
3.2 Лизингті пайдаланудың шетелдік озық тәжірибелері
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Елдің қаржылық жүйесінің басты тобы болып халық шаруашылығы салаларының кәсіпорындары табылады. Негізінде ақша қатынастары: қаржылық, несиелік және т.с. жатқан, әртүрлі экономикалық қатынастардың нақты негізі өндірісте болады.
Қазақстан экономикасының дағдарыстан шығуының негізгі шарты Қазақстан шаруашылығын құрылымдық қайта құру болып табылды, ол оларды пайдалану тиімділігін көтеруде инвестицияның өсуінсіз мүмкін емес. Қазақстан инвестицияның өсуін аса қажет етеді.
Өндіріс, айналым саласын қайта құру, шаруашылық жасаудың экономикалық жағдайын терең өзгерту біздің экономика үшін дәстүрлі емес материалдық базаны жаңарту тәсілдерін енгізуді туғызады. Нарықтық қатынастар несиелік-қаржылық жүйені жақсарту мен мемлекеттік инвестицияларды қысқартуды шамалайды, экономикалық қатынастардың әртүрлі субъектілері қойған мақсатқа жету үшін әртүрлі нұсқалар пайда болады.
Аталған курстық жұмыста лизинг арқылы инвестицияларды тарту, лизингтің пайда болуы мен табиғаты, лизингтік компаниялардың ұйымдастырушы үлгілері бойынша, біздің елімізде әртүрлі факторлар ықпалымен қалыптасқан жақсы және теріс сәттерді және лизингтік қатынастардың қалыптасушы нарығын жақсарту бойынша бағыттарды талдауға әрекет жасалды.
Жұмыстың басты мақсаты ретінде лизингтік қатынастарға байланысты барлық әдебиеттерді зерттеу арқылы, осындай жаңадан пайда болған қаржылық қатынастардың мазмұнын барынша ашуды алдым. Яғни кез-келген субъектілер үшін лизингтің пайдасын біліп, экономикамыздың дәстүрін бұзбай, несиелік жүйеге жұмсақ толықтай кіру жолдарын табу.
Жас, бірақ қарқынды дамып келе жатқан мемлекетіміздің экономикасын тұрақтандыру, ғаламдық қатынастарда рөлін молайту, жалпы

1. Қазақстан Республикасының «салықтар және басқа да бюджетке арналған міндетті төлемдері туралы» Кодексі (Салық Кодексі).
2. Қазақстан Республикасынының 2000 жылғы 5 шілдедегі №78-ІІ «Қаржы лизингі туралы» Заңы;
3. Мақыш С. Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым, қайта өңделген және толықтырылған. – Алматы: ИздатМаркет, 2004. – 272 бет.
4. Баймуханова С.Б., Балапанова Ә.Ж. Бухгалтерлік есеп. Алматы, «Қазақ университеті» 2002.
5. Баймуханова С.Б Қаржылық есеп. Алматы, «Экономика баспасы» ЖШС 2007ж. 138-142 б.б
6. Давыдова Л., Райманов Д.Қазақстан Республикасының банк құқығы: Оқу құралы. – Алматы: Жеті жарғы, 2006. – 616 бет.
7. Финансовые и инвестиционные показатели деятельности американской фирмы. – М., 1991.
8. Таипов Т. А. Лизинг как основа развития экономикческих взаимоотношений в условиях рыночной экономики. 2006., №5, стр 20-22.
9. www.kaf.kz
10. www.bta.kz
11. www.zakon.kz
12. www.lising.kz
13. www.rambler.ru
14. www.yandex.ru
15. www.esep.kz
16. www.natіonalbank.kz
17. www.kazstat.kz

Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі
Факультеті: Экономика
Кафедрасы: Қаржы және банк ісі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Лизингтің отандық нарықтағы
даму жолдары
Орындаған:
Тексерген:.
Жоспар
Кіріспе
І-бөлім Лизингтің негізгі теоретикалық аспектілері
1. Лизинг ұғымының пайда болуы мен экономикалық мәні
2. Лизингтің нысандары, типтері мен түрлері
3. Лизингтік қатынастардың субъектілері мен объектілері.
ІІ-бөлім. Отандық нарықтағы лизингтің даму жолдары және оны пайдалану
2.1 Қазақстанда лизингтің даму жағдайын талдау
2.2 ҚАЗАГРОҚАРЖЫ АҚ лизингтік операциялары
2.3 Кәсіпорында лизингті пайдалану тиімділігін талдау
III-бөлім Қазақстандағы лизингтік қатынастарды дамыту бағытында
жүргізілетін негізгі іс-шаралар
3.1 Лизингті мемлекеттік реттеу
3.2 Лизингті пайдаланудың шетелдік озық тәжірибелері
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Елдің қаржылық жүйесінің басты тобы болып халық шаруашылығы
салаларының кәсіпорындары табылады. Негізінде ақша қатынастары: қаржылық,
несиелік және т.с. жатқан, әртүрлі экономикалық қатынастардың нақты негізі
өндірісте болады.
Қазақстан экономикасының дағдарыстан шығуының негізгі шарты Қазақстан
шаруашылығын құрылымдық қайта құру болып табылды, ол оларды пайдалану
тиімділігін көтеруде инвестицияның өсуінсіз мүмкін емес. Қазақстан
инвестицияның өсуін аса қажет етеді.
Өндіріс, айналым саласын қайта құру, шаруашылық жасаудың экономикалық
жағдайын терең өзгерту біздің экономика үшін дәстүрлі емес материалдық
базаны жаңарту тәсілдерін енгізуді туғызады. Нарықтық қатынастар несиелік-
қаржылық жүйені жақсарту мен мемлекеттік инвестицияларды қысқартуды
шамалайды, экономикалық қатынастардың әртүрлі субъектілері қойған мақсатқа
жету үшін әртүрлі нұсқалар пайда болады.
Аталған курстық жұмыста лизинг арқылы инвестицияларды тарту,
лизингтің пайда болуы мен табиғаты, лизингтік компаниялардың ұйымдастырушы
үлгілері бойынша, біздің елімізде әртүрлі факторлар ықпалымен қалыптасқан
жақсы және теріс сәттерді және лизингтік қатынастардың қалыптасушы нарығын
жақсарту бойынша бағыттарды талдауға әрекет жасалды.
Жұмыстың басты мақсаты ретінде лизингтік қатынастарға байланысты
барлық әдебиеттерді зерттеу арқылы, осындай жаңадан пайда болған қаржылық
қатынастардың мазмұнын барынша ашуды алдым. Яғни кез-келген субъектілер
үшін лизингтің пайдасын біліп, экономикамыздың дәстүрін бұзбай, несиелік
жүйеге жұмсақ толықтай кіру жолдарын табу.
Жас, бірақ қарқынды дамып келе жатқан мемлекетіміздің экономикасын
тұрақтандыру, ғаламдық қатынастарда рөлін молайту, жалпы айтқанда
мемлекеттік экономикасының дүние жүзілік нарықта бәсекеге қабілетті
жағдайына жеткізу жолдарының бірін толықтай ашып, пайдасын көрсету.
Таңдалған тақырып және Қаржы менеджменті курсының арасында өте тығыз
байланыс байқалады, яғни лизингтік мәмілелерді жүзеге асыруда негізгі рөл
коммерциялық банктерге, инвестициялық қорларға, сақтандыру компанияларына
жатады. Жабдықты алушылар бұл ұйымдардың қаржысына несиеленеді. Қаржылық
лизинг жабдықты әкелудің барлық мөлшеріне несие болады.
І-бөлім Лизингтің негізгі теоретикалық аспектілері
1.1 Лизинг ұғымының пайда болуы мен экономикалық мәні
Қандай да болмасын күрделі экономикалық түсінік сияқты лизингтің де
бірнеше анықтамалары бар. Ең алдымен, лизинг, - ағылшын тілінен, to lease
етістігінен шыққан – мүлікті уақытша пайдалануға алу және тапсыру. Лизинг
терминінің мәнін нақты бейнелейтін, менің ойымша келесі анықтама бар:
Лизинг еркін немесе тартылған қаржылық қаржыларды инвестициялау болып
табылады, мұнда лизинг беруші белгілі бір сатушыдан келісіммен келісілген
мүлікті меншікке алуға және бұл мүлікті лизингті алушыға кейіннен сатып
алу құқығымен уақытша пайдалануға ұсынуға міндеттенеді.
Лизингтік мәміле, ең алдымен, лизинг берушімен, лизинг алушымен және
лизинг затының сатушымен (жабдықтаушымен) арасындағы келісімді жүзеге асыру
үшін қажетті, келісімдердің жиынтығы болып табылады.
Лизингтің заты болып қандай да болсын пайдаланылмайтын заттар, соның
ішінде кәсіпорындар мен басқа да мүліктік кешендер, ғимараттар, құрылыстар,
жабдықтар, көлік құралдары мен кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын басқа
да жылжымалы және жылжымайтын мүліктер болып табылады. Жер телімдер мен
басқа да табиғат объектілері, сондай-ақ федералды заңдылық еркін айналымға
тиым салған немесе олар үшін айналымның ерекше тәртібі орнатылған мүліктер
лизингтің заты бола алмайды.
Типтік лизингтік мәміле мынадай болады.
1. Пайдаланушы (лизингтік қатынастарға кіргеннен кейін лизинг алушы)
лизингтік компанияға, оған қандай жабдық қажет екенін хабарлайды.
2. Лизингтік компания, жобаның таратылуына көзі жетіп, бұл жабдықты
дайындаушы-фирмадан немесе лизинг объектісі болып саналатын мүлікті
сататын, басқа заңды немесе жеке тұлғадан сатып алады.
3. Лизингтік компания (лизинг беруші), жабдықтың меншік иесі болғаннан
соң, орнына лизингтік төлемдер алып, оны одан әрі сатып алу құқығымен
(келісіммен анықталады) лизинг алушыға уақытша пайдалануға береді.[3,201-
204б].
Лизингтік компания
Лизинг алушы
Сатып алу-сату
келісімі
Лизинг келісімі
Жасаушы
№1 сызба. Қарапайым лизингтік қатынастың көрінісі
Аристотельдің өзі Риторикада, байлық меншік құқығы негізінде мүлікті
иелену емес, ал оны (мүлік) пайдалану деп атап өткен екен. Ағылшын авторы
Т.Кларк лизинг Аристотель өмір сүргенге дейін болды дейді: ол лизинг туралы
бірнеше ережені шамамен б.д.д.1760 жылы қабылданған Хаммурапи заңынан
тапты. Рим империясы да лизинг мәселесінен сырт қалған жоқ – ол өзінің
көрінісін Юстианның Иституцияларынан тапты. Иелену құқығы мен меншік
құқығын бөлу мен иеленуден пайда табу ерте кезде-ақ белгілі болған, ал
қазіргі заманғы лизингтің тууы мен таратылуы, жаңа – бұл жақсы ұмытылған
ескі екенін тағы да еске салады.
Дәстүрлі лизинг америкалық тапқыштық болып саналады, лизингтік
операциялардың есептеу нүктесін шетелдік зерттеушілер 1877 жыл деп
қабылдайды. Онда американ Белл Телефон Компани компаниясы телефондарды
сатудың орынына жалға бере бастады. Лизингтің дамуы, лизинг олар үшін тек
сауда саясатының құралы ған емес, бірақ қызмет заты болып табылатын, арнайы
лизингтік компаниялардың құрылуына күшті жігер берді. Алғашқы лизингтік
компания Юнайтед Стейс лизинг корп. 1952 жылы Сан Франсцискода құрылды.
60 жылдардың басында америкалық кәсіпкерлер лизингті мұхит арқылы Еуропаға
өткізді, онда алғашқы лизингтік компания - Дойче лизинг ГМбХ 1962 жылы
Дюссельдорфте пайда болды. 1972 жылдан мұнда лизингтің еуропалық нарығы
бар.
Лизинг туралы заңдардың алғашқыларының бірі – 1284 жылғы Уэльс Заңы.
Кейде лизингті адал емес мақсаттарда да пайдаланылады, мәселен, несие
берушілерді адастыру үшін бір нәрсенің нақты жағдайын – меншік иесі кім,
иесі кім, жасыру үшін. 1571 жылы мұндай мәмілелерді жасауға тиым салынды,
нақты лизингті ғана пайдалануға рұқсат етілді. Лизингті пайдалану ХХ
ғасырдан бастап қайталанады. Қазіргі заманғы лизингтік шу тек лизинг деп
аталатын, бірақ мәні жағынан көп пайда табу мен салық төлеуден жалтару
мүмкіндігін жасыратын, мәмілелердің пайда болуына әкелді. Осы сала бойынша
алғашқы заңдылық актілері әртүрлі өлшем мен көрсеткіштерді пайдалану
жолымен нағыз және жалған лизингтің шектеуін өзіне мақсат етіп қойды.
Жалған лизинг біздің елмен, оның көршілерінің де тәжірибесінде
кездеседі. Мәселен, Белоруссия банктері, лизингтің, несиелеудің, күрделі
жүйесін, жасанды лизингтік компанияларды пайдалана отырып, бір-бірінен
лизингке банктік офистерді, байланыстың қазіргі заманғы құралдарын,
қымбат автокөліктер мен инкассация үшін броневиктерді алды. Бұдан жеңілген,
орасан зор сома (салықтар, резервтік қаржы) ала алмаған, тек ғана
Белоруссия Республикасының Ұлттық банкі (Нацыянальны Банк Рэспублікі
Белорусь). [6, 440-442б].
Біздің елімізде қабылданған лизинг түрлерінен басқа, жабдық лизингінен
өзге астық лизингі, жұмыс күші лизингі және басқа да түрлері бар, яғни
экономикалық қатынастардың мұндай түрінің күш-жігері өте жоғары.
1.2 Лизингтің нысандары, типтері мен түрлері
Лизингтің негізгі екі түрі бар: ішкі және халықаралық.
Ішкі лизингті жүзеге асырғанда лизинг беруші, лизинг алушы мен сатушы
(жабдықтаушы) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады. Ішкі
лизинг Қазақстан Республикасының заңдылығымен реттеледі.
Халықаралық лизингіні жүзеге асырғанда лизинг беруші немесе лизинг алушы
Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылады.
Егерде лизинг беруші Қазақстан Республикасының резиденті болса, онда
лизинг заты Қазақстан Республикасының меншігінде болады, халықаралық лизинг
келісімі Қазақстан Республикасының заңдылығымен реттеледі.
Егерде лизинг беруші Қазақстан Республикасының резиденті болмаса, онда
лизинг заты Қазақстан Республикасының меншігінде болады, онда халықаралық
лизинг келісімі сыртқы экономикалық салада заңмен реттеледі.
Оған қоса, Лизинг туралы заңдылық лизингтің 3 негізгі типін реттейді:
- Қысқа мерзімді лизинг (рентинг) – бір күннен бір жылға дейін;
- Орта мерзімді лизинг (хайринг) – бір жылдан үш жылға дейін;
- Ұзақ мерзімді лизинг (лизинг) – үш жылдан жиырма жылға дейін.
Қазіргі кезде дамыған елдердің шаруашылық тәжірибесінде әрқайсысы
өзінің маманданым ерекшеліктерімен сипатталатын әркелкі лизингтер
пайдаланылады.
Аса көп тарағандары:
- жеделдік (сервистік) лизинг (operating lease);
- қаржылық (капиталдық) лизинг (Financial lease);
- қайтару (sale and lease bask);
- үлестік лизинг (leveraged lease);
- тікелей лизинг (direct lease);
- сублизинг (sub- lease). [5, 138-142б].
1.3 Лизингтік қатынастардың субъектілері мен объектілері.
Лизингтік мәмілеге әдетте бірнеше субъектілер қатысады:
- Лизинг беруші - тартылған немесе өз ақшалай қаражатына лизингтік
мәміле барысында жеке меншігіне мүлік алған және оны лизинг алушыға
белгілі бір бағаға, белгілі бір жағдайда уақытша пайдалануға, кейіннен
лизинг алушыға лизинг құралына меншік құқығы негізінде ұсынатын жеке және
заңды тұлға.
- Лизинг алушы – лизинг затын белгілі бір бағаға, белгілі бір мерзімге
және белгілі бір жағдайда уақытша иеленуге және лизинг келісіміне сәйкес
пайдалануға қабылдайтын жеке және заңды тұлға.
- Мүліктің сатушысы (жабдықтаушы) – лизинг берушімен сатып алу-сату
келісіміне сәйкес лизинг берушіге белгіленген мерзімде олар өндірген
(сатып алған), лизинг заты болатын мүлікті сататын жеке және заңды тұлға.
- Банк (немесе басқа несиелік мекеме), келісім затын сатып алуға қаржы
ұсынушы.
Лизингтік қызмет нарығында төмендегідей арнайы субъектілерді бөліп
қарауға болады:
Сақтандыру компаниялары, лизингтік мәмілелер кезінде туындаған
әртүрлі қауіп-қатерден сақтандыруды жүзеге асыратын: лизинг берушінің
мүлкін, лизинг берушіге несиелік мекеме ұсынған несиелерді әртүрлі
төлемеулер т.с. сияқты қауіп-қатерден сақтандыру және басқалары.
Лизингтік Компаниялардың Ассоциациясы (лизингтік компаниялардың,
банктердің және лизингпен айналысатын өзгеде кәсіпорындардың коммерциялық
емес бірлестігі болып табылады. Келесіні жүзеге асырады:
а) оған кіретін ұйымның қызметін үйлестіру және олардың қаражатын
өзара бірлескен екі жаққа пайдалы жобаны жүзеге асыруға қосу;
б) мемлекеттік басқармалармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының
лизингтің дамуының стратегиялық бағыттары мен бағдарламаларын жасау;
в) заңдылық актілерінің жобаларын дайындау;
г) халықаралық ассоциативтік қоғамдық ұйымдар жұмысына қатысу.
Лизингтің қандай да болмасын субъекті Қазақстан Республикасының
резиденті, резиденті емес, сондай-ақ шетелдік инвесторлардың қатысуымен, өз
қызметін Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес жүзеге асыратын
кәсіпкерліктің субъектісі бола алады.
Дамыған елдерде қаржылық лизингтің жағдайын зерттеу лизингке беретін
жабдықтың негізгі тобын бөлуге мүмкіндік берді:
- Көліктік (көліктік ұшақтар, автомобильдер, теңіз кемелері, темір жол
вагондары және т.б)
- Байланыс жабдықтары (радиостанциялары, спутниктер, пошталық жабдықтар
және т.с.)
- Ауылшаруашылығы жабдықтары
- Құрылыстық (крандар, бетон араластырғыштар және т.с.) және көптеген
басқалары. [8, 20-22б].
ІІ-бөлім. Отандық нарықтағы лизингтің даму жолдары және оны пайдалану.
2.1 Қазақстанда лизингтің даму жағдайын талдау.
ТМД елдерінде, соның ішінде Ресей мен Қазақстанда ішкі нарықта
лизингтік құрылымдардың қалыптасуы 1989 жылдан басталады. Осы жылы КСРО- да
комерциялық банктер лизингтік операцияларды енгізе бастады. Еліміздегі
лизинг мынадай жолдармен қалыптасқан:
1) аймақтық көтерме-делдалдық фирмалардың және Қазконтракт
карпорацияларының жүргізілуіндегі жалға беруге байланысты кәсіпорындар және
жұмыс істеп тұрған орындар және агроөнеркәсіп кешеніндегі облыстық және
аудандық жабдықтау кәсіпорындары;
2) екінші деңгейдегі банктердің лизингтік операциялары;
3) жаңадан құрылған арнайы лизингтік фирмалар;
4) лизингтің халықаралық формалары-экспорттық, импорттық және басқа да
шетелдік лизингтік компаниялардың дамуы. [3, 201-204б].
Республикадағы алғашқы лизингтік кәсіпорындар акционерлік қоғам
нысанында коммерциялық мен жабдықтаушы-өткізуші ұйымдардың қатысуымен
құрылды. 1989 жылы құрылтайшысы КРАМДС-Банк, КРАМДС-снаб және
Казлегснабстың базасы болған КРАМДС-лизинг акционерлік қоғамы құрылды.
1990 жылы Қазақ КСР-ң Госнаб бұйрығымен Прокат и лизинг-95
жүйесіндегі 5 жылдық мақсатты жалға беру мен лизингті дамыту бағдарламасы
жасалынған болатын. Кейін бұл жүйенің материалдық ресурстар Министрлігіне,
одан соң Казконтракт корпорациясына қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде
бақылау жоғалды.
Қазақ КСР-ң Госснаб жүйесіндегі лизингтік фирмалардың бірі 1990 жылдың
7 ақпанынан бастап жүмыс істеген техникалық құралдар лизингі жөніндегі
Казтехлизинг кәсіпорны. Оның құрылтайшылары-Казмашкомплект көтерме-
делдалдық фирма мен Қазақ КСР Госснабтың көтерме сауда инвестициялық
коммерциялық банк (Инвестснаббанк). Құрылу кезінде оның жарғылық қоры 2
млн. Рубль, оның ішінде Казмашкомплект-49%, Инвестснаббанк-51%.
1990 жылдың 1-ші жартыжылдығы бойынша Қазақ КСР-ң Госснаб бойынша
лизингтік мәмілелердің көлемі 3,5 млн.рубль болды, оның ішінде 2,4 млн.
Рубль көлеміндегі мәмілелер Казтехлизинг үлесіне, ал қалғаны басқа
аймақтардағы 10 жабдықтаушы басқармаларға тиесілі.
1990 жыл бойынша Казтехлизинг кәсіпорны 18 лизингтік келісім шартты
жасасты. 1991 жылдың 5 ақпанында Алматы қаласының Совет аудандық халық
депутаттарының кеңесінің атқару комитетінің шешімі бойынша құрылтайшысы
Қазақ КСР-ң Госснаб-ң Инвестснаббанкі болған.
Инвестлизинг шағын ұжымдық кәсіпорны, ал 1991 жылы 19 ақпанында
Алматы қаласының Совет аудандық халық депутаттарының кеңесінің атқару
комитетінің шешімі бойынша құрылтайшысы Қазақ КСР-ң Госснабының Алма-
Атакомплект болған Алма-Ататехлизинг. Ол Алматылық облыстық жүк және
қалалық автобасқармасына автотранспорт, қазақ аэрогеодезиялық кәсіпорынға
компьютерлер мен оргтехниканың, Агрореммаш ғылыми-өндірістік бірлестікке
тоқарлық станоктарды, Брандт медицина-техникалық орталығына
лицензияланған медициналық жабдықты лизинг бойынша берді.Бұл лизингтік
қызметтерді көрсетуден түскен пайда 1992 жылы бойынша 3731 млн. Рубль
болды.
1992 жылдың ортасында Қазақстанда экономиканың мемлекеттәк емес
секторында 120 коммерциялық банк және 20 лизингтік компания қызмет етеді.
Олардың ішінде КРАМДС-лизинг, Алма-Ата техлизинг, Техника-лизинг,
Туранбанк Қазақстандық акционерлік банктің еншілес фирма Туранлизинг,
СП Казтехлизинг және т.б.
Қазақстанда лизингтің дамуы төрт арна арқылы жүреді:
1. Техникалық құралдарды жалға беру жөніндігі жұмыс істеп отырған
Казконтракт корпорациясының аймақтық көтерме-делдалдық фирмалар
мен компаниялар құрамындағы кәсіпорындармен беттері;
2. Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары;
3. Жаңа құрылып жатқан арнаулы лизингтік компаниялары;
4. Республика территориясында шетел лизинг компанияларының жұмысы;
Мемлекетте лизингтік бизинестің даму тарихы үш кезеңге бөлеміз:
1. 1 кезең (1989-1992)- Республикада лизингтік бизнестің пайда болу
кезеңі, алғашқы лизингтік компаниялар құрыла бастады.
2. 2 кезең (1992-1994)- ішкі нарықта қолайсыз жағдайдың туу нәтижесінде
лизингтік бизинесті басу кезеңі.
3. 3 кезең (1995-1997)- даму кезеңі, мемлекеттік көмек пен
ынталандыруға қол жеткізу.
1992 жылдан бастап, Қазақстанда халықаралық— экспорттық және импорттық
лизинг нарқы дами түсті, әсіресе самолеттер, автомобиль және ауылшаруашылық
техникасы лизингі. 1994 жылы 2000 жылға дейін мерзімге Қазақстан Ресейден
үш Ил-86, бір Ту-154 және төрт Як-42 алған еді.Осы жылы АҚШ-тан 4 Бойнг
767 лизинг бойынша сатып алды.
Сонымен қатар Қазақстанда ауылшаруашылық техникасы лизингі даму
үстінде. Мысалы, АҚШ-тың John Deere фирмасымен батыс Германиясының Ciaus
Oh фирмасымен республикаға 5 жылға комбаиндар жеткізу жөнінде келісім
жасалды. Қазақстандық матор компаниясы Астана-Мотрос Жапонияның екі сауда
үйлері мен — Nissan Corporation және Nisscho Iwai қарым-қатынас
жасауда. Барлық тауарлар банктік кепілдіксіз толық сенімділікке лизингке
беріледі. Шығыс кәсіпкерлердің мынандай қызметі біздің бизнесіміздің
дамуына көмек болды. [5, 138-142б].
2.2 ҚАЗАГРОҚАРЖЫ АҚ лизингтік операциялары.
ҚазАгроҚаржы акционерлік қоғамы 1999 жылы 28 желтоқсанда
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 қарашадағы Ауыл
шаруашылығының кейбір мәселелері туралы № 1777 қаулысына сәйкес құрылған.
1999 жыл– Компанияны мемлекеттік тіркеу
2000 жыл – 630 Johne Deere астық жинайтын комбайн түрінде лизингке
табыстау үшін алғашқы тауарлы несие алынды
2003 жыл – бірінші машина-трактор стансасы құрылды
2004 жыл – бірінші егіс кешендері жеткізілді
2005 жыл – мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша жабдықтар сатып
алу
2006 жыл – ERP-жүйесін Oracle E-Business Suite енгізу
2007 жыл – жылыжай кешендерін, ірі тауарлы сүт фермаларын құруды
қаржыландыру және ірі қара мал лизингі, Қаржы агенттігі мәртебесі берілді
2008 жыл – Қарқынды жеміс бақтарын құру, балықты қайта өңдеу зауыттарын
құру.
ҚазАгроҚаржы АҚ Директорлар кеңесі
Директорлар кеңесінің Төрағасы
• Мамытбеков Асылжан Сарыбайұлы - ҚазАгро Ұлттық холдинг АҚ Басқарма
Төрағасы - Директорлар кеңесінің мүшесі
Директорлар кеңесінің мүшелері
• Нұрпеисов Жарқын Бегешұлы - басқарушы директор – ҚазАгро Ұлттық
холдинг АҚ Басқарма мүшесі – Директорлар кеңесінің мүшесі;
• Омаров Тобылбек Есенжолұлы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігінің жауапты хатшысы – Директорлар кеңесінің мүшесі;
• Кенжебаев Әділхан Айтқазыұлы - Агрофирма Қазэкспортастық ЖШС бас
директоры – тәуелсіз директор;
• Дүйсебаев Мұхамеджан Жұмабекұлы – Қазақстан Астық Одағы Заңды тұлғалар
бірлестігінің атқарушы директоры – тәуелсіз директор;
• Айтжанов Дулат Нулиұлы - ҚазАгроҚаржы АҚ Басқарма Төрағасы –
Директорлар кеңесінің мүшесі.
Лизинг алушыларға арналған ҚАЗАГРОҚАРЖЫ АҚ-ның мәліметтері:
I. Мәміле кезеңдері:
1. Әлуетті Тапсырыскермен алдын ала кездесу және сұхбат.
2. Өтінішкердің өтінім мен толық құжаттар пактетін ҚазАгроҚаржы АҚ
ұсынуы
3. Өтінішкердің құжаттарын сараптау және жобаға талдау жасау.
4. ҚазАгроҚаржы АҚ уәкілетті органының қаржы лизингі жәненемесе
қарыз нысанында инвестиция беру жөнінде шешім қабылдауы.
5. Қаржы лизингіқарыз шартын жасасу.
6. Лизинг Затын сатып алу және жеткізу.
7. Тапсырыскердің сұраным жасаған лизинг Затын табыстарқарызды берер
алдындағы шарт талаптарын орындауы.
8. Тапсырыскерге лизинг Затын табыстауқарызды беру.
9. Тапсырыскердің қаржы лизингіқарыз шарты бойынша міндеттемелерін
орындау мониторингі.
10. Лизинг Затына меншік құқығын табыстау.
ІІ. Қажетті құжаттар тізбесі:
1. Заңды тұлғаларға арналған сауалнама;
2. Шаруа-фермер қожалығына арналған сауалнама;
3. Бизнес-жоспардың үлгі құрылымы;
4. АҚ құжаттар тізбесі (монтажды қажет ететінжабдықтар мен арнаулы
техника);
5. АҚ құжаттар тізбесі (монтажды қажет етпейтін аш техника мен арнаулы
техника);
6. ШҚ арналған құжаттар тізбесі (40 млн. дейін);
7. ШҚ құжаттар тізбесі (монтажды қажет етпейтін қайта өңдеу жабдықтары,
технологиялық жабдықтар мен арнаулы техника) 40 млн. дейін және кейін;
8. ШҚ арналған құжаттар тізбесі (40 млн. жоғары);
9. ЖШС құжаттар тізбесі (монтажды қажет ететінжабдықтар мен арнаулы
техника);
10. ЖШС құжаттар тізбесі (монтажды қажет етпейтін аш техника мен арнаулы
техника);
11. ТЭН үлгілері;
12. Техника алуға БИЗНЕС-ЖОСПАРҒА қойылатын талап;
13. Есеп-қисап нысандары. [9].
ІІІ. Лизингіті бухгалтерлік есепте көрсету.
Қазақстан Республикасы Заңының 22 бабына сәйкес, лизингке есеп жүргізу
жұмысы заңнаманың бухгалтерлік есеп бойынша талаптарына сәйкес жүзеге
асырылады.
ҰҚЕС 1, ҰҚЕС 2, Жалгерлік ХҚЕС (IAS) 17 сәйкес қаржы лизингі
(қаржы жалгерлігі) бойынша шаруашылық операциялар лизинг алушының
бухгалтерлік есебінде келесі тәртіпте қамтылып көрсетіледі. Жалгер қаржы
жалгерлігін қаржы лизингісінің шарты мен заттың қабылдау-табыстау актісі
негізінде активтер мен міндеттемелер ретінде мейлінше төмен:
- әділ құн бойынша;
- лизингілік төлемдердің дисконтталған құны бойынша қамтып көрсетуге
тиісті. Іс жүзінде актив ретінде бастапқы тану өзіндік құн бойынша
жүргізіледі. Өзіндік құнға: Әділ немесе дисконтталған құн сомасы + жүкті
тасу, тиеу, құрастыру бойынша шығыстар + шарт жасасу бойынша шығындар +
Жалға алу затын жұмыс қалпына келтіруге байланысты басқа да тікелей
шығындар жатады. Іс жүзінде міндеттемелер ретінде бастапқы тану:
-іс жүзінде танылған активке қосылатын кез келген бастапқы шығындарды
қоспағанда, ең төмен әділ құнға тең сомада;
- іс жүзінде танылған активке қосылатын кез келген бастапқы шығындарды
қоспағанда, ең төмен дисконтталған құнға тең сомада жүзеге асырылады.
Қаржы лизингі шарттарында қабылданған активтер талдамалы қосалқы
шоттарды бөлумен бірге Негізгі қаражаттар 2410 бөлікшесіне сәйкес дебет
бойынша және Ұзақ мерзімді несиегерлік берешектің ағымдағы бөлігі 3370,
Жалдау бойынша ұзақ мерзімді берешек 4150 шоттар несиесі бойынша қамтылып
көрсетіледі.
Лизинг затына тиесілі сыйақы сомасына Сыйақы боынша шығыстар 7310
шоты дебеттейді және Төлеуге арналған қысқа мерзімді сыйақылар 3380,
Төлеуге арналған ұзақ мерзімді сыйақылар 4160 шоттары несиелендіреді.
Қаражаттарды аударғанда Ұзақ мерзімді несиегерлік берешектің ағымдағы
бөлігі 3370 шоты – есепті жылға келетін лизинг затының құнын өтеу
бөлігіндегі сомаға; Төлеуге арналған қысқа мерзімді сыйақылар 3380 шоты –
есепті жыл бойынша сыйақылар бойынша шығыстар сомасына дебеттейді және
Ақша қаражаттары бөлікшесінің ақша қаражаттар шоттарын несиелендіреді.
Қаржы лизингі шарттары бойынша лизинг алушы лизинг затының тозуына
есептеуді жүзеге асырады. Активтердің қай жерде пайдалануына қарай 7110,
7210 шоттар дебеттейді, 8045 Негізгі қаражаттардың өтелімі және
құнсыздануы 8045 бөлікшенің 2420 шоттары талдамалы есеп жүргізуде тиісті
шоттар бойынша олардың басыбайлылығын бөле отырып, несиелендіреді.
Қаржы лизингісінің қолданылу мерзімі бойы лизинг алушы лизинг
заттарын мерзімінен бұрын сатып ала алады. Бұл ретте тиісті бөлікшелердің
ақша қаражаттары шоттарын Жалгерлік мінжеттемелер 3360,4150 шоты бойынша
қалған сомаға несиелендіреді. 3370, 4150 шоттары бұл жағдайда жабылады, ал
Негізгі қаражаттар бөлікшесінің 2410 шоттары бойынша талдамалы есеп
жүргізуде сатып алынған лизинг заттарын меншікті негізгі қаражаттар
санатына ауыстыру керек. Тиісті өзгертулер әрі қарай есеп жүргізуде
меншікті активтер бойынша сияқты көрсетілетін лизинг заттарының тозуы
бойынша енгізіледі. Бұл операциялар талдамалы есепте тиісті шоттар бойынша
жүргізіледі.
Жалгер бухгалтерлік есеп жүргізуде ҚҚС қамтып көрсетуі.
Мүлікті қаржы лизинісіне табыстау лизинг алушының алатын сыйақы сомасы
бөлігіндегі қосылған құнға салынатын салықтан келесі шарттарды сақтаған
кезде босатылады:
Мүлікті қаржы лизинісіне табыстау лизинг алушының алатын сыйақы
сомасы бөлігіндегі қосылған құнға салынатын салықтан келесі шарттарды
сақтаған кезде босатылады:
- мұндай табыстау ҚР салық кодексінің 74 бабымен белгіленген талаптарға
сай.
- лизинг алушы мүлікті негізгі қаражат ретінде сатып алады.
Мүлікті қаржы лизингісіне табыстау қосылған құнға салынатын
салықтан келесі шарттарды сақтаған кезде босатылады:
- егер табысталатын мүліктің импорты ҚР салық кодексінің 234 бабының 1
тармағы 12 тармақшасына сәйкес ҚҚС төлеуден босатылса.
- егер сатып алынатын мүлік ҚР салық кодексінің 225 бабының 17 тармақшасына
сәйкес ҚҚС-сыз сатып алынса.
Егер лизинг алушы ҚҚС төлеуші болып саналса, онда лизинг алушыдағы
есепке алынған ҚҚС сомасы лизинг берушімен табысталатын лизинг затына
жазылған фактура шоты бойынша төленетін салық сомасы болып саналады, салық
салынатын айналым мөлшері қаржы лизингі шартына сәйкес барлық лизингілік
төлемдердің жалпы сомасына қарай көрсетіледі (қайтарылатын лизинг шартын
қоспағанда), бірақ лизинг берушінің айналым жасаған күніне анықталатын
айналым мөлшеріне сәйкес келетін салық сомасынан жоғары болмайды.
Салық салынатын салық мөлшері анықталады:
- қаржы лизингі шартымен белгіленген дүркіндік лизингілік төлемін алу
мерзімі басталған күнге;
- егер қаржы лизингі шарты бойынша лизингілік төлемді алу мерзімінің
басталған күні мүлікті лизинг алушыға табыстау күніне дейін белгіленген
жағдайда, айналым жасайтын күн мүлікті қаржы лизингісіне табыстау күні
болып саналғанда;
- лизинг алушы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz