ЭМОЦИОНАЛДЫ-ЭКСПРЕССИВТІ ЛЕКСИКАНЫҢ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Адамның сан алуан эмоциялық күйін ерекше образдылықпен жеткізуде таптырмайтын тілдік көркемдік құрал - эмоционалды-экспрессивті лексика. Қазіргі тіл білімінде зерттеушілерді толғандыратын негізгі мәселелердің бірі − бұл бағалауыштық, экспрессивтік және эмоционалдылық микрокомпоненттерінің денотация және коннотация аспектілерінде орын алуы. Мысалы орыс тіл білімінде В. И. Говердовский, К. А. Долинин сынды ғалымдар өз еңбектерінде аталмыш мағына бөлшектерін толықтай коннотацияның микрокомпоненттері ретінде таныса, проф. М. Оразов көрсеткендей, Э. Азнаурова, В. Звегинцев, И. Арнольд сияқты ғалымдар «сөздің эмоционалдык, экспрессивтік қызметін стилистикалық мағына құрамында қарап, оны коннотаттық (негізгі мағынаға қосымша) мағынаның қатарына жатқызады». Ал ғалым А. В. Филиппов коннотация ұғымына тек эмоционалдық және стилистикалық мазмұндағы семантикалық мағына жатады деп тұжырымдайды да, бағалауыштың экспрессивтік, эмоционалдық семаларын да ол денотацияның белгілі бір бөлшегі ретінде қарастырады. Ғалым эмоционалды сема - ұғымның (түсіндіреді) прагматикалық компоненті, сондықтан да ол денотация аспектісінің нысаны. Ал экспрессивтік әрқашан сөздің (денотаттық) тұлғасында көрініс табады деп аталмыш мағыналық бөлшектер сөздің лексикалық мағына құрамында болатынын көрсетеді.

Ю. Д. Апресян экспрессивтік, эмоционалдықты синонимиялық құрал, ал Н. Г. Комлев сөздің мазмұндық құрылымына қатысты таныса, А. Н. Леонтьев еңбектерінде үстеме мағына құбылысы психологиялық категория негізінде (ассоциациялар) танылады.

Л. М. Васильевтің пікірінше коннотативтік мағына бөлшегі − бұл адамның көңіл-күйіне, айтушының, не жазушының айтылған ойға көзқарасын білдіруімен байланысты болған мағына бөлшегі.

Зерттеу жұмысында эмоция мен экспрессияны бейнелейтін лексикалық бірліктер семантикалық жағынан жалаң түрде сипатталып қана қоймай, олардың жасалу жолдары, құрылымдық ерекшелігі, грамматикалық ерекшеліктері, көркем мәтіндегі атқаратын қызметі де ескеріле отырып, көп аспект тұрғысынан кешенді талдау жасалады.

Зерттеудің өзектілігі. Эмотивті мағыналы лексикаға қатысты қазақ тіл білімінде, жалпы тіл білімінде жарық көрген зерттеу еңбектерінде эмоционалды-экспрессивті лексиканың көркем шығармада колданылуы, семантика-синтаксистік парадигмалары, олардың сөйлеу коммуникациясындағы колданысы жан-жақты сөз болды. Негізінен эмоция мен бағалауды білдіретін лексикалық бірліктерге арналған еңбектер қазақ тілінде бірен-саран. Бұл ретте С. Қоянбекованың «Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының негіздері» еңбегін атауға болады.

Зерттеу нысаны - қазіргі сөздік қорда қолданылып жүрген, бойына ұлттық ерекшеліктерді молынан сақтаған эмоционалды-экспрессивті лексика.

Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Диплом жұмысының негізгі мақсаты - эмоция мен тұлғаның көзқарасын білдіретін лексикалық бірліктерді анықтап, оларға кешенді түрде талдау жасау, классификациялау, семантикалық сипатын ашу. Осы мақсатқа жету үшін бір-бірімен іштей байланысты мынадай міндеттер жүзеге асырылды:

  • түрлі мәтіндерге (керкем әдебиет туындылары мен баспасөз материалдары) сүйене отырып, эмоционалды-экспрессивті лексиканың мағыналық топтарын анықтау және классификациялау;
  • зерттеліп отырған лексикалық бірліктердің мағыналық бөлшектерін, олардың эмоциялық, бағалауыштық, экспрессивтік, стилистикалық мағына ерекшеліктерін ескере отырып талдау;

-эмоционалды-экспрессивті лексиканың семантикалық

категорияларын (синонимдік, антонимдік парадигмаларын) анықтап, олардың семантикалық өрісін зерделеу;

- эмоционалды-экспрессивті лексиканың көркем шығармада қолданылу ерекшелігін анықтау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Эмотивтік мағынаны жеткізетін тілдік құралдарды контекст ыңғайында зерделеу нәтижесінде:

-эмоционалды-экспрессивті лексика лексикалық мағынасындағы архисеманың сипатына қарай эмоционалды, экспрессиялы, эмоционалды-экспрессивтік лексика деп топтастырылды;

-эмоционалды-экспрессивті лексиканың мағынасында бағалауышты семаның мағыналық және ақпараттық көлеміне қарай эмоционалды баға, рационалды баға деген түрлері анықталды;

-эмоционалды-экспрессивті лексиканың мағыналық құрамындағы эмотивті мағына бөлшегінің қарқындылығына қарай әлсіз, орташа, күшті аффектер деген үш түрі анықталды;

  • экспрессивтік, эмоционалдық семаларының өзара қарым-қатынасы негізінде компонеттік талдау жасалды;
  • эмоционалды-экспрессивті лексиканың көркем шығармадағы көркемдік мәні анықталды.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар. Адамның қоршаған орта мен шындық болмысқа қатысты сезімі мен көзқарасын танып, білу тәжірибесі лексикалық бірліктер арқылы түйінделеді, ал эмоционалды-экспрессивті лексиканың мағыналық құрылымы ұлттық ерекшеліктерге қарай анықталады да сөз семантикасында универсалды эмотивті мағынаның болатынын айқындауға мүмкіндік береді;

  • лексикалық бірліктердің эмоционалдық бояуы, экспрессивтік реңкі олардың белгілі бір контекст ыңғайына қарай валенттілігіне байланысты болып, сөздердің семантикалық өрісінің ұлғаюы пайда болады;
  • кез келген эмоциялардың астарында бағалауыштық сипат болады, ал эмоционалды іс-әрекет экспрессивті-коннотативті сипат алатындықтан эмоционалдық пен экспрессивтіліктің лингвистикалық категориясы тілдің бағалауыштық, қарқындылық, бейнелілік, экспрессивтілік сияқты категорияларымен байланысты қарастырылуы тиіс.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Қазіргі қазақ тіліндегі эмоционалдық-экспрессивтік лексиканың арнайы зерттелуі лексикология теориясына, атап айтқанда семантикалық категориялары мен мағыналық топтары, лексикалық мағына құрамын зерделеуге бағыт-бағдар береді. Зерттеудің нәтижелері эмоционалды-экспрессивті лексикалық бірліктер арқылы бейнелеуде ұлтгық менталдық таным дүниесі, когнитология, психолингвистика, антропоцентрлк сияқты ғылыми барыттардың негіздерін айқындауға үлес қосады.

Жұмыстың зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысында эмоционалдық-экспрессивтік лексиканың мағынасын ашу үшін қазіргі тіл білімінде қалыптасқан ғылыми әдістер мен тәсілдер: лексика-семантикалық ерекшеліктерін баяндауда лингвистикалық сипаттама, грамматикалық мағынасын, парадигмалық түрленуін анықтауда синхронды, компоненттік талдау колданылды.

Зерттеудің құрылымы. Диплом жүмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. ЭМОЦИОНАЛДЫ-ЭКСПРЕССИВТІ ЛЕКСИКА
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тіліндегі эмотивті лексиканы қазақ тіліне аудару ерекшеліктері
Көркем әдебиет тілінде кездесетін бейәдеби элементтер (дөрекі сөздер,одағайлар, орыс тілі элементтері, қарғыс сөздер)
Қазақ тіліндегі балағат лексикасы
Ауызекі және көркем шығарма мәтініндегі диалог: лексикалық, синтаксистік, стилистикалық сипаттама
Эмоционалды - экспрессивті лексиканың зерттелу тарихы
Қазақ фразеологиясының стильдік ерекшеліктері;.Қазақ фразеологизмдерінің қалыптасуындағы ұлттық мәдени маңызы бар түпдеректер;.Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы
Тілдегі эмоционалдылық пен экспрессивтілік және олардың синтаксистік жүйедегі көрінісі
Диалог түрінде сөйлеуге үйрету
Құжат ұғымы және мазмұны
Көркем шығармаларды орыс тілінен ағылшын тіліне аударудағы ерекшеліктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz