Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық күйзеліс мәселелерін педагогиклық-психологиялық тұрғыдан қарастыру және шешу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық күйзеліс мәселелерін
педагогиклық-психологиялық тұрғыдан қарастыру және шешу.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

ІБөлім: Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық күйзеліс мәселелерін
педагогиклық-психологиялық тұрғыдан қарастыру және
шешу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

1.1. Күйзеліс - эмоциялық шеңбердін
көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

1.2. Күйзелістін пайда болу себебі және оның мектеп жасына дейінгі
балаларда көрінісінің
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...10
1.3. Мектеп жасына дейінгі балалардың өзіндік баға қоюының
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
1.4. Баланың күйзеліс жағдайының топтағы алатын орнына
әсері ... ... ... .21
ІІ Бөлім: Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық күйзеліс жағдайын
педагогикалық – психологиялық тұрғыдан зерттеу ... ... ... 24
2.1.Балалардың эмоциялық шеңберін
сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
2.2. Мектеп жасына дейінгі блалардың топтағы тұлғааралық қатынастарының
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .43
2.3. Әртүрлі күйзеліс деңгейіндегі балалардың жағдайын педагогикалық-
психологиялық тұрғыдан қарастырып нәтиже
шығару ... ... ... ... ... ... ... . ... 49
2.4.Балалардың күйзеліс мәселесін педагогикалық-психологиялық тұрғыдан
шешу және
коррекциялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..57
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .59
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .61

Кіріспе

Қоғамымыздың зиялық ресурстарын белсендіру қажеттілігі қазіргі
жағдайдың ең маңызды мәселесінің бірі болады. Жеке тұрғыдан ол әлеуметтік
парасатты дамыту мәселесін шешуді болжайды, яғни адамдардың бірін бірі
ұғынып тани алуы, сөйте отырып басқа адамның ішкі жан дүниесің түсіну өсіп
келе жатқан баланың ішкі қобалжу,күйзелістерін анықтап дер кезінде көмек
беру. Қазіргі ғылыми білім тұлғаның сана сезімінің мәселесіне қызығушылық
танытады. Бұл қызығушылық психологиялық және де басқа тұрғыдан орталық орын
алып талданып ғылыми зерттеулерде бейнеленеді.
Тұлғаның сана сезімін психологиялық талдау деңгейінде зерттеу үшін
сенімді негіз болатын адамның қоршаған орта мен өзін өзі түсіну болып
жатады. Осы үсінік тұрғысынан сана сезімді объект санасы ретіндегі субъект
деп анықтауға болады. Нәтижесінде адам өз білімін бағалауға, адамгершілік
сипатын, қызығуын, идеалын, әрекет-қылық мотивін бағалауға өзін тұтас
бағалауға деген қабілет меңгереді.
Сана сезімнің пайда болуы тұтас психикалық дамуды сипаттайды, яғни
онсыз тұлға қалыптасуы мүмкін емес. Ол қоршағандардың тікелей әсерімен, ең
алдымен, бала тәрбиелейтін ересектердің әсерімен жүреді. Балалардың сана
сезімінің ерекшеліктерін білмей олардың қылықтарына жауап беру, сәйкес
мадақтау немесе жазалау әдісін таңдау, мақсатты түрде тәрбиені басқару
қиынға соғады.
Қандай болмасын адам жылы ахуал және силастықта өмір сүргісі келеді,
қоршағандардың жылы шырайын сезінгісі келеді. Бұны тек біздерге, қоғамда
нормада өмір сүру үшін қажет әлеуметтік қорғаныс сезімі бере алады.
Егерде біз бір себептерден басқа адамдардың қолдауына, жәрдеміне,
мейірімділігін күтпесек, онда ауыр және ауыршн күйзеліс кешеміз.
Бұл күйзелістер көптеген адамдарда болады. Бірақ кейбіреулерінде
басқаларға деген сенімсіздік, күмәндік, абайлық мінезінің тұрақты бітісіне
ауысады- бұл тұлға қасиеті, сонында шет формасында психикалық нормадн шығып
көптеген невроздар мен психоздар себебі болады.
Бәріне таныс сезім, тұлға ерекшелігі, ауыр патология, ал осындай әр
түрлі заттардың негізінде психологтар тұлғааралық мазасыздық деп атайтын
бір кешенді күйзеліс жатады.
Мектепке дейінгі балаларда ең көп мазасыздықты тудыратын балабақша
тәрбиешілері. Объекивті баламен тәрбиеші қатынасы жақсы, мейірімді деп
балалардың өздері бағалайтын тәрбиешілермен қатынастың өзі балларда
мазасыздық тудырады. Бірақ егерде, бала үшін тәрбиешілермен қатынастары
нашар қалыптасса, онда оларда мазасыздық күйзелісі одан да жоғары
көтеріліп, ол аналадағы бәрінен ұнамсыздық күтетін болады. Бұл жағдайда
тұрақты үрей, сенімсіздік, тұлға ерекшелігі туралы айтамыз. Мұндай мінез
отбасында эмоциялық жылу көрмеген немесе тым көп алған балаларда
қалыптасады.
Өсіп кележатқан адамның ең қысымды әлеуметтік қажеттілігінің бірі -
өзін таныту қажеттілігі. Маңыздысы, адамның даму жолы жанама тәуелсіз
әлеуметтік бірлік – тұлға, ретінде өзін таныту жолы болады, бірақ өзін
таныту- бұл кен және қарама-қайшы процесс. Мектеп жасына дейінгі бала
үлкендердің мақтауы арқылы өзін өзі танытады. Белгілі, кішкентай балалар,
үлкендердің сөзін қайталай отырып өздерін бағалайды.
Бала әлі кішкентай, ол әлі балабақшаға барады, балалармен қатар,
бірақ бірге емес ойнайды, оның өзіне жақсы қатынасы ол онды және үйдегі
ең жақсы бала болып анықталады. 5-6 жасқа таман ол қатар емес, бірге
қатарластарымен ойнай бастайды, ол үшін маңызды болып алғашқы тобында, яғни
балабақша тобында негізгі орын алуы.
Баланың бұл жағдайы тәрбиешінің баға беру мен қатынасына байланысты
келеді. Бұл жастағы балаларда өзін және басқаларды бағалауға деген тұрақты
критериялары жоқ, оны олар үлкендерден, тәрбиешілерден алып пайдаланады.
Балаға тәрбиешінің берген бағасы басқа балалардың бағаларында екі есе
өседі. Міндетті түрде баланың орын алуыда тәрбиешінің баға беруіне
байланысты келеді. Сондықтан тәрбиешінің мақтауы немесе сөгуі бала үшін өте
маңызды болып келеді.
Әр даму кезенде адам жаңа қарым-қатынас шеңберін меңгереді, сонымен
бірге тәуелдік алады: қарым-қатынас шеңбері менгерілді, сол шеңберге
жататын адамдар енді онда мазасыздық тудырмайды, адам тендер арасында өзін
тен сезінеді.
Бірақ, не себептен маңызды бір кезендерде адамдар мазасыздық тудырады?
Мүмкін, жаңа қарым-қатынас саласында жоғары назар, жағыр сезімділік, жақсы
позицияға ие болу тілегі адамды болар болмас сәтсіздік күйзеліс тудырады.
Жетістікке жету қажеттілігі соншалықты үлкен, сәл ауытқу сәтсіздік болып
қобалжу тудырады. Сәтсіз қарым-қатынас тәжірибесі пайда болады да жаңа
жағымсыздықты күтеді, қорқады. Осының бәрі біздің денсаулығымызға,
өмірімізге қауіп төндіретін сияқты үрей сезіміне ұқсайды.
Белгілі, үрей сезімі, организмнің қоршаған ортаға нормада бейімделу
үшін қажет – құтылу үшін ол қауіп туралы, әрекет-қылықты өзгерту
қажеттілігі туралы сигнал береді.
Осындай ұқсас қызметті қарым-қатынаста үрей, мазалану орындайды. Олар
адамды маңызды ситуация туралы ақпараттайды, жұмылдырады, ерекше абайлы
болуға мәжбүрлейді, әрекет-қылықтарын бағыттайды, атап айтсақ нақты бір
деңгейде қалаған нәтижеге жетуге мүмкіндік береді.
Барлық жастағы баларда мазасыздық тұлға қасиеі ретінде байқалды, бірақ
бала ның есі кірген сайын бұл қысы, үрей түсе бастған болды, оның бәрі
қарым-қатынастағы баланың шыңайы сәттілігі немесе сәтсіздік тәжірибесіне
байланысы болап келеді. Ерте балалық шақтағы шыңайы сәтсіздіктер, кейін
өзіне сенімсіздік болып ауысады да қарым-қатынаста мазасыздық күйзеліс
фоның тұдырады.
Әсіресе, осы өзіне деген сенімсіздік адамның өзін өзі танытуға кедергі
болады, адамдармен қарым қатынастың қалыптасуына дұрыс баға беруіне
мүмкіндік бермейді, шынайы табысқа жетуге күмәнданады.
Сол себептен бұл тақырып өте өзекті болып келеді.
Менің диплом жұмысымның мақсаты: Мектеп жасына дейінгі баллардың
эмоциялық күйзелісінің себептерін анықтау.
Ғылыми болжам: Баланың топта статустық жағдайы сәтсіз болса, эмоциялық
күйзелістері жоғары болады.
Зерттеу міндеттері:
1) Естияр жастағы мектепке дейінгі балалрдың эмоциялық шеңберін зерттеу;
2) мектепке дейінгі балалардың топтағы тұлғааралық қатынастарын зерттеу;
3) әртүрлі күйзеліс жағдайындағы балардың топтағы статусын зерттеу.
Зерттеу пәні: мектепке дейінгі баланың статусына байланысты мазасыздық
күйзеліс деңгейін анықтау.
Зерттеу объектісі: естияр жастағы мектепке дейінгі балалар тобы.
Топтағы баллардың эмоциялық жағдайын зерттеу үшін, қолданамыз:
Үй-Ағаш-Адам тестісі, Жоқ жануарлар әдістемесі.
Балалардың қатынастарын анықтау үшін социометрия және аутосоциометрия
әдістемелері қолданылды
Зерттеу базасы: Қөкшетау қаласының Қарлығаш атты №9 Балабақшасы.
ІБөлім: Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық күйзеліс мәселелерін
педагогиклық-психологиялық тұрғыдан қарастыру және шешу.

1.1. Күйзеліс - эмоциялық шеңбердін көрінісі

Эмоция және сезім күйзелу формасындығы шыңдықты бейнелеу болып көрінеді.
Қобалжу сезімінің әртүрлі формалары (эмоция, аффект, көңіл, стресс,
құштарлық т.б.) адамның эмоциялық шеңберінің жиынтығын құрайды.

Сезімнің адамгершілік, зиялық және эстетикалық түрлері болады.
К.Изард ұсынған классификация бойынша эмоция іргелі және өнімді болып
бөлінеді. Іргеліге жататындар:

1) қызығу – тыңышысдану, 2) куаныш, 3) таңдану, 4) қайғы-қасірет, 5) ашу,
6) жеркенушілік, 7) жек көрушілік, 8) үрей; 9) ұят, 10) кінә.

Қалғандары - өндіруші болады. Іргелі эмоцияның қосындысынан үрей,
кінә, ашу, қызығу – қозу тіркестерінен тұратын мазасыздану сияқты
комплексті эмоциялық жағдай пайда болады.

Мазасыздану – абыржу реакциясының төмен табалдырықта пайда болумен
сипатталатын, абыржуға дара адамның бейімділігі

Мазасызданудың нақты деңгейі – тұлғаның белсенді іс-әрекетінің табиғи және
міндетті ерекшелігі. Әр адамда, өзіне тиімді немесе қалаулы мазасыздану
денгейі болады – ол, пайдалы мазасыздану деп аталады. Адамның өз жағдайын
бағалау бұл жағдайда өзіндік бақылау және өзіндік тәрбиенің маңызды
компоненті болады. Бірақ, мазасызданудың жоғары деңгейде болуы тұлғаның
сәтсіздігінің субъективті көрінісі болады.
Әр түрлі жағдайда мазасыздану көрінісі бірдей болмайды. Бір жағдайда
адамдар барлық жерде және әрқашан өздерін мазсызданып ұстайды, келесі бір
жағдайларда жағдайятқа байланысты бір уақыттарда ғана өз мазасыздануын
байқатады.
Ситуативтік тұрақты мазасызданудың көрінісін тұлғалық деп атаймыз және
адамның сәйкес тұлғалық бітісімен байланыстырамыз (мазасыз тұлға деп).
Субъектінің мазасыздануға бейімділігі және көптеген жағдайларды кәуіпті
ретінде қабылдап соған нақты реакция беруі бұл тұрақты жеке дара сипат,
яғни мінездемесі болады. Бейімділік ретінде, жеке тұлғалық мазасыздану,
адамның нақты стимулдарды қабылдауында кауіпті болып бағаланып, оның өздік
бағасына, жеке басын силауына, намысна әсер етер жағдай болып саналғанда
белсенділе түседі.
Мазасызданудың жағдаятты құбылмалы көрінісі ситуативті болып аталады
да, адамның мұндай мазасыздану көрініс ерекшеліктері ситуациялық
мазасыздану деп аталады. Бұл жағдай субъективті қобалжу эмоциясымен
сипатталады: титықтану, қам істеушілік, мазасыз хал, қысым т.б. Мұндай
жағдай стрестік жағдайға эмоциялық реакция ретінде пайда болады және
мерзімге орай қарқындылығымен және динамиклығымен әр түрлі болып келеді.
Тым мазасыз категорияға жататын тұлғалар, өзінің өздік бағалауына және
тіршілігіне кен диапазонда қауіпті қабылдауға бейім келетіндер адамдар
жатады.
Тым мазасыз адамдардың іс-әрекетте табысқа жетуге деген әрекет-
қылықтары келесідегідей:
1. Тым мазасыз дара адамдар төмен мазалы адамдарға қарағанда сәтсіздікке
қатты реакция береді;
2. Тым мсазыс адамдарға қарама-қарсыларға қарағанда ситуациялық жағдайларда
нашар жұмыс атқарады;
3. Сәтсіздіктен қорқу – тым мазасыз адамдардың бітіс сипаты. Бұл үрей
оларда табысқа жету үстемдігінен де басым келеді.
4. табысқа деген мотивациялары төмен мазалы адамдарда басым келеді. Оларда
ол сәтсіздікке ұрынып қалу мүмкіндігінен де басым келеді.
5. тым мазасыз адамдарда күшті ынталандыратын күш болып олардың сәттілігі
туралы хабар болсы;
6. төмен мазасыз адамдарды ынталандыратын күш болып олардың сәтсіздікке
ұшырағаның хабарласа;
7. Жеке тұлғалық мазасыздық адамды ешбір қауіпсіз жағдайдын өзін қауіпті
деп қабылдауына бейімділік етеді.
Адамның іс-әрекеті нақты жағдайларда, тек ситуацияларға ғана немесе
адамның тұлғалық мазасыздығына байланысты болып қоймайды және де жағдаяттар
ықпалымен пайда болатын жағдайдын мазасыдығының өзіне де байланысты
келеді.
Адамның қажетілігі, ойы, сезімі, өзінің мазасыз тұлғалық қасиеті,
пайда болған жағдайлар әсері нақты пайда болған жағдайды когнетивтік
тұрғыдан бағалауды талап етеді. Бұл бағалау, өз ретімен нақы эмоция
тұдырады (нерв жүйесінің автономды жұмысын белсендіреді және сәтсіздікті
күтуге байланысты мазасыздану жағдайын күшейтеді). Бұл жайлі барлық ақпарат
кері байланыс жүйке механизмі арқылы адамның ойына, қажеттілігіне және
сезіміне әсер ете отырып бас миына беріледі.
Осы жағдайды когнетивтік бағалау бір мезгілде және автоматты түрде
организмнің қауіпті стимулдарға деген реакция тудырады, соның негізінде
ситуациялық мазалануды төмендетуге бағытталған сәйкес жауапты реакция пайда
болуына әкеледі.
Осының қорытындысы тікелей іс-әрекеті орындауда байқалады. Бұл іс-
әрекет тікелей мазасыз жағдайға байланысты келеді.
Сонымен, адамның ситуация туғызатын мазалануында іс-әрекет тікелей
ситуациялық мазасыздық күшіне тәуелді келеді.

2.1. мазасызданудың пайда болу себептері және оның мектепке дейінгі
балаларда пайда болу ерекшеліктері.

Балалар өмірінде эмоциялар өте маңызды рөл атқарады: шыңдықты қабылдап
жауап беруне жәрдемдеседі. Балалрдың әрекет-қылықтарында байқалып
етесектерді, балаға не ұнап, не реніштетіні туралы ақпараттайды. Бұл
әсіресе бала тілі шықпаған нәрестелік жаста өзекті болып келеді. Бала
өскен сайын, оның эмоциялық дүниесі байи және құбыла түседі. Іргелі (үрей,
қуаныш т.б.) ол күрделі эмоция гаммасына көшеді: қуанады және ашуланады,
масаттанады және тан қалады, қызғанады және мұнаяды. Эмоцияның сыртқы
көрінісі де өзгереді.
Мектепке дейінгі жастағы бала қоғамда қабылданған көз тастау, жымию,
ымдар, тұрыс-қозғалыстар, дауыс үні арқылы күйзелістердің нәзік реңкін
білдіру формаларындағы сезім тілін меңгереді.
Келесі жағынан, бала қатты және күрт сезімдерін ұстай алу іскерлігін
меңгереді. Бестегі бала екі жастағы бөьекке қарағанда өзінің үрейін немесе
жасын көрсетпеуге тырысады. Ол жоғары мағынада өз сезімін , мәдени
қабылданған формаға келтіріп басқаруға үйренеді, және де ол өз сезімдері
арқылы саналы түрде әсер ете алып қоршағандардарға ақпарат беруге
қолданада алуға үйренеді. Бірақ мектеп жасына дейінгілер әлі де импульсивті
болып қала береді. Олардың сезінетін эмоциялары, оп оңай жүздерінде, жүріс-
тұрысында, ым қозғалыстарында, барлық әрекеттерінде бақалып тұрады.
Тәжірибелі психолог үшін баланың әрекет-қылығы, олардың сезімдерін білдіруі
– кішкене адамның ішкі дүниесінің түсіне білу үшін және оның психикалық
жағдайы келешекте сәтті даму мүмкіндігіне куә болуы туралы маңызды
көрсеткіштін бірі. Психологқа баланың эмоциялық сәттілік денгейі туралы
ақпаратты баланың эмоциялық фоны де береді. Эмоциялық фон теріс және
жағымды (оң) болуы мүмкін.
Баланың теріс фоні көңіл күйі болмаумен, тұңжыранқы, быржумен
сипатталады. Бала ешқашан күлмейді немесе, күлімсіресе оны жағымпаздықпен
істейді, басы, иығы салбырап, жүзінен мұн кетпейді. Мұндай жағдайда баламен
қатынас және тілдесуде проблема туындайды. Бала жиі жылайды, себепсіз оп-
оңай өкпелей қалады. Ол көп уақытын жалғыздықта өткізеді, еш нәрсемен
қызыпайды. Мұндай балаларды қарағанда ол ынтасыз, бұйығы болып келеді де
контактке әрен түседі.
Баланың осындай эмоциялық жағдайының себебінің бірі ол мазасызданудың
тым жоғарынқы деңгейі.
Психологияд мазасыз деп адамның үрей сезімін бастан кешуіне бейім
тұруы, яғни түсініксіз қауіптік жахғдайда пайда болатын және жағдайдың
сәтсіз дамуын күтуде байқалатын эмоциялық жағдай деп ұғынылады.
Мазасызданған адам, себепсіз қорқыныш үрейді түйсінумен өмір сүреді.
Олар өздеріне жиі сұрақ қояды: Кенеттен бір нәрсе болып қала ма? деген.
Тым жоғарынқы мазасыздық (мағыналы) іс-әрекеттің ұйымдастырмайды да өзіне
деген сенімсіздік, төмен баға қоюды қалыптастырады (Мен ештене істей
алмады!) дейтін. Сонымен, бұл эмоциялық жағдай невроз дамуына әкелетін
механизмнің бірі болып келеді де тұлғалық қарама-қайшылықты терендетуге
әсер етеді (мысалы, жоғары ұмтылыс пен төмен баға арасында).
Мазасыз адамдарға тән сипаттардың барлығысын балаларға да жатқызуға
болады. Әсіресе бұлар өздеріне өте сенімсіз, тұрақсыз өздік бағадағы
балалар. Белгісіз алдында әрдайым үрей сезінуі олардың ынтасының көрінісін
жояды. Елгезек бола тұрып, қоршағандардың назарын өзіне аударғысы келмейді,
олар үйде де балабақшада да өздерін тәртіпті ұстайды, ата-ана мен
тәрбиешілердің талаптарын тура орындауға тырысады – тәртіпті бұзбайды,
ойыншықтарын өздері жинап жүреді. Мұндай балалрды, ұялшақ, сыпайы деп
атайды. Бірақ олардың тәртіптілігі, тәлімдігі, ұқыптылығы қорғаныс сипатта
болып келеді – бала сәтсіздіктен құтылу үшін бәрін орындайды.
Мазасыздықтын этиологиясы нендей? Белгілі, мазасызданудың пайда болу
себебі тым жоғары сенситивтілік, яғни сезімталдық болады. Бірақ, жоғары
сезімталдықтағы балалрдың әр қайсы мазасыздыққа түсе бермейді. Көбі ата-
анамен бала арасындағы қарым-қатынас тәсіліне байланысты келеді. Кейде олар
мазасыздықтың дамуына жол береді.мысалы, баланың мазасыздық тұлға болуына
гиперпротекция типінде тәрбиелеуден (баланы тым қамқарлыққа алып тым майда
бақылаудан, көп тиым қоюдан).
Мұндай жағдайда ересек адамның баламен өктемді сипатта қарым-қатынас
құруы байқалады, бала өзіне, өзінің күшіне деген сенімділіктен айырлылады,
ол теріс бағадан қорқады, ол бір нәрсені дұрыс істемедім бә деп аландай
бастайды, үрей сезінеді түбінде ол бекітіліп адамның тұрақты тұлғалық
сипатына ауысады.
Гипер қамқорлық типінде тәрбие , кейде бұл тәрбие симбиотикалық, яғни
баланың анасымен немесе әкесімен жақындықтағы қатынаста болуы. Бұл жағдайда
ересек адам мен баланың қарым-қатынасы өктемді де демократиялық та болып
келуі мүмкін (ересек адам өз ойын пікірін бала екпей онымен ақылдасады,
оның ой-пікіріне қызығушылық танытады). Балалармен мұндай қатынас орнатуға
нақты мінездемелік ерекшеліктері бар – мазасызданғыш, күмәндәнгіш, өзіне
сенімсіз ата – аналар бейім тұрады.
Мұндай ата-аналар балаларымен тығыз байланыс орнатқан соң, ұлдарына
немесе қыздарына өз үрейлерін жұқтырады,яғни мазасыздықты қалыптастырады.
Мәселен, ата-анамен балалар арасындағы үрейлердің сандық тәуелдігі бр,
әсіресе анада. Көптеген балалардың үрейлер сезінуі, аналарының жас кезінде
тән болған немесе әлі күнге дейін байқалуында. Ананың баласының психикасын
жағдайлардан еріксіз қорғаймын деген үрей жағдайы, ол өзінің еске
түсіретін үрейі. Және де үрейдін тағы бір берілу жолы, ол анасының баласы
туралы қорқыныш, күдіктену сезімі.
Баланың мазасыздығының күшеюіне мынадай факторлар әсер етуі мүмкін:
1. ата-ананың, тәрбиешілердің тым жоғары сұраныс талаптары, бұл
жағдайда балада созылмалы сәтсізділік ситуациясы туындайды. Әрдайым бала өз
мүмкіндігі мен үлкендер күткен жетістіктің жоғры деңгейі арасындағы
айырмашылықты көріп, ол абылжи бастайды да түбінде мазасыздыққа әкеліп
соғады.
2. Мазасыздықтың қалыптасуына әсер ететін келесі фактор – кінә сезімін
тудыратын жиі жазғыру жатады (Сен өзінді жаман ұстағаннан, шешеннің бсы
ауырды, Сенін мінез-құлық қысығынан біз сенін шешенмен жиі ұрысыамыз)
деген сияқты. Бұл жағдайда бала әрдайым ата-анасының адында кінәлі болып
қалуға қорқады.
3. Балалрдың үрейлерінің көбіне ата-ананың көптеген ескерулер,
қәуіптілік және үрей болғандықтан өз сезімдерін білдіруге деген
ұстамдылықтары себеп болады. Ата-аналардың артық қаталдығы блада үрейдің
пайда болуына мүмкіндік береді. Мұндағы ерекшеліктердің бірі анасына қызына
,әкесі ұлына көбірек тыйым салады. Олар ойланбай байбалам балаларына үрей
қалыптасытарыды: Сені бабй келеді де қабына салып әкетеді, Мен сенен
кетіп қаламын т.б.
4. Аталған факторлардан басқа үрей қатты қорқан себебінен, ауыр сырқат,
бәле жазым есте сақталып қалу нәтижесінен де болады.
Егерде балада мазасыздық күшее түссе, үрей пайда болса – мазасыздықтын
серігі невротикалық бітістер дами бастайды.
Мінез бітісі ретінде, өзіне сенімсіздік – бұл өз өзін жоюға, өз күші
мен мүмкіншілігін құртуға бағытталған ұстанымдар болып келеді.
Мінез бітісі ретіндегі мазасыздану - қауіп қатерлі болып көрінетін
өмірге деген қажырсыз ұстаным.
Сенімсіздік мазалану мен батылсыздық тудырады, ол болса соған сәйкес
мінездеме тудырады.
Сонымен, өзіне сенімсіз, күмәндәнуға бейім мазасызданғыш, жасқаншақ
бала, өзін билей алмайтын, инфантильды, тым жоғары иландырғыш болып келеді.
Сенімсіз, мазалы адам әрдайым күбәлінгіш, ал күбәләну басқаларға деген
сенімсіздік тудырады. Мұндай балалар басқалардан сақтанады, шабуыл,
келемеж, өкпе күтеді ойын немесе істегі міндеттерді атқара алмайды.
Бұл, басқаларға бағытталған агрессия түріндегі психологиялық қорғаныс
реакциясының қалыптасуына әсер етеді. Сөйтіп, үрейлі баланың жиі тандайтын
белгілі тәсілдердің бірі қарапайым ой қорытынды шығаруға негізделген: еш
нәрседен қорықпау үшін, менен қорқатындай іс ету керек. Агрессия маскасы
мұқият үрейді қоршағандардан ғана емес, баланың өзінен де жасырады. Соған
қарамастан олардың жан дүниесінің түбінде – сол үрей, сенімсіздік,
сасқалақтау, тірек болмауы қалады.
Және психологиялық қоғаныс реакциясы, қауіп төнетін тұлғалардан
қашқақтау және қарым-қатынастан бас тартуда байқалады. Мұндай бала жалғыз,
тұйық, қажырсыз болып келеді.
Қиял әлеміне кету сияқты психологиялық қорғаныс реакция нұсқасы да
бар. Бала қиялында шешілмеген шиеленістерін шешеді, арменында орындалмаған
қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Қиял ғажап – шындықпен әрдайым байланыстырып отырратын конструктивті
ережедегі қиялдың дамуы үшін балаларға тән ең бір ғаламат қасиеттін бірі.
Бір жағынан, баланың өміріндегі шынайы жағдайлар оның қиялына түрткі болады
(фантазия өмірді жалғастыратын болады); келесі жағынан – фантазияның өзі
шындыққа әсерін тигізеді – бала өз арманың жүзеге асыруға тырысады. Үрейлі
балалардың фантазиялары бұл қасиеттен айырылған.
Арман өмірді жалғастырмайды, ол өмірге өзін қарсы қояды. Бұл шындықтан
қол үзу – деректі мүмкіндіктен, баланың даму перспективасының қабілетімен
ешбір ұқсастығы жоқ үрейлі фантазияның мазмұнының өзінде байқалып тұрады.
Мұндай балалар өзінің расындада суқаны сүйетін, өздерін көрсете
алатынға емес, болмайтын нәрсені армандайды.
Мазасыздық, үрей жалпы қабылданған нормаға сәйкес келмей қалудан, бір
нәрсені қате істеп қоюдан қорқатын абыржу сезімі басым келетін, нақты бір
эмоциялық тұрғы ретінде ерте жастан шешілмей келе жатқан қорқыныштарының
саны көп болғандықтан жеті, сегіз жасқа таман дамиды. Мектеп жасына дейінгі
және төменгі сынып балары үшін үрейдін негізгі көзі болып отбасы, ілгері
қарай жеткіншектер үшін отбасы рөлі кеміп, екі есе мектеп рөлі аса
бастайды.
Ұлдар мен қыздардың мазасыздану деңгейі және үрейді бастан кешу
қарқындығы әртүрлі болып келетіні байқалды. Мектеп жасын дейінгі және
бастауыш мектеп жасында қыз балалрға қарағанда ұл балалар жиі үрейлі болып
келеді.Бұл өзінің үрейін қандай жағдайлармен, неден күмәндәнаді, қалай оны
түсіндіреді деген мәселемен байланысты. Бала есейген сайын, айырмашыықта
айқындала бастайды. Қыз балалар өз үрейлерін жиі басқа адамдармен
байланыстырады. Қыз баланың үрей дос, туыс, мұғалімдермен ғана байланысты
болып қоймайды, Қыз балалар қауіпті деген адамдардан қоқады, оған
маскүнемдер, бұзақылар т.б. жтады.
Ұлдар болса, ата-ансынан немесе отбасынан тыс: мектеп директоры,
мұғалімдерден күруге болатын жазалау, бәледен, физикалық соққыдан т.б.
қорқады.
Мазасыздық, үрейдін теріс салдары, тұтастай зерделік дамуға әсер етпей,
жоғары деңгейдегі үрей дивергентті (креативті, шығармашылық) ойлаудың
қалыптасуына теріс әсер етеді.
Осыған қарамастан, мектепке дейінгі және бастауыш мектеп балалары үшін
мазасыздық мінездің тұрақты бітісі бола қоймайды және сәйкес психологиялық-
педагогикалық шараларды қолданса кері келтіруге болады.
Оңы тәрбиелейтін педагогтар, ата-аналар қажетті ұсыныстарды сақтайса
баланың үрейін бір сыпыра төмендетуге болады.

1.3. Мектеп жасына дейінгі балалардың өзіндік баға қоюының
ерекшелігі.
Өзін-өзі бағалау – бұл тұлғаның өзін -өзі, өзінің мүмкіндігін,
қасиетін басқа адамдар арасындағы орнаң бағалау болады. Өзін-өзі бағалау
тұлғаның іргелі қалыптасуына жатады. Ол оның маңызды деңгейде
белсенділігін, өзіне және басқа дамдарға деген қатынасын анықтайды.
Жалпы және жеке өзін-өзі бағалауды айырады. Жеке өзін-өзі бағалау
деп, мысалы, өзінің сырт келбетінің қандайда бір деталін, мінездің жеке бір
бітісін бағалауды айтамыз. Жалпы немесе ғаламдық өзін-өзі бағалау, дамның
өзіне қатысты күйзелісі, қолдау немесе қолдамауда бейнеленеді.
Адам өзін сайма-сай немесе сай емес (өз жетістігі мен табысын көтеру
немесе төмендету) бағалауы мүмкін. Өзін-өзі бағалау жоғары және төмен,
сындық, дербестік және тұрқтылық деңгейімен айырықшланады.
Ғаламдық өзін-өзі бағалау процесінің қалыптасуы қарама-қайшы және тен
емес болып келеді, оның себебі ғаламдық өзін-өзі бағалау қалыптастыратың
жеке бағалар әртүрлі тұрақтылық, сайма-сайлық деңгейде болуы мүмкін. Бұдан
басқа, бұлар бір-бірімен әртүрлі өзәрекеттестікте болуы мүмкін: келісімді
болуы, өзара бірін бірі толықтыру немесе қарама-қайшы, шиеленісті болады.
Ғаламдық өзін-өзі бағалауда жеке тұлғаның мән-мағынасы бейнеленеді. Мен
қорытынды өлшемі, ғаламдық өзін-өзі бағалаудың болу формасы болып тұлғаның
өзін-өзі силауы жатады. Өзін-өзі силау дегеніміз– тұрақты тұлғалық бітіс
және оны нақты бір деңгейде ұстау жеке адамның ең негізгі қамын құрайды.
Тұлғаның өзін-өзі силау рас жеістікке жету үшін адам алдына қандай
мақса қоюымен неге ұмтылуымен анқыталады.
Осындай мақсаттардың жиынтығы тұлғаның ұмтылыс деңгейін құрайды. Оның
негізінде, тұлғаның қажеттілігі болатындай өзін-өзі бағалауды сақтау
жатады. Ұмтылыс деңгейі – субъект есепке алатын практикалық нәтиже; мысалы,
жұмыста жетістікке жету. Адам, әдетте, өзінің тәжірибелік іс-әрекетінде,
өзінің өзін-өзі бағалауымен келісімді, оның бекітілуне қолдау, норма
болатын нәтижеге жетуге тырысады. Іс - әрекетпен қанағаттану,
қанағаттнбауды анықтайтын фактор ретінде нәтижеге емес сәтсіздіктен
қашқақтауға бағытталған тұлғалар үшін ұмтылыс деңгейі өте маңызды. Өзін-өзі
бағалауда маңызды өзгерістер іс-әрекет субъектісінің қажетті қабілеттерінің
болуы немесе болмауы табыс немесе сәтсіздіктін өзімен байланысты келгенде
пайда болады.
Тұлғаның психикалық өмірінің өзін-өзі бағалауы және өзін-өзі силау
қызметі, адамның мінез-құлық және іс-әрекет реттелуінің ішкі жағдайы болып
іске қосылады. Өзін-өзі бағалау іс әрекет мотивациясының құрылымына кіру
себебімен, тұлға әрдайым өз мүмкіншілігін, психикалық ресурсын іс-әрекет
құралы және мақсатымен байланыстырады.
Адамның өзі жайлі жиналған білімі, және де сол білімнің негізінде
қалыптасқан ғаламдық өзін-өзі бағалау, Мен тұжырымдар деп аталатын көп
қырлы қалыптын қалыптасуына мүмкіндік береді және тұлғаның ядросын құрайды.
Мен-тұжырымдамалар – бұл азды көпті саналы, уайым ретіндегі адамның өзі
туралы қайталанбас түсінігі, с соның негізінде басқа адамдармен өзара
әрекет құрады, өзінің әрекет-қылығын, іс-әрекетін реттейді.
Сонымен, тұлғаның тұтас сана сезімінің негізгі компоненті, өзін -өзі
бағалау жатды.
Сана сезім дамуындағы өзін-өзі бағалаудың пайда болуымен байланысты
негізігі жаңа қалыптасулар ерте жастың аяқ жғында жүреді. Ересектерден
айырмашылықты бала өзінің жеке тілекерін түсіне бастайды, өзін үшінші
бетте айтуды қойып Мен деген бірінші беттегі есімдікте белгілеуге көшеді.
Бұл баланың өзінің Менің жүзеге асыруға, дәлелдеуге, дербес әрекеттенуге
деген қажеттіліктін тууна әкеледі.
Мектепке дейінгі кезенде баланың өзін-өзі бағалауы қарқынды дамиды.
Тұлғаның қалыптасуының алғашқы кезеніндегі өзін-өзі бағалау генезисінде
негізгі мағынағи ие болатын ересектермен қарым-қатынас құруы болады.
Өзінің мүмкіншілігі туралы сайма-сай балада білім болмағандықтан
ересектердін бағасына нанады, солардың пікір тұрғысынан өзіне деген қатынас
қлыптасады, рны тәрбиелейтін адамдарға тұтас бағытталады. Өзі туралы
қарапайым түсінік оларда кешірек дами бастайды. Олар алғаш тұлғалық,
моральдық қасиеттерді бағалауда емес, заттық және сыртқы сапада бағалауда
пайда болады. Осыған орай өзі туралы және басқалар туралы ситуациядан тыс
тануда тұрақсыздық байқалады.
Біртіндеп өзіндік баға пәні өзгереді. Мектепке дейінгі тұлғаның
дамуында маңызды алға басу болып басқа адамды заттық бағалаудан оның
тұлғлық қасиеттерн және өзінің ішкі жағдайын бағалауға көшуі жатады.
Барлық жас топтарында өздерін бағалауға қарағанда басқаларды объективті
бағалау қабілеті анғарылады. Бірақ мұнда нақты жас өзгерістері байқалады.
Естияр топтарда балалардың өздерін жанама түрде жақсы бағалауын байқауға
болады. Мысалы, Сен қандайсын: жақсысын ба немесе жамансын ба? деп сұрақ
қойсан, әдетте олар былай жауап береді. Мен білмеймін... Менде тіл аламын
дейді.
Мектепке дейінгі баланың өзін-өзі бағалауының дамуындағы өзгерісі
баланың мотивациялық шенберінің дамуымен біраз денгейде байланысты. Баланың
тұлғасының дамуы процесінде түрткілер иерархиясы өзгереді. Бала мотивтер
күресін уайымдайды, шешім қабылдайды, кейін бұдан да жоғары мотив үшін бас
тартады. Жүйеде қандай мотивтер негізгі болғанына байлнысты, бала тұлғасын
айқын сипаттайды. Балалар ерте жастарында ересектердін тікелей нұсқауымен
қылықтар жасайды. Объективті жағымды қылықтар жасай отырып, балалар оладың
объективті пайдасы бар екенін түсінбейді, басқа адамдарға қатысты өз
борыштарын ұқпайды.
Борыш сезімі баланың істеген қылығына ересектердің бға беру әсерімен
пайда болады. Сол баға негізінде, балаларда не жаман, не жқсы деген саралау
дами бастайды. Ең алдымен, олар басқа балалардың қылықтарын бағалауға
үйренеді. Кешірек балалар қатарластарының қылықтарын бағалап қоймай өз
қылықтарын да бағалауға үйренеді. Басқа балалармен өзін салысыру іскерлігі
пайда болады. Сыртқы келбет және әрекет-қылықты өзін өзі бағалаудан бастап
бала мектепке дейінгі жастың сонында жиі өзінің тұлғалық қасиеттерін,
қоршағандармен қатынасың, ішкі жағдайларын бағалауға көшеді және адамдар
арасында өз орнын, әлеуметтік Менің ерекше формада түсінуге қабілетті
бола бастайды.
Мектеп дейінгі естияр жасқа жеткен соң, бала моральдық бағаны
меңгереді, сол тұрғыдан өз қылықтарының бірізділігін ескере бастайды,
ересектер жағынан беретін баға мен нәтижені ертерек біліп отырады. Алты
жасар балалар өзінің әрекет-қылық ерекшелігін түсіне бастайды, ал жалпы
қабылданған нормалар мен ережелерді меңгере отырып басқалар мен өзін
бағалау үшін өлшем сапасында қолдана бастайды.
Бұл тұлғаның ілгері дамуына, саналы әрекет-қылық нормасың меңгеруне,
жақсы үлгілерге еруге зор маңызда болып келеді. Алты жасар балалар үшін
негізінде сараланбаған көтерінкі өзін-өзі бағалау тән келеді. Жеті жасқа
таман ол сараланады және біршама түседі. Бұрын кездеспеген, қатарластарымен
өзін салыстырып бағалау пайда болады.
Өзін-өзі бағалаудың сараланбауы, алты-жеті жасар балалар жеке
әрекеттерге ерсектер берген бағаны өзінің тұлғасына тұтас қатысты баға
ретінде қарастырады, сондықтан осы жастағы балаларды оқыту кезінде ескерту
жасау, айып тағу сияқты тәсілдерді қолдануды шектеу керек. Керісінше
жағдайда, оларда төмендетілген өзін-өзі бағалау, өз күшіне сенбеу, оқуға
теріс қатынас пайда болады.
Сайма-сай келмейтін төмендетілген өзін-өзі бағалау балада, маңызды бір
іс-әрекетте жиі жетістікке жетпеу нәтижесінде қалыптасады. Оның
қалыптасуына маңызды рөль атқаратын болып ересек адамдардың немесе
балалардың сол жетістікке жетпеушілікке ерекше көңіл болсе.
Арнайы зерттеулер арқылы баларда төмен өзін-өзі бағалаудың пайда болу
себептері анықталған:
- Объективті кемшіліктер: бойдын тапалдығы, сүйкімсіз сыртқы келбет
т.б.;
- Ойдан шығарған кемшіліктер: жалған толықтық, қабілетсіз болы көріну;
- Қарым-қатынастағы жетістіксіздік: топтағы төмен әлеуметтік статус,
қатарластарының арасында танымалсыздық;
- Бала шақтағы бөтендік қауптілігі: ата-анасының махабатының болмауы,
тырп еткізбей ұстап тәрбиелеу т.б.;
- Мағыналы адмдардың бағасына тым қаты сезімталдық т.б.
Төмен өзін-өзі бағалайтын балалар өзінің сындарсыз сезімін абыржиды, ерже
түрде өз мүмкіншілігін жүзеге асырмайды а.а. сайма-сай келмейтін төмен өзін
өзі бағалау бала тұлғасына бөгет жасайтын фактор болады.

1.4. Баланың күйзеліс жағдайының топтағы
алатын орнына әсері.

Мазасыздану тұлғаның қасиеті ретінде көп жағдайда субъектінің әрекет-
қылығына себепті болады. Мазасыздану нақты деңгейі болады – тұлғаның
белсенді іс-әрекетінің табиғи және міндетті ерекшелігі болады. Әрбір адамда
өзінің тиімді және қалайтын үрей деңгейі болады – бұл пайжалы үрей деп
аталады, оның міндеті болып субъектінің қауіпсіздігінің тұлғалық деңгейіне
қамтамасыз ету болады.

Мазалану деңгейі баланың нақты ситуация типіне ішкі қатынасын көрсетеді
және баланың қатарластарымен және ересектермен отбасында, балабақшада,
мектепте өзара қатынас жасау сипаты туралы жанама ақпарат береді.
Бұл деңгей тиімді деңгейден асып кетсе, онда жоғары үрейдін пайда
болуын айтуға болады. Балада мазсызданудың жоғары деңгейі өзіне сенімсіздік
орнатуы мүмкін. Бала қате жіберуге қорқады, онда тұтас адам сенімдігі
болмайды. Өзіне сенімсіздік – төмен өзін-өзі бағалау көрінісі. Мысалы, ата-
аналары балаға оның жиренішті үйрек балапаны деп иландырды делік.Сөйтіп
балада төмен өзіндік бағалаудың ұстанымы қалыптасады да ақылды бала өзін
надан, әдемі-өзін жиренішті, сымбатты -өзін сымбатсыз санай бастайды. Ол өз
өзінен ұялатын болады, ішінен жасырын өзін жек көреді де әдемі, күшті ата-
насы алдында зін кінәлі санайды.
Ішкі шиеленіс пайда болады - бұл санадағы позициялардың және психика
шеңберіндегі бейсаналы бағдардың соқтығысуы. Мысалы, балада түсінікті
принцип қалыптасты делік: Досымды бәледен құтқару қажет, яғни оныкі
дұрыс. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баланың күйзеліс жағдайының топтағы алатын орнына әсері
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы
Бастауыш мектеп оқушыларының көркемдік талғамын қалыптастырудағы дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнердің мәні мен маңызы
Мектеп жасына дейінгі балалардың агрессивтілік күй-жағдайын ғылыми әдебиеттер негізінде талдау
Суицидтік мінез құлықтың өзіндік психологиялық ерекшеліктері
Отбасындағы балаға жанжалдардың балаға педагогикалық психологиялық әсері
Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептегі тәрбиенің мазмұны
Мектепке дейінгі балалардың эмоционалдық сферасының ерекшеліктері
Дене шынықтыру педагогикасы пәні бойынша дәрістер кешені
Топқа біріктіріп оқыту
Пәндер