Бастауыш сынып оқушыларын жанұямен бірлесе тәрбиелеуде этнопедагогиканың маңыздылығы


КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ
Тарих - педагогикалық институты
«ПЕДАГОГИКА » кафедрасы
Қорғауға жіберілген күні: « » 2007 ж.
Кафедра меңгерушісі : Г. Т. Тасболатова.
ЕСІМСЕИТОВА АНАРГҮЛ ҚУАНЫШБАЙҚЫЗЫ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларын жанұямен бірлесе тәрбиелеуде этнопедагогиканың маңыздылығы
Ғылыми жетекші:
П. ғ. к. С. Т. Сеңкібаев
Көкшетау 2007ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 2
1. Этнопедагогиканың ғылыми - теориялық негіздері . . . 7
1. 1. Жанұя тәрбиесінің пәрменділігі, берері, салалары, атақты ағартуышылардың ой пікірлері . . . 13
1. 2. Жанұя тәрбиесiнде этнопедагогика элементтерін сабақта пайдаланудың тиiмдiлiгi және сыныптан тыс жұмыстарда қолдану . . . 22
1. 3. Жанұя тәрбиесiндегi халықтың дәстүрiн тiкелей ата-аналармен жұмыс iстеу арқылы пайдалану . . . 24
П. Жанұя тәрбиесіндегі халықтың тәрбие дәстүрін бастауыш сыныптарда жүзеге асыру жолдары .
2. 1. Баланың жеке тұлға болып қалыптасуындағы - бесік тәрбиесінің ерекшелгі . . . 26
2. 2. Әке мен шешенің, ата мен әженің бала тәрбиесіндегі алатын орны . . . 38
2. 3. Мектепте ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар ерекшелгі . . . 45
ІІІ . Сабақта жанұя тәрбиесіндегі халықтың тәрбие дәстүрінің үлгі-өнеге түрлерін пайдалану . . . 52
Қортынды . . . 71
Қолданылған әдебиеттер . . . 73
Қосымша
Кіріспе
Қазiргi кезде елiмiзде түбегейлi өзгерiстер болып жатқанын көрiп жүрмiз. Қазақстан республикасының тәуелсiз мемлекет мәртебесiне ие болуы, өз тiлi мен дiнiнiң оралуы, өркениеттi елдер қатарына қосылуна талпыныс жасауы - ел ертеңi болашақ ұрпақ тәрбиесiне жауапты тарауды көздейдi. Осы тұрғыда “Қазақ орта мектебiнiң тұжырымдасы”, “Үздiксiз бiлiм беру тұжырымдасы”, “Тiлдер туралы” заңның қабылдануы өте құптарлық жайт.
Елiмiз тәуелсiздiк жолына ендi-ендi қадам басқан тұста жас ұрпақты ұлттық салт-дәстүрiмiз, әдет- ғұрпымыз негiзiнде тәрбиелеу мәселесi жолна алынып отыр. Бұл жөнiнде үздiксiз тәрбие тұжырымдамасында: Негiзгi мақсат - денi сау, ұлттық сана - сезiмi оянған, рухани ойлану дәрежесi биiк, мәдениеттi, еңбекқор, iскер, бойында басқа да игi қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу - деп атап көрсетiлдi.
Сол себептi нәрестенiң дүниеге келген күнiнен бастап, кемелденген азамат болып қалыптасқанша бiр мақсатты тәрбие беру үрдiсiн ұйымдастыру басты мiндеттердiң бiрi болып саналып, жұртшылық назарын аударуда. Бұл мiндеттi жүзеге асыру отбасы мен мектепке дейiнгi, мектептегi тәрбие мекемелерiнiң үлесiне тиедi.
Халқымыздың ұлттық ерекшелiгi саналатын үлкендi сыйлау, кiшiге қамқорлық, бауырмалдық, кішіпейiлдiлiк қасиеттерiнiң бiразынан кейiнгi ұрпақтың ажырай бастағаны шындық. Ендi заманымыздың қайта өзгеруiне байланысты жас ұрпақтың бойына осынау қасиеттерiмiздi қайта сiңiрiп өсiрсек деген мақсат бiздiң, ата-аналардың алдындағы мiндет.
Қазақтың қазiргi халықтық педагогикасы мұрат-мақсаты өте жоғары, мазмұнға бай, тәрбиелiк әсерi мен мүмкiндiгi күштi рухани мұраның бiрi. Сондықтан халықтың тiлiн, салтын, дәстүрiн бойына сiңiрген ұрпақ тәрбиелеу үшiн тәрбие саласындағы қызметкерлер халық педагогикасын оқу-тәрбие жұмысына негiз етiп алған жөн. Бұл ауқымды кең жұмыс ата-аналармен тығыз ынтымақта ғана нәтижелi болмақ. Өйткенi адамның жеке басының мiнез-құлқын қалыптастыру, оның бойына адамгершiлiк қасиеттердi сiңiру ата-ананың тiкелей әсерiмен жүзеге асады. Менiң дипломдық жұмысымның тақырыбы - “Бастауыш сынып оқушысын жанұямен бірлесе тәрбиелеудегі - этнопедагогиканың маңыздылығы”.
Мақсаты: қазақ халқының жанұя тәрбиесiндегi көне заманнан келе жатқан бала тәрбиелеу дәстүрiнiң бай тәжірибелерiмен таныстырып, дәстүрлердiң озық үлгiлерiн алып, тәрбие құралына айналдыру жолдарын көрсету.
Асылы, жас ұрпаққа отбасында берген тәлiм - тәрбиенiң -өмiрдегi уақыт, тәжiрибе көрсетiп жүр. Ал өз халқына тән табиғи мiнездi бойына сiңiрген, ұлағатты тәлiм - тәрбие алған жеткiншек тәрбиелеу үшiн отбасында ана тiлiне деген құрмет ұшан теңiз болуы керек және тәрбие ана тiлi арқылы қалыптасуы тиiс. Шүкiр, бұл күнде тiлдiң, ана тiлiнiң не үшiн керек екенiн бiлетiн шамаға жеттiк. Мектеп қабырғасындағы балаға дейiн “ұлт аясындағы адамдардың өзара қарым-қатынас жасауы үшiн”- деп сақылдатып жауап қайтарады. Бiз оған : “Ана тiлi соған қоса ата-ананың бауыр етi баласын жақсылыққа жақын, жамандықтан алыс ұстауына септiгiн тигiзетiн, ұлттық ғасырлар бойы жинаған тәлiм-тәрбие, тағылым туралы асыл да жасыл ұғымдарын сол ұлт топырағына егетiн және де себетiн бiрден бiр құрал” - деп қосар ек. Тұрмыстық тәрбие де осыдан шығады.
Ендеше тұрмыстық тәрбиемiздiң сипаты мен сиқы қандай деген сұрақ өз - өзiнен туындайды. Бұған жауап iздесек байқайтынымыз, басты шайқайтынымыз тағы рас. Неге? Ынта болса кез келген жас ана, ана тiлiн үйренедi, ал тәрбие мәселесi басқаша.
Ол - ана тiлiнiң әлдиi мен шешенiң омырау сүтiмен, әкенiң қабағы, ата - әженiң күншуақ мейiрiмiмен бiртiн - бiртiн барып бойға сiңетiн өте нәзiк те шәлгез шаруа.
Өкiнiшке орай, тiлiмiзге қоса, ұлтымыздың әлiппесi “Үлкенге құрмет, кiшiге iзет”- деп басталатын асыл қазынасынан көз жазып қала жаздаппыз. Бұрын бiз көрмеген, бiлмеген ұрпақ, қалаңыз, қаламаңыз жағамызға қол салып отыр.
Басқаны былай қойғанда, тәрбие табалдырықтан басталады десек, құдайы қонақты есiк көзiнен жылы қабақ, шұғыла көзбен қарсы алып, сырт киiмiн шешуге, аяғына кебiс ұсынуға жарайтын қазақы балалар көзден ұша бастады. Бәрiмiз де қалалық болып туа қалғамыз жоқ, бiз де ауылдың қара домалағы болғанбыз, иығымызға сүлгi алып, ақсақалдардың қолына су құйғанбыз. “Алла жарылқасын, таудай бол, балам” деген алғыстарын алғанбыз. Сұлу сағымдай көз алдымыздан жылжып, келмеске кетiп бара жатқан сол кiшiлiк, iзгiлiк, iзеттiк қасиеттердi балаларымыздың бойына еге алып жүрмiз бе, жоқ па?
…Әй қайдам, еге алмағанымыз ғой, аулада қарама-қарсы кездескен көп қара көздер сәлем бермек түгiл, иықтарымен қағып-соғып, кете жаздайды. Тек әйтеуiр соңғы кезде ғана қазақ мектептерiне баратын балалар аузы жыбырлап, сәлем берген болады. Оның өзi сирек кездесетiн жағдай.
Ия, бойдағыны бере алмасақ, еге алмасақ, ол бiздiң кiнәмiз, баяғы желкеден тартқан кер жалқаулығымыз. Тiптi о да емес, бұда емес “Өкiмет өлтiрмейдi, өкiмет өзi бағып-қағып тәрбиелейдi”деген арамтамақ халықтан, әлде “Әке көрген оқ жанар, ана көрген тон пiшер” деген аталы сөзге құлақ үйренiп, мән берудi қойғанымыздан, қалай болса да бұл күнде жүзi суық, жүрiсi суыт, тiлi мүкiс, мәңгүрт ұрпақ өсiрiп үлгердiк. Бәрi де өзiмiзден басталады.
Екi ауыз сөздiң басын құрап, ойын айта алмайтын шәкiрттер жыл сайын өмiрдiң сан - саласына қанат сермеп жатыр. Ал балалардың көбiсi не үйде ата-анасымен жүрек жарды шүйiркелесiп көрмегендерiн, не атасы мен әжесiнiн тiзесiне отырып ертегiсiн естiмей өскендiктерiн, не мектепте он жыл бойы шешiлiп ойын айтып үйренбегендiктерiн аңғартып жатады.
Нәтижесiнде қазiргi кезде қылаң берiп жүрген, айтуға ауыз
бармайтын сорақылықтарға тап боламыз. …Әрине, бұл жерде, барлық жастар тәрбиесiз деген ойдан аулақпыз. “Бiр қарын майды бiр құмалақ шiрiтедi” деген халқымызда мақал бар. Сондықтан, сорақылық деп отырғаным, некесiз туылған жетiмдер үйiндегi тастанды қазақ балаларының көбеюi және қарттар үйiнде сақалы сапсиып қарт атамыздың, еңкейген әжемiздiң “торға түскен торғайдай” жаутаңдауын айтар едiм. “Мен қазақпын” деген қазақ баласының ұлттық арына, намысына түскен қара дақ дерсiң.
Балаңа қандай тәрбие беру тәрбиешiден. Бала қалай тәрбиеленсе, соған көне бередi “-деген болатын. Ия, “Сүтпен бiткен мiнез, сүйекпен кетедi”- деген сөз ата-ана тәрбиесiнiң пәрмендiлiгiн көрсетедi. Осыған орай өзiмнiң дипломдық жұмысымда этнопедагогика мәселелерінің бастауыш сынып оқушыларын оқытып - тәрбиелеудегі мәселелердi шешудi көздедiм.
Зерттеудің мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының этнопедагогикалық
тәрбиесіне және оны білім беру мен оқыту барысында санасына сіңіру.
Зерттеу пәні- этнопедагогика элементтерін пайдалана отырып бастауыш сынып оқушыларына білім беру мен тәрбие беру процесін ұштастыру.
Зерттеудің міндеттері:
1. Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу мен оқытуда этнопедагогиканың тәрбиелік маңызын анықтау
2. Оқушылардың тәрбиесінде халықтық педагогиканың өнегілі дәстүрлерін пайдаланудың қазіргі жай- күйін зерттеу
3. Мектеп оқушыларына тәрбие беру процесінде қазақтық ұлттық дәстүрлерін пайдалануға байланысты мұғалімдерге әдістемелік нұсқаулар жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы - егер бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде оқу және оқудан тыс мерзімде өткізілетін іс- әрекеттердің өзара байланыстылығы ескерілсе және қазақтың халықтық педагогикасының өзіндік ерекшеліктері ескеріліп, әдіс- тәсілдерді мақсатқа сай пайдаланылса, балаға толық, жан - жақты танымдық тәрбие беруге болады. Ең бастысы - ұлттық рухымыз сақталады.
1. 1. 1. ЭТНОПЕДАГОГИКАНЫҢ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРI.
Бүгiнде балалар тәрбиесiнде халықтық тәлiм-тәрбие елеулi орын алады. Себебi халықтық педагогика педагогиканың негiзi, нәр беретiн тамыры болып саналады. Халықтық педагогика кешегi өткен данағой қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен билерден, батырлар мен ақын жыраулардан, бақсы-балгерлерден, сал-серiлерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы, халық тәлiмi жөнiндегi ой-тәжiрибенiң жиынтығы.
Халық педагогикасы деген терминдi ең алғаш кiргiзген - К. Д. Ушинский. ол өз еңбектерiнде халық педагогикасының озық үлгiлерiн көрсете отырып оны ашып бердi.
Халық педагогикасы деген терминге ең тиiмдi және дұрыс анықтама берген Чуваш ғалымы Г. Н. Волков.
«Халық педагогикасы халық ауыз әдебиетiндегi әдет-ғұрыптарындағы, салт-дәстүрлерiндегi, балалар ойындарындағы және ойыншықтарындағы сақталған педагогикалық мұралар мен тәрбиелiк тәжiрибенiң жиынтығы».
Ал осы халық педагогикасын зерттейтiн ғылымды-этнопедагогика деп атауды 60-70 жылдары тағы да осы Чуваш ғалымы Волков ұсынған болатын. Мұндағы «этнос» - халық деген ұғымды бiлдiредi. Сонымен этнопедагогика бұхара халықтың жас ұрпақты тәрбиелеудегi тәжiрибесi, олардың педагогикалық көзқарасы туралы ғылым. Ол трмыстық педагогика және жанұяның, тайпаның, рудың, ұлттың халықтың педагогикасы.
Халық педагогикасы жөнiнде бiздiң қазақ ғалымдары да бiраз ойлар қозғады. Олар: профессор Қ. Жарықбаев, доценттер С. Қалиев, С. Ұзақбаева, Қ. Бөлеев.
Жарықбаев былай деген: «Халықтық педагогика халықтың оқыту және тәрбиелеу туралы бiлiмдерiнiң қосындысы». Ал Болеев «халықтық педагогиканы» тәрбие жөнiндегi ғасырлар бойы жинақталған халықтың бiлiм мен тәжiрибесi деп атап өткен.
Этнопедагогика әлi зерттелмеген ғылым. Ол туралы Т. Тәжiбаев былай деген: «Қазақтарды мәдени өмiрiнде фольклор, музыка, қолданбалы өнер және халықтың тәрбиелiк дәстүрлерi басты роль атқарған».
М. Әлiмбаевтың «Бiзде әттең халықтық педагогикасының қағидаларын көнермес, төзбес концепциялары әлi толық зерттелген жоқ. Оларды терең талдап, қортындылап ғылыми кiтап етiп бастыру - алдағы күндердiң кезек күттiрмес парызы»- деген пiкiрiнен келер ұрпақ қамын ойлағанын көремiз. Жалпы, қазiр халықтық педагогиканың озық үлгiлерiн тәрбие жұмыстарында кең пайдаланып жүрмiз. Осыған орай халықтық педагогика жөнiне түсiнiгi аз кез келген адамда мынандай сауал тууы мүмкiн: Неге қазiр барлық тәрбие саласындағы қызметкерлер халықтық педагогиканың озық үлгiлерiн жаппай пайдалануда? Қандай қасиеттерi мен ерекшелiктерiне байланысты оны қадiрлейдi? т. с. с.
Сондықтан ендiгi кезекте халықтық педагогиканың ерекшелiктерiне тоқталайын:
1. Оның өміршеңдiгi. Тәрбиенi халық өмiрiнен бөлiп ала алмаймыз.
2. Халық өкiлдерiнiң тәрбие iсiне кең тартылатындығы. / Ата-әжелер, ауыл қариялары, үлкен аға, апалар т. б. /
3. Балалықтан бастап, ата болу аралығында тәрбиенiң, толық бiр дәуiр құрайтындығы. Тәрбие баланың жарық дүниеге келген сәтiнен басталып, кемелiне келген қарияның көз жұмғанына дейiн жүредi.
4. Жас бүлдiршiндердi тәрбие iсiмен шұғылдануға, қазақ отбасында ересек балалар кейiнгi балаларды ойнату, тамақтандыру т. б., бiр сөзбен айтјанда, бүкiл тәрбие жұмысын сенiп тапсырады.
5. Тәрбиеленiшiнiң толық еркiндiкте болатындығы.
6. Қазақ халық педагогикасында адамшылық, бауырластық, туысқандық, татулық, бiрлiк қай заманда да тәрбиенiң басында тұрады.
7. Қазақ халық педагогикасы әрдайым ата-ананы, қарттарды, баланы, жалпы әлсiздi құрметтеудi уағыздап, қастерлейдi.
8. Қазақ халық педагогикасында қалыптасқан жекелеген әдет-қылықтарды құрметтеп, қастерлеу т. б.
9. Қазақ халық педагогикасының авторы халыјқтың өзi. Келiсiп пiшкен тон келте болмас дегендей, халықтың бай тәжiрибесiне сүйенедi. Осындай бай мұраны бойына сiңiрген жас ұрпаты тәрбиелеудегi бiздiң, яғни ұстаздардың, мiндетi орасан екенiн түсiне отырып, тағы да бiр жағдайды естен шығармау керек. Ол ұстаздардың этнопедагогикалық бiлiмi ұшан - теңiз болуы. ұстаздың әрқашан бiлiмiн көтерiп, жетiлдiрiп отыруы абзал. Ерiнбей -жалықпай iзденген және алдындағы шәкiрттерiн өз баласынан кем көрмей, жақсы көрген ұстаз үлкен жетiстiктерге жететiне кәмiл сенемiн.
Қазақтың «баланың бас ұстазы - ата-анасы», «балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны iледi» дегендей тамаша нақыл сөздерi бар, яғни отбасындағы әдемi таным, түсiнiк қалай қалыптасса, адамның бойында қалатын да сол қасиеттер екендiгiн мойындауымыз керек. Балалардың айналадағы жақсылық пен жамандықты, этикалық жайттарды, сұлулық пен құштарлықты қабылдау сезiмi сергек те нәзiк. Олардың қылығы тек жақсылыққа ғана арналсын, тек
жарасымды этиканы қабылдайтын болсын десеңiз, дәстүрге арқа сүйеңiз. Дәстүрге арқа сүйемегеннiң, көсегесi көгермейдi деген ата-бабаларымыз.
Ендi халқымыздың бала тәрбиелеудегi тарихына аздап шолу жасайық. Басқа халықтар сияқты қазақ халқының да өзiндiк әлеуметтiк экономикалық тарихи және географиялық тұрмыс-салты, саяси және территориялық қақтығыстары болды. Сонымен қатар басқа халықтармен кең сауда байланыстарының болмауы қазақтардың материялдық, рухани мәдениетiне, тұрмысы мен дiни көзқарасына өз әсерiн тигiздi. Осы жайттар өзiне тән тiршiлiк салтын, халықтың қолданбалы өнерiн, ән-күйлердi, аңыз ертегiлердi, мақал-мәтелдердi, жыр-дастандарды, әдет-ғұрыптарды, ұлттық салт-сана мен тәрбиенiң халықтық дәстүрiн өмiрге әкелдi.
Халық зердесiне терең үңiлсек, ұрпақ тәрбиесi қай елдiң, қай кезеңнiң болсын толғақты мәселесi болып отыр. Бұл көкейтестi мәселе ғасырлар бойы тек халықтың өткен тәжiрибесiне сүйегiнде ғана сәттi шешiмiн тауып отырған. Ол халықтың кәсiбiмен, салт-дәстүрiмен, тiлiмен, тарихымен, өнерiмен бiте қайнасып, тарихи кезеңдер ерекшелiгiне, қоғамдық даму сатыларына қарай жетiлiп, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қастерлi мұра.
Халық мұрасының танымалдық-тәрбиелiк мәнi - ұланайыр дүние. Ол тұтастай алғанда жас ұрпақ үшiн ғана емес, адам өмiрiнiң барлық кезеңiнде мәндi, адамзаттың рухани-эстетикалық қуатының қайнары. Оның iшiнде тiкелей бала тәрбиесiне бағытталған, баланың жан дүниесiнiң қалыптасуына, рухани марқаюына негiз болатын дәстүрлер көп-ақ. Қазақ халқының да бала тәрбиесi жөнiнде атам заманнан жиып терген мол тәжiрибесi бар. Халық өз бойындағы ең жақсы қасиеттерiн жеткiншек ұрпаққа күнделiктi тұрмыста үйретiп, бала бойына сiнiрiп отырған. Қазақ халқы балаға ежелден «болашағым» деп қараған, оған зор үмiт артқан. Әрбiр ата-ана мұны өзiнiң күнделiктi тұрмыс-тiршiлiгiнде шынайы iс-әрекетi арқылы бала бойына дарытуға көңiл бөлген.
«Бөбегiң-қуанышың, мақтанышын», «Бала - адамның бауыр етi» - деп оның алабөтен ыстық екенiне назар аударады, үнемi айналып-толғанып отырады. Тұяқ атанардың тәттiлiгiн халқымыз ерекше қастерлейдi. Табиғатта айдай әлемге иелiк етер күшi болса да, адамды өзге тiршiлiкпен тең ұстаған да қазақ.
Бесiктен қимасына: «асқарым, асқағым» деп емес, жан-жануармен, жәндiк атаулымен тағдырластығын мойындатып «құлыным, ботам, қошақаным» деп еркелеткендi де, шыбынға да қиянат болмасын деп «шыбыным» деп айналғанды да бiрiншi қазақтан естiдiк.
Халықтың өткенiн жоққа шығармақ түгiлi, ата дәстүрiнiң берекеттi дүниелерiн баласының қауыздай жүрегiне сыйғызып, әншi де еткен, батыр да еткен, қызыл тiлдi шешен де еткен халқымыз. Халық өзiнiң кең жазира даласына, табиғаттың таңғажайып сем көрiнiстерiне, оны мекендеген құстар мен жануарларға, басқа да табиғи байлықтарға деген мақтаныш сезiмiн көркем образды сезiмдермен, өнегелi iстерiмен, анта-ықластарымен, тiлек мақсаттарымен астастырып, балалардың санасына жеткiзiп отырды және оларды сақтай бiлуге үйреттi.
Әдiлдiк, адалдық, имандылық, адамгершiлiк, мейiрiмдiлiк, бауырмалдық, шыдамдылық, тапқырлық, парасаттылық, қамқорлық, жомарттық пен кеңпейiлдiлiк т. б. адамның рухани моральдық нормаларын бала қанына сiңiре бiлдi.
Домбыраның, қобыздың, шаңқобыздың, сазсырнайдың сиқырлы да сазды үнiмен, айтыс, терме өнерi, ән өнерi, ән әуендерi, ерптегiлер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ақындық шабыттаныс, ұсталық, шеберлiк, зергерлiк қасиеттерiмен баланың эстетикалық талғамын биiктете бiлдi.
«Қанағат қарын тойғызар»- деп қанағатшылдыққа, қарапайымдылыққа баулыды. «Бұлақ көрсең, көзiн аш»- деп табиғатты қорғауға, аялауға үйреттi. «Қырық парыздың басты бiреуi - бiлiм»- деп өнерге, iлiмге үйреттi. «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» дегендей, атадан балаға мра болып келе жатқан жақсы қасиеттердi келер ұрпақтың бойына сiңiрiп, iзгiлiкке тәрбиелеудi арман етiп, шыншыл, әдiлеттi, иманды болу сонау ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрiмiз, дейдi де, жұрт сол дәстүрдi бұзғандарға ат-шапан айып тартқызып, кейiнгi ұрпақтың ата салтын мықтап ұстауын талап еткен. Жылдың әр мезгiлiнде елдiң қайда, қалай көшетiнiн, суды қайдан iшетiнiн, жетi атасын, олардың зираттарын, елдегi даңқты адамдардың ерлiк хикаяларын, ауыл-аймақтағы жер-су атауларын ерiнбей-жалықпай баласының санасына сiңiре бiлген.
Бала атаулының айналаны қабылдағыш, зейiндi кезi үш пен бес жас аралығы. Осы ерекшелiктi әлiм сақтап аңғарған ата-бабаларымыз төкпе ақындық пен сұңғыла жыршылық, айыр көмей шешендiк пен төгiлдiрген күйшiлiк секiлдi киелi өнерлерiмiздiң iрге тасы бала санасында сәби шақта қалатынын ерекше ескерiп, осынау балдәурен балалық кезеңге айрықша мән берген.
Сондықтан да бүлдiршiн мен балдырғанға жоғарыда айтқанымыздай елi, жерi, суы туралы ата тегi, төрт түлiк мал жан-жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi, аспан денелерi, табиғат құбылыстары, ауа-райы т. б. жөнiнде оның түсiнiгiне лайық, қысқа да нұсқа, жүйелi мағлұматтарды әр түрлi әдiспен жеткiзiп отырған. Бґл жоғарыда айтылып өткен жайттардан байқайтынымыз - халқымыздың бала тәрбиелеудегi сауаттылығы, жеткен үлкен жетiстiктерi.
Халқымыз тәрбиелеуде озық тәжiрибеге ие болып, адам таңқаларлық әдiстердi пайдаланған десек, менiмше артық айтқан болмас едi.
Жоғарыда айтып өткенiмдей халықтық педагогика - тәрбие жөнiндегi халықтың бiлiмi мен тәжiрибесi. Оның тәрбиелiк ролiн анықтау бiздiң мақсатымыз. Ал халық педагогикасын зерттеу негiзiнде:
Халық ауыз әдебиетiнiң шығармалары,
этнографиялық материалдар,
халықтың салт дәстүрлерi,
ұлттық ойындары, өнерi, отбасы тәрбиесiнiң тәжiирелерi жатады. Осыған орай дипломдық жұмысымның мақсатына байланысты, халық педагогикасының зерттеу жайттарының ең маңызды саласы - жанұя тәрбиесiнiң тәжiрибелерiне тоқталмақпын.
1. 1. ЖАНҰЯ ТӘРБИЕСIНIҢ ПӘРМЕНДIЛIГI, БЕРЕРI, САЛАЛАРЫ, АТАҚТЫ АҒАРТУШЫЛАРДЫҢ ОЙ-ПIКIРЛЕРI.
Жанұя - адамзат баласының дүниге шыр етiп келгенде есігiн айқара ашып енетiн үйi, өсiп ержетiп, тәрбие алатын аса қажеттi әрi қасиеттi алтын бесiгi, ұясы. Қай заманда, қайсы елде болса да жанұяның адамзат ұрпағына ететiн ықпалы мен әсерiн өмiрдегi басқа еш нәрсенiң күшiмен салыстыруға болмайды.
Себебi жанұя мүшелерiнiң бiр - бiрiне кiсiлiк қарым-қатынасы, эмоциялық сезiмдерi, iлтипат - ықыластары олардың жаны мен жанының табиғи бiрлiгiне, тұтастығына негiзделген жақындық, жанұя тәрбиесiнiң күшi осында.
Жанұя тәрбиесiнiң түрлерi мен мүмкiншiлiктерi көп. Әсiресе, көргендi, ынтымақты, тату - тәттi тұратын жанұяға шаңырақ шаттығы - негiзiнен қоғамдық сананың адамгершiлiк, кiсiлiк, қайырымдылық, әдiлеттiлiк сияқты толып жатқан моральдық ұғымдарына негiзделедi. Бала үшiн үйелменде ең алдымен әке-шешесiнiң, ата-әжесiнiң, басқа да ересектердiң инабатты, кiсiлiк үлгiлерiнiң маңызы зор. Бала өз заманына тән кiсiлiктi, әдептiлiктi, қайырымдылықты, тiптi бұзақылықты да алғаш рет өзiнiң жанұясында меңгередi.
Үй iшiнде күнделiктi айтылатын қариялардың ұлағатты
өсиеттерi мен ақылы, ал жастардың оларға деген сыйқұрметi,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz