Математика сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану


Мазмұны
Кіріспе
. . . 3
І Оқытудың жаңа инновациялық технологиялары
- Инновациялық технологиялар туралы түсініктер . . . 5
1. 2 Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялардың түрлері мен мазмұны . . . 8
1. 3. Математиканы оқытуда жаңа технологияны пайдалану - сапалы білім негізі . . . 14
ІІ. Математика сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану
2. 1. Математика пәнін оқытудың сапасын жетілдіруде модульдік оқыту технологиясын пайдалану әдістері . . . 18
2. 2. Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясын математика пәнін оқытуда қолданудың тиімділігі . . . 26
2. 3. Математика сабақтарында оқытудың ойын технологиясын
пайдалану . . . 36
Қорытынды
. . . 46
Қолданылған әдебиеттер тізімі
. . .
Қосымша . . .
Кіріспе
ХХІ ғасырдың ең басты міндеті - әлемдік қауымдастыққа еніп, еліміздің бәсекеге қабілеттілігін, экономикасын, білімін арттыру. Бүгінгі таңда еліміздегі білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты - ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» жолдауында: « . . . Оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет, . . . бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкәппарлық, тектілік, білімділік, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыру керек» - деген болатын. [1]
Елбасымыздың алға қойған зор міндеттерін іске асырушылар - жастар. Олай болса, сол жастарға сапалы біліммен қатар, салауатты тәрбие беру әрине, Мағжан Жұмабаев айтқандай мектебіміз бен ұстаздарға байланысты.
Тәрбиенің екінші сыңары - білім. М. Әуезов «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін - білім» - деп атап көрсеткеніндей, еліміздің болашақта ілгері басуы үшін ең алдымен білім қажет. Рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім - ең мықты білім, рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындаған ұрпақ қана - болашақты гүлдендіріп, тәуелсіз елді нығайтатын болады.
Ұстаз алдындағы басты мақсат - сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету екендігін бәріміз білеміз. Сол мақсатқа жету үшін сұрақтар туындайды.
Сабақты қалай пайдалы, қызықты етіп өткізуге болады? Мектептен шыққан оқушы бүгін алған білімнің пайдасы, жаңалығы туралы айта алатын дәрежеде оқыту үрдісін қалай ұйымдастыруға болады? Осы сұрақтарды шешудің бір жолы - оқытуда инновацияны қолдану, яғни мұғалімнің жаңа қаруы ретінде инновациялық әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдалану. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғысынан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттігінен туып отыр. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8-тарауында көрсетілгендей, білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, халықаралық ғалами коммуникациялық байланысқа шығу, білім беруді ақпараттандыру болып табылады. [2]
Зерттеудің көкейкестілігі: Проблемалардың көкейкестілігін алға тарта отырып, мен «Математиканы оқытуда инновациялық технологияларды қолдану» зерттеу тақырыбын таңдап алдым.
Зерттеу объектісі: Мектепте математиканы оқыту процесі.
Зерттелу заты: математиканы оқыту процесінде инновациялық технологияларды қолдану.
Зерттеудің мақсаты: математика сабағында инновациялық технологияларды қолдану процесі.
Зерттеу міндеттері:
- Оқушыларға білім беруде инновациялық технологияларды пайдалану жолдарын анықтау.
- Математиканы оқыту процесінде инновациялық технологияларды қолдану негізін белгілеу.
- Қолданылған инновациялық технологиялардың тиімділігін тексеру.
Дипломдық зерттеуде инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі және математика сабағында оқушылардың жоғары білім сапасына инновациялық технологияларды қолдану арқылы қол жеткізіледі.
а) инновациялық технологияларды меңгеруге бағытталған, оқыту кезінде ептілік және дағдыны қолданады.
б) білімді жетілдіруге бағытталған.
Аталған диплом жұмысының зерттеу әдістемелік базасы болып М. М. Жанпейсованың «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде» [3] , Қ. А. Сарбасованың, Н. Қ. Еңсебаеваның Ойын технологияларының мүмкіндіктері «Қазіргі кезеңдегі педагогикалық және психологиялық ғылымның өзекті мәселелері» [4] , Ж. Қараевтың "Деңгейлеп-саралап оқыту" [5] еңбектері дәнекер болды. Сонымен қатар, С. М. Абылайханның «Қазіргі педагогикалық технологиялар» [6] және Ә. И. Іргебаеваның «Оқыту технологиясы ұғымы, мәні, сипаттамасы» [7] еңбектері қолданылды. Алға қойған міндеттерді шешу үшін және алғашқы алдын ала бағдарды тексеріп мен келесі зерттеу әдістерін қолдандым: психологтық-педагогикалық талдау және әдістемелік әдебиет; эксперименталды-сынақ жұмыстарын бағытты ұйымдастыру, оқушылардың шығармашылық әрекеттері өнімін талдау және сауалнама жүргізу, өзіне тиісті бақылау жасау.
Күтілетін нәтиже:
- сабақта тұрақты белсенділік, қызығушылық пайда болады.
- оқушы тұлға ретінде өзін көрсете біледі, оның іс-әрекеті өзінің қабілеті мен деңгейіне байланысты болады.
- ойын арқылы бір-бірімен тез тіл табысады, жақсы ұғысады, бір-бірінен ептілікті сергектікті үйренеді.
- оқушылардың математикалық қабілеттері айқындалады.
- Инновациялық технологиялардың теориялық негіздеріИнновациялық технологиялар туралы түсініктер
«Инновация» деген сөз - латынның «novus» жаңалық және «in» енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жаңалық, жаңару, згеру» деген мағынаны білдіреді. Ал инновациялық оқыту дегеніміз - жаңалықты ашу, оны игеру және өмірге енгізу.
Т. И. Шамова, П. И. Третьякованың еңбегінде «Инновация дегеніміз - жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз - тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни инновация үрдісі мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал «жаңаша» деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс - тәсіл мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз» делінген. Энциклопедиялық сөздіктерде «инновация» әр түрлі анықталады. Зерттеушілердің айтуынша: «инновация» - педагогикалық категорияларға жатады және ол мектептегі құбылысқа тың жаңалық: жаңа бағдарламаны, оқу жоспарын, әдіс - тәсілдерді оқу және тәрбие жұмыстарына енгізу болып табылады. [8]
Н. Нұрмағанбетов «Инновация» білімінің мазмұнында, әдістемеде, технологияда оқу - тәрбие жұмыстарының түрлерінде, тәсілдерінде, оқу - тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады дейді.
Қытай даналығына сүйенсек: «Ауызша айтылғанды ұмытамын. Көрсетсең, мүмкін есімде сақтармын. Қатысушы болсам, мен түсінемін» делінген. Осы сөздерден инновациялық оқытудың мәні өз көрінісін табады.
Жаңа инновациялық әдістерді пайдаланудың әдістері неде?
1) Қазіргі уақыт жаңалық пен инновация уақыты. Күнделікті өмірде жаңа білім мен жаңалықтармен кездесеміз. Бұған оқыту үрдісі де сәйкес болу керек.
2) Жаңалықты пайдалану оқушының ойлау қабілетін жаңалыққа икемдеп, алдын ала болжам жасауға үйретеді.
3) Инновациялық әдістер бұл белсенді оқыту әдістері. Ақпаратты белсенді түрде сіңірген оқушы жадында өздері айтқанның 80% сақталса, өздері істегеннің 90% қалады.
Инновация деп көбінесе жаңа технологияларды, әдістер мен құралдарды жасау және қолдануды айтса, сонымен бірге ондағы идеяларды, процестерді бірлікте жетілдірудің де жүйесі.
Педагогикалық инновация - жаңа идея, әдіс, технологиялармен қатар, педагогикалық үрдіс элементтерінің бірлігі, немесе білім беру мен тәрбиелеуде белгілі міндеттерді шешудің тиімді жолдары .
Инновациялық оқу үрдісін мектептің оқу процесіне енгізу мәселесі үлкен мәселе болып табылады. Дамымалы мектептерде басқарудың негізі, пәні ретінде оның мақсаты, мазмұны, әдістер мен түрлері алынады.
«Технология» деген сөз - грек тілінен алғанда «техне» - өнер, кәсіп, ғылым, «логос» ұғым, оқу деген түсінікті білдіреді. Яғни, өндірістік процестерді жүргізудің тәсілдер мен мен құралдары жайындағы білімдердің жиынтығы.
Технология ұғымына әр түрлі анықтама беріледі. Соның біреуін келтіретін болсақ:
Педагогикалық технологиялар - бұл білімінің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу - тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.
Педагогикалық инновация - жаңа идея, әдіс, технологиялармен қатар, педагогикалық үрдіс элементтерінің бірлігі немесе білім беру мен тәрбиелеуде белгілі міндеттерді шешудің тиімді жолдары.
Инновациялық технологияларды сабақта пайдалану - өмір талабы. Инновациялық технологияны жаңа білім беру парадигмасын өмірде жүзеге асырудың құралы ретінде қарастырған жөн. [9]
Кез келген инновациялық үрдістің нысаны - оқушы. Инновациялық үрдістің мақсаты - әрбір оқушының іскерлігі мен мүмкіндігін дамытуға жағдай жасау. Оқуға қызықтырудың басты элементтерінің бірі - нәтижеге жетуге ынталандыру.
Кез-келген инновациялық педагогикалық технология философиялық негізде қаралады, оны меңгеру мұғалімнің шеберлігіне көп байланысты. Инновациялық оқыту технологиясы сабақ беру әдісімен салыстырғанда оқушының іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдері мен мазмұнын меңгеруді көрсетеді.
Оқытудың жаңа ұтымды технологияларын пайдалану оқушыны тұлға болып қалыптастырудың, дамытудың құралы. Оқушылардың білім сапасын арттыруға, өздігінен ізденуге, ой сананың дамуына мүмкінік береді. Инновациялық технологияларды оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдап алудың маңызы зор. Оның тиімділігі - әдіс - тәсіл, амалдарын ұтымды таңдау арқылы оқушының сезіміне, ынта - ықыласына әсер ету, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Кез-келген инновациялық педагогикалық технология философиялық негізде қаралады, оны меңгеру мұғалімнің шеберлігіне көп байланысты. Инновациялық оқыту технологиясы сабақ беру әдісімен салыстырғанда оқушының іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдері мен мазмұнын меңгеруді көрсетеді.
Қазіргі білім беруде білімді трансформациялау, проблемалық, әртүрлі деңгейлік, бейімдік, ақпараттық, модульдік оқыту және т. б. технологиялар қолданылады. Осы орайда мұғалімнің басты мақсаты - сапалы білім мен тәрбие беру, бәсекелестікке қабілетті заман талабына сай ертеңгі күннің азаматын қалыптастыру. Осы мақсатқа жету үшін, сабақты қалайда сапалы және қызықты етіп өткізу үшін мұғалім инновациялық әдіс-тәсілдерді күнделікті сабақтарында әрдайым тиімді қолданып отыруы керек. [10]
Оқу тәрбиесі үрдісінде педагогикалық жаңалықтарды енгізу IV кезеңнен тұрады:
І. Жаңа идеяны іздеу (Инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру)
ІІ. Жаңалықтарды ұйымдастыру
ІІІ. Жаңалықтарды енгізу (Оқу - тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану)
IV. Жаңалықтарды бекіту.
Қазіргі кезде қолданып жүрген жаңа педагогикалық технологияның негізіне мыналар жатады:
• Әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру;
• Оқушылардың қабілеттері мен шығармашылықтарын арттыру;
• Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру
Қазіргі мектеп ғылым жетістіктері мен адам қызметінің әртүрлі салаларының сұраныстарына сәйкес ертеңгі күннің қажеттіліктеріне сай бола отырып, мектеп бітіруші түлектің алдағы өміріне қажетті білімінің берік іргетасын қалауы керек. Сондықтан, білімдер мен икемділіктер білім жүйесін құруға арналуы тиіс. Жалпы, білім жүйесінде ақпараттық технологиялардың тереңдеп енуі оны оқыту әдістемесін ғана емес, мазмұнын да өзгерте бастады.
1. 2 Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялардың түрлері мен мазмұны
ҚР «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіліерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. [11]
Қай заманда, қандай реформа болсын мектептің басты тұлғасы -мұғалім. Мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің қасиетті міндеті - рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-салты, көзқарасы шыққан түп-тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық байлықты бүкіл адамзат өз ұрпағын тәрбиелеуге қолданып келеді.
Дамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың бірі деп келеді. Дамыта оқытудың негізін Ян Амос Коменский өзінің 17 ғасырда «Ұлы дидактикасында» айтып талдап берген. «Жақсы оқу - біреуге жай ғана көмек сияқты болмауы керек, ол аса бір ғанибеттілікпен шын мәнінде білімді меңгеру» - деді Я. А. Коменский. ХVІІ ғасырдағы білім беру жүйесінің кемшілігін жақсы түсінетін Я. А. Коменский Еуропадағы оқу-ағарту ісін мүлде қайта құрумен айналысты. Ол оқудың жаңа әдістері мен әдістемелігінің қажеттілігін айтып білім беру жүйесінің, оқудың прогрессивтік жүйесін барлық адамға бірдей және тиімді де түсінікті болуын өзіне мақсат етіп қойды. [12]
Содан кейін орыс ғалымдары К. Д. Ушинский, Л. С. Выготский еңбектерінде қарастырылып, 1969 жылдары Ресей ғалымдары Л. ВЗанков, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов көтерді. Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдовтың зерттеулері оқушыны «субъект» ретінде тануға бағытталды. [13]
Әдістемелік инновациялардың көпшілігі интерактивті оқыту әдістерімен байланыстырылған.
«Интерактив» сөзі ағылшынның «interact» сөзінен шыққан, мұндағы «inter» - бірлесіп, өзара, «act» - әрекет ету деген мағынаны береді. Яғни интерактивті оқыту дегеніміз - сұхбат арқылы оқыту. Сұхбаттық оқытуды дәстүрлі сабақ формасында да ұйымдастыруға болады, бірақ ол «оқытушы - оқушы», «оқушы - аудитория» сызбасы бойынша ғана ұйымдастырылады. Ал интерактивті оқытуда «оқушы - оқушы», «оқушы - оқушылар тобы», «оқушылар тобы - аудитория», «оқушы - құрылғы» сызбасы бойынша ұйымдастырылады.
Интерактивті оқыту - танымдық әрекеттерді ұйымдастырудың арнайы формасы, яғни білім алу процесін ешкім сырт қалмайтындай етіп ұйымдастыру. Интерактивті оқыту формасында оқушы мен оқытушы арасындағы қарым - қатынас үлгісі де өзгереді: оқытушы белсенділігі төмендеп, оқушы белсенділігі артады. Ал оқытушының міндеті - оқушы белсенділігін, шығармашылығын арттыру ояту үшін қолайлы жағдай туғызу болып табылады.
Жаңа педагогикалық технологиялар бір білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамасымен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және анық жүйелері жиынтығын құрайды. Оқытудың технологиясын жетілдірудің педагогикалық бағыты негізгі ой-тұжырымдары бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту болып табылады. [14]
Жаңа технологияның принциптері - оқытуды ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын өзін-өзі жетілдіріп тәрбиелеуші тұлға қалыптастыру болып табылады. Оқытудың жаңа технологиялары оқытушының алдына төмендегідей міндеттер қояды:
- Педагогикалық қызметінің өзекті мәселесін білу;
- Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқауларын құрастыру;
- Оқу модулін құрастыру;
- Оқу жобаларының мазмұнын анықтау, әр оқушыға арналған тапсырмалар құрастыру;
- Оқушылардың жаңа материалды меңгеруі бойынша деңгейленген жаттығулар жүйесін жасау;
- Оқу әрекетінің материалдарын іріктеп ала білу. [15]
Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады. Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асуда:
І кезең - оқып үйрену;
ІІ кезең - меңгеру;
ІІІ кезең - дамыту.
Жаңа технологиялармен жұмыс істеу үшін мынандай алғы шарттар қажет: оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу; оқушылардың сабақтастығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру. Оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу, оқыту үрдісін ізгілендіру мен демакратияландыруды үнемі басшылыққа алу. Өйткені оқыту - тәрбиенің негізі. [16]
Жаңа білім алу процесі оқушы үшін қолайлы атмосферада жүргізіледі. Интерактивті технологияның тәрбиелік мүмкіндіктері де маңызды: оқушылардың коммуникативтілік қасиеттерін дамыту мүмкіндігін береді. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізе білуге, басқалардың пікірін тыңдауға үйренеді. Жасқаншақ оқушылар жүйкелеріне түсетін салмақтан да арылады, өйткені оқушылар оқытушы тарапынан ескерту алудан қорықпайды. [17]
Мұғалімнің негізгі жұмысы сабақ беру. Ал сабақтың тартымды болып, оқушы үшін тиянақты болуы пән мұғалімінің шеберлігі мен интеллектуалдық деңгейіне байланысты. Сондықтан әр мұғалім қазіргі заманғы инновациялық технологияларды меңгеріп, оларды тәжірибе барысында пайдалана білуі шарт. Енді инновациялық технологиялардың мазмұнына тоқтала кетейін.
Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар:
- ынтымақтастық педагогикасы;
- білім беруді ізгілендіру технологиясы;
- тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы;
- түсіндіре басқарып озат оқыту технологиясы;
- деңгейлік саралап оқыту технологиясы;
- модульдік оқыту технологиясы;
- жобалап оқыту технологиясы;
- ойын технологиясы;
- ақпараттандыру технологиясы кіреді.
- Ынтымақтастық педагогикасының ерекшелігі мына төмендегідей:
- мұғалім - оқушы, оқушы - мұғалім, оқушы - оқушы. Оқушы да субъект, мұғалім де субъект;
- оқушының жеке басына ізгілік қарым-қатынас;
- оқушы мен мұғалім арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-қатынас.
- Ізгілендіру технологиясының
негізін қалаған Ш. Амонашвили.
Білім берудің ізгілендіру технологиясының мақсаты - баланы азамат етіп тәрбиелеу, баланың танымдық үшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.
- Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының негізін қалаған В. Шаталов болды. Бұл оқыту технологиясы төмендегідей мақсатты қояды:
- білім, білік, дағдысын қалыптастыру;
- барлық баланы оқыту;
- оқытуды жеделдету.
Бұл технологияның ерекшеліктері:
- үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейлік, блокпен оқыту, тіректі қолдану;
- жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал;
- ізгілік, еркімен оқыту;
- әр оқушы жобасының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау;
- оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
- Озат оқыту технологиясының авторы Ресейлік мұғалім С. Аженкова. Бұл технологияның ерекшеліктері:
- оқу материалдарының өзіндік бірізділігі, жүйелілігі;
- саралап әр оқушыға берілетін материалдың қолайлылығы;
- бағдарламаның, қиын тапсырыстарды біртіндеп оқшаулату әдісін қолдану:
сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орталар, ең соңында нашар оқушылар қатыстырылады;
- бірте-бірте толық дербестікке жету;
- сыныптағы қалыпты жағдайды қалыптастыру;
- түсінік, өзара көмек, қарым-қатынас;
- оқушының қателігін ескерту, бірақ еш жазаламау;
- үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай беріледі;
- білім, білік дағдыны дамыта меңгерту;
- түсіндіру, қабылдау.
- Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының негізін қалаған профессор Ж. Қараев. Бұл технологияның ерекшеліктері темендегідей:
- білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі;
- оқушыға берілетін тапсырманың саралануы;
- оқушының бірте-бірте өрістей дамуына мүмкіншілік жасау;
- оқушының оқу деңгейін таңдауға ерік беру;
- оқушы өз мүмкіндігіне орай тек міндетті деңгейде білім алуға ерікті.
- Модульдік технология
дамыта оқыту технологиясына негізделген.
Мұндағы мақсат
- оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалдарын өңдеудің жекеленген тәсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету. Модульдік оқыту өзегі - оқу модулі. Оқу модулі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламалы табысты жүзеге асыру бойынша берілген мұғалімнің нұсқауларынан және оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады.
- Жобалап оқыту технологиясын алдын ала құрылған жобаға, нұсқауға негізделіп оқыту керек.
- Оқытудың ойын технологиясы - бұл ойында оқушылар жаңа білім, ептілік пен дағдыны алады (үйренеді) . Жаңа білімді меңгерген кезде ойын мүмкіндіктері дәстүрлі емес оқу формасына жол береді, сондықтан оқыту ойыны салыстырмалы түрде аз қолданылады.
Ойын технологияларының белгілері: ойын үлгісінің бар болуы; ойын қойылымдары; рольдік позициялар; альтернативалық шешімнің мүмкіндіктері; жобаланған нәтижелер; бағалау критерилері; сезім әрекетінің серпілуінің бар болуы. Ойынды топтастырудың әр түрлі ыңғайы бар: өңделген үлгіленген жағдайдың мінезделуіне қарай; ойын процесінің мінезіне қарай; ақпаратты өңдеу және тарату тәсілдеріне қарай, танымдық, қызықты театрланған, рөлдік, имитациялық еліктеу және т. б. ойындар қолданылады.
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:
- балаға ізгілік тұрғысынан қарау;
- оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
- баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;
- баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;
- баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;
- әр оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу;
- оқу үрдісін оқушының сезінуі. [18]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz