Сақтандыру құқығының тарихы жəне дамуы теориялық мəселелері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Сақтандыру құқығының тарихы жəне дамуы: теориялық мəселелері

Сақтандыру көне дəуірден бері адамдар өркениеті арасындағы қоғамдық-экономикалық қатынастардан белгілі-бір қатерлі, қауіпті, шығын зардапты немесе пайдалы, көбінесе объектілі, кейбір кездерде субъектілі жағдайлардың туындауына байланысты орын алатын өте қажетті категория, əрі сол өндірістік қатынастардың мызғымас бөлігі болып табылады. Алғашқы кезде сақтандырудың мағынасы қауіп, қорқыныш деген сөздермен байланысты болса, кейіннен көмектесу, жақтасу, кепілдендіру, қорғау, ұстап тұру, тонаудан сақтандыру жəне т.б. мағынада да айтылған.
Ғылымда сақтандыру ісі қашан пайда болды деген сұраққа əртүрлі көзқарастар қалыптасқан. Буржуазиялық ғылым, капиталистік құрылысқа дейін, ежелгі жəне орта ғасырлардағы халықтарда сақтандыру ісінің болмағанын алға тартады. Оларда сақтандыру мен көмек араласқан сақтандыруға ұқсас түсінік болды, ал сақтандыру түсінігі өз мағынасында XIV ғасырда пайда болды жəне тарихы сақтандыру операцияларынан пайда табуды көздейтін коммерциялық сақтандырудан бастау алады ,- деп тұжырымдайды.
Г.Ф. Шершеневич сақтандыру идеясы ең алғаш теңіз саудасында қолданылған, ал теңіз сақтан- дыруы Жерорта теңізінде XIII ғасырларға таман пайда болған деген ұстанымды ұстанса, бұл пікірді, В.И. Серебровский өз еңбектерінде сақтандырудың пайда болуы мен дамуы пайда табу, яғни коммерциялық мақсаттағы құрылған теңіз сақтандыруынан бастау алады деген пікірді қолдайды
Буржуазиялық əдебиетте бұл мəселеге байланысты басқа да пікірлер бар. Тит Ливийдің, Цицеронның мəтіндеріне сүйене отырып, сақтандыру шарты ежелгі римдіктерде қолданылса, ал ежелгі Грецияда Александр Македонский кезінде тек өзара сақтандыру ғана емес, сонымен қатар, акционерлік сақтандыру қоғамдары құрылған
В.К. Райхер капиталистік құрылыстан бұрын сақтандыру ісі болғанын жоққа шығаруға болмайтынын, жəне капиталистік құрылысқа дейінгі сақтандыру түрлерін буржуазиялық сақтандырудың элементі ретінде қарастыру керектігін өз еңбектерінде атап өтеді. Сақтандыру, оның пікірі бойынша, феодалдық, тіпті құл иеленушілік қоғамда болды жəне буржуазиялық сақтандырудан ерекшеліктері болды .
М. Я. Шиминованың пікірінше: Капиталистік құрылысқа дейін сақтандырудың негізгі түрі өзара көмек түріндегі сақтандыру болып табылады. Негізінен тауар мен тасымалданатын заттарды, теңіз кемелерін, жүк таситын жануарларды бір-біріне көмекке келісім арқылы беретін болған .
Ал, қазақстандық ғалымдардың көзқарасына тоқтала кетер болсақ, К. Жуйриков, И. Назарчук, Р. Жуйриков Страхование: теория, практика, зарубежный опыт еңбегінде: Сақтандыру өз тамырын өте тереңнен алады. Ерте кезден кеме жəне жүктерге байланысты тəуекелді бөлісуге тырысқан. Б.з.д. III мыңжылдықта вавилондықтар теңіз ісінде қарыз жүйесін былай қарастырған, егер іс апатқа ұшыраса қарызды қайтармайтын болған. Бұл жүйе ежелгі Грецияда да танымал болған .
Сақтандыру саласындағы қазақстандық ғалым Б.Ө.Сманның пікірінше: Сақтандырудың бастапқы нысандары өте көне дəуірде, құл иеленуші қоғамдарда туындаған болатын. Мысалы, бізге жеткен деректер бойынша құл иеленушілер, өздерінің мүліктері мен құлдарын табиғи тылсым күштердің жойып жіберуінен, ұрлықтан, тонаудан жəне басқа да қатерлі оқиғалардан қорғау тəсілі ретінде сақтандыруды пайдаланған. Осы қоғамдағы кезеңде мал мүлікті жəне жеке басты қорғауға орай жасалынған келісімдер сақтандыру шарты ретінде көрініс берген еді. Көне дəуірдегі сақтандырудың алғашқы нысандарының негізінде өзара міндеттемелер арқылы қамтамасыз етілетін ұжымдық өзара көмек жатқан. Сол кездерде қалыптасқан негізгі қағида бойынша сақтандыру пайда табуға, байлыққа бағытталған қызмет емес, ол тек қауіп-қатерден қорғау тəсілі болып табылған. Демек, келтірілген залалдың орнын ақшалай емес, тек сол зардапқа баламалы мүлікпен, затпен, өніммен жəне т.б. толықтырып отырған .
Ең алғаш сақтандырудың заңды негіздерін бір жүйеге келтіріген осыдан 3,5 мың жыл бұрын тасқа қашап жазған Вавилон патшасы Хаммурапи еді. Хаммурапи заңы 282-баптан тұрды. Соның 55-бабы сақтандыру жүйесіне арналған. Яғни, сақтандырудың негізгі мақсаты - адам баласының басына түскен бақытсыз жағдайлардан туындаған кезде азаматтарға материалдық жағынан көмек көрсету болып табылады. Бұл заңда сауда керуеніне қатысушылардың арасындағы жолда қарақшылардың шабуылынан, тонаудан, ұрлаудан келген шығынды бөлісу туралы келісім қарастырылған болатын. Бұған ұқсас Палестина мен Сирияда керуеннің апатқа ұшырауы, өлімі, жыртқыш аңдардың шабуылы немесе керуенге қатысушы мүшесінің жоғалуы жағдайларын қарастыратын шарттар жасалған болатын. Теңіз сауда ісінде кеме аударылуы жəне басқа да теңіздегі қауіптерден келетін шығындарды өзара бөлісу туралы келісімдер Парсы шығанағы, Финикия, ежелгі Грецияда кеме иелері мен көпестің арасында жасалатын. Бұл жағдайларға бір ерекшелік қана тəн: бұл жерде бұндай қатынасқа қатысушылар тұрақты төлейтін сақтандыру төлемдері жүйесі қалыптаспаған еді. Жəбірленушіге шығындарды төлеу туралы міндеттемені соңғысы келісімге барлық қатысушылардың арасынан арнайы жинап алады. Бұл қоғамда сақтандыру төлемі алдын ала құрылған сақтандыру қорынан емес, бір тұлғаның келтірген шығынын барлық сол келісімге қатысушылардан өндіріп алынатын .
Бірте-бірте сақтандыру ісі жетілген түрде сақтандыру қорының құрылуы жəне ақша қорларының жинақталуына алып келетін тұрақты төлемдер негізінде қалыптаса бастады. Бұл ұйымның міндеті ұйым мүшелеріне отбасы мүшелері қайтыс болғанда, балалар жетім қалған жəне де басқа бақытсыздық жағдайларда материалдық көмек көрсету болды. Мұндай ұйымдар ежелгі Үндістан, ежелгі Египетте болды .
Б.з.д. 916 жылы Ежелгі Грецияда Родос аралында кеме аударылуы салдарынан келетін шығынды бөлісу туралы сақтандыру актісі қабылданған.
Басқа елдермен салыстырғанда, тұрақты қорлар мен өзара сақтандыру ежелгі Римде болды.
Сақтандыру ісі ежелгі Римде азаматтардың материалды, кəсіптік жəне жеке қызығушылықтарын (еңбек қабілеттілігін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық бірлестіктердің құқықтық мәртебесінің негіздері
Еңбектің халықаралық стандарттары
Саяси жəне құқықтық ілімдер тарихының əдістемесі
Рим заңгерлерінің құқық туралы ілімі
Сақтандыру
Еңбек құқығы - оқулық
ҚР – сы жер қатынастарын құқықтық реттеу тарихы
Жерге меншік құқығының субъектілері
Жер құқығы қатынастары
Қазақстан Республикасын құқықтық әлеуметтік мемлекет ретінде қарастырып, оның әлеуметтік құқықтық деңгейін анықтау
Пәндер