КӨРКЕМ ЕҢБЕК ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ пәнінен лекциялар жинағы


Ф. 7. 03-03
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК УНИВЕРСИТЕТI
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМИ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ» ЖОҒАРҒЫ МЕКТЕБІ
«кӘСІПтік оқыту» кафедрасы
«КӨРКЕМ ЕҢБЕК ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ»
пәнінен лекциялар жинағы
мамандығы: 5В012000- «Кәсіптік оқыту»
Құрастырған: п. ғ. к., аға оқытушы Ысқақ Ә. И. .
Шымкент, 2017ж.
Мазмұны
Лекция 1 . Кіріспе. Өнер, өнердің бастапқы нышандары және оның айқындалуы.
Лекция 2 Орта Азия өнері. Ежелгі Грек және Рим өнері мен сақ-скиф мәдениеті.
Лекция 3. Орта ғасырдағы Батыс Батыс Европа өнері.
Лекция 4. Қайта өрлеу дәуірі өнері.
Лекция 5 XVІ-ХХ ғ. Батыс Европадағы өнер.
Лекция 6 XVІІІ ғ. Батыс Европадағы шыншыл тұрғыдабейнелеудің пайда болуы
Лекция 7 . XVІІІ-ХХ ғ. Батыс Европадағы өнер. Рококо өнерінің пайда болуы.
Лекция 8. Қазақтың сәндік-қолданбалы өнерінің дамуы. Қазақ өнерінің түрлері.
Лекция 9 . Қазақстанның көркем мәдениеті дамуының тарихи аспектілері.
Лекция 10. Қазақтың ою-өрнектері. Дәстүрі мен қайнар көзі.
Лекция 11 . Материалдарды көркемдеп өңдеу.
Лекция 12. Түстану. Түстану ғылымы.
Лекция 13. Бояу. Табиғи бояулардың түрлері.
Лекция 14. Көркем еңбектің мамандары.
Лекция 15. Көркем еңбек мамандары туралы жалпы мағлұматтар.
Кіріспе
Мектеп оқушыларын негізінен еңбекке тәрбиелеу, қоғам игілігі үшін еңбек жасату, оқушылардың еңбекке деген көзқарастарын шығармашылық қатынаста тәрбиелеу. Оқушылардың еңбекке ынтасын, сабаққа ықыласын арттыруда, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда орасан зор негіз болып табылады. Адамдардың ең бірінші өмірлік қажеттілігі-еңбек екені, сол арқылы өз бойындағы еңбек қабілеттерін дамытып отыратыны, үлкейе келе өзінің бойындағы асыл қасиеттерінен өмірлік нәр алатындығын мектеп табалдырығын аттаған бастап дарыта білу керек. Мектепте оқушыларға жай ғана білім беріп қана қоймай, ең бастысы оқушыларды іздені паздылыққа, еңбекқорлыққа баулитын еңбек тәлім-тәрбие де болып келеді. Оқушының бойында еңбек қабілеттері, дүниетанымдары кеңейе түсіп, олардың бәрін жинақтау қабілеттері, сауаттылықтары арта түсіп, еңбексүйгіштік қабілеттері дами түсіп адамгершілік қасиеттері қалыптасады және еңбек адамдары туралы түсініктері кеңейе түседі. Оқушылардың орныдайтын жұмыстары қаншалықты қарапайым әрі оңай болғанымен еңбек жөніндегі тәжірибесі аз балаға оны орындап шығу қиынға соғады. Түрлі жұмыстарды жүйелі түрде орындай білуге оқушыларды дағдыландырсақ, іске төселдірсек олардың қандай істі болса да атқара алатындығына сенімдері арта түседі. Ондай кездерде оқушы бойында еңбекке деген құштарлықтары, сабаққа ынтасы, ықыласы да арта түседі.
Көркем еңбек - еңбектің бір түрі болып табылады. Еңбекке оқушыларды дайындаудағы бағыттың бірі - көркем еңбектің түріне баулу болып табылады. Пәнді оқытудағы мақсат - мектептегі оқу - тәрбие процесінде оқушыларды қолөнерге баулуда болашақ мұғалімдерін қолөнердің педагогикалық мүмкіндіктерін пайдалануға даярлығын қалыптастыру. Мектеп қабырғасында сәндік- қолданбалы өнер элементтерін қолданумен материалдарды көркем өңдеуді үйретеді, сыптан тыс шұғылданыстарда оқушыларды қолөнерге баулуды қолға алу мұғалімнің арнайы курстар мен оларды оқыту бойынша дайындығының сапасын арттыруды талап етеді. Арнайы курстың мақсаты - сәндік-қолданбалы өнер бойынша сабақтарда және сыныптан тыс шұғылданыстарда оқушылардың материалдарды көркем өңдеуін, шығармашылықпен іс-әрекет жасауын ұйымдастырушы болашақ мұғалімдеріне қажетті білім, ептілік және дағдыларды қалыптастыру.
2. «Көркем еңбек технологиясының теориясы мен практикасы»
курсының міндеттері:
- студенттерді өнер және өнердің пайда болуы, материалдарды көркем өңдеуге тарихи кезеңдердегі наным-сенімнің ықпалы, ежелгі мәдени ошақтардағы және орта ғасырдағы, өрлеу дәуіріндегі Европа өнері түрлері, мәдениеті туралы теориялық мағлұматтармен таныстыру.
- материалдарды көркем өңдеудің негіздері, өнер кәсіптегі және қолданбалы өнер мамандарының түрлері бойынша мағлұматтар беру.
- мектеп қабырғасындағы оқушыларды қолөнерге баулуға материалдарды көркем өңдеудің теориялық мағлұматтары бойынша политехникалық бағыттылықты және қолөнерге баулуда политехникалық бағыттылықты жүзеге асырудағы болашақ мұғалімнің әдістемелік дайындығына қатысты теориялық білімдерді, ептіліктерді игеруін қамтамасыз ету.
- көркем еңбек технологиясының теориясы мен практикасы пәнінің зерделеудегі міндеттері:
-бір-бірімен байланысты материалдық өндіріске тән өнер түрлерінің қолөнермен байланысын көрсету;
- өнер, қолөнер, сәндік-қолданбалы өнер ұғымдарының мәнін ұқтыру;
-материалдарды көркем өңдеудің негізгі түрлерімен және заңдылықтарымен таныстыру;
- материалдарды көркем өңдеу мамандарымен мақсатын таныстыру;
-еңбек пәні мұғалімдерінің педагогикалық іс-әрекетіндегі қолөнердің мәнін ашу;
- қолөнердің теориялық мағлұматтарына сәйкес білімдерімен және мектептегі оқу-тәрбие процесінде қолөнердің политехникалық бағыттылығын жүзеге асыру бойынша студенттердің практикалық сипаттағы ептіліктерін қалыптастыру.
Лекция № 1
Кіріспе.
Өнер, өнердің бастапқы нышандары және оның айқындалуы.
Өнер -керемет құдіретті күш! Өнер -қоғамдық сананың бір түрі. Өнер - өмір шыңдығы көркем образ жүйесі арқылы бейнелейтін сана мен адам іс-әрекетінің өзіне тән ерекшеліктерінен даярланатын формасы. Көркем образдар құрамының ерекшеліктеріне қарай өнер туындылары бірнеше түрге бөлінеді. Көркем сурет, мүсін (скульптура), графика, көркем әдебиет, театр, кино, өмір құбылыстарын тікелей бейнелейтін өнер, музыка, би, сәулет өнері оларды суреткердің ішкі идеялық - сезімдік байланыстары арқылы береді.
Сөздің кең мағанасында өнер ұғымына технологиялық және эстетикалық жақтарынан аса шеберлікпен орындалатын адамның практикалық қызметінің барлық түрлері жатады. Түйіндей айтқанда, өнер - адамның дүниеге, болмысқа деген наным - сенімдерін дамытушы.
Өнер бізді әсемдік әлемінің заңдарын түсінуге жетелейді, адамға рухани күш береді, ерекше қуаныш, сүйініш, толқу сезімін оятады, өмірге деген құштарлықты арттырады; бұл ретте өнердің тәрбиелік және қоғамдық мәні де айрықша.
Саналық пен білімділікке жетелеген қозғаушы күші және әсемдік пен пәк сезімдердің қайнар көзі болды. Еңбектену мен іздену арқылы адам өнерді тудырса, өнер адамды жан-жақтылыққа, сезімталдылыққа, сүйіспеншілікке баулып, әсемдік әлемін танып білуге тәрбиеледі.
Өнер құбылыстарының ең алғашқы белгілерін іздеген кезде зерттеуші көптеген қиындықтарға кездеседі, нердің дәл осындай белгілі тарихи кезеңде пайда болмағанына, назар аударады. Оның ұзаққа созылған дамудың нәтижесінде өнер деп айтуға болмайтын үлгілерден қалыптасқанын байқайды. Өмір сүру үшін, тіршілік үшін адам әрқашан өзін қоршаған дүлей табиғатпен, жануарлармен күресуі керек болды, еңбек ету қажет болды. Бос уақытында адам өнерді ермек етті. «Өнер дегеніміз қуаныш, шаттық сезімін туғызатын ойынның бір түрі», -деп уағыздайды, бұл теорияны жақтаушылар. Ойыннан, ермектен өнердің көне түрлері би, ән, сурет салу, графика пайда болды.
Адамзат тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі болып саналатын тас дәуірі. Қазіргі кезде бізге белгілі ең көне өнер алғашқы қауымдық өнер немесе тас дәуірі өнері деп аталады. Тас дәуірінде өндіргіш күштер мен қоғамдық қатынастар тез дамыған. Тас дәуіріндегі алғашқы кезеңі палеолит заманында адамдар өнердің алғашқы нышандары тудырып, дамытты.
Көне тас ғасыры ежелгі орта және соңғы палеолит болып бөлінеді. Палеолит заманындағы адамдар өнердің алғашқы нышандарын тудырып қана қоймай, оны ары қарай дамытты. Алғашқы ретсіз сызық белгілерден бастап, сан түрлі аңдардың, тіпті адамдардың бейнесін бейнелейтін дәрежеге көтерілді. Палеолит дәуіріндегі өнердің бір топ үлгісі Испанияның атақты Альтамира үңгірінен табылды. Үңгірде ертедегі адамдар салған көптеген аңдардың, негізінен қодастың, жылқының, қабанның әр түрлі қимыл - қозғалыстағы кейіптері шеберлікпен кескінделген. Ертедегі адамдардың санасында сонымен қатар сыйқыршылық, сенім (магия) берік орнаған. Осы сенім адамның сурет салуына үлкен ықпал етіп, өнерді меңгеруде жаңа бір сатыға көтерген.
Ерте дүниеде Египеттің адамзат тарихында гүлдену бесігі болғаны баршаға аян. Жер Орта теңізінің аңызақ желмен тербетілген толқындарына тойымсыз көзбен қалай қайран қалып қарасаңыз, сол теңіздің жағасынан бой жазып, көкпен таласқан таңғажайып ғимараттары бар Алансандрия қаласына дәл солай сүйсінетіндей атын айдай әлемге танытып, ықылым заман бойы даңққа бөлеген зәулім маятта. Бір кезде ғаламның ғасырлар бойы шежіресін сақтаған, даланың қайталанбас қасиетті сөзін жинақтаған кітапхана да аса кереметтердің тізіміне ілігіп еді. Қала атын төрткүл әлемге түгел танытқан маяк Фарос аралына, сол даңқынан дақпырты асқан Александрияға кіоре берісте салынған еді. Уақыты ІІІ ғасыр. Шынында да, көнер дәуірде бұдан ірі құрылыс ешбір жерде, ешбір елде бой көтермеген болатын. Тұтас мәрмәр тастан қашалған, қалыптан шыққандай қаланған аягтың биіктігі -150 метр. Мысыр елі халқының күллі тарихының жалғыз «тірі» куәсіндей, олар ерекше мақтаныш етіп, киелі санайды. Жеті кереметтің бірі.
Суы жоқ, тіршілігі жоқ Нуби шөлінде орналасқан Египет пирамидалары да жеті кереметтің бірі. Ертедегі Египет -құл иеленуші ел, ғибадатханалар, пирамидалар елі аталып, тарихта салихалы орын алған атышулы мемлекет.
Таңның атысына, күннің батысына қарамай құлдарды аяусыз еңбекке салу нәтижесінде Ніл дариясы өңірінде ғасырлар бойы көптеген ескерткіштер орнатылды. Олар «Құдіретті құдайдың» жер үстіндегі әміршілері аталған фараондардың о дүниге барғанда жанға сая, басқа пана болатын мәңгі үйлері болып есептелінді.
Нағыз өнерге оқыту, мектепте ұйымдастыру тек өркениет дәуірінде пайда бола бастады. Оған дәлел ретінде ежелгі Мысырда (Египет) дамыған жоғары дәрежелі мәдениетті қарастыруға болады. Тарихи деректер бойынша ежелгі Мысырда сурет салу мектепте сызу пәнімен қатар оқытылғанын білуге болады. Мектеп бітіруші жерді өлшеуді, бөлме жобасын, су қүбырының кестесін сызуды білуге міндетті болды.
Мысыр мектептерінде оқушыларға сурет салуды оқытуға ерекше көңіл бөлінді, өйткені иероглифтік жазу әр түрлі заттар бейнелерінен түрды. Мысалға А әрпі қүс бейнесінде, Б әрпі адамның аяғының бейнесінде салынды. Тәрбиелеу мен оқыту тәртібі бұл мектептерде өте қатал болды: мектеп немесе оқушы ережесін болмашы бұзушыларды таяқпен соққыға алып жазалауға дейін барды, тіпті кей жағдайларда оқушының қол-аяғын байлап ғибадатханалардың қараңғы бөлмесіне ұзақ уақытқа қамады. Ол мектептер заңында былай делінген: "Күнделікті жұмысқа ынталы бол, жігерлі бол. Бір күн де ерінбе, болмаса соққыға жығыласың".
Оқыту әдісі мен тәртібі барлық суретші педагогтарда бірдей болды. Алғашқы болып ежелгі мысырлықтар жас ұрпақты сурет салу дағдысына оқытуда белгілі бір жүйеге негізделген теориялық зандылықтарды жасай бастады. Олар сурет салуға оқыту процесін қоршаған ортаны тануға, байқауға емес, сызбаларды, қағидаларды (канондарды) жаттау арқылы үлгілерді көшіруге негіздеді.
Мысыр (Египет) мемлекеті әрдайым біртұтас, қуатты ел бола алмады. Жалпы ішкі қайшылықтар, билеуші топтың шектен тыс сән-салтанаты мен халықтың қайыршылығы мемлекеттің бүкіл құрылымын шайқалтып жіберді.
Көрші елдермен соғыстар, басқа да жаңадан құрылған қуатты мемлекеттердің бақталастығы, перғауындар империясының тұтастығына қауіп төндірді. Орта патшалық, ягни 11 және 12-ші әулеттер билігі қарсаңында шетелдіктердің басқыншылығы, өзара ала ауыздықтар, ежелгі мемлекеттің уақытша жеке аймақтарға ыдырауына әкеп соқты. Бұрынғы перғауындарды мадақтау үшін салынған алып құрылыстар егінші халықты еңбектен қол үздірді де, елдің экономикалық қуатын өлсірете берді.
Осының бәрі шаруалар мен құлдар көтерілісіне ұласып, Мысырдың рухани өміріне де өз таңбасын салды. Сонымен бірге жетістіктер де болды. Математикада шар бетін есептеп шығару сияқты есептер ойдағыдай шешіле бастады. Мән мағынасы өзгермейтін өнерде шет аймақтық (провинциялың) билеушілердің сарайлары жанында пайда болған көркем өнер мектептерінің реалистік күштері көріне бастады. Перғауын бүрынғыдай құдай саналды.
Пирамидалар енді тастан емес, шикі кесектен тұрғызыла бастады, мұның өзі бұрынғыдай қымбатқа түспеді. Оның есесіне перғауынның жеке басы ежелгі патшалық-тардан да көрнекті етіп жасалды.
Бес мың жылдай бұрын тұрғызылған ең көне Мысыр пирамидасы - перғауын Джосер пирамидасын жасаушының аты-жөні Имхотеп еді. Ежелгі мысырлықтар оны тек тамаша сәулетші ғана емес, сонымен бірге дәрігер, астроном және данышпан ретінде құрметтеп, әрдайым есінде сақтады.
Джосер пирамидасы сатылы болып келеді, ол қүмның арасынан "аспан баспалдақтары" сияқты көтеріледі. Перғауын Джосер өз мазарының "бірінің үстіне бірі қойылған орындық" сияқты аспанға өрлеуін қалады. Имхотеп бүкіл Мысыр тайпаларының ақсүйектерінен патшаның артықшылықтарын тас арқылы бейнелеуге тиісті мұндай құрылысты қолға алған бірінші сәулетші болды. Биіктігі 60 метрлік бүл пирамида жоғарылаған сайын кішірейе беретін бірнеше мастабадан тұрады. Бұған дейін болмаған ұлы өнерге осылай қол жетті.
Сонымен қатар пирамидалар ішіндегі бәрінен биігі де, асқағы да перғауын Хуфудың немесе гректер атағандай Хеопстың пирамидасы. Бүкіл әлемдік өнерде ұлы мақсатты мейлінше дәл, мейлінше айбынды, сонымен бірге мейлінше мүлтіксіз бейнелеген сәулет ескерткіші бәлкім, жоқ та шығар. Таста мәңгі бейнеленген керемет күш, ғаламат геометриялық абстракция көрініс тапқан. Бүл - ажалды тәлкек етудің ақылға симас өжет дәлелі. Ол патшаларды мадақтау үшін салынды, бірақ онда халықтың қуаты, мүмкін, саналы түрде болмаса да, шығармашылық еркі өз бейнесін тапты. Ішіне кез келген еуропалық собор еркін сиятын Хеопс пирамидасының биіктігі - жүз қырық жеті метрдей, оның әрбір көлбеу бетінің ұзындығы екі жүз отыз бес метрдей. Ал ол алып тұрған жердің көлемі елу бес мың шаршы метрдей. Ол әрқайсысы екі жарым, тіпті үш тонналық әктастардан салынған; оның құрылысына барлығы екі миллион үш жүз мыңдай блок қажет болды. Бүл блоктардың бір-бірімен тығыз қиюластырылғаны соншалық, жігіне ине де сұға алмайсың. Пирамидалардың бүкіл сыртқы қабаты тамаша етіп тегістелген, әктас тақталарымен қапталған. Пирамиданың өзі жиырма жыл, ал Ніл бойындағы тасқазаннан тас кесектерін таситын жол он жыл салынған.
Патшалардың тас мүсіндері енді тек мазарларда ғана емес, храмдарда және жай ашық алаңдарда орнатыла бастады, мүның өзі барлың халың көріп, олардың сана-сына патша билігінің күштірек енуі үшін жасалды. Өйткені патша билігі бүл кезде біршама бәсеңдеп кеткен еді. Эрмитажда перғауын 3-ші Ахенемхенің қара граниттен жасалған мүсіні - Орта патшалың түсындағы мүсін өнерін тамашалауға болады. Оның басында перғауындардың бас киімі: маңдай алдында қасиетті жыланның бейнесі бар жолақ орамалы бар.
Орта патшалық мүсіндерінен біздің заманымызға дейін жеткендерінің арасында ең тамашасы - перғауын 3-ші Секусерттің басы /Обседиан Лиссабон, Гульбекианның жинағы/.
Храмдар мен сарайлар алдында құдайлар мен патшаларды дәріптейтін, төбесі иероглифтермен толтырылған биік жұқа обелискілер - "тас инелер" барған сайын көптеп тұрғызыла бастады. Иероглифтік жазулар Мысыр өнерінде аса маңызды рөл атқарады.
Таңба суреттер иероглифтер деп аталады. Мысыр жазуына 750-ге жуық иероглиф қолданылды. Оларды әдетте тасқа, ағашқа ойып жазды, бірақ жазу үшін негізгі материал орнына папирустар қолданылды. Биіктігі - 5 метрге жететін папирустар Нілдің жағалауында көп өсіп тұратын. Мысырлықтар олардың сабақтарын жүп-жүқа жолаң етіп тіліп, бір-біріне желімдеп, қағазға ұқсас парақтар әзірлейді. Папирусқа бір жағы ұшталған қамыспен жазды. Егер жазу параққа сыймай жатса, оның төменгі шетіне және бір парақты желімдейді. Сөйтіп, ұзын лента болатын, оның ұзындығы - 45 метрге дейін жеткен парақтарды да папирус деп атаған.
Кейінірек иероглифтер суреттің негізгі мағынасына тәуелсіз, белгілі мәні бар жазуларға айналды, бірақ олар графикалық түрғыдан сол сурет қалпында ңала берді. Бүл жазуларда бүкіл мысырлық өнердегі сияқты сол ішкі ырғақ, сол бір мүлтіксіз стиль, сол баяғы табиғи сәндік мақсат берік сақталып отырады.
Орта патшалық өнердің аса тамаша ескерткіші -Мәскеудегі бейнелеу өнері мүражайында сақтаулы түрған ақсүйек Хуненің қүлпытасы.
Ақсүйектің өзі мен әйелі сол жақ төменгі қанатта бедерлеп бейнеленген. Канон бойынша олардың беттері мен аяқтары - қырыннан, кеуделері - алдыңғы жағынан берілген, сонымен бірге екеуінің отырысындағы салтанаттылы олардың бет-жүзінің, қолдары мен табандарының параллелдігінен туған әлдебір екпінді ырғақпен ұштасады. Ал, олардың бейнесінің үстіңгі жағы мен қарама-қарсысына осы ерлі-зайыптыларға бөлінгеннен үш есе үлкен алаңға тұтас толтыра салынған құстар, жыландар, жатқан өгіздер, отырған адамдар, жемістер, өсімдіктер, сызықшалар, сызықтар, геометриялық фи-гуралар бейнеленген. Иероглифтерді оқи білетіндерге жол-жолымен өлгендерді көмген кезде оларға не құрбан етілсе, соның бәрін қоса көрсететін діни мәтін жазылған. Мысыр мемлекеті құлағаннан кейін мүлде ұмыт қалған осы жазулардың мағынасын тек өткен ғасырда ғана француз ғалымы Шампольон ашқан болатын.
Ежелгі Мысырдың бейнелеу өнерінің едәуір кейін жасалған ғажап туындысы - атақты перғауын Тутанха-мон мен оның әйелі /Қобдиша қақпағы бетіндегі бедер, б. з. д. XII ғ. Кар/. Бүл патша мазарынан табылған ағаш ңобдиша қақпағының бетіндегі түрлі-түсті бояумен ойылып боялған бедер. Аруаққа табынуға арналған көркем өнер. Бұл бедерб. з. б. ХІV ғасырдың бастапқы кезі, жаңа патшалық дәуіріне жатады.
Патша болған ерлі-зайыптылардың бұл бейнесі ақ-сүйек Хуненнің құлпытасынан VІ-VІІ ғасыр кейін жасалған, ал ақсүйек Тиді мадақтайтын бедерден мың жыл астам уақыт, перғауын Нармердің тақтасынан екі мың жылдан астам уақыт бөліп тұр. Бәрібір сол өмір сұлулығын мәңгі есте қалдырып, ажалды жеңудің баяғы қайсар да асқақ арманы көрініс тапқан. Тағы да сол стиль. Сол идея және сол стиль мысырлық өнерде Тутанхамоннан кейін де Мысыр дәуірлеп тұрған кезде сақталды. Бір мемлекетте сол бір қоғамдық қүрылыс, сол дін, өнер сан мыңдаған жылдарға созылды.
Қосөзен Орта Азия
Бақылау сұрақтар:
- Өнер және олардың дамуы туралы мағлұмат.
- Адамзат тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі
- Тас дәуіріне сипаттама.
- Тас дәуіріне тән ескерткіштер.
- Өнердің даму тарихы. Өнердің жарыққа шығуы. Сәндік-қолданбалы өнер, көркем еңбекті дамытуда қандай қаулы жасалды.
- Өнер және өнердің бастапқы нышандары немесе оның пайда болуына қандай жағдайлар әсер етті.
- Ежелгі мәдени орталықтарын атаңыз.
- Ежелгі Египет (Мысыр, Қосөзен Орта Азия) және ежелгі Палистина өнерінің түрлері: сәулет, бедерлеу (бейнелеу), мүсін және қолөнері мен киім үлгілері, олардың өзара ұқсастықтары мен байланыстары.
- Өнер түрлерінің дамуына наным сенімдерінің әсері қандай.
- Мүсін және бедерлеу өнеріндегі пайдаланылған материалдарға сипатама беріңіз.
Пайдаланылатын әдебиеттер
1. Төлебиев Ә. Өнер өрісі: -Алматы, Өнер, 1996ж-148 бет.
2. Қазқстан тарихы . -Алматы. Қазақстан №1995ж-306б.
3. Қазақтың көне тарихы. (Дайындаған М. Қани) . Алматы. Жалын 1993ж-50-58 бет.
Лекция № 2
Тақырыбы: Орта Азия өнері. Ежелгі Грек және Рим өнері мен сақ-скиф мәдениеті.
Ежелгі Грек суретшілері оқыту мен тәрбие мәселесіне жаңаша тұрғыдан қарады. Олар қоршаған ортадағы өсімдікке, табиғи құбылыстарға көңіл бөлу қажеттілігін мойындап, бейнелеу өнерін оңытудың өзіндік ережелерін жасады. Гректер әдеміліктің мәні сымбаттылық, симметриялық, бөліктердің тұтастық үндестігі, дұрыс математикалық тепе-теңділік деп түжырымдады.
Грекияда б. з. д. IV ғасырда бірнеше сурет мектептері болды. Олар - Сикиондық, Эфестік және Фивандың мектептер. Бұл мектептер әр түрлі әдістемелік бағыт ұстады. Фивандық мектеп жарық, көлеңке арқылы өмір шындығын және елесті көрсетуге бағытталды. Эфестік мектепте сыртқы сұлулыққа және табиғатты көркемдік тұрғыдан қабылдауға, соның ішінде шығармашылық, эстетикалық шабытқа үлкен мән берілді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz