Көкшетау автобус паркі


КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Осы уақытта көлік біртұтас көлік жүйесін құрайды, ол әр жылда миллиардтаған тонна шикізат, жанармай өнімін және де жеткілікті жоғарғы жайлылық деңгейімен және жылдамдықпен көптеген миллиард жолаушылар тасымалдайтын теміржол, өзен, әуе және автомобиль көлік құралдарынан тұратынқуатты тораптарды қамтиды. Қалаларда адамдардың көп бөлігі автобус, трамвай, троллейбус, метрополитен, таксилерден тұратын қалалық жолаушы көлігінің көмегімен жылжиды. Автобус бағыты қала ішілік, қала маңы және қала аралық қатынастағы жолаушы көлігінің негізгі және айрықша ірі түрі болып табылады. Тұрақты тасымалдар белгіленген бағыттар бойынша жүргізіледі. Жолаушы көлігінің барлық түрлерінің ішінде автобус тасымалы ең ірісі болып табылады. Қазіргі автобустардың жоғарғы техникалық-пайдалану көрсеткіштері жыл сайын жолаушылар тасымалын тек қана ауыл, қала маңы қатынастарында ғана емес, сонымен қатар қалалық қатынастарында да ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Автобустардың нәтижелі жұмысы тек жолаушы айналысы жайлы толық мәлімет болғанда, олардың заңдылығы және автобус тасымалының ерекшеліктері жайлы білім болған жағдайда ғана қамтамасыз етіледі. Осыған дейін, қалалық қатынастардың едәуір дамуына қарамастан, осы қатынас түріне деген жолаушылардың талаптары толық қарастырылмаған, қалалық автобус тасымалдарының жылжымалы құрам өнімділігі, пайда, рентабельдік сияқты экономикалық көрсеткіштері жеткілікті зерттелмеген.
Зерттеу мақсаты. Маршрутты тасымалдауды ықшамдау (12 маршруты мысалында)
Мақсатты жүзге асыру үшін қойылған міндеттер:
- «Көкшетау автобус паркі» ЖШС-нің сипаттамасы;
-12 маршрутты тасымалдауды ықшамдау;
- еңбекті қорғау, қозғалыс қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі бойынша іс-шаралар;
- экономикалық бөлім.
Зерттеу нысаны. «Көкшетау автобус паркі» ЖШС болды.
Зерттеу пәні. №12«Темір жол бекеті - Красный Яр» бағыты бойынша қалалық жолаушылар тасымалы.
Зерттелу дәрежесі. Диплом жұмысын жазу кезінде көп ғалымдардың еңбегі пайдаланылды. Зерттеу жұмыстарына негіз болған оқулықтардың авторларын атап көрсететін болсақ: Омаров А. Д. [7], Спирин И. В. [5], Канаев М. Д. [10], Морозов К. А. [19], Островский Н. Б. [23], Олейник О. М. [35] .
Диплом жұмысының құндылығы. Оның нәтижелері келесілерді көрсете алуында тұрады:
- берілген бағыттардағы жолаушылар тасымалын ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ғылыми негізделген шешімдер қабылдау;
- бағыттардағы автобус қозғалыстарының қауіпсіздігін қамтамасыздандыру;
- жолаушыларға қызмет көрсету сервисін жақсарту;
- қызмет көрсетудің сапасы мен автобустар қозғалысы кестесінің ыңғайлығы есебінде берілген бағыттардағы жолаушы айналымын көбейту
Зерттеудің теориялық әдістемелік негізі. Жолаушы және жүк тасымалдау ережелері, Ақмола облысының жолаушы тасымалы және автомобиль жолдары басқармасынан жіберілетін нормативті және нұсқаулы жетекші құжаттар, Көкшетау автобус парк жұмысының техникалық-пайдалану көрсеткіштері құрайды.
Тақырыптың ғылыми жаңашылдығы. Берілген бағыттарды зерттеу негізінде жолаушылар тасымалын ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұйымдастырушылық-экономикалық тәсілдемелерді жасап шығаруда тұрады.
Практикалық база ретінде Ақмола облысы Көкшетау қаласының ішкі істер басқармасы Жол полиция бөлімі.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, 5 бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 75 машинамен басылған мәтіннен, 16 кестеден, 3 суреттен, 2 графикалық бөлім бетінен тұрады.
Кіріспеде дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі дәлелденді міндеттер мен мақсаттар қойылды, теориялық және әдістемелік негіздер, зерттеу нысаны және жаңалығы баяндалды.
Бірінші бөлімде «Көкшетау автобус паркі» ЖШС-нің сипаттамасы қарастырылған.
Екінші бөлімде 12 маршрутты тасымалдауды ықшамдауың әдістері көрсетілген.
Үшінші бөлімде еңбекті қорғау, қозғалыс қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі бойынша іс-шараларың сипаттау .
Төртінші бөлімде экономикалық шығындардың есебі көрсетілген.
Қорытындыда жұмыс нәтижелері бойынша қысқаша тұжырымдар келтірілді, оларды қолдану жайлы ұсыныстар берілді.
1 « КӨКШЕТАУ АВТОБУС ПАРКІ » ЖШС-НІҢ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Жылжымалы құрамның топтастырылуы
Автобус паркі 1946 жылы құрылды. Жолаушы көлігінің жұмысын жақсартуға бағытталып жасалынған іс-шаралар негізінде Қазақ КСР автокөлік министрінің 12. 01. 1966 ж. бұйрығымен автомобиль көлігі Министрлігі қарамағында Көкшетау автобус паркі құрылды.
Автошаруашылықты автожөңдеу зауытының артында бос алаңқай жерде сала бастады. Жайсыз аймақ, автошаруашылыққа бейімделмеген өндірістік ғимараттар -автобус паркі осыдан өз өмірін бастады.
1972 жылы 200 автобусқа арналған жаңа үлгілік автобус паркі пайдалануға берілді. Парктің тізімдік құрамы жаңа автобустармен толықтырылуына байланысты автобус паркінде қосымша доңғалақтарды жөңдеу, шанақ цехы, диагностика пункті, эксперименттік цех, қойма бөлмелері, КҚК, автобустарды жуу учаскесі және ТҚК-2 салынды және жабдықталды. Жаңа әкімшілік корпусы салынды, ал ескі корпуста тұрмыстық кешеннің қалпына келтірілуі және құрылысы жүргізілді. Көкшетау автобус паркіндегі өндірісті және еңбекті ұйымдастыру сұрақтарымен ұжым негізінен 1966 жылдан бастап, ал 1967 жылдың 1 қаңтарынан автобус паркінің жаңа жобалауға және материалдық ынталандыруға ауысуынан, әсіресе, белсенді айналыса бастады. [3]
Жаңа техникалар және еңбекті ғылыми ұйымдастыру іс-шараларын енгізу бойынша негізгі бағыттар болып ГТС және пайдалану қызметінің жұмысын ұйымдастыру болды. Алайда, пайдалану қызметінің жұмысы негізінен жылжымалы құрамның техникалық күйіне тәуелді болғандықтан, ең алдымен жөңдеу жұмысшыларының еңбегін, олардың еңбектерінің жағдайларын ұйымдастыруға және қол еңбегін механикаландыруға назар аударылды: пайдалануға эксперименттік цехтың екінші кезегі, жаңа шанақ цехы, темір ұста учаскесі берілді. Шанақ цехына 2 Польшада өндірілген электромеханикалық көтергіш орнатылды. Цех автобустардың шанақтарын жөңдеуге арналған қажетті жабдықпен қамтамасыздандырылған. Сонымен қатар, рессорды ауыстыру және жөңдеу учаскесі, пісіретін орын, дөңгелек жөңдеуші орын және бояу цехы қажетті құрал-сайманмен жабдықталған.
1980-1985 жылдар аралығында еңбек жағдайларын жақсарту, кәсіби сырқаттардың, жарақаттанушылықтың, жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілді. Барлық инженерлік-техникалық жұмыскерлер мен қызметкерлердің, жуушылардың, диспетчерлердің және басқа жұмыскерлердің еңбек жағдайлары жақсартылды. Қауіпсіздік техникасы және қозғалыс қауіпсіздігі бойынша сыныптар ұйымдастырылды. Мемлекеттік стандартқа сәйкесінше өндіріске еңбек қауіпсіздік белгілері және басқа да шаралар енгізілді.
1996 жылы «Автобустық парк» АҚ болып өзгертілді. Осы уақытта автопарк 11 қалалық және 6 қала маңы бағыттарына қызмет көрсетті, сонымен қатар бойынша сағаттық төлеммен тасымалдаулар жүзеге асырылды. Бұл жылдар кәсіпорын үшін онша сәтті болған емес, кәсіпорын жылжымалы құрамы жаңартылмады, сонымен қатар жалақы және зейнетақы қоры бойынша көп қарыздар болды. Автобус паркінде оның қаржылық күйін жақсарту бойынша белгілі жұмыстар өткізілді.
Қалалық және қала маңы бағыттарының жолаушы ағымын зерттеу жүргізілді, желідегі жүргізушілер мен кондукторлар жұмысын тұрақты бақылау жүзеге асырылды. Сонымен қатар, негізгі өндірісте жұмыс істемейтін қызметкерлер саны қысқартылды. Тозған қосалқы бөлшектер мен тетіктер реставрациясы үшін жаңа технологиялар жасап шығару бойынша оперативті жұмыс жүргізілді. Мысалға, шанақ цехында автобустардың күрделі жөңдеуі жүргізілді, вулканизациялау цехында резино-техникалық бұйымдардан жасалған тетіктерді пісіру өндірісі жөнге келтірілді.
1998 жылы «Автобус паркі» АҚ-ы қайтадан «Көкшетау-Тұлпар» ЖШС болып өзгертілді, бірақ бұл жаңартудан автопаркте мәселелер азайған жоқ.
2002 жылы қазіргі директор Шаримова А. У басшылығымен «Көкшетау-Тұлпар» ЖШС «Көкшетау автобус паркі» ЖШС болып өзгертілді. Шаримова А. У-ның еңбек қызметі Көкшетау автобус паркімен 1985 жылдың қарашасынан басталды. Облыстың ірі кәсіпорнындағы жұмыс кезеңінде ол экономист, бас есепші орынбасары, бас директор орынбасары қызметтерін атқарды. 2000 жылдан бастап және қазіргі кезеңде Шаримова А. У «Көкшетау автобус паркі» ЖШС-нің бас директоры. [5]
Осы жылдар ішінде паркті көркейту бойынша көп жұмыстар жүргізілді. Бюджеттік және жалақы қарыздары бойынша толық есеп айырысу өткізілді. Цехтар, әкімшілік ғимарат жөңделді, жабдықтар, станоктар іске қосылды, жаңа автобустар алынды (күн сайын желіде 80-ге тарта автобустар жұмыс істейді) . Қызметкерлер саны 200-ге жуық.
«Көкшетау автобус паркі» ЖШС-де эксплуатация бөлімі бар, онда әр күнге жоспарлы бұйрық-тапсырма жасалынады. Осы бөлімшенің арқасында әр жүргізуші қай бағыт бойынша және қай уақытта жүру керектігін біледі. Жүргізуші жұмысқа келген соң, медициналық куәландыру өтуі тиіс, тек осыдан кейін ғана оған жұмысқа кірісуге рұқсат етіледі және диспетчер жол қағазын береді. Бұдан кейін жүргізуші гараж-тұраққа автобусқа барады.
Гараж-тұрақта 97 машина схемалы түрде - әрқайсысы өз орнында орналасады. Гаражда тұрақты түрде күзетші кезекшілік етеді, ол гараждағы өрт қауіпсіздігі мен тәртіпті бақылайды. Гараж өрт сөндірудің барлық құралдарымен жабдықталған. Желіге шығарда жүргізуші бақылау-техникалық пункт шұңқырына тоқтайды, онда механик автобусты тексереді және оның бағыттық трафаретін ұсынады, тек осыдан кейін ғана ол желіге шығады. Желіден автобус келгенде, механик оны осылайша тексереді, содан кейін жүргізуші жол қағазын диспетчерге тапсыруға барады, медициналық куәландыру өтеді және автобусты гаражға таза қою үшін жууға апарады. Егер автобус желіде сынса, онда жүргізуші бұл туралы паркке хабарлайды. Шығу жайлы хабар алғаннан кейін диспетчер оның орнына басқа автобус жібереді. Егер сынған автобус базаға өздігінен келе алмаса, онда бұл үшін паркте УРАЛ базасындағы тартқыш бар. Механик сынуды айқындайды және жөңдеу парағын жазып береді, автобус сынуды жою үшін жөңдеу аймағына жіберіледі.
Кәсіпорынның дамуына зор үлесін бас инженер Агоев О. И. қосып келеді. Ол кәсіпорында 20 жыл еңбек етеді. Оның қызмет аясына автобустар жөңдеуі кіреді. Автобустарды жөңдеу жұмыстың барлық жағдайлары жасалған жөңдеу шеберханаларында жүргізіледі. Онда әр түрлі операцияларды өткізуге арналған станоктар бар, сонымен қатар станоктарда жұмыс істейтін мамандар, жөңдеу жұмыстарының өтуін қадағалайтын өндіріс шебері бар. Жөңдеу аймағының жақсартылған жұмысының арқасында автобустардың жөңделуі ұзақ уақытқа созылмайды және жылжымалы құрам уақытымен жөңдеуден желіге шығарылады, осының есебінен бағыттар ашық қалмайды. [7]
« Көкшетау автобус паркі » ЖШС-нде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қызметі бар. Еңбекті қорғау қызметі кәсіпорынның дербес құрылымды бөлімшесі болып табылады. Өз жұмысында ол Қазақстан Республикасының «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік туралы»Заңын, өндірістік ортаның гигиенасы және еңбек қауіпсіздігі бойынша нормативті және заң актілерін басшылыққа алады.
Еңбекті қорғау қызметі мәртебесі бойынша негізгі өндірістік қызметтерге теңеледі, ал еңбекті қорғау мәселелерінде осы қызметтің шешімдері барлық бөлімшелердің жетекшілері мен қызметкерлері үшін міндетті болып саналады.
Еңбекті қорғау қызметінің негізгі міндеттері: өндірістегі еңбектің қауіпсіз және дұрыс шарттарын қамтамасыздандыру және жасау бойынша әлеуметтік-экономикалық, санитарлы-гигиеналық және емдік-профилактикалық шаралар кешенін құру және жүзеге асыру. Сонымен қатар, ҚР «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік туралы» Заңын, қауіпсіздік техникасы нұсқамасын, еңбекті қорғау бойынша белгіленген ережелер мен нормаларды ұстану, еңбекті қорғау бойынша мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының жарлықтарын орындау.
Кәсіпорынның еңбекті қорғау қызметі белгіленген мақсаттарға сәйкесінше келесі қызметтерді атқарады: кәсіпорындағы еңбекті қорғауды басқару жүйесінің енгізілуін және оңтайлы жұмыс істеуін, құрылуын қамтамасыз ету. Кәсіпорынның еңбек қауіпсіздігі бойынша тұрақты жұмыс атқаратын комиссиялық қызметі ұйымдастырылды. Еңбек жағдайлары бойынша жұмыс органдарының аттестациясының өткізілуіне және ұйымдастырылуына басшылық етеді. Өндірістік құрал-жабдықтың дұрыс пайдаланылуын және техникалық күйін, өндірістік процесстер мен жұмыстардың қауіпсіз өткізілуін қадағалайды. Қызметкерлерді сүтпен, сабынмен, жуғыш және майсыздандыратын құралдармен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке бас қорғану құралдарымен қамтамсыз етуді бақылайды. Жұмыскерлерді еңбектің қауіпсіз әдістеріне үйретудің сапасын және дер кезілігін, қызметкерлердің білімін тексеру және нұсқамаларды өткізуді, нұсқама тіркеу журналдарын жүргізудің дұрыстығын қадағалайды. Жетекшілер мен мамандар білімдерін тексеретін тұрақты қызмет етуші емтихан комиссиясының жұмысын қамтамасыздандырады және ұйымдастырады. Комиссия жұмысына білім тексерісін өткен тұлғалар тартылады. Бөлімшелер жетекшілеріне және басқа да лауазымды тұлғаларға жұмыстағы анықталған кемшіліктер және қауіпсіздік нормалары мен ережелердің бұзылуын шеттету жайлы бұйрықтар береді. Жұмысты қауіпсіз жүргізу жайлы жаңа нұсқамаларды жасауды және қазір жұмыс атқаратын нұсқамаларды қайта қарауды ұйымдастырады. Өндірістегі сәтсіз оқиғаларды, кәсіби сырқат және апаттарды тексереді, олардың есебін жүргізеді. Еңбекті қорғау сұрақтары бойынша әдістемелік және шолу құжаттамаларын дайындайды. [11]
2001 жылы кәсіподақ ұйымы құрылды, барлық жұмыскерлер оның мүшелері, ұжымдық келісімшарт жасалынды. Жыл басында кәсіподақ ұйымы төрағасы жұмысшылардың сауықтыру демалысын өткізу үшін жолдамаларды алуға қаражат бөлуге жасалынатын іс-шаралар жобасын құрады, сонымен қатар кәсіподақ ұйымы зейнеткерлерге құттықтау, көмек және қарттар күніне сыйлықтар алу үшін қаражат бөлумен, соғыс ардагерлері мен тың еңбеккерлерін құрметтеумен айналысады. Кәсіподақ ұйымы төрағасы аптасына бір рет өткізілетін профилактикалық кеңес мүшесі болып табылады. Профилактикалық кеңеске еңбек тәртібін бұзушылар шақырылады, мұнда олардың тәртіп бұзғандығы қаралды және оларды жазалау шаралары анықталады. Қазіргі кезде паркте 97 жылжымалы құрам саналады. Олар 1. 1 кестеде көрсетілген.
Кесте - 1. 1 - 13. 01. 2012 жылға «Көкшетау автобус паркі» ЖШС бойынша жылжымалы құрам тізімі
Кесте - 1. 2 - 13. 01. 2012 ж. дейінгі «Көкшетау автобус паркі» ЖШС-нің күйі
Сонымен қатар, автобус паркі 12 қалалық, 4 қала маңы және 5 қала аралық бағыттарға қызмет көрсетеді [1] .
Автобус паркінде келесі бөлімшелермен өндірістік корпустар бар:
● автомобильге профилактикалық әсерге техникалық қызмет көрсету;
● берілген жөңдеуді өткізу үшін және техникалық ақаулықтар бойынша автобустардың шығуын жоюға арналған техникалық жөндеу кешені;
● өндірісті және жөндеуді, агрегаттарды жуу бөлімшелерін дайындау кешені;
● жуу құрылғыларымен автобустарды механикалық жуу;
● 120 машиналарға арналған гараж ˗ тұрақ;
● диагностика посты;
Автобус паркінде асхана, бірнеше көмекші қызметтер бар.
Кесте - 1. 3. - автобус парк мәліметінен жылжымалы құрамның жылдар бойынша13. 01. 2012 ж. үлестірілуі.
1. 3 кестеден көретініміздей пайдаланудағы автобустардың көбінің қызмет мерзімі әжептәуір.
Жылжымалы құрамды жаңарту қажет, бірақ керекті жөңдеу базасының болмауына байланысты сапалы және күрделі жөңдеуді, ағымдағы жөңдеуді өткізу мүмкін емес. Бірақ қиыншылықтарға қарамастан «Көкшетау авто парк» ЖШС жаңартылды, бұл кестеде көрсетілген.
Автобустың арналуы жолаушылар, багаж, қол жүгі, алып жүруші персонал (кондуктор, жолсерік) үшін орындар үлестірудің жобалау шешімін, автобустың күш беруші құрылғысының экономикалық және тарту күші сапаларына және салон жабдығы номенклатурасына деген талаптарды белгілейді [2] .
Қала маңы бағыттарында кәдімгі қала ішілік автобустарды қолданылады, сонымен қатар, отыруға арналған орындары көбейтілген салонның төрт қатарлы жобасымен, кішірейтілген сыйымдылықты жинақтаушы алаңқайлармен ерекшеленетін олардың түрленімі қолданылады. Қала маңы автобустары есіктердің аз санымен және олардың ендерімен ерекшеленеді.
Қалалық автобустарда жолаушылар тұра және отыра тасымалданады, тек ерекшелік болып аса кіші сыйымдылықты автобустар саналады, олардатек отырған жолаушыларды тасымалдауға рұқсат етіледі.
Жолаушы автомобиль көлігі автобустар мен жеңіл автомобильдерге бөлінеді [2] .
Автобустар арналуы және жолаушы сыйымдылығы бойынша жіктеледі. Арналуы бойынша, МЕМСТ 27815-88 сәйкесінше, автобустар қалалық (ары қарай қала ішілік және қала маңы), қала аралық, ұзақ сапарлық болып бөлінеді. Стандартты автобустар негізінде арнайы тасымалдарға арналған (бала тасымалдау, жабдықтар мен жөңдеу бригадаларын жеткізуге арналған вахталықтар, милициялық автобустар, катафалктар) олардың түрленімдері шығарылады. Сонымен қатар арнайы автобустар шығарылады, мысалға, аэродромдықтар жалпылай қолданылатын жолдардан тыс пайдаланылады.
Ұзақ сапар автобустарын халықаралық бағыттарда және туристтер топтарын үлкен қашықтықтарға тасымалдау үшін (туристтік автобустар) қолданады, мысалға автобустар саяхаттарында. Жолаушылар тек отырған күйде тасымалданады. Бұл автобустар жиі құрылысындағы элемент қатары бойынша қалааралық автобустарға жақын және жоғарғы жайлылығымен ерекшеленеді. Туристтік автобустар көбінесе қос қабатты болып шығарылады, және де жолаушы салонында шолудың жақсартуын қамтамасыз ететін шынылану болады. Туристтік автобустар үшін тұрақтағы түнейтін жерге жайылмалы орындары бар тіркемелер шығарылады.
Автобустар сонымен қатар мекемелермен қызметкерлерді өздерінің мұқтаждықтары бойынша тасымалдауға пайдаланылады, соның ішінде ауылшаруашылық мекемелер қызметкерлерін тасымалдау үшін.
Қалалық автобустарда қарқынды жолаушы айналымы жағдайында жолаушылардың көп бөлігін (отыра және тұра) тасымалдауға мүмкіндік беретін жолаушы салоны жобасы болады. Бұл үшін негізінен орындықтардың үш қатарлы орналасуы (орындықтар орташа қаттылықты және жеңілдетілген құрылысты), салонның тегіс төмен едені, онша биік емес баспалдақтар, бірнеше кең есіктер, жолаушылардың көп санының кіруін және шығуын тездету үшін есік жанындағы жинақтауыш алаңшалар қарастырылған. Артқы есік жанында кондуктордың орны орналасқан [2] .
Жолаушысыйымдылық автобустар мен жеңіл автомобиль арасындағы айырмашылық критериі болып табылады. Жол қозғалысы жайлы халықаралық конвенцияда автобустар қатарына 8 және одан да көп орындары бар жолаушы автомобильдері жатады. Осы бөлудің салдары ретінде автобустар жүргізушілеріне өздерінің жүргізуші куәліктерінде Д категориялы көлік құралдарын жүргізуге рұқсат жайлы белгі болу талабы болды, бұл айтарлықтай жоғарғы біліктілік пен жұмыс тәжірибесі болу керектігін анықтайды, ал жеңіл автомобильді жүргізу үшін В категориясы керек.
Кесте - 1. 4 - Автобустардың жолаушы сыйымдылығы бойынша жіктелуі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz