Баға белгілеу


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

І. Бағаның нарықтық экономикадағы рөлі. Баға белгілеу факторлары

ІІ. Баға белгілеудің мақсаттары, стратегиялары және әдістері

ІІІ. Бағаның экономикалық табиғаты және оның төменгі шекарасы

ІV. Баға белгілеу тәртібі және оны жасау кезеңдері

Қорытынды

Кіріспе

Нарық жағдайында баға өзін құрастыратын факторлардың тығыз байланысының нәтижесі болып табылады, бұл факторлар есепке алынбайынша, бағалар деңгейін анықтау мүмкін емес. Мұндай факторлар өте көп және олардың бәрін баға белгілеу кезінде анықтау, бағалау, есепке алу қиын. Сондықтан нақты бағаны таңдау осы факторларды талдаудан басталады.

Бағаға деген маркетингтік көзқарастың классикалық теориядан айырмашылығы - тұтынушының сұранысына, мұқтаждықтарына және нені ұнатуына, сонымен қатар, нарықтың құбылмалы жағдайына байланысты бағаның икемділігінде. Тұтынушыны өндіріс шығыны емес, оның нәтижесі, тауардың пайдасы мен сапасы, қажеттілігін қанағаттандыру деңгейі қызықтырады.

Нарықтық экономика жағдайындағы экономикалық субьектілердіңғ баға қоюы көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатына байланысты.

Нарық түрін бағалау фирма стратегиясын жасаудағы нақты бір әдісті таңдауының маңызды шарты болып табылады. Нағыз бәсеке нарығы белгілі бір өнімді сатып алатын және сататын көптеген сатып алушылар мен сатушылардан тұрады.

Баға деңгейімен және оның жекелеген тауарларға ара қатынасы көптеген халық шаруашылығы аспектісімен байланысты. Көтерме баға деңгейімен кәсіпорын тиімділігі байланысты, бөлшек баға деңгейімен жұмыскердің нақты жалақысы байланысты. Баға тарихи категория. Бағаның деңгейі ғана емес, сондай - ақ экономикалық мазмұны уақыт талабына сай өзгереді.

Баға өзінің макро-микроэкономикалық мағынасында - обьективті нарықтық факторлармен, өндірістің белгілі бір шарттарымен, нарықта тауарды өткізу жағдайларымен анықталады және мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық саясатын бейнелейді. Баға белгілеудің маңызды қызметі - барлық шығатын шығындарды жаба отырып, пайда табу.

Баға - нарық реттеушісі, ол тауарлардың нақты түрлерін өндіруге мүмкіндік береді немесе тежейді, сұранысты шектейді немесе ұлғайтады, осылайша белгілі бір өнімнің өндірісі мен тұтынуына тікелей немесе жанама әсер етеді. Бағаға деген маркетингтік көзқарастың классикалық теориядан айырмашылығы - тұтынушының сұранысына, мұқтаждықтарына және нені ұнатуына, сонымен қатар, нарықтың құбылмалы жағдайына байланысты бағаның икемділігінде. Тұтынушыны өндіріс шығыны емес, оның нәтижесі, тауардың пайдасы мен сапасы, қажеттілігін қанағаттандыру деңгейі қызықтырады.

Баға - шығындарды талап етпейтін, ерекше күш-жігерсіз-ақ кіріс әкелетін маркетинг-микстің ең икемді элементі. Өндіріс бәсекеге қабілеттілігі, сату көлемі, рентабельділік және тағы басқа экономикалық көрсеткіштер көбіне баға қою бойынша дұрыс шешім қабылдауға байланысты. Өткізу бағасын белгілеу және өзгерту - кәсіпорынның баға саясатын зерттей отырып, жасайтын маркетинг бөлімдерінің маңызды міндеті.

Баға жөніндегі маркетингтік шешімдерге мыналар жатады: бағаның төменгі және жоғары деңгейін, олардың фирма мақсаттарына, тауар сапасына, сұранысқа, бәсекелестердің баға саясатына, ТӨЦ пен басқа факторларға байланысты өзгеруін анықтау, оңтайлы өткізу бағаларын белгілеу және жеңілдіктер жүйесін жасау. Осыған орай маркетингтің баға саясаты фирманың өэ мақсаттарына нақты бағаларды белгілеу негізінде жету жолдарын межелейді. Нарықтық экономика жағдайындағы экономикалық субьектілердіңғ баға қоюы көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатына байланысты. Қазақстанның нарықтық қатынастарға өту кезеңдерге ХВҚ-ның «естен тану терапиясы» ретіндегі бағаны еркіне жіберуде кіретін ортодоксалды-монетарлық ұсыныстарын қолдану нәтижесі елді инфляция мен гиперинфляцияға әкеліп соқтырды. Соның салдарынан баға өзінің экономикалық міндеттерін атқармай, өндірістің өсуіне кедергі келтіріп, бәсекеге қабілетті өнім өндіруді ынталандырмады. Бұл саясат сол кездегі бағалар деңгейіне және кәсіпорындар мен экономика салдарының барлық экономикалық көрсеткіштерін әсер етті.

Отандық кәсіпорындардың көпшілігінде бағалардың маркетингтік саясатымен маркетинг бөлімдерінің менеджерлері айналысады. Мысалы, «Рахат» ААҚ - да баға саясатын маркетингті басқару бөлімінің мамандары іске асырады, бұл жалпы алғанда, олардың баға туралы дұрыс шешім қабылдауына жақсы әсер етті.

Көптеген кәсіпорындарда баға саясатымен экономика немесе басқа да бөлімдердің қызметкерлері айналысқандықтан, тұтынушылармен байланыс жасалмайды, бұл баға бойынша әрқашан дұрыс шешім қабылдауға әкеле бермейді.

Түпкілікті бағаны бектіу - маркетинг қызметінің өте жауапты кезеңі, өйткені ол кәсіпорын іс-әрекетінің көрсеткіштеріне әсерін тигізеді. өткізу бағаларын қалыптастыру немесе өзгерту барысында маркетингтің мақсаттарды, бәсекелестердің іс-қимылын есепке ала отырып, баға белгілеудің дәстүрлі әдістерін үйлестіріп қолдану керек.

Жоғары бағалар - тауар өткізуді тежейді, ал төмен бағалар - бәсекелестердің назарын аудартады, сондықтан нарықтық жағдайды үнемі талдап отыру керек.

Бағаға әсер ететін факторлардың негізгілері мыналар:

1. Өндіріс шығындары. Өндіріс шығындары көбінесе мемлекеттің экономикалық жағдайына және орта салалық өзіндік құнды бейнелейтін өндірістің қоғамдық шығындарына байланысты.

Бағаның негізгі элементі - өзіндік құн, ал оның құрылымының маңызды бөлігін материалды шығындар құрайды. Мысалы, кондитерлік өнімнің өзіндік құнының үлес салиағын өсу тенденциясы бар шикізат пен материалдық шығындар алады.

Шығындардың өзгермелі және тұрақты деген 2 түрі болады.

Тұрақты шығындар - өндіріс пен өткізу көлемінде қатыссыз қосымша шығындар екені белгілі.

Компания өндіріс көлеміне қарамастан, ай сайын жалға алғаны үшін ақыны, несие ұшін процентті, жылу ақысын, жалақыны және т. б. төлеуге міндетті. Бұлар тұрақта шығындарға жатады.

Өзгермелі шығындар - өндіріс көлеміне тікелей байланысты болатын шығындар. Өнімнің әрбір бірлігі үшін шығындар тұрақты болып қалады, бірақ олардың жиынтық көлеміне байланысты өзгереді. Бұлар - шикізат, материалдар, құрал - жабдықтар және т. б.

Жиынтық шығындар - бұл белгілі бір өндіріс көлемі көзінде болатын тұрақты және өзгермелі шығындардың жиынтық сомасы.

2. Сұраныс. Нарықтық экономика жағдайында сұраныс - нарықтық бағаның өзгеруіне әсер ететін негізгі фактор.

Баға мен нарықтық сұраныс арасында тығыз тәуелділік бар, олар бір-бірімен кері пропорционал байланыста болады. Бұл өзара байланыс сұраныс заңы мен баға икемділігі арқылы түсіндіріледі, оны нарықтық сұраныс қисығы түрінде көрсетуге болады.

3. Тұрғындардың сатып алу қабілеті - олардың ақшалай табысына байланысты.

4. Ақша өрісінің жағдайы, бұған кіретіндер: тұтынушыларда бар ақша көлемі, инфляция деңгейі, оның серпіні, ұлттық ақша бірліктерінің, валюталық бағамдардың қозғалысы және тағы басқалары.

5. Бәсеке. Ол бағалық және бағасыз болады. Бағалық бәсеке - тауардың бағасын өзгерту арқылы бәсекелестік күрес жүргізу.

Бағалық бәсекенің тетігі мынада, фирма өз тауарына нарықтық бағадан төмен бағаны белгілейді, сол кезде бағаларды төменднтуге мүмкіндігі жоқ бәсекелестер нарықтан кетуге мәжбүр болады.

Бағасыз бәсеке - тауар сапасын, оның ерекше қасиеттерін, қауіпсіздігін, сервисін, әсемділігі мен дизайнын және тағы басқа сипаттамаларын жақсарту арқылы жүргізетін бәсекелестік күрес.

6. Бағаларды мемлекеттік реттеу. Шаруашылық субьектілердің баға саясаты көбінесе мемлекеттің бағаларды реттеу саясатына байланысты болады. Бұл реттеу тікелей және жанама түрде жүргізілуі мүмкін. Табиғи монополияға құбыр арқылы газ және мұнай тасымалдайтын, газ өңдейтін, көмір өндіретін, темір жол және байланыс, электр қуаты кәсіпорындары жатады.

7. Тауар сапасы . Жоғары сапа тауарларға жоғары баға қоюға мүмкіндік береді. Төмен сапалы тауарлар фирма беделін түсіріп, клиенттерді жоғалтуға, сату көлемінің азаюына әкеледі, сондықтан бұндай тауарларға төмен баға тағайындалуы мүмкін.

8. Тасымалдау көлемі. Тасымалдау көлемі неғұрлым жоғары болса, тауардаң әрбір данасына кететін шығындар соғұрлым аз боладыда, бағаны төмендетуге мүмкіндік береді.

9. Сатушы мен сатып алшы арсындағы өзара қарым-қатынас арқылы бағаның нақты мөлшері, белгіленген кезде қолданылатын жеңілдіктер үстеме баға деңгейі мен түрлері айқындалады.

10. Жеткізу шарттары. Транзиттік жеткізу кезінде тауарды жабдықтаушыдан тұтынущшыға тікелей жеткізеді. Қоймалық жабдықтау дегеніміз - тауарды делдалдар мен алыпсатарлар желісі арқылы, яғни, ірі көтерме саудагерлерге дейін жеткізгенде жүзеге асады. Әрбір делдал тауар өндірушінің бағасына өзінің шығындарын қосады, осылайша тауар бағасының елеулі түрде өсуіне әсер етеді.

Баға белгілеудің мақсаттары, стратегиялары және әдістері.

Өмірде баға белгілеудің мынадай мақсаттары қойылады:

● Нарықта қалуды қамтамасыз ету;

● Пайданы мейлінше молайту;

● Нарық үлесін жаулап алу;

● Тауар сапасы бойынша берілген нарықта жетекші орынды алу.

Көтерме саудамен айналысатын ірі саудагерлерді, фирманың өндірістік мүмкіндіктерін пайдалану, тауар имиджін жасауда баға белгілеудің мақсаттары болуы мүмкін.

Қазақстанның нарықтық қатынастарға өткен бастапқы кезеңінде көптеген фирмалардың баға белгілеудегі басты мақсаты - нарықта сақталып қалуды қамтамасыз ету болса, қазіргі жағдайда күнделікті ағымдағы пайданы мейлінше молайту мен нарық үлесін жаулап алу алға шықты.

Кәсіпорындардың экономикалық жағдайы жақсарса, баға белгілеудің де мақсаттары өзгереді. Ағымдағы пайданы молайту жаңа, беделді, стандартты емес тауарлар өткізілген кезде ғана баға белгілеудің мақсаты бола алады.

Егер нарықта бәсеке деңгейі едәуір жоғары болса, көбіне баға белгілеудің мақстаы - нарық үлесін жаулап алу деп қабылданады. Мұндай жағдайда бәсекелестік бағаларға ерекше көңіл бөлінеді. Бірақ, нарық жағдайларына үнемі бейімделіп отыру баға дифференциациясының болмауына әкеледі.

Фирма белгілі бір көрсеткіштері бойынша нарық лидері болғысы келеді, бұл оның шығындарын азайтып, пайда алуға көмектеседі. өнім сапасын жоғарылату көптеген шығындарды талап етеді, әйтседе бұл шығынның орны тұтынушы сапалы, озық тауарды жоғары бағамен сатып алуға әзір болғандықтан, тез толады.

Фирма басшылары бағаны есептеудің әдістерін таңдап, ең жоғары және төмен бағаның ықтималды деңгейін бекітеді. Бағалық стратегия шығынға, сұранысқа, бәсекеге, тауардың өмірлік циклі кезеңіне негізделіп, айқындалуы мүмкін.

Нарық түрін бағалау фирма стратегиясын жасаудағы нақты бір әдісті таңдауының маңызды шарты болып табылады. Нағыз бәсеке нарығы белгілі бір өнімді сатып алатын және сататын көптеген сатып алушылар мен сатушылардан тұрады. Мұндай анрықта ешбір сатушы, не болмаса сатып алушы күнделікті ағымдағы бағалар деңгейіне көп әсер ете алмайды. Сатушы анрықтық бағадан жоғары баға қоя алмайды, өйткені сатып алушы бұл тауарды төмендеу бағамен басқа бір сатушыдан сатып алуы мүмкін. Мұндай нарықта бәсекелестік баға белгілеу стратегиясын қоладнған дұрыс болады.

Баға стратегиясын жасаған кезде микро және макро ортаны талдап, ондағы факторлар өзгерістерінің тенденциясын анықтау керек.

Жалпы баға үш тәсіл арқылы анықталады:

1. Баға тауар өндіру және қызмет көрсетуге байланысты шығындарды жабуы қажет;

2. Кәсіпорын тек шығындарды ғана жаппай, сонымен қатар белгілі бір пайда алуы тиіс, ол өз кезегінде тауарға деген сұранысқа байланысты;

3. Нарықта бәсекелестер әрекет етеді. Сондықтан, тұтынушы төлеуге әзір баға бәсекелестер ұсынысына байланысты.

Тәжірибеде сұранысқа негізделген баға тағайындау стратегияларының мынадай түрлері қолданылады:

1. «Қаймақ қалқып алу» стратегиясы. Жаңа тауарларды жоғары бағамен сатуды көздейді. Тауар жаңа болғандықтан, оған деген сұраныс икемді емес. Баға икемділігі нарықты әр түрлі сегменттерге бөлуге көмекетеседі. Жоғары баға жарнама және тауар бейнесін қалыптастыруға шығындарға байланысты белгіленеді.

2. «Престижді бағалар» стратегиясы тауарларды жоғары бағамен сатуды көздейді, ол тауардың сапасына, ерекшелігіне, маркасына, және беделіне көңіл аударатын нарық сегменттері арналған. Бұл стратегияны бизнес әлемінде жоғары беделге ие фирмалар қолданады.

3. Психологиялық тұрғыда баға тағайындау бағаны психологиялық тұрғыдан қабылдауға негізделген. Бұл стратегия көбіне тұтынушы тауарлар нарығында қолданылады. Психологиялық баға дөңгелектелген бағадан сәл төмен бағамен белгіленеді.

4. Ассортименттік баға белгілеу стратегиясы. Бұл стратегия көбінесе сұранысы бірқалыпты емес, бірін-бірі толықтыратын және ауыстыратын тауарларға қолданылады.

5. Бағалар дифференциациясы. Ф. Котлер мұндай бағаларды дискриминациялық деп атайды. Баға өзгерісін сегменттер әр түрлі қабылдаған кезде, нарықты тік және көлденең бөлгенде қолданылады. Егер стаушы өз бизнесінің мақсатына орай, бір-бірімен байланысы жоқ, сұранысының даму деңгейі әр түрлі аймақтық және ұлттық нарықтардың бірнешеуін анықтаса, бағаларды тік дифференциялау қолданылады.

Нарықтық экономика жағдайында діңгекті мәселенің бірі - бағаның экономикалық базасын дұрыстап анықтау, себебі бағаның деңгейі соған байланысты. Баға деңгейімен және оның жекелеген тауарларға ара қатынасы көптеген халық шаруашылығы аспектісімен байланысты. Көтерме баға деңгейімен кәсіпорын тиімділігі байланысты, бөлшек баға деңгейімен жұмыскердің нақты жалақысы байланысты. Баға тарихи категория. Бағаның деңгейі ғана емес, сондай - ақ экономикалық мазмұны уақыт талабына сай өзгереді. Баға тауар құнының ақшалай өтемі болып, көбінесе тауар шығыны (құны) мөлшерінен ауытқып отырады. Нақты механизм және ауытқу түрлері бағаға сұраным мен ұсынымның әсер ету дәрежесіне байланысты, мемлекеттің бағаны реттеу мүмкіндігіне әлеуметтік факторларға, айналымдағы қағаз ақша санына, сондай - ақ инфляция деңгейіне, бәсеке сипатына, өндірушінің нарықтағы монополиялық жағдайына, падалылыққа, сиректікке, экономикалық тұрақсыздыққа т. б.

Баға дайындаудың кезеңдері:

1. Алдымен, баға қоюдың мәселелері мен мақсаты анықталып, соған байланысты бар және әлеуетті нарықтар мен сегнменттер талданады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағаны орташа шығын плюс табыс әдісімен есептеу
Экспортық баға саясаты
Қазақстандағы баға саясаты
Туристік бизнесте баға белгілеу саясаты
Маркетинг жүйесіндегі баға
Нарықтық экономика жағдайында бағаны реттеу
Баға белгілеудің теориялық негіздері
Маркетингтегі стратегиялық жоспарлау
Маркетинг жүйесіндегі баға, оның атқаратын қызметі. Бағаға әсер ететін факторлар
Бағалар және қаржылардың өзара байланысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz