Аружан қонақ үй тарихына мінездеме



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Аружан қонақ үй тарихына
мінездеме ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2. Қонақ үй бөлмелер санының
есептемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 12
3. Қонақ үй экономикалық есептемелеріне
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 16
5.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
6. Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 24

Кіріспе
Қонақ үй ғимараты адамдардың қысқа уақыт мерзімінде тұруына және
олардың тұрмыстық-мәдени қажеттіліктеріне сәйкесінше қызмет көрсетуге
арналған.Қонақ үй қызметтерінің сапасы өндірістік фирмалардың сапасынан
шұғыл ерекшелінеді. Оның ерекшелігі қонақ үй кәсіпорынның өнімі бір уақытта
өндіріліп – тұтынылатынында. Зерттеушілер сапаны қонақ үміттерін
қанағаттандырып, одан асу мүмкіндігі ретінде анықтайды. Сапаға ұмтылу –
шексіз үрдіс, бірақ бүгінгі күн қонақ үй бизнесіндегі барлық бірлестіктер
онымен айналысатын уақыт. Қызмет көрсету сапасының моделі танылған бес
сатылы модель ретінде кең қолданылады. Ол қызмет көрсетудің сапасын
қонақтың үміттерін қанағаттандыру көзқарасынан анықтайды. Модельді
жасағандардың айтуынша “қызмет көрсетудің бір қадамы – қонақтардың
үміттерін және қызмет көрсету сапасында қандай қиындықтар туу мүмкіндігін
білу болып табылады. Басқаша айтқанда, фирма өз қонағының үміттерін білу,
және де сол күтулерін үлгілі сапамен іске асыру керек”. Бұл ірі модель
маркетингпен тығыз байланысты, өйткені оның негізінде тұтынушы
қажеттіліктеріне бағдарлау жатыр.
Қонақүй және мейрамхана бизнес ортасы туризмнің жетекші факторы мен
базасы болғандықтан, оны “алтын жұмыртқалы тауық” саласы деп атайды.
Сондықтан бұл сала дамыған елдің тәжірибесін меңгерген жөн деп көреміз.
Америка Құрама Штаттарында қонақүй-мейрамханалық және туристік бизнесінде
клиентке ерекше көңіл бөліп бағдарланумен ерекшеленетіндіктен, біз үлгі
етіп американдық мектебін таңдадық. Бұл мектептің көрнекті өкілдері,
қонақжайлыққызмет көрсету саласында жұмыс істейтін қызметшілер, олар өз
индустриясының басқа кәсіпорын қонағы жағдайында болғанда өздеріне қандай
қызмет көрсетуді қалайтын болса, қонақтарға да сондай қызмет көрсетуі тиіс
деп айтады.
Қонақүйдің бірегейлігі – қызметшілері өнім бөлігін құрайтынында.
Сондықтан маркетинг мамандары қонақүй қызметшілердіңқонаққа сапалы қызмет
көрсетуге ынтасы мен мүмкіндіктері бар екенінде сенімді болу үшін барлық
жағдайлар жасауы керек.
Сервистік қызмет – бұл біздіңқажеттіліктерімізді қанағаттандырудағы
реабилитациялы-альтруистік стилі құрылып жетілдірілетін адамзат қарым-
қатынастарының саласы болып табылады. Қонақүй сервисін дұрыс ұйымдастырып,
дамыту үшін сервис мәдениетін дамыту керек. Қызмет көрсетудің жоғары
мәдениеті қызметшілерге қонақтардың мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
Қонақүй қызметтерінің маркетингі саласында жұмыс істейтін адамдар, өз
тауарының төрт спецификалық белгілерін ұмытпауы керек:
Бірінші, материалды тауарларға қарағанда қызметтерді, оларды тікелей
көрсету сәтіне дейін, дәмін татып, ұстап көріп, көруге және естуге
болмайды.
Екінші, қонақүй индустриясында қызмет көрсету қызмет көрсететін адамды
да, қызмет көрсетілетін адамды да қажет етеді, яғни қызметтер көзі мен
объектісінен ажырамайды.
Үшінші, қонақүй саласыныңқызметтері құбылмалы, оның сапасы қызмет
қандай жағдайда және кіммен көрсетіліп жатқандығына байланысты болады.
Және төртінші, қызметтер сақтауға келмейді.

Тамақтану кәсіпорнының мекеме топтары әртүрлі топтардан құралады:
мейрамаханана залы, бар, тамақ бөлігінің өндірістік бөлігі ( ас үйдің ыстық
және суық цехы, ыдыс жуатын орын), еркін кіріс тобы қонақ үйде тұрмайтын
келушілерге арналған. Бұл мекемен тобының компзициялық ошағы мейрамахана
залы болып табылады. Онда эстрада мен биге арнайы орындар қалдырылған.
Көңіл көтеру негізіндегі мекемелер тобына мейрамаханада орналасқан
бильяр пен би залы жатады.
Спорттық-сауыттыру неізіндегі мекемелер тобына қонақ үй
териториясында орналасқан ашық жүзу бассейні, теннис корты жатады.
Тұрғындық және қоғамдық бөліктегі аралықта техникалық қабаттарды
орналастыру қарастырылған.
Қонақ үйдің тұрғын бөлігінің негізгі құрылмыдық бірліктері болып
номерлер табылады, негізінен артықшылықты 1...3 орынға арналған бір
бөлмелілері иеленеді. Мұндай номердің құрамына тұрғын бөлменің алдыңғы және
санитарлық торабы қоса кіреді. Санитарлық торап сантехникалық керек-
жарақтар құрамымен бірге жобаланады. Ол қонақ үй разрядына сәйкес келуі
керек. Санузелдің аумағы керек-жарақ құрамына байланысты 8-ден 4м2
аралығында ауытқып отырады. Сондай-ақ әр тұрғын қабатта екі бөлмелі люкс
ноиерлер бар.Қоғамдық қонақ үйдiң бiр бөлiгi бiртұтас ғимаратта тұрғын
орналастырған, не құрылыс ошағының аумағының ең үлкен үнемдеуiн қамтамасыз
етедi. Ол кiретiн топтың бөлмелерiнен тұрады, қалжыңбастан тағайындауы және
тұрмыстық қажетiн өтеудiң қоректену, бөлмелерi. Негiзгi кiретiнi топта
вестибюльдiң бөлмесi болып табылады, айнала қай барлық өңге құрастырады
(гардероб, портье, сақтау камерасы, байланыс бөлiмшесi және сақтау бангi,
киосктер, санитарлық тораптар және тағы басқалар.) вестибюльi бар ыңғайлы
және ең қысқа байланыстардың қамтамасыз етуiмен, соңғы - лифт холлымен,
қоректенулер және мәдениеттi-жаппай тағайындаудың бөлмелерiмен.
Қонақ үйлердiң барлық ғимараттары әдеттегiдей әр түрлі стильде
болады, архитектурада сирек кездесетiн, олар ғимараттардың кәдiмгi
гаммаларынан әрдайым ыдыраяды. Қазақстан Республикасында Қонақ үйі
орталықтары тек қана коммерциялық тұрғыда емес, сонымен қатар мемлекеттік
қолдаумен де жаңданып жатыр. Осыған байланысты көптеген мәдениет саласында
республикалық, облыстық, қалалық, аудандық шеңберлерінде бағдарламаларды
іске асырылуы қамтамасыз етіледі.
Бірақта балалар Қонақ үйі орталықтарының қазіргі уақыттағы маңызды
сұрақтарының бірі болып жұмыс тәжірибесіне халықтық инновациялқ ұйымдасудың
жаңа демалыс түрлерін енгізуді қамтамасыз ету табылады.
Осыған байланысты Қонақ үйі жұмысының басты мақсаттары:
Адам демалыс салаларын жетілдіру, мәдени - демалыс жұмыстарының алуан
түрлерін қамтамасыз ету;
мәдени демалыс саласында арнайы танымдық ойын бағдарламаларды әзірлеу
және жүзеге асыру;
демалыс саласында маркетингты кеңейту;
Осы мақсаттарды жүзеге асыру жөнiнде іс-шаралар жоспарлары құрылуы
міндетті. Бірақта осындай жобалардың ең өзекті мәселесі балалардың бос
уақытын өткізуді тиімді ұйымдастыру мен коммерциялық түсім мөлшерін көтеру
болып табылады.

I.Қонақ үй тарихына мінездеме
Аружан қонақ үйі Қостнай қаласындағы ең жақсы қонақ үй болып саналады.
Аружан қонақ үй кшені озінің әсем орналасқан жерімен туристтерді және де
іскер адамдарды өзіне тартады. Аружан қонақ үй кешені – жаңа, осы заманға
сай қонақ үй, халықаралық классификациясынан өтіп қонақ үйге 3 жұлдызды
категориясы берілді.
Қонақ үй кшені Қостанай қаласының орталығында орналасқан, осы қонақ үйге
жақын қалалық саябақ, Cinema кинотеатры, Қазақ драма театры, Ақан сері
атындағы университеті, бес минуттық жерде Облыстық және Қалалық әкімшілік,
Қазақтелеком орналасқан.
Сонымен қатар Аружан қонақ үйі түрлі істерге байланысты кез келген
шараларды өткізуге негізделген, барлық қажетті технологияларымен
жабдықталған бизнес-орталығын ұсынады. Толығымен жабдықталған СПА орталығы
– бұл тынығу мен денсаулықтың нағыз орталығы. Мұнда сіздің демалысыныз бен
жайлылығыныз үшін толық жабдықтталған фитнес орталығы, түрік хаммасы,
сауна, жүзу бассейіні, джакузи ұсынылған.
Nomad Club бонус ұпай. Коперативтік тарифтер бойынша ұпайлар жиналмайды.
Қонақ үй жайлы жалпы мәлімет:
Қабат саны-9,
Құрылыс аумағы – 17,63 м2
Ғимрат көлемі – 24 802 м2
Жерінің жалпы аумағы – 187,4 м2
Бөлмелер саны – 115
Салынған жылы – 1983 жыл
Қызмет түрлері, номерлер классификациясы, сыйымдылығы
Қонақ үйдің жалпы қызметі клиенттерге ұзақ және қысқа мерзімге арналған
номерлерді ұсыну.
Үш жұлдызды қонақ үй – бұл әлем бойынша ең кең тараған қонақ үйдің бір
түрі. Қонақ үй номерлерінде барлық ыңғайлылық жағдайлар қарастырылған.
Бірорынды және екіорынды номерлер бір үлкен керуетпен және бөлек
керуеттермен жабдықталған. Мұнда ата-аналар мен балаларға арналған қосымша
керуеттері бар екіорынды номерлермен қамтамасыз етілген.
Аружан қонақ үйі 115 номерлік қор жұмыс істейді.
Қонақ үйдегі бір бөлмелі 2 орынды жартылай люкс номерлер қонақ үй
ғимаратының үшінші қабатында орналасқан. Олардың саны – 19. Бөлме мынадай
жиһаздармен жабдықталған: кереует, кішігірім бар, шифоньер, 2 кресло,
диван, теледидар. Кіреберіс болмесінде киім ілгіш, айна, тумба,шифоньер, ал
бұлау бөлмесінде себізгі, унитаз, қол жуғыш және айна орналасқан.
Бір бөлмелі 2 орынды номерлер қонақ үй ғимаратының төртінші қабатында
орналасқан. Олардың саны – 17. Жатын бөлмесі жабдықталған жиһаздар: 1
кереует, 2 тумба, шифоньер, үстел және 1 терезе. Кіреберіс бөлмесінде киім
ілгіш, айна, тумба. Бұлау бөлмесінде себізгі, унитаз, қол жуғыш және айна
орналасқан.
Екі бөлмелі жартылай люкс номерлер қонақ үй ғимаратының төртінші
қабатында орналасқан. Олардың саны – 2. Жатын бөлмесі жабдықталған
жиһаздар: 1 кереует, 2 тумба, шифоньер, үстел, 1 үлкен терезе. Қонақ
бөлмесі жабдықталған жиһаздар: диван, кресло, үстел, теледидар, кішігірім
бар, люстра, үлкен терезе. Кіреберіс бөлмесінде киім ілгіш, айна, тумба.
Бұлау бөлмесінде: себізгі, айна, тумба. Бұлау бөлмесінде: себізгі, унитаз,
қол жуғыш, айна орналасқан.
Бір бөлмелі екі орынды жартылай люкс номерлер қонақ үй ғимаратының
бесінші қабатында орналасқан. Олардың саны – 5. Жатын бөлмесі жабдықталған
жиһаздар: екі адамдық кереует, люстра, 2 тумба, шифоньер, кішкентай диван,
үстел, кішігірім бар, теледидар, 2 үлкен терезе. Кіреберіс бөлмесінде: киім
ілгіш, айна және тумба. Бұлау бөлмесінде: себізгі, қол жуғыш, унитаз және
аристон орналасқан.
Қарапайым бір орынды номерлер қонақ үй ғимаратының бесінші қабатында
орналасқан. Олардың саны – 9. Жатын бөлме жабдықталған жиһаздар: кереует,
тумба, кішігірім бар, люстра, шифоньер және үлкен терезе. Қонақ бөлмесі
жабдықталған жиһаздар: теледидар, 2 кресло, үстел, люстра. Кіреберіс
бөлмесінде: киім ілгіш және айна. Бұлау бөлмесінде: себізгі, қол жуғыш және
унитаз орналасқан.
Екі орынды бір бөлмелі стандартты номер қонақ үй ғимаратының алтыншы
қабатында орналасқан. Олардың саны – 15. Бөлме жабдықталған жиһаздар: 2
кереует, 1 тумба, үстел, теледидар, шифоньер, люстра, 1 үлкен терезе.
Екі бөлмелі екі орынды номерлер қонақ үй ғимаратының алтыншы қабатында
орналасқан. Олардың саны – 3. Жатын бөлме жабдықталған жиһаздар: 2 кереует,
2 тумба, шифоньер, люстра. Қонақ бөлмесі жабдықталған жиһаздар: 2 кресло,
үлкен диван, үстел, теледидар, кішігірім бар, люстра, үлкен
терезе.Кіреберіс бөлмесінде: киім ілгіш, айна, тумба. Бұлау бөлмесінде:
себізгі, унитаз, қол жуғыш, айна орналасқан.
Бір бөлмелі люкс номерлер қонақ үй ғимаратының жетінші қабатында
орналасқан. Олардың саны – 6. Бөлме жабдықталған жиһаздар: екі адамға
арналған үлкен кереует, люстра, диван, кресло, үстел, теледидар, кішігірім
бар және үкен терезе. Кіреберіс бөлмесінде: киім ілгіш, айна және тумба.
Бұлау бөлмесінде: себізгі, унитаз, қол жуғыш және айна орналасқан.
Екі бөлмелі люкс номер қонақ үй ғимаратының жетінші қабатында
орналасқан. Олардың саны – 2. Қонақ бөлмесі жабдықталған жиһаздар: диван,
кресло, үстел, теледидар, кішігірім бар, люстра, үлкен терезе. Жатын
бөлмесі жабдықталған жиһаздар: екі адамға арналған кереует, 2 тумба,
шифоньер, үстел, терезе. Кіреберіс бөлмесінде: киім ілгіш, айна, тумба.
Бұлау бөлмесінде: себізгі, унитаз, қол жуғыш, айна.
Бір бөлмелі жартылай люкс қонақ үй ғимаратының сегізінші қабатында
орналасқан. Олардың саны – 22. Бөлме жабдықталған жиһаздар: кереует, үстел,
орындық, шифоньер, теледидар, тумба, люстра, үлкен терезе. Кіреберіс
бөлмеде киім ілгіш, ал бұлау бөлмесінде себізгі, унитаз, қол жуғыш, айна
орналасқан.
Бір орынды жартылай люкс номер қонақ үй ғимаратының тоғызыншы
қабатында орналасқан. Олардың саны – 14. Бөлме жабдықталған жиһаздар: екі
адамдық кереует, люстра, 2 тумба, шифоньер, кішкентай диван, үстел,
кресло, кішігірім бар, теледидар және үлкен терезе. Бұлау бөлмесінде: киім
ілгіш, айна, орналасқан.
Әкімшілік топ бөлімі:
Әкімшілік топ бөлімі қонақ үйдің 1-ші қабатында орналасқан. Әкімшілік
бөлім қабылдау - көмекші бөлімі және тұрғын, қоғамдық тамақтану
бөлімдерімен қолайлы байланыста болуы қажет. Әкімшілік топ бөлімінің
құрамына кіретін бөлмелер: директор және оның орынбасары, бас инженер,
жұмыс басқарушы, кадрлар бөлімі, жоспарлау бөлімі, жабдықтау бөлімі,
бухалтерия, архив және т.б
Аружан қонақ үйінде электрондық – есептеуіш машиналар бөлімі
қарастырылады. Аружан қонақ үйдегі әкімшілік бөлім функционалдық
белгідегі топтарға бөлінеді:
Дирекция бөлімі (директор бөлімі, директордың орынбасары, қабылдау
бөлмесі);
Инженерлік – техникалық персонал бөлімі(бас инженер бөлмесі және
кеңселік инженер-техникалақ бөлімі);
Жоспарлық – экономикалық бөлім (бас экономист бөлмесі және кеңселік
бөлім);
Бухалтерлік және касса бөлімі (бас бухалтер бөлмесі, кеңселік
бухалтерлік бөлімі, касса бөлімі, касса алдындағы қабылдау бөлімі);
Кадрлар бөлмесі (бөлімше басшысы және инспектор бөлмесі).
Аружан қонақ үйінің әкімшілік аймағы 0,12 м2.
Қоғамдық тамақтану- кәсіпорынның қонақтарын мейрамханада, кафеде немесе
қонақ үйдің барында кутуін қамтамасыз етеді. Салтанатты қонақ асын және т.б
ұйымдастыру және күту жөніндегі сұрақтарды шешеді. Қызмет көрсету құрамы:
ас үй, мейрамхана, бар, кафе және т.б
Комерциялық қызмет түрлері – шұғыл және стратегиялық жоспарлаудың
сұрақтарымен айналысады. Олар шаруашылық және қаржылық қызмеетінің
нәтижелерін талдайды. Қызмет құрамы: комерциялық деректің маркетинг
қызметтері.
Инженерлік – техникалық қызметі – кондиционерлік жүйенің, жылу беру,
санитарлық техникалық жабдықтар, электорлық құралдар жөндеу және құрылыс
қызметіне қолайлы шарттар жасайды. Қызметтер құрамы: бас инженер, ағымдағы
жөндеу қызметі, байланыс қызметтері.
Көмекші қызметтер- қонақ үй комплексінің жұмыс процесін қамтамасыз
етеді, ол киім жуу, нөмерлерді жинау, қойма қызметі және т.б қызметтерін
ұсынады.
Қосалқы қызметтер – ақылы қызмет көрсетуді ұсынады, олардың құрамына
шаштараз, басейн, сауна, спорттық құрылыстар және т.б кіреді.
Брондау және ақы төлеу:
Пәтердің 1 күннің ақысын төлеген кезде, сол пәтер броньға қойылады.
Төленген ақы жалпы пәтерге төленетін құнның ішіне кіреді. Әр түрлі
себептерге байланысты пәтерде тұруға бас тартсаңыз немесе тұру мезгілін
басқа күнге ауыстырсаңыз үш күннен артық уақытта хабар берсеңіз, төленген
ақы толығымен қайтарылады. Алдын ала ақы төлемеген жағдайда сіз таңдаған
номер келген күніңізден бос болмауы мүмкін, алайда компания қажеттілікті
қанағаттандыру үшін базада бар пәтерлерді ұсынып, барлық мүмкіндігін
жасайды.
Ақы төлеу:
Номерден бір күндік ақысы төмндегідей төлеуге болады.
- Ақшаны өздерініздің қызметкерлеріңіз, достарыңыз немесе Астанада
тұратын туыстарыңыз бен таныстарыңыз арқылы қолма қол төлеуге болады.
- Internet карточка арқылы
- Wester Union қызметін пайдалану
Аружан қонақ үйінің холы өзінің әсем дизайынымен басқа қонақ
үйлерден ерекшеленеді. Қонақ үй холдары қазіргі заманғы ең соңғы үлгідегі
жиһаздардармен жабдықталған. Холда 2 лифт және саты орналасқан. Сонымен
қатар үлкен диван, 2 кресло, шыны үстел және қабат қызметкерінің жұмыс
үстелі орналасқан.

Қонақ үй клиенттерге келесі қызметтерді ұсынады:
1.Қонақтарды тәулік бойы қабылдау және орналастыру
2.Мейрамхана (үлкен көлемді мәзір және кең көлемді сусындар ассортименті)
3.Бар
4.Тәулік бойы қауыпсіздік қызметі
5.Тәулік бойы ақша айырбастау және банкомат
6.Тәулік бойы номерлерге қызмет көрсету
7.Экспресс – пошта
8.Тренажорлық зал
9.Сауна
10.Конференц зал
11.Авиабилеттерге тапсырыс беру
12.Жеке сейф
13.Электро жабдықтарды ұсыну: шәйнек, фен, үтік
Қонақ үйдің барлық номерлерінде келесі жабдықтар ұсынылады:
-Автономды дербес желдеткіш
-Дыбыс өткізбейтін терезелермен қабырғалар
-Номерде себелек пен бұлау
-Бір керует king-size немесе екі бөлек керует queen-size
-Теледидар
-Кішігірімбар
-Тәулік бойы номерлерге қызмет көрсету
-Ойын сауық телеарна
Бір орынды номерлерде қонақтарға шапандар мен минералды сулар беріледі
Қонақтардың қалауынша толықтай пансион ұсынылады (таңғы ас, түскі ас және
кешкі ас). Таңғы ас номердің бағасына кіреді. Таңғы астың, түскі астың және
кешкі астың уақытын қонақ өзі таңдайды. Кез келген уақытта шәй, кофе,
сусындар, суық тағамдарды тапсырысқа беруге болады.
Аружан қонақ үйінің ең басты мақтанышы таңғажайып ас үйі, ол өзіне ескі
және жаңа тағамдардың түрлерін қосады, әртүрлілігімен ерекшеленетін
таңғажайып тағамдардың ассортименттері бар.
Тұрған үшін есеп айырысу 5 күн ішінде 1 рет ғана жасалынады. Уақытымен
төленбеген жағдайда өсімнің көбеюі күніне есептесу сағатынан бастап 0,5 %
дейін өседі.
Әдетте тіркеу процедурасы тез орындалады. Қонақ тіркеу картасында өзінің
мекен-жайын, аты-жөнін, қолын қояды ал портье келген және қонақ үйден
кеткен мезгілін көрсетеді. Тіркеу картасында көптеген қосымша мәліметтер
болады. Тіркеу кезінде бір мезгілде көптеген құбылыстар жүреді: қонақтардың
талаптары анықталады немесе қайтасаналады; кішігірім сұхбат жүргізіледі;
портье клиентке қосымша қызмет көрсетулерді ұсынады; қонақтың анкетасы
тексеріледі, мекен-жайы дұрыс жазылғаның анықтайды; қонақ үйден кету
мерзімі туралы келісу; кредиттық картасы тексеріледі;
Ғимараттың құрылымы
Цокольды қабатта сарай аумағы, кір жуатын бөлме сауна орналасқан. Бірінші
қабатта Reseption, мейрамхана, Екінші қабатта конференц зал, бар, афе-
бильярд, (3 VIP зал және 1 ортақ зал), офистік бөлім (арендаға беріледі),
әкімшілік бөлім, басшының бөлмесі, бугалтерлік және касса бөлімі, және де
таңғы ас бөлмесі. Қонақ үйдің номерлік фонды 3 ден 9 қабатқа дейін.
Ұсынылған қызметтер:
- Жартылай люкс және люкс номерлерде WI-FI Интернет
- Іскерлік – орталық қызметі
- Конференц зал
- Номерлерде күнделікті тазалық жүргізу
- Сауна
- Бильярд
- Кокшетау қаласы бойынша такси шақырту (тәулік бойы)
- Медециналық қобдишасын ұсыну
Қонақ үйде пластикалық картамен төлемдерді төлеу системасы бар:MasterCard,
Visa, Maestro, EuroCard.
Мейрамханадағы қонақтарға қызмет көрсету
Аружан мейрамханасы қонақ үйдің бірінші қабатында орналасқан. Ғажайып
мәзір, қонақтардың талабына сай түрлі дәмді тағамдар және жоғары қызмет
көрсету сіздің көңіл күйлерінізді көтереді! Жоғары сападағы қызмет
көрсетушілер кез келген клиентке келіс бола алады, олардың талғамы мен
ойларын ескере отырып, жақсы әсер қалдырады, ал біздің аспазшылар қуанышпен
мексикалық және ұлттық тағамдарды ұсынады. Біз сіздерге еттен жасалған
дәмді тағамдар, балық, кең көлемді дисерттерді және суық тағамарды
ұсынмыз.Бүкіл әлемдік танымал алкогольді және алгогольсіз сусындар,сыранын
кең көлемді түрлерін тапсыра аласыз. Мейрамхана залының аумағына сәйкес
Аружан 200 орынға арналған банкет, 300 орынға арналған фуршет өткізеді.

II.Қонақ үй бөлмелер санының есептемесі
Қонақ үйдегі орналастыру қызметі мынандай жұмысты атқарады:олар
келген адамдарды қабылдап тіркейді,қонақ үй әкімшілігі келген қонақтармен
орналасқан орын (нөмер категориясы, оның орналасқан жері және т.б).
Көрсетілген қызмет түрлері,тұру уақыты жайлы келіседі;төлем ақы алынады.
Тіркеу және орналастыру аяқталған соң орналасқан адамдарға карта және
нөмердің кілтін береді. Қонақ үйдің тұрғылықты бөлімі келуші қонақтарды
қону орындарымен қамтамасыз етуімен айналасады және нөмерлердің таза болуы,
қажетті функционалды болуын қарастырады.
Аружан қонақ үй нөмерлері: бір орынды, екі орынды люкс және жоғарғы
люксболып келеді. Барлық нөмерінде барлық ыңғайлық көрсетілген 2 бөлмеден
тұрады:(жатын бөлме; қонақ жай бөлмесі:қонақтарға демалу үшін жұмсақ
жиһазданған,мини-бармен,кабельдік теледидармен, телефонмен
қамтамасыздандырылған бөлме ;+ таңғы ас,санузел бөлмесі). Люкс номерлерде
(дем алуға арналған бөлме, жатын бөлме,санузел,телефон,итальяндық
жиһаздардан, ТV кабельді, мини-бар +таңғы ас).
1 кесте
Стандарттық номерлер
Қабат Номерлер Номерлер сны Бағасы
4-қабат Бір бөлмелі 2 орынды 17 1 адам2 адам
6 000 8 000 тг
5-қабат Бір бөлмелі 1 орынды 9 8 000 тг
6-қабат Бір бөлмелі 2 орынды 15 1 адам 2 адам
(жақсартылған) 8 000 10 000 тг
Іскерлік номерлер
3-қабат Бір бөлмелі 2 19 1 адам 2 адам
орынды жартылай- 9 800 12 000 тг
люкс
4-қабат Екі бөлмелі 2 1 адам 2 адам
жартылай- люкс 10 000 12 000
5- қабат Бір бөлмелі 6 1 адам 2 адам
жартылай- люкс 10 000 12 000
6-қабат Екі бөлмелі 3 1 адам 2 адам
жартылай-люкс 10 000 12 000
тг
7-қабат Бір бөлмелі люкс 6 1адам 2 адам
20000 22 000 тг
7-қабат Екі бөлмелі люкс 2 1 адам 2 адам
30 000 32 000
8 қабат Бір бөлмелі 22 9 800
жартылай-люкс
9 қабат Бір орынды 14 9 800
жартылай-люкс

- Номерлерді брондау номер құнынан 25 %
- Таңғы ас номер құнына кіреді (шведтік үстел)
- Бағасы НДС тізімімен көрсетілген
- Есептесу сағаты (кіріс және шығыс) 12:00 сағ.
- Мейрамхананың жұмыс уақыты 12:00 ден 16:00 ге дейін, қонақ үй клиентер
үшін 30 % жеңілдік болады
- Кредиттық картамен төлемдерді қабылдау: Visa, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қонақ үй қызметтері мен олардың мінездемесі
ҚОНАҚ ҮЙДІҢ ЖАЛПЫ ОРТАСЫ
Сызу сабақтан очтет
Қонақ үй ұсынатын қызметтерді талдау
Кәсіпорын капиталының айналымы жайлы
Word 2013 құжатты құру және сақтау
Зиятында ауытқуы бар балалар
Оқушыға педагогикалық- психикалық мінездеме
Крым жайлы деректер
Қазақстандағы ішкі туризм мәселесі жөнінде
Пәндер