КрАЗ-дар


Кіріспе
1. 1. сурет. Автомобиль құрастыру цехы
Автомобиль бөлшектерін шығаруды 1959 жылдың қаңтарынан бастады, ал осы жылдың сәуірінде ЯАЗ типінің алғашқы «Днепр-222» маркалы өзідігінен аударғыш екі автомобилі шығарылып, бірінші мамыр еңбеккерлер бірлігі мейрамының шеруіне қатынасты. Бұл онтонналық үшості өзідігінен аударғыш автомобилі, екітактілі Ярослав моторлармен қамтамасыз етіліп, ЯАЗ-214 және ЯАЗ-219 базасында шығарылды. Шындығында, «Днепр» автомобильдері Кременчугте көп шығарылмады, өйткені кеңес автомобиль өндірісінің дәстүрлі салты бойынша автомобиль зауыттарының маркаларына соңғы «АЗ» әріптерін жалғастырды, сөйтіп Кременчуг зауытында шығарылатын жаңа жүк 1. 3. сурет. КрАЗ - 256
автомобильдердің маркасы - КрАЗ атауын иеленді.
1960 жылы КрАЗ-дар ең бірінші экспортқа шығарыла бастады, соның ішінде тропикалық шығарылымдары да бар еді. 1961 жылы әлемнің 26 мемлекеті үшін - Аргентинаға, Афганистанға, Болгарияға, Индияға, Вьетнамға және т. б. 500 ден астам автомобильдер жіберілді, ал 70-ші жылдың басында бұл көрсеткіш мыңнан артылып түсті. Қазіргі кезде шығарылатын өнімнің 85% шет мемлекеттерге арналған, соның ішінде біраз бөлігін ресей кәсіп орындары мен өндіріс орындары пайдаланады.
1971 жылдың 22 қаңтарында бесжылдық жоспарды мерзімінен бұрын
орындауы және жүк автомобилдері модельдерін сәтті шығаруы бойынша зауыт Ленин орденімен марапатталды.
1978 жылы ескі модельдерімен қатар конвейер КрАЗ-250 моделі де шығарылып тұрды.
1979 жылы КрАЗ-250 базасында жоғары өткіштік доңғалақ формуласы 6х6 - КрАЗ-260 автомобилі шығарылды. Атап айтқанда негізінен бұл автомобиль, қазіргі Кременчуг модельдерінің жүк, өзідігінен аударғыш, кран -көтергіш, ершікті - тартқыш және жол талғамайтын автомобилдерінің алғашқылары болды.
1979 жылы моральді және техникалық ескірген КрАЗ-255 моделінің орнына бірінші жаңадан үшості толықжетекті жоғары өткішті жүк автомобилі - КрАЗ-260 шығарыла бастады, ал 80-ші жылдың соңында Кеңес Армиясы қатарынан ол өзінің алдыңғы ескірген модельдерінің орнын толық ауыстырып үлгерді. Жаңа жүк автомобилі 9, 5 тонна жүк көтереді және жылдамдығын 80 км/сағ жеткізеді. Автомобиль жаңадан комфортты толық металлды үш орынды кабинамен қамтамасыз етіліп, жүргізуші жан-жағын еркін шолып қарауын арттыру үшін кабина сәл қозғалтқыштың үстіне жылжытылған, бұл сонымен қатар, жүк салатын платформаны да кеңейте түсті. Дегенімен, мұндай кабина КрАЗ-260 моделімен бірге шығарылған КрАЗ-250 моделіне де орнатылған.
КрАЗ-260 моделінің кабинасымен бірге рөлдік басқару жүйесі гидрокүшейткішпен қамтамасыз етілді, ал қозғалтқыштың алдын-ала жылытқышымен және өзін-өзі тартып шығару құрылғысы - лебедкамен Сібір мен қиыр Сібірдегі өте жоғары сұраныстағы автомобильдерге орнатылатын болды.
КрАЗ-260 моделінде, жақтаулы жүк автомобильдері, ершікті - тартқыш, сонымен бірге ұзын базалы автомобильдер де шығарылды. КрАЗ-260-тың көп бөлігі Кеңес Армиясы құрамына жіберілді, ұзынбазалы КрАЗ-260 «өзен бөлігін» құрады. Бұл автомобиль Кеңес Армиясының құрамындағы ППС-84 деп аталатын өзен бөлігінің қалқымалы көпір паркін қамтамасыз етті. Мұндай парк өзен кедергілерінен өтетін көпірлер құрылымын алып жүруге арналған болатын. Мұндай көпірлер құрылымын алып жүруге арналған КрАЗ-260-дың ППС-84 платформасы - 192 болды, ал батальонның комплектісінде оладың саны - 32 болды. Автомобильдер қатарынан тұрып ағынды өзен суының жиегіне артқы жағына жүріп жақындап, әрқайсысы өзінің тиеген көпір құрылымдарын суға түсіретін болды. Суға түскен көпір құрылымдарының бөлімі ашылып, 60, 90 және 120 тонналық салмақ көтеретін қалқымалы көпір немесе 90, 180 және 360 тонналық салмақ көтеретін паромдық өткелін құрады. Мұндай өткелді көпірлер ағысының жылдамдығы 4 м/сек және толқындары үш баллға жететін өзендерде қолданылды.
Кременчуг автомобиль зауытының шығаған модельдерінің ішінде көтергіш кран шассиі, бөрене таситын автопоездар, ершікті-тартқыш автопоездар, жоғары өткішті автомобильдер болды.
Қазіргі кезде доңғалақ формуласы 6х6 КрАЗ-260В ершікті - тартқыш жоғары өткішті модельдері шығалуда. Бұл модель қазіргі шығарылатын жүк автомобильдерінің базалық моделі болып табылады.
КрАЗ автокөлік транспортының елдің көлік транспорт кешенінде айтарлықтай маңызы зор, олар халық шаруашылығының кәсіпорындарында, сондай-ақ елді мекендерді, яғни олардың 1, 1 млн-нан астам жұмыс орнына ұдайы қызмет көрсетеді.
1986жылы «КРАЗ-30655» автомобилі шығарылды.
Қазіргі кезде автомобильдің жаңа модельдерін шығару алға қойылған. Жаңа каркасты-панелді кабина «КрАЗ» конструкторларының өте қолайлы жасалған өзіндік дайындаудың бірі болып табылады. Ол жүргізушінің жоғары эрогенді жұмыс орнынмен, қазіргі замнауи аспаптар қалқанымен, V- тәрізді қозғалтқышты қоса есептегенде, басқада қозғалтқыштың түрлерін орналастыруға арналған орынмен қамтамасыз етілген. Автомобильдің жүк көтеру салмағы - 20 тонн. Өздігінен көтергіш автомобильге ЯМЗ-6501. 10 (Euro 3) қозғалтқышы, MFZ 430 бір дискілі ілінісі және 9JS200ТА беріліс қорабы орнатылған. Оған жаңа өздігінен көтергіш құрылғы орнатылған, артқы доңғалағы жаңа конструкциялы теңгерулі асқыш, жаңа алдыңғы ось, интегаль типті жаңа рульдік механизм және бұрын КрАЗ автомобильдерінде қолданылмаған бірнеше жаңа конструкциялық өзгерістер енгізілген.
Автокөлікті құрғанда жеке тұрғыда сенімді пайдалануға беруде, автокөліктің жұмыс істеу қабілітін және оның потенциалдық бабын ескеруді ұсталуына шығатын шығындарын азайтуды, оның техникалық орталығы мен жөндеу орталығының болуын, техниканың тұрып қалуын азайтуды қамтамасыз ету қажет, үнемдеу мен экологиялық қамтылуын арттыруды қамтамасыз ету - техникалық пайдалануға берудің негізгі міндеттері болып табылады.
Халық шуруашылығында автомобиль транспорты зор роль атқарады. Өзінің жоғары маневрлігі, өткізгіштігі және әр түрлі жағдайларда жұмысқа ыңғайлылығының арқасында автомобиль транспорты халық шаруашылығының түрлі салаларында жолаушы, жүк т. б. тасуда қажетті құралдың бірі.
«КРАЗ-260»жүк автокөлік қозғалтқышы салқындату жүйесінің құрылысы, классификациясы, қызметі
мен жұмыс істеу принципі.
Қазіргі автомобильдердің қозғалтқыштарында пайдалы жұмыстарға қозғалтқыш цилиндрінен бөлінетін жылудың 23 - 40 % қолданылады, қалған жылулары пайдаланылған газдармен, салқындату сұйықтығымен немесе үйкеліске қолданылған ауамен, қоршаған ортаға бөлінген қозғалтқыштың сыртқы бөлшектерімен бөлініп кетеді.
Пайдалы жұмысқа қолданылған жылу және олардың белгіленген жылу бөліну түрлерінің шығыны қозғалтқыштың жылу балансысын құрайды. Өйткені қозғалтқышта жану жұмыстары 2100 - 2300о С жететін жоғары температурасында жүргізіледі, сондықтан еріксіз салқындату жүйесінсіз піспек, цилиндр, клапанның бағыттаушы төлкесі сияқты бөлшектер майдың жану температурасынан да жоғары температурада балқып кетеді. Механизмдер мен бөлшектердің қалыпты температуралық режимде жұмыс істеуі кезінде бір - бірімен қатынастағы бөлшектердің қызып кетпеуі үшін үздіксіз жылуды бөліп тұруға салқындату жүйесі қолданылады. Салқындату жүйесінің суытатын жылудың мөлшері қозғалтқыштың қуаттылығы мен жұмыс істеу режиміне байланысты болады. Қозғалтқыш қызып кеткенде үйкеліс күші артады және бөлшектер қажалады, жылу саңылаулары азаяды, майдың коксталып күйе орнауы көбейеді, карбюраторлы қозғалтқыштарда цилиндрді жанғыш қоспамен, ал дизельді - ауамен толтыру қиындайды. Алайда қозғалтқыштың температурасының төмендеуі де майдың тұтқырлығына әсер етеді, бөлшектердің жылдам қажалады және үйкеліске механикалық шығын көп болады, қозғалтқыштың қуаттылығы мен үнемділігі азаяды. Сондықтан қозғалтқыштың жылу режимі оған түсірілген салмаққа және қоршаған ортаның температурасына қарамастан 85 - 95о С аралығында болуы тиіс.
2. 1. сурет. Салқындату жүйесiнiң схемасы:
1 - су сорабы; 2 - гильзалардың қаңқасындағы судың қуысы;
3- қаңқа бастиегіндегі су қуысы; 4 - бойлық су сорабы каналы;
5 - турбокомпрессор; 6 - оң су құбыры; 7 - құбыр жалғағыш;
8 - жiберетiн түтiк; 9- термостат; 10 - үш жақты жалғағыш құбырлар;
11- қайта жiберетiн құбыр; 12 - бұқтырма; сұйық - май жылу алмастырғышты 13- жiберетiн түтiк; 14 - желдеткiш; канал; 15 - көлденең су сорабы ; В- су радиаторынан мұздатқыш сұйықтың жеткiзу каналы; кабиналарды жылытқышқа болып табыл; Б- ауаның шығарылымы;
Ж - ауа сығымдағыш суытқышына сұйықтықты беруi; Д - радиаторға; цилин-дрлерден ауаның шығару суытқышы болып қарсатырылады.
2. 2. сурет. Су сорабының құрылысы:
1 - ерiксiз іске қосатын шкив; 2-тоқтатқыш сақина; 3 - ішпектер; 4 - білiкше; 5 - сұйықтық қайтырғыш; 6 - тығыздауыш кесiк; 7 - үрлегiштiң тұрқы; 8 -тығыздағыш сақина; 9 - үрлегiштiң су сорабының түтiгi; 10 - кiшкене қанат; 11 - кiшкене қанаттың бұқтырмасы; 12 - тығыздағыш сақина;
13 - тығыздағыш сақинасының төлкесi;
14 - шетжақтық тығыздауыш болып табылатын - құрғату саңылауы.
2. 3. сурет. Сұйықтық май жылу алмастырғышы:
1- клапан қайта жiберетiн; 2- тығыздау; 3- корпус; 4- реттеу тығырығы; 5- төсем реттеу; 6- серiппе; 7- төлке; 8-тығыздағыш сақинасы; 9- фландық; 10- төсем; 11 - элементтiң қақпағы; 12 - элементтiң пластинкалы секциялары;
13 - муфта жалғағыш; 14-тығыздағыш сақиналары.
Сұйықтық май жылу алмастырғышы қозғалтқышытың майлау жүйесiнiң майының температурасының қалыпты деңгейiн тұрақтандыру үшiн арналған және қозғалтқышының цилиндрлер қаңқасының сол жағынан бекiтіледi. КрАЗ қозғалтқышының екi жылу жiберушi элементтерi бар пластинкалы түрлерінiң алмастырғыштарының жиынтығын жасайды.
Екi жылу жiберушi элементтерi бар алмастырғыш конструкция суретте көрсетiлген. Жылу жiберушi пластинкалы түрi 12 элементтерi резеңке сақиналарымен 3 тығыздалып тұрқына 2 бекiтіледi және паронит төсемдерiмен 11 тығыздалып қақпақтармен 10 жабылады. Салқындатылатын май секциялардың iшi жылу жiберушi элементтерден өтедi, салқындатқыш сұйықтық - сырттан берілген ауаның жылдамдығы арқылы суытылады. Тұрқының май қуыстарында магистральге май берілуінде жылу алмастырғыш арқылы жүретiн өткiзгiш клапан 1 орнатылған. Клапанның ашылуы 280, 25 кгс/см2 немесе 274, 25 КПа қысым айырымында басталады.
Клапанның реттеуi 4 және 5 қажеттi бөлшектердi санының қоюымен қамтамасыз етiледi. Жылу алмастырғышты айналып өту түтiкте мұздатқыш сұйықтың ағызылуы үшiн кран немесе тығын орнатылған.
2. 4. сурет. Салқындату сұйықтығын төгу краны:
1 - кран; 2 - сұйықтықтың айналу құбыры.
2. 5. сурет. Салқындату сұйықтығын төгу тығыны:
1- бұранда; 2- сұйықтықты ағызу тығыны; 3- сұйықтықтың айналу құбыры.
2. 6. сурет. Сұйықтық май жылу алмастырғышы:
1- тұрқы; 2 - жылу жiберушi элемент ; 3 - алдыңғы қақпақ; 4 - тор сүзгі; 5 - тығыздағыш сақиналары; 6 - төсем; 7 - сұйықтықты ағызып жiберу тығыны; 8 - қақпақтың артқы тұтқасы; 9 - төлке.
2. 6. сурет. Желдеткiштiң ерiксiз іске келтiруi механикалық жетегі.
1- манжет; 2 - қақпақ; 3 - ішпек; 4 - бастауыш диск; 5 - бастауыш диск; 6 - төсем; 7 - сығылмалы серiппе; 8 - сақина табаны; 9 -кері қайтару құбыры; 10 - таяныш төлкесi; 11 - тығыздағыш сақина; 12 - манжет; 13 - штуцер; 14 - тұрқы; 15 - ішпек; 16 - фланцтық табаны; 17 - тістегеріш; 18 - бiлiк бастаушы; 19 - тығырық; 20 - төсем; 21 - төлке; 22 - таяныш төлкесi; 23 - ішпек; 24 - шкив; 25 - бастауыш бiлiк; 26 - ішпек; 27 - қысқыш қапсырма; 28 - тығыздағыш сақина; 29 - тығыздағыш сақина; 30 - пiспек; 31 - пiспектiң таянышы; 32 - сығымдағыш серiппе.
2. 11. сурет. Құрғақ клапанды термостат: 1-құрғату клапаны.
Қыздырылған сұйықтық қаңқаның бастиегіне жоғарғы орнатылған құбырлар
арқылы қозғалтқыштан беріліп тұрады. Құбырларға екі клапаны бар термостаттар қойылған. Термостаттан орталық клапаннан салқындатқыш сұйықтық +70°С дейін температурада қозғалтқыштың жылыту уақыты радиатормен қозғалтқыштың саңылауы, су тысымен тығыз жабылып тұрады. Салқындатылатын сұйықтық сорабтан берілетін түтікпен термостат қорабына қайта жіберетін түтік арқылы, жалғастыратын қуыспен айналып тұрады.
Сұйықтық бұл жағдайда тез қызыдырылады. Оның температурасы 70°С жоғары болатын кезде, ортадан тепкіш клапан ашылу басталады, және сұйықтықтар радиатор бөлігі арқылы өтеді және салқындатқыш сұйықтығының 85оС температурасында толық ашылып тұрады. Сол уақытта сақиналы клапан қайта жіберу құбырна түскен сұйықтық термостат тұрқындағы саңылауларды толық ашады. Барлық сұйықтық бұл кезде радиатор арқылы айналып жүреді.
Техникалық қызмет көрсетудің түрлері, «КРАЗ - 260» жүк автокөлік салқындату жүйесіне техникалық қызмет көрсету, бақылау -диагностикалық зерттеу және реттеу жұмыстары.
ТҚ жұмыстарының арналымы
Күнделікті техникалық қызметтің міндеті болып. Қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз етуін бағытталған жалпы бақылау; автомобильдің қалыпты жалпы қалпын сақтау; автомобильге жанар май құю, жанармай және суыту сұйығын құю, ал қозғалыс құрамының кейбір түріне кузовын санитарлық өңдеуден өткізу қажет болады
ТҚ - 1 және ТҚ - 2 міндеттері
ТҚ-1 және ТҚ-2 міндеттері - автомобильдің механизмдері мен агрегаттарының техникалық қалпының ұдайы жұмыс барысында өзгеруін азайту, ақауларды анықтау мен алдын алу шаралары, тиімді жұмысын қозғалыс қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды өз уақытында бақылау, майлау, бекіту, реттеу және басқа жұмыстарды атқару жолымен қамтамасыз ету .
Мезгілдік қызметтің міндеті
Мезгілдік қызметтің міндеті - жылына 2 - рет жүргізілген, қозғалыс құрамын пайдаланудың жыл мезгілі ауысымына дайындау болып табылады. 50%сәйкес өте суық және өте құрғақ ыстық климатты аудан үшін 30% те ал аймақтардда 20% құрайды. Басқа жағдайларда МҚ жұмыстарын ТҚ - 2 жұмыстарымен қосып сәл еңбек сиымдылығын арттырады, шамамен 2
Автомобильдерге техникалық қызмет көрсетуге қойылатын талаптар.
Автомобильдерге техникалық қызмет көрсеткенде, өндіріс құралдарына технологиялық процестерді ұйымдастырғанда қойылатын санитарлық ереже мен гигиена талаптарын, сондай-ақ мемлекеттік стандарт талаптарын, дұрыс орындау керек.
Ауысым сайын техникалық қызмет көрсету (ЕТО)
Автомобильді шаң мен ластан тазартады. Сырттай қарап, отынның, майдың және электролиттің ақпауын тексереді, қажет болса, жөндейді. Қозғалтқыш картерінің түбіндегі майдың радиатордағы салқындатқыш сұйықтың деңгейін тексереді, қажет болса, белгілі дәрежеге дейін толтырады. Қозғалтқыштың, рульдік басқарудың жарық және сигнал беру жүйесінің әйнек тазалауыш пен тежегіштердің жұмысқа жарамдылығын тексереді. Автомобиль қозғалтқыштарын ауысым барысында маймен толықтырады.
Күзгі-қысқы кезеңде пайдалану кезіндегі маусымдық техникалық қызмет көрсету (СТО)
Күзгі-қысқы кезеңде пайдалану кезінде көрсетілген маусымдық техникалық қызметте салқындатқыш жүйесіне суыққа қатпайтын (төменгі температурада) құяды дара жылтқышты жұмысқа қосып, жылу ұстайтын қаппен жабады. ін қамтамасыз ету үшін қызмет жасайды.
Көктемгі-жазғы кееңде пайдалану кезінде техникалық қызмет көрсету (СТО)
Көктемгі-жазғы жағдайда ауысым алдында автомобильдің жылу ұстайтын қаптарын алып тастайды. Двигательді майлау жүйесінің радиаторын жұмысқа қосады. Салқындатқыш жүйесінен дара жылтқышты ажыратады. Реле-реттегіштің реттеуіш винтін «Л» (жаз) қалпына қояды. Ауа райы қатаң континентальді аудандарда аккумулятор батареяларындағы электролит тығыздығын жазғы нормаға жеткізеді. Қажет болса, двигательдің салқындатқыш жүйесін де тұнбадан тазартады.
Автомобильдерді ерекше жағдайда пайдаланғанда техникалық қызмет көрсету
Шөлейт және құмдық топырақты жерлерде двигательге отын мен майды жабық әдіспен құяды. әрбір үш ауысым саайын трактордың ауа тазартқышының түбіндегі майды ауыстырады, ауа тазартқыштың орталық түтіктерін тексеріп, қажет болса, әрбір ТО-1 техникалық қызмет көрсетуде ауыстырып отырады. Автомобиль үш ауысым жұмыс атқарған сайын аккумуляторды дистилденген сумен толтырады. Сыртқы диаметрі бойынша поршеньдер бес класқа бөлінеді (А, В, С, Д, Е) әр 0, 01 мм - ден кейін, ал поршеньнің саусағының диаметрі бойынша үш категорияға, әрбір 0, 004 мм - ден кейін. Сыртқы диаметрі бойынша саусақтар үш категорияға бөлінеді әр 0, 004 мм - ден кейін.
Салқындату жүйелеріне қызмет көрсетуі кезінде, қозғалтқышты пайдаланғанда жүйе жұмысына өте мұқият болу керек. Қозғалтқыштың барлық механизмдері мен жүйелері бөлшектерінің дұрыс жұмыс істеуі салқындату жүйесінің ықпалы көп әсер етеді. Салқындату жүйесі қозғалтқыштың жылу жүйесінің қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді. Салқындату жүйесінің техникалық жай-күйіне қозғалтқыштың үнемдеу жұмысы мен сенміділігі тәуелді болып келеді.
Қозғалтқыштың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін жүйеде салқындату жүйесінің температурасы КрАЗ аватомобилінің ЯМЗ қозғалтқышы үшін 80-90о болу керек. Бақылау шамы - салқындатқыш сұйықтығының апаттық қызу сигнализаторы жанған кезде қозғалтқыш қызып кетудің себебтерін жойғанға дейін тоқтатылу керек.
Салқындату жүйелері нормалы жұмыстарын қамтамасыз ету:
Салқындату жүйесінің жұмысы маңызды нормада қамтамасыз ету үшін :
1. Салқындату жүйесін таза жұмсақ сумен немесе арнайы салқандатқыш сұйықтығымен толтыру керек;
2. Тұрақты пайдалану уақытында салқындату жүйесінде салқындатқыш сұйықтар қажетті деңгей болуы тиіс;
3. Салқындатқыш сұйықтардың температурасының артыун қадағалау керек, оның шектеуі 75-95°С шамасында болуы тиіс;
4. Ыстық ауа райында жұмыс істеген шарттарда, егер қозғалтқыш қоршаған
ауаның жоғары температурасында жұмысында, термостаттарды қозғалтқыштан алу керек, сорабты жалғастыратын қайта жіберетін құбырын тығындармен бекіту керек;
5. Қысқы уақытта суық қозғалтқыштардың жұмыстарын жылулық тәртіпке байланысты мұқият қадағалау керек. Егер қозғалтқыш суық, термостаттар оның қыздыруға дейінгі уақытында салқындатқыш сұйықтары радиатор арқылы жүруіне кедергі келтірмесе, онда бұл мерзгілде радиаторда сұйықтықтардың қату қауіпі болады. Термостаттарды бірақ алып тастау мүмкін емес.
6. Цилиндрлердің, қаңқа бастиегінің тез күйуі, деформацияланудан құтылуы және сызаттардың пайда болулары ыстық қозғалтқышқа суық сұйықтық құйылған кезде мүмкін болады; Жылытылған қозғалтқыштың салқындату жүйесіне қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде сұйықтықты міндетті түрде біртіндеп құю керек;
7. Барлық шлангтердің күйін жүйелі түрде қадағалану керек және тығыздағыштан сұйықтықтардың төгілуі рұқсат етілмейді.
Қозғалтқыштың салқындату жүйесін арнайы таза сумен жүйелі жуу керек, ал жоқта оны - таза судың қысымымен тазарту керек;
8. Салқындату жүйесіндегі тұнбадан ластануын ескерту үшін, сұйықтықтарды тәртіп бойынша ауыстырып тұру керек;
Салқындату жүйенің ішінен тоттануды жуып тастауға келесі тәсілдер қолданылады:
1. Таза жылытқан сумен салқындату жүйесін жуу керек және суды құю керек;
2. Термостаттардың қораптары бекіткіштерінің болттарын бұрау керек,
төсемдермен термостаттардың қораптарын орнату орынына орнатып, болттарды мұқият тарту керек;
3. Сайлаулы ерітіндіге салқындату жүйесіне құю керек;
4. Қозғалтқышты жіберу және құралдарға қалқаншада термометр көрсету бойынша 70оС дейін жылыну ерітіндіге беру керек ; радиатордың тығындары тығыз жабылған болуға тиісті ; жуу уақытына құрастыратын газдар және көбік, оған наде ¬ тым резеңке шлангпен радиатор бу ағызып апаратын тұрба арқылы бошалап жатыр ; тоқтату жылытудан кейін қозғалтқыш және ерітіндіні құйу;
5. Салқындату жүйесін 5 минуттай аралықта 2 реттен таза жылытқан ағымды сумен мұқият жуу керек; Бір рет 15 минуттай сода қосылған таза жылытқан сумен; Бір рет 10 минуттай қоспасыз таза жылытқан сумен;
Салқындатқыш сұйықтықты жүйеге құю кезінде кеңейткіш шандағы деңгейді бақылау кранын, радиатор тығынын, радиатордың және цилиндрлер блогының ағызу крандарын ашу керек және оларда сұйықтық пайда болған соң, жабу керек. Радиатордағы салқындатқыш сұйықтығының деңгейі оның аузының төменгі шетіне жету тиіс.
Қозғалтқышты қосқан кезде және оның бос жүріс режімінде бір минуттай жұмыс істеген соң, радиатордағы сұйықтық деңгейін тексеру керек және қажет болса үстінен құю керек.
Егер салқындату жүйесінен сұйықтықты ағызу қажет болса, радиатор тығынын шешеді және радиатордың, цилиндрлер блогы мен жылытқыштың ағызу крандарын ашады.
Қозғалтқыш және радиатор. Алдымен қозғалтқышты, содан соң жуатын судың ағынын қозғалтқыштағы салқындатқыш сұйықтықтың айналмасына қарсы ағынмен жуады. Осының алдында қозғалтқыштан термостаттарды шешіп алу керек, цилиндрлер блогы мен радиатордан ағызу крандарын бұрап алып, кеңейткіш шанға баратын құбыршектерді ажыратып (КрАЗ қозғалтқыштарында), барлық тесіктерді тығындармен жауып тастайды.
Қозғалтқышты ағып жатқан су толығымен таза болғанға дейін жуады. Осыдан соң құбыршектегі суды қатты қысым астында термостаттың келтеқұбырына жібереді және ағу крандарынан таза су аққан кезде ғана сумен жууды тоқтатады. Орнату алдында ағызу крандарын тазартып, жуып және олардың жарамдылығын тексереді.
Радиаторды судың қатты қысым атсында құбыршекпен оның төменгі келтеқұбыры, су жоғарғы келтеқұбырлардан шығатындай етіп жуады. Су ағу үшін жоғарғы келтеқұбырларға құбыршектер кигізіп қою керек.
Егер су қатты болса оны салқындату жүйесіне құяр алдында жұмсарту керек, ягни оны кальций және магний тұздарынан келесі тәсілдерді қолданып тазарту керек:
суды түрлі конструкциядағы қазандарда 30-40 минут қайнатады. Тұздардың бөлігі қазан қабырғаларында шөгеді, келесі бір бөлігі ыстық су қозғалысының жолында орнатылған қожтұндырғышта жиналады;
суға ақ түсті ұнтақ - техникалық трилонды қосады, ол суда тез ериды, улы емес, қызу немесе қайнау кезінде көпірмейді, салқындату жүйесінің детальдарына кері әсерін тигізбейді;
суды жұмсартуға арналған арнайы тазарту құрылғылары, өндірісте түрлі көлемде және өткізу қабілеттілігімен шығарылатын натрийкатиондық сүзгілерді қолдану.
Егер қозғалтқыштың салқындату жүйесінің қоймасында және радиаторда қақ көп болса, қақтан тазарту үшін арнайы құраммен ерімейтін тұздарды бұзуға арналған химиялық тәсілді қолданады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz