Мұғалімдерге қойылатын қазіргі талаптар


Мұғалімдерге қойылатын қазіргі талаптар
Жоспар
Кіріспе . . . 2
1. Қазіргі таңда мұғалім қызметінің қоғамда алатын орны . . . 4
1. 1 Педагог іс-әрекетінің кәсіпқойлығы . . . 7
1. 2 Педагогтің кәсіби маңызды қасиеттері . . . 9
2. Қазіргі таңдағы педагог мамандарға қойылатын талаптар . . . 10
2. 1 Болашақ педагог мамандардың құзырлығына қойылатын талаптар . . . 13
2. 2 Педагогикалық шеберлік . . . 16
2. 3 Мұғалім тұлғасына заман талабына сай қойылтын талаптар . . . 21
3. Мұғалімге қойылатын талаптарды зерттеу . . . 23
Қорытынды . . . 25
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 26
Кіріспе
Өзектілігі:
«Мұғалімдік мамандық - бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер-ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады».
В. А. Сухомлинский
Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман - уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады.
«Мұғалімдер - қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, «ең сынампаз» бөлігі болып табылады», - деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: “Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр, ”- деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологикалық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген педагог болуы керек.
Қазақстан заңдары білім беруді қоғамның және мемлекеттің рухани, әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамуының негізі деп жариялайды. Елімізде 1999 жылы қабылданған «Білім туралы» Заңда білім беру жүйесінің басым міндеттері көрсетілген:
1 - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау;
2 - жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкін-діктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектілік байыту;
3 - азаматтық пен елжандылыққа, өз отаны Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, конститутцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
4 - әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республикасының басқа да халықтарының тарихын, дәстүрлерін, тілдерін меңгерту;
5 - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу; 15
6 - еңбек рыногында бәсекелесуге қабілетті білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау, оларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру.
Осы міндеттерді орындап, жүзеге асыруда мұғалімдердің рөлі өте зор. Бүгін мұғалімдердің еңбегінің нәтижесі қандай болса, ертең біздің қоғам сондай болады. /1/
Курс мақсаты : Педагогикалық мамандықтың негізгі құқықтары мен міндеттері жайлы мығлұматтар беру. Қазіргі заманға сай мұғалімдерді сипаттап беру. Болашақ педагог-психолог студенттер бойында оқыту мен тәрбиелеудің, өзін-өзі жетілдірудің өнерін үнемі жетілдіріп отырудың қажеттілігін қалыптастыру. Студенттербойында психологиялық сауаттылықтың, компоненттіліктің, жалпы мәдениет пен дамуына үлес қосу.
Курстың міндеттері:
- педагогикалық шеберлік мазмұнын түсіну;
- педагогикалық қызметтің мазмұнын ашу;
- педагогикалық мамандықтың перспективалық мүмкіндіктерін
көрсету;
- жанашыл педагогтар идеясын, оқыту формасын пайдалану.
Курстық жұмысының объектісі: Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің динамикасы болып табылады.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері:
Білім беру жүйесін зерттеген орыс ғалымдарының еңбектері:
М. В Лебедева, О. Н. Шилова, Д. Ш. Матрос, Д. М. Полев, Н. Н. Мельникова,
А. Л. Зимин, Е. К. Хеннер, В. А. Каймин, А. П. Шестаков т. б.
Қазақстан Республикасының білім жүйесінің реформалауға үлесін тигізген ғалымдардың еңбектері Қ. Қоянбаев, Р. Қоянбаев, Н. Д. Хмель, Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, Қ. Бержанов т. б.
Зерттеудің ғылыми педагогикалық әдістері: салыстырмалы, ғылыми-теориялық, аналитикалық, статистикалық, тәжірибелік педагогикалық әдістерді кеңінен қолдану.
1 Қазіргі таңда мұғалім қызметінің қоғамда алатын орны
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев 2005 жыл 18 ақпанда Қазақстан халқына арнаған Жолдауында “ XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғарытехнологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрларқорын жасақтауымызқажет. Осызаманғы білім беру жүйесінсіз әрі алыстыбарлап кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құраалмаймыз” деп бүкіләлемдік талапты көрсетсе, “ Бәрі де мектептен басталады. Сондықтанбіздің -2008 жылданбастап 12 жылдық жалпы білім беруге көшіп, педагогтардың кәсіптік деңгейін, оқулықтарменбілімберу бағдарламаларының сапасын арттыруымыз керек” деп қазіргі білім беруге қатысты нақты талаптар қойғаны баршаға белгілі. /2/
Мұғалім-елдің болашағын көркейтіп, рухын биікке көтеретін, жас ұрпақты тәрбиелейтін жауапкершілігі мол киелі мамандық. Ондай мамандық иесі әрқашанда өресі биік болып, сөйлеген сөзінен, ойлар ойынан маржандай тізілген ілтипатпен парасаттың өрнектері, әсемдік әлемі көрінетін, көкірегі жақсылыққа тола, мейірімді, білімі біліктілікке ұласқан ізденімпаз, елжанды, адамгершілігі жоғары адамболу керек.
Мұғалім қызметінің ерекшелігі сол, көптеген мамандықтар секілді педагогтың қолында өлшеуіш немесе басқаша айтқанда приборлар жоқ. Оның еңбасты жұмысы - оқыту мен тәрбиелеу барысында пайда болған қарым-қатынасты басқару. Мұғалім көптеген нақты жағдайдақысқа уақыттың ішінде ең дұрыс педагогикалық шешімді таба білуі тиіс, алмұның өзі әрқашан күрделі. Түптеп келгенде, қоғаммұғалімге ерекше жауапкершілік жүктейді. Мұғалімге үйретуге ең көнгіш кезіндегі адам сеніп тапсырылады. Мұғалім баланың білімін, икемділігін, әдетін, мұратын және өмірлік мақсатын қалыптастырады. /3/
Бүгінгі таңда кейбір ұстаздардың бой күйездігі, тіпті өз жұмысына немқұрайлы қарайтыны мұғалімнің қадір-қасиетіне көлеңке түсіруде. Күнделікті күн көрістің қарекеті мен мамандықты сан мәрте ауыстырудың өзі ұстаз беделінің төмендеуіне әкеп соқтырып отыр.
Кейінгі кездерде ұстаз беделіне деген көзқарастың өзгеріп кеткеніне себептер іздеу қиын емес. Бұлар мыналар:
- “ұстаз болу үшін, ұстаз болып туу керек” деген қағидаға жүгінсек, бұл мамандықты кездейсоқ адамның игеруі;
- Жоғары оқу орындарында шалағай білім алып, мектепке оралғанда
беретін сабағын өзі де толық түсіне алмай, оның үстіне оқушыға жеткізе алмауы;
- Мектеп қабырғасы ұстаздардың шыңдалу объектісі екенін түсіне
алмайтын, ізденудің жолын білмейтін, сөйтіп шәкіртті өзінен алшақтатып, жұтаң қалып оқшауланатын ұстаздардың табылуы;
- Төл басылымдарға жазылу, одан оқып үйреніп, оқу- тәрбие жұмысына пайдаланылатын ұстаздардың азаюы, яғни рухани азғындау;
- Мұғалім беделін көтеретін шешуші тұлға- ағартушы, әдіскер, адамтанушы, адамгершілігі жоғары мектеп басшыларының азаюы;
- Қоғамдық орын, қалың жұртшылықпен мектеп арасындағы байланыстың үзілуі;
- Төл оқулықтарды оқыту мақсатындағы жаңа педагогикалық технологияларды ұстаздардың меңгере алмауы. Біржақтылықтың, бір сарындылықтың белең алуы;
- Ұстаз өз іс-тәжірибесін әріптестерімен бөліспеуі, баспасөз бетіне жариялауға енжарлық танытуы;
- Ұстаздың әлеуметтік жағдайының көп мамандық иелерімен салыстырғанда төмендігі;
- Ұстаздың атқарған еңбегін бағалау әркезде тиісті бағасын беріп отырудың өз дәрежесінде болмауы және т. б.
Енді “Неліктен мұғалімдердің басым көпшілігі өз білімдері мен кәсіби шеберліктерін жетілдіруге мүлде деп айтпасақ та, тиісті дәрежеде көңіл бөлмейді?” деген сұраққа жауап іздестіріп көргенде, сұраққа жауап ретінде мыналарды келтіруге болады:
- жоғары оқу орындарын бітірушілердің кәсіби деңгейінің төмендігі;
- мектеп оқушыларының білімге деген құштарлығы күрт төмендеп, олардың жаппай оқымайтындығынан, оларға “екілік” қоймау және үлгерімдік көрсеткіштерді ұстану талаптарынан туындайтын лажсыздық;
- күнделікті тұрмыс-тіршілік тауқыметінің қысымы;
- мұғалімдердің білім мен біліктілігін, іскерлігі мен кәсіби шеберлігін
- шыңдай түсетін арнайы әдістемелік және өзге оқу құралдарының жоқтығы;
Дегенмен мұғалімдердің кәсіби шеберліктерінің шыңдалуына кедергі болып жүрген, көп сөзге тиек бола бермейтін өзге таза субъективті жақтары да бар.
Мысалы: ол мұғалімнің өз ісінің соңғы нәтижесі - түлегінің білімі мен біліктілігінің сапасына жауапкершілігінің жоқтығында. Қазірге дейін жалпы мектеп болып өздері тәрбиелеген түлектердің білімдер деңгейіне жауапкершілігін сезіну, одан тиісті қорытындылар жасау дәрежесі дұрыс жолға қойылмағанын атап өту қажет. Жалпы мектептердің басым көпшілігінде қалыптасқан жағдай мынадай: 5-9 сыныптарда, яғни орта буында, негізінен, кәсіби шеберлігі төмен, іс- тәжірибесі жеткілікті дәрежеде қалыптаса қоймаған жас мамандар дәріс беріп, жоғары сыныптарда бұл оқушылар іс- тәжірибелері молырақ, кәсіби шеберліктері де біршама шыңдалған мамандарға өтеді. Сөйтіп, бұл екі топтағы мамандардың екеуіне де түпкілікті жауапкершіліктен бас тартуға мүмкіншіліктер жасалып қойған. Егер бұлардың алғашқылары тікелей түлек шығаруға қатыспайтынын алға тартса, онда екіншілері қарамағына білім сапасы төмен оқушылардың келгенін арқау етеді. Ал жауапкершілік болмаған жерде ешбір сапа жөнінде әңгіме қозғаудың өзі мағынасыз, бос сөз болатынын ескеру қажет.
Бүгінгі күн мұғалімдердің атына ата-аналар тарапынан әр түрлі өкпе, реніштер айтылып жатады. Көбіне педагогтардың біліктілігі төмендігі, шәкірттермен арадағы қарым-қатынасы, оқыту әдістерінің көнерген немесе дәстүрлі түрлерінің қолданылуы тілге тиек болады. Осындай кемшіліктер қандай себептерге байланысты орын алып отыр деген заңды сауал туындайды.
Біріншіден, қазіргі педагогикалық құрамның басым бөлігін 40 жастан асқан мұғалімдер құрайды. Бұл жоғары оқу орындарын бітірген жастар мектептегі педагог кадрлардың қатарын толықтыруға асықпайтынын білдіреді .
Екіншіден, жоғары оқу орындарындағы оқыту дәстүрлі түрде қалып отыр. Университеттер мен институттардың білім беру бағдарламасы ондаған жылдар бойы өзгертілмей келді. Бұдан шығатын қорытынды: тәжірибелі ұстаздар мен жас мұғалімдер өз мамандығына қатысты жеке тұрғыдан да, кәсіби тұрғыдан да, шамалары бірдей көрсеткішке ие болып отыр.
Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін, ұстаз жан-жақты білімді, тәрбиелі болуы керек. Ұстазды көргенде жеритін шәкірт емес, оны көруге асығатын шәкірт тәрбиелеу керек. ”Ұстаздың төрт құбыласы тең” моделі толығынан іске асқанда ұстаз мәртебелі болады. ”Қырық жыл мұғалім болсаң да қырық бес минуттық сабағыңа тиянақты әзірлен” деген қағида соның айғағы. /4/
Мұғалім қызметі жайында оқушылармен анкеталық сауалнама жүргізілді. Оның шарты бойынша оқушылар мұғалімнің ең маңызды қасиеттерін атауы тиіс еді. Нәтижесінде балалар ең алдымен сабақтың қызықты өтуін, мұғалімнің мейірімді болуын, көңілді болуын қажет етеді екен. Екінші орында оқушыға деген сый-құрмет пен әділдік орын алды. Үшінші қатарға мұғалім тарапынан талап қоюшылық және оның өз пәнін жетік білуі шықты. Мұнан кейін балаға деген сүйіспеншілік, сабырлылық, шыдамдылық қасиеттері болуы айқындалды. Оқушылардың ойынша мұғалімнің ең жаман қасиеттері- қатаңдық, түсінбеушілік, әділетсіздік, дөрекілік, “сүйікті” және “сүйікті емес” оқушылардың болуы, шәкірттеріне деген сүйіспеншіліктің жоқтығы, ұшқалақтық, өзін-өзі ұстай алмауы, тағы басқа жағымсыз әдеттердің болуы.
1. 1 Педагог іс-әрекетінің кәсіпқойлығы
Педагогтің әлеуметтенуіне, кәсіпқойлануына еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жаңа маманның қалыптасуына қойылатын жаңа талаптар кәсіпқойлық проьлемасына деген көзқарастың өзгеруіне деген көзқарастың өзгеруіне деген қажеттілікті көрсетіп отыр. Қазіргі уақытта педагог кәсіпқойлығын өзара байланысты жүйелерденқұрылған жүйе ретінде қарастырып жүр - жеке тұлға кәсіпқойлығы және іс-әрекет кәсіпқойлығы.
Кәсіпқойлықтың функционалды аспектісі әлеуметтік қызмет пен әлеуметтік маңыздылықтың күрделілігін құрайды. А. А. Деркачтың ойынша, іс-әрекет кәсіпқойлығы - бұл еңбек субъектісінің жоғары кәсіби біліктілігі мен құзіреттілігін, әр алуан тиімді кәсіби іскерліктер мен дағдыларын, соның ішінде шығармашылық шешімдерге, кәсіби мәселелердә жоғары және тұрақты тиімділікпен шешуге негізделген іскерліктер мен дағдыларды бейнелейтін сапалық сипаттама.
Педагог кәсіпұойлығының функционалды немесе іс-әрекет сипаты оның іс-әрекетінің тиімділік дәрежесін ашады және педагогтың қосымша кәсіптік білім беру жүйесінде қайта даярлану барысында қызметтік немесе кәсіби жоғарылануына бағдар жасайды.
Педагог кәсіби іс-әрекетінің нәтижелерін жақсарту тұрғысынан кәсіпқойлықтың дамуына жағдай жасау мәселелері ерекше маңызды бола түседі. Ондай жағдайларға мыналарды жатқызуға болады: әлеуметтік-педагогикалы, психологиялық, экономикалық, ұйымдастыру, ақпараттық, материалдық-техникалық және әлеуметтік-тұрмыстық.
Әлеуметтік-психологиялық жағдайда кәсіби дамуға, мотивацияға ынталануды жатқызуға болады. Ынталану ретінде жоғары қызметтік дәрежедегі артықшылықтар болу мүмкін. Психологиялық ынталануға іс-әрекетті орындаумен байланысты талаптануды жатқызуға болады. Қызметтік-рөлдік ынталануға мыналар жатады: еңбек мазмұны, білім беру парадигмасының демократизация мен ізгілену жағына қарай өзгеруі, әріптестерінің кәсіби деңгейі, оқушылардың ақыл-ойы дамуының деңгейі, өз еңбегі нәтижесінің жақсаруы, еңбек нәтижесінің әріптестерінің, оқушылардың және ата-аналардың бағалауы.
Кәсіби іс-әректке сипаттама берген кезде кәсіби іс-әрекеттің қызметтік құрылымын ескерген жөн. А. А. Деркач, И. В. Кузьмина, В. А. Сластенин жіне т. б. гностикалық жіне рефлексифті-перцептифті іс-әректті, жобалау іс-әрекетін, ұйымдастыру және коммуникативті-ақпараттық іс-әрекетті атап көрсетеді. Кәсіби іс-әрекеттің осы және басқада түрлерін меңгеру және жекелеген іскерліктерді жетілдіру кәсіби деңгейдің жоғарылауына ықпал етеді.
Кәсіпқойлық іс-әрекеттің жоғары өтімділігімен немесе тиімділігімен сипатталады. Сапалық негізгі көрсеткіштері бойынша жоғары көрсеткішпен ерекшеленетін іс-әрекет жоғары өнімді деп есептелінеді: өнімділігі, тиімділігі, қарқындылығы, дәлдік пен сенімділік, ұйымдасқандық, тұрақтылық, әлеуметтік маңызды мақсаттар.
Сапа мен өнімділік төмен көрсеткіштермен сипатталып, оң, әлеуметтік маңызды мақсаттарға жетуді көздемесе, өнімділігі жоқ іс-әрекет болып есептелінеді.
Мазмұны жағынан іс-әрекет кәсіпқойлығы педагогикалық шеберлік ұжымына жақын, өйткені ол да кәсіби іскерліктер мен дағдылардың дамуын қарастырады. Шеберлік - кәсіпқойлық категориясының құрамдас бір бөлігі.
Педагогикалық шеберлік практикалық тәжірибе негізінде, саналы түрде түсінілген және талдау жасалынған педагогикалық іс-әрекет арқылы қалыптасады. Педагогикалық шеберлікті меңгеру әр педагогтың қол жетімді нәрсесі, бірақ өз-өзімен мақсатқа сай жұмыс істеген жағдайда ғана мүмкін болады.
Осыған байланысты, өздігінен білім алу және өзін-өзі тәрбиелеу арқылы үнемі жетіліп отыру мәселесіөзекті болып отыр. Нақты педагогикалық іс-әрекет кезеңінде өздігінен білім алу мазмұнын педагог өз іс-әрекетіне талдау жасау негізінде анықтай алады. Өз-өзіне талдау жасау негізінде өздігінен білім алу бағдарламасы құрылады, онда өзекті сұрақтар мен ұсынылатын әдебиеттер тізімі көрсетіледі. Бұл өздігінен білім алу жұмысының тақырыбын таңдауға көмектеседі.
Педагогтің кәсіби өздігінен білім алуының неғұрлым тиімді жолы - оқу мекемесінің кешенді тақырыптарының шеңберінде ғылыми немесе әдістемелік проблеманы зерттеу.
Өздігінен білім алудың тиімділігі оқу мекемесінде меңгерген өз бетінше жұмыс істеу іскерліктері мен дағдылардың деңгейіне байланысты. Білім алу бойынша өз бетінше жұмыс істеудің ұтымды тәсілдері мен әдістерін меңгерудің және алынған ақпаратты дидактикалық қайта түрлендірудің маңызы зор.
Өздігінен білім алу арқылы педагогтер біліктілігін жоғарылату жүйесінің әр түрлі кезеңдеріндегі оқу және іс-әрекет процесінде меңгеретін білімдер толықтырылады. Педагогикалық қызметкерлердің өздігінен білім алуының рөлі жоғарылады, бұл қазіргі жағдайда біліктілікті көтерудің жалғыз формасы болып отыр.
Кәсіби дамуда педагогтар идеалға қарай ұмтылады. Нақты жағдайда идеалды мұғалім болмайды. Бірақ ғалымдар кәсіпқойдың моделін жасауға тырысуда. Ол мына компоненттерді қамтиды (Е. А. Климов:
-тұтастай қарағандағы адам қасиеттері (әлем бейнесі, бағыттылық, ішкі әлемге деген қарым-қатынас, креативтіліктің байқалу ерекшеліктері, жеке-даралықтың ақыл-ой бітістері, эмоционалдық, кәсіби нәтижелер, кәсіби қоғамдағы өзінің орны туралы түсінік) ;
-кәсіпқойдың ақпараттық талғамдығы, білімі, тәжірибесі, мәдениеті (өзіндік ерекше қасиеттер, ғылым мен теориялық білім саласындағы бағдарлау, пән саласы бойынша кәсіби білім) ;
-кәсіпқой праксисі (өзіндік ерекше қасиеттер, іскерліктер, дағдылар, әрекеттер) ;
-кәсіпқой гнозисі (өзіндік ерекше қасиеттер, қайта өңдеу тәсілі мен шешімді қабылдау, гностикалық іскерліктер, дағдылар мен әрекеттер)
-психодинамика (күйзелудің қарқындылығы, олардың ауысуының жылдамдығы, осы кәсіби саладағы жүктемелер мен қиындықтар) ;
-кәсіп талаптарына сай өзінің жас-жыныстық қатынасын ұғыну. /7/
Сонымен, адамның кәсіпқойлығы дегеніміз - еңбектің барынша тиімділігі, адамның еңбекке деге тішкі қарым-қатынасы мен оның психикалық қасиеттерінің жағдайы сияқты жеке тұлғалық компоненттердің міндетті түрде болуы.
1. 2 Педагогтің кәсіби маңызды қасиеттері
Педагогтің тұлғалық құрылымының маңызды компонентінде кәсіби маңызды қасиеттер жатады. В. Д. Шадриковтың айтуынша, кәсіби маңызды қасиеттер дегеніміз - іс-әрекеттің тиімділігіне және оны меңгерудегә жетістігіне әсер ететін іс-әрекет субъектісінің жеке қасиеттері. Кәсіби маңызды қасиеттерге қабілеттілік те жатады. Педагогикалық қызметтің тиімділігі педагог жеке тұлғасында кәсіби маңызды қасиеттердің қалыптасқандығына да байланысты.
Маңызды кәсіптік-педагогикалық қасиеттердің бірі логикалық ойлау болып табылады. Логикалық ойлау талдау синтез, ұғымдарды жіктеу операцияларын орындауға, логикалық қарым-қатынастарды анықтауға бағытталған іс-әрекеттер жиынтығыретінде ойлаулың логикалық жолдарының қалыптасқандығын бейнелейді.
Кәсіптік-педагогикалық іс-әрекетте басым қасиеттер(Р. А. Мижериков, М. Н. Ермоленко) жеке тұлғаның белсенділігі, мақсаттылығы, байсалдылығы, оқушылармен жұмыс істеу ниеті, кездейсоқ жағдайларда өзін-өзі ұстауы, адалдығы, әділеттілігі, қазіргі заманға лайықтылығы, педагогикалық гуманизмі, алғырлығы, педагогикалық тактісі, толеранттылығы, әдептілігі, педагогикалық оптимимзмі болып табылады.
Педагог профессиограммасына педагогикалық әртістікті жатқызуға болады, онда педагогтің тұлғалық көрсеткішінде сөзі, тәртібі, уайымдау бейнесі көрінеді. Педагогтің әртістік іс-әрекетін үйретуде өзін тұлға ретінде қабылдау, өзін жағымды әрекетке бейімдеу, өз-өзіне сенімділік, өзінің жұмысының маңыздылығын білу, жеке және кәсіптік қызығушылық сәйкестілігінің, іс-әрекет бағытының жоғарғы деңгейлері жатады.
Педагог үшін, әсіресе, өндірістік оқыту шеберіне күтпеген жағдайларда өзін-өзі ұстай білуі өте маңызды. Кәсіби іс-әркет сипаты кездейсоқ жағдайлардың пайда болуына себепші болады.
Педагогикалық маңызды қасиеттерге мақсаттылық - өзінің жеке тұлғасындағы барлық қасиеттерді алға қойылған педагогикалық мақсатқа жетуге бағыттау және оны қолдана білу іскерлігі, сонымен бірге байсалдылық - кез келген педагогикалық жағдайларда өзінің іс-әрекетіне бақылау жасай білу қабілеті жатады.
Педагог басқаларға әсер ете білуі керек, яғни руханилық, тартымдылық және талғам қорыипаларын өзінің бойына жинай білуі тиіс. Педагогтің сыртқы бейнесі эстетикалық талаптарға сай болуы қажет. Шаш қою үлгісі, костюмдері, киімдегі әшекейлері білім алушылардың жеке тұлғасының қалыптасуына ықпал етуі тиіс. Барлық жағынан өлшем шегі байқалу қажет.
Гуманизм білім алушылардың жеке тұлғасының дамуына білікті педагогикалық көмек көрсетудегі талпыныс пен іскерлік деп түсініледі. Ол адамға қарым-қатынасты жоғары құндылық деп түсіндіреді және осы қарым-қатынасы нақты істе көрінеді.
Педагог мінезіндегі қайырымдылық - білім алушының жағдайын, коңіл-күйін сезінуге, көмекті қажет етушілерге дер кезінде көмектесуге мүмкіндік береді. Оқытушының табиғи жағдайы - өзінің тәрбиеленушілерінің қазіргі және болашағы үшін кәсіби алаңдау. Ол өсіп икеле жатқан тағдырына жеке жауапкерщілік деп түсіндіріледі.
Оқытушыда педагогикалық оптимизм болу қажет, әр білім алушылардың шығармашылық мүмкіншілігіне сенуі тиіс.
Педагогикалық процесте кездесетін қарама-қайшылықты жоюға оқытушының әзіл оспақты түсіне білу қасиеті де көмектеседі. Коңілді педагог жабырқаңқы педагогтен жақсы, өйткені оның бойында әзіл, қалжың, мақал-мәтелдер, афоризмдер, достық сезім, күлкі, достық эмоциялар болады. /7/
Қазіргі оқытушының тұлғалық сипаты мәдениетінің жоғары деңгейі мен алғырлығымен анықталады. Кімде кім қазіргі әлемнің ағымына сай болғысы келсе, көп білу қажет. Білімді педагог жоғары жеке мәдениеттің қолданушысы, ол барлық уақытта білім алушыларға үлгілі бейне бола лады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz