Экономикалық тиімділік есебі. Экономикалық тиімділіктің жалпы ұғымы


4 Экономикалық тиімділік есебі
Қоғамдағы экономикалық қатынас - күрделі ұғым. Бір жағынан, олар адамдардың табиғатқа қатынасын, адамның табиғатпен өзара әрекетпен көрсетеді. Бұл қатынас табиғи ресурстарды рационалдық пайдалану бойынша. Техника-экономикалық және әлеуметтік экономикалық қатынас экономиканың екі жағынан бірлігін бейнелейді. Бұл бірлік ұйымдастыру - экономикалық қатынаспен бекітілген, яғни барлық экономика мен оның бөлек бөліктерімен ұйымдастыру және басқару жүйесі.
Экономикалық жүйе - бұл қоғамның белгіленген тұтастықты, қоғамның экономикалық құрылымын бейнелеуші өзара байланысты экономикалық элементтер жиынтығы; өндіріс туралы жинақталатын қатынас бірлігі, бөлу, айырбастау мен тұтыну, экономикалық игілік. Бүгінгі күні экономиканың даму қарқындарының өсуі және сәйкес түрде жүктерді теміржол көлігімен тасымалдаудың ұлғаюы жүк көтергіштігі жоғары жаңа қуатты локомотивтер мен вагондардың ендірілуін талап етеді.
Күнделікті өмірімізде көлік құралдарымен кезігеміп, көлік құралдарында жүріп, жүктерді тасымалданады. Көлік құралдарының тасымалдау процесінде маңызы зор. Адамның маңызды мұқтаждықтарының бірі - орын ауыстыру қажеттілігін қанағаттандыруға бейімділген және өндіріс ортасында маңызды функцияларды орындайтын - көлік құралдары болып табылады.
Экономикалық жүйеден тыс сипаттамасы экономикалық заңдылықты жүзеге асырушы экономикалық қатынас пен институтты ұдайы жарыққа шығара алмас еді, экономикалық құбылыстар мен процестердің теориялық мәнін түсіну үйлеспеуі мүмкін.
Темір жол көлігі материалды өндіріс және айналу саласында маңызды қызметтерді орындайды. Темір жол көлігінің негізгі өнімі уақытында, тұтынушылырға тікелей сапалы жеткізу немесе оларды көлік өнеркәсіпті аудандарда, теміржол торабында, кірме жолдарында көліктің басқа түрлеріне табыстау оның дискреттік немесе үздіксіз сипатына байланыссыз. Экономикалық ғылымдар өнеркәсіп теміжол көлігін қоғамдық өндірістік қатынастары жағынан, көлікте экономикалық заңдардың білінуін қарау, оларды пайдалануын, көліктің өндірістегі өнеркәсіп көлігінің торапты темір жолдарымен және көліктің басқа түрлерімен байланысын және қатынасын, жоспарлау әдістерін, қаржыландыруын, шаруашылық есептің және материалдық ынталандыруды, тариф саясаты және баға құрылымын ұйымдастыруды, өндірістік - шаруашылық және қаржылық қызметін талдау әдістерін және т. б. зерттеледі.
Өнеркәсіптік көлік экономикасы, ғылым ретінде техникалық ғылымдарымен байланысты және олардың барлық жетістіктерін есепке алуға тиісті. Экономика ғылым техникалық ілгерлеудің бағыттарын, жаңа техниканың ең ықтимал тиімді қолдану салаларын анықтайды, оның параметрлерін негіздейді, ең жаңа техниканы, оның тиімділігін бағалайды. Жаңа техника оның экономикалық тиімділігін негіздегеннен кейін ғана қолдануға енгізіледі. Сондықтан, бағыттарды экономикалық бағалау және өнеркәсіп темір жол көлігіндегі ғылыми - техникалық ілгерлеудің үрдістері, жаңа техниканың экономикалық тиімділігін анықтау әдістері технологияға және еңбектің озық әдістері оның маңызды орны болып табылады.
Тиімділік деп техникалық, эксплуатациялық немесе осы әсерді алуға себепші экономикалық шығындардың әсерінің қатысы аталады. Тиімділіктің екі түрі ажыратылады техникалық - эксплуатациялық және экономикалық жалпылау (абсолюттік немесе салыстырмалы) .
Техникалық - эксплуатациялық тиімділік техникалық немесе эксплуатациялық әсердің техникалық параметрінің түрінің немесе сапалық көрсеткіштерінің еңбек немесе шығындар құнына қатынасымен сипатталады, сондай-ақ әсердің басқа техникалық параметрдің көрсеткіштің қосымша шығындарының көбейуіне, қосымша пайдалы техникалық әсер тудырған.
Мысалы, локомотивтің, қуаттылығының қосымша - шығындарына жатқызылған өнімділігінің түріндегі әсері, вагонның, жүк көтерімділігнің қосымша өсуіне жатқызылған әсері және т. б.
Экономикалық тиімділік рентабельділік деңгейімен, тиімділік коэффициентімен, қор қайтымы және басқа да көрсеткіштерімен көрсетіледі. Ол жалпы түрде теңгедегі әсердің шығындарға қатынас ретінде анықталады, мұның себебімен осы үнем нәтижесі мүмкін болды. Күрделі қаржы болу материалдық, техникалық және еңбек ресурстарының ақшалай түріндегі және негізгі қорлардың ұдайы өсуіне бағытталған шығындар болып табылады. Негізгі қорлардың ұдайы өсу шығындарының жалпы сомасын шамамен 4/5 құрап, олар жекелеген салалардың және барлық халық шаруашылығының қажетті қарқынын және даму үйлесімділігін қамтамасыз етуде маңызы зор.
Күрделі қаржы бөлуіне құрылыс жұмыстары, жылжымалы құрам, және жүкартатын - түсіретін механизмдер, жабдықтар, құрал - сайман және мүкәммал сатып алу және құрастыру шығындары кіреді бұдан басқа, құрылысқа байланысты, бірақ құрылыс - монтаж жұмыстарының шығындарына кірмеген өзге шығындар жатады.
Өндіріс барысында негізгі қорлар физикалық және моральдық тозуға ұшырайды. Физикалық тозу - ол өндіріс барысындағы еңбек құралдарын пайдаланудың салдары және оларға климаттық жағдайлардың әсер етуі. Моральдық тозу негізгі қорлардың техникалық, физикалық жағдайына және нақты қызмет жасаған мерземіне байланысты емес тым жетілген және техниканың жаңа экономикалық үлгілерін өндіруге байланысты, ескеруін көрсетеді. Сонымен, моральдық тозу техникалық ілгерлеудің экономикалық нәтижесі болып табылады.
Физикалық және моральдық тозудың салдарынан негізгі қорлар өзінің құнын жойып, дайын өнімінің құнына амортизациялық жарна түрінде көшіріледі. Сонымен, амортизация негізгі қорлардың құнының ескіруіне қарай еңбек өнімінің ақша қорының жиналу және еңбек құралдарының кейінгі ұдайы өсуіне құнының көшуін білдіретін экономикалық процесс.
Амортизациялық жарна жыл сайын негізгі қорлардың құнынан пойызбен белгіленген мөлшерде есептеледі. Амортизациялық мөлшердің көлемі сол объектінің негізгі қорларының құнының қызмет мерзімінің ағымында дайын өнімнің құнына көшіруге, және де күрделі жұмыстардың қажетті санын өткізуге жеткілікті болу тиіс. Сондықтан, амортизациялық жарна есебінен жаңадан негізгі қорлар сатып алынады, жұмыс істеп тұрған негізгі қорлар жөндеуден өткізіледі және жетілдіріледі. Амортизациялық жарна кәсіпорынның шығындарының негізгі құрайтын бөлімі болып табылады және түгелдей өнімнің өзіндік құнына кіреді. Ғылыми - техникалық прогрестің жоғарғы қарқынды жағдайында амортизациялық жарна еңбек құралдарының физикалық қана емес, моральдық да тозуының нағыз көлемін көрсету керек.
Жарнаның мөлшерін дәлелсіз көбейту өнімнің өзіндік құнының көтеруіне әкеледі, ал мөлшерін төмендету тозуының өтеуін тоқтады және сонымен ғылыми - техникалық прогрессті бәсеңдетеді. Сондықтан амортизацияның мөлшерін анықтағанда негізгі қорлардың қызмет мерзімін дұрыс анықтауы маңызды, мағына болды, бұл техникалық құралдардың зауыттық жасауының сапасына, немесе сенімділігіне, пайдалану интенсивтілігіне, тасымалдау барысының технологиясы мен жөндеу жұмыстарының сапасына және пайдалану қызметіне, сонымен қатар ғылыми - техникалық прогрестің қарқынына байланысты.
Негізгі қорлардың әр түрінің оңтайлы қызмет мерзімі техникалық - экономикалық есептеумен белгіленеді. Оның негізіне жыл сайынғы қалпына келтіру жарнасы және жөндеудің барлық түрлері мен негізгі қорларды ұстау шығындарының арбасындағы айрықша тәуелділік жатыр. Оңтайлы қызмет мерзімі болып, жыл сайынғы қалпына келтіру амортизациялық жарнасы мен жылдық жөндеуге арналған шығындар және объектілерді ұстау сомасының ең болғаны болып табылады.
4. 1 Экономикалық тиімділіктің жалпы ұғымы
Техника - экономикалық есептемені орындау кезінде қаржылық салымды және пайдалану шығындарын бір - біріне көбейтуге болмайды, себебі бұл екеуі әр түрлі өлшемді, тұрақты екі көрсеткіштен тұрады. Қаржылық салым теңге өлшемімен мүліктің жалпы қызмет көрсету уақытына салынады, ал пайдалану шығындары теңге өлшемімен бір жылға салынады.
Жаңа жоспарланған шараны енгізу кезіндегі қаржылық салым суммасы, өз алдына қойылған сұраққа жауап бере отырып, енгізілетін жаңа техникамен технологияға және өндірістік ұйымдастыруға, қосымша бір мезеттік салымның қайтармалы қорға салынуына кететінін көрсетеді.
Ағымдағы пайдалану шығындарын үнемдеу мына сұраққа жауап береді, осы енгізу шарасын іске асыру не береді, ағымдағы пайдалану шығындарына қандай әсерін береді, қолдану нәтижесінде қандай пайда келеді.
Қаржылық салымның және пайдалану шығындарының өлшегіштік көрсеткіштері: қосымша қаржылық салымның өзін - өзі ақтау уақыты, қосымша қаржылық салымның әсер ету коэффициенті және өзін өзі ақтауға кеткен мөлшерлі уақыттағы келтірілген шығын көрсеткіші болып табылады.
Қосымша қаржылық салымның өзін - өзі ақтау уақытының сипаттамасы, салыстырмалы вариант бойынша пайдалану шығындардың әр түрлілігіне байланысты, қаржылық салымныңда әр түрлілігі туындауы ретінде көрсетіледі. Іс жүзінде алынған өзін - өзі ақтап алу уақытын, мөлшерлі уақытпен
Өзін - өзі ақтау уақытын жылдармен көрсетеді, Т жылындағы пайдалану шығындарының жалпы үнемі, қосымша қаржы салымымен теңестіріледі.
Технико-экономикалық есептеулерде бірнеше техникалық және экономикалық мүмкіндіктердің орынды нұсқалары қарастырылады. Алынған негізгі технико-экономикалық көрсеткіштерді салыстыру нәтежиесінде қаржылық салымдарды экономика жағынан ең тиімді пайдалану жүзеге асырылады. Технико-экономикалық есептеулер негізінде таңдалынған көлік көлемінің құрылыстық немесе қайта құрастыру жұмыстарының кезегі белгіленеді.
Экономикалық тиімділік - бұл алынған қорытындыларға қажетті шығындарды өлшеп, жоспарды керекті мақсатта өткізуге арналған шара. Егер бұл шаралар қосымша еңбек және материалдық шығындарды қажет етпеген жағдайда, тиімділік алынған нәтежие көлемі арқылы алынады.
Жоспарлық шешімнің экономикалық тиімділік есебі бүтіндей халық шаруашылығының салаларының, кәсіпорындарының немесе оның бөлімдерінің мәнін анықтауға мүмкіндік береді. Тек технико-экономикалық есептер негізінде өнеркәсіптік көліктің қажетті түрін дұрыс таңдауға мүмкіндік береді және берілген құрылғылар мен құрылыстарды қайта құру жұмыстарының дұрыс мақсатта өтуі үшін нақты шартта көлікті техникалық жабдықтаудың эконоимкалық түрі қарастырылады.
Жоспарлық шешімнің экономикалық тиімділігінің негізі мен есебі жоспардың барлық кезеңдерінде жүргізіледі. Жоспарланған шаралардың тиімділігін есептеудің барлық жағдайларында әрқайсысы ауыр еңбекті жоюды, оның санитарлы-тазалық шарттарын жақсартуды және қауіпсіздікті, қоршаған ортаның қалпын сақталуын қадағалауды есте тұтқан жөн. Сонымен жоспарлаудағы шешімнің экономикалық тиімділігінің белгісі ұлттық пайдада байқалатын еңбек өнімділігін жоғарылату болып табылады.
Өндірістік шығындарды тұрақты және өзгермелі деп те бөледі.
Тұрақты шығындар - өндірістік факторларды пайдалануға байланысты тікелей шығындар. Мысалы:
- кәсіпорынның штаттық жұмысшыларының жалақылары;
- үй-жай жалдауға жұмсалатын шығындар.
Ал, өзгермелі шыгындар өнімдерді өндіру процесінде оның көлеміне байланысты өзгеріп отырады.
Бұған:
- жұмысшылардың еңбекақы төлемдері;
- материалдық өнімдер мен қызметтер құрамы;
- энергия, отын;
- басқа да жұмсалған шығындар жатады.
Тұрақты және өзгермелі шығындар кәсіпорынның іс-әрекеттерінің уақыт аралықтарына қарай қысқа және ұзақ мерзімді болып екіге бөлінеді.
Қысқа мерзімді өндіріс шығындары кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын өзгерте алмайды. Бұл тек материалдық және еңбек қорларын арттырады немесе төмендетеді, сондай-ақ өнім шығындары көлемін соншалықты шамада өзгертеді.
Еңбекті ұйымдастыру - бұл кәсіпорынның өндірістік потенциалын есепке алумен жұмыскерлерді рационалды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған шараларының жүйесі. Еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру келесі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: еңбек кооперациясы және бөлу түрін рационалдау, жұмыс орындарына күтім жасау және ұйымдастыруды жақсарту, кадрлардың біліктілігін жоғарылату және дайындау, еңбекті қолдануды және озық әдістерді үйрену және тарату, еңбекті нормалауды жетілдіру, еңбекті ынталандырудың рационалды әдістерін және түрлерін енгізу, еңбек шартын жақсарту және басқалары.
Өнеркәсіп көлігінде еңбектің ұйымдарында маңызды орын еңбек және демалыс режиміне беріледі. Қазіргі заңнама бойынша өнеркәсіптерде мерзімі аптасына 40 сағаттан аспау керек. Жұмыскерлердің кейбір категориялары үшін әкімшілік сұрыптау немесе өзінің мүддесі бойынша жұмыс уақытынан тыс өндірістік қажеттілік туындаса нормаланбаған жұмыс күні енгізіледі.
Тарифтік жүйе еңбектің қиындығы мен орындау шартын есептей нақты түрлерін есептеуге мүмкіндік береді. Ол норматив жүйелерінен тұрады:
- еңбекақының абсолютті өлшемін анықтайтын тарифтік ставкалар (1-ші разрядты) бірлік уақытында (сағат, күн, ай) ;
-өнеркәсіп бағытына байланысты және жұмыстың квалификациялық разрядына еңбек ақының дифференциалын орнататын тарифті топтар;
- тарифтік біліктілік анықтамалар, яғни мамандықтар кәсіп түрлері бойынша әрбір тарифтік разряд бойынша жұмыстың күрделілігін сипаттайтын жинағы;
- әртүрлі ауа-райы жағдайларында өмір құнын анықтауда еңбекақыға қосылып ттөленетін үстеме ақының аудандық коэффициенті;
- стимуляция және компенсация сипатында тарифтік ставкаға үстеме ақылар.
Еңбектi жоспарлау кезiнде анықталады: қызыметкерлердiң саны, қызметкердiң орташа айлығы, еңбекақы қоры және еңбек өнiмдiлiгi.
Темір жол қызметкерлерiнiң қажет құрамын қызмет көрсететiн объектiлердiң саны, жұмыс көлемi, өндiрiстiк бағдарламаның жиынтық еңбек сыйымдылығы, өндiрiстi тиiмдi ұйымдастыру жағдайлары бойынша анықтайды. Қызмет көрсету объектiлерiнiң саны және бiр объектiге қызметкерлердiң санының нормативтерi бойынша қызметкерлердiң саны жоспарланады. Өнеркәсiптiк станциялардың вагон айналымы станцияға келетiн және станциядан жөнелтiлетiн вагондардың жалпы саны ретiнде анықталады.
Қызметкерлердiң орташа айлығы тарифтiк мөлшер және жалақы, келiсiмдi қосымша табыс, сыйақы және 2 қосымша ақыдан тұрады.
Айлық тарифтiк мөлшер 173, 1 сағат жұмыстың орташа айлық сағат санының сағаттық тарифтiк мөлшерiнен шыға отырып есептелiнедi. Келiсiмдi қосымша табыс келiсiмдi еңбекақының тарифтiк мөлшерi және өндiру нормаларын орындау пайызы негiзiнде анықталады. Курстық жұмыста келiсiмдi қосымша табысты нормаларды 5-10% асыра орындау негiзiнде жоспарлайды.
Қосымша ақының жылдық қоры iстелiнбеген, бiрақ заң бойынша ақы төленетiн уақытқажалақы төлеуден тұрады: демалысқа ақы төлеу, мемлекеттiк және қоғамдық мiндеттердi орындау кезiнде ақы төлеу. Ауырған кезде ақы төлеудi әлеуметтiк сақтандыру қоры жүргiзедi және бұл қосымша ақы төлу қорына кiрмейдi.
Сыйақы мөлшерi айлық тарифтiк немесе келiсiмдi жалақының орташа пайызы түрiнде белгiленедi. Қосымша ақы төлеуге мереке күндерi, түнгi уақытта жұмыс iстегендiгi үшiн, бiлiктiлiк класына, бiрнеше қызыметтi қоса атқару және мерзiмнен тыс уақытта жұмыс iстегендiгi үшiн үстемақы төлеу жатады.
Тәуiлiктiк жұмыс кезiнде мереке күндерi жұмыс iстегендiгi үшiн және сегiз мереке күндерi мен бiр жылда жұмыс iстегендiгi үшiн айлық тарифтiк мөлшерге қосымша ақы төлеу құрайды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz