Психологиядағы тұлға мәселесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
3-тарау. Психологиядағы тұлға мәселесі

Тұлға туралы жалпы ұғым. "Тұлға" ұғымының анықтамасы мен мазмұны. Адам ұйымдасуының иерархиялық деңгейі. "Индивид", "субъект", "тұлға", "жеке даралық" ұғымдарының арақатынасы. Тұлға құрылымы: бағыттылық, қабілеттері, темперамент, мінез-құлық.
Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы. Тұлға концепцияларының жіктелуі. Э.Эриксонның тұлға дамуы концепциясы. Әлеуметтену және жеке даралық - тұлға дамуының формалары ретінде. Біріншілік және екіншілік әлеуметтену. Инкультурация. Тұлғаның өзін-өзі дамытуы және өзін-өзі өзектендіруі (самореализация). Тұлға қасиеттерінің тұрақтылығы.

§ 1. Тұлға туралы жалпы ұғым

Психологиялық ғылымда "тұлға" категориясы іргелі ұғымдардың қатарына жатады. Бірақ "тұлға" ұғымы тек психологияға тән емес, ол барлық қоғамдық ғылымдармен зерттеледі, оның ішінде фило-софиямен, әлеуметтанумен, педагогикамен, т.б. Сонда психологиялық ғылым шеңберінде тұлғаны зерттеу спецификасы неде және психологиялық тұрғыдан тұлға дегеніміз не?
Алдымен сұрақтың екінші бөлігіне жауап беруге тырысайық. Мұны жасау оңай емес, себебі тұлға деген не деген сұраққа барлық психологтар түрліше жауап береді. Олардың жауаптары мен ойларының әр қилы болуы тұлға феноменінің күрделі екендігін білдіреді. Осы орайда И.С.Кон былай деп жазады: "Бір жағынан, ол нақты индивидті әрекет субъектісі ретінде, оның барлық жеке бас қасиеттерімен, әлеуметтік рөлдерімен бірге белгілейді. Екінші жағынан, тұлға индивидтің әлеуметтік қасиеттері ретінде, осы адамның басқа адамдармен тура немесе жанама өзара әрекеттесуі нәтижесінде түзілген бойындағы әлеуметтік маңызы бар қасиет-тердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Тұлғамен қарым-қатынасқа түсетін адамдар оны еңбек, таным және қарым-қатынас субъек-тісінде көреді".
Ғылыми әдебиеттегі тұлға анықтамаларының әрқайсысы тәжі-рибелік зерттеулермен және теориялық негіздеулермен бекітілген, сондықтан "тұлға" ұғымын қарастырғанда оларды ескеру керек. Тұлға деп жиі әлеуметтік даму барысында бойына әлеуметтік және өмір үшін маңызды қасиеттерді жинаған адамды атаймыз. Демек, тұлға сипаттамалары қатарына адамның генотиптік және физиоло-гиялық ұйымдасуымен байланысты ерекшеліктер жатқызылмайды. Адамның танымдық психикалық процестерінің немесе әрекеттерінің жеке дара стилі даму ерекшеліктерін сипаттайтын қасиеттер тұлға қасиеттері қатарына жатқызылмайды, ал адамдар мен қоғамға қатысты көрініс беретін қасиеттер тұлғаның қасиеттері болып саналады. "Тұлға" ұғымының мазмұнына, көбінесе басқа адамдарға қатысты маңызды іс-әрекеттерді анықтайтын қасиеттерді де қосады.
Сонымен, тұлға дегеніміз - ол тұрақты психологиялық сипатамалар жүйесінде алынған нақты адам. Ондай сипаттамалар қоғамдық байланыс пен қатынастарда көрініс беріп, адамның өзі мен оны қоршағандар үшін маңызды орын алады, оның адамгершілік қылықтарын айқындайды және оның өзіне, ортасы үшін маңызды мәнге ие.
Ғылыми әдебиетте "тұлға" ұғымының мазмұнына кейде адам ұйымдасуының генетикалық және физиологиялық деңгейлері қосылатынын айта кету керек.
Адамды жүйелі зерттеу сұрақтарын қарастырғанда психоло-гияның өзіндік түсініктері қалыптасады. Б.Г.Ананьев бойынша адам ұйымдасуының төрт деңгейі ғылыми зерттеулер үшін қызығушылық тудырады. Олардың қатарына индивид, іс-әрекет субъектісі, тұлға, жеке даралық жатқызылған.
Биологиялық түр болғандықтан әр адамның туа біткен ерекше-ліктері бар, мысалы, дене құрылысы тік жүруге мүмкіндік береді, ми құрылымы интеллектің дамуын қамтамасыз етеді, қол құрылысы еңбек құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді, т.с.с. Осы белгілер адам баласын хайуанан ажыратады. "Индивид" ұғымы адамды белгілі биологиялық қасиеттерді иеленуші ретінде сипаттайды.
Индивид ретінде туылған адам қоғамдық өзарақатынастар мен процестер жүйесіне қосылады, нәтижесінде ерекше әлеуметтік сапа иеленеді, тұлға болып қалыптасады. Бұлай болу себебі, қоғамдық байланыстар жүйесіне қосылған адам - субъект, іс-әрекет процесінде қалыптасатын және дамитын сананы иеленуші.
Өз кезегінде, осы үш деңгейдің даму ерекшеліктері нақты адамның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Индивидуалды айырмашылық психологиясы
Жоғары психикалық функциялар
Психологиядағы iс-әрекет бағытының жалпы сипаттамасы
Іс -әрекет психологиясын қалыптастыруға қажетті негіз
Адам әрекеті сан алуан
Әлеуметтік психологияның мақсаты мен міндеттері жайлы
Тұлға туралы теориялар
Ұжым психологиясы мәселесі
Дифференциалды психология
Индивидуалдылық теориясы адам индивидуалдылығын зерттеудің жүйелі моделі
Пәндер