Клиенттік және серверлік OLAP – құралдары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Деректерге көп өлшемді талдау жасау әр түрлі құралдардың көмегімен жүзеге асырылады . Шартты түрде оларды екіге бөлуге болады: клиенттік және серверлік OLAP - құралдары. OLAP ақпараттық жүйесін құруды OLAP-құралдарының қайсысымен болсын іске асыра аламыз. Таңдау нәтижесіне бағдарламалау құны , пайдалану көрсеткіштері сияқты факторлар әсер етеді.
OLAP-Сервер - көп өлшемді аналитикалық деректерді өңдеу мен басқаруды орындайды, және деректер қоймасымен OLAP клиенттер арасындағы байланысты орнатады. OLAP-Клиент - пайдаланушыларға көп өлшемді мәліметтер моделінің интерфейсін көрсетеді және берілген күрделі іс-әрекеттердің мүмкіндіктерін қамтамасыз ете отырып, талдау тапсырмаларын орындайды.
Клиенттік OLAP - құралдар агрегаттық деректерді есептейтін (сомасын, орташа шамасын, ең жоғарғы және ең төменгі мәндерін )және оларды бейнелейтін қосымшалар болып табылады . Агрегаттық деректер OLAP - құралдарының мекенжай кеңістігіндегі кэште орналасады. Егер бастапқы деректер локальді ДҚБЖ- де орналасса, агрегаттық деректерді есептеу OLAP - құралдары арқылы жүзеге асырылады. Ал бастапқы деректер серверлік ДҚБЖ - де болса, клиенттік OLAP - құралдарын SQL сұраныстарына жіберіп, нәтижесінде серверде есептелген агрегаттық деректерді алады. OLAP - функционалдық деректерді статистикалық өңдеу құралдарында және кейбір электрондық кестелерде жүзеге асырылады. Атап айтсақ, көп өлшемді талдау жасайтын жақсы құралдардың бірі Microsoft Excel. Осы өнім арқылы біз көп өлшемді, локальді OLAP кубын құрып, сақтап және оны екі немесе үш өлшемді қима түрінде көресте аламыз. Көптеген әзірлеу құралдары класстар мен компоненттер кітапханасын қамтиды. Олар қарапайым OLAP - функционалдықты жүзеге асыратын қосымшаларды құрады ( мысалы , Borland Delphi - дегі DecisionCube және Borland C++Builder сияқты компоненттер ). Әдетте клиенттік OLAP құралдары өлшем саны аз болғанда және оның параметрлерінің мәндері көп болмағанда (6-дан көп емес) қолданылады, себебі алынған агрегаттық деректерді мекенжай кеңістігіне сыйғызу қажет. Сондықтан, тіпті ең қарапайым клиенттік OLAP - құралдары үшін, жедел жадыға талап етілетін орынды алдын ала тексеру талап етіледі.
Клиенттік OLAP - құралдарының көбісі есептеуді қайта жүргізе бермес үшін , кэштегі агрегаттық деректерді файл түрінде сақтауға мүмкіндік береді. Яғни, сақталған файл арқылы біз агрегаттық деректерді бөліп алып, басқа қосымшаларға өңдеуге жібере аламыз .

Серверлік OLAP - құралдарында агрегаттық деректерді сақтау, өзгерту, сондай-ақ қойманы қолдану - жекелеген қосымша немесе процесс арқылы жүзеге асады, олар OLAP - серверлер деп аталады. Клиенттік қосымшалар көп өлшемді қоймаларға сұраныс жіберу арқылы керекті деректерді ала алады . Кейбір клиенттік қосымшалар қоймаларды құрып немесе бастапқы деректердің өзгеруіне сәйкес оларды жаңарта алады ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Деректер қорының тілдері
OLAP ТЕХНОЛОГИЯСЫН ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУДЫ ҚОЛДАУ ЖҮЙЕЛЕРІНДЕ ҚОЛДАНУ
Деректер қорының реляциялық кестесі
OLAP жүйесі
Клиентке магазин класының деңгейінде қызмет ету
ТОО Казцинк. Оқыту және дамыту бөлімінің жұмысы. Студенттерді өндірістік практикаға қабылдау деректер базасын жобалау
Жылжымайтын мүліктер агентігі
Мәліметтер қорының құрылымы
ТІЛДЕР КУРСЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ЖАСАУ
Кәсіпорын клиенттер мәлімдемелерін есепке алу үшін веб серверлер
Пәндер