Бұлттық есептеулер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазіргі заманғы IT - технологиялар елеулі бәсекелі артықшылықтар жасауға қабілетті екендігі бүгінгі күні құпия емес. Оны қалай динамикалық және икемді, ал ресурстарды басқаруға ыңғайлы ететіндей қарастыру қажет. Бұл тұрғыда IT - технологиялардың қарқынды дамуы толастаған емес. Соның ішінде ақпараттық технологиялар жүйелерінің дамуындағы бетбұрыстардың аса елеулісі, бұл "бұлтты есептеулерге" ауысу болып табылады. Бұлтты платформалардың ыңғайлығы мен икемділігімен қатар ақпараттық технологияларды қызмет ретінде қолданудың артықшылықтары аталған бағыттың соңғы жылдары дамуына айтарлықтай әсер етті, соған қарамастан, оның даму мүмкіндіктері әлі сарқыла қойған жоқ.
"Cloud technology" немесе "Cloud computing" (Cloud - бұлт; technology - технология; computing - есептеулер) "бұлтбұлттық есептеулер" немесе "бұлтбұлттық технология, қызметтер" деп те атайды. Бұлттық есептеулерді қарапайым сөзбен былай түсіндіруге болады: тұтынушы өз компьютерінде белгілі бір бағдарламаны іске қосқанда негізгі есептеулер мен ондағы дереккөздер интернеттегі шалғай серверлерде орындалып, сол жерде сақталады да, ал жұмыс нәтижесі жаңағы тұтынушының компьютерінде стандартты уеб-браузердің терезесіне шығарылып көрсетіледі.
Сloud computing-ді жүзеге асыратын серверлерді есептегіш бұлттар деп атайды. Бұлттық технологияда жұмыс істеудің әдеттегі бағдарламалармен жұмыс істеудегі басты айырмашылығы -- тұтынушы өз компьютерінің ресурстарын емес, өзіне интернет-қызметі ретінде берілген шалғайдағы мықты серверлердің ресурстарын пайдалануында. Сол арқылы тұтынушы өз дереккөздерімен жұмыс істеуіне толық мүмкіндік алады, ал бірақ сол дереккөздер орналасқан операциялық жүйеге, бағдарламалар базасына, есептегіш серверлердің жұмысына еш кедергі келтіріп, оны өзгерте алмайды.
Есептегіш бұлттар мақсатына қарай мынадай төрт түрге бөлінеді:
* Жеке бұлттар (private cloud) -- жеке кәсіпорындарының өзіне ғана, сондағы жеке тұлғалар мен олардың тұтынушыларының жұмыс істеуіне арналған инфраструктура. Жеке бұлттар сол кәсіпорынның өздеріндегі серверлерде орналатылуы мүмкін. Немесе сыртқы тұлғаларда - ірі провайдерлердің сервер орталықтарында (Data-center) орналасып, VPN-каналы арқылы қолжетімді болуы мүмкін.
* Ортақ бұлттар (public cloud) -- көпшілікке арналған, олардың интернетте еркін жұмыс істеуіне арналған инфраструктура. Интернет желісіндегі Google, Yahoo т.с.с электрондық пошта жүйелері, Facebook, Twitter сияқты әлеуметтік желілерді Ортақ бұлттардың мысалы ретінде қарауға болады.
* Қоғамдық бұлттар (community cloud) -- ортақ мақсаттары бар қоғамдық тұтынушыларға арналған инфраструктура.
* Аралас бұлттар (hybrid cloud) -- екі немесе одан көп бұлт түрлерінің (жеке, ортақ, қоғамдық) аралас комбинациясын атауға болады. Бұлт түрінің осы моделін географиялық түрде әр жерде орналасқан филиалдары бар, немесе көптеген бағдарламалық жүйелері бар ірі компаниялар қолдануы мүмкін.
Тұтынушыларға қызмет көрсету моделі мақсаты мен құрамына байланысты мынадай негізгі үш түрге бөлінеді (IaaS, PaaS, SaaS):
1. Бағдарламалар сервис ретінде (Software as a Service, қысқаша SaaS) дегеніміз - тұтынушы "бұлттарда орналасқан" бұлт иелерінің меншігіндегі бағдарламалармен жұмыс істеу мүмкіншілігіне ие болатын бизнес-модельдің бір түрі. Тұтынушы кез-келген жерден интернетке қосылған кез-келген компьютерлік құралғымен өз дереккөздерімен жұмыс істей алады. Бағдарламаның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, және оған кететін шығындарды толығымен бұлт иелері өз мойнына алады да, ал тұтынушы (егер сервис ақылы болса) тек сол бұлтты сервисті қолданғаны үшін ғана айлық жарнақы төлеп тұрады. Осылайша, тұтынушы өзіне керекті бағдарламаның лицензиясын сатып алуға бірден көп ақша шығармайды да, ал бағдарлама құрастырушылар өз өнімдерінің заңсыз таралуынан және заңсыз пайдалануынан сақтандырылады.
2. Тұғырнама сервис ретінде (Platform-as-a-Service, қысқаша PaaS) дегеніміз -- тұтынушы өзінің негізгі бағдарламалары мен жаңадан жасалатын, немесе сатып алатын бағдарламаларын бұлттарға қою мүмкіншілігіне ие болатын бизнес-модельдің екінші бір түрі. Мұндай тұғырнамаға көбінесе бағдарлама жасауға, оны сынауға, орындауға арналған құрал-жабдықтар, дерек көздерін басқаратын жүйелер, бағдарлама жазатын орта мен құралғылар кіреді. Қазіргі кезде көптеген бағдарламалар бір ортада жазылып, екінші ортада сынақтан өтіп, үшінші ортада іске қосылып жататыны жасырын емес. PaaS моделінің арқасында жоғарыда аталған құрастыру, сынау, іске қосу операцияларын интеграциаланған бір ортада өткізуге болады. Соның арқасында жаңағы айтылған әрбір ортаға, тұғырнамаға, сервер сатып алуға кететін шығындарды үнемдеуге болады. Осы модельдің жарқын мысалы ретінде уеб-сайттарға арналған хостинг қызметтерін айтуға болады.
3. Инфрақұрылым сервис ретінде (Infrastructura-as-a-Service, қысқаша IaaS) - моделін тек ірі кәсіпорындар пайдалануы мүмкін. Оның жеке тұлғаларға қажеттілігі шамалы. Сонымен IaaS моделі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұлтты есептеулердің моделі мен қасиеттері
Бизнеске арналған бұлттық технологиялар
Бұлттық есептеудің қауіпсіздігі
Медицинадағы бұлтты есептеу
Виртуалды әлем және анимация бойынша 3D көрініс
Виртуальды машинаның орнатылуы мен бапталуы
Бұлттық есептеулердің қорғау әдістері
Сауалнама үлгісіндегі сұрақтарымызды өңдеп
Бұлтты есептеулер технологиясының түрлері
Бұлтты деректерді сақтау
Пәндер