Кедендік операцияларды жүргізу тәртібі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Еліміздің өз бетіне тәуелсіздігін алып, егеменді ел болғалы да біраз уақыт өтіпті. Сол алған күннен бастап ақ, елімізде кеден қызметін дамыту ең алғашқы шарттардың біріне саналды мұның түпкі мақсаты өз жеріміздің еліміздің дербес экономикасын қорғау болды.

Қазақстан Республикасының кеден органдары да сол уақыттан бері талай өзгерістерге ұшырады, көркейді, өзінің кәсібіи біліктілігін толықтыра түсті.

Қазақстанда жүріп жатқан әлеуметтік реформалар басқару сферасының өзгеруіне әкелді. Бұл өзгерістердің бірі кедендік қызмет ұйымының құрылуы, Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізі қалануымен байланысты кедендік саясат елдің экономикасында жаңа экономикалық құрлыс даумына және нарық қатынасының құрылыуына жағдай жасайды.

Кедендік істегі саясат сыртқы экономикалық істің құралы ғана емес сонымен қатар жаңа экономикалық байланыстарды басқа мемлекеттермен реттейді. Сондықтан кедендік іс саласында құқықтық реттеу керектігі туындады.

Қазақстанда кедендік саясатын елдің кедендік ұйымдары қадағалайды, бұл Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатына кіреді.

Қазақстанда кедендік саясаты жүргізудің мақсаты - елдің нарығын, Қазақстан өндірушілерін және тұтынушыларының көзқарастарын қорғауға, бәсекелестікті қолдау және манаполияға қарсы әркет жасау, экспорты және импорты алмастыру өндірісін қолдау көрсету елімізге шет елдердің инвестициясын тарту.

Бүгінгі таңда кеден қызметінің құрылу мәселелері актуальды болып табылады. Сол себепті біз аталмыш мәселелерді әр қырынан талдауды мақсат етіп қойдық. Аталмыш проблемалардың ғылыми әрі практикалық маңызы бар.

  1. Бөлім Қазақстан Республикасындағы кеден қызметінің қалыптасуы

1. 1Қазақстан тарихындағы кеден қызметі.

“Сауданы дамыту кеденді Орынборға әкелімі және шығарлымы

бойынша тенестіру, шетелдік күміс және алтын монетасын шығаруға рұқсат беру”.

Бұл үзінді Ресей империясының 19-ғасырдағы Бухтарма бекінісіне жататын министірліктен алынып, Ресейдің қазақ көшпенділерімен және орта Азиялық халықпен сауда байланыстары өте тығыз болғандықтан куәландырады. Қазақстанның кеден ісінің дамуы сол Бухтарма бекінісінен басталады. Ал архивтік деректерде 18-19ғ. Аралығына жататын кедендік органдарының құжаттары да табылуда. Ғасырларды тереңдей қарасақ Қазақстан кеден қызметінің үлкен жолын өткеннің және ол саудада қалай ша дамығаның түсінеміз.

Сібір шекарасындағы Азиялық сауда орталығы болып Бұхтырманы таңдау объективті себептерге байланысты. Бұхтырма қытай қаласына жақын орналасқан және де дәл орта жүз қазақстарының көшпелі жерлері арқылы керуен жолдарынан өтті.

Сауда қатынасын дамыту және Бұхтырма кеденін құру мақсатында көпестерге 10 жылдық жеіңлдіктер енгізілді. Бұл жеңілдіктер арқасында Бұхтырма бекінісі арқылы өтетін тауарлар кеден бажысын төлеуден босатылды. Бұхтырма кеденінің тауар айналасының аумағы, өсу қарқының Қытай саудасынан талқылай аламыз.

1809 ж. Бұхтырмадан Қытайға тауары 5 мың рубльге бағаланған 1-ші керуен жіберілді. Ал 1811 ж. Бұхтырма арқылы Қытайға өткізілген тауар құны 150 мың рубльге жетті. Бірақта, бұған қарамастан Бұхтарма Томск губерниясынан алыс орналасқасын Орталық Азиядағы негізгі суда орны үмітті ақтамады. Бұған қоса сауда қатынасының және тауар айналымының тез қарқынымен дамуы кеден ісінің дамуын және кедендік қызмет орындарының санын ұлғайтуды талап етті.

Көптеген көпестер жеңілдіктерді пайдалана алмады. Өйткені Семей және Өскемен бекіністері ол кезде сауданың орталығы болғандықтан осы жерлерде тоқтап, Бұхтырмаға дейін жетпеді. Көпестердің патша өкіметіне ұысыныстары арқасында Батыс Сібір шекаралық басқармасы кедендерді теңестірді. Шекара өкіметтері кеден пункті арқылы көпестер тыйым салған тауарларды өткізбеуді бақылады. Контрабанда проблемасының байыпты қатынасын Сібір инспекторы Н. И. Лаврова Семей кеден бастығына 1802 ж. 11 тамызында жазған үзінді куәландырады. Ол үзіндіде “заттардың қару жарақ, әскери сукна, Ресейлік күмістерді өткізуіне тиым салынды, бірақта бұған көп назар аударып, оның өткізілмеуін қамтамасыз ету керек” - деп айтылады.

Керуен кеден орындары арқылы ұқыпты тексеріске құштар болып, содан кейін ғана әрі қарай жол жүрді. Ал кедендік тексеруден бас тартқан көпестер соттық қудалауға ұшырады. Сібірлік инспекторлығынан біз “Қырғыз ауылдарында тұрған ташкентіктер кеден тексерісінен қашып, кеден бастығын тыңдамай, тіпті оларды қууға жіберілгендерді өлтіргендігін” білеміз.

Осындай кері істер сауда қатынасының дамуына кері әсер етті. Барлық қылмыстар зерттеліп, қылмыскерлер жауапқа тартылды. Керуендердің кеден орынын айналып өтудің себебі, сол кездегі жемқорлық.

Азиялық көпестердің білімінің жоқтығын пайдаланып, чиновниктер оларды өтірік алдап, олардың тауарларын кеден кітабына тіркемей өздеріне алды. Мұның мысалы, ол армян көпесі Бабаджанян болды. Бұл көпестін бай керуені 1805 ж. Қазанда Семей бекінісіне он жылдық Персия және Индиядағы саудадан кейін келді. Көпестің орыс тілін және түрғындар тілін білемуі ауыртпалық әкелді. Кеден шекарасын чиновниктер ескеріп оның әкелген тауарларына жоғары баж орнатты. Чиновниктер көпесті қорлап, оның өзіне қол жұмсауына себепші болды. Осындай фактілер шетел көпестерінің Ресейге сенімін жоғалтты және азиялық аумақтағы мемлекеттердің сауда байланысының дамуына кері әсер тигізді.

Кеден қызметіне кадырларды таңдау өзгертілді. Кеден жұмысына алынған барлық жұмыскерлер ант берді.

Кеден қызметіне кадрларды таңдау өзгертілді. Кеден жұмысына алынған барлық жұмыскерлер ант берді. Кеден әкімшілігінің кадрларды таңдауға байланысты қойған қатаң талаптарына Катон-қарағай кеден округінің учаскесіне жіберілген рапоты куә. Күзет қызметіне қазақтарды орыс тілін білмегендіктен ала алмады. Сондықтан тілді білетін жас қазақтар қызметке алынды.

Бірақта, бұған қарамастын көпестерге көшпенділердің шабуыл жасау қауіпі қала берді.

Қауіпсіздікті күшейту мақсатында 1800 ж. Қазақстан бекіністерінде жаза көлемін бекіткен шекара соттары бекітілді.

Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған шараның бірі ол садуа керуендерінің өздерімен бірге еріп жүру үшін қарауыл отрядын алуға құқылы болды.

Бұл шешім Қазақстан жерінде сауданы жүргізген көпестердің министірлікке ұысынысынан туындады. Бұл Иркутск генерал-губернатор И. Селифонтованың Министірлікке жазған баяндамасы айқын.

Кеден ісінің және мемлекеттің имиджін нығайту мақсатында азиялық мемлекеттер арасындағы саданы дамыту әртүрлі шаралармен өткенін ескеру қажет.

Қару жарақты құжаты бар көпестерге ғана қолдануға рұқсат еттілді. Әрман қарай Қазақстанда сауданы дамытуды күшейту үшін көпестерді қалыптарына байланысты 3 бөлді. Осылайша көпестерден жылына 1% көлемінде баж алды. Осының арқасында кеден шекарасына кіріс түсірілді. Өскемен; Семей, Бұхтырма саудасының дамуының негігі факторы болып Сібір генерал-губернаторы М. М. Сперанскидің реформасы табылды. Саяси-әкімшілік ашылым арқасында халық сауданы қалаларда жүргізуге қол жеткізді. Қазақтар көпетсер Ильдясына және қызметке орналаса бастады.

Қазақтар сауданы Ресеймен, содан Азия халықтарымен жүргізді.

ХІХ ғ. 20 жылдарында Бұхтырма қоқанд, Бұхара, ташкентпен сауданы дамытты. Ташкенттен қағаз бұйымдары, маталар әкелінді. 1828 ж. мұндай тауар 1677 сомға сатылды, оның ішінде қазынаға баж ретінде 91 сом 50 тиын түсті. Түбіт шәлі сатудың сомасы 19600 сом, оның 4900 сомы баждық төлем.

1828 жылы қазақтармен және басқа көпестермен Бұхтырма кеденінде 163393 сом 50 тиынға өткізілді.

Қазақ және орта азиялық көпестердің Бұхтырма кеденіндегі сауда кеден шекарасына кіріс әкелді, баж тек өткізілген тауарға емес, сонымен қоса жарнамаға, таңбалық парақ және т. б. бекітілді.

Кейбір көпестер баж төлеумеу үшін тауарларды жасырды. Ол Сібір кеден округі басқармасының 1828 ж. 24 мамырда барлық кеден мекемелеріне кедендік шекарадан тыс айырбасты тоқтатуды қатаң үкімін жіберуіне себепші болды. Ал Бұхтырма кеденін қызметші М. Шелехов 1828 ж. мамырда “таңбаланған тауарларды тапқаны үшін” марапатталды.

Архив құжаттарында 1833 жылдағы әкелінген және шығарылған тауарлар көлемінің мәліметтері бар.

Кедендер: Кедендер
Әкелінген: Әкелінген
Шетке шығару: Шетке шығару
Кедендер: Семей
Әкелінген: 103051
Шетке шығару: 947167
Кедендер: Бұхтырма
Әкелінген: 13274
Шетке шығару: 17665
Кедендер:

Өскемен

шекара бекіті

Әкелінген: 3430
Шетке шығару: 65070

ХІХ ғ. 30 жылдарының 2-ші жартысынан Бұхтырма кеденінің рөлі күрт төмендеді. Николай І-ші ұсынысымен 1839 ж. ол жойылып, Өскемен кеден шекарасына бағынатын орын қалдырды.

ХІХ ғ. 40-шы ж. ж. қазақ-ресей байланыстарының нығаюы арқасында сауда керуендеріне көшпенділердің шабулдары мүлдем тоқтатылды. Бұл мауданың дамуына жақсы әсер етті.

Сауданың жаңдануы сауда бажысының ұлғаюына әкеп соқты.

Осылайша 1848-1851 жылдар аралығында Сібір кеден шекарасында мынандай баждар жиналды (сом) .

:
1848 ж.: 1848 ж.
1849 ж.: 1849 ж.
1850 ж.: 1850 ж.
: Семей кедені
1848 ж.: 58237, 47
1849 ж.: 110587, 98
1850 ж.: 197179, 46
:

Өскемен шекара

бекеті

1848 ж.: 2171, 9
1849 ж.: 1840, 81
1850 ж.: 3369, 25

1850 жылға қарай Өскемен Батыс Сібірде және барлық империяда баж жиналымдарының сомасынан алдыңғы қатарда болды.

Сауда қатынастарының дамуы және ірі кеден бекіністерінің өсуі барлық Қазақстаның дамуына өз үлесін қосты.

Сонымен қатар Қазақстаның кеден шекарасы арқылы Ресей Қытаймен және басқа да елдермен байланысты орнатты.

Батыс Қытай қалаларында керуен жолдарын іздеу арқасында Аягөз, Көкпек, Зайсанда кеден шекаралары дамыды.

Қытаймен саудадағы ең үлкен сауда көлемі Өскемен кеден орынан өтті.

1881 жылы Ресей мен Қытай шартқа қол қойғасын Қазақстан қалалары Қытаймен сауда байланысын арттырды. 1882 жылдың өзінде-ақ Өскеменде 33 саудалық билет Қытайға сомасы 305 464 сомға бағаланған тауар шығарылды.

Осылайша, 90-жылдың басындағы Ресей-Қытай қатынасының дамуы Қазақстанның дамуына да әсерін тигізді.

Тауар айналымының өсуі кеден қызметінің құрамының өзгеруін талап етті.

1890ж. 14 маусымда Мемлекеттік кеңес үкімімен Цинзянь шекарасында Өскемен кеден округі қаланды.

Кеден округі ашу туралы ережеде кеден мекемелерінің чиновниктері құқықтық күйде анықталды. Осылайша Өскемен чиновниктері қызметінің құқықтары былайша теңестірілді:

-Кеден басшылары және кеден учаскілері,

-кеден басшыларына және кеден учаскелерінің 1-ші тобына (класс), күзет-бақылаушының ауыспалы пункітіне, концелярия чиновниктері-Еуропалық Ресей чиновникеріне.

Мемлекеттік кеңес Шығыс сметасын бекітті. Батыс Қытай шекарасында жылына 6-7 мыңға жуық сомманы әр постқа беру. Бұдан басқа 2400 сомнан жылуға, жарықты қамтамасыз етуге берілді. Қаржы министірлігінде кедендік жиналымдар департаменті бекітілген сауда ережелерін бұзбауды бақылады.

Кеден қызметкерлеріне көпестермен сыпайы сөйлесіп, олардың тауарларын құнтап ұстау міндеті артылды.

Қазақстан арқылы орыс-моңғол саудасы да іске асырылды. Бірақта бұл қатынас баяу қарқынымен дамыды.

Қортындылай келе Қазақстан арқылы дамыған сауда арқасында Қазақстанның қалалары өсті, мәдениеті, басқа елдермен достық қарым қатынасы күшейді.

  1. Кеден ісі және оның кеден құқығындағы орны

Кеден ісі - кеден құқығының негізгі институты. Кеден құқығының

негізгі институттары және кеден ісінің құрлымы.

Құқық саласының институты біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жинтығымен сипатталады.

Осыған байланысты кеден құқығында негзгі институттар мынандай түрге бөлінеді: мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі ретінде кеден саясаты және кеден аясындағы кедендік саясат пен міндеттерге жету мақсатының құралы ретінде кеден ісі.

Кеден ісін кеден құқығының жүзеге асуының нысаны ретінде қарастырудың құқықтық және ғылыми негізі бар.

“Құқықтың құрылуы, - деп жазады С. С. Алексеев, - өзінің шығу негізі бойынша объективті келісілген, қажетті сипатқа ие”.

Құқық құрудың бастапқы сатысы - объективті экономикалық, әлеуметтік-саяси, адамгершілік немесе басқа қоғамдық қатынастарды заң негізінде реттеу қажеттілігі туғанда пайдав болады. Осы қажеттіліктер келесі кезекте саяси қатынастар жүйесінде - саяси, адамгершілік және құқықтық санада, үстемдік ететін қоғамдық пікірден өте отырып, өзгерістерге ұшырайды, мүдделер тоғысады немесе тар шеңберде қалып, бұрмаланған, өзгерген сипатқа ие болады.

Кеден ісінің алғашқы даму сатысында кеден құқығы осы кездегі мазмұны кеден заңдарымен анықталған және кедендік жүйе шекарасы анықталмаған кедендік реттеумен айқындалды.

Кедендік реттеуге кеден шекарасы арқылы тауарлар мен басқа мүліктерді өткізу, кеден төлемдерді, кедендік процедуралар жатады. Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік Қаз. ССР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне және Қылмыстық Кодексіне сәйкес анықталды.

1993 жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстанда кеден шекарасы арқылы сыртқы экономикалық қызмет шегінде өткізілетін тауарлар мен басқа да мүліктерді міндетті мәлімдеу енгізілді.

Үкімет кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен басқа да мүліктерді өткізу мен мәлімдеу тәртібі туралы ереже, саудаға жатпайтын айналыс туралы уақытша ереже, бас декларант және декларант туралы ережені бекітті. Мәлімдеу туралы 1991 жылғы 26 наурызда КСРО Кеден Кодексінде көрсетілген.

1992 жылғы 25 қаңтардағы Президенттің “Экономиканы тұрақтандыру эәне нарықтық қайта құруды жүргізу кезеңінде Қазақстан Республикасында сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру туралы” Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасы аумағында бұрынғы Кеңес Одағында қабылданған. Экспорт пен импорт туарларына (жұмыс, қызметіне) салық, кедендік тариф және бартерлік мәлімдеме сияқты нормативтік актілердің күші жойылды, ал Кеден Комитетіне ҚР кеден шекарасы арқылы өткіізілетіндіктен, мәлімдеуге жататын басқа да мүліктер мен экспорттық-импорттық жүкті мәлімдеуді қамтамасыз ететін шараларды дайындау таспырылды.

Мәлімдеу кедендік процедура ретінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларымен өз бетінше немесе кедендік рәсімдеуге рұқсат алған ұйымдар арқылы келісім негізінде жүзеге асады.

Бас кедендік басқарма мен Қаржы министрлігі бас декларант ретінде танылған ұйым болғандықтан, кеден шекарасы арқылы өткізілетін барлық заттар мен тауарларды мәлімдеуді жүзеге асыра алады. Бас декларант пен иелік етуші субъектінің арасындағы өзара қатынас тәртібін ереже анықтайды. Өз еркімен мәлімдеуді декларанттық куәлігі бар декларанттық ұйым жүзеге асырады. Ал ондай ұйымның пайда болуын осындай ұйымды мамандыруға арналған қызмет көрсетудің кеден аясында процедуралық қызметтің кең тауарымен түсіндіруге болады.

Бас декларант кеденге жүктің кеден мәлімдеуіне кеден шекарасынан өткізілетін әрбір тауар мен басқа заттың әрбір партиясын таныстыруға, оларды кедендік рәсімдеуге беруге, тауар мен басқа заттарды өткізудің мақсаты туралы кедендік бақылау мен кедендік рәсімдеуге қажет нақты мәліметті беруге міндетті.

Декларант болып кез келген ұйым және Қазақстан Республикасының аумағында тіркеуден өткен заңды тұлға бола алады. Декларант кеденге жүктің кедендік декларациясын кедендік рәсімдеуге беріп, кеденнің талабы бойынша уәкілетті тұлғаны ауыстырып, кедендік процедураны жүргізгені үшін қажет жағдайда кеден алымдарын төлеп отырады.

1991 жылғы 27 желтоқсандағы Министрлер Кабинетінің “Қазақстан Республикасынан азық-түлік жеткізуді лицензиялау және квоталау тәртібі туралы” № 804 қаулысы бойынша 1992 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының шегінен тыс азық-түлік, тауарлар, шикізат және жұмыс өткізу Мемлекеттік басқару органдарының осыған берген лицензиясы мен квотасы негізінде жүзеге асырылды. Кеден комитеті лицензиясыз рәсімден әкетуге болмайтын шикізатқа, туарлар мен азық-түліктерге бақылау жасау нысынын анықтауға тиіс болды.

Кедендік және басқа мемлкеттік бақылау нысаны ретінде тексеру жүргізу туралы 1992 жылғы 3 қаңдардағы Министрлер Кабинетінің “Қазақстан Республикасының шекарасынан тыс өнім беретін және өнім бермейтін тауарларды, малды әкетуді тәртіпке келтіру туралы” № 5 қаулысы бойынша 1992 жылғы 10 қаңтарға дейін көлік жолдарында, теміржол беттерінде, аэропартта, теңіз және өзен порттарына өткізетін бақылау бөлімі жүйесін құру таспсырылды. Шынында, осы актіні қабылдау негізінде Қазақстаннан бақылаусыз азық-түлікті әкетуді тоқтату арқылы тұтынушылар нарығын тұрақтандырады.

ТМД елдерімен шекарадағы кеденді бақылау Қазақстан шекарасы арқылы өтетін жолаушылар мен жүктер, көлік құралдарының барлық түрлеріне кедендік бақылауды толық негізде қамтамасыз ету үшін тұрақты кеден мекемесі дислокациясы орнын ұйымдастыруды қажет етті. Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 10 қаңтарындағы № 1109 Қаулысы негізінде 1993 жылы кеден мекемелерінің қызметшілерінің штаттық саны 5 мыңға көбейді, ал 1994-1995 жылдары әр жыл сайын 2 мыңға өсті. Осы қаулы бойынша кеден мекемелеріне кедендік бақылау зонасында көлік құралдарын мәжбүрлеп тоқтатуға, жүкті тексеруге, бухгалтерлік, қаржылық, банктік және басқа да құжаттарды талап етуге құқықтар берілді.

Кеден құқығының алғашқы кезеңінде кедендік реттеу Қазақстан шекарасында бақылау қызметін атқаратын ішкі істер органдарымен бірлесе отырып жүзеге асырылды. Осы кезден-ақ сыртқы экономикалық қызметті толық либерализациялау қажеттілігі арта түсті. Бұл туралы “Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру жөніндегі жардығын жүзеге асыру туралы” Министрлер Кабинетінің № 717 қаулысында, 1994 жылғы 26 сәуірдегі “Қазақстан Республикасы аумағындағы тауарлар импорты (жұмыс, қызмет) және экспортын лицензиялау және квоталау туралы” № 435 қаулысында, 1995 жылғы 19 қаңтардағы “Қазақстан Республикасы аумағында тауарлар (жұмыс, қызмет) импорты мен экспортын реттеу тәртібі туралы” № 66 қаулысында, Премьер-Министрдің осылай аталатын резолюцияларында жеке кәсіп-орындарп мен фирмаларға қатысты, жеке тәртіптік көптеген сұрақтар шешілді.

Сол кездегі кедендік реттеу кеден құқығы пәнінің негізін құрды, үнемі өзгеріп отырған үкімет шешімдерінің басым болуы және нормативтік құқықтық базаның тұрақсыздығы оның атқарылуының босаңсуымен сипатталады.

Жеңілдіктер категориясына қатысты мемлекеттік заң мәселелері бұзылды, жеңілдіктер жеке түрде берілмейтін болды, тек белгілі ұйымдар мен тұлғаларға ғана берілді, сондай-ақ кеден төлемдері мен салықтарын төлеудегі кейінге қалдыру, бөліп төлеу әдістері де бұзылды.

1995 жылғы 20 шілдедегі “Қазақстан Республикасы кеден ісі туралы” Заң күші бар № 2368 Жарлығы қабылданған соң (1999 ж. 16 шілдеден бастап) “Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы” Заңы әрі қарай халықаралық кеден жүйесіндегі талапқа сай кеден ісі түсінігін енгізді. Мұнда кеден ісі мемлекетке өз негізін өзгертпей, оның монополиясын сақтай отырып кедендік реттеу механизмін қалыптастыру перспективасы мазмұнын айқындады.

Сыртқы-экономикалық қызметті әрі қарай либерализациялау Қазақстан экономикасына шетел инвесторларының қатысуы, Қазақстанның интеграциялық мүддесі және тағы басқалар кедендік саясат құралы мен кеден мақсаттарын сақтай отырып, кеден ісінің элементтерін унификациялауды, жетілдіруді қажет етеді.

Кеден құқығының осы және басқа институттарын қарастыра отырып, автор оның мазмұнында мынадай маңызды бөлімдерін және кеден ісінің мәселелерін қарастырмаған; кедендік статистика, сыртқы экономикалық қызметтегі тауарлар номенклатурасы, кедендік экспертиза, өйткені олар тәжірбиеде объективті сипатқа қатысты тәуелсіздікке ие болуға тиіс және дәл сол кездегі кеден жүйесінде мақсатты қызмет атқаруға тиісті.

Статистикалық ақпарат басқарма шешімінің ғылыми негізділігі мен кез келген салада дұрыс шешім шығаруға көмектеседі.

Кедендік статистика - кеден орындары қызметінің қажетті атрибуты, қажет жағдайда оның мәліметтері негізінде сыртқы, экономикалық байланыстардың толық суретін көруге болады және қабылданған шешімді түзетуге болады. Кеден статистикасының “Кеден ісі туралы” заңда анықталған міндеттері ТМД мемлекет қатысушыларының сыртқы сауда кедендік статистикасының біртұтас методологиясының мақсаттары мен міндеттеріне, осы мемлекеттердің Басшылары кеңесінің шешімімен Қазақстан сияқты және тағы басқа мемлекеттердің техникалық мүмкіншілік перспективасына ортақ болуға тиіс.

Мемлекеттік жоғарғы билік органдарының кеден саясаты мен сыртқы экономикалық қызметті мемлкеттік реттеу саласында, дұрыс шешім қабылдауы үшін оның макроэкономикалық жағдайларын зерттеудің, сыртқы сауда динамикасына, құрылымына, деңгейіне негізделген нақты талдаудың маңызы зор.

Кеден статикасын құруға кіретін мәліметтерге тауарларды декларантпен рәсімдеуде толтырылған кеден декларациясындағы жүк жөнінде белгіленген ақпарат жатады.

Сыртқы саудадағы кеден статистикасы ережелерін жүйелеу мақсатында Қазақстан Үкіметімен (1995 жылғы 6 шілдедегі Премьер Министрдің № 238 қаулысы бойынша) барлық министрліктер мен ведомстволарға, облыс басшыларына өз қызметі барысында әлем елдерінің топтарын қоса алғанда, ТМД мемлекет қатысушыларының сыртқы саудадағы кедендік статистикасының біріңғай әдістемелерін басшылыққа ала отырып, қолдануға тапсырма берілді.

Кеден органдары арнайы статистика жүргізеді, мұнда статистикалық мақсаттағы ұсынылатын ақпарат құпия болып табылады, яғни ол ақпаратты тек кедендік мақсатта ғана қолдануға болады.

Бұл жерде біз мемлекеттік, коммерциялық, банктік және басқа да заңмен қорғалатын құпия ақпарат туралы айтып отырмыз. Ондай құпия ақпаратты кеден органдарының лауазымды тұлғасы жеке мақсаты үшін пайдалануына, басқа мемлекеттік органға, үшінші тұлғаға беруге, таратуға рұқсат етілмейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүкті кеден шекарасы арқылы өткізу тәртібі
ҚАЗАҚСТАҢДА ТАУАР МЕН КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН КЕДЕНДІК РЕСІМДЕУ ЖӘНЕ КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУЫНЫҢ КЕДЕН КОДЕКСІНДЕГІ НЕГІЗДЕРІ
Тауарларды еркін кедендік аймағы кедендік рәсімімен орналастыру шарттары
Қазақстан Республикасындағы кеден режимдерінің түрлері
Кедендік рәсімдер түрлері
Кеден бақылауы қүжаттар мен мәліметтерді тексеру
Кедендік режимдерді ұйымдастырудың ерекшеліктері мен тәжірибесі
Экспорт және импорт тауарлары бойынша валюталық бақылау. Валюта заңнамасын бұзған үшін жауапкершілік
Кедендік құқықтық қатынастар. Кедендік құқықтық қатынастардың мазмұны. Кеден құқығының субъектілері
Кедендік тасымалдаушының міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz