Қазақстанның XV-XVIII ғасыр мәдениеті



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Ж. Досмухамбетов атындағы педагогикалық колледж

Бақылау жұмысы
Тақырыбы:
Қазақстанның XV-XVIII ғасыр мәдениеті

Тексерген:
Орындаған:

Орал - 2013 жыл
Жоспары:

Кіріспе

1. Қазақстанның XV-XVIII ғасыр мәдениеті
2. ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулық поэзия
3. Материалдық мәдениеті

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізім
Кіріспе

Қазақ халқының ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдағы
мәдениеті ежелгі қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ халқын құраған ұлыстар мен
тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы
және жаңа заманға сай дамып қалыптасқан түрі болды.
Рухани мәдениеті: Қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани
мәдениетінің маңызды бір саласы - қазақ шежіресі екені анық. Қазақтың
байырғы салт-дәстүрі бойынша әрбір қазақ азаматы өзінің жеті атасын білуге
тиісті еді. Мұны балаларына үйрету әрбір атаның, отбасы тәрбиесінің негізі
болды. Тек ата-анасынан айырылған жетімдер ғана мұндай тәрбиеден қалған.
Соның үшін қазақ қауымы “жеті атасын білмеген жетімдіктің салдары” дейді.
Ру, тайпа және жүздің шежіресін таратып айта алатын адамдар халық ішінде
құрметтеліп “шежірешілер” деп аталды. Ерте заманда шежіре ауызша түрде
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілсе, ХVІІІ-ХІХ ғасырларда бірсыпыра шежірелік
жинақтар таспаға түсірілген. Олар: “Көшен-Қарауыл шежіресі” (ХVІІІ ғ.),
“Жәңгір хан шежіресі” (1835), Ш.Уәлиханов жазып алған “Ұлы жүздің
шежіресі” және т.б.
Сол сияқты ХVІІІ ғасыр “ақындар поэзиясы ғасыры” деп аталған. Қазақ
мәдениеті мен әдебиетінің өте құнды мұралары – ақын-жыраулардың өлең-
жырларында халықтың өмір тіршілігі, көңіл-күйі, салт-санасы, өндірісі мен
тұрмысы, мінез-құлық өлшемі, сол дәуірдің рухы бейнеленді. Олар халық
басына келген қайғыға да, жұрт кенелген мерейге де ортақ болды. Ел басына
ауыр күн туғанда шапқыншы жауларға қарсы жан аямай күресіп, елін қорғаған
ерлерді дастан етіп жырлап отырды. ХVІІІ ғасырда танымал болған Ақтамберді,
Тәттіқара, Үмбетей, Бұқар, Шал, Көтеш секілді жыраулар өз өмірінде ұшан-
теңіз жыр шығарды.
1. Қазақстанның XV-XVIII ғасыр мәдениеті

Қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алатын ХVІІІ ғасырдағы атақты
жырау Бұқар Қалқаманұлының (1668-1781) бірнеше шығармалары сақталған. Ол
тәуелсіздікті сақтау және нығайту идеясын білдірген көрнекті дидактикалық
өлең-толғаулар шығарған. Қазақ ханы Абылайды қолдап, әр түрлі даулар мен
таластарды шешкен. Жырау қазақтың барлық үш жүзін біріктіріп, бір орталыққа
қараған күшті мемлекет болуын армандады. Тәттіқара, Үмбетей, Шал, Көтеш
сияқты жыраулардың жырлары халық жадында үзік-үзік сақталған. Үмбетейдің
Бөгенбай батырдың қайтыс болуына арналған естірту жыры - жоқтауы белгілі.
Үмбетей жоқтауында Бөгенбай - халық қорғаушысының мінсіз бейнесі. Ал
Тәттіқара ақын қатардағы жауынгер ретінде көптеген шайқастарға қатысып,
жорықта туған толғауларында жауынгерлерді бостандық жолындағы күресте
қандай да болсын қиыншылықтың алдында бас имеуге шақырады.
Бұхар жырау
XІX ғасырда қазақ әдебиеті ұлттық дарынды тұлғалардың көптігімен де,
бір-біріне ұқсамайтын дара туындылардың сан қырлы сипатымен де ерекшеленді.
Бұл дәуірде айтыс өнері дамып, даңқты ақындар Жанақ, Шөже, Орынбай, Түбек,
Сүйінбай, Шернияз, Біржан, Бақтыбай, Жамбыл сияқты әйгілі ақындар қатары
Сара, Ырысжан, Ұлбике, Тәрбие, Ақбала және басқалар сияқты ақын қыздардың
есімдерімен толықты деуге болады. Түрі мен мазмұны жағынан айтыстар бір-
біріне ұқсамайды. Олардың кейбіреулерінің негізгі мазмұнында халықтың
өмірі, оның шаруашылық-тұрмыстық проблемалары, рулық қоғамдастықтың
ерекшеліктері сөз болса, Біржан мен Сара айтысында қазақ әйелдеріне жеке
бостандық беру мәселесі көтеріледі. Мұндай айтыстармен қатар бірін-бірі
қалжыңмен қағыту, танысу, амандасу, көңіл көтеретін әзіл-оспаққа құрылған
айтыс түрлері де аз кездеспейді.

Осы кезеңнің музыкалық мәдениетінде Махамбет Өтемісұлы (1804-1846)
өзіндік даралығымен көрінді. Ол 1836-1838 жылдардағы Исатай Тайманұлы
бастаған шаруалар көтерілісінің белсенді қатысушысы ғана емес, көтерілістің
“жаны” мен “жылнамашысы” болды. Оның “Исатай көтерілісі”, “Исатайдың
өлердегі сөзі” сияқты шығармалары көтерілісті жан-жақты сипаттады.
Сол сияқты Шернияз Жарылғапұлы (1817-1881) Кіші жүз қазақтарының
отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің жыршысы және ту көтерушісі болды.
Жалынды жырларымен халықты күреске үндеді.
Шығармалары қайшылыққа толы, күрделі тұлға саналған зар-заман ақындары
да қазақ әдебиетінде өзіндік орын алады. Зар-заман ақындарының көрнекті
өкілдері - Дулат Бабатайұлы (1802-1874), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881),
Мұрат Мөңкеұлы (1843-1909). Олар қазақ халқының өмірін ақиқатпен жырлаған
ақындар болды. Ахмет Байтұрсыновтың “Ақындық жалғыз өз көңілінің күйін
толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне салып толғай
алуында” деп тұжырымдағаны сияқты, бұл ақындар да қара басын күйттеген ақын
емес, халқының үнімен елдің мұңын жеткізуші болды. Зар-заман ақындары өмір
сүрген кезең патшаның отаршылдық саясаты дәуірлеп, қазақ жерінің нағыз
талауға түскен кезі еді. Мәселен, Мұрат Мөңкеұлы “Үш қиян”, “Сарыарқа”,
“Әттең, бір қатты дүние-ай” сияқты толғау-дастандары арқылы қазақ жерін
отарлаушыларды батыл әшкерелеп, озбыр саясатқа қарсы тұрса, Дулат
Бабатайұлы “Бейшара менің қазағым”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа” өлеңдері арқылы
қазақтың ауыр тұрмысын бейнелейді.

2. ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулық поэзия

ХVІІІ-ХІХ ғасырларда ақын-жыраулық поэзиямен қатар шығыстық ақындық
дәстүр үлкен орын алды. Қазақтың дастандары араб-парсы әдебиетімен,
фольклорымен байланыста болды. Абай қазақтың классикалық әдебиетіне
дастандар алып келді. (“Ескендір”, “Масқұт”, “Әзімнің әңгімесі”). Абай
(Ибраhим) Құнанбайұлы (1845-1904) өзі туған ортадан шоқтығы биік тұрды.
Оның пікірінше, әрбір ойлы адам қоршаған өмір шындығына өзінің саналы
көзқарасын қалыптастыруға тиіс. Абайдың бүкіл шығармашылығы әрекетсіздік
пен жалған ұятқа деген ымырасыздық идеяларына толы. Ол ел ішінде бірлік пен
татулық болғанда ғана қоғамның негізгі күштері - ғылым, алдыңғы қатарлы
идеялар, мәдениет толық көлемде дами алады және бүкілхалықтық игілік
әкеледі деп санады. Қоғамды алға дамыту жолдарын үнемі іздестіріп отырды.
Яғни, бұл даму егіншілікті, қолөнерді, сауданы дамытумен тығыз
байланыстырылды.
М.Ю. Лермонтов, А.С.Пушкин, Н.Крылов шығармаларын аударумен шұғылданды.
Орыс әдебиеті үлгілерін қазақ халқы арасына тұңғыш таныстырушы болып,
олардың өскелең идеяларын насихаттады.
Осы кезеңнің дара тұлғаларының бірі ретінде Ш.Уәлихановты (1835-1865)
атаймыз. 1856 жылы Ш.Уәлиханов екі экспедицияға қатысады. Біреуі Орталық
Тянь-Шань арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
СОҢҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХНАМАСЫ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
Ежелгі славяндардың мәдениеті
XVIII ғасырдағы қазақ халқының әлеуметтік өмірі және мәдениетіндегі ескерткіштер
Қазақ мәдениетінің қалыптасуы туралы
Ұлы Жібек Жолы бойындағы ортағасырлық қалалар
Қазақстанның ежелдегі мәдени мұралары
Қазақ хандығының құрылуы жөніндегі алғашқы деректер
М. Мағауин жайлы бірер сөз
Қазақ этнонимінің пайда болуы
Қорқыт ата кітап
Пәндер