Қазақстан Республикасында кедендік ресімдеудің жеңілдетілген түрін жетілдіту
Кіріспе
I. Кедендік ресімдеудің түсінігі мен жүргізілу тәртібі ... .
1.1. Кедендік ресімдеуге қажетті құжаттар. Декларация түсінігі
1.2. Кеден брокері және оның қызметі мен міндеттері
II. Қазақстан Республикасында кедендік ресімдеудің жеңілдетілген түрін жетілдіту
2.1. Қазақстан Республикасындағы декларациялаудың алдын ала және мерзімдік декларациялау түрі
III. «Талдықорған» кеден бекетіндегі кедендік ресімдеу бөлімі
IV.Қорытынды
V.Қолданылған әдебиеттер

Бітіру жұмысының өзектілігі. Еліміздің экономикасы тағы бір жаңа кезеңнің алдында тұр. Ол – Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу кезеңі. Елбасы Н.Назарбаев бірнеше ресми мәліметтерінде, әсіресе Д.Ахметов бастаған жаңа Үкіметтің міндеттеріне тоқталғанда еліміздің бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің бірі болу стратегиялық саясатының бір құралы ретінде ДСҰ-на кіру және аталмыш ұйымға кіру мәселесіне жауапты қарап, жан-жақты дайындық, соның ішінде кеден саласында анрайы дайындық қажет екенін атап өтті. Құрылғанына 59 жыл толған (ГАТТ, 1947ж). Қазіргі таңда 146 мемлекет мүше болып отырған Дүниежүзілік сауда ұйымының ережелері біздің қалыптасқан ұлттық экономикалық кеңістігімізге әрқилы әсер тигізері ешбір күмәнсіз. Оны осы ұйымға кірген көптеген елдердің тәжірибесінен байқауға болады. Ұтқандар да бар, ал ұтылған мемлекеттердің де саны аз емес.
Бұдан бізге осы ұйымға қосылу керек пе деген сұрақ тумайды. Бүкіл әлем елдерінің 75 пайыздан астамы мүше болып отырған осындай халықаралық бірлестіктен тыс қалу біздің еліміздің жүргізіп отырған саясатымызға жатпайды. Біз ашық сауданы барынша ынталандыру негізінде, нарықтық экономика жүйесін қалыптастырып жатқан елміз. Және де аталмыш ұйымға Шығыстан Қытай кірді, Оңтүстіктен бауырымыз қырғыздар кірді. Ал мынау Солтүстіктегі көршіміз Ресей кірген кезде біз қалыс қаруға тиіс емеспіз. (Мұнда біздің еліміздің кеден заңдарының Ресеймен 50 пайыз ұқсастығын айта кеткен дұрыс шығар). ДСҰ-на енуде «Кеден – елдің экономикалық шекарасы» дегендей, кеден ісі қызметінің маңызы зор. Дүниежүзілік кеден ұйымының төрағасы Мишель Дане мырза «Кеден елдің экономикасының құлдырауы мен кереметтей гүлденуіне тікелей себепші бола алады» - деген. Әлемдік сауданың отынын көсеп, сорпасын сапырған тәжірибелі маманның осы сөзі кеден қызметінің мәнін кереметтей ашып бергендей.
Маңыздылығына тоқталсақ, кеден ісі қызметінің маңыздылығы сонау ертеден бастау алады. «Таможня» сөзі көне түріктің «тамға», яғни әміршінің белгісі немесе таңбасы деген сөзден шыққан. Ал «кеден» сөзі көне қазақшадан аударғанда шекарадағы талас деген мағынаны береді екен.
Қазіргі Қазақстан территориясында алғашқы кедендік алымдар сақтар ханшайымы Томиристің хандығында алынып басталыпты. Кеден ісінің маңыздылығы Ұлы Жібек жолы кезеңінде арта түсті.
Ұлы Жібек жолының негізгі жолдарын Қазақстанның Тараз, Отырар, Түркістан, Сығанақ сияқты қалалары алып жатты. Аталған қалалар кедендік алымдардың орталығы болып есептелінді. Ал Алтын Орда дәуірінде кедендік салықтың 150-дей түрі болды. Осы кезде кеденшілердің дәрежесі жоғары болды. Және қазынаға түстін кірістің 80 пайызы кедендік алымнан түсіп отырды.
Қазіргі таңда да үкімет қазынасы кірісінің көр бөлігін кедендік төлемдер мен салықтар құрап отыр.

Жоспар
Кіріспе
I. Кедендік ресімдеудің түсінігі мен жүргізілу тәртібі ... .
1.1. Кедендік ресімдеуге қажетті құжаттар. Декларация түсінігі
1.2. Кеден брокері және оның қызметі мен міндеттері
II. Қазақстан Республикасында кедендік ресімдеудің жеңілдетілген
түрін жетілдіту
2.1. Қазақстан Республикасындағы декларациялаудың алдын ала және
мерзімдік декларациялау түрі
III. Талдықорған кеден бекетіндегі кедендік ресімдеу бөлімі
IV.Қорытынды
V.Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Бітіру жұмысының өзектілігі. Еліміздің экономикасы тағы бір жаңа
кезеңнің алдында тұр. Ол – Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу
кезеңі. Елбасы Н.Назарбаев бірнеше ресми мәліметтерінде, әсіресе Д.Ахметов
бастаған жаңа Үкіметтің міндеттеріне тоқталғанда еліміздің бәсекеге
қабілетті 50 мемлекеттің бірі болу стратегиялық саясатының бір құралы
ретінде ДСҰ-на кіру және аталмыш ұйымға кіру мәселесіне жауапты қарап, жан-
жақты дайындық, соның ішінде кеден саласында анрайы дайындық қажет екенін
атап өтті. Құрылғанына 59 жыл толған (ГАТТ, 1947ж). Қазіргі таңда 146
мемлекет мүше болып отырған Дүниежүзілік сауда ұйымының ережелері біздің
қалыптасқан ұлттық экономикалық кеңістігімізге әрқилы әсер тигізері ешбір
күмәнсіз. Оны осы ұйымға кірген көптеген елдердің тәжірибесінен байқауға
болады. Ұтқандар да бар, ал ұтылған мемлекеттердің де саны аз емес.
Бұдан бізге осы ұйымға қосылу керек пе деген сұрақ тумайды. Бүкіл әлем
елдерінің 75 пайыздан астамы мүше болып отырған осындай халықаралық
бірлестіктен тыс қалу біздің еліміздің жүргізіп отырған саясатымызға
жатпайды. Біз ашық сауданы барынша ынталандыру негізінде, нарықтық
экономика жүйесін қалыптастырып жатқан елміз. Және де аталмыш ұйымға
Шығыстан Қытай кірді, Оңтүстіктен бауырымыз қырғыздар кірді. Ал мынау
Солтүстіктегі көршіміз Ресей кірген кезде біз қалыс қаруға тиіс емеспіз.
(Мұнда біздің еліміздің кеден заңдарының Ресеймен 50 пайыз ұқсастығын айта
кеткен дұрыс шығар). ДСҰ-на енуде Кеден – елдің экономикалық шекарасы
дегендей, кеден ісі қызметінің маңызы зор. Дүниежүзілік кеден ұйымының
төрағасы Мишель Дане мырза Кеден елдің экономикасының құлдырауы мен
кереметтей гүлденуіне тікелей себепші бола алады - деген. Әлемдік сауданың
отынын көсеп, сорпасын сапырған тәжірибелі маманның осы сөзі кеден
қызметінің мәнін кереметтей ашып бергендей.
Маңыздылығына тоқталсақ, кеден ісі қызметінің маңыздылығы сонау ертеден
бастау алады. Таможня сөзі көне түріктің тамға, яғни әміршінің белгісі
немесе таңбасы деген сөзден шыққан. Ал кеден сөзі көне қазақшадан
аударғанда шекарадағы талас деген мағынаны береді екен.
Қазіргі Қазақстан территориясында алғашқы кедендік алымдар сақтар
ханшайымы Томиристің хандығында алынып басталыпты. Кеден ісінің маңыздылығы
Ұлы Жібек жолы кезеңінде арта түсті.
Ұлы Жібек жолының негізгі жолдарын Қазақстанның Тараз, Отырар,
Түркістан, Сығанақ сияқты қалалары алып жатты. Аталған қалалар кедендік
алымдардың орталығы болып есептелінді. Ал Алтын Орда дәуірінде кедендік
салықтың 150-дей түрі болды. Осы кезде кеденшілердің дәрежесі жоғары болды.
Және қазынаға түстін кірістің 80 пайызы кедендік алымнан түсіп отырды.
Қазіргі таңда да үкімет қазынасы кірісінің көр бөлігін кедендік төлемдер
мен салықтар құрап отыр.
Бітіру жұмысының мақсаты ӘСҰ-на өту кезеңіндегі шетелдік тәжірибені
қарастырып сәйкесінше Қазақстанға бейімдеу арқылы мүмкін мәселелерді
анықтау мен қатар оны шешудің жолдары бойыша ұсыныстар құру. Осы мақсатқа
жету үшін төмендегідей міндеттер алға қойылды:
- Кеден саясаты, кеден ісінің мақсаты, міндеті және принциптерін талдау;
- Кеден ісін ұйымдастыру аспектілерін қарастыру бойынша ұсыныстар құру.
Біз үлкен бір кезеңнің алдында тұрмыз. Біздің жүргізген кеден саясатымызбен
еліміздің экономикасының өсуі мен дағдарысқа ұшырауы тікелей байланысты.
Дүниежүзілік сауда ұйымының тек қана заңдары 400 парақ, ал ережелері,
анықтамалары, түсініктемелері 22000 парақ.
I. Кедендік ресімдеудің түсінігі мен жүргізілу тәртібі
Кедендік ресімдеу кеден кодексте және соған сәйкес қабылданатын кеден
ісі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде айқындалатын тәртіппен
жүргізіледі. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес
кедендік ресімдеуді оңайлату және жеделдету мақсатында басқа мемлекеттердің
кедендік ресімдеу үшін пайдаланылатын кедендік құжаттары қолданылуы мүмкін.
Кедендік ресімдеуді жүргізудің тәртібі мен технологиясы мыналарға:
1) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін
тауарлардың санаттарына;
2) Осындай өткізу үшін пайдаланылатын көлік түріне;
3) тауарларды өткізетін тұлғаларға байланысты сараланған.
Кедендік ресімдер тауарлар шығарылатын, жөнелтілетін және жеткізілетін
елге қарамастан бірдей қолданылады.
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу – кедендік шекарасы
арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты құжаттарды кеден
органына берген немесе тұлғаның ауызша мәлімдеуі не кедендік ресімдеуді
жүзеге асыру ниетін куәландыратын өзге де іс-әрекеттер жасаған кезінен
басталады. Ветеринариялық, фитосанитарлық және мемлекеттік бақылаудың басқа
да түрлеріне қатысты кедендік ресімдеу осындай бақылауды жүзеге асыратын
тиісті уәкілетті мемлекеттік органдармен келіскеннен кейін ғана аяқталуы
мүмкін. Кедендік ресімдеу тауарларды кедендік режимге орналастыру үшін
қажетті кедендік операциялар жасағаннан кейін, сондай-ақ кедендік төлемдер
және салықтар есептелік, өндіріліп алынғаннан кейін аяқталады.
Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау және оларды белгілі бір
кедендік режимге орналастыру бойынша іс-әрекет негізгі кедендік ресімдеу
деп танылады. Тауарларды негізгі кедендік ресімдеу жөніндегі кедендік
операциялар кеден органдары орналасқан жерде және олардың жұмыс уақытында
жасалады. Декларанттың дәлелді сұрауы бойынша тауарларды негізгі кедендік
ресімдеу жөніндегі кедендік операциялар кеден органдары орналасқан жерден
тыс және олардың жұмыс уақытынан тыс жасалуы мүмкін. Тауарларды алушы,
жіберуші не олардың құрылымдық бөлімшелері тіркелген кеден органының
қызметі аймағынан тыс жерде тауарларды негізгі кедендік ресімдеу жүзеге
асырылған кезде декларант басқа кеден органының қызмет аймағында кедендік
операциялардың жасалғаны туралы хабарлама беруге міндетті. Хабарлама
берілген кезінен бастап төрт сағаттан аспайтын мерзімде кеден органында
тіркелуге тиіс. Хабарламаны тіркеу нысаны мен тәртібін кеден ісі мәселелері
жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
Қазақстан Республикасының кедендік аумағына табиғи зілзаланың,
авариялардың, апаттардың зардаптарын жоюға қажетті тауарларды, сондай-ақ
тез бұзылатын тауарларды, тірі жануарларды, радиоактивті материалдарды,
жарылғыш заттарды, бұқаралық ақпарат мақсаты үшін хабарламалар мен
материалдарды және осы тектес тауарларды әкелу және осы аумақтан әкету
кезінде ресімдеу басым тәртіпте жүргізіледі. Кеден брокері ретіндегі
қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар мамандандырылған көлік-экспедициялық
ұйымдар жетпіс екі сағат ішінде алушыға дейін жеткізу мақсатында көліктің
кез келген түрімен өткізілетін тауарлар экспресс-жүк деп танылады. Кедендік
ресімдеудің басым тәртібінде жүктің толық кедендік декларациясын кеден
органына кейіннен бере отырып, уақытша кедендік декларация ретінде
қаралатын өтініш және тауардың ілеспе құжаттары берілуі көзделеді. Өтініште
тауарларды жіберушілер мен алушылар, тауарлар жіберетін және жеткізілетін
елдер туралы мәліметтер, тауарлардың атауы, сипаты, саны, брутто салмағы
және құны, тауарларды пайдалану мақсаты туралы, сондай-ақ, мәлімделетін
тауарларды орналастыру болжанатын кедендік режим туралы мәлімет, жүктің
кедендік декларациясын, кедендік мақсат үшін қажетті құжаттар мен
мәліметтерді белгіленген мерзімде беру туралы міндеттеме болуға тиіс.
Жүктің толық кедендік декларациясы тауарлардың шартты шығу күнінен бастап
күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей кеден органына беріледі. Кедендік
ресімдеу кезінде декларанттың өтініші мен тауарлардың ілеспе құжаттарын
кеден органы тіркеген күні қолданыста болған нормативтік құқықтық актілер
қолданылады. Кедендік төлемдер және салықтар салынатын тауарлар кедендік
төлемдердің және салықтардың төленуі қамтамасыз етілген жағдайда ғана басым
тәртіппен ресімделеді.
Кедендік ресімдеуді жетілдіру мақсатында кеден ісі жөніндегі уәкілетті
орган тауарлар мен көлік құралдарын бірдейлендіру үшін қажетті
мәліметтердің ең аз көлемі берілген кезде тауарлар мен көлік құралын
шығаруды көздейтін, тауарлар мен көлік құралдарын ресімдеудің оңайлатылған
тәртібі белгіленеді.
Алдын ала жүргізілетін операцияларға негізгі кедендік ресімдеу және
тауарлар мен көлік құралдарын белгілі бір кеден режиміне орналастыру
алдындағы кеден ісіне қатысты барлық іс-әрекеттер жатады. Алдын ала
жүргізілетін операциялар тауарлар мен көлік құралдарын негізгі кедендік
ресімдеуді және оларды белгілі бір кеден режиміне орналастыруды жеңілдетуге
және тездетуге тиіс. Алдын ала жүргізілетін операциялар кезінде Қазақстан
Республикасының кеден органдары әкелу мен әкетуге тыйым салынған тауарлар
мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан
Республикасынан әкетуге жол бермеуге, сондай-ақ кеден мақсаты үшін тауарлар
мен көлік құралдарын теңдестіруге бағытталған алдын ала кедендік ресімдеу
жүргізіледі. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кеден
аумағына әкелген кезде, сондай-ақ тауарлар мен көлік құралдарын еркін
экономикалық аймақтар мен еркін қоймалар аумағынан Қазақстан
Республикасының кеден шекарасынан өткендігі туралы Қазақстан
Республикасының кеден органына хабардар етеді. Тауарлар мен көлік
құралдарын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге
әкеткен кезде тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші тұлға осы тауарлар мен
көлік құралдарын әкету ниеті туралы
Қазақстан Республикасының кеден органдарын хабардар етеді. Қазақстан
Республикасының кеден органдары мұндай хабарларды тіркейді және одан әрі
кедендік ресімдеуді жүзеге асыру үшін тауарлар мен көлік құралдары келуге
тиіс уақыт пен орынды тағайындайды. Егер тауарларды өткізуші тұлға осылайша
хабардар етпейтін болса, онда мұндай міндет тасымалдаушыға жүктеледі.
Тауарларды, көлік құралын және олардың құжаттарын жеткізу құралдарының,
белгіленген сапар бағыты мүмкіндіктері мен тасымалдың басқа да шарттарын
негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының кеден органы айқындаған
мерзімдерде, бірақ айына екі мың километр есебімен белгіленген шекті
мерзімнен асырмай жүргізуге тиіс.
Тасымалдаушы оның көлік құралы осы заңның ережелерінің сақталуына
кепілдік бере алмайды деп санауға Қазақстан Республикасы кеден органының
негіздері болған жағдайда Қазақстан Республикасының кеден органы тауарлар
мен олардың құжаттарының көлік құралы тиісінше жабдықталған кедендік алып
жүру болған жағдайда ғана тасымалын жүргізуін белгілеуге құқылы.
Тасымалдаушының көлік құралы тиісінше жабдықтауға кеткен шығынын Қазақстан
Республикасының кеден органы өтемейді. Аталған құралдарды пайдалану
мүмкіндігі болмайтын реттерде тауарлар мен олардың құжаттарын тасымалдауға
депозитке тиесілі саланы енгізуді қоса кеден бажы мен салықтарының төленуі
қамтамасыз етілген жағдайда беріледі. Жеткізілген жерінде тауарлар мен
көлік құралдары Қазақстан Республикасының кеден органына ұсынылады, ал
олардың құжаттары соған табыс етіледі. Ұсыну тауарлар мен көлік
құралдарының келгені туралы олар келгеннен кейін бір тәуліктен
кешіктірілмей хабарлама беруден көрінеді. Тауарларға қатысты өкілеттігі бар
тұлғалар мен олардың өкілдері Қазақстан Республикасы кеден органының
рұқсатымен тауарларды ұсынғаннан кейін кеден құжаттарын ресімдеу мақсатында
тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алуы мүмкін, сонымен қатар кеден
лабораторияларымен бірлесе отырып, оларға зерттеу жүргізуге құқылы.
Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін осындай алу кезінде куәлар
қатысады. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алу тәртібін, оларды зерттеу
мерзімдері мен тәртібін, сондай-ақ оларға иелік ету тәртібін Қазақстан
Республикасының орталық кеден органы белгілейді.
Кедендік ресімдеудің рәсімі алдын ала жасалатын операциялардан және
негізгі кедендік ресімдеуден тұрады.
1. Алдын-ала жасалатын операциялар.
Алдын-ала жасалатын операциялардың мақсаты тауарлар мен транспорттық
көлік құралдарын белгілі бір кеден режиміне орналастыру және негізгі
кедендік ресімдеуді тездету мен жеңілдету болып табылады.
Алдын-ала жасалатын операциялар кезінде лауазымды тұлғалар мынадай
кедендік ресімдеуді жүргізеді:
1) Қазақстан Республикасының кеден территориясынан әкелінген
тауарларды қабылдау;
2) Қазақстан Республикасының кеден территориясынан тауарлар мен
транспорттық көлік құралдарын әкету кезіндегі ресім;
3) кеден бақылауындағы тауарларды жеткізу ережесіне сәйкес тауар
жеткізуін ресімдеу;
4) тауарлар мен транспорттық көлік құралдарын уақытша сақтау қоймасына
ресімдеу және бақылау;
5) қысқаша декларацияны қабылдау;
6) тауарлардың сынамалары мен үлгілрін алу;
7) ресімделген құжаттарды лауазымды тұлғаларға беру.
Автокөлік транспортымен әкелінген тауарларды шекаралық және
транспорттық бақылаудан өткеннен кейін мынадай алдын-ала операцияларға
кіретін әрекеттер жасалады:
1) Қазақстан республикасының кеден шекарасында, кеден мақсаты үшін
қажетті құжаттарды тексеру мен ресімдеу;
2) барлық транспорттық көлік құралдарымен тасымалданатын тауарлардың
аты, салмағы, саны, құны туралы құжаттарды көрсету;
3) транспорттық көлік құралдарын тексеру;
4) Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген тәртіпке сәйкес
тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алу.
2. Негізгі кедендік ресімдеу.
Негізгі кедендік ресімдеудің мақсаты тауарлар мен транспорттық көлік
құралдарын белгілі бір кеден режиміне орналастыру, сонымен қатар
орналастырылған режимге сәйкес тауарларды шығару және осы режимге сәйкес
әрекетті аяқтау болып табылады. Негізгі кедендік ресімдер тауар алушының
немесе жіберушінің қызмет аймағында, кеден аймағында жүргізіледі. Негізгі
кедендік ресімдеу бес сатыдан тұрады:
1) кеден декларациясын қабылдау, тіркеу сатысы;
2) Ішкі экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес
тауарлардың шыққан елінің кодын дұрыс анықтауды бақылау және тарифтік емес
реттеу шараларын орындау сатысы;
3) кедендік құнды және валюталық бақылау сатысы;
4) кедендік төлемдерді бақылау сатысы;
5) тексеру және шығару сатысы.
1. Кедендік декларацияны қабылдау.
Кедендік декларацияларды қабылдау, тіркеу сатысында Қазақстан
Республикасының кеден органына міндетті түрде көрсетілетін қажетті құжаттар
мен декларацияны қабылдау, сонымен қатар электрондық кеден декларациясының
көшірмесін тексеру және барлық декларацияларға номер қою жатады.
2. Тауарлардың кодын анықтау және тарифтік емес реттеу шараларының
сақталуына бақылау.
Бұл сатыда Ішкі экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша
тауар кодын, шығу елін дұрыс анықтауға бақылау жүргізіледі, сонымен қатар
тауарлардың шығу еліне анықтайтын құжаттар мен мәліметтерді тексеру,
тауарларды белгілі бір кеден режиміне сәйкес
орналастыруда қойылатын талаптардың сақталуына бақылау жасау.
3. Кедендік құнды бақылау және валюталық бақылау.
Бұл сатыда мына әрекеттер жасалады:
– валюталық заңдылықтың талаптарына сәйкес жүргізілетін ішкісауда
келісім шарттары мен құжаттарын тексеру;
– валюталық бақылауды жүзеге асыруда көрсетілетін кеден
декларациясындағы мәліметтердің сәйкестігін тексеру;
– кедендік ресімдеу кезінде тауардың кедендік құнын анықтайтын
құжаттардың дұрыстығын тексеру;
– уақытша тауар бағасы.
4. Кеден төлемдеріне бақылау.
Бұл сатыда мына тексерулер жұргізіледі:
– кедендік төлемдерді және кедендік берешекті төлеуде тұлғалардың
жауапкершілігін;
– тарифтік және кедендік жеңілдіктер мен преференциялардың
негізділігіне;
– декларанттың бақылауымен бекітілген мерзімде кедендік декларацияны
тапсыру;
– кеден төлемдерін есептеудің дұрыстығын.
5. Тауарларды тексеру және шығару сатысы.
Бұл сатыда мына әрекеттер жүргізіледі:
– жүкті қарап шығу тапсырысы негізінде тексеру;
– тексеру нәтижесі кедендік тексеру актісінде көрсетіледі, қажет
болған жағдайда кедендік тексеру актісінің қосымша бетінде көрсетіледі;
– тауарлар мен көлік құралдарының шығуы мүмкін емес немесе шыққаны
туралы шешім қабылдау жолымен кедендік ресімдеудің аяқталуы.
Қажетті тексерулер алдыңғы кедендік ресімдеу сатысында қабылдана
береді. Бұл жағдайда, лауазымды тұлға кеден декларациясына “тексерілді”
деген белгі қойып, тексеріс шешімін тауарды шығаруға жауапты тұлғаға
хабарлайды. Кеден декларациясын тексеру, құжаттар мен тауарларды тексеру
кеден органдарымен кеден декларациясын қабылдағаннан кейін үш күннің ішінде
жүзеге асырылады. Тауарларды шығару туралы шешім қабылданғаннан кейін
қүктің кедендік декларациясында “шығаруға рұқсат етіледі” деген белгі
қойылады. Егерде ресімдеу кезінде тауардың шығуы мүмкін болмаған жағдайда
“тексерілді” сонымен қатар “шығаруға рұқсат етілмейді” деген белгі қойылып,
оның қысқаша себебі көрсетіледі.
Тауарларды шығармау туралы шешімді кеден ресімдеу бөлімінің бастығы
мен оның орынбасары қабылдайды.
1.1. Кедендік ресімдеу үшін қажетті құжаттар мен декларация түсінігі.
Кедендік ресімдеуді жүзеге асыру үшін тауарлар мен транспорттық көлік
құралдарын алып өтуші тұлғалар және кеден органдарына құжаттар мен
мәліметтерді мәлімдеуші декларанттар Қазақстан Республикасының Кедендік
бақылау агенттігінің нормативтік актілеріне бекітілген құжаттар тізімін
және тәртібін көрсетуге міндетті. Кедендік ресімдеуге қажетті құжаттар
тізімі көбінесе тауарлардың әкелуіне немесе әкетілуіне, таңдалған кеден
режиміне, сонымен қатар сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы
бойынша тауар кодына байланысты болады.
Кедендік ресімдеуге қажетті құжаттар тізімі:
1) Ресімделетін тауардың коммерциялық құжаты:
– сату-сатыпалу туралы келісім шарт;
– айырбас келісім шарты;
– шақыру;
– хат (гуманитарлық көмек).
2) Тауардың құнын айқындайтын құжаттар:
– тауар партиясының шот фактурасы;
– спецификация (өзіндік құн)
Транспорттық тауар құжаттары:
– коносамент (капитан қолхаты);
– тауарды буып-тию қағазы;
– қол жүгімен жүкті жеткізудегі қол жүгінің тізімі;
– қол жүгінің квитанциясы;
–жүкті тиеу актісі;
– халықаралық автомобиль жүк құжаттамасы;
– әуе жүк құжаттамасы;
– темір жол жүк құжаттамасы.
Тауарларды кеден органына жеткізгенде жасалатын кедендік
ресімдеуге қажетті құжаттар:
– банк кепілдігі;
– уақытша декларация.
Тауарларды жеткізуді бақылау құжаттары:
а) ішкі тауар транзитінің декларациясы;
б) МДП кітапшасы (CARNEТ TIR);
в) кеден тасымалдаушысының тіркеу карточкасы мен лицензиясы.
Кеден төлемдерін төлегендігін айқындайтын құжаттар:
– төлемақы тапсырысы;
– төлемді аудару туралы арыз;
– квитанция.
Керекті жағдайда тауардың шыққан елі туралы сертификат:
– ТМД мемлекеттерінің кеден территориясынан тауардың шыққандығын
айқындайтын “СТ-1” нысаны бойынша тауардың шыққан елі туралы сертификат;
– “А” нысаны бойынша тауарды дамушы және дамыған мемлекеттен
шыққандығын айқындайтын құжаттар.
Тауарды жіберуші мен алушының арасындағы есептеуді айқындайтын
құжаттар:
– егер төлемдер келісім шарт бойынша Қазақстан Республикасының
валютасымен өндірілсе – төлемақы тапсырысы;
– егер төлемдер келісім шарт бойынша шетел валютасымен өндірілсе –
төлемді аудару туралы арыз.
Барлық көрсетілген құжаттар негіздемесі ретінде немесе көшірмесі
түрінде берілуі тиіс Қазақстан Республикасының кеден органдарының
келісімімен көрсетілген құжаттар кеден органдарының лауазымды тұлғалары
игерген шетел тілімен жасалуы мүмкін.
Декларация дегеніміздің өзі – Қазақстан Республикасының кедендік
шекарасы арқылы өткізілетін және кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік
құралдары туралы мәліметтерді мәлімдеуді айтамыз.
Декларациялау кеден органына тауарлар туралы, олардың кедендік режимі
туралы дұрыс мәліметтерді және кедендік мақсаттар үшін қажетті басқа да
мәліметтерді белгілеген нысан бойынша жазбаша, ауызша, электрондық мәлімдеу
жолымен жүргізіледі. Кедендік декларацияда көрсетілуге тиіс мәліметтер
тізбесі кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу және алу, кедендік
статистикасы қалыптастыру және Қазақстан республикасының кеден заңдарын
қолдану мақсаттары үшін қажетті мәліметтермен ғана шектеледі.
Тауарларды декларациялау кезінде кедендік декларациялардың мынадай
түрлері қолданылады:
1) жүктің кедендік декларациясы;
2) жолаушының кедендік декларациясы.
Жүктің кедендік декларациясы – декларант беретін және тауарлар мен
көлік құралдары туралы, олардың кедендік режимі туралы мәліметтерді және
кедендік мақсат үшін қажетті басқа да мәліметтерді қамтитын құжат. Жүктің
кедендік декларациясы мынадай жағдайларда, егер:
1) тауардың декларацияланатын легінің кедендік құны тиісті қаржы
жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тоқсан айлық
есептік көрсеткіштен асса;
2) тауарларға қатысты тарифтік емес реттеу шаралары белгіленсе.
Жолаушының кедендік декларациясы – кеден кодексте көзделген
оңайлатылған немесе жеңілдетілген тәртіпті қолданып, тауарлар мен көлік
құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін
жеке тұлға толтырып, кеден органына беретін құжат. Кедендік
декларациялардың нысандарын және оларды толтыру тәртібін кеден ісі
мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді. Қазақстан Республикасының
кедендік аумағына әкелінетін тауарларға жүктің кедендік декларациясы
тауарды межелі кеден органына табыс ету күнін қоса есептегенде күнтізбелік
отыз күннен кешіктірілмей беріледі. Егер жүктің кедендік декларациясын беру
мерзімінің аяқталуы кеден органының жұмыс істелмейтін күніне келсе, кеден
органының одан кейінгі жұмыс күні осы мерзімнің аяқталу күні болып
саналады. Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге
әкетілетін тауарларға жүктің кедендік декларациясы оларды нақты әкетуге
дейін беріледі. Декларанттың дәлелді өтініші бойынша кеден органы жүктің
кедендік декларациясын беру мерзімін ұзартады. Жүктің кедендік
декларациясын беру мерзімін ұзарту әкелінетін тауарларға кедендік
төлемдердің және салықтардың төленуі қамтамасыз етілген жағдайда кедендік
ресімдеу жүргізілетін кеден органдарына жүктеледі. Жүктің кедендік
декларациясын беру мерзімін ұзарту тауарларды уақытша сақтау мерзімін
бұзуға әкеп соқпауға тиіс.
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы ретінде есепке қою кезінде
ресімделетін сыртқы экономикалық қызметке қатысушының санатын және кеден
органдарында есептік тіркелгенін растайтын құжат болып табылады. Сыртқы
экономикалық қызметке қатысушының есеп карточкасын кеден органы мынадай
құжаттарды:
1) заңды тұлғалар – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің
нотариат куәландырған көшірмесін немесе оның құрылымдық бөлімшесі үшін
есептік тіркеу куәлігін;
статистикалық басқарма беретін статистикалық карточканың көшірмесін;
салық органы берген салық төлеуші куәлігінің көшірмесін;
2) декларациялау кезінде жүктің кедендік декларациясы қолданылуға тиіс
тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шкарасы арқылы өткізуді жүзеге
асыруға ниеттенген жеке тұлғалар:
– жеке тұлғаның жеке куәлігі;
– салық органы берген салық төлеуші куәлігінің көшірмесін;
– егер жеке тұлғаның банкте шоты болса, банк шотының ашылғаны туралы
банктен алынған анықтаманы тапсырған жағдайда бір жұмыс күні ішінде береді.
Есепке алу үшін табыс етілетін құжаттардағы мәліметтер өзгерген кезде,
декларант өзгерген мәліметтерді растайтын құжаттарды сыртқы экономикалық
қызметке қатысушысының есеп карточкасын берген кеден органына күнтізбелік
он бес күн ішінде табыс етуге міндетті.
Тауарларды декларациялау кезінде құжаттар беру.
Жүктің кедендік декларациясын беру кеден органына оның электрондық
көшірмесін және кедендік мақсат үшін қажетті құжаттарды тапсырумен қатар
жүргізілуге тиіс. Жүктің кедендік декларациясының электрондық көшірмесінің
құрылымын кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді. Егер
тауарларды шығару туралы шешім қабылдау үшін құжат міндетті болып, табылса,
кедендік декларацияны тексеру мерзімінің ішінде декларант салық органына
тиісті құжат беру туралы міндеттеме табыс ете отырып, мәлімдеген
мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмесін беру мүмкін. Жекелеген
құжаттар декларанттың дәлелді өтініші бойынша көрсетілген мерзімде табыс
етілмейтін жағдайда кеден органдары осындай құжаттарды алу үшін қажетті
мерзімде бірақ кедендік декларацияны тіркеуден кейін күнтізбелік отыз
күннен кешіктірмей осындай құжаттарды табыс ете отырып олардың көшірмесін
беруге рұқсат етіледі. Декларант белгіленген мерзімдерде құжаттарды
өткізбегені не бұрын өткізген құжаттардың көшірмелерінде дұрыс емес
мәліметтерді мәлімдегені үшін жауапты болады. Егер тауарлардың кейінгі
легіне кедендік ресімдеу жүргізілетін құжаттар кеден органына бұрын
берілген болса, онда осындай құжаттардың көшірмелерін беру жеткілікті.
Кеден органының істерінде тауарларды шығару туралы шешім қабылдау үшін
міндетті құжаттар қалған жағдайда, декларант үшін кеден органы осы
құжаттардың көшірмелеріне осындай құжаттар қалатын кеден органын көрсете
отырып жазба жасайды. Бұл жазба кеден органы лауазымды тұлғасының жеке
нөмірлік мөрімен куәландырады. Келісім – шарттар, шот – фактуралар, көлік
құжаттары, кедендік төлемдердің және салықтардың төленгеннен растайтын
құжаттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы тауарларды
шығарғаннан кейін декларантқа қайтарылуға тиіс және жүктің кедендік
декларациясы тіркелген күннен бастап бес жыл бойы сақталады.
Бұл орайда кедендік ресімдеу мақсаттары үшін осы құжаттар мен бірге
декларант куәландырылған көшірме тапсырылуға тиіс. Жүктің кедендік
декларациясын беру осылардың негізінде жүктің кедендік декларациясы
толтырылып, мыналарды растайтын қажетті құжаттар кеден органына қатар табыс
етілуімен жүргізуге тиіс:
1) декларанттың өз атынан жүктің кедендік декларациясы беруге
өкілеттігін растайтын декларанттың штатындағы жеке тұлғаға сенімхат не
брокерлік қызмет көрсетуге шарт және кедендік ресімдеу бойынша маманның
біліктілік аттестаты;
2) кедендік ресімдеуге жататын тауарларға меншік, билік ету немесе
пайдалану құқығын растайтын сатып алу-сатуға немесе айырбасқа сыртқы сауда
шарты, кедендік ресімдеуге жататын тауарларға билік ету немесе пайдалану
құқығына келісім не өзге құжат;
3) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды
өткізуді растайтын көлік құжаттары;
4) тауардың кедендік құнын айқындайтын шот-фактура, шот-проформа;
5) тауарлардың шығуын растайтын сертификат;
6) кедендік режимнің талаптарына сәйкес және кедендік төлемдерді және
салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктің болуына қарай кедендік төлемдерді және
салықтарды төлеуді немесе олардың төлеуін қамтамасыз етуді растайтын
құжаттар;
7) сыртқы экономикалық қызметке қатысушының санатын растайтын сыртқы
экономикалық қызметке қатысушының есеп карточкасы.
Таңдалған кедендік режимдердің талаптарына сәйкес құжаттар беру.
Таңдалған кедендік режимдердің талаптарына сәйкес кеден кодексінде
көрсетілген құжаттарға қосымша мынадай құжаттар беріледі:
1) еркін айналыс үшін тауарлар шығарудың кедендік режимі:
– Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сертификат беру міндетті
тауарларға өнімнің қауіпсіздігіне сәйкестік сертификаты;
– өлшеу құралдары үлгісін бекіту туралы немесе өлшеу құралдарын
метрологиялық аттестаттау туралы сертификат не Қазақстан Республикасына
заңдарына сәйкес метрологиялық қадағалау қолданылатын тауарлар үшін
жұмыстар атқару шарты;
– Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарында көзделген жағдайлар да тиісті уәкілетті мемлекеттік
органдардың рұқсаттары және өзге де құжаттар;
– Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялауға және
экспорттық бақылауға жататын тауарлар үшін- лицензия.
2) тауарлар экспортының кедендік режимі:

халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда тиісьі уәкілетті мемлекеттік

экспорттық бақылауға жататын тауарлар үшін-лицензия.
3) тауарлар кері импортының кедендік режимі:
– Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тауарларды әкетуді
растайтын жүктің кедендік декларациясы;

тауарларға өнімнің қауіпсіздігіне сәйкестілік сертификаты;
– әкетудің кедендік баждарын қайтаруды қамтамасыз ету үшін әкетудің
кедендік баждарын төлеген растайтын құжат;
– Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес экспорттық бақылауға
жататын тауарларға рұқсат.
4) тауарлар транзитінің кедендік режимі:
– кедендік мөрлермен пломбаларды қойып тауарларды тасымалдау үшін
көлік құралын жіберуді растайтын құжат;

жататын тауарлар транзитіне рұқсат.
5) кеден қоймасының кеден режимі – тауарларды сақтауға кеден
қоймасының иесімен жасалған шарт;
6) кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеудің кедендік режимі –
тауарларды қайта өңдеудің талаптары туралы тиісті уәкілетті мемлекеттік
органның қорытындысы;
7) еркін айналыс үшін тауарларды қайта өңдеудің кедендік режимі –
тауарларды қайта өңдеудің талаптары туралы тиісті мемлекеттік органның
қорытындысы;
8) кедендік аумақтан тыс жерде тауарларды қайта өңдеудің кдендік
режимі:
– тиісті уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды қайта өңдеудің
талапрары туралы қорытындысы;

9) тауарларды және көлік құралдарын уақытша әкелудің кедендік режимі:
– тауарларды және көлік құралдарды әкету туралы міндеттеме;

тауарларға өнімнің қауіпсіздігіне сәйкестілік сертификаты.
10) бажсыз сауда дүкенінің кедендік режимі – өнімнің қауіпсіздігіне
сәйкестілік сертификаты.
11) тауарларды және көлік құралдарын әкетудің кедендік режимі –
тауарларды әкелу туралы міндеттеме.
12) еркін кеден аймағының кедендік режимі – Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес сертификат беру міндетті тауарларға өнімнің қауіпсіздігіне
сәйкестілік сертификаты.
13) еркін қойманың кедендік режимі:
– тауарларды сақтауға еркін қойма иесімен жасалған шарт;
– кәсіпорынның декларацияланатын тауарларды пайдалана отырып, қайта
өңдеу жөніндегі операцияларды өткізу мүмкіндігін растайтын технологиялық
құжаттамасы;

14) тауарлар кері экспортының кедендік ржимі:
– Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде
ресімделген жүктің кедендік декларациясы не уақытша сақтау орындарындағы
тауарларды мәлімдеу кезіндегі қосымша декларация;
– экспорттық бақылауға жататын тауарларға рұқсат;
– Қазақстан Республикасының бекіткен халықаралық шарттарда тауарлардың
кері экспортына тауарларды шығарған елдің уәкілетті органының рұқсаты
болған жағдайда кері экспортқа жол беретін кезде – осындай рұқсат.
15) тауарларды жоюдың кедендік режимі – тиісті уәкілетті мемлекеттік
органдардың қорытындылары.
16) мемлекет пайдасына тауардан бас тартудың кедендік режимі –
сертификат беру міндетті тауарларға өнімнің қауіпсіздігіне сәйкестілік
сертификаты.
17) арнайы кедендік режим:
– кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарлар бойынша уәкілетті
мемлекеттік орган растайтын тауарлар тізімі;
– көлік ұйымы растаған тауарлар тізімі;
– тауарлардың әкетілуін растайтын құжаттар;
– тауардың іліспе құжаттары;
– кеден ісі жөніндегі уәкілетті орган айқындаған өзге де құжаттар.
Жүктің кедендік декларациясын қабылдау және тіркеу.
Декларант белгілеген тәртіппен толтырылған жүктің кедендік
декларациясын оның электрондық көшірмесімен бірге, сондай-ақ кедендік
мақсат үшін қажетті құжаттарды кедн органына береді. Жүктің кедендік
декларациясы мен кедендік мақсат үшін қажетті құжаттарды кеден органының
қабылдаған күнімен уақыты кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган
айқындайтын тәртіппен ресімделіп, қоса берілетін құжаттардың тізімдемесінде
кқрсетіледі және кеден органы лауазымды тұлғасының жеке нөмірлік мөрімен
куәландырады. Куәландырылғаннан кейін тізімдеме декларантқа қайтарылады.
Кеден органының:
1) декларацияны декларант болып табылмайтын тұлға берген;
2) кеден кодексінде белгіленген тәртіпке сәйкес талап етілетін
мәліметтер көрсетілмеген;
3) декларацияға қол қойылмаған не тиісінше куәландырылмаған немесе
белгіленген нысан бойынша жасалмаған;
4) декларацияланатын тауарларға қатысты кедендік баждар және
салықтарды төлеу мерзімін ұзарту немесе төлеу мерзімін беру, сондай – ақ
есепке алу әдісімен қосылған құн салығын төлеу кезіндегі жағдайларды
қоспағанда, кедендік төлемдер және салықтар төленбеген не олардың төленуі
қамтамасыз етілмеген;
5) Олар туралы мәліметтер жүктің кедендік декларациясының арнаулы
бағанында көрсетілетін құжаттар түгел берілмеген жағдайларды қоспағанда,
жүктің кедендік декларациясын тіркеуден бас тартуға құқы жоқ. Жүктің
кедендік декларациясын тіркеу немесе тіркеуден бас тарту жүктің кедендік
декларациясын қабылдаған кезден бастап екі сағаттан аспайтын мерзімде
жүргізіледі.
Жүктің кедендік декларациясын тіркеуден бас тартқан жағдайда кеден
органының лауазымды адамы жүктің кедендік декларациясын тіркеуден бас тарту
парағын толтырады және берілген құжаттар мен бірге, көрсетілген бас тарту
парағын жүктің кедендік декларациясын берген тұлғаға тапсырады. Қабылданған
жүктің кедндік декларациясы тіркелген уақыттан бастап заңды күші бар құжат
болып табылады.
Тауарларды Қазақстан Республикасы шекарасы арқылы құбыр желісін
пайдалана отырып не электр беру желілері бойынша өткізу кезінде, сондай-ақ
кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін өзге де
жағдайларда тауарларды уақытша кедендік декларация беру арқылы
декларациялауға жол беріледі. Уақытша кедендік декларацияда белгілі уақыт
кезеңінің ішінде тауарлардың шамамен алған мөлшерін өткізу туралы ниет
негізге алынып, мәліметтерді мәлімдеуге жол беріледі. Тауардың құнын
декларант сатып алу – сату сыртқы сауда шартының бағасын ескере отырып
мәлімдеуі мүмкін. Егер шартта тауардың белгіленген бағасы жоқ және оны
анықтау шарты ғана белгіленсе, ал сондай-ақ, егер кедендік декларацияны
беру күнінде өткізілетін тауардың сапасы немесе саны туралы дәл ақпарат жоқ
болса уақытша кедендік декларацияны беру күнінде белгіленген есептік баға
пайдаланылады. Уақытша кедендік декларация жоспарланған жеткізілім
басталғанға дейін кеден органына табыс етіледі. Кедендік төлемдер және
салықтар кеден органы уақытша кедендік декларацияны тіркегенге дейін немесе
тіркеген күні төленеді. Декларант, коносомент, қабылдап алу-тапсыру актісі
не бағасы мен мөлшерін анықтау үшін пайдаланылатын басқа да құжат
ресімделген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, бірақ уақытша
кедендік декларация тіркелген күннен бастап тоқсан күннен аспайтын мерзімде
толық және тиісінше толтырылған кедендік декларацияны беруге міндетті.
Уақытша кедендік декларацияға сәйкес кедендік төлемдер және салықтарды
қосымша төлеу немесе артық төленген кедендік баждар және салықтарды қайтару
жүктің толық кедендік декларациясын тапсырған кезде жүзеге асырылады.
Бір тұлға бір тауарларды кедендік шекара арқылы тұрақты түрде өткізген
кезде кеден органы белгілі бір уақыт кезеңі ішінде Қазақстан
Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін барлық тауарға
мерзімдік кедендік декларация беруге құқылы. Мерзімдік декларациялау
рәсімін қолдану арқылы тауарларды кедендік ресімдеу кезінде кеден органы
мерзімдік кедендік декларацияны тіркеген күні қолданыста болған Қазақстан
Республикасының нормативтік құқықтық актілері қолданылады. Мерзімдік
декларациялау жеткізілім кезеңі басталғанға дейін мерзімдік кедендік
декларация беру арқылы жүргізіледі. Бұл орайда мерзімдік кедендік
декларация тауарлардың бір тұтас легіне толтырылады. Мерзімдік
декларациялау рәсімі қолданылып тауарлар өткізілген жеткізілім кезеңі
аяқталғаннан кейін күнтізблік он күннен кешіктірмей, әкелінген немесе
әкетілген тауарлардың нақты саны есепке алынып толтырылған жүктің толық
кедендік декларациясы беріледі. Тауарлар мерзімдік кедендік декларацияда
мәлімделген көлемнен өзгеше көлемде әкелінген жағдайда, жүктің толық
кедендік декларациясы әкелінген тауарлардың нақты саны есепке алынып
толтырылады.
Мерзімдік декларациялау рәсімін пайдалануға рұқсат алу үшін мүдделі
тұлға кеден органына мынадай мәліметтерде:
1) тауардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша
жіктеу коды көрсетілген атауын;
2) тауарлардың күнтізбелік біт ай ішінде өткізілетін болжамды
жиілігімен көлемін;
3) тауарлар шығарылған елді;
4) сыртқы сауда шартының немесе санының негізінде тауарларды кедендік
ресімдеу жүргізілетін өзге де құжаттардың деректемлерін;
5) тауардың шамамен алынған кедендік құнын;
6) тауарды әкелген кезде – жіберушінің, әкеткен кезде тауарларды
алушының атауын;
7) әкеткен кезде – тауарларды әкету жүзеге асырылатын кедендік өткізу
бекетін көрсетіп, тауарды өткізетін тұлғаның басшысы қол қойған еркін
нысандағы өтініш береді.
Өтініш түскен кезден бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде кеден
органы өтінішті қарауға тиіс. Әкелінетін тауарларға қатысты рұқсат
тауарларды жіктеуге байланысты алдын ала шешім қабылданған жағдайда
бріледі.
Рұқсат:
1) болжамды өткізілетін тауарлар мерзімдік декларациялау рәсімдерін
пайдалану талаптарына сәйкес келмеген кезде;
2) кедендік төлемдер және салықтарды төлеу бойынша берешегі бар
тұлғаларға берілмейді.
Рұқсат сыртқы сауда шартының немесе соның негізінде тауарларды
кедендік рәсімдеу жүргізуге негіз болатын өзге құжаттардың қолданылу
мерзіміне беріледі.
Рұқсат:
1) тұлғаның кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешегі болған;
2) мерзімдік декларациялау рәсімдерін пайдалану талаптарын сақтамаған
жағдайларда қайтарып алынуы немесе оның қолданылуы тоқтатыла тұруы мүмкін.
Кедендік ресімдеу кезінде тауарларды декларациялау және өзге де
кедендік операциялар жасау барысында декларант:
1) Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін тауарларды
кеден органының бақылауымен тексеруге, өлшеуге және жүк операцияларын
орындауға, сондай-ақ кедендік декларация мен кедендік мақсаттар үшін
қажетті құжаттарды бергенге дейін тауарлардың сынамалары мен үлгілерін
іріктеп алуға құқылы.
2) Кеден органдарының лауазымды адамдары кедендік бақылау өткізгенде,
олар сынамалар мен үлгілерді іріктеп алған кезде қатысуға;
3) кеден органдары іріктеп алған сынамалар мен үлгілерге жүргізілген
зерттеулер нәтижесімен танысуға құқылы.
Декларант:
1) тауарлар мен көлік құралдарына декларация жүргізуге;
2) кеден органдарының талабы бойынша декларацияланатын тауарлар мен
көлік құралдарын көрсетуге;
3) кеден органына кедендік мақсаттар үшін қажетті құжаттар мен
мәліметтерді көрстуге;
4) кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуге немесе олардың төленуін
қамтамасыз етуге;
5) кеден органдарының өзге де талаптарын орындауға міндетті.
Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы құбыр
желісін пайдалана отырып не электр беру желілері бойынша өткізу кезінде,
сондай-ақ кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін өзге
де жағдайларда тауарларды уақытша кедендік декларация беру арқылы

кезеңінің ішінде тауарлардың шамамен алынған мөлшерін өткізу туралы ниет

декларант сатып алу-сату сыртқы сауда шартының бағасын ескере отырып
мәлімдеуі мүмкін.
Егер шартта тауардың белгіленген бағасы жоқ және оны анықтау шарты
ғана белгіленсе, ал сондай-ақ, егер кедендік декларацияны беру күнінде
өткізілетін тауардың сапасы немесе саны туралы дәл ақпарат жоқ болса, не
сатып алу-сату сыртқы сауда шартында белгіленген алдын ала (бағдарлық) баға
не сатып алу-сату сыртқы сауда шартында (келісім шартында) белгіленген есеп
шарттарына сәйкес уақытша кедендік декларацияны беру күнінде белгіленген
есептік баға пайдаланады. Мұндай есептер жүргізу мүмкін болмайтын
жағдайларда өткізілетін тауарды шартты бағалау кеден органы билігіндегі
баға ақпараттарының негізінде жүргізіледі.
Уақытша кедендік декларацияны толтыру және оны пайдаланып кедендік
ресімдеу тәртібін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган
айқындайды. Бұл кедендік ресімдеу кезінде, кеден органының уақытша кедендік
декларацияны тіркеген күні қолданыста болған нормативтік құқықтық актілер
қолданылады. Уақытша кедендік декларация жоспарланған жеткізілім
басталғанға дейін кеден органына табыс етіледі.
Кеден төлемдер және салықтар кеден органы уақытша кедендік
декларацияны тіркегенге дейін немесе тіркеген күні төленеді.
Декларант коносамент, қабылдап алу-тапсыру актісі не бағасы мен
мөлшерін анықтау үшін пайдаланылатын басқа да құжат ресімделген күннен
бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, бірақ уақытша кедендік декларация
тіркелген күннен бастап тоқсан күннен аспайтын мерзімде толық және тиісінше
толтырылған кедендік декларацияны беруге міндетті. Уақытша кедендік
декларацияға сәйкес кедендік төлемдерді және салықтарды қосымша төлеу
немесе артық төленген кедендік баждар және салықтарды қайтару жүктің толық
кедендік декларациясын тапсырған кезде жүзеге асырылады.
Жеке тұлғалардың тауарларды міндетті жазбаша декларациялауы.
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өтетін жеке тұлға
міндетті жазбаша декларациялауы жататын тауарларды өткізу кезінде олар
туралы өтініш, тауарлар кедендік ресімдеуге жағдайларды қоспағанда,
жолаушылардың кедендік декларациясын толтыру жолымен жүргізіледі.
Тауарларды жазбаша нысанда міндетті декларациялауға мынандай тауарлар
жатады:
1) қару, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттар;
2) есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар;
3) мемлекет үшін тарихи, көркем, ғылыми немесе мәдени құндылыққа ие,
әкетілетін өнер туындылары, коллекциялық және антиквариат бұйымдары;
4) улы және күшті әсер ететін заттар;
5) радиациялық материалдар;
6) Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылуы Қазақстан
Республикасының мемелекеттік органдарының тарапынан бақылауға жататын
жоғары жиілікті құрылғылар мен радио-электрондық байланыс құралдары;
7) Флора мен фауна сирек кездесетін коллекциялары мен үлгілері, олардың
бөлшектері мен олардан алынған өнім;
8) Қазақстан Республикасының валюталық заңдарымен шектеулер немесе
оларды Қазақстан Республикасына әкелудің және Қазақстан Республикасынан
әкетудің шарттары белгіленген валюталық құндылықтар;
9) Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының кедендік
шекарасы арқылы өткізудің жеңілдетілген тәртібін белгілеген жеке зергерлік
бұйымдарды қоспағанда, бағалы металдар мен асыл тастар;
10) Қазақстан Республикасының аумағына Қазақстан Республикасының
Үкіметі белгілеген нормалардан тыс әкелінетін акцизделетін тауарлар;
11) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетін адамдардың
жолда, не емделу үшін жеке өзінің ғана пайдалануына арналған дәрілік
құралдарды қоспағанда, фармацевтік өнімдер;
12) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауарлық
позицияларда 9018-9022 буылып жіктелетін тауарлар;
13) өндірістік немесе өзге де кәсіпкерлік қызметке арналған тауарлар;
14) өндірістік немесе өзге де кәсіпкерлік қызметке арналмаған, саны
неме құны Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормалардан асатын
тауарлар;
15) иесімен бірге жөнелтілмейтін багажбен өткізілетін тауарлар;
16) әкелу және әкету кезінде тауарларды жеңілдікпен өткізу көзделмеген
уақытша әкелінетін (әкетілетін) тауарлар;
17) көлік құралдары;
18) жеке тұлғаның шетел мемлекетінен Қазақстан Республикасына не
Қазақстан Республикасынан шетел мемелекетіне тұрақты тұруға қоныс аударуына
байланысты Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін
тауарлар.
Жолаушылардың кедендік декларациясының нысанын кеден ісі мәселелері
жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. Он алты жасқа толмаған адам өткізетін
тауарларды жазбаша декларациялауды оны алып жүрген адам жүзеге асырады.
Иесімен бірге жөнелтілмейтін багажбен өткізілетін тауарларға қатысты
жолаушылардың кедендік декларациясы тауарларды Қазақстан Республикасының
аумағына әкелу кезінде және сонымен бір мезгілде тауарларды кеден органына
көрсете отырып, оларды әкету кезінде тауарларды кеден органына көрсеткен
күннен бастап күнтізбелік он бес күннің ішінде берілуі тиіс. Иесімен бірге
жөнелтілмейтін багаждағы тауарларды тауар өткізуші адам немесе тауар
өткізуші адамның сенімхаты бойынша әрекет ететін басқа адам декларациялай
алады. Кеден органына мәлімделетін мәліметтердің дұрыстығына тауарларды
декларациялаушы адам жауапты болады.
Он алты жасқа толмаған адамның иесімен бірге жөнелтілмейтін багаждағы
тауарлар оның ата-аналары немесе қамқоршылары, не ата-аналарының немесе
қамқоршыларының сенімхаттары бойынша әрекет ететін адамдардың
декларациялауына жатады.
Иесімен бірге жөнелтілетін багаж – Қазақстан Республикасының кедендік
шекарасы арқылы өтетін кедендік жолаушылар декларациясын ресімдеу ережесін
тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аймақтан
өткізуін бекіту және жеңілдік тәртібі.
Кедендік жолаушылар декларациясын қолданып декларациялау тәртібі.
Кедендік жолаушылар декларациясын толтыру оның түрін құру шығарылатын
тұлғаның меншік жүгі, өткізілетін тауарлар немсе тұлғаның өкілетті
кәмелетке толмаған тұлғаның атынан, сонда-ақ тұлға, тауарларды
декларациялауға сенімдік болуы мүмкін.
Кедендік жолаушылар декларациясын толтыру үлгісі:
1) Кедендік жолаушылар декларациясы толтырылады;
2) Экземпляр толтырылады;
3) Егер декларациялау жағдайында анықтаманың толық болу
үшін тауар өткізуші тұлға, онда қосымша құжат қолданып
декларациялаудың басқа түрін құрады;
4) Қазақстан Республикасының кедендік шекарадан тауарларды өткізуші
тұлға, онда қосымша құжат қолданып декларациялаудың басқа түрін құрады.
Қазақстан Республикасының кедендік шекарадан тауарларды өткізуші әрбір
тұлға, кедендік жолаушылар декларациясын қолданып декларациялауға
мүмкіндікті жеткізуді тиіс;
5) егер кедендік жолаушылар декларация анықталған тауар тауар өтініші,
Қазақстан Республикасының кеден заңдарына қатысты декларацияалау
қарастырылудың жалпы тәртібі кедендік жүк декларациясы қабылданды;
6) декларацияланбаған тұтас тауарлардың анықтамасын тұлға,
міндеттемелерін бастауыш жазбаша декларациялау жазбаша құруы, қол жүгі мен
багажға қатысты өтінішті қарастыру, оны Қазақстан Республикасының кедендік
шекарадан ауыстыру.
Кеден органдарының лауазымды тұлға. Кедендік жолаушылар декларациясын
ресімдеу тәртібі.
Кедендік жолаушылар декларациясының анықтамаларын тексеруден соң
сәйкестігін өтінішіне, барлық рұқсат етілген құжаттарды кеден органының
лауазымды тұлғасы тексереді, тауарларға қатысты, ветеринарлық және
фитосанитарға қатысты, экологиялық және мемлекеттік бақылаудың басқа түрі,
мемлекеттік органға өкілетті беруі, құқыққа байланысты тауарларды басқа
жерге ауыстыруға Қазақстан Республикасының кеден органдарының заңына сәйкес
болуы тиіс.
Кеден органдарының лауазымды тұлғаларда “Қызметте белгіленді”
шарысында белгілейтін рәміздері М.П оттиск қойылып, жеке нөмірі мөрі және
лауазымды, жеке нөмірі мөрі және қолы қойылып декларацияны қабылдап және
тауарларды ресімдеу кеден органдары мен өткізіледі.
Кедендік ресімдеу қабылданғаннан соң, бұл құжат заңды күші бар болып
табылады.
Кедендік жолаушылар декларациясы толтырылған соң ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz