Android ОЖ қосымшаны құрастыру технологиясын қарастыру


Мазмұны
Кіріспе
1 Android ОЖ қосымшаны құрастыру технологиясын қарастыру
Android операциялық жүйесіне арналған қосымшаларды құрастыру
2 Қосымшаның ақпараттық жүйесін жобалау және бағдарламалау тілдерін таңдауды негіздеу
2. 1 Android-қа арналған қосымшаны ұйымдастыру және жобалау
2. 2 Біріздендірілген модельдеу тілі UML
3 Қосымшаның ақпараттық жүйесін құpу тexнoлoгияcы мeн әдicтeмeci
CRM жүйесімен жұмыс істеуді қарастыру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КіріспеБүгінгі күні смартфондардың адам өміріне көмегі біз ойлағаннан әлде қайда көп тиіп жатыр. Оның көмегімен көптеген ақпараттарға қол жеткізуге, қашықтықтан объектілерді бақылауға, тіпті жол белгілерін тануға болады. Мәселен, көлігімізбен жол жүріп бара жатып, жол белгілерін байқамай қалуымыз мүмкін, соның салдарынан жол жүру ережелері бұзылып жатады. Жол белгілерін тану мүмкіндігі заманауи құрылғылардың көмегімен оңай, әрі арзан жүзеге асырылады, бірақ мұндай мүмкіндіктерді мобильді құрылғыларда қолдану республикамызда өте сирек кездеседі.
Android, Linux операциялық жүйесі негізінде жасалған. Программаның және ядроның арасында API қабаты және нативті кодтағы кітапхана орналас- қан. Программа виртуалды машина Java-да (Dalvik Virtual Machine) орындалады.
Android-та көптеген қосымшаларды бір уақытта ашу мүмкіндігі бар. Бірақ, бір қосымша толығымен бүкіл экранды алады. Ағымдағы қосымшаны қолдана отырып басқа программаны қосуға немесе жаңасын ашуға болады. Тарихын көруге болатын браузерге ұқсайды.
Android арнаулы механизмді қолданып, әрекеттерді Intent негізде жүргізеді. Яғни, белгілі әрекетттер істелген кезде (қоңырау соғу, хабарлама жіберу, терезені көрсету), Intent шақырылады.
Тағы да, Android демоға ұқсас Linux серверлерін ұстайды, олардың атқару қызметі керекті әрекетті фондық режимде орындалады (мысалы, өленнің ойналуы) . Программада деректерді айырбастау үшін Content providers провайдері қолданылады. Айтылмыш жұмыс үшін деректер провайдерін пайдаланып, қолданушының құрылғысына орнату керек.
Android-коммуникаторларға, планшеттарға, цифрлық ойнатқыштарға, цифрлық фоторамкаларға, қолға киетін сағаттарға, нетбук және смартбуктарға арналған операциялық жүйе. Программаларды өңдеудегі негізгі тілдердің бірі Java. Программаны жасау үшін Eclipse ортасын қолданамыз, AndroidSDK мобильдік құрылысы SDK эмуляторы арқылы іске асады. Java объектісіне негізделген тіл. Бірінші орында ол қолданушыға жеңіл әрекеттестікті көрсетеді.
Android операциялық жүйесіне арналған қосымшаларды құрастыруAndroid-қа арналған қосымшаны құрастырудан бұрын, осы мақсатқа қажет болатын құралдарды қарастырсақ, Android-қа арналған мобильді қосымшаларды жасау құралдардын белгілеп алуға болады. Құрастыру процессін жеңілдететін қосымша көптеген жүйелер бар.
Міндетті түрде қолдану керек құралдарға Android SDK - мобильді қосым- шаны жасауға, компиляциялауға және құрастыруға қажетті құралдарын жатқыза аламыз. Мысалы, бағдарламалау құралдарының жиынтығы. Android SDK құрамына кіретін ең маңызды құралдарды қарастырайық.
SDK Manager - Android SDK компоненттерін жүктеуге мүмкіндік беретін құрал. Android SDK дестелерін және олардың мәртебелерін көрсетеді: орнатыл- ған (Installed), орнатылмаған (Not Installed), қол жетімді жаңартулар (Update available) . Android SDK Manager 1. 1 суретте көрсетілген.
1. 1-сурет. Android SDK Manager
Debug Monitor - графикалық интерфейсті Android қосымшаларды талдауға және дұрыстауға арналған бірнеше құралдарға көрсететін дербес құрал. Ол құралдар DDMS (Dalvik Debug Monitor Server) порттарды жібереді, құрылғы экранын қармау қызметтерін орындайды, Android әрекеттері жөніндегі ақпараттарды шынайы уақыт режимінде (logcat) жіберуді ұсынады.
Hierarchy Viewer Android қосымшаның пайдаланушылық интерфейсін реттеуге және оңтайландыруға мүмкіндік береді [1] .
Tracer for OpenGL ES - мобильді қосымшада пайдаланылатын OpenGLES кодты талдауға арналған құрал. OpenGLES командаларын қармап және оларды жеке кадрлар бойынша көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл графикалық командалардың қалай орындалатындығын түсінуге көмектеседі.
Android Emulator (emulator) - құрастырушы компьютерінде жасалатын және жұмыс істейтін виртуалды мобильді құрылғы. Ол шынайы құрылғыларды емес, мобильді қосымшаларды құрастыруда және сараптауда пайдаланылады.
AVD Manager - Android Emulator-да қарастырылатын, виртуалды Android құрылғыларын құрастыруға және оларды басқаруға арналған графикалық интерфейс. Monitor құралының терезесі 1. 2 суретте көрсетілген.
1. 2-сурет. Monitor құралының терезесі
Android Debug Bridge (adb) -эмулятор немесе компьютерге жалғанған шынайы Android құрылғының күйін бақылауға мүмкіндік беретін икемді құрал. Сонымен бірге, Android қосымшаны (. apk файлы) шынайы құрылғыға орнату үшін пайдаланылуы мүмкін.
Біз Android SDK құрамына кіретін негізгі құралдарды қарастырдық. Android-қа арналған мобильді қосымшаларды құрастыру үшін, SDK құралдарын жақсы білудің өзі жеткілікті. Жобаларды дайындауға қажетті қосымша нұсқаулықтар, компиляциялар, командалық жолдан іске қосулар Google-дың нұсқаулығында берілген [2] .
Қазіргі заманғы жағдайларда БЖ құрастыру көп жағдайда кіріктірілген құрастыру орталарын (IDE) пайдалану арқылы жүргізіледі. IDE-нің бірнеше басымдылықтары бар: қосымша компиляциясы, жинақтау және іске қосу процесстері әдетте автоматтандырылған, осыған байланысты, бастаушы құрастырушылар үшін алғашқы қосымшаны жасау қиынға соқпайды. Бірақ құрастырумен шындап айналысу үшін, ортаның мүмкіндіктерін зерттеуде үлкен күш пен уақыт жұмсау керек. Android құрастыруға арналған IDE-ді қарастырайық. Алдымен Google ұсынған екі құрастыру ортасы жөнінде айтып кетейік: Android IDE (ADT) және Android Studio.
- Android IDE - Eclipse-ке негізделген Android-қа арналған құрастыру орта- сы. Мобильді қосымшаларды құрастыруға, жинақтауға және ретке келтіруге арналған кіріктірілген құралдарға ие. Android IDE негізгі құрастыру орталарының бірі. Бұл ортаның мүмкіншіліктері өте көп. Алдымен, эмуляторда және шынайы құрылғыда қосымшаны жасап, іске қосу үшін ортаны орнатып, баптап алу қажет. Android Studio құрастыру ортасы 1. 3 суретте көрсетілген.
- Android Studio - IntelliJ IDEA-ге негізделген, Android-қа арналған құрасты- ру ортасы. Android IDE секілді, құрастыру және ретке келтіруге арналған кіріктірілген құралдарға ие. IntelliJ-дің мүмкіншіліктеріне қосымша түрде, Android Studio-да келесідей мүмкіндіктер бар:
- Gradlie-ке негізделген қосымшаны жинақтауды қолдау;
- Android үшін ерекше болып саналатын рефакторинг және ақауларды жыл- дам жөндеу;
- өнімділікпен, басқа нұсқалармен сәйкестендіру және басқа да мәселелерді іздеуге арналған lint құралдары;
- ProGuard мүмкіндіктері (кодты қысқартуға, оңтайландыруға арналған утилита) және қосымшалардың қолдары (подсписи) ;
- үлгілерге негізделген, жалпы Android құрылымдары мен компоненттерін жасауға арналған мастерлер;
- экранның көптеген өлшемдерінде және ажыратымдылықтарында жұмыс істей алатын WYSIWYG редактор, іске қосылған қосымшаны бірден бірне- ше құрылғыларда және шынайы уақыт режимінде көрсететін, алдын-ала қарау терезесі;
- Google-дың бұлттық платформасының орнатылған қолдауы (поддержка) ;
- Android Studio-ның соңғы нұсқасын жүктеу, сонымен бірге орнату, баптау және жұмысты бастау туралы нұсқаулығын алуға болады;
1. 3-сурет. Android Studio құрастыру ортасы
Android-қа арналған қосымшаларды құрастыруға мүмкіндік беретін басқа да құралдарды қарастырайық. Intel - Intel XDK және Intel Beacon Mountain құралдарын алатын болсақ :
- Inter XDK оңай түрде кроссплатформалық мобильді қосымшаларды құрас- тыруға мүмкіндік береді;
- құрамында БЖ жасауға, реттеуге және жинақтауға арналған құрылғылар, сонымен бірге қондырғының эмуляторы болады;
- Android, Apple iOS, Microsoft Windows8, Tizen арналған құрастыруларды қолдай алады;
- HTML5 және JavaScript құрастыру тілдерін қолдайды [3] .
Мобильді қосымшаларды құрастыруға арналған HTML5 жаңа буынды құралдары мен Intel XDK құралдары көп қолданылады. Осы құралдардың көмегімен мобильді қосымшаны құрастыру жобалануда.
Intel Baecon Mountain - Android ОЖ-нің басқару жұмысын жасайтын құралдарына арналған қосымшаларын жобалауға мүмкіндік беретін құрастыру ортасы. Android-қа арналған қосымшаларды жобалауға, құрастыруға, реттеуге және оңтайландыруға мүмкіндік беретін құралдарға ие. Құрастырушының құрастыру жүйесін өзекті күйде қолдап отыру қажеттілігінен босатады. Intel Atom және ARM процессорлары негізіндегі мақсаттық платформаларды құрастыруға мүмкіндік береді. Beacon Mountain Android IDE (Eclipse, Android ADT, Android SDK ) негізінде құрастырылған, күрделі құрастырулар мен оңтайландырулар үшін келесідей Intel құралдары қосылған:
- Intel Hardware Accelerated Execution Manager (Intel HAXM) - құрастыру ортасында эмулятор жұмысын күшейту үшін Intel (Intel VT) виртуалдандыру технологиясын пайдаланатын, аппараттық түрде қолдау табатын виртуалдандыру процесссоры.
- Intel Graphics Performance Analyzers (Intel GPA) System Analyzer - Android ОЖ-нің басқаратын Intel Atom процессоры бар мобильді қондырғыларын қолдайды. Құрастырушыларға OpenGL процедураларын қолдану кезінде жүйенің жүктелуін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Шынайы уақыт режимінде CPU, GPU және OpenGL ES API жүктеулігін көрсететін көптеген жүйелік метриктерді алуға мүмкіндік береді. Құрастырушы графиканы өңдеу кезінде тар жерлерді анықтау үшін бірнеше графикалық тәжірибелерді іске қоса алады.
- Intel Integrated Performance Primitives (Intel IPP) Preview - Android ОЖ басқаратын Intel платформасына ие мобильді қондырғыларды қолдайтын, деректер мен суреттерді оңтайлы түрде өңдейтін кітапхана. Preview нұсқасы Android ОЖ қолдайтын Intel IPP-дің толық нұсқасының бір бөлігі.
- Intel Threading Building Blocks (Intel TBB) - масштабталатын қосымшаларды құрастыруға және өнімділікті арттыруға арналған, кеңінен қолданылатын, сенімді C++ үлгілерінің кітапханасы. Android басқаратын Intel платформасына ие мобильді құрылғыларды қолдайды. Сенімді алгоритмдер құрастырушыларға С ++ мобильді қосымшаларын тиімді түрде параллельдеуге мүмкіндік береді. Бұл энергетикалық шығындардың азаюы кезінде өнімділікті арттырады. Intel Beacon Mountain қолдау беті 1. 4 суретте көрсетілген.
1. 4-сурет. Intel Beacon Mountain қолдау беті
Marmalade SDK аспаптарын (инструментарий) назардан шығармау керек.
Marmalade SDK - Ideaworks3D Limited ұсынатын кроссплатформалық SDK. Мобильді қондырғыларды құрастыруға, сараптауға және өрістетуге арналған кітапханалар, үлгілер, құралдар және құжаттамалардың жиынтығы болып келеді. Негізінен ойындарды құрастыру үшін қолданылады. Cut the Rope және Plants vs. Zombies секілді көптеген ойындар осы бағдарламалық құралдарды пайдаланылып құрастырылған. Өкінішке орай, Marmalade SDK прориетарлық бағдарламалық жасақтама болып келеді (ең арзан лицензиясы ай сайын $15) [4] .
Отандық құрастырушылар туралы айтпай кетуге болмайды. Мысалы, 1С компаниясы заманмен қатар жүреді, 1С 8. 3 платформасының нұсқасы мобильді қосымшаларды құрастыруға мүмкіндік береді. «1С: Предприятие 8. Расшире- ние карманных компьютеров» бағдарламалық өнімі 1С: Предприятия 8 ақпараттық қорларының деректерімен мобильді құрылғыларда (қалталы компьютерлер, коммуникаторлар, деректерді жинау терминалдарында), сонымен бірге 1С: Предприятия 8 ақпараттық қорларына тікелей қол жеткізу мүмкіндігіне ие емес жеке компьютерлерде (соның ішінде ноутбуктарда) жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Әрине бұл бағдарламалық өнімнің қолдану аясы өте кішкентай, бірақ кейбір жағдайларда бұл өте ұтымды шешім болуы мүмкін.
1С мобильді қосымшалардың редакторы 1. 5 суретте көрсетілген.
Эмуляция. Android стандартты эмуляторы. Эмуляция (ағыл. emulation) есептеуіш техникада - бағдарламалық, аппараттық кешендер немесе олардың үйлесулері. Олар бір есептеуіш жүйенің (қонақ) функцияларын басқа есептеу жүйесіне (хост), эмуляциялық тәртіп тұпнұсқаның (қонақтың) тәртібіне мүмкін- дігінше сәйкес болатындай етіп көшіруге (эмуляциялауға) арналған. Оның мақсаты, асбтрактілі модельдің тәртібі тек иммитацияланатын компьютерлік модельдеудің әртүрлі формаларына қарағанда, тәртіпті максималды түрде дәл қылып жаңғырту болып келеді.
1. 5-сурет. 1С мобильді қосымшалардың редакторы
Эмулятор - компьютерде іске қосылатын, виртуалды мобильді құрылғы. Эмулятордың көмегімен шынайы құрылғыларды пайдаланбай-ақ, қосымшаларды құрастыруға және сараптауға болады. 1. 6-суретте іске қосылған стандартты эмулятордың үлгісі көрсетілген.
1. 6-сурет. Android SDK эмуляторы Hello, world қосымшанысының іске қосылу процесі
Эмуляторларды қолданудың басымдылықтарына қолданудың оңайлығын және тегін болуын жатқызуға болады. Құрастырушыға әртүрлі смартфондарда жұмыс істеу қабілеттілігін тексеру үшін, әртүрлі сипаттамалары көптеген құрылғыларды сатып алудың қажеттілігі жоқ. Тек талап етілетін сипаттамалары бар эмуляторларды жасап және оларда қосымшаларды іске қосу ғана жеткілікті. Өкінішке орай, эмуляторлардың кемшілігі де жоқ емес, ол көп жүйелік ресурстарды талап етеді.
Компьютер мен смартфон процессорларының архитектурасындағы айырмашылықтардың әсерінен баяу іске қосылады. Қазіргі заманғы дербес компьютерлер х86 және х64 архитектураларында құрылған, ал Android ОЖ қолданатын көптеген смартфондар - ARM-да жасалған. Бір архитектурадан екінші архитектураға эмуляциялау процессі өте күрделі болады және өте баяу жүреді.
Кейбір жағдайларда стандартты эмулятор жеткіліксіз болады. Бұл жерде мәселе, қарапайым компьютерлерде жоқ смартфондық мүмкіндіктер жөнінде (мысалы, gps датчигі немесе акселометр) айтылады. Мұндай жағдайларда толығымен реттеуді тек шынайы құрылғыны қолдану арқылы ғана жүргізуге болады .
Android SDK-мен бірге келетін стандартты эмулятор көп адамдардың көңілінен шықпайды. Баламалы эмуляторлардың құрастыруларын және дамуын қолдай алатын жобалар бар. Мысал ретінде Genymotion (1. 7-сурет) Android-тың жылдам эмуляторын (құрастырушылардың пікірінше) келтіруге болады. Оның ішінде алдын ала бапталған Android (OpenGL күшейткіші бар х86) үлгілері (образ) бар. Genymotion Linux, Windows және Mac OS X үшін қол жетімді, және өзінің жұмысы үшін VirtualBox-ты талап етеді. Басқаша айтқанда, Genymotion деп өзінде орнатылған Android ОЖ бар виртуалды машинаны айтамыз. Жүйелік ресурстардың көп шығыны мәселесін шешпейді, бірақ іске қосу жылдамдығы едәуір артады. Қазіргі уақытта белсенді түрде дамуда.
1. 7-сурет. Genymotion баламалы эмуляторы
Мобильді қосымшаларды құрастыруға кірісе бастағанда, негізінен қандай қосымшалардың түрлері бар екендігі туралы білу керек. Өйткені, қосымша қандай типке жататындығы анықталатын болса, оны құрастыру процессі кезінде қай жерлерге негізгі көңілді аудару керек екендігі түсінікті бола бастайды. Қосымшалардың келесідей түрлерін белгілеуге болады:
Алдыңғы пландағы қосымшалар экранда көрінетін кезде ғана өз функцияларын атқарады, кері жағдайда ол тоқтап тұрады. Мұндай қосымшаларға ойындарды, мәтіндік редакторлар, видожаңғыртқыштарды жатқызуға болады. Қосымшаларды құрастыру кезінде белсенділіктің өмір сүру циклін егжей-тегжейлі зерттеу қажет. Фондық режимге ауысу және қайта кіру процесстері өте жұмсақ түрде орындалуы тиіс, яғни қосымшаның бірінші планға қайта оралуы кезінде, ол мүлдем жоғалмағандай түрде болуы тиіс. Бұл жұмсақтыққа қол жеткізу үшін фондық режимге кіру кезінде қосымша өзінің күйін сақтағанын, ал бірінші планға шығуы кезінде оның қалпына келуін қадағалау керек. Назар аудару керек тағы бір мәселе, бірінші пландық қосымшаны құрастыру кезінде оның интерфейсінің ыңғайлы және түсінікті болуы .
Фондық қосымшалар баптаудан кейін пайдаланушымен ешқандай әрекеттесуге түспейді, көп уақыт бойы олар жасырын күйде жұмыс істейді. Мұндай қосымшаларға мысал ретінде қоңырауларды экрандау, автоматты SMS жауап қайтарғышын көрсетуге болады. Көп жағдайда фондық қосымшалар аппараттық жабдықтаманы, жүйе немесе басқа қосымшалар тудырған оқиғаларды қадағалауға бағытталған. Тіптен көрінбейтін сервистерді жасауға болады, бірақ олар басқаруға келмейтін болып қалады. Рұқсат етілетін әрекеттер: сервистің санкцияланған іске қосылуы, баптау, қажет болған жағдайда оның жұмысын тоқтату немесе кідірту [7] .
Аралас қосымшалар көп уақыт бойы фондық режимде жұмыс істейді, бірақ пайдаланушымен әрекеттесуге баптаудан кейін де рұқсат ете алады. Әдетте, пайдаланушылармен әрекеттесу қандай да бір оқиғаны хабарландырумен шектелуі мүмкін. Мұндай қосымшаларға мысал ретінде мультимедиа-жаңғыртқыштар, мәтіндік хабарламалардың алмасуына арналған бағдарламалар, пошталық клиенттер қарастырыла алады. Бұл қосымшаларда көрінетін белсенділіктермен қатар, көрінбейтін (фондық) сервистер де болады және пайдаланушымен әсерлесу кезінде ағымдағы күйі ескерілуі тиіс. Егер қосымша алдыңғы планда болса, графикалық интерфейсті жаңарту керек болады немесе фондық режимнен пайдаланушыға болып жатқан жағдайлар жайында хабарламаларды жіберіп тұруы тиіс. Мұндай ерекшеліктерді осындай қосымшаларды құрастыру барысында ескеріп отыру маңызды.
Виджеттер - жұмыс үстелінде графикалық нысан түріндегі кішкентай қосымшалар. Оған мысал ретінде динамикалық ақпаратты көрсетуге арналған қосымшаларды, яғни батарея зарядын, ауа-райын, дата және уақытты жатқызамыз. Қосымшаны құрастыруды жоспарлауда алдымен оның пайдалану тәсілдерін анықтау керек, одан кейін ғана жобалауға және құрастырудың өзіне кірісу қажет.
Android ОЖ-гі қосымшалардың жұмыс істеулерінің ұйымдастыруларына назар аударайық. Айтылып өткендей, Android-қа арналған қосымшалар Java бағдарламалық тілінде құрастырылады, . apk кеңейткіші бар файлда компиляцияланады, одан кейін осы файл Android басқармасындағы құрылғыға орнату үшін қолданылады. Орнатылғаннан кейін әрбір Android қосымшасы өзінің қауіпсіз құмсалғышында өмір сүреді, оның қалай көрінетіндігін сипаттасақ:
- Android операциялық жүйесі көп пайдаланушылық ОЖ болып келеді, онда әрбір қосымша жеке пайдаланушы ретінде қарастырылады;
- үнсіз келісім бойынша, жүйе әрбір қосымшаға бірегей пайдаланушылық ID тағайындайды;
- жүйе қосымшаларының барлық файлдарына қол жеткізу құқығы келесідей: қосымша элементіне сәйкес ID бар пайдаланушы ғана қол жеткізе алады;
- әрбір қосымшаға жеке Linux процессі сәйкес болады, ол қосымшаның бір компонентіне қажет болған кезде іске қосылады, қосымшаның ешқандай компонентін пайдаланбай жатқан кезде немесе басқа қосымшалар үшін жадыны босату керек болған жағдайда тоқтатылады;
- әрбір процесске Dalvik виртуалды машинасының жеке экземпляры сәйкес болады, осыған байланысты қосымшаның коды басқа қосымшалардан оқшау түрде орнатылады.
Android ОЖ-нің көрсетілген функционалдау идеялары минималдық артықшылықтар принциптерін жүзеге асырады, яғни әрбір қосымшаға, үнсіз келісім бойыша өзінің жұмысына қажетті ғана компоненттерге қол жеткізу құқығы берілген. Осылайша, қосымшаның өте қауіпсіз жұмыс істеу ортасы қамтамасыз етіледі.
Алайда, қажет болған жағдайда, қосымшалар басқа қосымшалардың деректеріне немесе жүйелік сервистерге қол жеткізуі мүмкін. Екі қосымшаға бір-бірінің деректеріне қол жеткізу керек болған жағдайда, оларға бір пайдаланушылық ID тағайындалады. Үнемді жүйелік ресурстар үшін қосымшалар бір Linux процессте іске қосылады және бір-бірімен ортақ виртуалды машинаның экземплярын бөледі, бұл жағдайда қосымша бір сертификатпен жазылуы тиіс. Егер де қосымшаға жүйелік деректерге қол жеткізу қажет болса, мысалы, контактілер, SMS хабарландырулар, жад карталары, камераға, Bluetooth және т. б., пайдаланушы қосымшаны орнату кезінде өкілеттілік беруі тиіс.
Android-қа арналған қосымшаның ішкі құрылымына келсек: оның архитектурасы мен негізгі компоненттеріне көңіл бөлген жөн.
Android қосымшасының архитектурасы, құрылым блоктары болып саналатын компоненттерді көп реттік қолдану идеясына негізделген. Әрбір компонент жеке мән болады және қосымшаның жалпы тәртібін анықтауға мүмкіндік береді.
Android жүйесінде, кез-келген қосымша басқа бір қосымшаның қажетті компоненттерін іске қоса алады. Мысалы, егер қосымша суретке түсіру үшін камераны пайдалануды қажет етсе, осы қосымшада камерамен жұмыс істеу белсенділігін құрудың қажеттілігі жоқ. Көп жағдайда қосымшаның өзінде камерадан суреттер алу мүмкіндігі бар, тек қана сәйкес белседілікті іске қосып, суретті алу және оны қосымшаға қайтару ғана қажет. Пайдаланушы камераның өзін қосымшаның бір бөлігі деп қарастырыуы мүмкін. Егер компонент іске қосылмай, компонентке қажетті класстарды жасап жатса, жүйе компонентті іске қосқан кезде, ол қосымшаның сол компонент жататын процесін іске қосады. Сол себепті басқа көптеген жүйелерге қарағанда, Android Жүйесінде қосымшалар бірыңғай шығу нүктесіне ие емес (мысалы, main () тәсілі жоқ) . Жеке процессте әрбір қосымшаның іске қосылуына және файлдарға қол жеткізудің шектеулігіне байланысты, қосымша басқа қосымшаның компонентін тікелей қоса алмайды. Осылайша, басқа қосымшаның компонентін активациялау үшін, жүйеге белгілі бір компонентті іске қосу ниеті жайында хабарлама жіберу қажет, сол кезде жүйе оны активациялайды [9] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz