Ақпаратты сақтау - Деректер қоры


Ақпаратты сақтау- компьютердің ең маңызды функцияларының бірі. Оның ең көп тараған құралы деректер қоры (ДҚ) болып табылады. ДҚ-берілген құрылымдағы ақпараттардан тұратын арнайы форматтағы файл. ДҚ-да сақталатын берілгендер кесте түрінде дайындалады. Деркетерді және олардың арасындағы байланыстарды ұйымдастырудың келесі типтері бар:
1) иерархиялық;
2) тораптық;
3) реляциялық.
Иерархиялық ДҚ-да жазба элементтері реттеліп жазылады да, оның бір элементі негізгі, қалғандары бағыныңқы элементтер деп есептеледі. Мұнда элементтер нақты тізбек бойынша сатылы түрде реттеліп қойылады. Онда берілгендерді іздеп табу саты бойынша төмен бағытта жүргізіледі. Мысалы: Windows бумасындағы файлдар жүйесі, Интернет ресурсындағы каталогтар жиыны.
Тораптық ДҚ- объектілердің арасындағы өзара байланыс түрлері қарастырылады. Егер бұл модельді графикалық түрде бейнелесек - жазықтықта бағыттауыш сызықтармен бейнеленген байланыстар шығады. Мысалы: сілтемемен байланысқан WWW-құжаты.
Реляциялық ДҚ - да кесте түрінде дайындалған берілгендер. Ол ең көп тараған берілгендер қоры, кестелер арасындағы байланыстар - жиі пайдаланылатын ең маңызды ұғым. ДҚ-да бағандарды өрістер (поля) деп, ал жолдарды жазбалар (записи) деп атайды. Кестеде қайталанатын бірдей жолдар болмайды. Өрістің негізгі ерекшелігі - бір өріс элементтері бір типті етіп құрылады. Бұл реляциялық деректер қорының Excel кестелік процессорынан негізгі айырмашылығы.
Реляциялық ДҚ құру және онымен жұмыс істеуді басқару үшін көптеген арнайы программалар дайындалған: dBase, FoxBase, FoxPro, Access және т. б. Оларды реляциялық типтегі деректер қорын басқару жүйелері (ДҚБЖ) деп атайды.
Көптеген ДҚ кестелік құрылымда болады. Кестелік құрылымда берілгендердің адрестері жол мен бағананың қиылысуымен анықталады. Кестелерді жобалау кезінде олардың құрылымдарын алдымен қағазда жасаған ыңғайлы. Кестедегі әрбір өріс оның тақырыбына сәйкес болатын жеке мәліметтен тұрады.
Әр түрлі кестедегі берілгендерді байланыстыру үшін, әрбір кестедегі әрбір жазбаның өзіндік жеке мәнін бере алатын өріс не өрістер жиынтығы болуы тиіс. Мұндай өріс не өрістер жиынтығын негізгі кілт деп атайды.
Жүйе қауіпсіздігін жүзеге асыруға ДҚБЖ жауапты. SQL тілі реляциялық ДҚБЖ қауіпсіздік жүйесінің іргетасы болып табылады: деректер қорындағы ақпаратты қорғаужүйесіне қойылатын талаптар SQL инструкциясының көмегімен құрылады. SQL-де деректерді қорғаумен негізгі үш концепция байланысқан:
1. Қолданушылар деректер қорындағы негізгі жұмыс істейтіндер болып табылады. ДҚБЖ деректерді алғанда, қойғанда, жойғанда немесе өңдегенде əр уақытта қандай да бір қолданушы атынан жасайды. ДҚБЖ талап еткен əрекетті қай қолданушы сұрайтынына байланысты қабылдайды немесе орындамайды.
2. Деректер қорының объектілері қорғанысы SQL көмегімен жүзеге асатын элементтер болып табылады. Əдетте, ұсыну жəне кесте қорғанысы қамтамасыз етіледі, бірақ басқа объектілер: формалар, қолданбалы программалар жəне толық деректер қоры қорғанысқа алынады. Көптеген қолданушыларға деректер қорының бір объектісін қолдануға рұқсат етіледі жəне басқаларын қолдануға тыйым салынады.
Артықшылықтар - бұл қолданушының деректер қорындағы анықталған объектіге кейбір əрекет ету құқығы. Қолданушыға кейбір кестеден жолдарды алуға жəне оларды оған қосуға рұқсат етіледі, бірақ бұл кесте жолын жоюға немесе жаңартуға тыйым салынады. Басқа қолданушыда артықшылықтың басқа жиынтығы болуы мүмкін.
Қолданушыларды басқару MS SQL Server ортасында қолданушыларды құру мəселесін қарастырайық. Деректер қорының логикалық құрылымын жобалау, кестелер арасындағы байланыс, тұтастыққа шектеу жəне басқа құрылымдардан соң деректер қорына рұқсаты бар қолданушылар ортасын анықтау қажет.
SQL-сервер жүйесінде деректерге рұқсат шектеуінің екі деңгейлі түзету салуы ұйымдастырылған. Бірінші деңгейде қолданушының тіркелу жазбасын (login) құру қажет, онымен сервердің өзіне қосыла алады, бірақ деректер қорына аутоматты қосылуға рұқсат бермейді. Екінші деңгейде əрбір SQL-сервер деректер қорына тіркелу жазбасына негізделе қолданушы жазбасын құру қажет.
Қолданушыға деректер қорын қолданушы (user) ретінде берілген құқық негізінде, оның тіркелу аты (login) сəйкес деректер қорына рұқсат алады. Түрлі деректер қорында бір қолданушының login бірдей не əртүрлі user атты түрлі рұқсат құқығы болады.
Басқаша айтқанда, қолданушының тіркелу жазбасының көмегімен SQL-серверге қосылу жүзеге асады, одан соң əрбір деректер қорына рұқсат деңгейі жекелеп анықталады. SQL-сервер объектілеріне рұқсат деңгейін анықтайтын қосымша объектілер рольдер - SQL-сервер жүйесінде бар. Олар екі топқа бөлінген: сервер қолданушысының тіркелу жазбасы үшін тағайындалғандар жəне деректер қоры объектілеріне рұқсатты шектеу қолданылымдары.
Қауіпсіздік жүйесі сервер деңгейінде келесі түсініктерді басқарады:
1. аутентификация;
2. тіркелу жазбасы;
3. орнатылған сервер ролі.
Деректер қоры деңгейінде келесі түсініктер қолданылады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz