КОРПОРАЦИЯНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

1 КОРПОРАЦИЯНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Корпорацияның қаржылық тұрақтылығын талдаудың экономикалық мазмұны мен мәні

Қаржылық тұрақтылық корпорацияның іскерлік белсенділігі негізінде қарастырылады. «Іскерлік белсенділік» термині отандық есептік-талдамалық әдебиетте салыстырмалы таяуда, әр түрлі елдерде кеңінен әйгілі талдамалық коэффициенттер жүйесінің негізінде қаржылық есептілікті талдау әдістемесін енгізумен байланысты қолданыла бастады. Сөзсіз, бұл терминнің тұжырымдамасы әр түрлі болуы мүмкін. Кең мағынада, іскерлік белсенділік өнімнің, еңбектің, капиталдың нарқында ұйымдардың алға жылжуына бағытталған бүкіл күш жігері спектрін білдіреді. Ал қаржылық-шаруашылық қызметті талдау мәнмәтінінде бұл термин анағұрлым шағын мағынада − ұйымның ағымдық өндірістік және коммерциялық қызметі ретінде түсіндіріледі. Осы жағдайда «іскерлік белсенділік» сөз тіркесі «business activity» ағылшын тіліндегі термині сәйкес коэффициенттер тобын сипаттаушы ең жақсы аударма болып саналмайды [2] .

Коммерциялық ұйымның іскерлік белсенділігі оның динамикалық дамуынан, натуралдық және құндық көрсеткіштерді бейнелеуші оның мақсаттарына жетуден, өзі өнімін өткізу нарықтарын ұлғайтудан, экономикалық потенциалды тиімді қолданудан көрінеді.

Дәстүрлі түрде іскерлік белсенділік Қазақстанда, Ресейде, әлемде де, салалар, секторлар немесе бүкіл экономика деңгейінде анықталады.

Сол сияқты шаруашылық субъектілердің іскерлік белсенділігін микродеңгейде зерттеу қажеттілігі туындады, бұл өз кезегінде нарықтық жағдайда қалыптасатын нақты міндеттерді ғана шешуге мүмкіндік береді, сол сияқты кәсіпорынның басқару тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Мұнда бұл категорияның бір мәнді сәйкестендіру әлде де жоқтың қасы. Іскерлік белсенділікті сандық өлшеуге мүмкіндік беретін параметрлер анықталмаған, кәсіпорынның іскерлік белсенділігімен тиімділік пен бәсекеқабілеттілік сияқты маңызды оның сипаттамаларымен өзара байланысы бағыттары өңделмеген, іскерлік белсенділік пен нәтижелілік ұйым қызметінің барлық сфераларында үйлесуі анық емес, ұйымның ағымдық және стратегиялық міндеттерін шешумен іскерлік белсенділіктің қаншалықты байланысты екендігі айқындалмаған, және ұйымның іскерлік белсенділігі оның еңбек ұжымының әлеуметтік дамуына және бизнестің әлеуметтік жауаптылығына қалай ықпал ететіні өңделмеген.

Іскерлік белсенділікті анықтаудың көп түрлілігі барысында екі негізгі қадамды бөлуге болады. Бір авторлар іскерлік белсенділікті − сату көлемдерін арттыру мен нарық үлесін ұлғайтуға бағытталған шаралар кешені деп түсінеді. Басқалары іскерлік белсенділікті кәсіпорынның жалпы жұмысының нәтижелілігінің (тиімділігінің) бағаалушы параметрі ретінде қарастырады.

Бүгінгі таңда «кәсіпорынның іскерлік белсенділігі» анықтамасының жеткілікті үлкен саны белгілі. Отандық тәжірибе үшін әлде де макродеңгейде мемлекеттің іскерлік белсенділігін бағалауда, сол сияқты жеке шаруашылық субъектінің іскерлік белсенділігін бағалауда қайшылықтар сипаттас.

Кәсіпкерің іскерлік белсенділігін, сол сияқты іскерлік белсенділікті экономикалық қызметті нақтылаушы категория ретінде бейнелейтін анықтамалар келесі кестеде келтірілген (Кесте 1) .

Кесте 1 - «Іскерлік белсенділік» ұғымына шолу

Қайнар көзі / автор
Анықтама
Қайнар көзі / автор: Үлкен энциклопедиялық сөздік
Анықтама: "Іскерлік белсенділік - қандай да бір тауардың өндірісі немесе нақты қызмет түрін көрсету түрінде нақтыланған экономикалық қызмет. Шаруашылық салаларының халықаралық стандарттық жіктемесі, Ұлттық шоттар жүйесінің (ҰШЖ) экономикалық сыныптамалары негізіне қойылған».
Қайнар көзі / автор: Райзберг Б. А., Лозовский Л. Ш., Стародубцева Е. Б. Современный экономический словарь.
Анықтама: Белсенділік іскерлік - 1) адамның қасиеті және оның мобильділік, іскер, бастамашылық арқылы көрінуі. Мұндай қасиеттер бизнесмендер, іскер адамдар үшін ерекше маңызды; 2) салада, фирмада, елде кәсіпкерлік қызметтің жағдайының сипаттамасы; арнайы индекстермен, оның ішінде бағалы қағаздардың бағамы динамикасы индексімен бағаланады.
Қайнар көзі / автор: Ковалев В. В.
Анықтама: «Кең мағынада іскерлік белсенділік фирманың өнім, еңбек, капитал нарқында жылжуына бағытталған күш жігердің бүкіл спектрін білдіреді, ал тар мағынада - кәсіпорынның ағымдық, өндірістік және коммерциялық қызметін білдіреді».
Қайнар көзі / автор: Донцова Л. В., Никифорова Н. А.
Анықтама: Іскерлік белсенділік қаржылық аспектіде ең алдымен қаржылардың айналымы жылдамдығынан көріненді.
Қайнар көзі / автор: Ефимова О. В., Мельник М. В.
Анықтама: Іскерлік белсенділік шаруашылық субъектінің операциялық циклын бейнелейді.
Қайнар көзі / автор: Юрков Т. И, Юркова С. В.
Анықтама: Іскерлік белсенділік көрсеткіштері шаруашылық субъектінің қаржыларды пайдалану тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді.
Қайнар көзі / автор: Шеремет А. Д., Сайфулин Р. С., Негашев Е. В.
Анықтама: Олардың пікірінше ол «шаруашылық субъектінің айналым құралдарының айналым жылдамдығын» сипаттайды.

Әдебиетте іскерлік белсенділіктің ұғымын анықтаудың әр түрлі қадамдары бар. Үлкен энциклопедиялық сөздіктің авторлары іскерлік белсенділіктің келесі анықтамасын берді: «Іскерлік белсенділік - қандай да бір тауардың өндірісі немесе нақты қызмет түрін көрсету түрінде нақтыланған экономикалық қызмет. Шаруашылық салаларының халықаралық стандарттық жіктемесі, Ұлттық шоттар жүйесінің (ҰШЖ) экономикалық сыныптамалары негізіне қойылған» [3] . Өнім өндірісі мен қызметтер көрсету нәтижесі мен мақсаттарын макро деңгейде де, микро деңгейде де ашпайтын қысқартылған тұжырымдама екендігі көрініп тұр.

Қазіргі заман экономикалық сөздігінің авторлары Б. А. Райзберг, Л. Ш. Лозовский, Е. Б. Стародубцева іскерлік белсенділіктің анықтамасын бір мәнді мазмұндамады: «Белсенділік іскерлік − салада, фирмада, елде кәсіпкерлік қызметтің жағдайының сипаттамасы; арнайы индекстермен, оның ішінде бағалы қағаздардың бағамы динамикасы индексімен бағаланады» [4] .

В. В. Ковалев іскерлік белсенділікті кең мағынада фирманың өнім, еңбек, капитал нарқында жылжуына бағытталған күш жігердің бүкіл спектрі ретінде анықтады [5] .

Қаржылық-шаруашылық қызметт талдау мәнмәтінінде бұл термин анағұрлым тар мағынада - кәсіпорынның ағымдық, өндірістік және коммерциялық қызметі ретінде түсінеді. Мұнда коммерциялық ұйымның іскерлік белсенділігі оның даму динамикалығынан, қойылған мақсаттарға қол жетімділігінен, экономикалық потенциалды тиімді пайдалануынан, өз өнімінің нарықтарын ұлғайтудан көрінеді.

Л. В. Донцова мен Н. А. Никифорова іскерлік белсенділікті қаржылық аспектіде ең алдымен қаржылардың айналымы жылдамдығынан көрсетеді [6] .

Кейбір авторлар іскерлік белсенділіктің мәнін оны сипаттаушы көрсеткіштермен алмастырады. Осылайша, О. В. Ефимова мен М. В. Мельник іскерлік белсенділікті талдау ретінде шаруашылық субъектінің операциялық циклын бейнелейді [7] .

Басқа зерттеушілер басқа көзқарасты ұстанады. Мысалы, Т. И. Юрков пен С. В. Юркова: іскерлік белсенділік көрсеткіштері шаруашылық субъектінің қаржыларын пайдалану тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді, - деп санады [8] . Бұл анықтаманың жетістігі ретінде оның ықшамдылығы саналады. Бірақ, ол талданушы категорияның анағұрлым толық сипаттамасын бермейді. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі ұғымының анағұрлым тар мағынада анықтамасын экономист-қаржыгерлер А. Д. Шеремет, Р. С. Сайфулин және Е. В. Негашев берді. Олардың пікірінше, ол «шаруашылық субъектінің айналым құралдарының айналым жылдамдығын» сипаттайды. Бұл ұғымның жетістігі ретінде ондағы кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің негізгі факторының бөлінуі саналады [9] .

К. Ш. Дуйсенбаевтың [10], М. К. Алиевтың, Г. Д. Аманованың [11] пікірінше іскерлік белсенділік ұйымның өндірістік-коммерциялық қызметін жүзеге асыру үшін қажетті өз қаражатын қаншалықты оңтайлы пайдаланатындығын анықтауға мүмкіндік беретін айналымдылықтың әр түрлі қаржылық коэффициенттердің деңгейлері мен динамикасын зерттеуді білдіреді.

Сонымен, есеп пен талдау облысында отандық ғалымдардың көзқарасы тұрғысынан ұйымның іскерлік белсенділігі өндірістік-коммерциялық қызметтің

нәтижелілігі мен тиімділігі ретінде саналады.

Біздің пікіріміз бойынша, бұл кәсіпорынның қызметі процесінің тікелей сипаттамасы, ал авансталған ресурстардың шамасына немесе олардың өндірістік процесте тұтынылуына қатысты кәсіпорынның жұмысының тиімділігі − бұл оның белсенді қызметінің нәтижесі деп санаймыз. Берілген ұғымдар арасында себепті-салдарлы байланыс бар, және іскерлік белсенділік себеп болса, ал салдары (нәтижесі) ретінде кәсіпорын жұмысының тиімділігі саналады. Іскерлік белсенділік кәсіпорынның ішкі потенциалын, оның ішкі мүмкіндіктерін ашады, мұнда ол көбіне тікелей кәсіпорынды қоршаған сыртқы факторлардан, сол сияқты макро ортадан байланысты. Іскерлікті қарастыруға болады: ұйымның стратегиялық міндеттерін шешу көзқарасы тұрғысынан және ағымдық өндірістік-шаруашылық қызмет көзқарасы тұрғысынан. Бірінші жағдайда іскерлік белсенділік фирманың тауарлық және қаржылық нарықтарда жылжуына бағытталған басқару технологияларының бүтін кешенін білдіреді. Екінші жағынан, бұл термин анағұрлым тар мағынада − тиімділік пен бәсеке қабілеттілікті жоғарылатуға бағытталған кәсіпорынның ағымдық өндірістік және коммерциялық қызметі ретінде түсініледі.

Әрбір жағдай үшін іскерлік белсенділіктің мазмұны айрықшаланады, бірақ бір біріне қайшы болмайды. Бұл кәсіпорынның ағымдық және стратегиялық мақсаттарына қол жеткізудің белгілі бір иерархияға келісуі қажеттілігімен түсіндіріледі. Іскерлік белсенділік кәсіпорынның маңызды сипаттамаларымен тығыз өзара байланысқа ие. Ең алдымен, іскерлік белсенділіктің инвестициялық тартымдылыққа, қаржылық тұрақтылыққа, несие қабілеттілікке ықпалы жөнінде әңгіме болып отыр. Шаруашылық субъектінің жоғары іскерлік белсенділігі потенциалдық инвесторларды осы компанияның активтерімен операцияларды іске асыруға, қаржылар салуға ынталандырады. Коммерциялық ұйымның қызмет етуінің маңызды сипаттамасы ретінде іскерлік белсенділігі бірқатар көрсеткіштер көмегімен бағалануы мүмкін, нәтижесінде іскерлік белсенділікті талдау рамкасында экономикалық талдау объектісі болып саналады. Іскерлік белсенділікті талдау үшін ақпараттық база ретінде ұйымның бухгалтерлік есептілігі саналады.

Ішкі талдау мақсаттары үшін сол сияқты синтетикалық және талдамалық есеп деректері пайдалануы мүмкін. Іскерлік белсенділік кәсіпкерлік қызметтің кешенді және динамикалық сипаттамасы ретінде және ресурстарды пайдалану тиімділігі ретінде саналады.

Іскерлік белсенділік кәсіпкерлік қызмет пен ресурстарды пайдалану тиімділігінің кешенді және динамикалық сипаттамасы ретінде саналады. Нақты ұйымның іскерлік белсенділігі деңгейі оның өмірлік қызметінің кезеңдерін (туылуы, даму, көтерілу, құлдырау, кризис, депрессия) бейнелейді және жылдам өзгеруші нарықтық жағдайларға бейімделу деңгейін, басқару сапасын көрсетеді. Іскерлік белсенділікті ұйым қызметінің жағымды динамикасын қамтамасыз етуге бағытталған, еңбекпен қамтуды арттыруға және нарықтық бәсеке қабілеттілікке жету мақсатында ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған оның тұрақты шаруашылық қызметін ынталандырылған макро және микро деңгейде басқару процесі ретінде сипаттауға болады. Іскерлік белсенділік қызметтің барлық бизнес-сызбасы бойынша материалдық, еңбек, қаржылық және басқа ресурстарды пайдалану тиімділігін мазмұндайды және басқару сапасын, экономикалық өсім мен ұйымның капиталының жеткіліктілігін сипаттайды.

Жоғарыда аталған анықтамалар шаруашылық субъектінің іскерлік белсенділігіне сыртқы ортаның ықпалын ескермейтіндігін атап өткен жөн. Шаруашылық субъектілердің іскерлік белсенділігіне негізін қалаушы ықпалын макроэкономикалық факторлар көрсетеді, олардың әсерінен шаруашылық субъектінің белсенді жүрісі үшін жағдайларын ынталандырушы қолайлы «кәсіпкерлік климат» қалыптасу мүмкін немесе, керісінше, іскерлік белсенділікті қысқаруына және өшуіне әкелетін алғы шарттар қалыптасу мүмкін.

Жеткілікті жоғары маңыдылыққа ішкі сипаттағы факторлар да ие, түптеп келгенде ұйым басшылығының бақылауы астындағы факторлар: келісім шартын жетілдіру, менеджмент, бизнес пен жоспарлау облысындағы білімді жақсарту, маркетинг облысында ақпаратты алу мүмкіндіктерін ұлғайту және т. б.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғандығын анықтауға мүмкіндік беретін, әр түрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаражаттың, қаншалықты төз нақты ақшаға айналуына тікелей тәуелді болады. Сондықтан кәсіпорынның іскерлік белсенділігін зерттеу маңызды болып табылады.

Жоғарыда айтып өткендей, кейбір актив түрлері әр түрлі айналым жылдамдығына, яғни олардың ақша қалпына көшу жылдамдығына ие болады. Қаражаттың айналымда болуының ұзақтығы ішкі және сыртқы сипаттағы бірқатар әр бағыттағы себептердің жиынтық әсерімен анықталады. Бірінші қатарға кәсіпорынның әрекет өрісін (өндірістік, делдалдык, жабық, тау-өткізу және басқа), салалығын (мысалы, кондитер фабрикасы мен станок жасау зауытының айналымдылығы әр түрлі болатындығы еш күмән тудырмайды), ауқымын (көп жағдайда шағын кәсіпорындарда, үлкендеріне қарағанда қаражат айналымдылығы айтарлықтай жоғары келеді - бұл шағын бизнестің бір артықшылығы деуге болады) және тағы басқаларын жатқызуга болады. Елдегі экономикалык жағдаймен оған байланысты шаруашылықты жүргізу шарттары да, кәсіпорынның, активтерінің айналымдылығына аз әсер етпейді. Сөйтіп, елдегі өтіп жаткан инфляциялық процестер, кәсіпорындардың басым көпшілігінің жабдықтаушылармен, сатыпалушылармен реттелген шаруашылық байланысының болмауы шамадан тыс қор жинактауға әкеліп соқтырады да, бұл

қаражат айналымын айтарлықтай бәсеңдетеді.

Қаражаттың айналымда болу кезеңі, едәуір дәрежеде кәсіпорынның ішкі жағдайымен бірінші кезекте, оның активтерін басқару стратегиясының тиімділігімен (немесе жоқтығы) анықталатындығын айта кету керек.

Шынында да, қолданылған баға саясаты, кұрылған актив кұрылымы, пайдаланылған тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдістемесіне байланысты кәсіпорын өз қаражатының айналымының ұзақтығына көп немесе аз әсер ету еркіндігіне ие болады.

Кәсіпорынның төлем кабілеттілігі оның қаржылық тұрактылығының маңызды белгілерінің бірі және сондыктан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді.

Арнайы есептік-талдау әдебиеттерінде төлем қабілеттілігін анықтау жөнінде әр түрлі көзқарастар көздеседі. Қаржылық талдау теориясында төлем қабілеттілік ұғымын қарастыру мен оны бағалауда ғалымдардың пікірлері жиі бірікпейді.

Қаржылық талдау бойынша кейбір авторлар төлем кабілеттілігі ретінде кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе алу кабілеттілігін түсінеді. Мысалы, О. С. Ефимова [12] төлем қабілеттілігі: "кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе алу кабілеттілігін түсіну қабылданган", - деп жазады. "Фирманың қызметін қаржылық талдау" кітабының авторлары да осы көзқарасты ұстайды.

"Төлем қабілеттілігін, - деп жазады олар, компаниянын, ұзақ мерзімді қарыздарын уақыты келген көзде өтеу қабілеттілігін анықтау үшін бағалайды".

Басқа авторлар төлем қабілеттілігі деп кәсіпорынның тек қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеуге дайындығын түсінеді. Осылай, "Шаруашылық қызметті талдау" оқулығынын, авторлары "Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп оның өзінің жедел міндеттемелері бойынша өзі мерзімінде төлем жүргізу қабілеттілігі түсіндіріледі" деп есептейді. Бұл түсінікті М. Н. Крейнина толығырак, баяндайды [13] . "Төлем қабілеттілігі, деп жазады ол, - бұл кәсіпорынның кредиторлары жағынан төлемдер туралы қойылган талаптары қарыздарын өтеуге дайындығы". Сөз, тек қысқа мерзімді қарыздар туралы екендігі анық. Ұзақ мерзімді қарыздарды қайтару мерзімі алдын ала белгілі болады. Төлем кабілеттілігі -бұл барлық қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша қарыздарды өтеу және өнім өндіру проңесін үзіліссіз іске асыру үшін жеткілікті қаржының болуы.

Авторлардың көпшілігі төлем қабілеттілік негізінен ұйымның өтімділігі деңгейімен анықталады деген көзқарасты ұстанады. Сондықтан кәсіпорындардың төлем қабілеттілігін талдау барысында өтімділік коэффициенттерін бағалау ұсынылады.

В. В. Ковалевтің пікірі бойынша төлем қабілеттілік жалпы мағынада - бұл

кәсіпорынның төлем күнтізбесін бұзбай орындау қабілеті болып саналады. Ал шағын мағынада компанияда жедел өтеуді талап ететін кредиторлық қарызы бойынша есеп айырысу үшін жеткілікті ақша қаражаты мен оның баламаларының болуы деп түсіндірді. Ақша қаражатының баламаларына белгілі бір ақша сомасына жеңіл айналатын және үш айдан жоғары емес мерзімге орналастыратын құндылықтардың үлкен емес тәуекеліне ұшырайтын қысқамерзімді, жоғары өтімді салымдарды түсінеді. Халықаралық тәжірибеде ақша қаражатының баламаларына сол сияқты овердрафтты несиелеу жатады [14] .

А. Д. Шеремет қорлардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз ету қаржылық тұрақтылық негізі болып саналады, ал төлем қабілеттілік - оның сыртқы көрінуі болып табылады. Және сондықтан қорларды қамтамасыз ету көздері (ең алдымен қаржылық тұрақтылық деңгейін сипаттаушы) төлемқабілеттіліктің (немесе төлем қабілетсіздік) белгілі бір деңгейін қамтамасыз етеді [15] .

Н. Н. Селезнева мен А. Ф. Ионова да төлем қабілеттілік қаржылық тұрақтылықтың сыртқы белгісі және айналым активтерінің ұзақмерзімді көздермен қамтамасыз ету деңгейімен негіделеді деп тұжырымдайды [16] . Мұнда олар ағымдық (ағымдық активтердің қолма қол ақшаға айналу қабілеті) және ұзақмерзімді төлем қабілеттілікті бөледі. Ұзақмерзімді төлем қабілеттілікті бейнелейтін көрсеткіш ретінде қарыздық капиталдың меншіктіге қатынасы немесе қаржылық тұтқа коэффициенті қабылданған.

М. В. Мельник пен Е. Б. Герасимованың пайымдауынша ұйым төлем қабілетті болып саналады, егер толық көлемде және тиісті мерзімдерде өзінің қысқамерзімді міндеттемелерін өтей алса. Сондықтан, ағымдық төлем қабілеттілікті бағалау үшін өтімділіктің қаржылық коэффициенттерін есептеуге кеңес береді [17] .

Профессор В. В. Ковалев төлем қабілеттілік деп оның "қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша есеп айырысуды өз уақытында және толығымен жүргізу қабілетілігін" түсінеді. "Төлем қабілеттілігі, - деп жазады ол, -кәсіпорынның жедел өтеуді талап өтетін кредиторлық қарыздар бойынша есеп айырысуға жеткілікті ақша қаражатгарының және олардың әквиваленттерінің болуы" [14] . Соңғы түсінікпен келісетін профессор И. Т. Балабановтың анықтамасы. "Төлем қабілеттілігі, деп жазады ол, бар ақша сомасының белгілі бір мерзімді жедел төлемдердің сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігінің коэффициенті арқылы көрінеді. Егер төлем қабілеттілігінің коэффициенті бір-ден улкен немесе тең болса, онда бұл шаруашылық жүргізуші субъект төлем қабілетті екенін білдіреді. Егер төлем қабілеттілігінің коэффициенті 1-ден аз болса, онда талдау процесінде төлем қаражаттарының жетіспеу себептерін анықтау керек" [18] .

Қысқа мерзімді міндеттемелер жайлы болса да, бұл түсінікті профессор Л. Д. Шеремет [15] басқаша ашып көрсөтеді. Ол "кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп өз уақытында техника және материалдармен жабдықтаушы-лардың төлем талаптарын қанағаттандыру, несиелерді қайтару, қызметкерлердің еңбегінің төлемін жүргізу, бюджетке төлемдер енгізу қабілеттілігі түсіндіріледі" деп жазады. Төлем қабілеттілігінің өте қысқа және дәлірек анықтамасын профессор Н. П. Кондраков береді [19] . Оның пікірінше "төлем қабілеттілігі бұл кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есеп айырыса алу мүмкіндігі". Бұл жағдайда міндеттеме - бұл кәсіпорынның банкке немесе басқа қарыз берушіге ақша төлеу және сонымен өз қарыздарын (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеу міндеті. Ұзақ мерзімді қарыздарды өтеу мерзімі шарты бойынша ұзақ мерзімді несиенің және қарыздың мерзімінің өтуіне байланысы, қысқа мерзімді қарыздармен сәйкес келуі мүмкін.

Қарыздарды өтеу үшін кұралдардың айналымы кезінде ақшаға айналуы керек дебиторлық борыштар потенциалды құрал болып табылады.

Қарыздарды өтеу үшін құралдар сонымен бірге кәсіпорында бар тауарлы-материалдық құндылықтардың қоры бола алады. Оны сатып кәсіпорын ақша қаражатын алады.

Басқаша айтканда, теориялық түрде қарыздарды өтеу кәсіпорынның барлық ағымдағы активтерімен қамтамасыз етіледі. Нақ осылай теориялық түрде, егер кәсіпорынның ағымдағы активтері қысқа мерзімді мін-деттемелерінің сомасынан артса, онда ол қарыздарды өтеуге дайын деп есептеуге болады. Бірақ, егер кәсіпорын барлык ағымдағы активтерін қарыздарды өтеуге бағыттаса, онда дәл сол көзде оның өндірістік қызметі токтатылады, себебі онда өндіріс құралдарын тек негізгі құралдары кұрайды, ал материалды айналым құралдарын алуга ақша жоқ, олар толығымен қарыздарды төлеуге кетті.

Сондықтан төлем кабілеттілігі бар деп, ағымдағы активтің сомасы ағымдағы міндеттемелерінен көп жоғары кәсіпорынды есептеуге болады. Кәсіпорынның тек қарыздарды өтеуге ғана емес, сонымен бірге үздіксіз өндіріс үшін қаржылары болуы керек.

Ағымдағы төлем қабілеттілігі баланс жасау мерзімімен анықгалады. Кәсіпорын жабдықтаушыларына, банктік қарыздар және басқа да есеп айырысулар бойынша қарыздары жоқ болса төлем қабілетті деп саналады.

Келешекке арналған төлем қабілеттілігі нақты бір мерзімдегі оның төлем құралдарының сомасын осы мерзімдегі жедел (бірінші көзектегі) міндеттемелерімен салыстыру жолымен анықталады.

Төлем қаражатының сомасын анықтау мәселесі бойынша әр түрлі көзқарастар бар. Төлемге қабілетті құралдарға ақша қаржыларын, қысқа мерзімді бағалы кағаздарды жаткызу әлдеқайда тиімді, себебі олар төз өткізіледі және ақшаға төз айналады.

Ағымдағы міндеттемелерге ағымдағы пассивтер, яғни, өтелуге жаткызылған міндеттемелер мен қарыздар: банкінің қысқа мерзімді несиелері, қысқа мерзімді қарыздар, кредиторлық борыштар және басқа пассивтер кіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйымдарды корпоративтік басқару
Қаржылық тұрақтылықтың көрсеткіштері
Корпорацияның қаржылық стратегиясы мен тактикасы
Қаржылық стратегияның түрлері
ҚР корпоративтік басқару
Бағалы қағаздар рыногының сызығы
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоспарлау, талдау теориясы…
Қазіргі экономикалық жағдайда кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау
Меншік капиталдың кластары
Корпорация қаржысын ұйымдастыру мен басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz