Қылмыстық істер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету құралдары


Мазмұны
Курстық жұмыс "Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау" тақырыбында жазылған.
Құқық жүйесінде оларға қол жеткізудің мақсаттары мен тәсілдері проблемаларының теориялық-философиялық ғана емес, сонымен бірге практикалық маңызы да бар. Қызмет түрі ретінде қылмыстық іс жүргізудің мақсаты қылмыстық іс жүргізу құқығы мақсаттарының бір бөлігі болып табылады.
Қылмыстық іс жүргізудің мақсаты - әділ соттың жүзеге асуын қамтамасыз ететін қажетті іс жүргізу жағдайларын туғызу болып табылады. Мұндай айқындама Конституцияда бекітілген сот билігі ұғымымен үндес.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының мақсаттары өзінің мазмұны жағынан әлдеқайда бай және құрылымы жағынан күрделі. Құқықтың осы саласыңдағы мақсаттардың мәнін түсіну үшін мақсат ретінде олардың мәні қандай деген мәселені қарастыру қажет.
Жұмыс көлемі 33 бет.
Қысқартулар мен белгілер
ҚПК - Қылмыстық процестік кодексі
ҚК- Қылмыстық Кодекс
Нормативтік сілтемелер
- Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы. 1995ж. 30 тамы.
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексі. Алматы. Юрист. 2016ж.
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. Алматы. 2016ж.
- “Қазақстан Республикасының Прокуратура органдары туралы” ҚР 21 желтоқсандағы №2709 Заңы. 2002 жыл. 9 тамызындағы №346-11, 2003ж. 10 шілдедегі №483-2 заңдарымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар.
- Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Заң күші бар Жарлығы. 21желт. 1995
- Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" Заң күші бар Жарлығы. 21желт. 1995.
Анықтамалар
Қылмыстық іс жүргізу құқығы -толып жатқан түрлі жақтарды, жай-жапсарларды қамтитын күрделі, ауқымды, сан мағыналы құбылыс.
Қылмыстық іс жүргізудің мақсаты - әділ соттың жүзеге асуын қамтамасыз ететін қажетті іс жүргізу жағдайларын туғызу болып табылады.
Міндеттер дегеніміз - мақсаттарға қол жеткізудін жолдары екен.
Толық ашу деген сез барлық кінәлі адамдар және барлық қылмыс анықталуға тиіс дегенді білдіреді.
Әділеттілік дегеніміз - зерттелген істің жай-күйін бағалаған кезде соттың әділдігін, объективтілігін білдіреді.
Іс жүргізу нысаны дегеніміз - мақсаттар мен міндеттер бірлігімен өзара байланысты осындай процедуралар жүйесі.
Құрылым дегеніміз - қандай да бір біршама тұйық жүйенің құрамдас бөліктерінің өзара орналасуы мен байланысын, оның ішкі құрылысын түсіну қабылданған.
Кіріспе
Соңғы жылдардағы әлеуметтік саяси және экономикалық өзгерістер заңдарды батыл түрде өзгерту қажеттігін туғызады. Ұлттық құқықты калыптастыру жағдайында социалистік түсініктегі категориялар мен институттардың және олардың осы заманға лайық мазмұны мен толғауының арасындағы қарама -кайшылық анық көзге түсе бастады.
Бұрын қолданылып жүрген заңдарға енгізілген толып жатқан толықтырулар мен өзгертулер қарама-қайшылық өткерлігін белгілі бір деңгейде жамап - жасқағанымен социалистік түсініктегі құқықтық бағыты мен мазмұнының негіздеріне ықпал еткен жоқ. Қылмыстық іс жүргізу құкығы толып жатқан түрлі жақтарды, жай-жатырларды қамтитын күрделі, ауқымды, сан мағаналы кұбылыс. Оның мәніне әр түрлі анықтама берілудің себебін осымен түсіндіруге болады.
Дәстүрлі көзқарас қылмыстық іс - жүргізу құқығын ережелер заңында көрсетілген, кылмыстық процесс мақсаттарына жету мен міндеттерін шешу мақсатында қылмыстық істерді тергеу, қарау және шешу жөніндегі кызметті реттейтін әлеуметтік шартты жүйе деп түсіну.
Қазақстан Республикасының 2014 жылы 4-шілде жаңа Қылмыстық процестік кодексі қабылданып 2015 жылы 1-қаңтардан бастап заңды күшіне енді. Жаңа заңның қабылдануы құқық қорғау органдарына біраз да болса өзгерістер енгізілді.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының өзге салалар жүйесіндегі орнын анықтау оның өзге іргелі салалармен және ғылыми пәндермен арақатынасы айқындалғанда ғана мүмкін болады. Қылмыстьіқ іс жүргізу құқығының құқық жүйесіндегі орнын анықтау үшін ең елеулі болып табылатындары:
а) қылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық іс жүргізу заңының;
ә) қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығының;
б) қылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық процестің арақатынастары.
Сонымен қатар, қылмыстық іс жүргізу құқығының мәні мен орнын түсіну үшін оның азаматтық іс жүргізу құқығы мен, криминалистикамен, криминологиямен, сот статистикасымен, прокурорлық қадағалау теориясымен, сот этикасымен, сот медицинасымен, сот психиатриясымен арақатынасының зор маңызы бар [2] .
Қылмыстық іс жүргізу құқығының ерекшелігі адамның құқыққа қарсы әрекет жасауына байланысты қалыптасатын құқық қатынастарының ерекшеліктерімен айқындалады және қайшылық феноменінің ықпалынан байқалады.
Құқық жүйесінде оларға қол жеткізудің мақсаттары мен тәсілдері проблемаларының теориялық-философиялық ғана емес, сонымен бірге практикалық маңызы да бар. Қызмет түрі ретінде қылмыстық іс жүргізудің мақсаты қылмыстық іс жүргізу құқығы мақсаттарының бір бөлігі болып табылады.
1 Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың жалпы сипаттамасы
1. 1 Қылмыстық істер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының түрлері, мәні мен маңызы
Қылмыстық іс жүргізу құқығы -толып жатқан түрлі жақтарды, жай-жапсарларды қамтитын күрделі, ауқымды, сан мағыналы құбылыс. Оның мәніне әр түрлі анықтама берілуінің себебін осымен түсіндіруге болады.
Дәстүрлі көзқарас қылмыстық іс жүргізу құқығын ережелер заңында керсетілген, қылмыстық процесс мақсаттарына жету мен міндеттерін шешу мақсатында қылмыстық істерді тергеу, қарау және шешу жөніндегі қызметті реттейтін әлеуметтік-шартты жүйе деп түсіну [1] .
Ал құқық саласы өздері реттейтін бір тектес қоғамдық қатынастар ортақтығы біріктірген құқық нормалары мен институттардың ерекшеленген тобы. Басқа салалар арасында қылмыстық іс жүргізу құқығы іргелі салаға жатады.
Құқықтық реформа кезеңіндегі энциклопедияда қылмыстық іс жүргізу құқығы қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тәртібін белгілейтін және алдын ала тексеру, алдын ала тергеу, прокуратура және сот оргаңдарының қылмыстық іс қозғау, тергеу, үкімді орындаумен байланысты мәселелерді сотта қарау және сотта шешу жөніндегі қызметін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі деп белгіленген.
Осы анықтамалардың бәрі бір-біріне қайшы келмейді. Олар әлде бір жақгы жеткілікті түрде терең ашып көрсетіп, басқа жай-жапсарларды жанамалап қана өтеді. Акцент таңдау нақты құқық мектебінің айқьндамасына байланысты.
Сонымен, қылмыстық іс жүргізу құқығының мәні мынадай тең мәнді элементтерден қалыптасады:
бұл дербес құқық саласы; іргелі сала, яғни ұлттық құқық жүйесіндегі негізгі, басты салалардың бірі болып табылады;
өз ішінде тұтас ғылыми теорияны (доктринаны) ормалар түріндегі нақты іс жүргізу-құқықтық нұсқамалармен ұштастырады, оларды қолдану қылмыстық сот ісін жүргізудің жалпы және арнаулы міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.
Осы баяндалғандар тұтас, аяқталған құрылым тән қылмыстық іс жүргізу құқығының дербес нысанасы да бар екенін көрсетеді. Қылмыстық іс жүргізу құқығына бұдан бұрын келтірілген түсініктемелерді негізге ала отырып, осы сала нысанасы деп мыналарды санау қажет:
-өкілетті органдардың қызметін реттейтін құкықтық нормалар жүйесі, ол қылмыстық іс жүргізу нормалары жүйесіне негізделген;
-өкілетті органдардың қылмыстық іс жүргізу нормалары жүйесіне негізделген қызметі;
-олардың субъективті құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудың барысында калыптасатын қатынастардың сипаты, мазмұны және бағыты.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы жүйесінде құқықтық реттеу әдісі елеулі орын алады. Өз реттеу әдісінің болуы сала ретіндегі қылмыстық іс жүргізу құқығы дербестігінің аса маңызды белгілерінің бірі болып табылады.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының өзге салалар жүйесіндегі орнын анықтау оның өзге іргелі салалармен және ғылыми пәндермен арақатынасы айқындалғанда ғана мүмкін болады.
Қылмыстьіқ іс жүргізу құқығының құқық жүйесіндегі орнын анықтау үшін ең елеулі болып табылатындары:
а) қылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық іс жүргізу заңының;
ә) қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығының;
б) қылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық процестің арақатынастары.
Сонымен қатар, қылмыстық іс жүргізу құқығының мәні мен орнын түсіну үшін оның азаматтық іс жүргізу құқығы мен, криминалистикамен, криминологиямен, сот статистикасымен, прокурорлық қадағалау теориясымен, сот этикасымен, сот медицинасымен, сот психиатриясымен арақатынасының зор маңызы бар [3] .
Қылмыстық іс жүргізу құқығының ерекшелігі адамның құқыққа қарсы әрекет жасауына байланысты қалыптасатын құқық қатынастарының ерекшеліктерімен айқындалады және қайшылық феноменінің ықпалынан байқалады.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы -өзге құқық салаларымен міндеттер мен принциптер ортақтығы, ішкі үйлесімділік пен ізгілікті бағыт біріктіретін біртұтас, өзара байланысты құқық жүйесі.
1. 2 Қылмыстық істер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жіктелуі
Құқық жүйесінде оларға қол жеткізудің мақсаттары мен тәсілдері проблемаларының теориялық-философиялық ғана емес, сонымен бірге практикалық маңызы да бар. Қызмет түрі ретінде қылмыстық іс жүргізудің мақсаты қылмыстық іс жүргізу құқығы мақсаттарының бір бөлігі болып табылады.
Бұрын қолданылып жүрген ҚПК-сі қылмыстық іс жүргізудің мақсатын-қылмыстық іс бойынша ақиқатты ашу, қылмыс жасаған адамдардың кінәсін айқындап, әділ жазалануын белгілеу, кінәсіз адамды негізсіз айыптаудан қорғау және азаматтарға тәрбиелік тұрғыдан ықпал ету ретінде белгіледі [4] .
Жаңадан қабылданған ҚПК-ін талдау көрсеткеніндей, сот ісін жүргізудің мақсатына арналған арнайы нормалар жоқ. Мұндай мақсат сот ісін жүргізу процесін жүзеге асыратын негізгі функцияларды реттейтін басқа нормалардың мәнінен туындауы мүмкін. Атап айтқанда, қылмыстық ізге түсу функциясы "қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды, соңғысының қылмыс жасаудағы кінәлілігін анықтау мақсатында, сондай-ақ мұндай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшін айыптау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі". Қорғау функциясы "қылмыс жасады деп сезік келтірілген адамдардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету, айыптауды жоққа шығару немесе жеңілдету, сондай-ақ заңсыз қылмыстық ізге түсуге ұшыраған адамдарды ақтау мақсатында" жүзеге асырылады . Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Заң күші бар Жарлығына сәйкес зандылықтың сақталуын қадағалайды, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңда белгіленген жағдайларда, тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады [5] .
Сонымен, қылмыстық сот ісін жүргізу мақсаты мыналарды қамтиды:
-қылмыстық заң тыйым салған іс-әрекетті айқындау;
-осы әрекетті жасаған адамды айқындау, кінәлі адамға жазаның қолданылуын қамтамасыз ету;
-қылмыстық сот ісін жүргізуге тартылатын адамдардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету;
-заңсыз түрде қылмыстық ізге түсуге душар болған адамдарды ақтау;
-істің жиынтық себептерін белгілеу;
-бұзылған құқықты қалпына келтіру;
-прокурордың сотта мемлекеттің мүдделерін білдіруі.
Мұның бәрі жиынтық түрінде сот әділдігі деп аталады. Яғни қылмыстық іс жүргізудің мақсаты - әділ соттың жүзеге асуын қамтамасыз ететін қажетті іс жүргізу жағдайларын туғызу болып табылады. Мұндай айқындама Конституцияда бекітілген сот билігі ұғымымен үндес. Конституцияның 76-бабында былай деп жазылған: "Сот билігі. азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды". Конституцияның осы ережесі Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы соттар мен судьялардың мәртебесі туралы" Конституциялық заң күші бар Жарлығының 1-бабында сөзбе-сөз қайталанады [6] .
Қылмыстық іс жүргізу құқығының мақсаттары өзінің мазмұны жағынан әлдеқайда бай және құрылымы жағынан күрделі. Құқықтың осы саласыңдағы мақсаттардың мәнін түсіну үшін мақсат ретінде олардың мәні қандай деген мәселені қарастыру қажет. Қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы құқық мақсаттарының мәнін доктринальдық пайымдау (түсіндіру) төмендегідей ұғымдарды:
-қылмыстық іс жүргізудің құқықтық шығармашылық және құқық қолдану қызметі бағытының мазмұнын түсіндіруді;
-қылмыстық іс жүргізуді құқықтық реттеудің орны мен әлеуметтік құндылығын айқындауды. Бұл орайда әлеуметтік құндылық сөзі құқықтың аталған саласының қылмыстық, іс жүргізу құқықтық қатынастарды реттеуде қоғамдық сұрау салуларды қанағаттандыра алатындай қабілеттілігін білдіреді;
-қылмыстық іс жүргізу құқықтары мен оны жүзеге асырудың оңтайлы тиімділігін қамтамасыз етуді;
-қылмыстық сот ісін жүргізу мақсаттары мен оларға қол жеткізудің тәсілдері арасында өзін ақтайтындай тепе-теңдікті туғызуды қамтитындығын көрсетті.
Мақсаттарға қол жеткізу жалпы құқықтық сипаттағы, сондай-ақ арнайы сипаттағы міндеттерді шешкен жағдайда мүмкін болатындығы талас тудырмайды. Көп жағдайда әдебиетте мақсаттар мен міндеттер бір деңгейдегі құбылыстар ретінде қаралатындығына байланысты жоғарыда аталған жағдайдың маңызы үлкен. Қателік қылмыстық іс жүргізу заңын дұрыс түсіндірмеуден туындайды. Мәселен, бұрын қолданылып жүрген ҚІЖК-нің 3-бабы өзінің алғашқы бөлігінде қылмыстық сот ісін жүргізуді бекіте отырып, екінші бөлігінде іс жүзінде мақсаттары туралы сөз қозғайды, мәселен: заңдылықты нығайтуды, қылмыстың алдын алу және жою, қоғам мүдделерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, азаматтарды заңдарды сақтау рухында тәрбиелеу туралы сөз қозғалады [7] .
П. С. Элъкинд анағұрлым кең ауқымды анықтама береді: " Қылмыстық іс жүргізу құқығының мақсаты - осы саладағы қоғамдық қатынастарды барынша тиімді және ұтымды түрде реттеу, оларды қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін шешуге бағыттауды қамтамасыз ету, түптеп келгенде қылмысты жою болып табылады"' деп жазды [8] .
Қылмыстық іс жүргізу мен қылмыстық іс жүргізу құқығының өзара қатынасына сүйене отырып, қылмыстық іс жүргізудің мақсаты (қызмет түрі ретінде) жоғарыда атап өткеніміздей қылмыстық іс жүргізу құқығы мақсаттары жүйесінің бір бөлігі ғана деп айтуға болады.
Құқықтың мақсаттары мен міндеттерінің құрылымына Қазақстан Республикасының Конституциясы елеулі өзгерістер енгізді. Атап айтқанда Конституцияның 39-бабында былай деп жазылған: "Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін". Осы ереже қылмыстық іс жүргізу құқығының мақсаттарын айқындау құрылымында шешуші маңыз алуы тиіс [9] .
Сонымен, қылмыстық іс жүргізу құқығының жалпы мақсаты, біздің көзқарасымызша, қылмыстарды тергеу нәтижесінде қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттеу, соттың қылмыстық істі мәні бойынша қарауы және шешуі, сондай-ақ осы қатынастардың тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға, конституциялық құрылысты қорғауға бағытталуын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл орайда қылмыстық, іс жүргізу құқығының нақты нормалары мақсатты бейнелеудің нысаны ретінде көрінеді.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының жалпы мақсаттарының мазмұнына азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау; заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету жатады.
Тергеу органдары үшін арнайы мақсаттар мыналар болып табылады:
Қылмыстық іс жүргізу құқығының жалпы мақсаттарын айқындау арнайы және жеке мақсаттарды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Арнайы мақсаттар - қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асыруға уәкілетті қылмыстық іс жүргізу құқықтық қатынастары субъектілері қызметінің мазмұнын айқындайды:
-қылмыстың жасалуының жай-күйін айқындау және дәлелдеу;
-жасаған іс-әрекеті үшін нақты адамға кінә тағу.
Прокуратура органдары үшін арнайы мақсаттар ретінде мыналарды тану керек:
-бұрын тағылған айыптауды прокурор қолдаған жағдайда айыптауды соттың алдында негіздеу;
-тергеу қателігін тапқан жағдайда қылмыстық ізге түсуді тоқтатуды негіздеу;
-қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың бәрінің де заңдылықты сақтауын қамтамасыз ету.
Сот органдары үшін іс бойынша объективті шындыққа және әділ сотты жүзеге асыруға қол жеткізу арнайы және бірден бір мақсат болып табылады.
Жеке мақсаттар қылмыстық сот ісін жүргізудің әрбір нақты іс жүргізу іс-әрекетіне тән болып келеді. Мәселен, қылмыстық іс қозғау сатысындағы мақсат, жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы арызға, хабарға не қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асыруға уәкілетті тікелей айналысатын органдардың қылмыс белгілерін табу фактісіне үн қатуы. Куәгерден жауап алуды жүргізудің мақсаты - іс бойынша айғақ боларлық ақпарат алу.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы мақсаттарының жалпы бағыты-құқықтың осы саласының құрамдас бөліктерінің ішкі тұтастығына байланысты болады. Арнайы және жеке мақсаттар ортақ мақсатпен өзара тығыз байланыста болады, сейтіп, соңғысының мазмұнымен және бағытымен айқындалады.
Негізгі категориялардың иерархиясында міндеттер мақсаттардан кейінгі екінші орында тұр. Міндеттер іс жүргізу құқығы құрылымының және жүйесінің элементтері мақсаттарының, туындылары болып табылады. Сот ісін жүргізудің мақсаттары мен міндеттері арасындағы тығыз мағыналы өзара байланысы осымен түсіндіріледі. Міндеттерді шешу сот әділдігі сияқты мақсаттарға қол жеткізудің негізіне алынады. Басқаша айтсақ, міндеттер дегеніміз - мақсаттарға қол жеткізудін жолдары екен.
Қылмыстық іс жүргізу құқығында міндеттер үш деңгейге бөлінеді.
Бірінші деңгей мынадай міндеттерді қамтиды:
-қылмысты тез және толық ашу;
-қылмыс жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапкершілікке тарту;
-әділ сот талқылауы және заңды дұрыс қолдану.
Осы деңгейдегі міндеттерді шешу қылмыстық ізге түсу функцияларын жүзеге асыруға бағытталған және қылмыстық мінез-құлыққа ықпал ету жөніндегі іс жүргізу әдістері мен тәсілдерінің бәрін де қолданудан көрінетін әділ сот мәнінің бір ғана аспектісін білдіреді.
Екінші деңгейдегі міндеттерге мыналар жатады:
-негізсіз айыптау мен соттаудан қорғауды қамтамасыз ету;
-адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды қамтамасыз ету;
-заңсыз айыптау немесе кінәсізді соттау жағдайында кідіріссіз және толық ақтауды қамтамасыз ету.
Айтылғандардың игілікті бағыты көзге айқын түседі, олар кінәсіздерді қылмыстық ізге түсуден қорғаудан көрінетін әділ соттың екінші қырын білдіреді.
Міндеттердің үшінші деңгейі заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, қылмыстың алдын алуға, құқыққа деген құрметтеушілікті қалыптастыруға жәрдем көрсету мәселелерін шешеді.
Бұл деңгейдің жалпы сипаты бар. Алғашқы екі деңгейдегі міндеттерді шешу бір мезгілде үшінші деңгейдегі міндеттерді шешуді де білдіреді. Егер бірінші және екінші деңгейдегі міндеттердің ең болмаса бірі шешілмесе үшінші деңгейдегі міндеттердің бірде бірін шешілді деп санауға болмайды.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының міндеттерін шешудің қолданылуы қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген әдістер мен тәсілдерге негізделеді.
Толық ашу деген сез барлық кінәлі адамдар және барлық қылмыс анықталуға тиіс дегенді білдіреді. Мұның маңыздылығы мынада: бір адамның бірнеше қылмыс жасауы немесе бірнеше адамның бір қылмыс жасауы мүмкін. Осы аталған жағдайлардың әрқайсысына қатысты кінәлі адамдардың іс-әрекетін бағалау қылмыстық-құқықтық бағалау түрліше болуы мүмкін, мұның өзі жазалаудың түрлі түрлерін қолдануға әкеліп соғады. Қылмысты ашуды қылмыстық ізге түсу органдарының: прокурордың (мемлекеттік айыптаушы), тергеушінің, анықтау органының, анықтаушының іс жүргізу қызметімен байланыстыру қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz