АГРАРЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАЛАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 АГРАРЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ОНЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ТӘРТІБІ . . . 5
1. 1 Аграрлық қатынастарды құқықтық реттеудің түсінігі
мен әдістері . . . 5
1. 2 Аграрлық құқықтық қатынастардың пайда болуы мен тоқтатылу негіздері . . . 11
2 АГРАРЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАЛАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 13
2. 1 ҚР ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу және
басқару тәртібі . . . 13
2. 2 Ауыл шаруашылығын мемлекеттік басқару органдарының жүйесі және оның құқықтық жағдайы . . . 15
2. 3 Ауыл шаруашылығына бақылау-қадағалау қызметтерін жүзеге асырушы мемлекеттік органдардың атқаратын қызметі . . . 16
3 АГРАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ . . . 20
4 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АГРАРЛЫҚ САЛАНЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 32
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 61
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 63
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан үшін аса өзекті мәселе болып отырған сұрақ көптеген жылдар бойы аграрлық қатынастарды реформалау болып отыр, бұрын ауыл шаруашылығы өнімдерін және басқа да игіліктерді өндірушілерден бөлініп алынған. Осындай мәселелердің оңды шешімін табу үшін бірқатар ғылыми зерттеулер жасалды. Ал ондай жұмыстар аграрлық қатынастарды реттейтін құқықтық актілерді жетілдіруге, сонымен қатар еліміздегі нарықтық қатынастардың дамуына ықпал етуі тиіс. Сондай-ақ, амалдардыі бірі ретінде реформаланған ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жұмысшыларының жер үлестерін бөліп беруді жатқызуға болады. Мұндай амалдардың бұрын-соңды болмағандығы көптеген проблемалық сұрақтар бойынша құқықтық актілерге көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Факті бойынша азаматтардың жерге үлесіне құқығы әртүрлі жеке меншікті құрайды, бірақ нақты құқықтық тұрғыдан алғанда тиісті ғылыми талдаудан өткен жоқ. Азаматтардың белгілі бір жер үлесін алуы оған өкім ету кезінде құқықтық жағдайымен реттеуі тріс әрекеттерін көрсетіп жатады. Орлардың куәландыратын көптеген құқықтық актілерге заң шығарушы органның өзгертулер мен толықтырулар енгізуінен байқауға болады.
Қазіргі кездің өзінде Қазақстан Республикасында аграрлық құқығының ерекшеліктерін зерттеуге арналған еңбектер көп емес, осы сұрақтар бойынша жазылған жұмыстардың көбісі аграрлық құқықты реттеудің жалпы мәселелерін қарастыруға болады. Қазақстан Республикасының аумағында аграрлық қатынастарының дамуы нарықтық экономикаға өту кезеңіндегі орығуы, аграрлық саясатты жүзеге асыру және реформаның жүргізілуі жағдайына аграрлық қатынастарының оның ішінде ауыл шаруашылығы жерлерінің құқықтық реттелуі болып табылады. Аграрлық қатынастарды реттеу мәселелеріне арналған негізгі теориялық сұрақтарды дайындау, аграрлық қатынастарын реттеуші мемлекеттік органдардың қызметтерінің материалдарына талдау жасау, осы саланы іске асырудың негізгі құқықтық нысандары және осы мәселеге байланысты жасалатын мәмілелер жүйесін бірқалыпқа келтіру.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - аграрлық қатынастарының мемлекеттік құқықтық реттеуге байланысты туындайтын сұрақтардың теориялық және тәжірибелік мәселелерін зерттеу, оларға талдау жасау, қорыту және қазіргі заңдарда кездесетін кемшіліктерді, қарама-қайшылықтарды анықтау, аграрлық қатынастар туралы заңдарды жетілдіруге бағытталған тәжірибелік ұсыныстарды жасау. Аталған мақсаттарға жету үшін төмендегі мәселелер қаралған:
- аграрлық қатынастарды құқықтық реттеуге байланысты теориялық мәселелерді анықтау және оларды негіздеу;
- қазіргі кездегі аграрлық қатынастар туралы заңдардың жағдайын олардың іске асырылуын құқықтық мүмкіншіліктерін анықтау;
- нарықтық қатынастар кезіндегі аграрлық салаға байланысты жасалатын мәмілелердің құқықтық және әлеуметтік-экономикалық маңызын анықтау;
- аграрлық қатынастарды реттеу кезінде аграрлық заңдарды және азаматтық-құқықтық нормаларда кездесетін аграрлық қатынастарды реформалау тәжірибеде жүзеге асыруға тежеуіш болатын құқықтық коллизияларды жоюға байланысты жасалған ұсыныстарды негіздеу;
- аграрлық құқық субъектілерінің өзара экономикалық қатынастарын реттеуді қамтамасыз ететін құқықтық нормалар базасын қалыптастыруға мемлекеттің ролін анықтау;
- аграрлық қатынастарды реттеудегі мемлекеттік органдардың қызметтерін жетілдіру мен дамытуға ұсыныстар дайындау.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік жұмысы ретінде жалпы диалектикалық, танымдық дістерімен қатар арнайы логикалық, нақты тарихи салыстырмалы әлеуметтік-ғылыми әдістер құрайды. Алдағы уақыттарда қойылған мақсаттарға жету үшін, жүйелік әдістерде қолданылады. Зерттеудің теориялық негізін заңгер ғалымдардың аграрлық-құқықтық қатынастары және аграрлық құқық туралы ғылыми тұжырымдамалары мен ұсыныстары, сонымен қатар, нормативтік-құқықтық деректер, жалпы құқық теориясы бойынша бұрынғы Кеңестер Одағы және басқа да шетелдік ғалымдардың теориялық және тәжірибелік мәні бар ғылыми еңбектер құрайды. Зерттеудің нәтижесінде жасалған қорытынды тұжырымдар аграрлық қатынастарды құқықтық қамтамасыз етуге бағытталған өзекті мәселелерді, кешенді зерттеумен сипатталады және Қазақстан Республикасының аграрлық қатынастар туралы заңдарды жетілдіру мәселелеріне байланысты қолданылуы мүмкін. Дипломдық жұмыста қаралған қорытындылар мен ұсыныстар аграрлық қатынастарды дамытуға, олардың тиімділігін арттыруға бағытталады.
1 АГРАРЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ОНЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ТӘРТІБІ
1. 1 Аграрлық қатынастарды құқықтық реттеудің түсінігі мен әдістері
Аграрлық құқықтың ерекшеліктері ауыл шаруашылығы өндірісінің де ерекшеліктері қамтиды. Ондай ерекшеліктердің қатарына төмендегілерді жатқызуга болады: ауыл шаруашылығы, өндіріс үшін тамақ және ауыл шаруашылыгы өнімдерін шығарушы экономиканың жалғыз саласы болып табылады; экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда ауыл шаруашығында жер өндірістің негізгі құралы болып табылады, ал басқа салаларда олар өз объектілерін, ягни өз ғимараттарын орналастыратын жер ретінде қарастырылады; жерден басқа, ауыл шаруашылық өндірісінде өндірістің негізгі құралы ретінде тірі организмдер пайдаланылады, яғни басқа салаларда мұндай жоқ; ауыл шаруашылығында өндірістің кезеңділігі (циклділігі) тән. Мысалы, жазда, көктемде және күзде жұмыстардың көпшілік мөлшері жасалады. Бұл ауыл шаруашылық кәсіпорындар жұмысшыларының уақытша жұмыспен қамтамасыз ету, еңбек ақыны жыл мезгілдеріне теңдей етіп бөледі, еңбек демалыстарын дұрыстап берді реттеу сияқты үдсрістсрді құқықтық реттеу керектігі көрінсді; ауыл шаруашылық өндірісінің кезеңділігі өсімдік жануарлар дүниесінің дамуының биологиялық және физиологиялық ерекшеліктерімен тікелей байланыста болады. Бұл кезекте есімдік және мал шарууашылықтарына, малға жем дайындау өндірістеріне қатысты (ветеринарлық - алдын алу шараларын жүргізудің, малға өнім дайындаудың, егіс егудің маусымға байланыстылығы және т. б. ) ; жұмыс уақытының өндіріс кезеңімен сәйкес келмеді (мысалы, егіс алқаптарында егілетін тұқым оны еккен егінші сол жерде жұмыс істейтін, істемейтіндігіне байланыссыз немесе жаңа туған малдың төлі кімнің еңбегі екеніне қарамастан тірі ағзалардың дамуының биологиялық және физиологиялық заңдылықтарына сәйкес өсіп жетіле береді) . [1, 58 б. ]
Ауыл шаруашылық өндірісінің аталған ерекшеліктері аграрлық құқықтың да ерекшеліктерін көрсетеді, ал бұл олардың байланысын және ұқсастығын білдіреді. Осындай саланы бөліп шығару керектігі туралы сұрақтар (ол кездс ауыл шаруашылық құқығы деп аталады) бұл мәселелер 70 жылдардың басында туындаған. Заң әдебиеттерінде бұл мәселелср бойынша даулар туындаған. Ол уақытта колхоздың құқық ауыл шаруашылығы саласындағы барлық қатынастарды қамти алмайтын, өйткені совхоздардың мсмлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының саны тез арада өсіп кетті (олар тың жерлерде, сонымен қатар колкоздардың жаппай қайта құрылуының негізінде болды) . Ауыл шаруашылық өнімдері өндірісін ьнталандырудың және ұйымдастыруды, жоспарлауды реттеген ҚР Үкіметі және басқа да нормативтік актілер колхоздар мен совхоздарға тең негізде таратылды. Экономиканың дамуының жаңа жолдарын іздеу, азық-түлік меселелерін шешу агроонеркесіптік кәсіпорьшдар мен ұйымдардың пайда болуына әкелді. Мұның аралығы ғылыми зерттелуді және құқықтық бекітілуді талап етті, сондықтан ауыл шаруашылығы туралы идея объективтік заңдылық болып табылады. Бір ғалым-заңгерлер аграрлық ұйымы жеке сала рстінде болып шығарудың қажеттілігі дәлелдейді, ал басқалары әлі дс дау туғызуда. Мысалы, А. И. Бобылев аграрлық құқық екінші қатардагы құқықтық құрылым емес және ол кешенді сипатта емсс. Барлық құқық салаларын нормативтік құқықтық актілердіңмен салыстырғанда бір деңгейдс тұрады және иерархиялық тәртіпке бағынбайды. Аграрлық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастардың бірьңғай сипаттылығы ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріиің қызметін ұйымдастыру бойынша қоғамдық қатынастармен анықталады. Осыдан аграрлық құқық-ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қызметін ұйымдастыру бойынша қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардьщ жиынтығын көрсететін, нақты құқықтық қағидаларға негізделгсн және өзіндік қайнар көздері және әдістері бар Қазақстандық құқық жүйесінің жеке бір саласы. Бірқатар ғалымдар екінші қатардағы құқықтық құрылымдар ретіндс кешенді салаларды бөліп шығару керектігін негіздейді. Кешенді құрылымдарга келетін заңдық нормалар өздсрінің бастапқы құрылымында, негізгі салаларда қалады және оларга тиісті негізгі салалардың жалпы ережелері қолданылады. Ал екінші құрылымдағы нормаларға олар, мысалы, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, еңбек құқықтарының нормасы бола отырып кіреді. Сонымен қатар, әлеуметтік шьндықтың санаты ретіпдегі құқық саласының табиғаты өзінің кешенді құқық салаларының бар болуын жоққа шығарады деген пікірлерде. Құқық жүйесінде осы уақытқа дейін құқық жүйесі және заң жүйесін ажырату жоқ, сондықтан заң жүйесі салаларының кешенді сипаты құқық салаларына ауысты. Қазіргі кезде ғалымдар осыған дейін құқық жүйесін өзгертуге әрекеттер жасап жүр. Мемлекет және құқық теориясында құқық жүйесі мен заң жүйесінің өзара қатынасы туралы түсініктер бар. Осыған орай, профессор В. Қ. Бабаев мынаны көрсетеді: Егер саралау негізі әр салаға арнайы пән мен құқықтық реттеу әдісі болып табылатын құқық жүйесінде кешенді құрылымдық құрамдар болмаса, онда заң жүйесінде функционалдық мақсатқа немесе мсмлекеттік басқару саласында қолданылуына байланысты белгілср бойынша құрылған әр түрлі кешенді құрылымдар кездеседі. Мысалы, ауыл шаруашылық, сауда, шаруашылық заңдарын кешенді болып табылады. Сондықтан аграрлық құқық кешенді құқық саласы болып табылады дегенге нақты негіз жоқ. Бірақ аграрлық құқық саласының жақтастары кешенді сала теориясына негіздейді. Оған мысалы, кәсіпкерлік құқық, экология құқықты жатқызады. Олар аграрлық құқықты ауыл шаруашылық өпдірістік қызмет саласында аграрлық қатынастарды (жер, мүліктік, еңбек, ұйымдастыру-басқару) реттейтін құқықтық нормалардың жүйесі деп анықтайды, Б. А. Воронин кешенді құқық саласының пәні белгілі қоғамдық міндеттерді шешуге бағытталған локальдық әлеуметтік жүйелер деп түсіндіреді. Осы мақсатта кешенді саланың пәні олардың заңдық бірыңғайлылығына қарамастан ортаның қажетті элемеиттерінен құралады. Бірақ кешенді құқық салаларының табиғаты туралы ойлар әлі соңын тапқан жоқ. Біз, бүгінде, аграрлық құқықтың пайда болуы, мазмұны, даму заңдылықтары өзінше объективтік кешенді құрылым және жүйеліліктік емес жүйенің және құқық құрылымының нәтижесі болып табылады дейміз. Аграрлық құқықтың өз бетінше кез келгені құқық саласының негізінде оның пәні мен құқықтық ретту әдісі жатыр деген жалпыға мәлім құқық тсориясының ережелеріне негізделеді. Бірыңғай қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар құқық саласына біріктірілсді. Осыган байланысты құқықтық ретту пәні белгілі құқық саласымен реттелетін айрықша қоғамдық қатынастар тобы. Қазақстандық құқық жүйесі ретінде аграрлық құқықтық құрылымның объективтік негізі ерекше реттеуді қажет ететін кең және ыңғайлы қоғамдық қатынас саласы болып табылады. Бұл ең біріншіден ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріс байланысты қатынастар. Нақты бұл қатынастар басқа қатынастарға да ерекше әсерін тигізеді, соның ішінде аграрлық құқықтың пәні болып табылатын ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу және тарату саласында, аграрлық өндірістің материалдың техникалық базасын құруда, оны өндірістік-техникалық қамтамасыз етуде ерекшс мәнге ие. Аграрлық құқық пәнінің құрамдас элементті ауылдың әлеуметтік саласындағы қатынастар болып табылады. Аграрлық құқықтың негізгі пәнін аграрлық заңдар немесе оларды ауыл шаруашылық заңдар деп атайды. Аграрлық заңдар ауыл шаруашылық қызметі саласында пайда болатын қатынастарды реттейтін әр түрлі деңгейдегі норматтівтік актілердің, яғни заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылардың, тиісті министрліктер мен всдомстволардың бұйрықтары мен нұсқаулықтарының кешені болып табылады. Бұл жағдайда ауыл шаруашылық қызметі өсімдік және мал шаруашылыгы өнімдерін өндіру, оны тарату және ауылдық тауар өндірушілердің өздерінің алғашқы өңдеуі болып түсіндіріледі. Бұл аграрлық заңдар агроөнеркәсіптік кешенді толығымен қамти ма, әлде жоқ па соны білдіре ме? Агроөнеркәсіптік кешснді ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алуды, оны қайта өңдеуді, аұыл шаруашылық техниканы жөндеуді және басқа да ауыл шаруашылық қызметтерін жүзеге асыратын оның қызмет ететін өндірістерімен қоса ауыл шаруашылығы құрайды. Егер құқықтың реттеу пәні аграрлық құқық нормаларының негізі, қандай қоғамдық қатынастарды реттейтіндігін көрсетсе, құқықтық реттеу әдісі бұл қатынастар қалай, қандай әдістермен және қандай құралдармен реттелетіндігін көрсетеді. Белгілі құқық саласын ашып көрсетудің маңызды өлшемі (критерий) оның қағидалары, яғни берілген құқық саласының құрылымының және қызметінің негізгі ойларын анықтайтын бастапқы ережелер, бастамалар. Құқық саласының құрылуының маңызды өлшемі ретінде құқықтың қайнар көзі, ең алдымен құқықтық актілер, бастапқы орынды алады. [1, 74 б. ]
Аграрлық құқық саласының құрылуында субъективтік фактор ретінде құқық саласының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастардың берілген түрін реттеуде қоғам мен мемлекеттің мүдделілігі танылады. Қазақстан Республикасының дамуының барлық кезеңдерінде мемлекет өз ауыл шаруашылық өндірісінің дамуын қалады, экономиканың аграрлық секторында реформалау бағдарламаларын жасады, қоғамның өмір сүруінде аграрлық саланың құрылуының мақсаттары мен міндеттерін анықтады, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қолданды. Аграрлық құқық ауыл шаруашылық және онымен байланысты басқа қызмет саласындағы (жер, мүліктік, еңбек және ұйымдастыру, басқарушылық) аграрлық қоғамдық қатынастарды реттейтін өзара байланысты құқықтық нормалар жүйесінің бөлігін сипаттайтын арнайы кешенді құқық саласы.
Заң әдебиеттерінде кез келген құқық саласы бірыңғай қатынастарды реттейтін құқықтық реттеу әдістеріне ие деген ойлар бар. Әкімшілік құқық үшін бұл - алдын ала ескерту, яғни билік және бағыныштылық қатынастары; азаматтық құқық үшін рұқсат ету әдісі, яғни тараптардың заң алдында теңдігі әдісіне негізделеді; қылмыстық құқық үшін - тыйым салу әдісі; еңбек құқығы үшін - әділетті мадақтау және сыйақы беру әдісі. Аграрлық құқық бірқатар ғалымдардың ойынша кешенді құқық саласы болып саналатындықтан оның бірыңғай құқықтық реттеу әдісі болмайтындығы көрінеді. Бірақ, егер құқық жүйесі 30-ға жуық құқық саласын анықтаған болса, онда осынша реттеу әдісі болады деп есептеу дұрыс бола ма деген ойлар әдебиеттерде көрсетілген. Егер әдіс - құқықтық реттеудің заңды құралдарының жиынтығы деген түсінікті алатын болсақ, онда құқық саласының құқықтық реттеу әдісінің басқа тұжырымдамасы анықталады. Мемлекет және құқық теориясы бойынша әдебиеттерде құқықтық реттеудің бірнеше негізгі әдістерін бөліп көрсетеді. Аграрлық қатынастарды реттеуде позитивтік міндеттеу әдісі де қолданылады, мысалы, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдаланғанда, ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметімен байланысты қатынастарды реттеуде. Кейбір жағдайларда аграрлық құқықта тыйым салу әдісі де қолданылады, мысалы, ауыл шаруашылығында қоршаған ортаны қорғау бойынша қатынастарда. Қазақстан Республикасы аграрлық құқықтың тек өзіне ғана тиісті ерекше құқықтық реттеу әдісі жоқ. Көптеген салалардың, соның ішінде аграрлық құқықтың да өзінің құқықтық реттеу әдісінің болмауы оның саралау мәтінін төмендетеді, бірақ толығымен жоққа шығармайды, өйткені құқықтық реттеу әдісінің ерекшелігі ондай рөлге сөзсіз ие. Құқықтық реттеу әдісінің мұндай ерекшелігі, әдетте, белгілі бір құқық саласының өз әдісінің болуында емес, бұл әдістердің өзара байланысуында, осы байланыстың тек нақты салаға қатыстылығын көрсететін және осы салаға топтық құқықтық реттеуді негіздейтін ондағы белгілі бір элементтердің болуында. Көрсетілген қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу әдістерінің біздің тарихымыздың түрлі деңгейлеріндегі өзара байланысы мүлдем бірдей емес болған. Әміршілдік-әкімшілдік кезеңдерде тыйым салу және бұйыру әдістері басым болды. Жеке кәсіпкерлік қызмет нысанын тудыратын немесе жеке басқа кіріс әкелетін қызметтің кез келген түріне рұқсат етілмеді. Ауыл шаруашылық ұйымдары-колхоздар мен совхоздардың тәжірибелік өндірістік-шаруашылық қызметтері қатаң шектеліп отырды. Осы негізгі ауыл шаруашылық қызметін жүргізетін ұйымдастыру-құқықтық нысандарының арасындағы заңды, әсіресе тұрақты айырмашылық жоқтың қасы болды, ал ол колхоздарды “жалпы халықтық кәсіпорындардың” деңгейіне тарту және оларды совхоздар етіп қайта құру мемлекеттендіруге әкелді. Тыйым салу және тікелей бұйыру әдістері әскери кезеңге дейін де, одан кейінде негізгі болып табылды. 1955 жылдан бастап ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеуге маңызды өзгерістер енгізуге және тікелей орталықтандырылған жоспарлау саласын шектеуге жасалған талпыныстар ешқандай тәжірибелік нәтижелер бермеді және бермейтін де еді, өйткені сол кезде басым болған әміршілдік-әкімшілдік жүйеге сәйкес келмеген еді. Осы бағытта байқалатын алға басулар тек қана 90 жылдардың басында жер және аграрлық реформалардың жүзеге асуына байланысты пайда бола бастады. Реттеудің әкімшілік әдісінен экономикалық әдіске, яғни “заңмен тыйым салынбаса барлығына рұқсат” қағидасына негізделген рұқсат ету әдісіне көше бастады. Жалпы нарықтық экономика, сонымен қатар аграрлық секторда тек қана міндетті бұйрықтар мен шектеулердің негізінде бекітіліп, дұрыс дами алмайды. Сондықтан біздің экономикада басым болатын қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің императивтік әдісі кейбір салаларда ішінара, кейбір салаларда толығымен өз пікірін және ойын жүзеге асыруға толығымен еркіндік беретін диспозитивтік әдіске орын беру керек болды. Ол конституциялық деңгейде де, ауыл шаруашылық, коммерциялық ұйымдарының құқықтық мәртебесін анықтайтын арнайы заңдардың нормаларында да өзінің тікелей көрінісін тапты. Ауыл шаруашылығындағы жеке құқықтық сала-аграрлық коммерциялық ұйымдарың және шаруа қожалықтарын құрумен және олардың қызметімен, шарттар жасау және орындаумен, сонымен қатар аграрлық өндірістегі азаматтардың еңбектік және мүшелік қатынастарымен байланысты қатынастар. Бұл қатынастарды реттеуде еркіндіқ әдісі, тараптардың заңдық теңдігі, олардың бір-біріне тәуелсіздігі әдістері қолданылады (бұл қатынастарға мемлекеттің қатысуына қарамастан) әдебиеттерде реттеудің экономикалық әдістері бар екендігі туралы негізді ойлар бар. Негізгі экономикалық әдістердің қатарына көрсетілген қызметке ақы төлеу, айып төлеу, салық салу жатады. [2, 9 б. ]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz