Қазақстан Республикасындағы банкілік қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілер жүйесі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе_ 4

I-Тарау. Қазақстан Республикасындағы банк заңдарының

қалыптасу кезеңдері мен ерекшеліктері

1. 1 Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасу

кезеңдері мен бүгінгі күнгі жағдайы 6

1. 2 Қазақстан Республикасындағы банкілік қызметті реттейтін

нормативтік құқықтық актілердің қалыптасу кезеңдері және

ерекшеліктері 11

1. 3 Қазақстан Республикалық банкілік заңдарының нарық

жағдайындағы құқық жүйесіндегі орны 23

II-Тарау. Қазақстан Республикасындағы банкілік қызметті

реттейтін нормативтік құқықтық актілер жүйесі

2. 1. Қазақстан Республикасының банкілік қызметті реттейтін

заңдары- банкілік қызметтің құқықтық негізі ретінде 34

2. 2. Банкілік қызметті реттейтін Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының

Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен

қадағалау жөніндегі Агенттігінің нормативтік-құқықтық

актілеріне сипаттама 41

III-Тарау. Қазақстан Республикасының банкілік заңдарын

одан әрі жетілдірудің мәселелері 48

Қорытынды 61

Қолданылған нормативтік-құқықтық актілер мен әдебиеттер __63

Кіріспе

Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдылығына, жеке меншікті алғандағы меншіктің барлық нысандарының теңдігіне, кәсіпкерліктің еркіндігіне негізделген құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның негізін қалауға бағытталған экономикалық реформа жүргізілу үстінде.

Қазіргі нарықтық типтегі жүйе ретіндегі Қазақстандық несие- банктік жүйесі қалыптасу кезеңінде: егер сандық көрсеткіштерді ескерсек, бұл кезең айтарлықтай жылдам жүріп жатыр (қазіргі уақытта Қазақстанда 34 банк жұмыс істеп жатыр) ал сапалық жағынан бұлардың дамуы өте қарқынды жүруде. Үстіміздегі жылдың 1 наурызында банк секторының жиынтық есептік меншіктік капиталы 655, 4 млрд теңгені құрады. Бір айдағы өсім 13 млрд. теңге немесе 2 пайыз. Банктердің жиынтық активтері ақпан айында 143. 6 млрд. (3. 2 пайыз), теңгеге ұлғайып, 4 655. 5 млрд. теңгеге жетті. Банктердің несие қоржыны (банк аралық қарыз алуларды есептегенде) бір айда 63. 6 млрд. теңгеге өсіп, 3 161 млрд. теңгені құрады1. Әсіресе, бұл жағдайды біздің қаржылық нарық пен банктік инфрақұрылымымыздың күйінен байқауға болады. Бұл тек өсудің қиыншылықтары емес. Несие- банктік жүйені қалыптастырудың интенсивті басқарылып отырған үрдісі жүріп жатыр, ал бұл өз кезегінде, қазақстандық экономиканың дамуына өз үлесін қосуда.

Қазақстанның банк жүйесінің, жеке банк заңнамасының дамуы барысында туындаған проблелемалар бірқатар себептермен шарттандырылған, оның ішінде елдегі саяси, әлеуметтік және экономикалық қайта құрулардың қарама - қайшы үрдісі, отандық банк жүйесі мен оның құқықтық қамтамасыз етілуінің жеткілікті негізделген, қисынды тексерілген, жалпымен танылған тұжырымдамасының жасалынуы, білікті банк кадрларының қалыптасуы және әрине, нарықтық экономикаға бара- бар несиелік- банктік жүйені құрудың және құқықтық реттеудің осы заманғы отандық тәжірибенің қалыптасуы бар.

Аталмыш жағдай, сонымен қатар, қазақстандық банк жүйесі мен банкілік заңнаманың қалыптасу үрдісіне - оның онсыз да тарихи тұрғыдан алғанда қысқа мерзімдерде қалыптасып жатқанына қарамастан, үнемі өзгеретін, нарық талабына сәйкестендіріп отыру қажеттілігімен күрделене ушығып отыр десек те, бұл ұстаным - басым қажеттілік, өйткені басқа жолмен елді дағдарыстан шығару мүмкін емес.

Батыстағы банк жүйелері мен олардың құқытық негіздері ғасырлар бойы қалыптасса, Қазақстанда және «Ресейде бұл үрдіс тым жылдам, біздің көзімізше жүріп жатыр». Алайда, банк ісінің дәстүрлері жоғалған, өзіндік тәжірибеге ұмытылған, ал еліміз үшін бүгінгі таңда қандай банктік жүйе және қандай банк заңнамасы қажет екендігін ортақ (бірдей) түсіну жоқ болған жағдайдағы қарқынды өсіп жатқан иновациялар ағымын басқару аса қиын2. Нәтижесінде банк жүйесінің құрылымы да, банк қызметін реттейтін заңнама да қалыптасып үлгермей-ақ, ескіріп кетеді және өз кезегінде экономикалық реформа барысын тежей түседі.

Әрине басқа елдердің тіпті ең мықты, оң сипатты және ғасырлармен тексерілген банктік тәжірибесінің өзі ұлттық- мемлекеттік ерекшеліктерді жан- жақты ескермей, жай ғана көшіре салудың еш пайдасы жоқ екенін ұмытпағанымыз жөн, өйткені еліміздің КСРО құрамындағы жетпіс жылдың өмірі елдегі экономикалық, әлеуметтік- саяси және әлеуметтік- психологиялық қатынастардың қалыптасуына әкеліп соқты (бұл қатынастар батыста қалыптасқан қатынастардан айтарлықтай ерекшеленеді) .

Тақырыптың маңыздылығы қалыптасқан жағдайда нарықтық типтегі банк жүйелері мен банк заңнамасының түпкі сипаттамасын анықтау.

Дипломдық жұмыстың мақсаты нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжирбесін талдау, екінші жағынан, - осы тәжірибені ескере отырып, отандық банк жүйесін және оның құқықтық негіздерін құру қағидаларын жасау және оны жетілдіру.

I - Тарау. Қазақстан Республикасындағы банк заңдарының қалыптасу кезеңдері мен ерекшеліктері

1. 1 Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасу кезеңдері мен бүгінгі күнгі жағдайы

Нарықтық экономика жағдайында өмір сүргенімізге он бес жылға аяқ бастық. Ал осы уақыт ішінде экономиканың құлдырағанында, ақшаның құнсызданғанында куәгер болғанымыз рас. Бұл сондай ақ жаңа мемлекетті құру, экономиканы тұрақтандыру және нарықтық экономикаға деген бейімді қалыптастыру кезең де болып табылады. Соңғы төрт жыл бойы экономиканың жылына орта есеппен 10, 3 % тұрақты дамуы жалпы ішкі өнімді 49% өсіріп отыр, бұл ТМД мемлекеттерінің ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады (Ресейде- 28%, Украинада-29%, Молдавада-24%, Қырғызстанда-16%) . Жалпы ішкі өнім жан басына шаққанда 2002 жылғы 1660 доллардан 2004 жылы 2600 долларға дейін өсті. Қазақстанның алтын валюта қоры 69, 3% немесе 16, 5 млрд. долларға дейін көбейген, оның ішінде Ұлттық банктің халықаралық резервтері 7, 9 млрд долларды, ал Ұлттық қордың ақшасы 9, 6 млрд долларды құрайды3. Осындай орнықты дамуды мемлекеттік саяси тұрақтылықты, экономикалық, әлуметтік бағдарламалардың дұрыс талдап- жасалуы қамтамасыз етуде.

Банк жүйесі экономиканың бірден бір негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Банк - мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында, валюта нарығында, депозит нарығында күшті позициялар иеленеді. Банк жекешелендіру саласында белсенді жұмыстар істеуде. Қазіргі таңда елімізде 34 екінші денгейдегі банк бар. Мұны 1-кестеден байқауға болады. Банктің құрылтайшылары болып оның акционерлері табылады. Ол ашық түрдегі акционерлік қоғам болып құрылғаннан кейін қосымша жеңілдіктер иелене алмайды және басқа акционерлермен салыстырғанда қосымша міндеттер жіктемейді.

Кесте-1 ҚР екінші деңгейдегі банктердің сандық құрылымы. 2004-2005 жыл4

Екінші деңгейдегі банктердің барлығы.: Екінші деңгейдегі банктердің барлығы.
34: 34
Екінші деңгейдегі банктердің барлығы.: Соның ішіндегі
34:
Екінші деңгейдегі банктердің барлығы.: Мемлекеттік
34: 3
Екінші деңгейдегі банктердің барлығы.: Мемлекетаралық
34: 1
Екінші деңгейдегі банктердің барлығы.: Шетел капиталының қатысуымен
34:
Екінші деңгейдегі банктердің барлығы.: Еншілес банктер
34: -

Жоғарыдағы кестеден байқайтынымыз яғни Қазақстан Республикасында екінші деігейлі банктердің барлығы 34 банк, оның ішіндегі 3-мемлекеттік, 14-шетел капиталының қатысуымен жүзеге асырылады.

Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін- өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ұлттық банк - бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті алатын валюта резервтерінен, басқа да материалдық бағалықтардан тұратын мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айрысуды Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырады. Екінші деңгейлі банктердің капиталының құрылымын /2- кестеден/ байқауға болады.

Кесте-2

Екінші деңгейлі банктердің капиталы.

Банк аттары: Банк аттары
01. 01. 2003: 01. 01. 2003
01. 01. 2004: 01. 01. 2004
01. 01. 2005: 01. 01. 2005
Банк аттары: Мың$
01. 01. 2003: Позиция %
01. 01. 2004: Мың$
01. 01. 2005: Позиция %
Мың$
Позиция %
Банк аттары: 1
01. 01. 2003: 2
01. 01. 2004: 3
01. 01. 2005: 4
5
6
7
Банк аттары:

Казкоммерц

банк

01. 01. 2003: 175, 273
01. 01. 2004: 19, 7
01. 01. 2005: 196, 865
19, 0
267, 660
21, 5
Банк аттары: Халық банк
01. 01. 2003: 101, 304
01. 01. 2004: 11, 4
01. 01. 2005: 135, 743
13, 1
152, 936
12, 3
Банк аттары: Тұран Алем банк
01. 01. 2003: 159, 247
01. 01. 2004: 17, 9
01. 01. 2005: 197, 957
19, 1
215, 780
17, 4
Банк аттары: ABN AMRO
01. 01. 2003: 23, 501
01. 01. 2004: 3, 8
01. 01. 2005: 25, 963
3, 2
27, 025
3, 0
Банк аттары: Центр кредит
01. 01. 2003: 19748
01. 01. 2004: 3, 4
01. 01. 2005: 27, 741
3, 8
28, 454
4, 5
Банк аттары: Еуразиялық банк
01. 01. 2003: 17, 375
01. 01. 2004: 3, 1
01. 01. 2005: 20, 158
2, 7
22, 546
2, 6
Банк аттары: АТФБ
01. 01. 2003: 18, 166
01. 01. 2004: 4, 3
01. 01. 2005: 20, 288
3, 9
25, 449
4, 2
Банк аттары: Темір банк
01. 01. 2003: 13, 078
01. 01. 2004: 2, 6
01. 01. 2005: 18, 328
2, 5
22, 911
2, 6
Банк аттары: Нұр банк
01. 01. 2003: 22, 361
01. 01. 2004: 3, 6
01. 01. 2005: 22, 005
3, 3
23, 644
3, 5
Банк аттары: Каспий банк
01. 01. 2003: 12, 513
01. 01. 2004: 1, 4
01. 01. 2005: 22, 927
2, 2
27, 302
2, 2
Банк аттары: Ситибанк
01. 01. 2003: 24, 428
01. 01. 2004: 5, 0
01. 01. 2005: 28, 163
4, 6
29, 691
4, 8
Банк аттары: Наурыз банк
01. 01. 2003: 11, 227
01. 01. 2004: 2, 4
01. 01. 2005: 15, 440
2, 0
20, 446
1, 6
Банк аттары: Үлкен банктер барлығы
01. 01. 2003: 598, 257
01. 01. 2004: 78, 4
01. 01. 2005: 823, 518
79, 5
869, 849
80, 2
Басқада банктер: Басқада банктер
192, 738: 192, 738
21, 6: 21, 6
212, 428: 212, 428
20, 5: 20, 5
245, 812: 245, 812
19, 8: 19, 8
Басқада банктер: Банк жүйесінедегі барлығы
192, 738: 790, 514
21, 6: 100, 0
212, 428: 1, 036, 060
20, 5: 100, 0
245, 812: 1, 115, 661
19, 8: 100, 0

Жоғарыдағы кестеден байқайтынымыз, екінші деңгейлі банктердің үш жыл ішіндегі капиталын салыстырып қарайтын болсақ, 2002 жылы банк жүйесінде 790. 541 мың АҚШ долларын құрайтын болса, 2003 жылы 1. 036. 060 мың АҚШ долларын құрайды, ал 2004 жылы 1. 115. 661 мың АҚШ долларын құрап тұр, ал осы үш жылдың позициясы 100 пайызды құрап тұр. Өткен жылы банктердің жиынтық меншікті капиталы 38, 6 пайызға ұлғайып 1, 5 млрд долларға, ал жиынтық активтері 39, 3 пайызға көбейіп 11, 2 млрд долларға дейін өсті. Банктік активтердің 60 пайызы экономикаға кредит түрінде берілген, оның көлемі 6, 7 млрд долларды құрайды. Жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаржы 2, 5 млрд долларға жетті5.

Қазақстандағы банк жүйесінің қалыпты дамуы бірқатар жәйттермен байланысты. Біріншіден, ол халықаралық стандарттарды дұрыс меңгере алмағандығымыздан, есеп және есеп беру, несиелеу және депозит дұрыс іске аспауында. Екіншіден, Ұлттық банк тарапынан қатаң пруденциялдық- нормативтік реттеудің нәтижесінде активпен міндеттеменің, меншікті капиталмен активтің, акционерлермен банктердің арасындағы шектеулердің дұрыс орындалуына және де банктер беретін ақпарат көздерінің ашықта дұрыс болуында. Үшіншіден, Депозиттерді сақтандыру кепілдік қорының құрылғандығы. Төртіншіден, екінші деңгейдегі банктердің соңғы екі-үш жыл көлемінде халықаралық қаржы институттарынан алып отырған үлкен көлемдегі арзан бағалы және несие көздерінің болуы сонымен қатар екінші деңгейдегі банктердің арасындағы бәсекелестіктің артуында, соның нәтижесіеде соңғы жылдары сыйақы мөлшнрлемесі теңгемен берілетін несиеде 28 пайыздан 20 пайызға, доллармен берілетін несиеде 20-21 пайыздан 15-16 пайызға дейін төмендеді.

Қазақстанның банк жүйесінің ТМД-ның басқа елдерінің банк жүйесімен салыстырғанда көп ілгері тұр. Оған халықаралық рейтингтік агенттіктердің беріп отырған жоғары бағалары дәлел. Еуропа Одағына қабылданған Венгрия, Болгария, Польша және Балтық мемлекеттерімен бір деңгейдеміз. Біздегі банк жүйесінің негізгі және басты айырмашылығы ол жеке меншік капиталымен бақылануда, ал Ресейде мемлекеттік қатысуы басым. Стратегиялық салалардан басқа салаларда жеке меншік капиталының басым болғаны жөн, ол оңтайлы басқаруға, бақылауға және үлкен жетістіктерге жетуге бейімді. Бұл нарық заңы. Оған дәлел, орта есеппен алғандағы инфляцияның жылдық көрсеткіші Ресейде біздегімен салыстырғанда екі есе жоғары, экономикаға берілген кредит көлемі ЖІӨ-нің Ресейде 10 пайызына жетпейді-25, 0 млрд. доллар, Қазақстанда 23, 5 пайыз немесе 6, 3 млрд. долларды құрайды ( Ресейде ЖІӨ-268, 0 млрд. доллар, Қазақстанда -26, 7 млрд. доллар) .

Жоғарыда атап өтілген оң істермен бірге, банктік жүйенің кемшіліктері да бар екендігін айта кеткен жөн. Бұл бәрімізге белгілі несиелері бойынша сыйақы мөлшерлерінің өте қымбаттығы, ұзақ мерзімді кредиттің аздығы. Рас, екінші деңгейдегі банктер тарапынан сыйақы мөлшерлемесін төмендетудің толық қолдау таппай отырғандығын мойындауымыз қажет, бірақ кейбір банктер несие көздерінің өзіндік құнының жоғары болуына байланысты бірден төмендету шараларын қолдана алмайды. Себебі, 1999-2002 жылдар аралығында шығарылған 5-7 жылдық облигациялық құнды қағаздардың 11-12 пайыздық сыйақы шығындарын толық төлеп бітірмей, арзан сыйақы белгілеу саясатын әкімшілік жолмен тану нарықтық экономиканың негізгі заңдарына қарама-қайшы келетіндігі айдан анық. Бұл орайда мәселе әділ бәсекелестік жолымен шешілуі керек.

Ал бәсекелестік өз кезегінде кейбір банктердің әкімшілік-шаруашылық шығындарын азайтуына, қызметкерлер санын қысқартуына, таза пайда таппаған банктердің жабылуына немесе бірігуіне алып келеді. Міне, осындай ережелерді сақтаған жағдайда ғана әділ сыйақы мөлшерлемесін, жылдам алынатын несие көздерін және сервистік қызметтік жақсаруын күтуге болады

1. 2 Қазақстан Республикасындағы банкілік қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілердің қалыптасу кезеңдері және ерекшеліктері .

Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдылығына, жеке меншікті алғандағы меншіктің барлық нысандарының теңдігіне, кәсіпкерліктің еркіндігіне негізделген құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның негізін қалауға бағытталған экономикалық реформа жүргізілуі үстінде.

Қазіргі нарықтық типтегі жүйе ретіндегі Қазақстандық несие- банктік жүйесі қалыптасу кезеңінде: егер сандық көрсеткіштерді ескерсек, бұл кезең айтарлықтай жылдам жүріп жатыр, ал сапалық жағынан бұлардың дамуы өте баяу өтуде. Әсіресе, бұл жағдайды біздің қаржылық нарық пен банктік инфрақұрылымымыздың күйінен байқауға болады. Бұл тек өсудің қиыншылықтары емес. Несие- банктік жүйені қалыптастырудың нашар басқарылып отырған үрдісі жүріп жатыр, ал бұл өз кезегінде, қазақстандық экономикаға кері әсерін тигізеді.

Қазақстанның банк жүйесінің жеке банк заңнамасының дамуы барысында туындаған проблелемалар бірқатар себептермен шарттандырылған, оның ішінде елдегі саяси, әлеуметтік және экономикалық қайта құрулардың қарама - қайшы үрдісі, отандық банк жүйесі мен оның құқықтық қамтамасыз етілуінің жеткілікті негізделген, қисынды тексерілген, жалпымен танылған тұжырымдамасының жоқтығы, білікті банк кадрларының күрт жетіспеушілігі және әрине, нарықтық экономикаға бара- бар несиелік- банктік жүйені құрудың және құқықтық реттеудің осы заманғы отандық тәжірибенің жоқтығы бар.

Аталмыш мүшкіл жағдай, сонымен қатар, қазақстандық банк жүйесі мен банкілік заңнаманың қалыптасу үрдісіне - оның онсыз да тарихи тұрғыдан алғанда қысқа мерзімдерде қалыптасып жатқанына қарамастан, үнемі өзгеретін, нарық талабына сәйкестендіріп отыру қажеттілігімен күрделене ушығып отыр десек те, бұл ұстаным - басым қажеттілік, өйткені басқа жолмен елді дағдарыстан шығару мүмкін емес.

Батыстағы банк жүйелері мен олардың құқытық негіздері ғасырлар бойы қалыптасса, Қазақстанда және «Ресейде бұл үрдіс тым жылдам, біздің көзімізше жүріп жатыр»6. Алайда, банк ісінің дәстүрлері жоғалған, өзіндік тәжірибе ұмытылған, ал еліміз үшін бүгінгі таңда қандай банктік жүйе және қандай банк заңнамасы қажет екендігін ортақ (бірдей) түсіну жоқ болған жағдайдағы қарқынды өсіп жатқан иновациялар ағымын басқару аса қиын. Нәтижесінде банк жүйесінің құрылымы да, банк қызметін реттейтін заңнама да қалыптасып үлгермей-ақ, ескіріп кетеді және өз кезегінде экономикалық реформа барысын тежей түседі.

Қалыптасқан жағдайда бірінші кезекте, басым міндет болып, бір жағынан, нарықтық типтегі банк жүйелері мен банк заңнамасының түпкі сипаттамасын анықтау мақсатында, нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжирбесін талдай, екінші жағынан, - осы тәжірибені ескере отырып, отандық банк жүйесін және оның құқықтық негіздерін құру қағидаларын жасау және оны жетілдіру табылады.

Әрине басқа елдердің тіпті ең мықты, оң сипатты және ғасырлармен тексерілген банктік тәжірибесінің өзі ұлттық- мемлекеттік ерекшеліктерді жан- жақты ескермей, жай ғана көшіре салудың еш пайдасы жоқ екенін ұмытпағанымыз жөн, өйткені еліміздің КСРО құрамындағы жетпіс жылдың өмірі елдегі экономикалық, әлеуметтік- саяси және әлеуметтік- психологиялық қатынастардың қалыптасуына әкеліп соқты (бұл қатынастар батыста қалыптасқан қатынастардан айтарлықтай ерекшеленеді) .

Аталған жағдай отандық банк заңнамасын жетілдіруді талап етіп отыр. Оны жетілдіру жолдарына:

  • Банк заңнамасының тікелей әрекет ету сипатын күшейту;
  • Банк заңнамасы нормаларын қазақстандық заңнаманың басқа салаларының нормаларымен сәйкестендіру;
  • Банкілік тәжірибеде қалыптасқан халықаралық нормалар мен әдеттерді ескере отырып, банкілік қызметті реттейтін жаңа заңдардың ауқымды базасын жасау;
  • Мемлекеттің коммерциялық банктердің жеке мүдделері аясынан араласуын заңмен орнатылған шеңберде шектеу;
  • Несие - банктік жүйенің құрылымы мен функцияларын, оның элементтерін нақты құқықтық бекіту, негізгі ұғымдарды анықтау жатады.

Банк заңдарының жүйесін анықтау мақсатында тарихқа көз жүгіртсек. Жалпы алғанда, Қазақстанның банкілік жүйесінің дамуына үлкен екі кезеңге бөлсек болады;

  1. КСРО құрамындағы Қаз КСР-нің банкілік заңдары, яғни Қаз КСР-і Қазақстан Республикасы болып, тәуелсіздік алғанға дейінгі банкілік заңдар;
  2. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі, яғни бүгінгі күнге дейінгі заңдары.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктердің кредиттеу операцияларын құқыктық реттеу
“Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы”
Банкілік қызмет анықтамасы және оның құқықтық жағдайлары
Банк жүйесіндегі банктік құқықтық қатынастар
Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі
Банкілік қатынастар субьектілері өз құқықтарын қорғау тәсілдері
Қазақстан Республикасының банкілік қызметін мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің құқықтық жағдайы
Банктерді құру тәртібі мен банкілік қызметті, лицензиялаудың құқықтық негіздері
Екінші деңгейдегі банктердің құқықтық жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz