Қазақстан экономикасын диверсификациялау бағыттары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе 9

1 Өндірісті диверсификациялаудың теориялық негіздері

1. 1 Диверсификацияның мәні және маңызы 12

1. 2 Диверсификацияның экономикадағы қажеттілігі 17

1. 3 Шетелдегі озық диверсификация үлгілері 25

2 Оңтүстік Қазақстан экономикасын диверсификациялаудың қазіргі жағдайы

2. 1 Өнеркәсіп өндірісін диверсификациялау үрдісін зерттеу 29

2. 2 Оңтүстік Қазақстан облысы тамақ өнеркәсібі өндірісін диверсификациялау үрдістерін талдау 32

2. 3 Оңтүстік Қазақстан облысы тамақ өнеркәсібі өндірісін диверсификациялау үрдісін жетілдіру жолдары 40

3 Қазақстан экономикасын диверсификациялау бағыттары

3. 1 ҚР экономикасының диверсификацисын қамтамасыз ететін басымды секторларын дамыту 51

3. 2 Өнім өндіру құрылымын өзгерту бинес-жоспары 56

Қорытынды 68

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 71

КІРІСПЕ

Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арналған жолдауында атап көрсеткендей, экономиканы таяудағы онжылдықта тұрлаулы да теңдестірілген дамуы жедел диверсификациялау және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен қамтамасыз етілетін болады. Себебі, Қазақстан экономикасының қазіргі даму кезеңінде өндірісті диверсификациялау үрдістері өндірістерде инновациялық прогресс жетістіктерін қолдануға, өндіріс техникасы мен технологиясын жетілдіруге, экономиканың шикізаттық бағытын өзгертуге мүмкіндік береді.

Қазіргі әлемдік экономиканың қарқынды дамуы мен жаһандануы, сыртқы ортаның анықталмаған жағдайы қоғамның барлық салаларына маңызды әсер етуші диверсификацияны тәуекелділікті азайту мен бәсекелестік қабілеттілікті арттыру тәсілі ретінде қолдануды қажет етуде. Ауылшаруашылық шикізатын, әсіресе, тамақ өнеркәсібі саласында терең өңдеудегі халықаралық стандарттарға сәйкес сапалы отандық тамақ өнімдерін өндіруге арналған технологияны дамыту елімізде басымды стратегияның біріне жатады.

Тамақ өнеркәсібі саласында қоғам үшін өмірлік маңызды өнімдер өндірілуіне байланысты, бұл саланың қазіргі жағдайы мен іс жүзіндегі даму қарқыны мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі және елдің ішкі азық-түлік нарығындағы тұрақтылықтың негізгі факторы болып табылады. Сонымен бірге, тамақ өнімдерін өндіру барысында механикалық үрдістермен бірге химиялық, биологиялық және басқа да әртүрлі ерекше заманауи үрдістер қолданылуына байланысты тамақ өнімдерін өндіруші өнеркәсіп шикізатты өңдеуші салардың аса күрделі түріне жататындығы ескерілуі қажет.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, азық-түлік қауіпсіздігінің шегі жалпы осы өнімдерге деген қажеттілік көлеміндегі импорт арқылы қамтылу үлесі 20% деңгейімен бағаланады. Ал, ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметтері бойынша Қазақстанда қазіргі таңдағы сүт өнімдерінің 40%, ет өнімдерінің 29% және көкөніс өнімдерінің 43% шет елдерден жеткізіледі, басқаша айтқанда, аграрлық өндірістің ірі әлуетіне ие бола тұрып, еліміз отандық тамақ өнеркәсібі өнімдерімен қамсыздандырудың төмен денгейімен сипатталды.

Қазіргі уақытта Қазақстандағы тамақ өнеркәсібі өндірісіндегі орын алған кемшіліктер осы саладағы диверсификациялау үрдісінің жетімсіз болуы және оны жүзеге асырудың тиімді жүйесінің құрылмағанымен түсіндіріледі. Осы саладағы кәсіпорындар бәсекелестік нарық жағдайында тұрақты және тиімді қызмет етуін арттыру мақсатындағы даму стратегиясын тандау барысында диверсификациялау бағыттарын іздестіріп, оған әсер ететін негізгі факторларды анықтап, олардың құрамы мен толықтығына баға беру арқылы нақты жағдайда және дер кезінде іске асыруы, сәйкесінше басқарушы тиімді шешімдерді қабылдауы аса жоғары маңыздылыққа ие.

Сондықтан, тамақ өнеркәсібі өндірісінің диверсификациялау ерекшеліктерін анықтау, оның көлемі мен тереңдігіне баға беру, бәсекелестік нарықтағы диверсификациялау стратегиясының бағыттары мен тиімділігін анықтау маңызды болып табылады.

Осыған орай, Оңтүстік Қазақстан облысындағы тамақ өнеркәсібі өндірісін диверсификациялау үрдісін жетілдіру жолдарын анықтау қажеттілігі зерттеу тақырыбын тандау себебі ретінде атап өтсе болады.

Жалпы диверсификация түсінігінің әртүрлі тармақталған мәні мен мағынасына, түрлері мен бағыттарына, мақсаттарына байланысты сұрақтары мен негізгі мәселелері келесі шет елдік және ресейлік авторлардың еңбектерінде қарастырылады: М. Горт, Е. Есинара, Р. Акофф, И. Ансофф, Й. Шумпетер, В. Вейнхолд, Дж. Гибсон, Я. Корнай, Ф. Котлер, М. Портер, Д. Росса, М. Салтер, А. Дж. Стрикленд, А. А. Томпсон, М. Трейси, Ф. Шерера, П. Друкер, П. Хейне, М. Паскье, Р. Кунц, Л. Абалкин, Г. Л. Багиев, В. В. Губанов, И. М. Кублин, Г. И. Немченко, Р. Б. Ноздрева, Л. И. Цыгичко және басқалары. Диверсификациялаудың жалпы және салалық мәселелері бірқатар қазақстандық авторлардың еңбектерінде де қарастырылған, олар: Б. Ахметжанов, Ж. Бельгибаев, Б. А. Жапбасова, С. С. Сатубалдин, С. Курмангалиев, С. К. Мизанбекова, С. Д. Тажибаев, Р. С. Каренов, Ж. М. Шаекина, А. Е. Желдибаев, М. Кенжегузин және басқалары.

Диверсификация негіздері белгілі дәрежеде зерттелгендігіне қарамастан, Қазақстандағы өнеркәсіп өндірісін диверсификациялау үрдісінің мақсаттары мен бағыттары толық зерттелмеген, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының жаңа индустриалдық ортада әртүрлі тұтыну нарықтарындағы бәсекелестік шепті нақтылайтын диверсификация стратегиясының ерекшеліктері толық анықталмаған. Сонымен қатар, диверсификациялауды шекті параметрлерден асыра пайдалану кері жағдайға алып келетіндігін ескеретін диверсификациялаудың оңтайлы нұсқасын таңдауды қамтамасыз ететін көрсеткіштер, диверсификацияны бағалау әдістері әлі де толық негізделмеген.

Бұл мәселелердің мұндай қарама-қайшылығы және толық зерттелмеуі диссертация тақырыбының өзектілігі мен тәжірибелік маңызын анықтайды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - еліміздегі әртараптандыру үрдісін қарастыру және оның әр салада дамуын қалыптастыру. Бәсекелестік нарық жағдайындағы Оңтүстік Қазақстан облысындағы тамақ өнеркәсібі өндірісін диверсификациялау бағыттары мен оған әсер етуші факторларды талдау негізінде кәсіпорындарындағы диверсификациялау үрдісін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

Берілген мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысына келесі міндеттер қойылды:

  • «диверсификация» ұғымының анықтамаларын мағынасына қарай топтастыру негізінде тамақ өнеркәсібі өндірісін диверсификациялау анықтамасын нақтылау;
  • өнеркәсіп өндірісін диверсификациялау үрдісін зерттеу арқылы оның жалпы ұстанымдары мен теориялық-әдістемелік негізін айқындау;
  • Оңтүстік Қазақстан облысы тамақ өнеркәсібі өндірісіндегі диверсификациялау үрдісінің негізгі бағыттары мен қазіргі жағдайын талдау негізінде оның ерекшеліктерін анықтау;
  • тамақ өнеркәсібі өндірісі диверсификациясына әсер етуші факторларды бағалау;
  • Оңтүстік Қазақстан облысы тамақ өнеркәсібі өндірісін диверсификациялау үрдістерінің негізгі бағыттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар беру және диверсификациялаудың тиімді нұсқасын таңдау алгоритмін құру;
  • тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы диверсификациялау үрдісін жетілдіру нәтижесінде пайда болатын экономикалық тиімділікті бағалау әдістемелерін негіздеу.

Дипломдық жұмыстың зерттеу нысанын - Оңтүстік Қазақстан облысының тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары жатады. Зерттеу пәні ретінде тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының өндірісті диверсификациялау үрдісіндегі ұйымдастырушылық-экономикалық қатынастары болып табылады.

Дипломдық жұмысым кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, кестеден, суреттен және формуладан тұрады.

Кіріспеде Қазақстандағы диверсификалық үрдістердің өзектілігі, дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері қамтылған.

Бірінші бөлімде жалпы диверсификация түсінігіне, оның мәні мен маңыздылығына, экономикадағы қажеттілігіне түсініктеме беріледі.

Екінші бөлімде Оңтүстік Қазақстан облысы тамақ өнеркәсібі өндірісіндегі диверсификациялау үрдісінің негізгі бағыттары қарастырылады.

Үшінші бөлімде шетелдегі диверсификацияның даму үрдістерін талдау негізінде Қазақстандағы диверсификациялық үрдістерді дамыту шаралары айтылады.

Қорытындыда диверсификацияның тиімділігі, жалпы айтылған мәліметтер бойынша қорытынды жасалған.

1 Өндірісті диверсификациялаудың теориялық негіздері

1. 1 Диверсификацияның мәні және маңызы

Даму кезеңінің іліміне сәйкес барлық экономикалық объектілер, үрдістер және жүйелер қандайда бір уақыт аралығында соңғы айналым жасайды, және бұл өмірлік кезең әрқайсысы үшін белгілі бір шекті мүмкіндіктерді, алғашқы түрінен әрі қарайғы мәні бар күшке ие. Өнеркәсіптік кәсіпорынды жүйелік көзқарасқа сәйкес тіршілік қызметін қамтамасыз ететін өзара байланысқан элементтерден тұратын жүйе ретінде қарастыруға болады: техникалық, технологиялық, еңбектік, қаржылық, ақпараттық және ұйымдық ресурстардан. Осы элементтердің саны, сапалы деңгейі, өзара байланыс дәрежесі кәсіпорынның даму мүмкіндіктерін, яғни әлуетін айқындайды. Элементтерді бір бүтінге біріктірудің көптеген жай-күйден тұратын жүйенің күші бар үлкен нұсқаулар бар. Жаңа сапаны қамтыған жүйе элементтерінің даму жылдамдығы даму кезеңдерінің айырмашылығына немесе ішкі қарама-қайшылықтардың өзара шығындырға алып келу себептеріне байланысты біркелкі емес. Осыған қарамастан кәсіпорын әлуеті нарық жағдайында бәсекелестер әсерімен, жеткізушілермен қарым-қатынас, мемлекеттің экономикалық саясаты жөнінде үлкен сұранысқа ие және оларға қарама-қайшы шыға алады. Кәсіпорынның біртіндеп сыртқы жағдайлармен сәйкес келмеуі және жұмыс істеу тәсілдері сыни шекке жетеді. Осындай үйлесімсіздіктер әсері жүйеде өзгертулерді, кәсіпорынның келесі даму сатысын анықтау үшін элементтердің синхрондалуын қажет етеді.

Кәсіпорын дамуы пайда болу және құрылу, даму, жетілу, құлдырау сатыларынан өтеді. Әрбір өмірлік кезең сатысында үйлесімсіздіктер әсерінен кәсіпорын алдына даму кезеңін жалғастыру үшін жаңа мақсаттар қойылады. Даму және жетілу сатысында сыртқы орта жағдайы ұдайы өндіріс қызметінің жетіспеушілігіне алып келсе, ал әлуетті мүмкіндіктер қызметті өзгертуді, өндіріс жүйесінің құрылымын және басқа да параметрлерін өзгертуге мүмкіндіктері бар, кәсіпорын өзінің әрі қарай табысты дамуы үшін диверсификация стратегиясына жүгінуі мүмкін.

Экономикалық әдебиетте диверсификацияның әртүрлі анықтамалары бар, осыған сәйкес мағыналық мәні де әртүрлі болып келеді. Барлық осы анықтамаларды екі қарама-қарсы көзқарасқа бөлуге болады. Бір авторлар диверсификация ұғымын өндіріс түрлерінің бір-бірімен байланыссыз біруақытта даму стратегиясы деп түсінеді. Басқа экономистер диверсификация ұғымын «кәсіпорын шығаратын өнім түрлерінің кеңеюі, өзгеруі, өндірістің жаңа түрлерін игеру» деп көлемді кең мағынада қарастырады. Бірақ өнім түрінің артуы саралау стратегиясының нәтижелеріне, технологиялық және экономикалық қатынастарда өткізу қолжетімді және кәсіпорын кезеңінің бастапқы сатысына енгізіледі.

Диверсификация - өнім номенклатурасының кеңеюі ғана емес, сондай-ақ өткізу арнасы болып табылады деген ұғымдар кездеседі. Соңғы ұғым өндірісті мамандандыру стратегиясында да және өнімді саралау кезеңінде де орын алады.

Әртүрлі ұстанымдарды талдау жасай келе өндіріс диверсификациясы деп кәсіпорынның қызметі бір уақытта әртүрлі өнімді шығаруын айтуға болады:

-“заттай” көзқарасқа байланысты өндірістер мен салалар;

-бір-бірімен өзара технологиялық байланысқан әртүрлі өндірістер;

-бір-бірімен технологиялық та заттай да байланыссыз өндірістер мен салалар;

Диверсификация түрлерін айта келе оның атауларында еш бірлік мағына жоқтығын байқауға болады, осыған сәйкес ғалымдар да сол бір мағынаны пайдаланады, бірақ мәні мүлде өзгеше. О. С. Виханский және А. И. Наумов орталықтанған, көлбеу және конгломеративті диверсификацияны белгілеп көрсетеді. В. В. Гончаров диверсификация тік, көлденең бағытта және конгломеративті болуы мүмкін деп есептейді. Ресей Федерациясы бекіткен “тауар нарығының көлемі мен шекарасын анықтау бойынша әдістемелік ұсыныста” стратегияның әртараптандырылған өсуін таңдайды, ол мынадай нысанда көрсетіледі:

а) сала сыртындағы мүмкіндіктер;

ә) шоғырланған диверсификация;

б) көлбеу диверсификация;

в) конгломеративті диверсификация.

Р. Б. Нодрезова және Л. И. Цыгико фирма тауар түрінің жалпы оңтайландыру міндеттерін орындай келе маркетингтік стратегияны саралауды, тік интеграцияны, диверсификацияны, тауарлық мамандандыру және әрі қарай шығарылған тауардың түрін оңтайландыру міндетінен шыға отырып, көлбеулі, шоғырланған және конгломеративті сияқты маркетингтік стратегияны бөлшектейді. Шетелдік әдебиеттерде сабақтас және сабақтас емес диверсификация ұғымы кездеседі. А. Гарнов, Ю. Байбиков және профессор У. Рор басқарған неміс ғалымдары диверсификацияның 3 түрін белгілейді: тік бағытты, көлбеу және латералды.

Конгломеративті диверсификация жайында сөз болса немесе “латералды диверсификация” термині қолданылса, барлық авторлар кәсіпорынның қызмет сферасына оның өнімнің жаңа түрлерін игеруде профилімен байланысы жоқ ендіру деп түсінеді.

Көлбеу диверсификацияда мәндік мағынасынан қарама-қайшылықтарды байқауға болады. Мұны біреулер технологиялық және құрылымдық қарым-қатынастарда ұқсас біркелкі бұйымдарды игеру есебінен өнім түрінің кеңеюі деп есептейді немесе кәсіпорын тауарларына ұқсамайтын өнім түрлерін бұйымдармен толтыру деп басқалары - номенклатураны сабақтас тауарларды игеру арқылы кеңейту, осыған сәйкес соңғысы нені білдіретіні түсініксіз. Көлбеу диверсификацияның тағы бір түсінігі бар, біз оған келісеміз, онда өндірістік бағдарламаны “заттай” жаңа өнімдерді қосу арқылы көбейтуге бағытталған.

Шоғырландыру диверсификациясын айта келе, ғалымдар мұнда да нақты анықтамалар бере алмайды. Мысалға, Р. Б. Ноздрева және Л. И. Цыгичко бұл кәсіпорын шығарып жатқан тауарлар, технологиялық және нарықтық қатынастарда аталған жаңа тауарлар түрі деп болжайды. Бұл анықтамалар әдебиеттерде кездесетін орталықтандырылған диверсификацияға ұқсас болып келеді.

Сабақтас және сабақтас емес диверсификация нысаны жайында да тура солай айтуға болады. Біздің ойымызша, сабақтас диверсификация қызметкер қашан пайдалануға болатыны, жақын технологиялар бір саладан екіншісіне, тауар маркасын тауардан тауарға нақты “стратегиялық сәйкессіздіктерге” ие бизнеске енгізуді айтады, яғни егер жалпы айтар болсақ бұл “сабақтас нарықтың сәйкестігі”, “өндірістік сәйкестік”, “басқару сәйкестігі”. Ұқсас “сабақтас” өте кең мағынада таралған. Ford компаниясының қаржы және кредитті басқару тәжірибелерінің несие-жинақ ассоциациясына автомобиль кәсіпорнына ауысуын мысалға келтіруге болады. Бірақ та мұны сабақтас деп атауға келе қоймас.

Әдеби арналарын зерттей келе бірнеше авторлар диверсификация нысаны ретінде тік интеграцияны қарастырмайтынын атап көрсетті, ал басқалары оны “бір саладағы кәсіпорынның өндірістік кооперациясы немесе кәсіпшілік саласының сипаттары бойынша жақындығы” деп талқылайды немесе “кооперацияны, өндірісте жалпы қатысуымен байланысты кәсіпорынның өзара әсері, соңғы өнімнің тұтынуы мен сатылуын” айтады, тік интеграция бір кәсіпорынның шеңберінде болуы мүмкін және өндіріс диверсификациясының бір нысаны болып табылады. Осыған байланысты келісуге болмайды. Тік бағыттағы интеграцияны қабылдауының сату және тарату жүйесін немесе фирма жеткізушілердің үстінен бақылауды күшейтуі сияқты қабылдау нысандар түрлері бар.

Экономикалық әдебиетті зерттеу және шолулар жүргізу диверсификация нысандарына қатысты өзіндік нақтылауды енгізуді және оның мәніне анықтамалар беруге мүмкіндік тудырды. Диверсификация нысандарына тік диверсификациясына (интеграцияны) көлбеу диверсификацияны және латералды (конгломеративті) диверсификацияны жатқызуға болады.

Тік бағыттағы диверсификация (интеграция) - бұл өндірісте әртүрлі өнім өндіруде кәсіпорынның шоғырлануы, бірақ бір-бірімен өзара технологиялық байланысы бар, яғни шыққан шикізатты қайта өңдеп тізбекті саты нысанын құрама ұстануда немесе оны кешенді пайдалану және қалдықтарды кәдеге жарату. Егер кеңінен алатын болсақ, диверсификацияның берілген нысанында кәсіпорын қызметінің кеңейту үшін салалық өндірісті таңдайды (кәсіпшілік, ауылшаруашылық, құрылыс), сондай-ақ тасымалдауды және дайын өнімді өткізу, оның негізгі профиліне қатысты өндірістік-тауарлық кезең келесі сатыларда көрсетілетін болады. Мысал ретінде: мұнайды іздеу, игеру, тасымалдау, өңдеу; тігін, тоқымалау, матаны өңдеу және тігін өндірісі; цемент өндірісі, темір бетонды блоктар, кәсіпшілік және азаматтық құрылыстар; шикі сүт және сүт өнімдері өндірістері және оларды өткізу, яғни біртіндеп барлық топ пен қосылған тауар құнының операцияларын иеленді.

  1. кесте

Өндіріс диверсификациясына нысандарды енгізу мотивтері мен алғышарттары

Диверсификац-ия нысаны
Диверсификация нысандарына енгізу алғышарттары
Диверсификация нысандарына енгізу мотивтері
Диверсификац-ия нысаны: Көлбеу бағыттағы диверсификац-ия
Диверсификация нысандарына енгізу алғышарттары:

өнімді өткізуге жүйелі қатынас (“заттай” көзқарасқа байланысты өнімді, профилді өнімді өткізу мүмкіндіктері) ;

шикізат ресурстарын альтернативті пайдалану мүмкіндіктері;

артық капиталдың қолда бары;

технологияның икемділігі.

Диверсификация нысандарына енгізу мотивтері:

нарық жағдаятының ауытқуына қарсы әсері;

өнімнің әртүрлі түрлерінің өзара тәуекел таратулары;

жаңа нарықтарды жаулап алу;

өндіріс қуаттарын толық емес жүктеу;

бір жыл ішіндегі біркелкі емес жабдықтарды жүктеу.

Диверсификац-ия нысаны: Тік бағыттағы диверсификац-ия
Диверсификация нысандарына енгізу алғышарттары:

капитал артықтығы;

синергетикалық нәтижелері-нен алу мүмкіндіктері;

өндіріс қалдықтарын пайдалану мүмкіндіктері;

шикізатты кешенді түрде пайдалану мүмкіндіктері.

Диверсификация нысандарына енгізу мотивтері:

өнім өндіру шығындарының азаюы, өнімді өткізу немесе өндіріс факторларын жеткізу шығындарының азаюы;

қосылған құнның және ізімен пайданың өсуі;

жеткізушілер мен басқа серіктестердің тәуелсіздігі;

салаларға капиталды енгізу есебінен қызмет тәуекелдігінің төмендеуі.

Диверсификац-ия нысаны: Латералды диверсификац-ия
Диверсификация нысандарына енгізу алғышарттары:

капиталдың артықтығы;

еңбек сиымдылығын анықтайтын өндіріс концентрациясын даму шегінің болуы;

дәстүрлі салалардағы пайда нормасының құлдырауы;

тауардың өмірлік кезеңінің болуы;

саланың өмірлік кезеңінің болуы.

Диверсификация нысандарына енгізу мотивтері:

капиталға қосымша жаңа саланы іздеу (дәстүрлі өндіріспен байланысы жоқ пайдалылығы жоғары салаларда) ;

нарық жағдаятының ауытқуына қарсы әсері;

нарық жағдаятының ауытқуына байланысты әәртүрлі өнім түрлерінің өзара тәуекел таратулар (кәсіпорын үшін дәстүрлі және дәстүрлі емес) .

Көлбеу диверсификация - бұл “заттай” көзқарасқа байланысты салалар мен өндірістердің әртүрлі өнімдерді бір уақытта шығаруға кәсіпорынның бағыт беруі. Бұл байланыстар технологияның ұқсастығымен көрінеді, шикізат көздерінің жеткізушілермен, өнімді өткізу бірлігімен (тұтынушының әртүрлі сұранысын қанағаттандыру) . Мұндай нысан алкогольсіз сусындарды өндіруде, негізінен алькогольді сусындарды өндіру кезінде; сүтті сусындарға қоса шырындарды өндіруде; нан-тоқаш өнімдерін және шұжық т. б. өнімдерін өндіруде көрініс табуы мүмкін.

Латералды (конгломеративті) диверсификация - бұл кәсіпорынның технологиялық және заттай бір-бірімен мүлде байланысы жоқ өндірістер мен салалардың өнімді шығаруына бағыт көрсетуі. Бұл стратегияны таңдай отырып, кәсіпорын әртүрлі нарықтарды және олардың сараланымдарына қызмет көрсетеді. Бұл сүт өнімдерін шығаратын және тігін өндірістері; арақ-шарап және полиграфиялық өнімдерді шығаратын өндірістер болуы мүмкін.

Диверсификацияның әрбір нысаны енгізу алғышарттарынан тұрады және кәсіпорын мотивтерімен бекітіледі. Өндіріс диверсификациясына нысандарды енгізу мотивтері мен алғышарттары кестеде келтірілген (1-кесте) .

Белгіленген алғышарттар мен мотивтер диверсификациясының осы немесе басқа нысандарын таңдауды анықтайды. Әр салада қысқа және орта мерзімдегі оның тартымдылық деңгейін және потенциалын анықтайтын бес фактор іске асырылады: сала өнімдерін шығаратын кәсіпорындар арасындағы бәсекелестік қарқындылығы; субститут-тауарларын өндіретін кәсіпорындармен бәсекелестік; жаңа бәсекелестердің пайда болу мүмкіндігі; нарықтағы сатып алушылардың жағдайы және материал мен шикізат жеткізушілермен қарым-қатынас. Кәсіпорынның өмірлік кезеңінің алғашқы сатысында стратегияны қабылдау, тауарлық мамандандыру және тауарлық саралау диверсификациясы сала кәсіпорындары үшін көбінесе дәстүрлі тартымдылығымен ақталынады. Бірақ бәсекелестіктің күшеюіне байланысты нарық оның жағдаятына бейімделу қажеттілігін талап етеді; әртүрлі өмірлік кезеңді әртүрлі өнім түрлерінің өзара жағдаят ауытқуларына байланысты тәуекелділікті бөлу; нарық үлесін кеңейту; жаңа нарықты жаулап алу. Бұл жағдайда кәсіпорынның сапалы өсуі маңызды. Құрылған потенциал оны осылай жасауға мүмкіндік береді және жиі осылай істеуге талап етеді, өйткені кестеде көрсетілгендей кәсіпорында нақты алғышарттар және объективті мүмкіндігі бар: шикізат және технология, қалдықтар және де өндірістік қуаттық артықшылықтарын кешенді және балама қолдану. Нәтижесінде кәсіпорын өзіне жаңаша сапалы сатыға енеді - бұл тік интеграция стратегиясы немесе көлбеу диверсификация стратегиясын енгізумен қатар жүретін даму сатысы. Бұл тауарлық стратегияны таңдау, синергетикалық тиімділік береді, яғни синергизм концепциясына сәйкес, кәсіпорын ішінде әртүрлі қызмет түрлерін өзара күшейту және өзара байланысты қолдану арқылы нәтижелілікті жоғарылату тиімділігі. Ол өндіріс масштабын кеңейту арқылы жететін экономия ұстанымынан неғұрлым кеңірек стратегиялық экономия ұстанымына, оның негізгі көздері болып табылатын сабақтас қызмет түрлерінің бір-біріне сүйеу болатын ұстанымға өтуді көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аймақтық жүйені құрудың стратегиялық бағыттары
Тамақ өнеркәсібі өндірісін диверсификациялау үрдісін жетілдіру (Оңтүстік Қазақстан облысы мысалында)
Қазақстан экономикасының құрылымын диверсификациялау
Экономиканы әртараптандыру және жаңарту бағыттар
ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан Республикасы машина жасау өнеркәсібінің қазіргі даму жағдайы мен болашағы
Қазақстан экономикасы құрылымын диверсификациялау проблемалары
Экономиканы әртараптандыру және жаңарту бағыттарының теориялық негіздері
Валюталық реттеу және оның тәртібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz