Оңтүстік Қазақстан облысында өндірістік шағын және орта кәсіпкерліктің даму тенденциялары


Аннотация
Дипломдық жұмыстың тақырыбы ”Өндірістік шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту тетіктерін жетілдіру жолдары ”
Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында өндірістегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың теориялық негіздері зерттелінген. Дипломдық жүмыстың екінші тарауында Оңтүстік Қазақстан облысының дамуындағы өндірістік шағын орта кәсіпкерліктің ерекшеліктері мен даму жағдайына талдау жүргізілген. Жұмыстың үшінші тарауында өндірістік шағын және орта кәсіпкерліктің аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына ықпалын арттырудың ұтымды бағыттары ұсынылған.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі.
Дипломдық жұмыс құрылымы жағынан кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың негізгі мазмұны 92 беттен, 12 суреттен және 23 кестелерден тұрады.
Нормативтік сілтемелер
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Алматы: 2004.
- Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін
басқа да төлемдер туралы» Заңы, (Салық кодексі) . ЛЕМ 2005.
- Қазақстан Республикасының « Инновациялық қызмет туралы»
Заңы. Егемен Қазақстан, 2002, 9 шілде.
- Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» Заңы. 7
қаңтар 2003.
- «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік». Заңдылық құжаттар мен ақпараттар. 2004.
- «Қазақстан Республикасындағы жеке бизнес». Заңдылық құжаттар мен ақпараттар 2004 ж. Алматы, ЛЕМ 2004
- «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңы. Алматы 2004
- Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. http://kz. government. kz
- "Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін" Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы. Егемен Қазақстан, 20 наурыз 2004.
- "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы. Егемен Қазақстан, 19 ақпан 2005.
Анықтамалар
Кәсіпкерлік - табыс алу мақсатында өзінің жеке пайдасы мен қоғамдық пайданың қажетті үйлесімін қамтамасыз етуге бағытталған қызмет.
Субконтрактинг - бұл шарт жасасушы “бас контрактор” деп аталатын кәсіпорынды тауарлар мен қызметтермен қамтамасыз ету, оны өзінің коммерциялық мақсатында пайдаланады.
Технологиялық бақ -технобақ - бұл ғылымды, білімді, өндірісті аймақтық деңгейде ұйымдастырудың жаңа түрі.
Технобақ жоғары білікті мамандарды жинақтау арқылы ғылыми-техникалық және технико-технологиялық жетістіктерді және оларды қолдануды жеделдету мақсатында құрылады.
Технополистар - еркін экономикалық аймақтың бір түрі ретінде инновациялық процестерді жеделдету мақсатында құрылады. Технополистың іс-әрекет бағдарламасы фундаменталды және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді және олардың нәтижелерін өндіріске енгізуді қамтиды.
Шағын кәсіпкерлік бұл бір немесе бірнеше инвесторлардан құрылған, географиялық шектелген зонада (аймақта) қызмет етіп, шектелген нарық үлесін иеленетін, басқарылу сипаты икемді, өндіріс саласында жұмысшылардың өзара алмастырылымдығы жоғарылығымен ерекшеленетін, заңды және жеке тұлғалардың жүзеге асыруы мен экономиканың барлық салаларында кәсіпқойлық, ынталылық, жаңашылдық, бәсекелестік жағдайында табыс алуға ұмтылу мен тәуекелділік тән қызмет түрі.
Белгілер мен қысқартулар
ЖІӨ - жалпы ішкі өнім
ЖҰӨ - жалпы ұлттық өнім
ЭӘДҰ - экономикалық әріптестік және даму ұйымы
ҰИЖ - ұлттық инновациялық жүйе
ШИК - шағын инновациялық кәсіпорындар
ТҚД - тұтыну қорының деңгейі
СҰД - сатуды ұйымдастыру деңгейі
КСРО - Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
ЕурАзЭҚ - Еуразиялық экономикалық қауымдастық
ЕО - Еуропалық Одақ
ХВҚ - Халықаралық валюталық қор
ССНҰ - санақтар мен сертификаттаудың Еуропалық ұйымы
ИЖҚ - Инвестициялық жекешелендіру қоры
АҚШ - Америка Құрама Штаттары
АҚ - акционерлік қоғам
ААҚ - ашық акционерлік қоғам
ҚҚН - құнды қағаздар нарығы
СК - салық кодексі
ҚР - Қазақстан Республикасы
ШБО - шағын кәсіпкерлік орталықтары
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы
БСҰ - бүкіләлемдік сауда ұйымы
АӘДИ - Адам әлуетінің даму индексі
ОҚО - Оңтүстік Қазақстан облысы
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Қазіргі экономиканың даму сипаты мемлекеттік тұрғыдан реттелетін экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түріне негізделген. Шағын кәсіпкерлік нысандары тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп халықтың әл-ауқатын, әлеуметтік деңгейін жоғарылатумен қатар, нарықтағы қажеттіліктің қанағаттануына, тауар түрлерінің көбейіп толуына, жергілікті шикізат ресурстарының дұрыс пайдаланылуына өз ықпалын тигізеді. Шағын кәсіпкерліктің экономикалық және әлеуметтік қызметтерін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы дамытудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға болады. Кәсіпкерлік қызметтің өсу қарқынын зерттеу және оны болжау қоғамның қалыпты дамуы үшін өте маңызды.
Индустриалды-инновациялық саясаттың аясында өндірістік шағын және орта кәсіпорындардың дамуы аймақтарда өмір сүрудің және әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды факторына айналуда.
Өндіріс саласын көтермей әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қалыптастыру қиын. Ал өндірістегі кәсіпкерлік өзінің көлеміне қарамастан ірі және шағын кәсіпорындардың арасында толық, бір тұтас, өзара байланысты көптеген құбылыстарды сипаттайды. Шағын және орта кәсіпкерліктің өндірістік саланы дамытудағы мәселелерінің ғылыми және тәжірибелік тұрғыда шешуді қажетсінуі дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігін айқындай түседі.
Жұмыстың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы. Әлемдік тәжірибеде шағын кәсіпкерліктің теориялары мен тәжірибелік мәселелерін отандық және шетел ғалымдардың еңбектерінен көре аламыз.
Сонымен бірге өндіріс саласындағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуындағы көптеген факторлары жеткіліксіз зерттеліп, терең талдауды қажет етеді. Бұл мәселелердің, әсіресе, аймақтық тұрғыдан нашар зерттелуі тақырыпты таңдап алуға, зерттеу пәнін, нысанын және мақсатын анықтауға себеп болды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты Оңтүстік Қазақстан облысындағы өндірістік шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасуының басым бағыттарын анықтап, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына олардың ықпалын бағалаудың әдістемелік нұсқауларын дайындау және нақты экономикалық тұрғыда негізделген тәжірибелік ұсыныстар беру.
Зерттеу мақсатына жету үшін дипломдық жұмыста мынадай міндеттер қойылды:
- нарықтық экономика жағдайында шағын және орта кәсіпорындарды дамыту бағыттарын зерттеу;
- өндірістік шағын және орта кәсіпкерліктің шет елдерде даму жағдайының ерекшеліктері мен артықшылықтарын зерттеу және талдау;
- ОҚО нарықтық экономика жағдайында шағын және орта кәсіпкерліктің басым бағыттарын анықтау;
- шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың іс-шараларын негіздеу бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасау;
- өндірістік шағын және орта кәсіпорындардың дамуының аймақтық әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсерін анықтау қағидаларын дайындау.
Зерттеудің пәні болып Оңтүстік Қазақстан облысындағы өндірістің дамуына және аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалының жоғарылауына мүмкіндік беретін шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселелері таңдалды.
Зерттеудің нысанына Оңтүстік Қазақстан облысындағы орта және шағын кәсіпорындар алынды.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуының терең зерттелуіне үлкен үлес қосқан Қазақстанның экономист - ғалымдарының, ТМД елдері мен шетелдік ғалымдардың еңбектері. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары, Парламенттің және Министрлер кабинетінің басқа да нормативтік құжаттары әдістемелік негіз болды.
Дипломдық жұмыста зерттеулердің абстрактілі-логикалық, экономикалық-математикалық, есепті-сындарлы тәсілдері, сондай-ақ жүйелі және жағдайлық талдау тәсілдері кеңінен қолданылды.
Дипломдық жұмыстың практикалық базасы Оңтүстік Қазақстан кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы болып табылады.
1 Өндірістегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың теориялық негіздері
1. 1 Өндірістегі шағын және орта кәсіпкерліктің пайда болуы мен дамуының теориялық негіздері
Қазақстан өзінің егемендігін жариялағаннан кейін кең көлемді экономикалық реформалар жүзеге асырылып, соның ішінде кәсіпкерлікті дамыту бағыттары басымдылыққа ие болып отыр.
Кәсіпкерлік ерекше қызмет түрі, әлеуметтік-экономикалық феномен. Ол белгілі бір тарихи әлеуметтік ортада дамып, ұлттық құндылықтар мен дәстүрлер жүйесіне енгізілген. Сондықтан да ірі, түбегейлі өзгерістерді жүзеге асырғанда кең көлемді, барлығын жұмылдыратын, ұлтты, қоғамды, елді танытатын мақсат қою керек. Бүгінгі таңда біз тоқыраудан шығып, нарықтық экономиканы қалыптастырып қана қоймай адамдарға қажетті өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін, ұлттық мақтанышқа айналатын, жоғарғы тиімділікті экономикалы қоғам құратын идеяға бірігуіміз қажет. Ондай мақсаттарды жүзеге асыру үшін өзіміздің күшімізді, мүмкіндігімізді сонымен бірге кәсіпкерлік қабілетімізді өлшеуіміз керек.
Ұлттық асқақ идеяны жүзеге асыратын кәсіпкер, іскер, іздемпаз адамдарды қалыптастырмай табысқа, үкімет пен кәсіпкерлердің күш жігерін біріктірмей алға қойған мақсатқа жету мүмкін емес. Шаруашылықтағы табыс ең жоғарғы әлеуметтік құндылық болғандықтан, қоғамдағы кәсіпкерлік қызметтің беделін қалыптастырмай табысқа жету қиын.
Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекеттерінің қатарына қосылып, әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық топтары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрудың басымдықтарының бірі деп Н. Ә. Назарбаев жолдауында көрсеткендей бұл шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен жан-жақты қолдау.
Монополизм нарықтағы еркін бәсекелестіктің мүмкіндігін жоя отырып, экономикалық өрлеуге кері әсерін тигізетіні белгілі, яғни капитал мен өндірістің жиынтығын құрайтын монополизмнің бойында қай кезде де тоқырау қаупі бар. Оған қарсы тұра алатын бірден бір фактор - ол әлемдік тәжірибеде кең етек алған, біздің елімізде де енді дамып келе жатқан шағын және орта кәсіпкерлік.
Шағын кәсіпкерліктің мәнін анықтауда ең алдымен “кәсіпкерлік” сөзінің энтимологиясы мен даму эволюциясын зерттеуден бастап, шағын кәсіпкерлік түсінігі мен оны анықтайтын көрсеткіштерге тоқталамыз. “Кәсіп” біріншіден, тіршілік әрекетінің белгілі бір түрі, мамандық, екіншіден, ауыспалы мағынасында жұмыс, іс, еңбек деп ал кәсіпкер белгілі бір кәсіппен айналысатын адам деп қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде көрсетілген. Кәсіпкер ұғымының дәл көпшілік қабылдаған анықтамасы әлі күнге дейін жоқ болуынан дүние жүзінде кәсіпкерлік маңсап мәселесі төңірегінде өскелең қызығушылық таңылуда. Кәсіпкерлікті көптеген жылдар бойы түрлі мемлекетте түрлі адамдар өздігінше түсінді. Кәсіпкер сөзі француз тілінен шыққан, XII-XV ғасырларда бір нәрсені істеу, делдал деген ұғымды білдірді. ХV ғасырдан бастап Англияда кәсіпкерлік түсінігіне жақын ”merchent-саудагер, adventure-тәуекелділікке мойын бұрған адам, undertaker-міндеттемелерді өзінің мойнына алушы” деген ұғымды білдірді [2] . Орта ғасырларда антрепенер термині екі түрлі мағынада музыкалы қойылымдардың ұйымдастырушыларына және ірі өндірістік немесе құрылыстық жобалардың басшыларына қатысты айтылды. Жобаның басшысы діни адамдар ешқандай тәуекелге бел байламады - өзіне тиісті ресурстарды пайдалана отырып барлық жұмыстардың іске асырылуына басшылық жасады. Оларға ірі құрылыс, сәулеттік жобалар, қорғаныстар тұрғызу, әскери бекіністер, қоғамдық мекемелер, шіркеулер салу тапсырылды.
Кәсіпкерлік тәуекел ету ұғымы өз дамуын ХVII ғасырдан бастайды. Осы уақыттан бастап жұмысты орындау немесе белгілі бір бұйымды жеткізіп тұру үшін мемлекет пен шарт жасасқан адамдарды кәсіпкерлер деп атай бастады. Келісім шарттың құны алдын - ала келісілген болса, пайда мен шығынның мөлшері кәсіпкерлердің өздерінің сәтті іскерліктерімен анықталды. Франция корольдік банкі мен Мисисипий компаниясының негізін салушы Джон Лоның іс-әрекеті осы кезеңге жатады. Лоның қателігін ағылшын экономисті Ричард Контиллион (1725-1730) түсінді. Ол кәсіпкерліктің алғашқы концепцияларының бірін жете зерттеді. “Сауда табиғаты” еңбегінде алтындай ақшалай ағымның механизмдік теориясын жасай отырып, арзанға ал да, қымбатқа сат формуласын жетекшілік ететін адамдарды кәсіпкер деп атады. Контильон кәсіпкерлерді тәуекел ете отырып, әрекет жасайтын адам деп, оларды капитал салушы және өз еңбегін, ресурстарын пайдаланушы деп бөлді. Ол кәсіпкерлерді өз-өзіне жұмыс орнын жасайтын адам деп көрсетті. Адамға тауып жатқан табысы қанағаттандырмаған жағдайда өзінің жеке идеясын жүзеге асыру жолдарын іздеп, соңында кәсіпкер болып шығады. Кантильонның айтуы бойынша кәсіпкерден жалдамалы жұмысшының айырмашылығы кәсіпкерлердің анықталмағандық жағдайында жұмыс істеуінде [3] .
Кейінірек оның идеясын неміс экономисті, орналастыру теориясының негізін қалаушысы және шекті өнімділікті зерттеуші Тюнен дамытты. Ол кәсіпкерді өз саласындағы өнім өндірісін ұйымдастыруда жаңа әдістер енгізіп, жаңа өткізу нарықтарын іздеу қажет деп есептеді.
Физиократ Николас Бауде (1767) фермерлер мен өнім өндірушілердің өркендеуі жаңашылдыққа, яғни инновациялық менеджментке бейімділігіне байланысты деп есептеді. Бауде еңбек өнімділігін жоғарылатуда ғылым мен технологиялардың маңыздылығына көңіл аударды. Ол кәсіпкер мен меншік иесінің арасындағы айырмашылықты анықтады. Меншік иелері ресурстарды сатып алуға және еңбек ақыны төлеу қаражаттарын пайдалану тәуекелдігін өз мойнына алатын кәсіпкерлерді капиталмен қамтамасыз етеді. Ол ілімдерінде ол жаңалықтарды басқару қажеттілігін дәлелдеп, тәуекелділік деңгейін тек қана білім төмендете алады деді. Ол кәсіпкерлердің жетіспейтіндігін, оларды өндірісті ұйымдастыру өнеріне үйретудің маңыздылығын айтып, мемлекетті әкімшілік билігімен заңдарды пайдалану арқылы кәсіпкерлерді қолдауға шақырды. Сол кездің өзінде, яғни XVIII ғасырдың ортасында Бауде қазіргі кезде де өзекті болып табылатын монополиямен күрес, салық жүйесіндегі тәртіпсіздік сияқты мәселелерді көтерді.
1810 жылы Жан Батист Сэй кәсіпкерліктің ролі мен маңызын негізгі өндіріс факторларына дейін көтерді. Сэй “ағылшын кәсіпкерлерінің дарыны“ Англия өндірісінің табысты дамуының басты факторларының бірі деді. Сэйдің пікірінше кәсіпкер табысы оның еңбегіне өндірісті ұйымдастыра алу мен өнімді өткізе алу, тәртіп рухын қалыптастыра алу қабілеттігіне берілетін сый ақы. Кәсіпкер белгілі бір өнімді өз пайдасы үшін өндіріп тәуекелділікті өз мойнына алатын тұлға деп көрсетті. Ол индустрияда болатын революция мен бірге кәсіби менеджментте де төңкеріс болады деп айтты. Жан Батист Сэй кәсіпкерді ерекше талантты менеджер деп есептейтіні байқауға болады [4] .
Кәсіпкерлік терминді одан ары танымал еткен ағылшын экономисті Д Миль (1806-1873) “Саяси экономияның принциптері “ деген белгілі еңбектің авторы.
Осы кезеңдегі неміс экономисті В. Зомбарт кәсіпкерлікті зерттеуде көп көңіл бөлді. Оның басты сіңірген еңбегі кәсіпкер өзінің мақсатына жету үшін жұмысшылардың материалдық жағдайын қамқорлыққа алып, мәдени функцияны орындай отырып, тіршілік ететін кәсіпкерлік мінездемені жасады. Осыдан кейін барлық экономистер мамандандырылған кәсіпкерлік қызметтегі гуманистік бағытты айта бастады. Зомбарт кәсіпкер бейнесін буржуа деп есептеді. Ол егер кәсіпкер табысты болғысы келсе, көптеген функцияны атқаруы керек, дәлірек айтса басып алушы, ұйымдастырушы, саудагер болу деп жазды. Осы функцияларды атқару үшін кәсіпкердің бойында жан бостандығы және энергиясы, жігер тұрақтылығы, ұйымдастырушылық қабілеті, келіссөздерді жүргізе алу барысында тұтынушылардың көзін жеткізе алу қабілеті, тәуекелділікке бел буа білу қасиеттері болу керек деп есептеді [5] .
Австриялық субьективті экономикалық мектептің негізін салушы Карл Менеджер кәсіпкердің шешім қабылдау концепциясын жетілдірді. Ол тәуелділік кәсіпкерлердің қызметінде онша үлкен роль ойнамады. Тәуелділік кездейсоқ сипатта болатын, көп кездеспейтін құбылыс. Менеджер қажетті ресурстарды табу мен қандай өнім түрін таңдау қажеттігі туралы шешім қабылдау процесінің келесідей 4 негізгі сатысын жасады:
- экономикалық жағдай туралы ақпаратты жинау;
- экономикалық есеп (ең тиімді өндіріс тәсілін анықтау) ;
- кәсіпорын мақсатына сай келетін өнімдерді таңдау;
- негізгі экономикалық нәтижелерге жету мақсатында өндірістік жоспардың орындалуын басқару.
Альфред Маршал ең бірінші болып менеджер мен кәсіпкер арасындағы айырмашылықтың бар екенін көрсетті. Менеджер кәсіпорында өте маңызды функцияны атқарады, тек кәсіпкер ғана кәсіпкерліктің табыстылығының жаупкершілігі мен тәуелділігін толық өзі алатындықтан, менеджердің бойында болатын барлық қасиеттерді кәсіпкер де иеленуі керек. Кәсіпкер бейнесін сипаттайтын қасиеттер өте көп, бірақ оларды аз ғана адам иеленеді. Кәсіпкердің негізгі міндеті жер капитал, еңбекті қозғалысқа келтіру, негізгі жоспары мен жүзеге асырылатын шараларды тиянақты дайындау. Кәсіпорын өскен сайын кәсіпкерге тән жан-жақтылық, табандылық, бастамашылдық сияқты қасиеттерді сақтай отырып, арттырған жағдайда ғана табысты кәсіпкер бола алады.
“Протестанттық этика және капитализмдік рух” деген еңбектің авторы М. Вебер (1864 -1920) басқа да экономикадағы неміс мектебінің экономистерімен бірге кәсіпкерлікті кәсіпкер иеленуші рух категориясы арқылы қарастырды. Кәсіпкерлік рух іскерлік белсенділікке табысқа жетуге қажетті барлық рухани денелердің жиынтығы. Ол кәсіпкерлік рух деген түсінікті білдіретін еңбек қорлық ысырап етпеушілік, есептеушілік, сияқты жеке қасиеттердің жиынтығынан тұратын категорияны ерекшеледі [6] .
Кәсіпкерлік принципті ғылыми әзірлеуде экономист, Й. Шумпетердің (1883 - 1950) еңбектері өте маңызды. Ол “Экономикалық сараптаудың тарихы” атты еңбегінде жаңа комбинациялардың орындалуын кәсіпкерлік, ал олардың орындалу функциясын атқаратын адамдарды кәсіпкер деп атаймыз деп жазды. Шумпетер кәсіпкерді тек кәсіпкерлікі басқаратын менеджер бейнесінде сипаттамайды. Оның ойынша кәсіпкер қызметінің басты мәні жаңа өндіргіш күштерді ұйымдастырып, қиыстырудың нәтижесінде жалпы экономикалық өсімді немесе өндіріс циклын жылдамдату болып табылады. Сол себепті кәсіпкерлерді әр түрлі бағыттар мен әрекеттерді байланыстыру арқылы жаңа кәсіпкерлік құратын әлеуметтік-экономикалық жаңашылдар деп атайды.
Й. Шумпетердің көзқарасы бойынша жаңа комбинацияларды орындау үшін жаңа тауар нарығы үшін тауар дайындау; ұйымдастырып жатқан өндіріс процесіне жаңа технология енгізу; жаңа өткізу нарығын жаулап алу; жаңа шикізат түрлерін игеру; ұйымдастырудың жаңа формаларын табу қажет [7] .
“Пайда болмаған жерде даму болмайды, ал дамусыз пайда да жоқ”, деп кәсіпкерлік пайданың мәніне сипаттама берді. “Жаңа жоспардың орындалуы мен үйреншікті жоспарға сәйкес жұмыс істеудің айырмашылығы жол салу мен және сол жолда серуендеумен бірдей”, деп есептейді Й. Шумпетер. Ол менеджерлермен кәсіпкерлер арасында да осындай айрмашылықтар бар деп санады. Кәсіпкерлердің жұмысы өнертабыстарды өндіру арқылы өндірісті реформалау және революциялау, жаңа шикізат көзі мен дайын өнім нарығын ашу, ұйымдастырудың жаңа формаларын іздестіру арқылы жаңа және бұрынғы заттарды өндіруде жаңа технологиялық мүмкіндікті пайдалану деп есептеді.
Франк Найт (1921) кәсіпкерлік қызметтің ерекше белгісі бұл анықталмағандық жағдайда жұмыс істеу деп оған ерекше көңіл бөледі. Найттың пікірінше кәсіпкер бұл әр уақытта өз пікірін қорғай білуі, мүмкін болатын барлық кедергілерді батыл жеңе білуі керек. Найт кәсіпкердің ұйымдастыру, бақылау сияқты қызметтеріна ерекше көңіл аударып, кәсіпкер бұл функцияларды орындау мен шектелмей өз кәсіпорынының иесі болуы керек дейді. Найт кәсіпкерліктің мәні сыртқы ортада болып жатқан өзгерістерге жылдам бейімделіп, белгісіздік жағдайында жұмыс істей білу қабілеттілігінде деп есептейді. Кәсіпкер кәсіпорынның пайдасын ұлғайту мақсатында өзінің капиталымен тәуекелдікке дайын болуы қажет деді [8] .
1940 жылы Г. К. Гинс (1887-1971) “Кәсіпкер” деген кітабында кәсіпкерді фабрика мен заводтарды қозғалысқа әкелетін көзге көрінбейтін машинаның инженері деп белгіледі [9] .
Давид Маккленд (1961) кәсіпкерге келесідей сипаттама береді:
- Ақталатын тәуекелдікке бара білу;
- Жігерлілікпен құрастырушылық;
- Жеке тұлғаның жауапкершілілігі;
- Қабылданған шешімнің себеп саладарын білу;
- Қабылданатын шешімдердің нәтижесінің кіритериі пайда;
- Қоршаған ортада болатын өзгерсітерді көре білу;
- Ұйымдастырушылық шеберлігі.
Ол кәсіпкер белгілі бір тәуекелділік жағдайында іс - әрекет істейтін жігерлі адам деп сипаттама берді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz