Ерекше талап қоюмен іс жүргізу ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

Диплом жұмысы «Ерекше талап қоюмен іс жүргізу ерекшеліктері» тақырыбына арналған.

Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады.

Бірінші тарау ерекше талап қоюмен іс жүргізу түсінігі, мәні, ерекшеліктері, ол екі бөліктен тұрады.

Екінші тарау ерекше талап қоюмен қаралатын істердің түрлері деп аталады, ол алты бөліктен тұрады.

Көлемі 64 бет.

Пайдаланған әдебиеттер саны - 56

Орындаған студент - Курбанова Ж.

Жетекшісі - Есенбекова П. Т.

Жылы: 2013

Мазмұны

Кіріспе . . . 9

  1. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу түсінігі, мәні, ерекшеліктеріЕрекше талап қоюмен іс жүргізудің түсінігі, мәні . . . 11Ерекше талап қоюмен істерді қараудың ерекшеліктері . . . 20

2 Ерекше талап қоюмен қаралатын істердің түрлері

2. 1 Сайлауға референдумға қатысушы азаматтар мен қоғамдық

бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздары

бойынша iс жүргiзу . . . 33

2. 2 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкiлеттi

органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына дау айту туралы

істер бойынша іс жүргізу . . . 36

2. 3 Жергiлiктi атқарушы органдардың азаматтардың алқаби ретiнде

қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысу құқықтарын бұзатын

шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) дау айту жөнiндегi

арыздар бойынша iс жүргiзу . . . 43

2. 4 Мемлекеттік өкiмет, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының,

қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың және

мемлекет қызметшiлердiң шешімдері мен әрекеттерiне (немесе әрекетсiздiгiне) дау айту туралы iс бойынша iс жүргiзу . . . 46

2. 5 Нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдылығына орай даулар туралы

iс бойынша iс жүргiзу . . . 52

2. 6 Прокурордың органдар мен лауазымды адамдардың актiлерi мен

iс-әрекеттерiн заңсыз деп тану туралы жүгiнуi . . . 56

Қорытынды . . . 58

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 62

Нормативтік сілтемелер

Осы дипломдық жұмыста келесі сілтемелер қолданылған:

1 Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30. 08. 1995 ж. (07. 10. 1998ж. және 21 мамыр 2007 жылғы енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен)

2 ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі. Алматы 1999ж. ( 2012. 01. 07 берілген өзгерістер мен толықтырулармен )

3 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Соттардың Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі 27-тарауының нормаларын қолдануының кейбір мәселелері туралы» 24 желтоқсан 2010 жылғы №20 нормативтік қаулысы

4 Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы

5 Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 453-1 Заңы (2012. 05. 07. берілген өзгерістер мен толықтыру-ларымен)

6 ҚР Жоғарғы Сотының «Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу туралы» нормативтік қаулысы

7 Қазақстан Республикасының «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңы. 2. 11. 1995 ж

8 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңы

28. 09. 1995ж.

9 Қазақстан Республикасының «Алқабилер туралы» заңы 1. 01. 2007

10 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашасында шыққан «Соттардың әкімшілік құкық бұзушылық туралы заңдылықтарды колданудың кейбір мәселелері туралы» № 18 нормативті қаулысы

Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы, 21. 12. 1995ж.

11 ҚР Азаматтық кодексі. Алматы 27. 12. 2004ж. (берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

12 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заңы (Салық кодексі) 10. 12. 2008 ж.

13 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155-II Кодексі (2013. 06. 03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

14 Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы". 25желтоқсан, 2000 //Егемен Қазақстан. 25 желтоқсан, 2000.

15 Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 12-ші тамызындағы №46 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру және азаматтық іс жүргізуде мемлекеттің мүддесіне өкілдік ету жөніндегі» Нұсқаулық

Анықтамалар

Осы дипломдық жұмыста келесі анықтамалар қолданылған:

Ерекше талап қоюмен іс жүргізу - әкімшілік-құқықтық қатынастардан туындаған азаматтық істердің заңмен бекітілген түрлердің 1 сот инстанциясында қарап шешілу тәртібі. Ерекше талап өндірісіндегі істер сот өндірісінің жалпы ережелерін қолдана отырып шешіледі.

Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына орай даулар туралы іс бойынша іс жүргізу - мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның қабыл-данған немесе жарияланған нормативтік құқықтық актісімен азаматар, мен заңды тұлғалар келіспеген жағдайда бұл актіні заңға толық немесе жекелеген бөлігіне қайшы келеді деп тану тұралы арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

Мемлекеттік өкімет, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу - кез-келген азамат немесе заңды тұлға мемлекеттік органның, лауазымды адамның, мемлекеттік қызметшінің, ұйымның шешіміне, әрекетіне сотта дау айтуға құқылы. Азамат немесе заңды тұлға құқықтары бұзылғаны тұралы өздеріне мәлім болған күннен бастап үш ай ішінде сотқа арызбен жүгінуге құқылы. Арыз бір ай мерзім ішінде арызданушы тұлғаның және әрекетіне дау айтылып отырған ұйым басшының қатысуымен қаралады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардың қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу - кез-келген ұйғарымдардың лауазымды адамдары шығарған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі қаулыларына әкімшіілік жауапты-лыққа тартылған адамдар мен олардың өкілдері сотқа шағымдануға құқық бар.

Сайлауға, референдумға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бірлестік-тердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша іс жүргізу - сайлау комиссиясының немесе басқа да лауазымды адамдардың шешімімен, әрекетімен немесе әрекетсіздігімен сайлау немесе сайлану құқығым бұзылды деп санайтын азамат немесе қоғамдық бірлестік арыз жазу арқылы сотқа жүгінуі мүмкін.

Прокурордың органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен іс-әрекеттерін заңсыз деп тану туралы жүгінуі - заңға сәйкес келметін нормативтік құқықтық актіге немесе жеке қолданылатын құқықтық актіге сондай-ақ мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның іс-әрекетіне прокурор наразылық келтіруге құқығы бар. Наразылықты он күн мерзім ішінде акт қабылдаған орган, прокурордың қатысуымен қарауы тиіс. Наразылықта прокурор қабылданған актінің күшін лауазымды жоюды немесе Конституцияға сәйкестендіруді талап етеді. Егер наразылықты мемлекеттік орган немесе лауазымды адам қабылдамаған жағдайда прокурор наразылық келтірілген актіні немесе іс-әрекетті заңсыз деп тану туралы арызбен сотқа жүгінеді.

Белгілеулер мен қысқартулар

ҚР - Қазақстан Республикасы

АІЖК - Азаматтық іс жүргізу кодексі

АК - Азаматтық кодекс

ӘҚБтК - Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі

АҚШ - Америка Құрама Штаттары

БАҚ - Бұқаралық ақпарат құралдары

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конституциясындағы 13-бабында әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот жүзінде қорғау карастырылған және нормативті құқықтық актілерді, шешімдерді қабылдау кездерінде азаматтардың құқықтарын бұзған мемлекеттік органдар, жергілікті басқару органдарының әрекеттерінен, лауазымды тұлғалардың құқыққа қарсы әрекеттері немесе әрекетсіздіктерінен азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Азаматтардың өкіметпен келіспеушілігі бұқаралық қарым-қатынастары туындайтын сот ісіне тән белгі болып табылады. Қорғау туралы сотқа жүгінген тұлғалар мемлекеттік органдар олардың құқықтары мен бостандықтарын бұзды не болмаса сол құқықтарын жүзеге асыруға кедергі болды деп есептейді. Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтары ретінде осы субъектілердің Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтары түсініледі. Кейде бұл құқықтарды тұлғаның негізгі құқықтары мен бостандықтары деп атайды.

Әдебиетте "қазіргі кезде адамның негізгі құқықтары ретінде . . . мемлекеттің конституциясы мен адам құқықтары жөнінде халықаралық құқықтық құжаттарда белгіленген құқықтарды түсіну керек . . . " делінген ой бар . Сонымен қатар "адамның кез келген негізгі құқығы конституциялық бекітілуіне қарамастан әрбір қатысушы мемлекет тарапынан танылуы қажет", - деген пікірді де айтып кетуіміз керек[1] .

Әкімшілік-құқықтық қатынастардан туындаған азаматтық істердің заңмен бекітілген түрлердің бірінші сот инстанциясында қарап шешілу тәртібі ерекше талаптың өндіріс деп аталады. Ерекше талап өндірісіндегі істер сот өндірісінің жалпы ережелерін қолдана отырып шешіледі. Оған сот өндірісінің қағидалары, іс жүргізудің сатылары, дәлелдеу тәртібі, сот мәжілісінің хаттамасы істі қысқарту, арызды қараусыз қалдыру негіздері т. б. ережелер кіреді.

Ғылыми жаңалық және ғылыми жаңалықтар жағдайы. Зерттеу барысында теориялық ережелер жүйесі негізінде ерекше талап қоюмен іс жүргізудің қалыптасуы мен дамуы сұрақтарына байланысты көзқарастар анықталады. Сонымен қатар, ерекше талап қоюмен қаралатын істердің түрлері жеке - жеке тоқталып, олардың құқықтық табиғаты және ерекшеліктері айқындалады және жетілдіру жолдары қарастырылады.

Практикалық қажеттілігі. Зерттеудің нәтижесінде жасалған қорытынды тұжырымдар азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттерін орындауды құқықтық қамтамасыз етуге бағытталған өзекті мәселелерді, кешенді зерттеуге тырысумен сипатталады және Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңдарын жетілдіру мәселелеріне байланысты қолданылуы мүмкін.

Ғылыми мәселелерді қазіргі жағдайда шешуі. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу - бірінші сатыда сотта іс жүргізудің бірі болып табылады. Азаматтық іс жүргізу теориясы мен тәжірибесінде бұл сұраққа көптеген авторлар көңіл бөлген болатын және оған байланысты көптеген зерттеулер жүргізілген. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу ерекшеліктерін зерттеу өзінің өзектілігін жоғалпайды, себебі олар күнделікті өмірмен және қоғамды қорғауға бағыттал-ған тәжірибелік қызметпен тығыз байланыста. Ғалымдар ерекше талап қоюмен іс жүргізудің кең, ауқымды түсіндірмесін беріп, оның негізгі компоненттерінің құрамын толық, жан-жақты талдауына және ашып беруге тырысады.

Болашақ заңгер үшін осы жоғарыда аталған институтты айқындап, олардың түрлерін, өзіндік ерекшеліктерін, қазіргі қоғамда кездесіп отырған олардың теориялық және тәжірибелік мәселелерін зерттей білу маңызды деп ойлаймыз.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - біріншіден, ерекше талап қою мен іс жүргізудің түсінігі, мәнін, ерекше талап қоюмен істерді қараудың ерекшелік-терін айқындау, оларды жүзеге асыру барысында кездесетін мәселелерді шешу жолдарын қарастыру, екінші жағынан, олардың құқықтық қатынастарда алатын орнын белгілеп беру мақсатын, сондай-ақ ерекше талап қоюмен қаралатын істердің әрқайсысының өзіндік ерекшелектерін, олардың құқықтық табиғатына жаңа заңдар негізінде талдау жасап, қорытындылар жасауды көздейді. Қаралып отырған мәселелердің күрделілігі оның құқықтық негіздеріне де байланысты.

Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылады:

- қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз етуде ерекше талап қоюмен қаралатын істерді қараудың алатын орны мен маңыздылығы;

- ерекше талап қою мен іс жүргізудің анықтау;

- олардың құқықтық табиғатына жаңа заңдар негізінде талдау жасау.

Зерттеудің обьектісі - ерекше талап қоюмен іс жүргізу.

Зерттеудің әдістемелері мен теориялық негіздері. Осы жұмыста ғылыми танымның талдау, синтез, индукция және дедукция сияқты әдістер қолданылған. Сонымен қатар тарихи, нақтылық және т. б. теориялық қағидалар басшылыққа алынған.

Практикалық базасы - Қазақстан Республикасының соттары.

Жұмыстың зерттелу деңгейі. Зерттеу жұмысында ТМД елдері мен Қазақстанның белгілі ғалымдарының еңбектеріне сүйендік. Олардың қатарында Баймолдина З. Х., Васильева Г. Д., Громшина Н. А., Орлова Н. И., Абдуллина З. К., Ударцев С. Ф., Щеглов В. Н., Чечот Д. М., Шайкенова С., Қ. Мами және т. б. белгілі ғалымдардың еңбектері бар. Жоғары аталған бұл авторлардың бір қатарының еңбектерінде келтірілген тұжырымдар мен ережелер осы жұмыста пайдаланылып, өзінің лайықты орнын таба білді.

1 Ерекше талап қоюмен іс жүргізу түсінігі, мәні, ерекшеліктері

1. 1 Ерекше талап қоюмен іс жүргізудің түсінігі, мәні

1999 жылы 13 шілдеде қабылданған Азаматтық іс жүргізу кодексі азаматтық сот ісін жүргізуде түбегейлі өзгерістерді белгіледі. Талаптардың бәсекелестігін күшейту жағына айқын бұрылыс межеленді, дәлелдемелерді жинау процесінде соттың белсенділігінен бас тартылды. Іске қатысатын талаптардың және басқа тұлғалардың бастамалығы мен белсенділігіне басым мән беріледі.

Бірақ, жариялы-құқықтық сипаттағы дауларды шешу тәртібі осы күнге дейін Азаматтық іс жүргізу кодекспен реттеледі. Қазіргі уақытта осындай даулар Азаматтық іс жүргізу кодексінің 25-29 тарауларда көзделген, ерекше талап қою іс жүргізу аясында қаралады және шешіледі.

Осыған орай, сотпен қаралатын ерекше талап қою іс жүргізу сотпен қаралатын істердің саны бойынша ресми статистикалық деректерді келеді.

2010 жылы соттармен 7 жуық азаматтық іс қаралды. Қаралған азаматтық істердің жалпы санынан 5% немесе 35000 ерекше талап қою іс жүргізу істері құрайды, 2011 жылы соттармен 5 жуық азаматтық іс қаралды. Қаралған азаматтық істердің жалпы санынан 4% немесе 2 ерекше талап қою іс жүргізу істері құрайды.

2012 жылдың бірінші жартыжылдығында соттармен 2 астам азаматтық іс қаралды. Азаматтық істердің жалпы санынан 7% немесе 13960 ерекше талап қою іс жүргізу істері құрайды.

Осы деректерге сәйкес арнайы талаптық іс жүргізу істері аз пайызын құрайды, аз пайыз туралы ойландыратын жүктеме әкімшілік соттардың құзіретіне тек жариялы-құқықтық сипатындағы істер жатады.

Бұдан басқа, жаңа кезеңге өту үшін барлық құқықтық институттар мен реалиялар өзара байланыс аспектінде қолданыстағы заңнаманы кешенді талдауын қамтитын тиісті ұстанымсыз «сындыру» қауіптілігі бар, тарихи қалыптасқан модельді ескеру қажет.

Қолданыстағы құқықтық жүйеге үйлесімді кіретін және құқық қолдану субъектілерімен ауыртпалықсыз қабылданатын әкімшілік әділет моделін жасау қажет.

Әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот жүзінде қорғау карастырылған және нормативті құқықтық актілерді, шешімдерді қабылдау кездерінде азаматтардың құқықтарын бұзған мемлекеттік органдар, жергілікті басқару органдарының әрекеттерінен, лауазымды тұлғалардың құқыққа қарсы әрекеттері немесе әрекетсіздіктерінен азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Азаматтардың өкіметпен келіспеушілігі бұқаралык қарым-қатынастары туындайтын сот ісіне тән белгі болып табылады. Қорғау туралы сотқа жүгінген тұлғалар мемлекеттік органдар олардың құқықтары мен бостандықтарын бұзды не болмаса сол құқықтарын жүзеге асыруға кедергі болды деп есептейді. Бір жағынан мемлекеттік органдар әдетте қарсылықтарын білдіреді, мұндай жағдайларда өздерінің қабылдаған шешімде-рінің дұрыстығын, өз әрекеттерінін немесе әрекетсіздіктерінін заңдылығын дәлелдеуге міндетті[2] .

Өкімет салаларын бөлу принципі мемлекеттік өкіметті жүзеге асырудың негізі ретінде тұтастай алғанда органдар мен атқару және заңдылық өкіметтердін. лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне соттың бақылауын қажет етеді. Жекелеген жағдайларда сот бақылауы бұқаралық-құқықтық қарым-қатынастардан (өкімет пен азаматтардың қарым-қатынастарынан) туындайтын істерді қарау кезінде азаматтық сот ісі аясында жүргізіледі.

Бұқаралық-құқықтық қарым-қатынастардан туындайтын істерді қарау мен шешу тәртібі Азаматтық іс жүргізу кодексінін 25, 26, 27, 28 және 29-тарауларында бекітілген. Оларды қараудың негізіне жатады:

  1. Сайлауға референдумға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бірлестік-тердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздары бойынша iс жүргiзу;
  2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкiлеттi органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу;
  3. Жергiлiктi атқарушы органдардың азаматтардың алқаби ретiнде қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысу құқықтарын бұзатын шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) дау айту жөнiндегi арыздар бойынша iс жүргiзу;
  4. Мемлекеттік өкiмет, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғам-дық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың және мемлекет қызметшiлердiң шешімдері мен әрекеттерiне (немесе әрекетсiздiгiне) дау айту туралы iс бойынша iс жүргiзу;
  5. Нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдылығына орай даулар туралы iс бойынша iс жүргiзу;
  6. Прокурордың органдар мен лауазымды адамдардың актiлерi мен iс-әрекеттерiн заңсыз деп тану туралы жүгiнуi[3] .

Соттың жүргізуі занда карастырылған бұқаралық қарым-қатынастары туындаған өзге де істер қаралуы мүмкін.

Мемлекеттік органның, жергілікті басқару органының қоғамдық бірлестіктің, ұйымның, лауазымды тұлғанын, мемлекеттік қызметкердің шешімдерін, әрекеттерін (немесе әрекетсіздіктерін) жоққа шығару туралы істерді азаматтың не болмаса мемлекеттік органнын тұратын жері бойынша аудандық соттар қарайды.

Соттардың мемлекеттік органның, жергілікті басқару органының, қоғамдык бірлестіктің, ұйымның, лауазымды тұлғаның, мемлекеттік қызметкердің шешімдерін, әрекеттерін (немесе әрекетсіздіктерін) жоққа шығару туралы заңдылыктарын қолдануы туралы нормативтік қаулыда мына даулардың ерекше талап қою ісі тәртібімен емес, талап қою ісінің ережелері бойынша қаралатыны көрсетілген:

  1. соттың, сот төрешілерінің, прокурордың, тергеушінің, анықтаушының азаматтық іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу, әкімшілік іс жүргізу заңдылықта-рына қатысты шешімдерін, әрекеттерін жоққа шығару туралы арыздарды қараудың өзге сот тәртібі бекітілген;
  2. азаматтық-құқықтык, еңбек, тұрғын үй, отбасылық жер және өзге де жеке-құқықтық қарым-қатынастардын субъектілері арасындағы даулар;
  3. ішкі істер органдары, салык және кеден органдары жұмысшыларының осы органдардың басшыларынын катаң айыппұл салу мен кызметтен босату туралы бұйрықтарын заңсыз деп тану туралы арыздары;
  4. акционерлік қоғамдардың, шаруашылық серіктестіктердің, тендерлік комиссияның қабылдаған осы мекемелердің қатысушыларының және т. б. мүдделеріне нұқсан келтіретін шешімдерін жоққа шығару туралы арыздары.

Қазақстан Республикасы Үкіметінін, министрліктердің және өзге де республикалық атқару органдарының және Қазақстан Республикасы Президентіне бағынышты, есеп беретін органдардың азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты жеке актілерін жоққа шығару туралы істерін облыстық және оған тең соттар ҚР АІЖК 28-бабына сәйкес қарайды.

Аталған ережелер республикалық атқару органдарының, Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, есеп беретін органдардың аумақтык құрылымдык бөлімшелеріне катысты емес екенін ескерген жөн.

Заңды тұлғанын және заңды тұлғалардың білімінсіз кәсіпкерлік кызметті жүзеге асырушы азаматтардың мемлекеттік органның, жергілікті басқару органынын шешімдері мен әрекеттерін жоққа шығару туралы істері арнайы экономикалық соттарға сотты. Ерекше талап кою істері бойынша азаматтар өз құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғаны туралы белгілі болған күннен бастап үш ай ішінде сотқа арыздануға құқылы.

Ерекше талап кою тәртібімен мемлекеттік органдардын қолдануда жеке, бір реттік сипатқа ие актілері (бұйрықтар, жарлықтар, қаулылар) бойынша даулар қаралатынын есте ұстаған дұрыс. Бұл актілер онын құқықтары мен міндеттерін анықтау, өзгерту, тоқтату немесе тоқтата тұруды мақсат еткен белгілі бір тұлғаға қолданылады.

Қызылорда қалалық сотымен іс жүргізу нормалары бұзылып, ерекше талап қоюмен іс жүргізу бойынша 2, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен 1 сырттай шешім қабылданғаны анықталды.

Талапкер А. Ахметовтың жауапкерлер Қызылорда қаласының әкімдігі және шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тұрғын үйді бөлу, есепке алу және жекешелендіру» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына қойған Қызылода қаласы әкімдігінің 01. 08. 2007 жылғы №648 «Азаматтарды тұрғын үй алу кезегінен шығару туралы» қаулысын заңсыз деп танып, бұзуды, өзін мемлекеттік қызметкер ретінде 13. 01. 2004 жылы Қызылорда қаласы әкімінің атына өтініш берген күнімен кезектегі тізімін қайта қалпына келтіру туралы азаматтық ісі бойынша 27 ақпан 2012 жылы талапты қанағаттандырған сырттай шешім қабылданған.

Статистикалық есепте іс лауазымды адамның әрекетіне дау айту санатына, яғни ерекше талап қоюмен іс жүргізу тарауына қойылған.

«Соттардың Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі 27-тарауының нормаларын қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 24 желтоқсан 2010 жылғы №20 нормативтік қаулысының 9-тармағына сай, ерекше талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен қаралатын істерді сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға болмайды[4] .

Сондай-ақ, АІЖК-нің 281 бабының 1-бөлігіне сай, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне дау айту туралы арызды сот заңды тұлға өкілінің, лауазымды адамның қатысуымен қарайды.

Аталған іс бойынша жауапкер-мемлекеттік орган болып табылатын заңды тұлға бола тұрса да, бірінші сатыдағы сот жауапкер өкілінің сот отырысына қатысуына тиісті шаралар қолданбай, негізсіз сырттай шешім қабылдаған.

Ерекше талап қоюмен іс жүргізудегі істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға жатпайтыны 2007 жылы Жоғарғы Сотпен жасалған сот тәжірибесіне шолуда да көрсетілген болатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерекше талап қоюмен істерді қараудың ерекшеліктері
Процессуалдық құқықтық кепілдіктер
Мемлекеттік биліктің жергілікті өзін өзі басқару органдарының қоғамдық бірлестіктердің ұйымдардың лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау ашу туралы істер бойынша іс жүргізу
Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастар
Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу
Азаматтық іс жүргізу құқығының жалпы сипаттамасы
Өзінің құқығы мен бостандығын қорғау үшін сотқа жүгіну әрбір тұлғаның құқығы
Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесі
Азаматтық сот ісін жүргізу
Ерекше талап қою ісін жүргізу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz