Лизинг түрлерін дәрежелеу, лизингтің арендадан айырмашылығы


Мазмұны
Кіріспе 3
1-Тарау. Лизинг туралы негізгі түсініктер 8
1. 1 Лизингті анықгау және оның мәні. 8
1. 2 Лизинг шартының обьектілері мен субьектілері 14
2-Тарау. Лизинг шартын қүқыктық реттеу; лизинг түрлері және
олардың ерекшеліктері 25
2. 1 Қазақстан Республикасында лизинг шартының құқықтық
реттелуі 25
2. 2 Лизинг түрлерін дәрежелеу, лизингтің арендадан
айырмашылығы 35
- Дамыған елдерде қаржылық лизингке сипаттама береяіннегізгі ерекшеліктер (халықаралық лизинг) 46
З-Тарау. Лизинг қатынастарының даму мәселелері және лизинг
мәмелесін жасауды ұйымдастыру 56
- Қазақстан Республикасындағы лизинг 56
- Лизинг мәмілесін жасаудағы негізгі кезеңдер 64
3. 3 Лизинг мәмілесін жасауға дайындық және оның
тиімділігін таддау 66
Қорытыңды 72
Қолданылған әдебиеттер 77
2
Кіріспе
Қазақстанның нарықгық экономикаға өтуі өндірістік кәсіпорындар алдына бірқатар мәселелер қойып отыр. Соның ішінде өсіп бара жатқан бәсекелестіктің қазіргі ерекше жағдайларына бейімделу, өндірілген өнім бағасының жоғарылауына байланысты өтім нарқын қысқарту және төлемеушілік мәселелері, шикізатпен, материалдармен қамтамасыз етушілерді іздеудің қиындығы және қаржы ресурстарының шектелуі. Сол себепті қазіргі кәсіпорындар өз орнын сақгап қалу үшін икемділік және ассортиментін тез өзгерту қабілетін игере білулері қажет.
80-жылдардың аяғынан бастап өндірістік және ауылшаруашылық өнімін әндірушілердің ірі қарқында баланстық байланыс айтарлықгай өзгерді.
Бүрынғы КСРО аймағындағы дезинтеграция мен Еуропадағы валюттік-кедендік бірлестік осы факторларды туғызып отыр. 90-жылдардың басында ТМД және нарқының жалпы жүйесінде Орта Азия елдері мен Қазақстанға қиын кұрылымды мемлекеттер деген баға берілді. Сондыктан бүрын-сонды ұлттық табысқа едәуір үлес қосып жүрген онеркәсіп және агросектор саласындағы көптеген мамандандырылған кәсіпорыңдар өзі өндірген және импорттық өнімдерімен ТМД елдерінде орын алған болатын.
Несиелер мен инвестицшшар, үлттық несие мен инвестицияны қоспағанда дүние жүзі мен Еуропа банктерінің белгілі бір шарттарын орындамайынша жүмсалмаған.
Сыртқы нарық жергілікті өндірушілердің алдын-ала мақгап шығарған өнімін, сонымен қатар көлемі мен сапасын да қабылдауға дайын емес еді. Экономикалық динамикада белгілі бір әсер ету Түркия мен Корея республикаларының экономикасына тікелей еліктеу концепцияларымен тікелей байланысты. Басқа сезбен айтқанда, индустриялық елдердің қаржы деректері мен технологиялары жөнінде хабардар болу ин-директивтік жолдар жүйесі бойынша жүзеге асырылған.
Соның нәтижесінде, бірінші жағынан, тендерлік жобалардың бәсекестілігі аса қымбат жобалардың (мұнай, газ өндіру, автокөлік кұрылысы саласында), екінші жағынан, ерекше шағын шетелдік қор инвестициясы саласында орын алды.
Үкімет кдбылдаған кешенді бағдарлама бойынша офшорлық аймақ құру арқылы индустриялық елдердің қаржы көздері мен технологгияларына жол ашу, кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау, мүлікті толығымен жеке меншікке бере отырып, қоғамды демократияландыру - еліміздің жастарына дүние жүзілік өркениетке жету жолын ашып беріп отыр.
Республика экономикасының басты бағыттарын дамытуда орта және кіші кәсіпкерлікке аса көңіл аударылады. Батыс елдерде кеңінен қолданылатын кәсіпкерлікті жүзеге асыру, біздің ойымызша, индустриялық елдердің қаржы көздері мен технологияларына жол ашуды ұйымдастыру тәсілдерінің бірі бола алады және ол жаңа инвестициялардың маңызды көзі ретінде қызмет атқара алады.
Тұтынушылары аз, сол сияқгы нақгы қойылған шарттарды орындауға бейімделмеген өндіріс орындары банкротқа душар болулары әбден мүмкін. Технологияның күрделенгені соншалықгы, еңбекті үйымдастыру мен бөлуге, бақылаудың жаңа түрлерін үйымдастыруға тура келеді. Қаржы айналымын тездетуге, артылған тауарлар санын қысқартуға, өнімнің өтуін тездетуге көңіл аудару қажет болады.
Реформаларды дамыту және Қазақстан экономикасын түрақгандыру бағдарламасы нарықты (рынокты) жоғары техноло-гиялы және бәсекелестікке жарамды өніммен қамтамасыз ететін, әлеуметтік дүрыс бағыттағы тиімді экономика күруды алдын-ала қарастырады.
Қазақстан экономикасы өзінің ішкі ресурстары негізінде өсіп-дамуы, ғылыми жетістіктерді зерттеуі, экономикалық зақымсыздық-пен және экологиялық қауіпсіздікпен қамтамасыз ете отырып, дүниежүзілік шаруашылық байланыстарға қосылуы тиіс.
Қазақстан өнеркәсібін осылай қайта құру үшін қазіргі таңда жетіспей отырған инвестициялар қажет-ақ.
Сондықган инвестициялардың қалыптасқан түрімен қатар, оның басқа ерекше түрі де өзіне көңіл аудартып отыр. Инвестицияның бұл түрі лизинг деп аталады. Лизинг өзінің мүмкіншіліктерінің арқасында техниканы қайта жабдықгауда итермелеуші күшке айналады, өндірістік кәсіпорындардың қажетті күшін құрай алады, сонымен қатар экономиканы толығымен қайта кұруға себін тигізеді.
Кәсіпкерлік қызметті инвестициялаудың ерекше түрі ретінде саналатын осы механизмнің маңызына сүйене отырып, Қазақстан Үкіметі лизинг қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік туғызатын бірқатар қаулылар қабылдады.
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Парламентінің және жергілікті атқарушы органдардың лизингті дамыту жөніндегі қолданған шаралары оны қолдану мүмкіншіліктерін анағұрлым кеңейтуге себін тигізеді. Лизинг қызметі нарқында көптеген лизингтік компаниялар жүмыс істейді. Олар көптеген кәсіпорындардың өндіріс техникасын жаңалай отырып, қаржы ресурстарының тапшылығы кезінде көмек береді. Яғни дағдарыстан шығудың және болашақга экономиканың көтерілу негізін қалайды.
Қазіргі таңда лизинг өндірістік кәсіпорындарға инвестицияларды жұмылдырудың жалғыз ғана перспективалық түрі болып саналуда. Шаруашылықга қолданудың нәтижесінде жетістіктерге жеткен лизинг шартының тиімділігі инвестициялық процестерді активтендіруден, лизинг алушы кәсіпорындардың қаржылық жағдайын жақсартудан, кіші және орта бизнестің бәсекелестік қабілетін арттырудан байкалады.
Лизинг қатынастарының экономикалық-кұқықгық қамсыздан-дырудың жоғарғы деңгейі жағдайында ғана табысты болатындығын лизингті ендірудің алғашқы кезеңі көрсетіп отыр.
Бұл жұмыстың мақсаты - лизинг пен оның жеке түрлерінің экономикалық мәнін және лизинг шарттарының құқықгық регламен-тациясын, лизингті үйымдастыру негіздерін, осы операциялармен айналысатын әртүрлі коммерциялық құрылымдардың жұмыс істеу принциптерін ашу, лизинг операцияларын жүзеге асырудың кезеңцері мен тәртібін суреттеу. Шетел тәжірибесін зерттеу негізінде біз кәсіпкерлерге еліміздегі лизинг бизнесін дамытудың мүмкіншіліктері мен перспективаларын түсіндіруге тырысамыз.
Кдзақстанда осы тақырып пен жалпы лизинг дамуының маңыздылығы, біріншіден, техникалық құралдар жағдайының қолайсыздығына (моральдық ескірген жабдықгардың едәуір үлес салмағына, оны қолдану тиімділігінің төмендігіне) байланысты.
Осы мәселелерді шешудегі варианттардың бірі - лизинг. Лизинг аренданың басқа түрлерінен кешендік өзгешіліісгерімен, сыртқы сауда, несие және инвестиция операциялары элементтерін біріктірумен ерекшеленеді. Лизингтің басты артықшылығы несиелік қызмет түрінің кең көлемділігінен тұрады. Көбіне лизинг кеңес беру қызметтерін, көлікпен тасымалдауды ұйымдастыру мен несиелеуді, лизинг обьектілеріне техникалық қызмет көрсету мен сақгандыруды, монтаж, қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Осының барлығы лизинг несиесінің икемділігін арттырады, қажетті құрал- жабдықгарды сатып алу кезіндегі нарықгық коньюктураның өзгерістеріне жедел түрде үйренуге ыісдал жасайды.
Сонымен лизинг шаруашылық үйымдардың өз бетінше жүмыс атқаруға үмтылуына жауап беретін инвестициялармен несиелеудің демократиялық түрі болып табылады.
Қазақстанның шаруашылық субьектілері соңғы кездерге дейін осы несиелік тур жайында қажетті ақпараттың жоқгығына, құқықгық базаның дамымағанына байланысты лизингке аса көңіл аудармаған болатын.
Республика аймағында лизинг әзірге кеңінен таралған жоқ. Мүның себебі Қазақстан Республикасы азаматтық кодексінің (ерекше бөлім) жаңа редакциясы осы уақытқа дейін қабылданбаған, ал Үкіметтің нормативті акт-қаулылары, уәзірліктер (министрліктер) мен ведомостволардың ережелері қоғамдық ьсдтынастардың осы түрінің құқықгық реттелуін нақгы түсіндіре алмай отыр. Нарықгық экономиканы қалыптастыру мақсатымен әртүрлі салалар ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін ендіруге, өнеркәсіптік өндірісті және импорттық-экспорттық операцияларды жаңартып, нығайтуға тиіс. Сонда ғана лизинг операциялары біртіндеп кеңейе түседі және олар Қазақстан Республикасы нарықгық қатынастар жүйесінде нақгы орын алады.
§1 Лизинг туралы негізгі түсініктер
1. 1 Лизингті анықгау және оның мәні
Лизинг идеясы біз үшін жаңалық емес, бірақ "лизинг" термині бүрын бізде қолданылмаған. Лизинг шартының мәнін ашу Аристотель заманына (б. д. д. ГУғ. ) келіп тіреледі. Байлық меншікті иелену қүқынан емес, сол меншікті пайдалана білу құқынан түрады. Бүл - Аристотельдің сөзі. Сонымен мүліктің иесі оны иемденіп қана қоймай, сол мүлікті пайдалану нәтижесінде табыс табуы қажет.
Лизинг (to lease, lease) ағылшын тілінен аударғанда "аренда, арендовать" - "жал, жалға беру" деген мағына білдіреді. Лизинг түсінігі отанымыздың және шетелдердің кәсіпкерлік қызметінде кеңінен қолданады. Лизингке байланысты қатынастардың күрделенуі лизингтің мәні жөнінде әртүрлі көзкарастардың пайда болуына себеп болып отыр.
Лизингтің қаржылық-коммерциялық, күқықгық және техникалық аспектілері бар. Лизинг терминінің дәл қай уақытта пайда болғаны анықгалмаған. Австриялық зерттеуші В. Хойер "Еуропада бизнесті қалай жасау керек" кітабында "лизинг" терминінің қолданылуын XIX ғасырдың соңғы ширегіне жатқызады. Мүны 1887 жылы "Белл" телефон компаниясы өз телефон аппараттарын сатпай, оларды арендаға беру туралы шешім қабылдаған оқиғамен байланыстырады. Оның пікірі бойынша, 1952 жылы Сан-Францискода "Юнайтед стейтс лизинг корпорейшн" атты бірінші лизинг қоғамының қүрылуы лизингтің дамуына күшті себеп болды. ^
Орыс тілінде "лизинг" терминінің тура аналогы жоқ. Көбіне ли-зингті өндірісте қолданылатын машиналардың, жабдықгардың, көлік күралдары мен қүрылыстардың үзақ уақыттық арендасы деп түсінеді. Францияның, Бельгия мен Италияның лизинг туралы заң актілерінде credit-tail (несие - аренда) location financement (аренданы қаржыландыру) operazion di locazione finansiativo - қаржылық арендасы жөніндегі операциялар деген терминдер қолданылады. Бірақ біздің ойымызша, бұлардың барлығы лизингтің мәнін толық айтпайды.
Лизингтің экономикалық тура мағынасы мүлікті уақытша пайда-лануға берумен байланысты пайда болған мүліктік кдтынастардың кешені ретінде түсіндірілуді. Бүл кешен лизинг шартынан бөлек басқа да шарттарды енгізеді, соның ішінде сатып алу - сату шарты мен несие шарттары (займ) кіреді. Лизингке осы шарттардың күрделі үйлесімділігі тән.
Мүлікті уақытша пайдалануға өткізу кезіндегі қатынастар лизингте өзекті және негізгі қатынастар болып саналады. Мүлікті сатып алу - сату жөніндегі қатынастар көмекші роль атқарады. Бүл қатынастар шарттың басында ғана роль аткдрып қоймай, лизинг шарты біткен соң пайдаланушы мүлікті өз меншігіне алу кезінде лизинг қатынастарының толық кешенін аяқгай алады.
Сонымен лизингті мүлікті меншікке сатушыдан сатып алумен және ақыға уақытша пайдалануға берумен байланысты пайда болған қоғамдық қатынастардың кешені деп қарау керек.
Сонымен Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі 1999 жылғы 1 шілдедегі жаңа жобасының (ерекше бөлім 565 бабында "лизинг шарты бойынша лизинг беруші лизинг алушы көрсеткен мүлікті сатушыдан меншігіне сатып алуға және лизинг алушыға осы мүлікті ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға міндеттенеді" деп лизингке түсініктеме берілген) .
Лизингтің қарама-қайшы екі жақгы мәні бар. Экономикалық түрғыдан қарайтын болсақ, біріншіден лизингті қаржыларды негізгі капиталға қайтару мақсатымен жүмсау деп түсінуге болады. Яғни меншік иесі (лизинг беруші) бекітілген уақытта қайтарып алатын қаржыны белгілі бір мерзімге береді. Лизинг беруші өзінің атқарған қызметі үшін қаржылай марапатталады. Осыған қарай өзінің мазмүны бойынша лизинг несиелік қатынастарға сәйкес келеді және несиелікшарттардың мәнін сақгайды. Екінші жағынан, несие беруші мен несие алушы капиталмен ақша түрінде емес, тауар түрінде іс жүргізетіндіктен лизинг инвестициялауға ұқсас келеді. Лизингті тауарлық несие деп те айтуға болады.
Сондықган қаржы шарты, нақгылап айтқанда несие операциясы, лизинг шарттарының өзегі болып табылады. Мүліктің иесі пайдаланушыға, яғни лизинг беруші лизинг алушыға қаржылай қызмет көрсетеді: лизинг беруші мүлікті өз меншігіне толық бағасына сатушыдан сатып алып, лизинг алушының аммортизациялық төлемдері есебінен мүліктің бағасын өтеп алады.
Сонымен, егер лизингті мүлікті уақытша ақы төлетіп пайдалануға беру ретінде қарастырсақ, онда оған негізгі қорлардағы тауарлық несие ретінде баға беруге болады.
Несие қатынастарының субьектілеріне қарыз беруші ретінде лизинг беруші, қарыз алушы ретінде лизинг алушы жатады. Лизинг беруші (лизинг компаниялары, банктер, кәсіпорындар және т. б. ) лизинг шарты бойынша мүлікті лизинг алушыға (занды түлға бола алатын кез-келген мемлекеттік акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі қоғамдар және т. б. ) жалға береді. Ал несие обьектілеріне машиналар, жабдықгар, көлік қүралдары және т. б. жатады. Қарыз (несие) қүнын үйымдастыру түрі бойынша лизинг коммерциялық кредитке үқсас болғанмен, олардың арасында айырмашылық та бар.
Ең алдымен бүл коммерциялық несие мен лизингтегі мүліюгі иелену қатынастарын қамтиды. Коммерциялық несие беру кезінде уақытша пайдалануға алынған шарт обьектісі несие алушының меншігінде қалады.
Лизинг беру кезінде лизинг алушының мүлікті пайдалануға қүқы болғанымен, оны меншіктенуге қүқы жоқ. Яғни мүлікті иелену қүқы лизинг берушіде қалады да, оны пайдалану құқы лизинг алушыға өтеді. Лизинг алушы осы қүқықгы иемдену үшін лизинг берушіге лизинг төлемдерін жүзеге асырады. Лизинг мерзімі аяқгалған соң, обьект (пайдалануга берілген мүлік) лизинг берушінің меншігінде қалады. Бірқатар лизинг шарттарында, шарт мерзімі біткен соң, лизинг алушының лизинг обьектісін сатып алу құқы қарастырылады. Мұндай жагдайда лизинг берушіге обьект қүны толық төленген соң, обьект лизинг алушының меншігіне өтеді.
Коммерциялық несие де, лизинг те сауда және несие шарттарының өзара байланысын болжайды. Коммерциялық несие кезінде несие шарты сатып алу - сату актісімен келісіледі, сауда шарты күшін жоймай, несие шарты да күшін жоймайды.
Лизингтің сатып алу - сатумен тығыз байланысы жоқ. Мүлік лизинг компаниясының меншігінде болады және лизинг компаниясы лизинг алушыға мүлікті сатумен айналыспайды. Сатып алу - сату лизингте сирек кездеседі.
Коммерциялық несие тауар түрінде беріліп, ақша түрінде өтеледі. Лизингте несие тауар түрінде беріледі. Лизингтік төлемдер, өзінің экономикалық түрғысынан қарағанда, несиені пайдаланғаны үшін, мүлік түрінде төленеді. Келісім-шарт аяқгалған соң, шарт обьектісі лизинг берушіге сол зат түрінде қайтарылады.
Лизинг шартының өтемақылық өзгешелігі бар, онда төлем жалға алынған жабдыктардың шығарған өнімі арқылы немесе үстеме қызмет арқылы (встречные услуги) жүзеге асырылады.
Коммерциялық несие қыскд мерзімге беріледі. Классикалық лизинг мүлікті жалға үзақ мерзімге береді, сонымен қатар орта және қыска мерзімге де шарт жасасуға болады. Біздің елімізде лизинг дамуының осы кезеңі бірнеше айға жасалған лизинг шарттарының көптігімен ерекшеленеді.
Сондыктан жоғарыда айтылган түжырымдарға сүйене отырып, лизингтің экономикалық ролі мен мазмүны теорияда және машықга әртүрлі болып талқыланатынын айта кету керек. Біреулер лизингті кәсіпкерлік істі несиелендіру тәсілі деп түсінсе, енді біреулер оны
қаржылық арендамен теңестіреді (Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік комитетінің 540-бабы), үшінші біреулер лизинг өндіріс құралдарын сатып алу - сатудың бүркемеленген (жасырын) тәсілі десе, төртіншілер лизингті сенім берушінің мүлкін пайдалану деп түсінеді.
Бірақ қазіргі танда классикалық принциптерге сүйене отырып лизингке мүлік иеленуші және пайдаланушы деген түсініктер беруге болады. Лизингті кәсіпкерліктің ерекше бір түріне жатқыза отырып, мүлікті екі маңызды қүқықгық шекке белуге болады:
1. мүлікті пайдалану құқы (пайда, табыс табу мақсатымен пайдалану) ; 2. мүлікті меншіктену күқы (меншік обьектісін иелену) .
Баскд сөзбен айтқанда лизинг - байлықтың көзі. Осыдан келе лизингке өндірістік күштер мен өндірістік қатынастардың байланысындағы ахуалын анықтайтын меншіктік қатынастарды жүзеге асыру тәсілі деген мағлүмат беруге болады. Осы аныктаманың негізіне Оттава қаласындағы 1988 жылғы 28-мамырда жазылған (Канада - Оттава) халықаралық лизинг конвенциясындағы лизингке берілген түсініктеме кіреді. Бүл халықаралық қүжаткд "лизинг - мүліктік қатынастардың үш жақгы кешені" деген пікір орын алған. "Қаржылық лизинг туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 5-шілдедегі заңында және "Лизинг туралы" Ресей Федерациясының 1998 жылғы 29-желтоқсандағы Заңында үш субьектінің (лизинг берушінің, лизинг алушының, сатушының) лизингтегі кдрым-қатынастары қарастырылады, яғни лизинг мүліктік қатынастардың үш жакты кешені ретінде қарастырылады.
Осыған орай классикалық лизинг үш жактың - лизинг берушінің, лизинг алушының, сатушының қарым-қатынастарын алдын-ала қарастырады. Лизинг операциясының мәні мынада: артық қаржысы жоқ потенциялды лизинг алушы лизинг беруші компанияға лизинг шартын жасау жөнінде іскерлік үсыныс жасайды.
Осы шартка сәйкес лизинг беруші лизинг алушы тандаған мүлікті сатушыдан меншігіне сатып алып, лизинг алушыға осы мүлікті ақы төлеп уақытша иеленуге және пайдалануға береді. Шарт аяқгалған соң мүлік лизинг берушінің меншігінде қалады. Кешеннің құрамына екі шарт кіреді:
1) сатып алу - сату шарты (лизинг компаниясы мен сатушы арасындағы шарт, бұл жерде мүлікті жасап шығарушы ретінде сатушы, сатып алушы ретінде лизинг компаниясы болып табылады) ;
2) лизинг шарты (лизинг компаниясы мен пайдаланушы арасындағы шарт, яғни лизинг компаниясы сатушыдан сатып алынған мүлікті пайдаланушыға, лизинг алушыға уақытша иеленуге береді) . Егер сатушы мен лизинг беруші немесе сатушы мен лизинг алушы бір ғана түлға болатын болса, онда шарт жасаушылардың құрамы екі адамнан ғана түрады.
Қымбат жобаны жүзеге асыру кезінде түлғалардың саны көбейе түседі. Бүл лизинг берушінің шартқа басқа қаржы көздерін (банктерді, сақгандыру компанияларын, инвестициялық қорларды және т. б. ) қатыстыруымен байланысты. Енді біз мына суретте (1. 1-сүреті) лизинг шарты мен қаржы ағымдарының жалпы желісін (үлгісін) көрсеткіміз келіп отыр.
1. 1. Суреті.
Бұл жерде: ЛБ - лизинг беруші,
ЛА - лизинг алушы,
МС - мүлікті сатушы,
ҚҮ - қаржы үйымдары,
СК - сақгандыру компаниялары.
Лизинг - ұйымдық форма және меншікке қатысты бола түрып. қожалықгың белгілі бір жүйесін қамтамасыз етеді. Әрбір экономикалық дәреже сияқгы лизингтің мазмұны және оны қолданудың әртүрлі тәсілдері бар. Өндіріс күштері мен өндірістік қатынастар элементтерімен өзара байланыса отырып, лизині өндірістің үйымдастыру - құқықгық формасларына, материалдын негізіне (кәсіпкерлік істің заттық элементтеріне, мүлікті сатып алу-сатуға, несиелендіру шарттарына сүйенеді және оның әлеуметтік-экономикалық негізі бола алады) .
1. 2. Лизинг шартының обьектілері мен субьектілері
Лизинг шарттарын жасау кезінде лизинг обьектісін анықгау өте маңызды.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 565-бабында былай делінген: "Лизинг шартының обьектілері мен нысанасына бағалы қағаздар мен табиғи ресурстарынан басқа кәсіпкерлік қызметте қолданылатын кез-келген тұтынылмайтын зат жатады". Ресей азаматтық заңы мен көптеген елдердің заңцарында жер учаскесінің (танабының) лизині шартының обьектісіне жатпайтындығы көрсетілген, ал біздін республикамыздың азматтық заңына сәйкес, жер учаскесі лизинг шартының обьектісі бола алады, ал бағалы қағаздар шарттын нысанасы бола алмайды.
Сонымен, нарықга айналымға тиым салынбайтын және өндірістік циклда жабылмайтын кез-келген мүлікті лизингке өткізуге болады. Лизинг обьектілерінің өзгешеліктеріне қарай жылжымалы мүлік лизингі және жылжымайтын мүлік лизингі болып екіге бөлінеді.
Жылжымалы лизинг обьектілеріне:
-ауыр машиналары мен жабдықгар (жылу-техникалық, турбиндік құрал-дар, электроқозғағыштар және т. б. ) ;
-жұмыс машиналары мен өннеркәсіптің әртүрлі саласына қажетті кұ-ралдар (полиграфиялық жабдықгар, күрылыс техникасы, станоктар және т. б. ) ;
-есептеу және оргтехника кұралдары;
-көлік қүралдары (темір жол жылжымалы қүралы, теңіз бен өзен кемелері, автокөліктер, үшақгар және т. б. ) ;
-теле- және арақашықгық байланыс күралдары;
-және т. б.
Жылжымайтын лизинг обьектілеріне:
-өндірістік ғимараттар;
-құрылыстар (мүнай және газ скважиналары, гидротехникалық және көліктік кұрылыстар) жатады. Лизинг обьектісіне жаңа мүліктер ғана емес, бұрын пайдаланғандар да жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz