Батыс Қазақстан сарматтарының зерттелу тарихы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Батыс Қазақстан сарматтарының зерттелу тарихы

Скиф тайпаларымен шығысында көршілес отырған савромат тайпалары Донның арғы жағындағы Еділдің арғы жағы мен Оңтүстік Орал бойы жерлерінде мекендеген. Савромат тайпаларының мәдениетінде екі үлкен кезеңді бөліп қарастыруға болады. Солардың ішінде ерте - савроматтық (б.з.д ҮІІ-ІҮ ғғ.) және кейінгі сарматтық (б.з.д ІІІ ғ.-ІІ-ІҮ ғғ.). Савромат тайпаларының негізгі ескерткіштері жерлеу орындары болып табылады.
Савроматтар туралы алғашқы жазба деректері ежелгі грек және латын жазушыларының еңбектерінде кездеседі. Антикалық жазушылар атап айтсақ Диодор Сицилиский савроматтар мен сарматтар арасында генетикалық байланыс бар екендігін алға тартып б.з. І ғ. сарматтарды савроматтар деп те атап жүрген.
Ұзақ уақыт бойы антикалық жазба деректері сарматтар тарихы туралы бірден-бір дерек көзі болып табылған еді. Савроматтардың тарихын зерттеуде ежелгі Ирандықтардың Авеста еңбегінің маңызы зор. Бірқатар орыс және поляк ғалымдары сарматтарды славяндардың арғы атасы деп есептеген, ал біраз зерттеушілер бұл айтылған оймен келіспейді.
ХІХ ғ. бірінші жартысындағы Ресей тарихшылары сармат тайпаларының тарихына назарын аударған еді. Сарматтардың тарихына аса көңіл бөлген зерттеушілер Н.М. Карамзин, П. Коппен, О.И. Сенковский, Г. Эйхвальд, Н.И. Надеждин. Олар ең алғашқы савромат тайпаларының географиялық орналасу орнын көрсетуге ықпал жасаған. Ежелгі скифтер мен олардың көршілері соның ішінде савромат тайпаларына да этнографиялық орналастыру мәселесі мен айналысқан ғалымдардың арасында Ф.К. Брун, Ф.Г. Нищенко және тағы басқалары болды.
Савромат тайпаларының археологиялық ескерткіштерінің зерттелуі ХІХ ғ. соңғы ширегінде басталды. Ең ежелгі савромат ескерткіштерін Дон өзенінің шығыс жағынан іздеу керек. Осы идеяны қолдап Д.Я. Самоквасов 1908 жылы Скиф-Сарматтардың көне дүниесін бір бүтінге айналдырды.
Қазіргі күнде савроматтар жөнінде мәлімет беретін материал қорғандық жерлеу орындары мен қоныстары белгілі. Ең алғашқы ғылыми құнды үлкен материал берген 1884-1888 жылдары Ф.Д. Нефедовтың алғашқы қазбалары еді. Ол императоорлық жаратылыстану сүйгіш, антропология және этнография қоғамының тапсырмасымен Оңтүстік Орал бойында зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Москва археологиялық қоғасмының тапсырмасын Самара, Орынбор, Торғай губернияларында Ф.Д. Нефедов 1887-1888 жылдары зерттеу жұмыстарын жалғастырған еді. Оның зерттеген қорғандарында савроматтық үлгідегі қабірлер ашылды. Солардың арасында Орал өзенінің, Черниловский поселкасының бойындағы Тамар-Өткел бойынан табылған ескерткіштерді айтуға болады. 1890 жылы Орынбор архив комиссиясының мүшесі Н.С. Назаров Орынбор губерниясының Орск уездінің Бес-Оба шатқалынан бір бай савромат қорғанынан қазып зерттеген.
1895 жылы А.А. Спицын алғаш рет Жайық өзенінің оң жағалауынан савроматтық жерлеу орнын анықтаған. . [15;34-б]
1900-1901 жылдары Дон өзенінің бассейінінде Воронеж архивтік комиссиясының мүшесі В.Н. Тевяшов Владимировская елді мекенінен савромат кезеңіне жататын қорғандар қазған. 1906-1910 жылдары Челябілік археолог Н.К. Минко Челябинск төңірегінен 110-нан аса қорған қазып зерттеген. Ескерткіштер Синеглазово, Исаковский, Смолин, Черняки, Бершино поселкілерінің жанында орналасқан.
ХІХ ғ. аяғы және ХХ ғ. басында Орынбор архив комиссиясының мүшелері А.В. Попов, И.А. Кастанье, А.Л. Аниховский, Н. Макаренко, А.П. Грач Орынбор және Торғай губернияларынан савроматтық және прохоровтық мәдениеттерінің жерлеу орындарын тапқан. Ең бірінші Орынбор мен Қырғыз далаларындағы қазба жұмыстары туралы мәлімет берген.
Оңтүстік Орал бойының савромат мәдениеттерін зерттеуде И.А. Кастаньенің 1911 жылы Покровка селосының маңындағы қазған қорғанының үлкен маңызы болды. Покровка селосы үлкен Хобда өзенінің Солтүстік жағалауындағы биіктікте орналасқан.
Ең алғаш рет ғылыми түрде савроматтар туралы материалдарды қорытқан және Ресей ғалымдарының скифтер мен сарматтардың мәдениеті мен тарихын зерттеу жұмыстарын жасаған М.И. Ростовцев оның еңбегі ұтымды жазылған бірінші еңбек болып саналады. Өзінің тарих пен археология жағынан білгірлігімен ол сол кездегі Еділ мен Оңтүстік Орал бойының скиф-сармат кезеңі ескерткіштерін дәл бөліп нақты мерзімдерін көрсеткен. М.И. Ростовцев Покров қорғандарын б.з.д. Ү ғ. жатқызды. Зерттеуші алғаш рет Орынбор қорғандарының Солтүстік Қара теңіз жағалауының скиф мәдениетінен жерлеу дәстүрінде, қаурларында және аң стилінде айырмашылықтар бар екендігін көрсетті. Орынбор қорғандарын М.И. Ростовцев сарматтардікі деп анықтаған. Ол сарматтарды Иран тілдес халықтар деп таныған. Оның пікірінше сарматтар орталық Азияның түкпірінен келгендігі туралы ой түйеді.
1920-шы жылдары Саратов мұражайының архологиялық экспедициясы, мемлекеттік тарихи мұражай экспедициясы, Саратов университетінің экспедициялары құрылып оған П.С. Рыков, П.Д. Рау, Б.Н. Граков, И.В. Синицын басшылық еткен. 1921 жылы археологиялық жоспары жасалды. Соның нәтижесінде Жайықтың жағалауы Камышин қаласының маңайы, Энгельс қаласының маңайы, Саратовка, Еруслан, Үлкен Қараман, Ахтуба, Деркул, Шаған және Жайық өзендерінің бойы зерттелді. Жыл сайын б.з.д. ІІІ ғ. мен ІҮ ғ. жататын сармат тайпаларының жерлеу орныдары мен қатар савромат ескерткіштері де табылып отырған.
1924 жылы П.С. Рыков Үлкен Қараман өзенінің бойынан Суслов қорымынан 60-тай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс Қазақтан сарматтарының дүниетанымы
Сарматтардың мәдениетінің зерттелуі
Сармат қоғамындағы әйелдердің орны мен дүниетанымы
Савромат-сармат тайпаларының археологиялық ескерткіштерінің зерттелу тарихы
Обалардың үйіндісінің астына жылқыны жерлеу рәсімі - скиф мәдениетінің рулық белгісі
Батыс Қазақстан жеріндегі ескерткіштер
АРАЛ - КАСПИЙ САРМАТТАРЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТІ
Қазақстан жеріндегі мыс-тас дәуірінің зерттелу тарихы
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар
Ғұн тарихы XVIII ғасырдағы орыс және шетел ғалымдары еңбектерінде
Пәндер